Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 Қаулысы
(2009.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсiн.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері өзiнiң күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетiн 3-тармақтың бірiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгiнен, 13, 14-тармақтардың бесiншi және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетiншi, сегiзiншi абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, 32-тармақтың 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң екiншi абзацының 5 және 7 тармақтарынан басқасы қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев E.C.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бірлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестiгiне жiберсiн.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 358 қаулысының 1-қосымшасы
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық
нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк
мәнi мен әдiстемесi туралы
нұсқаулық
Осы нұсқаулық екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - банктер) сақтауы мiндеттi пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесiн белгiлейдi.
1-тарау. Банктiң жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерi
1. Банктiң жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерiн қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның Басқармасы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлейдi.
2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алулар уәкiлеттi орган белгiлеген кез-келген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкiн.
2-тарау. Меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициентi
3-тармақтың бірiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгi 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.26.02. № 20 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Меншiктi капитал бірiншi және екiншi деңгейдегi капитал сомасы (екiншi деңгейдегi капитал бірiншi деңгейдегi капиталдан аспайтын мөлшермен енгiзiледi) ретiнде және банк инвестициясын шегергендегi үшiншi деңгейдегi капитал (үшiншi деңгейдегi капитал рыноктық тәуекелдi жабуға арналған бірiншi деңгейдегi капитал бөлiгiнiң екi жүз елу процентiнен аспайтын мөлшермен енгiзiледi) сомасы ретiнде есептеледi.
Банк инвестициясы банктiң заңды тұлға акциясына салымын (жарғы капиталындағы қатысу үлесi), сондай-ақ жиынтық мөлшерi банктiң бірінші деңгейдегі және екінші деңгейдегі капитал сомасының он процентiнен асатын заңды тұлғаның реттелген борышын бiлдiредi.
Рыноктық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капиталына енгізу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 16-тармағымен айқындалған банктің меншікті капиталының жеткіліктілік нормативтерін орындауға қажетті бірінші деңгейдегі капиталдың нақты мөлшері мен бірінші деңгейдегі капиталдың барынша аз мөлшері арасындағы айырмашылықты білдіреді.
Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін Standard&Poor's агенттігінің рейтингттік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингттік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).
Өзгерістерді қара - ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысы (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)
4. Бірiншi деңгейдегi капитал мынадай сома ретiнде есептеледi:
сатып алынған меншiктi акцияларды шегергендегi төленген жарғы капиталы;
қосымша капитал;
өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi (оның iшiнде өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi есебiнен қалыптасқан қорлар, резервтер);
нәтижесiнде бір заңды тұлғада пайда болған қаржы активi және оның басқа тұлғадағы (бұдан әрi - осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетiлген мерзiмсiз қаржы құралдары) барлық мiндеттемелерiн шегергеннен кейiнгi заңды тұлғаның активтер үлесiне құқығын растайтын қаржылық мiндеттеме немесе өзге қаржы құралы бірмезгiлде пайда болатын мерзiмсiз шарттар;
мыналарды алып тастағанда:
1999 жылғы 1 шiлдеден бастап немесе кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржылық есеп беру үшiн 1998 жылы шiлдеде күшiне енген Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттiң Басқармасы бекiткен 38 «Материалдық емес активтер» тиiстi халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрi - 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;
өткен жылдардың шығындары;
ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кiрiстерiнен асып кетуi.
