ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 37-тармақ жаңа редакцияда
37. Егер банк қарыз алушысы жағдай туындаған сәтте банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, онда осындай қарыз алушыға қатысты тәуекел осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда, көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі банк талаптарының бөлігін орындау жөніндегі қабілеттілігін растай отырып және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде осы тәртіп бұзуды жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып осындай асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарласа, тәртіп бұзу ретінде қарастырылмайды.
38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар мiндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретiнде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 4-тарау жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өтімділік коэффициенттері
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен;
к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;
к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.
k4 - 0,3;
Мерзімді өтімділік пен мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
К4-1 - 1;
К4-2 - 0,9;
К4-3 - 0,8;
К4-4 - 1;
К4-5 - 0,9;
К4-6 - 0,8.
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен ( бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 сәуірде қолданысқа енгізілді); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 40 тармақ өзгертілді
40. Банктің k4 ағымдағы өтімділік коэффициенті банктің орташа айлық жоғары өтімді активтерінің есептелген сыйақыны ескергендегі талап етуге дейінгі міндеттемелердің орта айлық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшеріне барлық талап етуге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері, оның ішінде:
өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жылдан кем емес, 50% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер;
k4 нормативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерін қоспағанда, өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жыл және одан астам, 100% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» зайымдары мен банкпен бір түнге тартылған салымдар және кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен мерзімді шартсыз міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін, тазартылған құнды металдарды қоспағанда банктердің мерзімді және шартты депозиттері кіргізіледі.
к4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
(k4, k4-1, k4-2, k4-3) өтімділік коэфициенттерін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшерінен және жоғары өтімді активтердің мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті шетел валютасындағы өтiмдiлігі жоғары активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшеріне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар, 100 (бір жүз) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнің осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар міндеттемелердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар міндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін бір айға дейінгі қалған мерзімі бар 90 (тоқсан) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін үш айға дейінгі қалған мерзімі бар, 80 (сексен) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
42. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және «Еуро» бойынша есептеледі, оларда алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.16.07. № 152 Қаулысымен (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Өтiмдiлігі жоғары активтердің есебіне мыналар кіреді:
1) қолма-қол ақша;
2) орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;
3) клирингтік ұйымның шоттарындағы кепілдік берілген, банктің маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
4) тазартылған бағалы металдар;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
6) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
7) Қазақстан Республикасының банктерінде, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингтік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысында (бұдан әрі - № 141 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақмерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
9) «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «ВааЗ» төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингі бар шетелдік эмитенттердің облигациялары;
10) Ұлттық Банктегі күнтізбелік 7 күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;
11) Standard & Poor's рейтинг агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес банктеріне берілген «овернайт» қарыздары.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 152 Қаулысымен 43-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
43-1. Банк кері сатып алу талабымен сатқан немесе кепілге берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түрде ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен 43-2-тармақпен толықтырылды
43-2. Банктің баланстық шоттарында есепке алынған валюталық своп операциялары бойынша талаптардың сомасы, егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер банктің баланстық шоттарында есепке алынған және мерзімді өтімділік коэффициенттерінің есебіне енгізілген жағдайда, өтiмдiлігі жоғары активтердiң есебіне кіреді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.31.01. № 8 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 44-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.07. № 204 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 44-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 152 Қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44. Өтімді активтер есебіне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарға қалыптасқан резервтер шегеріле отырып, жоғары өтімді активтерді қоса алғанда барлық қаржылық активтер енгізіледі. Қарыздар қарыз шартына сәйкес өтеу кестелері бойынша енгізіледі.
Осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, жоғары өтімді активтердің есебіне енгізілмейтін бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылады деген талаппен өтімді активтердің есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізген кезде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі осы бағалы қағаздар болып табылатын міндеттемелерді өтеуге дейінгі мерзім алынады.
44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.
Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.
45. ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.12. № 294 Қаулысымен (2013 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 45-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.19.12. № 222 Қаулысымен 45-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-1. Өтімділік нормативтері орташа айлық негізде айқындалатын өтімділік коэффициенттерінің есептік мәндеріне қарамастан, мынадай жағдайларда:
1) банкте есепті кезең ішінде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзімі өткен міндеттемелер болған кезде;
2) банк жеке тұлғалардың жаңадан тартылған (теңгемен және шетел валютасымен) депозиттері бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі белгілейтін және оларды сақтау үшін банктерге ұсынылатын ең жоғары (ұсынылатын) сыйақы мөлшерлемелерін асырған кезде орындалмаған болып есептеледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.29.02. № 67 Қаулысымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1. Өтімділікті өтеу коэффициенттері және нетто тұрақты қорландыру
45-2. Өтімділікті өтеу коэффициенті сапасы жоғары өтімді активтердің кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде банктің операциялары бойынша ақша қаражатының нетто әкетілуіне қатынасы ретінде есептеледі.
Өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу мақсатында сапасы жоғары өтімді активтер деп мынадай талаптарға сай келетін активтер танылады:
банктің міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылмайды (репо, своп операцияларын және қайтарымды негізде жасалатын өзге де операцияларды қоспағанда);
кассадағы қолма-қол ақшаны сақтаудың ең аз қалдығын немесе банктің қызметін қамтамасыз ету шығыстарын жүзеге асыруға арналмаған;
банктің меншігіндегі, оның ішінде банктің оларды репо, своп операциялары шеңберінде, оларды қайтару міндеттемелерін орындау мерзімі басталғанға дейін тартылатын қаражат бойынша қамтамасыз етуге сатуға, беруге құқықтарына шектеулер болмаған жағдайда қайтарымды негізде жасалатын операциялар (репо, своп операциялары және басқа да операциялар) шеңберінде алынған не орналастырылған қаражат және туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде алынған;
банктің иелігіндегі және активтермен операциялар жүргізу арқылы ақша қаражатын дереу алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін (репо, своп операциялары бойынша және тартылатын қаражат бойынша қамтамасыз етуге сату, беру).
Банк бағалы қағаздарды орналастырылған қаражат, кері репо операциялары немесе туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша қамтамасыз етуге басқа қарсы агентке берген жағдайда, бағалы қағаздар бастапқы меншік иегері өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен бастап кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды қайтаруы мүмкін болмаған кезде сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне енгізіледі.
45-3. Сапасы жоғары өтімді активтер бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген және екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген сомасы ретінде есептеледі. Бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер әділ (нарықтық) құны бойынша сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне қабылданады.
45-4. Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер деп Нұсқаулықтың 45-2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін және:
1) қолма-қол ақша;
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10776 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысымен бекітілген Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларда белгіленген ең төменгі резервтік талаптардан асатын Ұлттық Банктегі депозиттер;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Ұлттық Банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкiметi, Ұлттық Банк кепілдік берген бағалы қағаздармен қойылатын талаптар;
4) шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына, оның ішінде шет мемлекеттердің үкіметтері және шет мемлекеттердің орталық банктері, халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген, Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тiзiмiнде көрсетілген және мынадай талаптардың әрқайсысына сай келетін халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы бағалы қағаздармен қойылатын талаптар:
Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 0 (нөл) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің бірінші тобына жатады;
қаржы ұйымдарының немесе олармен үлестес ұйымдардың міндеттемелері болып табылмайды;
5) егер шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне қойылатын талаптар Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 0 (нөл) пайыздан жоғары кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін жағдайда, шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне эмитент-елдің валютасымен номинирленген бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар.
45-5. Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер деп Нұсқаулықтың 45-2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін және:
1) егер Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін жағдайда, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздармен қойылатын талаптар;
2) шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне, шет мемлекеттердің орталық банктеріне, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына, оның ішінде шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің орталық банктері, халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген, Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тiзiмiнде көрсетілген, мынадай талаптардың әрқайсысына сай келетін халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар:
Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің екінші тобына жатады;
соңғы 10 (он) жылда кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10 (он) және одан көп пайызға нарықтық құнынан төмендеумен көрінген құнсыздану фактілері толығымен жоқ;
қаржы ұйымдарының немесе олармен үлестес ұйымдардың міндеттемелері болып табылмайды;
3) қаржы ұйымдары немесе олармен үлестес ұйымдар эмитенттері болып табылмайтын бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар;
4) банктің немесе онымен үлестес ұйым болып табылмайтын туынды қаржы құралдарын және реттелген борышты қоспағанда, ипотекалық бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар.
Нұсқаулықтың осы тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген талаптар мынадай талаптардың әрқайсысына сай келеді:
Standard & Poor's рейтингілік агенттiгiнiң «AA-» төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингiлері немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi не Standard & Poor's агенттiгiнiң тиісті қысқамерзімді рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар;
Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста;
соңғы 10 (он) жылда кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10 (он) және одан көп пайызға нарықтық құнынан төмендеумен көрінген құнсыздану фактілері толығымен жоқ.
Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің үлесі сапасы жоғары өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан аспайды. Егер екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің үлесі сапасы жоғары өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан асатын болса, онда екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер сапасы жоғары өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан аспайтын мөлшердегі сапасы жоғары өтімді активтердің құрамына кіргізіледі.
Егер сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне енгізілген активтер Нұсқаулықтың 45-4 және (немесе) 45-5-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмейтін болғанда көрсетілген активтер көрсетілген талаптарға сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзім ішінде сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне енгізіле береді.
45-6. Ақша қаражатының нетто әкетілуі мынадай формула бойынша есептеледі:
егер АК>0,75*АӘ болған жағдайда, АҚНӘ=АӘ-0,75*АӘ;
егер АК<0,75*АӘ болған жағдайда, АҚНӘ =АӘ-АК,
мұнда:
АҚНӘ - ақша қаражатының нетто әкетілуі;
АӘ - ақшаның әкетілуі;
АК - ақшаның келуі.
Ақшаның әкетілуі Нұсқаулықтың 45-7-тармағына сәйкес есептеледі, ақшаның әкелінуі Нұсқаулықтың 45-8-тармағына сәйкес есептеледі.
45-7. Ақшаның әкетілуі банктің мынадай міндеттемелері бойынша Нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесінде белгіленген әкетілу коэффициенттері қолданыла отырып, кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі ақшаның әкетілу сомасы ретінде есептеледі:
жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның әкетілуі;
заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі;
заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі;
шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі.
Ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында жеке тұлғалардың депозиттері тұрақты және аздап тұрақсыз ретінде жіктеледі. Ақша әкетілуінің есебінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттері кез келген өтеу мерзімімен есептеледі.