1) 7-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық регламенттерді бекітеді.";
2) 8-бап мынадай мазмұндағы 19)-тармақшамен толықтырылсын:
"19) қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық регламенттерді әзірлейді.";
3) 10-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің төртінші абзацтағы "әкімшілік жауапкершілік көзделген" деген сөздерден кейін "қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық регламенттер негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 25-баптың 2-тармағында "стандарттау" деген сөз "техникалық реттеу саласындағы заңнама" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу
43-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу
объектілерi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу объектілеріне Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе оның аумағына, әкелінетін, экологиялық қауіпсіздікке, халықтың өмірі мен денсаулығына, табиғи ресурстардың өндірілуі мен ұтымды пайдаланылуына, сондай-ақ өнімнің өмірлік циклі процестеріне қауіп төндіруі мүмкін өнім жатады.
44-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнім мен оның өмірлік циклі процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленіп, бекітіледі және тіркеледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің рынокқа орналастырылған айналымына, сондай-ақ осы талаптарды бұза отырып, өнімнің жобаланылуына, өндірілуіне, пайдаланылуына, сақталуына, тасымалдануына өткізілуіне, кәдеге жаратылуына және жойылуына тиым салынады.
45-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында сәйкестікті растау
Қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық регламенттерге сәйкестікті анықтау үшін техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті және ерікті сертификаттау жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімді сәйкестікті растау саласындағы тиісті құжатынсыз өткізуге тыйым салынады.";
6) 48-баптың бірінші бөлігіндегі "қоршаған орта сапасының нормативтері ескерілуге" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы қауіпсіздіктің міндетті талаптары мен нормативтері сақталынуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 60-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"60-3-бап. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қойылатын
талаптар
1. Процесінде қауіпті қалдықтар пайда болатын шаруашылық жұмысымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар:
1) осы қалдықтардың қауіпсіздіктің нақты бір сыныбына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен жатқызылуын растауға;
2) қалдықтардың түрлеріне байланысты қалдықтарды қайтадан пайдалану, қалдықтарды қайта айналдыру немесе кәдеге жарату жөнінде іс-шаралар әзірлеп, жүзеге асыруға;
3) қалдықтарды жинап, қайта өңдеумен қамтамасыз ететін, қоршаған ортаның ластануының алдын алатын жүйелерді құруға және енгізуге;
4) қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін есепке ала отырып өндірістік қалдықтардағы зиянды металдар мен басқа заттардың болуы жөніндегі белгіленген нормалардың орындалуын қамтамасыз етуге;
5) қалдықтардың жиналуына және өңделуіне жауапты қызметкердің денсаулығымен және қауіпсіздігімен байланысты мәселелерді қайта айналдырудың және жоюдың биік деңгейіне қол жеткізу қажеттілігіне байланысты жасалып жатқан жерінде қалдықтарға сұрыптау жасауға міндетті.
2. Жеке және заңды тұлғалардың өз процесінде қауіпті қалдықтар пайда болатын қызметтері:
1) қалдықтармен жұмыс істеудің адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген кезде шектелуі;
2) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соқтыратын қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бірнеше рет (екі реттен көп) бұзған жағдайда тыйым салынуы мүмкін.
3. Қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі олардың түріне байланысты қалдықтардың адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тигізетін зиян қаупін ең төмен деңгейге түсіретіндей етіп белгіленуі тиіс.
4. Қалдықтарды тасымалдау шарттары мен құралдары олардың түрлеріне байланысты адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта үшін олардың сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
5. Қалдықтардың түрлеріне байланысты оларды тасымалдауға және сақтауға арналған құралдар қалдықтардың шығу ықтималдығын болдырмайтындай қымталған болуы және техникалық регламенттермен белгіленген алдын ала сақтандырушы таңбалық деректері мен белгілері болуы тиіс.
6. Қалдықтардың көмілген жерлері және көму әдістері қалдықтардың қоршаған ортаға (жер үсті және жер асты суына, топыраққа, ауаға) сіңу ықтималдығын болдырмауы тиіс.
7. Қалдықтарды кәдеге жарату қоршаған ортаға тиетін зиян қаупін төмендететін, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін әдістермен жүзеге асырылуы тиіс.