5. Мерзiмсiз қаржы құралдары мынадай талаптарға сай келуi тиiс:
1) айналыста белгiлi мерзiмi жоқ және депозит болып табылмайтын (немесе сұратушының мiндеттемесi болып табылмайтын);
2) мерзiмсiз қаржы құралдарын шығарған банктiң бастамасы бойынша ғана мерзiмiнен бұрын өтелуi тиiс, бірақ оларды шығарған күннен бастап бес жыл мерзiм өткеннен кейiн ғана өтелуге жатқызылатын, бірақ мынадай шартпен, егер мұндай өтеу банк уәкiлеттi органның жазбаша растауына сәйкес осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн бұзу салдарына әкелмейтiндей болса;
3) банктiң мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша, оның iшiнде негiзгi сома бойынша және есептелген сыйақы бойынша мiндеттемелерiн орындауы меншiктi капитал мен өтiмдiлiктiң жеткiлiктiлiгi бөлiгiнде осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн орындау талабы бойынша көзделсе. Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетiлген себептер бойынша мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кезектi сыйақыны төлемеген жағдайда банктiң осы кезектi сыйақыны төлеуi жөніндегі мiндеттемесi тоқтатылады (кумулятивтi болып табылмайды);
4) мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң қамтамасыз етулері болмайды;
5) банктiң таратылуы кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабымен белгiленген кезектiлiкке сәйкес банк мiндеттемелерiн қанағаттандырғаннан кейiн өтеледi;
6) сыйақы мөлшерлемесiн өзгерту шарт жасалған немесе мерзiмсiз қаржы құралдары шығарылған күннен бастап, банктiң мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мүмкiндiгi жөніндегі талабы бойынша он жыл өткеннен кейiн ғана көзделедi. Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша бастапқы мөлшерлеме сыйақысын өсiру бір жолғы тәртiппен және мына шарттар бойынша бір реттен көп емес мөлшерде көзделедi:
мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негiзгi сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырмадан жүз негiзгi тармақтарды шегеру және мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтіндегі негiзгi мөлшерлеме;
мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негiзгi сыйақы мөлшерлемесi және мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырма ретiнде белгiленiп отырған, содан кейiн негізгi сыйақы мөлшерлемесi мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі және мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтіндегі аралық айырма шегiне кемiтiлген бастапқы кредиттiк маржаның елу процентi.
Мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негiзгi базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде мыналар пайдаланылады:
өзгермелi сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - мерзiмсiз қаржы құралдары шығарылымына тиiстi валютаға сәйкес валютада халықаралық банкаралық кредит рыногында белгiленген мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесi;
Белгiленген мөлшерлеменi белгiлеген жағдайда - валютасында мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекеттiң уәкiлеттi эмитентi (мемлекеттер одағы) шығарған борыштық бағалы қағаздардың кiрiстiлiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi.
Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi өсiру сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде валютасында мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекеттiң уәкiлеттi эмитентi (мемлекеттер одағы) шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiлiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi пайдаланылады.
6. Банктiң еншiлес ұйымдары шығарған мерзiмсiз қаржы құралдары сабақтас банктiң бірiншi деңгейдегi капиталының есебiне банктiң еншiлес ұйымдары мен банктiң еншiлес ұйымдары шығарған мерзiмсiз қаржы құралдарының сәйкестiгiне орай нақты қамтылған ақша шегiнде мынадай талаптар бойынша енгiзiлуi мүмкiн:
1) банк еншiлес ұйымдардың ұзақ мерзiмдi стратегиялары мен ағымдағы операцияларына қатысты шешiм қабылдауды қоса ала отырып, еншiлес ұйымдардың қызметiн толық айқындайды;
2) еншiлес ұйымдар қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес сабақтас банкке ұсынылатын қаржылық есеп берудi тоқсан сайын жасайды;
3) аталған еншiлес ұйымдардың сабақтас банкке қаржылық есеп берудi қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына сәйкес ұсынуы шоғырландырылған қаржылық есеп беру мәліметіне жатқызылады;
4) мерзiмсiз қаржы құралдарының белгiлi бір айналыс мерзiмi жоқ және ол депозит (немесе ұсыныс жасаушының мiндеттемесi) болып табылмайды;
5) мерзiмсiз қаржы құралдары мерзiмсiз қаржы құралдарын шығарған еншiлес ұйымның бастамасы бойынша ғана ұзақ мерзiмдi өтелуге жатқызылады, бірақ мұндай өтеу уәкiлеттi органның жазбаша растауына сәйкес банктiң соңынан осы Нұсқаулықпен белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн бұзуға алып келмейтiн болуы, шығарылған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмеген жағдайда;
6) сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша, оның iшiнде негiзгi сома мен есептелген сыйақы бойынша мiндеттемелерiн орындауы меншiктi капитал мен өтiмдiлiктiң жеткiлiктiлiгi бөлiгiнде осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн орындау талабы бойынша көзделсе. Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетiлген себептер бойынша мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кезектi сыйақыны төлемеген жағдайда банктiң осы кезектi сыйақыны төлеуi жөніндегі мiндеттемесi тоқтатылады (кумулятивтi болып табылмайды);
7) мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелерде осы тармақтың он бірiншi абзацында көзделген жағдайдан басқа жағдайда қамтамасыз ету болмайды;
8) банктi тарату кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдарының төлемi үшiн алынған және сабақтас банктегi еншiлес ұйым орналастырған ақша «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-2-бабымен белгiленген кезектiлiкке сәйкес банк мiндеттемелерiн қанағаттандырған соң қайтаруға жатқызылады;
9) банктi тарату кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдарының төлемi үшiн алынған және осы тармақтың сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарында көзделген тиiстi талаптарға сәйкес келетiн шарттар бойынша сабақтас банкке орналасқан ақша;
10) банктiң мерзiмсiз қаржы құралдарының шарттарына сәйкес банктiң еншiлес ұйымдарының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету үшiн берiлген кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауы банктiң мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кепiлдiк берiлген мiндеттемелердi орындау күнi жеткен кезде берiлген басқа кепiлдiктердi қанағаттандырған соң барып қарастырылады;
11) сыйақы мөлшерлемесiн өзгерту шарт жасалған күннен немесе мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мүмкiндiгi болу талабы бойынша тек он жыл толғаннан кейiн ғана көзделедi. Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесiн ұлғайту бір жолғы тәртiппен және мынадай талаптардың бірiнен аспайтын мөлшерде болуы көзделедi:
мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменiң ұлғаю сәтіндегі базистiк мөлшерлеме мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырманы шегергендегi жүз базистiк тармақтар;
мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменiң ұлғаю сәтіндегі базистiк мөлшерлеме мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы, соңынан мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi мен мерзiмсiз қаржы құралдарының мөлшерлемесiн ұлғайту сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырманы белгiлейтiн бастапқы кредиттiк маржаның елу процентi.
Мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде мыналар пайдаланылады:
өзгермелi сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару валютасына сай валютамен банкаралық кредит берудiң халықаралық рыноктарында белгiленетiн мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесi;
белгiленген сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - валютасына мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкiлеттiк берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi.
Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде валютасына мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкiлеттiк берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi пайдаланылады.
7. Осы Нұсқаулықтың 5 және 6 тармақтарында көзделген жағдайларда мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мұндай өтеулер пруденциалдық нормативтердiң мәнiнiң бұзылуына душар етпейтiндiгiн растайтын мынадай құжаттарды банк ұсынған кезде жүзеге асырылады:
банктiң уәкiлеттi органы (банктiң еншiлес ұйымы) бекiткен шарт немесе мерзiмсiз қаржы құралдары талаптарының көшiрмелерi;
мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу болжалданып отырған сомасы мен күнi туралы ақпарат;
пруденциалдық нормативтер есебi үшiн қажет мәлiметтер, мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу болжалданып отырған соманы ескере отырып түзетiлген, есептi айдың бірiншi күнi берiлген деректер негiзiнде дайындалған, осы Нұсқаулықпен белгiленген коэффициенттер есебi бар анықтамалар.
Өзгерістерді қара - ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысы (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)
8. Бірiншi деңгейдегi капиталға енгiзiлген мерзiмсiз қаржы құралдарының үлесi бірiншi деңгейдегi капиталдың он бес процентiнен аспауы тиiс. Бірiншi деңгейдегi капиталға енгiзiлмеген мерзiмсiз қаржы құралдарының сомасы екiншi деңгейдегi капиталдың есебiне енгiзiлуi мүмкін.
