ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.29.02. № 67 Қаулысымен 16-қосымшамен толықтырылды
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн
пруденциялық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтiк мәнi
мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа
16-қосымша
Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесі
№ | Баптар атауы | Талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициенті, пайызбен |
1 | Нұсқаулықтың 4-1-тармағында көрсетілген инвестицияларды шегергенге дейінгі меншікті капитал (1 (бір) жылдан аз өтеу мерзімі бар екінші деңгейдегі капиталдың құралдарын қоспағанда) | 100 |
2 | Капиталдың өзге құралдары және 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер | 100 |
3 | Тұрақты депозиттер | 95 |
4 | Аздап тұрақсыз депозиттер | 90 |
5 | Қаржылық емес ұйымдар берген 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер | 50 |
6 | Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар | 50 |
7 | Шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары және халықаралық қаржы ұйымдары ұсынған 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер | 50 |
8 | 6 (алты) айдан көп және 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелердің өзге түрлері | 50 |
9 | Өзге мiндеттемелер, оның ішінде мерзімсіз мiндеттемелер (мерзімі кейін қалдырылған салық мiндеттемелері үшін ерекше режім белгілеумен) | 0 |
10 | Егер мiндеттемелер мөлшері туынды қаржы құралдары бойынша активтердің мөлшерінен асқан жағдайда, туынды қаржы құралдары бойынша активтерді шегергенде туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелер бойынша нетто тұрақты қорландыру коэффициенті | 0 |
11 | Қаржы құралдарын, сатып алу күнінде шетел валютасын сатып алудан туындайтын төлемдер | 0 |
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.29.02. № 67 Қаулысымен 17-қосымшамен толықтырылды
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн
пруденциялық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтiк мәнi
мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа
17-қосымша
Талап етілетін тұрақты қорландыру активтерінің кестесі
№ | Баптар атауы | Талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициенті, пайызбен |
1 | Қолма-қол ақша | 0 |
2 | Ұлттық Банктегі резервтер | 0 |
3 | 6 (алты) айдан аз қалған өтеу мерзімі бар шет мемлекеттердің орталық банктеріне талаптар | 0 |
4 | Қаржы құралдарын, сату күнінде шетел валютасын сатудан туындайтын ақшаның келуі | 0 |
5 | Ұлттық Банктегі ақша қаражатын және резервтерді қоспағанда, ауыртпалық салынбаған бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер | 5 |
6 | 6 (алты) айдан аз қалған өтеу мерзімі бар, банк кепілге қайта беруі ықтимал бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген, қаржы ұйымдарына берілген ауыртпалық салынбаған қарыздар | 10 |
7 | 6 (алты) айдан аз қалған өтеу мерзімі бар қаржы ұйымдарына берілген ауыртпалық салынбаған өзге қарыздар | 15 |
8 | Ауырпалық салынбаған екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер | 15 |
9 | 6 (алты) айдан көп және 1 (бір) жылдан аз кезеңге ауырпалық салынған сапасы жоғары өтімді активтер | 50 |
10 | 6 (алты) айдан көп және 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар қаржы ұйымдарына, шет мемлекеттердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 50 |
11 | Басқа банктердегі клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар | 50 |
12 | Қаржылық емес ұйымдарға қарыздарды, тұтынушылық қарыздарды, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын, 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар өзге активтер | 50 |
13 | 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар, 35 (отыз бес) пайыздан аспайтын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін ауырпалық салынбаған ипотекалық кредиттер | 65 |
14 | 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар, 35 (отыз бес) пайыздан аспайтын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін, қаржы ұйымдарына берілген қарыздарды қоспағанда, ауырпалық салынбаған өзге қарыздар | 65 |
15 | Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша бастапқы маржа ретінде қамтамасыз ету болып табылатын ақша, бағалы қағаздар мен өзге активтер, орталық қарсы агентке міндетті төлем ретінде берілген ақша немесе өзге активтер | 85 |
16 | Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қоспағанда, қаржы ұйымдарына берілген қарыздарды қоспағанда, 35 (отыз бес) пайыздан асатын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін және 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар ауырпалық салынбаған кредиттер | 85 |
17 | 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар, сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын және қор биржаларында айналыстағы ауырпалық салынбаған бағалы қағаздар (акциялар) | 85 |
18 | Тазартылған алтынды қоса алғанда, қор биржаларында айналыстағы тауарлар | 85 |
19 | 1 (бір) жыл және одан көп кезеңге ауырпалық салынған активтер | 100 |
20 | Егер активтердің мөлшері туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің мөлшерінен асқан жағдайда, туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелерді шегергенде, туынды қаржы құралдары бойынша активтер бойынша нетто тұрақты қорландыру коэффициенті | 100 |
21 | 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзiмi бар қаржы ұйымдарына берілген жұмыс істемейтін кредиттерді, қарыздарды қоса алғанда, өзге активтер | 100 |
23 | Қор биржаларында айналмайтын акциялар, материалдық активтер, банктің меншікті капиталынан шегерілген баптар, жинақталған сыйақы, сақтандыру активтері, еншілес ұйымдардағы үлес, мерзімі өткен борыш бойынша пайыздық мөлшерлеме | 100 |
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.29.02. № 67 Қаулысымен 18-қосымшамен толықтырылды
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн
пруденциялық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтiк мәнi
мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа
18-қосымша
Талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелерінің
кестесі
№ | Баптар атауы | Талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициенті, пайызбен |
1 | Кез келген клиенттерге берілген қайтарып алынбайтын және шартты-қайтарып алынатын кредиттік желілер мен өтімділік желілері (пайдаланылмаған көлемнің үлесі) | 5 |
2 | Мынадай құралдарды қоса алғанда, өзге міндеттемелер: шартсыз қайтарып алынатын кредиттік желілер мен өтімділік желілері; сауданы қаржыландыру бойынша міндеттемелер (кепілдіктер мен кепілдемелерді қоса алғанда); тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты емес кепілдіктер мен кепілдемелер; банк шығарған немесе құрылымдандырылған өнімдермен байланысты борышты сатып алуға ықтимал талаптарды қоса алғанда, келісімшарттық емес міндеттемелер | 50 |
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 358 қаулысының 2-қосымшасы
Күшi жойылған ден танылған нормативтiк
құқықтық актілерінiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту жөнiнде» 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 1902 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында 2002 жылғы 1-14 шiлдеде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде» 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2002 жылғы 26 қарашадағы № 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2098 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» № 1 басылымдарында 2003 жылы жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде» 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2003 жылғы 21 наурыздағы № 97 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2251 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» № 9 басылымдарында 2003 жылы жарияланған).
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде» 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2003 жылғы 7 мамырдағы № 151 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2362 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» № 13 басылымдарында 2003 жылы жарияланған).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде» 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 36 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2776 тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң «Финансовый вестник» және «Қаржы Хабаршысы» № 2-3(3) басылымдарында 2004 жылы жарияланған).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде» 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2004 жылғы 24 мамырдағы № 149 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2930 тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгінiң «Финансовый вестник» және «Қаржы Хабаршысы» № 7(7) басылымдарында 2004 жылы жарияланған).
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгі Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде» 2002 жылғы 3 мамырдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 390 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 3399 тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң «Финансовый вестник» және «Қаржы Хабаршысы» № 2(14) басылымдарында 2005 жылы жарияланған).
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiнде» 2002 жылғы 3 мамырдағы № 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 223 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 3773 тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң «Финансовый вестник» және «Қаржы Хабаршысы» № 8 басылымдарында 2005 жылы жарияланған).