8. Қалдықтарды сақтау, тасымалдау, көму және кәдеге жарату жөнінде жұмысқа қатысатын қызметкер қалдықтардың сипаты, ықтимал зиян тию қаупі және өндірістік қалдықтар туралы жеке бас қауіпсіздігін және кәсіпорынның басқа да қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралары туралы хабардар болуы тиіс.
9. Табиғатты пайдаланушылар өндірістік қалдықтармен байланысты мәселелерді шешуі және қалдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, оларды сақтау, тасымалдау, көму және кәдеге жарату талаптары мен нормаларын сақтауы тиіс.".
9. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 81, 1, 14, 16, 17, 21, 28, 30, 47-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 2-баптың 4-тармағының 3)-тармақшасындағы "нормалар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) техникалық регламент - техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған мақсаттарда әзірленетін және қолданылатын өнімге және/немесе олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.".
10. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2005 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-баптың тоғызыншы абзацындағы "белгіленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына" деген сөздер "немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына белгіленген нормалардан тыс сәуле алуына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.";
3) 6-баптың бірінші бөлігіндегі:
2-тармақшасындағы "және бекіту" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8)-тармақшамен толықтырылсын:
"8) радиациялық қауіпсіздік саласында техникалық регламенттерді әзірлеу";
4) 7-баптың 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Радиациялық қауіпсіздік саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Радиациялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өкімдік, нұсқаулық, әдістемелік және өзге де құжаттарды радиациялық қауіпсіздік саласында қолданыстағы техникалық регламенттер негізінде әз өкілеттіктері шегінде өкілетті мемлекеттік органдар мен пайдаланушы ұйымдар бекітеді және қабылдайды.";
5) 8-баптың 3-тармағы "тиісті ұйымда" деген сөздерден кейін "радиациялық қауіпсіздік талаптарын," деген сөздермен толықтырылсын;
6) 9-баптың 1-тармағы "радиациялық қауіпсіздік саласында белгіленген" деген сөздерден кейін "радиациялық қауіпсіздік талаптарын," деген сөздермен толықтырылсын;
7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Медициналық процедуралар жүргізілген кезде
азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Радиоизотоптарды немесе ионды сәулеленетін басқа көздерді пайдаланып медициналық процедуралар жүргізілген кезде азаматтарды (пациенттерді) қорғаудың сәйкес құралдары пайдаланылады; радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген пациенттердің сәуле алу мөлшерінен аспауы қамтамасыз етіледі.
2. Медициналық процедуралар жүргізілген кезде пациентке ол алады деп күтіліп отырған және/немесе ол алған сәуле мөлшері туралы және оның әсерінің ықтимал зардаптары туралы ақпарат беріледі.
3. Азаматтың (пациенттің), эпидемиологиялық жағынан қауіпті ауруларды анықтау мақсатында жүргізілетін алдын ала зерттеулерді қоспағанда, медициналық рентген диагностикасынан бас тартуға құқығы бар.
4. Ионды сәулелендіру көздерін пайдаланып процедуралар жүргізген медициналық ұйым, егер бұндай келтірілген байланыс белгіленген тәртіпте дәлелденсе, пациент денсаулығына немесе өміріне мүмкін теріс әсер етуіне жауапты болады.
5. Радиоизотоптарды немесе басқа ионды сәулелендіру көздерін пайдаланып жүргізілетін барлық медициналық процедуралар үшін медициналық ұйым бұндай процедураларды жүргізген кезде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сапаны қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеп оны атом энергиясын пайдалану жөніндегі уәкілетті органда бекітеді.