Меншiктi капиталдың есебiне банктiң нақты алған ақшасы мөлшеріндегі мерзiмсiз қаржы құралдарының төленген сомасы қосылады.
9. Мерзiмсiз қаржы құралдары банктiң меншiктi капиталы есебiне енгiзiлуi шартқа немесе осы Нұсқаулықтың 5-тармағының шарттарына сай мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару талаптарына сәйкес келуi туралы уәкiлеттi органның жазбаша растамасы бойынша, ал сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдары жағдайында - осы Нұсқаулықтың 6-тармағының талаптары бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
Осы тармақта көзделген уәкiлеттi органның жазбаша растамасын алу мақсатында уәкiлеттi органға мынадай қосымша мәлiметтер және құжаттар ұсынылады: банктiң уәкiлеттi органы бекiткен шарттың немесе мерзiмсiз қаржы құралдары талаптарының көшiрмесi, ал сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару жағдайында - еншiлес ұйымның құрылтай құжаттарының көшiрмесi, шарттар немесе еншiлес ұйымның уәкiлеттi органы бекiткен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару талаптары, сондай-ақ сабақтас банктiң уәкiлеттi органының банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару туралы шешiмi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Өзгерістерді қара - ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысы (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)
10. Екiншi деңгейдегi капитал мынадай жағдайда сома ретiнде есептеледi:
ағымдағы жыл кiрiстерiнiң мөлшерi ағымдағы жыл шығыстары мөлшерiнен асып кеткен жағдайда;
негiзгi құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерi;
кастодиан шартының талаптары негiзiнде қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегi тәуекелдi ескерiп сараланған активтер сомасының 1,25 процентiнен аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшерi;
бірiншi деңгейдегi капитал есебiне енгiзiлмей төленген мерзiмсiз қаржы құралдары;
банктiң сатып алған меншiктi реттелген борышын шегергендегi бірiншi деңгейдегi капитал сомасының елу процентiнен аспайтын сомамен меншiктi капиталға енгiзiлген екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы.
11. Екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы - бұл банктiң мынадай талаптарға сәйкес келетiн қамтамасыз етiлмеген мiндеттемесi:
1) ұсыныс берушiнiң салымы не мiндеттемесi болып табылмаса;
2) банктiң немесе оның аффилиирленген тұлғаларының талаптары бойынша кепiлдiк қамтамасыз ету болып табылмаса;
3) банк таратылған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгiленген кезектiлiкке сәйкес мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелерiн банк орындағанға дейiн қанағаттандырса;
4) банк өтеуi (толық немесе iшiнара) мүмкiн, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын өтеуi тек банктiң бастамасымен болуы мүмкiн, егер осы өтеу тек қана уәкілетті органның қорытындысына сәйкес бұдан кейін банктің осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтерiнiң мәнiн сақтамайтын салдарларға алып келмеген жағдайында.
Меншiктi капиталға енгiзiлген екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы - бұл өтелгенге дейiн бес жыл тарту мерзiмi болған реттелген борыш.
Облигациялар банктiң реттелген борышы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындысы туралы есеп негiзiнде банктiң меншiктi капиталына енгiзiледi.
Екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы банктiң меншiктi капиталының есебiне былайша енгiзiледi:
Борышты өтеу басталғанға дейiн қалған бес жыл iшiнде:
1-шi жыл - реттелген борыш сомасының 100 процентi;
2-шi жыл - реттелген борыш сомасының 80 процентi;
3-шi жыл - реттелген борыш сомасының 60 процентi;
4-шi жыл - реттелген борыш сомасының 40 процентi;
5-шi жыл - реттелген борыш сомасының 20 процентi.
Сондай-ақ осы тармақтың талаптарына сәйкес келетiн, егер шартта заемшының бастамасы бойынша заемды мерзiмiнен бұрын өтеу (толық немесе iшiнара) мүмкiндiгi көзделiп, егер бұл өтеу уәкiлеттi органның қорытындысына сәйкес банктiң қаржылық жағдайының нашарлау салдарына және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарының бұзылуына алып келмейтiндiгi көзделген 3) тармақшаны қоспағанда Еуропалық Қайта құру және Даму банкiнен немесе Азия Даму банкiнен не Халықаралық Қаржы қауымдастығынан тартылған банктiң заемы екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы болып табылады.
