k8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде банк арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 Қаулысымен 53-3 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-3-тармақ өзгертілді
53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k9 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздары банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
53-4. k8 және k9 коэфиценттерін банктер 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтауға тиіс.
2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша k8 және k9 коэфиценттерінің нақты мәндері Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен асып түскен жағдайда, ол банктерге мынадай тәртіп белгіленеді:
1) 2008 жылғы 1 қаңтарға көлемі мынадай мәндерден барынша жоғарыдан аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде көлемі барынша жоғары мәнінен мынадай мәндер бойынша аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
3) 2008 жылдың 1 сәуіріне өлшем осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
Осы тармақпен белгіленген k8 және k9 коэффиценттерін банктер сақтаған жағдайда бұл асып түсу 2008 жылдың 31 наурызына дейін пруденциалдық нормативтерді бұзу деп танылмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-5-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 53-5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-5. к8 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 2 аспауы тиіс.
к9 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 3 аспауы тиіс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-2-тараумен толықтырылды
6-2. Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.07. № 204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен (2015 ж. 1 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара) 53-6-тармақ жаңа редакцияда
53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және ішкі активтерге тартылған қаражатын ішкі активтердің меншікті капиталдың, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының, банк шетел валютасымен шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың және ішкі міндеттемелердің сомасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысымен 53-7-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-7. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.25.02. № 27 Қаулысымен (2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.07. № 140 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-8-тармақ жаңа редакцияда
53-8. Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу кезінде халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) ескеріле отырып есептелген ішкі активтер, банктің ішкі міндеттемелері, реттелген борыш, мерзімсіз қаржы құралдары және мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйақыларды, оң (теріс) түзетулерді қоса алғанда банк шығарған борыштық бағалы қағаздар, есепті айдың соңындағы меншікті капитал пайдаланылады.
Банктер қаражатының бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың реттелген борышына инвестициялар мөлшерінен аспайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың реттелген борышына инвестициялар шегеріле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың акцияларына инвестициялар шегеріле отырып, баланстық меншікті капитал мәнінің 0,85-ке көбейтілген мөлшерінде пайдаланылады.
6-3. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.19.12. № 222 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысымен 6-4-тараумен толықтырылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-4. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.19.12. № 222 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қорытынды ережелер
54. Банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
55. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап бередi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2006.27.05. № 120 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2007.23.02. № 47 Қаулыcымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 (бұр.ред. қара ); 2007.24.10. № 242 (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.26.02. № 20 (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.12. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.24.12. № 242 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.07. № 140 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.19.12. № 222 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.02. № 67 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасы
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң
кестесi
№ | Баптар атауы | Тәуекел дәрежесi пайызбен |
I топ |
1 | Қолма-қол теңге | 0 |
2 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң қолма-қол шетел валютасы | 0 |
3 | Тазартылған бағалы металдар | 0 |
4 | Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлген қарыздар | 0 |
5 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар | 0 |
6 | Ұлттық Банкке берiлген қарыздар | 0 |
7 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар | 0 |
8 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар | 0 |
9 | «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына берілген қарыздар | 0 |
10 | Ұлттық Банктегi салымдар және Ұлттық Банкке өзге де талаптар | |
11 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар | 0 |
12 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 0 |
13 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі | 0 |
14 | Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының салықтары мен бюджетке төленетін басқа төлемдер бойынша дебиторлық берешегi | 0 |
15 | Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары | 0 |
16 | «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
17 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар | 0 |
18 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» кем емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
19 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 0 |
20 | Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 0 |
II топ |
21 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиiстi рейтингілiк бағасы жоқ елдердiң қолма-қол шетел валютасы | 20 |
22 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерiне берiлген қарыздар | 20 |
23 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар | 20 |
24 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар | 20 |
25 | Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарына берiлген қарыздар | 20 |
26 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердің жергiлiктi билiк органдарына берiлген қарыздар | 20 |
27 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдарға берiлген қарыздар | 20 |
28 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегі салымдар | 20 |
29 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 20 |
30 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардағы салымдар | 20 |
31 | Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарының дебиторлық берешегi | 20 |
32 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 20 |
33 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар | 20 |
34 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
35 | Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
36 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
37 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 20 |
38 | Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттiгiнің «ААА»-тан «АА-»-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-тан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
39 | ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.29.02. № 67 Қаулысымен 2016 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды (бұр.ред.қара) | |
40 | Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 20 |
III топ |
41 | Тазартылмаған бағалы металдар | 50 |
42 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар | 50 |
43 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар | 50 |
44 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар | 50 |