6. Ионды сәулелену көздерін пайдаланатын медициналық іс-әрекетке қойылатын біліктілік талаптарында жұмысқа жіберілген мамандар біліктілігіне, оларды аттестаттау және қайта аттестаттауға талаптар, даярлау және қайта даярлау бағдарламасы белгіленеді.";
3) 21-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
11. "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279-1 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламент Жаршылары, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат, 2000 ж., № 6, 141-құжат, 2002 ж., № 10, 106-құжат, 2005 ж., № 23, 142 құжат; 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2006 жылғы 2 марттағы Қазақстан Республикасының Заңы)
1) 6-бап, 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген есірткі және психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы талаптар, сондай-ақ лицензиялау шарттары бұзылған жағдайда заңды тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметін тоқтата тұруға;";
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тұтыну бумаларын таңбалау медициналық мақсаттарға пайдаланылатын есірткі және психотроптық заттардың әрбір сериясы үшін бірыңғай болуы тиіс және дәрілік заттар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.";
3) 12-баптың 2-тармағында "сертификат" деген сөз "белгіленген тәртіпте берілетін лицензия мен сәйкестікті растау саласындағы тиісті құжатты" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына(Қазақстан Республикасы парламентінің Жаршысына, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толтырылсын:
"16) криминалистік талаптар - азаматтық және қызметтік қару және оның оқтарына, оларды сәйкестендіру және заңсыз қолдан жасау мүмкіндігін жою мақсатында қойылатын арнайы техникалық талаптар.";
2) 5-баптың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өзін-өзі қорғау қаруы: тегіс те ұзын ұңғылы, оның ішінде, жарақат салып әсер ететін патрондары бар атыс қаруы;
жарақат салатын, газбен және сәулелі дыбыспен әсер ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы;
газды қару - азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат еткен көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен оқталған газды, соның ішінде патрондарымен қоса пистолеттер мен револьверлер, механикалық тозаңдатқыштар, аэрозолды және басқа да құрылғылар;";
3) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8), 9)-тармақшалармен толықтырылсын:
"8) криминалистік талаптарға сәйкеспейтін техникалық сипаттамаларға ие азаматтық және қызметтік қару және оның оқтары;
9) азаматтық және қызметтік қару мен оның оқтарының айналымы саласында техникалық регламенттермен белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкеспейтін қару және оның оқтары.
4) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
"1-1-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында қауіпсіздіктің жалпы талаптары
7-1-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының
айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілерi
Техникалық реттеу объектілеріне азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, сондай-ақ оны шығару, жинау, қайта жасау, өткізу (сауда), сатып алу, коллекция жасау, экспонаттау, сақтау алып жүру, тасымалдау, пайдалану, жою жатады.
7-2-бап. Азаматтық және қызметтік қаруға қойылатын
қауіпсіздік талаптары
1. Азаматтық және қызметтік қару тікелей оқтау, ату, қайта оқтау, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету кезінде қарудың осы түрі (типі) үшін белгіленген қауіпсіздіктің арнайы талаптарына сәйкес келуі тиіс.
2. Жарақат салатын, сәулелі дыбыспен және газбен әсер ететін сәйкесті патрондары бар тегіс те ұзын ұңғылы, ұңғысыз қару, газды тапаншалар мен алтыатарлар денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек.
3. Көзден жас ағызатын, тітіркендіргіш заттармен сондай-ақ басқа да заттармен жарақталған механикалық, аэрозолды тозаңдатқыштар және басқа да құрылғылар денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
7-3-бап. Патрондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
Азаматтық және қызметтік қаруға арналған патрондар өзінің өлшемі, нысаны, конструкциясы, салмағы, таңбаланған белгісі, жұмыс істеу қауіпсіздігі, сондай-ақ оқ-дәрі газдарының және кинетикалық энергияның қысым көрсеткіштері бойынша патрондардың берілген түрі (типі) үшін белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келуі тиіс.
7-4-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының
айналымы саласындағы қауіпсіздік талаптары
1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндірген, жинаған және қайта жасаған кезде жобалық құжаттамамен белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың барлық кешенінің сақталуы және оларға байланысты қауіпсіздік сақталатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету талап етіледі.
Егер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын дайындау, жинау, қайта жасау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу талап етілетін болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындалып толық көлемде жүргізілуі керек.
