Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 Қаулысы
(2014.22.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсiн.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері өзiнiң күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетiн 3-тармақтың бірiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгiнен, 13, 14-тармақтардың бесiншi және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетiншi, сегiзiншi абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, 32-тармақтың 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң екiншi абзацының 5 және 7 тармақтарынан басқасы қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев E.C.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бірлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестiгiне жiберсiн.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 358 қаулысының 1-қосымшасы
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк
мәнi мен әдiстемесi туралы
нұсқаулық
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 204 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Нұсқаулық екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) сақтауы міндетті пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәндері мен әдістемесін белгілейді. Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 1-тарау редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банктің жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.12. № 294 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тармаққа өзгерістерді қараңыз - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерде.
Бір филиалдан көп емес филиалы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
жаңадан құрылатын банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерде;
банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерде, оның ішінде онда 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылған резервтік капитал және 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылған динамикалық резерв сомасында жинақталған ашып көрсетілген резерв болғанда;
2009 жылғы 1 қазанда меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аз болған банктер үшін - 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде, мынадай талаптармен:
банктің Астана және Алматы қалаларынан тыс қайта тіркелу;
банк міндеттемелерінің 50% (елу пайызынан) кем емес мөлшерде Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген жеке және заңды тұлғалардан қабылданған депозиттер сомасының болуы (банктің арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда);
Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген жеке және заңды тұлғалардан қабылданған депозиттер мен банктің жарғылық капиталы сомасының 50% (елу пайызынан) кем емес мөлшерде Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген банкпен үлестес емес қарыз алушыларға берілген кредиттердің (банкаралық кредиттерді және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) болуы.
Меншікті капитал мөлшері осы тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтылған жағдайда осы тармақтың екінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген талаптарды орындау талап етілмейді;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде.
Бір филиалдан көп филиалы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мен:
облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін 10 000 000 (он миллион) теңге сомасы ретінде белгіленеді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін жағдайда ғана сатып алады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті
3-тармақтың бірiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгi 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.26.02. № 20 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 126 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.12. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.10. № 211 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) және банк инвестицияларын шегергендегі үшінші деңгейдегі капиталдың (үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капитал бөлігінің екі жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.
Банк болып табылатын еншілес ұйымның (бұдан әрі - еншілес банк) және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды және активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде бас банкке беру жөніндегі операцияны жүзеге асырған, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаның акцияларына банктің салымдарын қоспағанда, банктің заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) салымдары, сондай-ақ жиынтық мөлшері банктің бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын заңды тұлғаның реттелген борышы банктің инвестицияларын білдіреді.
Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел шамасын жабуға арналған.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі мынадай тәртіппен есептеледі:
активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері айқындалады;
осы тармақтың төртінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген алынған тәуекелдер шамасын осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің нормативтік мәніне көбейту жолымен меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды қосу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтерін орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың ең төменгі мөлшері айқындалады;
нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың нақты мөлшері мен бірінші деңгейдегі капиталдың осы тармақтың төртінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес есептелген ең төменгі мөлшерінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі нарықтық тәуекел шамасының осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін, нарықтық тәуекелді жабу үшін қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспайды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларынан басқа уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларында таниды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық валюта қоры;
Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);
Ислам жеке секторды дамыту корпорациясы (ICD).
3-1-тармақтың күші 2011 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін меншікті капиталды есептеген кезде банктің инвестициялары заңды тұлғаның жиынтық мөлшері банктің бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын реттелген борышына банктің салымынан тұрады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.12. № 294 Қаулысымен (2014 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:
сатып алынған меншікті акцияларды шегергендегі төленген жарғылық капитал;
қосымша капитал;
өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);
жинақталған ашып көрсетілген резерв;
нәтижесінде бір мезгілде бір тұлғада қаржы активі және басқа тұлғада қаржылық міндеттеме немесе заңды тұлғаның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған активтер үлесіне құқығын растайтын өзге қаржы құралы туындайтын мерзімсіз шарттар (бұдан әрі - осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетілген мерзімсіз қаржы құралдары);
мыналарды шегергенде:
банктің негізгі қызметінің мақсаты үшін сатып алынған және 1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есептілік үшін күшіне енген, 1998 жылғы шілдеде Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы бекіткен 38 «Материалдық емес активтер» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі - 38 халықаралық қаржылық есептілік стандарты) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер;
өткен жылдардың шығындары;
ағымдағы жылдың шығыны.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктердің қайта құрылымдау қорытындылары бойынша алынған ағымдағы жылдың кірістерін бірінші деңгейдегі капиталға кіргізуіне жол беріледі.