12. Банктiң 2002 жылғы 1 тамызға дейiн тартылған, бастапқы өтеу мерзiмi 5 жылдан кем емес және осы Нұсқаулықтың 11-тармағында белгiленген реттелген борышқа қойылатын талаптарға жауап бермейтiн реттелген борыштар мынадай тәртiппен банктiң меншiктi капиталының есебiне енгiзiледi:
борышты өтеу басталғанға дейiнгi бес жылдан артық мерзiм iшiнде:
реттелген борыш сомасының 80 процентi мөлшерiнде;
борышты өтеу басталғанға дейiн қалған бес жыл iшiнде:
1-шi жыл - реттелген борыш сомасының 60 процентi;
2-шi жыл - реттелген борыш сомасының 40 процентi;
3-шi жыл - реттелген борыш сомасының 20 процентi;
4-шi және 5-шi жыл - реттелген борыш сомасының 0 процентi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13. Банктiң меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi мынадай екi коэффициентпен сипатталады:
бірiншi деңгейдегi капиталдың жалпы сомасының бірiншi деңгейдегi капиталдың үлесi шегiнде алынған банк инвестициясын шегергендегi және екiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капитал бөлiгіндегі есебiне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегi капитал үлесi шегiнде алынған банк инвестициясының сомасына кемiтiлген банк активтерiнiң мөлшерiне және екiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капитал бөлiгіндегі есебiне (k1) енгiзiлген бірiншi деңгейдегi капиталдың қатынасы;
меншiктi капиталдың сомаға қатынасы:
екiншi деңгейдегi капиталдың есебiне енгiзiлмеген, жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемiтiлген кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша салмақталған активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелер;
Бесiншi және алтыншы абзацтары 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
активтер, шартты және мүмкiн талап етулер және рыноктық тәуекелдi ескеруге есептелген болуы мүмкiн талап етулер мен мiндеттемелер;
операциялық тәуекел (k2).
14-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi (орыс тіліндегі мәтінін қара)
14. Үшiншi деңгей капиталы мынадай талаптарға сәйкес келетiн үшiншi деңгейдiң реттелген борышын бiлдiредi:
1) банк ұсынған, онымен айрықша байланысы бар немесе банктiң аффилиирленген тұлғасынан қамтамасыз ету алынбаса;
2) ұсыныс берушi үшiн депозит не мiндеттеме болып табылмаса;
3) банк мерзiмiнен бұрын (толық немесе iшiнара), сонымен бірге мерзiмiнен бұрын банктiң бастамасы бойынша ғана өтеуi мүмкiн, егер осы өтеу уәкiлеттi органның қорытындысына сәйкес осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң сақталмауына душар етпеген жағдайында;
4) өтелгенге дейiн екi жылдан асатын бастапқы мерзiмi бар. Екiншi деңгейдегi капиталға енгiзiлмеген екiншi деңгейдiң реттелген борышы оның амортизациялық бөлiгiн қоспағанда, банктiң үшiншi деңгейдегi капиталына енгiзiлуi мүмкiн.
Өзгерістерді қара - ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысы (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)
15. Банктiң меншiктi капиталының К1 жеткiлiктiлiк коэффициентiнiң мәнi 0,06-тен кем болмауы тиiс.
Қатысушысы банктiк холдинг болып табылатын банк үшiн банктiң меншiктi капиталының К1 жеткiлiктiлiк коэффициентiнiң мәнi 0,05-тең кем болмауы тиiс.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен мазмұн 15-1-тармақпен толықтырылды
15-1. Акцияларын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
k 1 - 0,05-тен кем болмайды;
k 2 - 0,10-нан кем болмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Өзгерістерді қара - ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысы (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)