45 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiн төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар | 50 |
46 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдарға берілген қарыздар | 50 |
47 | Мынадай шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 72, 74, 75 және 76-жолдарында көрсетілген жеке тұлғалардың қарыздарын қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды | 35 |
48 | Мынадай шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 72, 74, 75 және 76-жолдарында көрсетілген жеке тұлғалардың қарыздарын қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 51 (елу бір) пайызынан 85 (сексен бес) пайызына дейін қоса алғандағы шекте болады | 75 |
49 | Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 72, 74, 75 және 76-жолдарында көрсетілген, жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда) | 100 |
50 | Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйықы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 71, 72, 73, 74, 75, 76 және 102-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда) | 100 |
51 | Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан көп және 50 (елу) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйықы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 71, 72, 73, 74, 75, 76 және 102-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда) | 75 |
52 | Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 50 (елу) пайыздан көп провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйықы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 71, 72, 73, 74, 75, 76 және 102-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда) | 50 |
53 | Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай критерийлерге сәйкес келетін қарыздар: 1) қарыз сомасы меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды; 2) қарыз валютасы - теңге | 75 |
54 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiндегі салымдар | 50 |
55 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 50 |
56 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардағы салымдар | 50 |
57 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 50 |
58 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар | 50 |
59 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
60 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан бастап «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары бағалы қағаздар | 50 |
61 | Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 50 |
62 | Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's агенттiгiнің «А+»-тан «А-»-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzA+»-тан «kzA-»-ға дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
63 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен «ВВ-»-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан «ВВ+»-ға дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 50 |
64 | «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамына талаптар | 50 |
65 | Тәуекелдің III тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 50 |
IV топ |
66 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 100 |
67 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 100 |
68 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингілік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар | 100 |
69 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар | 100 |
70 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-» төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдарға берiлген қарыздар | 100 |
71 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-» төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен жабылмаған бейрезидент ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге берілген қарыздар | 200 |
72 | Тәуекелдің III тобына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер | 100 |
73 | Тәуекелдің III тобына жатқызылғандарды қоспағанда, тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен жабылмаған жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер | 200 |
74 | Банк есептейтін төмендегі критерийлердің біреуіне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер: қарыз берген кезде 2016 жылғы 1 қаңтар - 2016 жылғы 31 желтоқсан аралығында: 1) қарыз алушы - жеке тұлғаның бір айлық орташа кірісін есептеу үшін соңғы 6 (алты) айдағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені немесе қарыз алушының банктің төлем карточкалары арқылы қарыз алушы өтініш берген күн алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішінде жалақыны алу туралы ақпаратты пайдалана отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 тіркелген «Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына (бұдан әрі - № 292 қаулы) сәйкес есептелген қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің деңгейі 0,35 асады; 2) берілген күн алдындағы соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде кез келген қолданыстағы немесе жабық қарыз берешегі және (немесе) ол бойынша сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер күнтізбелік 60 (алпыс) күннен асады не мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен асатын мерзімі өткен төлемдерге 3 (үш) реттен артық жол берілген. Банктің осы жолдың жоғарыда көрсетілген тармақшаларының бірінде көзделген ақпараты ақпарат болмаған жағдайда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар қамтамасыз етілмеген деп танылады және осы жолға сәйкес кредитік тәуекелдің дәрежесі бойынша мөлшерленеді | 150 |
75 | Банк есептейтін төмендегі критерийлердің біреуіне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер: 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын қарыздар мониторингі кезінде: 1) қарыз алушы - жеке тұлғаның бір айлық орташа кірісін есептеу үшін соңғы 6 (алты) айдағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені немесе қарыз алушының банктің төлем карточкалары арқылы қарыз алушы өтініш берген күн алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішінде жалақыны алу туралы ақпаратты пайдалана отырып № 292 қаулыға сәйкес есептелген қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің деңгейі 0,35 асады; 2) берілген күн алдындағы соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде кез келген қолданыстағы немесе жабық қарыз берешегі және (немесе) ол бойынша сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер күнтізбелік 60 (алпыс) күннен асады не мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен асатын мерзімі өткен төлемдерге 3 (үш) реттен артық жол берілген; 3) қарыздардың ай сайынғы мониторингі кезінде осы жолға сәйкес 1) немесе 2) тармақшаларда көрсетілген есептеу үшін ақпарат жоқ. Банктің осы жолдың жоғарыда көрсетілген тармақшаларының бірінде көзделген ақпараты ақпарат болмаған жағдайда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар қамтамасыз етілмеген деп танылады және осы жолға сәйкес кредитік тәуекелдің дәрежесі бойынша мөлшерленеді | 150 |
76 | 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер (осы кестенің 72, 74 және 75-жолдарында көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары мен жеке тұлғаларға қарыздарды қоспағанда) | 100 |
77 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің орталық банктерiндегі салымдар | 100 |
78 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингілік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 100 |
79 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-» төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдардағы, тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент ұйымдардағы және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдардағы салымдар | 100 |
80 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-» төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдардың, тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент ұйымдардың және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі | 100 |
81 | Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі | 100 |
82 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 100 |