Бірінші деңгейдегі капиталды есептеу мақсаттары үшін жинақталған ашып көрсетілген резерв Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі - Үлгі шот жоспары) 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3510 «Резервтік капитал» және 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3400 «Динамикалық резервтер» баланстық шотындағы қалдықтар сомасы ретінде айқындалады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мерзімсіз қаржы құралдары мынадай талаптарға сай келеді:
1) белгілі бір айналыс мерзімі жоқ және депозит (немесе ұсынушыға міндеттеме) болып табылмайды;
2) мерзімсіз қаржы құралдарын шығарған банктің бастамасы бойынша ғана мерзімінен бұрын, бірақ оларды шығарған күннен бастап бес жыл мерзім өткеннен ерте емес өтелуі тиіс, егер мұндай өтеу уәкілетті органның жазбаша растауына сәйкес соңынан банктің осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәндерін бұзуына әкелмейтін жағдайда;
3) банктің мерзімсіз қаржы құралдары бойынша, оның ішінде негізгі сома және есептелген сыйақы бойынша міндеттемелерін орындауы банк меншікті капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігі бөлігінде осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәндерін орындаған жағдайда көзделеді. Банк осы тармақта көрсетілген себептер бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кезекті сыйақыны төлемеген жағдайда банктің осы кезекті сыйақыны төлеуі жөніндегі міндеттемесі тоқтатылады (кумулятивті болып табылмайды);
4) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің қамтамасыз етулері болмайды;
5) банктің таратылған кезде мерзімсіз қаржы құралдары бойынша талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес банк міндеттемелері қанағаттандырылғаннан кейін өтеледі;
6) сыйақы мөлшерлемесін өзгерту шарт жасалған немесе банктің мерзімсіз қаржы құралдарын ықтимал мерзімінен бұрын өтеу талабымен мерзімсіз қаржы құралдары шығарылған күннен бастап он жыл өткеннен кейін ғана көзделеді. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша бастапқы мөлшерлеме сыйақысын ұлғайту біржолғы тәртіппен және мына талаптар бойынша бір реттен көп емес мөлшерде көзделеді:
мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі негізгі мөлшерлеме арасындағы айырманы шегергендегі жүз негізгі тармақ;
мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақының бастапқы мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесі арасындағы айырма ретінде айқындалатын, содан кейін мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі сыйақының негізгі мөлшерлемесі арасындағы айырма шамасына азайтылған бастапқы кредиттік маржаның елу пайызы.
Мерзімсіз қаржы құралдары шығарылған күнгі сыйақының негізгі мөлшерлемесі ретінде мыналар пайдаланылады:
өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі белгіленген жағдайда - мерзімсіз қаржы құралдары шығарылымының валютасына сәйкес келетін валютада халықаралық банкаралық кредит нарықтарында белгіленетін мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесі;
белгіленген мөлшерлемені белгілеген жағдайда - валютасында мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет (мемлекеттер одағы) уәкілеттік берген эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістілік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі.
Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі негізгі сыйақы мөлшерлемесі ретінде валютасында мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет (мемлекеттер одағы) уәкілеттік берген эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістілік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.
