Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 Қаулысы
(2012.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсiн.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері өзiнiң күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетiн 3-тармақтың бірiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгiнен, 13, 14-тармақтардың бесiншi және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетiншi, сегiзiншi абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, 32-тармақтың 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң екiншi абзацының 5 және 7 тармақтарынан басқасы қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев E.C.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бірлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестiгiне жiберсiн.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 358 қаулысының 1-қосымшасы
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк
мәнi мен әдiстемесi туралы
нұсқаулық
Осы нұсқаулық екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - банктер) сақтауы мiндеттi пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесiн белгiлейдi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5049 тіркелген) белгіленген.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін жағдайда ғана сатып алады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті
3-тармақтың бірiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгi 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.26.02. № 20 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 126 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) және банк инвестицияларын шегергендегі үшінші деңгейдегі капиталдың (үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бірінші деңгейдегі капитал бөлігінің екі жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.
Банктiң заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлестерiне) салымдары, сондай-ақ заңды тұлғаның реттелген борышы және жиынтық мөлшерi банктiң бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын, заңды тұлғалардың меншікті капиталына өзге де салымдар, сондай-ақ акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне) салымдар, реттелген борыш және банктің бас ұйымының, банктің еншілес ұйымдарының және банк капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың меншікті капиталына өзге де салымдар банктің инвестициялары болып табылады.
Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел шамасын өтеуге арналған.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі мынадай тәртіппен есептеледі:
1) активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері айқындалады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген алынған тәуекелдер шамасын осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің нормативтік мәніне көбейту арқылы меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды қосу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтерін орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың ең төменгі мөлшері айқындалады;
3) бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың нақты мөлшері мен бірінші деңгейдегі капиталдың осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген ең төменгі мөлшерінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі нарықтық тәуекел шамасының осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін, нарықтық тәуекелді өтеу үшін қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспайды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің рейтингілік бағасынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын да таниды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
1) Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
2) Африка даму банкі (the African Development Bank);
3) Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
4) Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
5) Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
6) Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
7) Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
8) Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
9) Халықаралық даму қауымдастығы;
10) Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
11) Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
12) Халықаралық валюта қоры;
13) Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
14) Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
15) Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).
3-1-тармақтың күші 2011 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін меншікті капиталды есептеген кезде банктің инвестициялары заңды тұлғаның жиынтық мөлшері банктің бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын реттелген борышына банктің салымынан тұрады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:
сатып алынған меншікті акцияларды шегергендегі төленген жарғылық капиталы;
қосымша капитал;
өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);
нәтижесінде бір тұлғада пайда болған қаржы активі және оның басқа тұлғадағы (бұдан әрі - осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетілген мерзімсіз қаржы құралдары) барлық міндеттемелерін шегергеннен кейінгі заңды тұлғаның активтер үлесіне құқығын растайтын қаржылық міндеттеме немесе өзге қаржы құралы бірмезгілде пайда болатын мерзімсіз шарттар;
өткен жылдардың Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі - № 296 қаулы) талаптарына және олардың салық базасына сәйкес жіктелетін активтер мен міндеттемелердің баланстық құнындағы айырмаға байланысты туындаған бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі;
мыналарды алып тастағанда:
1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп беру үшін 1998 жылғы шілдеде күшіне енген Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы бекіткен 38 «Материалдық емес активтер» тиісті халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрі - 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және банктің негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;
өткен жылдардың шығындары;
ағымдағы жылдың шығыны.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктерге қайта құрылымдауды аяқтаған қаржы жылы алынған ағымдағы жылдың кірістерін бірінші деңгейдегі капитал есебіне кіргізуіне жол беріледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мерзімсіз қаржы құралдары мынадай талаптарға сай келеді:
1) белгілі бір айналыс мерзімі жоқ және депозит (немесе ұсынушыға міндеттеме) болып табылмайды;
2) мерзімсіз қаржы құралдарын шығарған банктің бастамасы бойынша ғана мерзімінен бұрын, бірақ оларды шығарған күннен бастап бес жыл мерзім өткеннен ерте емес өтелуі тиіс, егер мұндай өтеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) жазбаша растауына сәйкес осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәндерін бұзу салдарына әкелмейтін жағдайда;
3) банктің мерзімсіз қаржы құралдары бойынша, оның ішінде негізгі сома және есептелген сыйақы бойынша міндеттемелерін орындауы банк меншікті капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігі бөлігінде осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәндерін орындаған жағдайда көзделеді. Банк осы тармақта көрсетілген себептер бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кезекті сыйақыны төлемеген жағдайда банктің осы кезекті сыйақыны төлеуі жөніндегі міндеттемесі тоқтатылады (кумулятивті болып табылмайды);
4) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің қамтамасыз етулері болмайды;
5) банктің таратылған кезде мерзімсіз қаржы құралдары бойынша талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес банк міндеттемелері қанағаттандырылғаннан кейін өтеледі;
6) сыйақы мөлшерлемесін өзгерту шарт жасалған немесе банктің мерзімсіз қаржы құралдарын ықтимал мерзімінен бұрын өтеу талабымен мерзімсіз қаржы құралдары шығарылған күннен бастап он жыл өткеннен кейін ғана көзделеді. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша бастапқы мөлшерлеме сыйақысын ұлғайту біржолғы тәртіппен және мына талаптар бойынша бір реттен көп емес мөлшерде көзделеді:
мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі негізгі мөлшерлеме арасындағы айырманы шегергендегі жүз негізгі тармақ;
мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақының бастапқы мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесі арасындағы айырма ретінде айқындалатын, содан кейін мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесі арасындағы айырма шамасына азайтылған бастапқы кредиттік маржаның елу пайызы.