2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзып сатуға (өткізуге), сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға, пайдалануға, жоюға тиым салынады.";
5) 8-баптың екінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кадастрды қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді, бекітеді және шығарады.";
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының
сәйкестігін растау
Сәйкестігі міндетті түрде расталуға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан әкетілетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының үлгілері жатады.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның оқтарының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы үшін негіз болып табылады.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың техникалық талаптары мен әдістері азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.";
7) 17-бап мынадай мазмұндағы 4)-тармақшамен толықтырылсын:
"4) қару мен оның патрондарын пайдаланған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.";
8) 19-бап мынадай мазмұндағы 6)-тармақшамен толықтырылсын:
"6) азаматтық және қызметтік қарудың техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистік талаптарға сәйкессіздігі.";
9) 20-баптың бірінші бөлігінің 1)-тармақшасының төртінші абзацындағы "өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген" деген сөздерден кейін "қауіпсіздік талаптарын" деген сөздерімен толықтырылсын;
10) 22-баптың 3-тармағындағы "стандартқа" деген сөз "техникалық регламент талаптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 27-баптың 4-тармағындағы "жағдайларына қойылатын талаптарды" деген сөздер "тәртібін" деген сөзбен алмастырылсын;
12) 28-бапта:
4) тармақшадағы "және оны бекітеді" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9), 10)-тармақшалармен толықтырылсын:
"9) қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
10) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистік талаптары мен әдістерін бекітеді.";
13) 29-бапта:
6)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеп бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 7), 8)-тармақшалармен толықтырылсын:
"7) қару мен оған патрондар айналымы саласында техникалық регламенттерді әзірлейді;
8) азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондарға криминалистік талаптар мен сынау әдістерін әзірлейді.".
13. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-ІІ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., 11-12, 62-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) Заңның барлық мәтініндегі "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап, 1-тармағы, 2) тармақшасында "стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздер "аккредиттеу жөніндегі органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
3) 5-бапта:
2-тармақтың 13) тармақшасында "аккредиттеуді және лицензиялауды" деген сөздер "лицензиялауды және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздермен ауыстырылсын.
3-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын.
"3. Аккредиттеу жөніндегі органды техникалық реттеу саласындағы заңнама актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейді.".
4) 8-бапта "стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология саласындағы Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2001 ж., № 2, 48-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат, 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұнда 7-3) тармақшасымен толықтырылсын:
7-3) астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу кәдеге жарату және жою процестері;";
11) тармақшасында:
"мемлекеттік стандарттардың, техникалық жағдайлардың" деген сөздер "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мен өзге де нормативтік құжаттардың" деген сөздер алынып тасталсын;
22)-тармақшада:
"сертификаты" деген сөз "паспорты" деген сөзбен ауыстырылсын;
"стандарт" деген сөз "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) тармақшасында "сертификатын" деген сөз "паспортын" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
1)-тармақшасында "қамтамасыз ету" деген сөз "техникалық реттеу саласында қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік)" деген сөздермен толықтырылсын.
Мынадай мазмұнда 9-тармақшамен толықтырылсын:
"9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу;";
3) 4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;";
4) 5-бап мынадай мазмұндағы 9), 10)-тармақшалармен толықтырылсын:
"9) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне техникалық регламентті белгілейді;";
5) 6-бапта:
10)-тармақшадағы "сертификат" деген сөз "паспорт" деген сөзбен ауыстырылсын;
11)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне техникалық регламенттерді әзірлеу;";
6) 7-бапта:
бап атауындағы "сапасын" деген сөздің алдына "қауіпсіздік пен" деген сөздер жазылып толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.";
2-тармақта "сапасын" деген сөздің алдына "қауіпсіздік пен" деген сөздер жазылып толықтырылсын;
7) 8-бапта:
1-тармақта "стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "сертификатынсыз" деген сөз "паспортынсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 9-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Көліктің кез келген түрімен тасымалдануға жататын астық топтамасы көліктің сол түрімен жүк тасу ережелеріне сәйкес олардың стандарттау жөніндегі техникалық регламенттердің және қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге үлестіріледі.";
10) Мынадай мазмұнда 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1 тарау. Астыққа және оның өмірлік цикліне қойылатын қауіпсіздіктің жалпы қауіпсіздік
9-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi
Техникалық реттеу объектілері астық және оның өмірлік циклінің процестері болып табылады.
9-2-бап. Сәйкестікті растау
Астықтың техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9-3-бап. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа
қойылатын талаптар
Астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу мақсатында астық рыногына қатысушылар сатып алушыларға және/немесе тұтынушыларға астықтың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге міндетті.
9-4-бап. Астыққа қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Пайдалану мақсатына байланысты астық қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін талаптар жиынтығына сәйкес келуі тиіс.
2. Астық құрамында әлуетті қауіпті химиялық қосылыстар мен биологиялық объектілердің, пестицидтердің және агрохимикаттардың, фумиганттардың, зиянды заттар мен қоспалардың қалдық мөлшерінің, сондай-ақ ылғалдың болуы техникалық регламенттермен белгіленген ең жоғары рұқсат етілетін деңгейден артпауы тиіс.