6. Банктiң еншiлес ұйымдары шығарған мерзiмсiз қаржы құралдары сабақтас банктiң бірiншi деңгейдегi капиталының есебiне банктiң еншiлес ұйымдары мен банктiң еншiлес ұйымдары шығарған мерзiмсiз қаржы құралдарының сәйкестiгiне орай нақты қамтылған ақша шегiнде мынадай талаптар бойынша енгiзiлуi мүмкiн:
1) банк еншiлес ұйымдардың ұзақ мерзiмдi стратегиялары мен ағымдағы операцияларына қатысты шешiм қабылдауды қоса ала отырып, еншiлес ұйымдардың қызметiн толық айқындайды;
2) еншiлес ұйымдар қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес сабақтас банкке ұсынылатын қаржылық есеп берудi тоқсан сайын жасайды;
3) аталған еншiлес ұйымдардың сабақтас банкке қаржылық есеп берудi қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына сәйкес ұсынуы шоғырландырылған қаржылық есеп беру мәліметіне жатқызылады;
4) мерзiмсiз қаржы құралдарының белгiлi бір айналыс мерзiмi жоқ және ол депозит (немесе ұсыныс жасаушының мiндеттемесi) болып табылмайды;
5) мерзiмсiз қаржы құралдары мерзiмсiз қаржы құралдарын шығарған еншiлес ұйымның бастамасы бойынша ғана ұзақ мерзiмдi өтелуге жатқызылады, бірақ мұндай өтеу уәкiлеттi органның жазбаша растауына сәйкес банктiң соңынан осы Нұсқаулықпен белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн бұзуға алып келмейтiн болуы, шығарылған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмеген жағдайда;
6) сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша, оның iшiнде негiзгi сома мен есептелген сыйақы бойынша мiндеттемелерiн орындауы меншiктi капитал мен өтiмдiлiктiң жеткiлiктiлiгi бөлiгiнде осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн орындау талабы бойынша көзделсе. Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетiлген себептер бойынша мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кезектi сыйақыны төлемеген жағдайда банктiң осы кезектi сыйақыны төлеуi жөніндегі мiндеттемесi тоқтатылады (кумулятивтi болып табылмайды);
7) мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелерде осы тармақтың он бірiншi абзацында көзделген жағдайдан басқа жағдайда қамтамасыз ету болмайды;
8) банктi тарату кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдарының төлемi үшiн алынған және сабақтас банктегi еншiлес ұйым орналастырған ақша «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-2-бабымен белгiленген кезектiлiкке сәйкес банк мiндеттемелерiн қанағаттандырған соң қайтаруға жатқызылады;
9) банктi тарату кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдарының төлемi үшiн алынған және осы тармақтың сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарында көзделген тиiстi талаптарға сәйкес келетiн шарттар бойынша сабақтас банкке орналасқан ақша;
10) банктiң мерзiмсiз қаржы құралдарының шарттарына сәйкес банктiң еншiлес ұйымдарының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету үшiн берiлген кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауы банктiң мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кепiлдiк берiлген мiндеттемелердi орындау күнi жеткен кезде берiлген басқа кепiлдiктердi қанағаттандырған соң барып қарастырылады;
11) сыйақы мөлшерлемесiн өзгерту шарт жасалған күннен немесе мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мүмкiндiгi болу талабы бойынша тек он жыл толғаннан кейiн ғана көзделедi. Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесiн ұлғайту бір жолғы тәртiппен және мынадай талаптардың бірiнен аспайтын мөлшерде болуы көзделедi:
мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменiң ұлғаю сәтіндегі базистiк мөлшерлеме мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырманы шегергендегi жүз базистiк тармақтар;
мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменiң ұлғаю сәтіндегі базистiк мөлшерлеме мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы, соңынан мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi мен мерзiмсiз қаржы құралдарының мөлшерлемесiн ұлғайту сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырманы белгiлейтiн бастапқы кредиттiк маржаның елу процентi.
Мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде мыналар пайдаланылады:
өзгермелi сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару валютасына сай валютамен банкаралық кредит берудiң халықаралық рыноктарында белгiленетiн мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесi;
белгiленген сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - валютасына мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкiлеттiк берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi.
Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде валютасына мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкiлеттiк берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi пайдаланылады.
7. Осы Нұсқаулықтың 5 және 6 тармақтарында көзделген жағдайларда мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мұндай өтеулер пруденциалдық нормативтердiң мәнiнiң бұзылуына душар етпейтiндiгiн растайтын мынадай құжаттарды банк ұсынған кезде жүзеге асырылады:
банктiң уәкiлеттi органы (банктiң еншiлес ұйымы) бекiткен шарт немесе мерзiмсiз қаржы құралдары талаптарының көшiрмелерi;
мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу болжалданып отырған сомасы мен күнi туралы ақпарат;
пруденциалдық нормативтер есебi үшiн қажет мәлiметтер, мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу болжалданып отырған соманы ескере отырып түзетiлген, есептi айдың бірiншi күнi берiлген деректер негiзiнде дайындалған, осы Нұсқаулықпен белгiленген коэффициенттер есебi бар анықтамалар.