83 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
84 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингілік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
85 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-» төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдар, тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент ұйымдар және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 100 |
86 | Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттiгiнің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB+»-тан «kzBBB-»-ға дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
87 | «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар | 100 |
88 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 100 |
89 | IV тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 100 |
90 | Төлемдер бойынша есеп айырысулар | 100 |
91 | Негізгі қаражат | 100 |
92 | Материалдық қорлар | 100 |
93 | Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу | 100 |
V топ |
94 | Банктiң инвестицияларын қоспағанда, заңды тұлғалардың реттелген борышына акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлестерi) және салымдар бөлігінде, әдiл құны бойынша есептелетін инвестициялар | 100 |
95 | Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) 10 (оннан) кем пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы | 100 |
96 | Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) 10 (он) пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 15 (он бес) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы | 250 |
97 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-» төмен тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар | 150 |
98 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-» төмен тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар | 150 |
99 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар | 150 |
100 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-» төмен тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар | 150 |
101 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар резидент емес ұйымдарға және тиісті рейтингілік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдарға берiлген қарыздар | 150 |
102 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар бейрезидент ұйымдарға және тиісті рейтингілік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген бейрезидент ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасымен 1 (бір) жылдан астам емес мерзімге ұсынылған қарыздар | 200 |
103 | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар: 1) Андорра Князьдігі; 2) Антигуа және Барбуда мемлекеті; 3) Багам аралдары достастығы; 4) Барбадос мемлекетi; 5) Бахрейн мемлекеті; 6) Белиз мемлекетi; 7) Бруней Даруссалам мемлекетi; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада мемлекетi; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминикан Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 17) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Князьдігі; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Князьдігі; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана); 31) Нигерия Федеративтiк Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 33) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсiз мемлекетi; 37) Сейшел аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия мемлекетi; 41) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана); 43) Тонга Корольдiгi; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 150 |
104 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-» төмен тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар | 150 |
105 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-» төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 150 |
106 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-» төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар бейрезидент ұйымдардағы, және тиiстi рейтингілік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардағы салымдар | 150 |
107 | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар: 1) Андорра Князьдігі; 2) Антигуа және Барбуда мемлекеті; 3) Багам аралдары достастығы; 4) Барбадос мемлекетi; 5) Бахрейн мемлекеті; 6) Белиз мемлекетi; 7) Бруней Даруссалам мемлекетi; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада мемлекетi; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминикан Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 17) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Князьдігі; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Князьдігі; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана); 31) Нигерия Федеративтiк Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 33) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсiз мемлекетi; 37) Сейшел аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия мемлекетi; 41) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана); 43) Тонга Корольдiгi; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 150 |
108 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-» төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегi | 150 |
109 | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі: 1) Андорра Князьдігі; 2) Антигуа және Барбуда мемлекеті; 3) Багам аралдары достастығы; 4) Барбадос мемлекетi; 5) Бахрейн мемлекеті; 6) Белиз мемлекетi; 7) Бруней Даруссалам мемлекетi; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада мемлекетi; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминикан Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 17) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Князьдігі; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Князьдігі; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана); 31) Нигерия Федеративтiк Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 33) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсiз Мемлекетi; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадин Мемлекетi; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекетi; 41) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтары бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана); 43) Тонга Корольдiгi; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 150 |
110 | Standard & Poor's агенттігінің «В-» төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар | 150 |
111 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
112 | Standard & Poor's агенттігінің «В-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
113 | Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдар және тиісті рейтингілік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 150 |
114 | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: 1) Андорра Князьдігі; 2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 3) Багам аралдары Достастығы; 4) Барбадос Мемлекетi; 5) Бахрейн Мемлекеті; 6) Белиз Мемлекетi; 7) Бруней Даруссалам Мемлекетi; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада Мемлекетi; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминика Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 17) Комор аралдары Федералдық Ислам Республикасы; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Князьдігі; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Князьдігі; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана); 31) Нигерия Федеративтiк Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 33) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсiз Мемлекетi; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадин Мемлекетi; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекетi; 41) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтары бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана); 43) Тонга Корольдiгi; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 150 |
115 | Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB+»-тен «kzBB-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
116 | V тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 150 |