Мерзімсіз қаржы құралдары шығарылған күнгі сыйақының негізгі мөлшерлемесі ретінде мыналар пайдаланылады:
өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі белгіленген жағдайда - мерзімсіз қаржы құралдары шығарылымының валютасына сәйкес келетін валютада халықаралық банкаралық кредит нарықтарында белгіленетін мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесі;
белгіленген мөлшерлемені белгілеген жағдайда - валютасында мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет (мемлекеттер одағы) уәкілеттік берген эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістілік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі.
Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі негізгі сыйақы мөлшерлемесі ретінде валютасында мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет (мемлекеттер одағы) уәкілеттік берген эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістілік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.
6. Банктiң еншiлес ұйымдары шығарған мерзiмсiз қаржы құралдары сабақтас банктiң бірiншi деңгейдегi капиталының есебiне банктiң еншiлес ұйымдары мен банктiң еншiлес ұйымдары шығарған мерзiмсiз қаржы құралдарының сәйкестiгiне орай нақты қамтылған ақша шегiнде мынадай талаптар бойынша енгiзiлуi мүмкiн:
1) банк еншiлес ұйымдардың ұзақ мерзiмдi стратегиялары мен ағымдағы операцияларына қатысты шешiм қабылдауды қоса ала отырып, еншiлес ұйымдардың қызметiн толық айқындайды;
2) еншiлес ұйымдар қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес сабақтас банкке ұсынылатын қаржылық есеп берудi тоқсан сайын жасайды;
3) аталған еншiлес ұйымдардың сабақтас банкке қаржылық есеп берудi қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына сәйкес ұсынуы шоғырландырылған қаржылық есеп беру мәліметіне жатқызылады;
4) мерзiмсiз қаржы құралдарының белгiлi бір айналыс мерзiмi жоқ және ол депозит (немесе ұсыныс жасаушының мiндеттемесi) болып табылмайды;
5) мерзiмсiз қаржы құралдары мерзiмсiз қаржы құралдарын шығарған еншiлес ұйымның бастамасы бойынша ғана ұзақ мерзiмдi өтелуге жатқызылады, бірақ мұндай өтеу уәкiлеттi органның жазбаша растауына сәйкес банктiң соңынан осы Нұсқаулықпен белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн бұзуға алып келмейтiн болуы, шығарылған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмеген жағдайда;
6) сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша, оның iшiнде негiзгi сома мен есептелген сыйақы бойынша мiндеттемелерiн орындауы меншiктi капитал мен өтiмдiлiктiң жеткiлiктiлiгi бөлiгiнде осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн орындау талабы бойынша көзделсе. Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетiлген себептер бойынша мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кезектi сыйақыны төлемеген жағдайда банктiң осы кезектi сыйақыны төлеуi жөніндегі мiндеттемесi тоқтатылады (кумулятивтi болып табылмайды);
7) мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелерде осы тармақтың он бірiншi абзацында көзделген жағдайдан басқа жағдайда қамтамасыз ету болмайды;
8) банктi тарату кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдарының төлемi үшiн алынған және сабақтас банктегi еншiлес ұйым орналастырған ақша «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-2-бабымен белгiленген кезектiлiкке сәйкес банк мiндеттемелерiн қанағаттандырған соң қайтаруға жатқызылады;
9) банктi тарату кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдарының төлемi үшiн алынған және осы тармақтың сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарында көзделген тиiстi талаптарға сәйкес келетiн шарттар бойынша сабақтас банкке орналасқан ақша;
10) банктiң мерзiмсiз қаржы құралдарының шарттарына сәйкес банктiң еншiлес ұйымдарының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету үшiн берiлген кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауы банктiң мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кепiлдiк берiлген мiндеттемелердi орындау күнi жеткен кезде берiлген басқа кепiлдiктердi қанағаттандырған соң барып қарастырылады;
11) сыйақы мөлшерлемесiн өзгерту шарт жасалған күннен немесе мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мүмкiндiгi болу талабы бойынша тек он жыл толғаннан кейiн ғана көзделедi. Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесiн ұлғайту бір жолғы тәртiппен және мынадай талаптардың бірiнен аспайтын мөлшерде болуы көзделедi:
мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменiң ұлғаю сәтіндегі базистiк мөлшерлеме мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырманы шегергендегi жүз базистiк тармақтар;
мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменiң ұлғаю сәтіндегі базистiк мөлшерлеме мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы, соңынан мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi мен мерзiмсiз қаржы құралдарының мөлшерлемесiн ұлғайту сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырманы белгiлейтiн бастапқы кредиттiк маржаның елу процентi.
Мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде мыналар пайдаланылады:
өзгермелi сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару валютасына сай валютамен банкаралық кредит берудiң халықаралық рыноктарында белгiленетiн мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесi;
белгiленген сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - валютасына мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкiлеттiк берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi.
Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде валютасына мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкiлеттiк берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi пайдаланылады.
7. Осы Нұсқаулықтың 5 және 6 тармақтарында көзделген жағдайларда мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мұндай өтеулер пруденциалдық нормативтердiң мәнiнiң бұзылуына душар етпейтiндiгiн растайтын мынадай құжаттарды банк ұсынған кезде жүзеге асырылады:
банктiң уәкiлеттi органы (банктiң еншiлес ұйымы) бекiткен шарт немесе мерзiмсiз қаржы құралдары талаптарының көшiрмелерi;
мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу болжалданып отырған сомасы мен күнi туралы ақпарат;
пруденциалдық нормативтер есебi үшiн қажет мәлiметтер, мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу болжалданып отырған соманы ескере отырып түзетiлген, есептi айдың бірiншi күнi берiлген деректер негiзiнде дайындалған, осы Нұсқаулықпен белгiленген коэффициенттер есебi бар анықтамалар.
8. Бірiншi деңгейдегi капиталға енгiзiлген мерзiмсiз қаржы құралдарының үлесi бірiншi деңгейдегi капиталдың он бес процентiнен аспауы тиiс. Бірiншi деңгейдегi капиталға енгiзiлмеген мерзiмсiз қаржы құралдарының сомасы екiншi деңгейдегi капиталдың есебiне енгiзiлуi мүмкін.
Меншiктi капиталдың есебiне банктiң нақты алған ақшасы мөлшеріндегі мерзiмсiз қаржы құралдарының төленген сомасы қосылады.
9. Мерзiмсiз қаржы құралдары банктiң меншiктi капиталы есебiне енгiзiлуi шартқа немесе осы Нұсқаулықтың 5-тармағының шарттарына сай мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару талаптарына сәйкес келуi туралы уәкiлеттi органның жазбаша растамасы бойынша, ал сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдары жағдайында - осы Нұсқаулықтың 6-тармағының талаптары бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
Осы тармақта көзделген уәкiлеттi органның жазбаша растамасын алу мақсатында уәкiлеттi органға мынадай қосымша мәлiметтер және құжаттар ұсынылады: банктiң уәкiлеттi органы бекiткен шарттың немесе мерзiмсiз қаржы құралдары талаптарының көшiрмесi, ал сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару жағдайында - еншiлес ұйымның құрылтай құжаттарының көшiрмесi, шарттар немесе еншiлес ұйымның уәкiлеттi органы бекiткен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару талаптары, сондай-ақ сабақтас банктiң уәкiлеттi органының банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару туралы шешiмi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді
10. Екiншi деңгейдегi капитал мынадай жағдайда сома ретiнде есептеледi:
бөлінбеген таза пайданың мөлшері;
негiзгi құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерi;
кастодиан шартының талаптары негiзiнде қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегi тәуекелдi ескерiп сараланған активтер сомасының 1,25 процентiнен аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшерi;
бірiншi деңгейдегi капитал есебiне енгiзiлмей төленген мерзiмсiз қаржы құралдары;
банктің сатып алған меншікті реттелген борышын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал сомасының елу процентінен аспайтын сомамен меншікті капиталға енгізілген екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы;
ағымдағы жылдың шығыстары есебінен қалыптастырылған, № 296 қаулының талаптарына және олардың салық базасына сәйкес жіктелетін активтер мен міндеттемелердің баланстық құнындағы айырмаға байланысты туындаған, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауға жататын банк үшін реттелген борыш екінші деңгейдегі капиталға соттың шешімімен белгіленген қайта құрылымдау жүргізу мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жыл ішінде сатып алынған банктің реттелген борышының сомасы шегерілген бірінші деңгейдегі капитал сомасының 75%-нан аспайтын сомада енгізіледі.