Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 Қаулысы
(2011.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсiн.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері өзiнiң күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетiн 3-тармақтың бірiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгiнен, 13, 14-тармақтардың бесiншi және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетiншi, сегiзiншi абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, 32-тармақтың 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң екiншi абзацының 5 және 7 тармақтарынан басқасы қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев E.C.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бірлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестiгiне жiберсiн.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 358 қаулысының 1-қосымшасы
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк
мәнi мен әдiстемесi туралы
нұсқаулық
Осы нұсқаулық екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - банктер) сақтауы мiндеттi пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесiн белгiлейдi.
1-тарау. Банктiң жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерi
1. Банктiң жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерiн қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның Басқармасы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлейдi.
2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алулар уәкiлеттi орган белгiлеген кез-келген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкiн.
2-тарау. Меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициентi
3-тармақтың бірiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгi 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.26.02. № 20 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 126 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-тармақтың екінші бөлігіне өзгерістерді қара - 2010.03.09. № 126 қаулысы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) және банк инвестицияларын шегергендегі үшінші деңгейдегі капиталдың (үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капитал бөлігінің екі жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.
Банктің заңды тұлғаның акцияларына салымдары (жарғы капиталындағы қатысу үлесі), сондай-ақ жиынтық мөлшері банктің бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталының сомасының он пайызынан асатын заңды тұлғаның реттелген борышы банктің инвестициялары болып табылады.
Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел мөлшерін жабуға арналған.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі былай есептеледі:
1) активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері анықталады;
2) капитал жеткіліктілігі нормативтерін, меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды енгізу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың барынша төменгі мөлшері осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген тәуекелдер мөлшерін осы Нұсқаулықтың 16-тармағында анықталған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейту арқылы анықталады;
3) бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың іс жүзіндегі мөлшері мен осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген бірінші деңгейдегі капиталдың барынша төменгі мөлшерінің айырмасы ретінде анықталады.
Нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі нарықтық тәуекел мөлшерінің осы Нұсқаулықтың 16-тармағында белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін нарықтық тәуекелді жабуға қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспауы тиіс.
Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін Standard & Poor,s агенттігінің рейтингттік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингттік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
2) Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
3) Азиялық даму банкі (the Asian Development Bank);
4) Африкалық даму банкі (the African Development Bank);
5) Еуропалық қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
6) Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
7) Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
8) Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
9) Скандинавиялық инвестициялық банк (the Nordic Investment Bank);
10) Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
11) Еуразиялық даму банкі (Eurasian Development Bank).
12) Халықаралық валюта қоры;
13) Халықаралық даму қауымдастығы;
14) Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
15) Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы.
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1-тармақтың күші 2011 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады
3-1. Меншікті капиталды есептеу кезінде банктің инвестициялары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін заңды тұлғаның реттелген борышына банктің жиынтық мөлшері бірінші деңгейдегі капиталдың және екінші деңгейдегі капиталдың сомасынан он пайыз асатын салымдарын білдіреді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:
сатып алынған меншікті акцияларды шегергендегі төленген жарғылық капиталы;
қосымша капитал;
өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);
нәтижесінде бір тұлғада пайда болған қаржы активі және оның басқа тұлғадағы (бұдан әрі - осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетілген мерзімсіз қаржы құралдары) барлық міндеттемелерін шегергеннен кейінгі заңды тұлғаның активтер үлесіне құқығын растайтын қаржылық міндеттеме немесе өзге қаржы құралы бірмезгілде пайда болатын мерзімсіз шарттар;
өткен жылдардың Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі - № 296 қаулы) талаптарына және олардың салық базасына сәйкес жіктелетін активтер мен міндеттемелердің баланстық құнындағы айырмаға байланысты туындаған бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі;
мыналарды алып тастағанда:
1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп беру үшін 1998 жылғы шілдеде күшіне енген Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы бекіткен 38 «Материалдық емес активтер» тиісті халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрі - 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және банктің негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;
өткен жылдардың шығындары;
ағымдағы жылдың шығыны.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктерге қайта құрылымдауды аяқтаған қаржы жылы алынған ағымдағы жылдың кірістерін бірінші деңгейдегі капитал есебіне кіргізуіне жол беріледі.
5. Мерзiмсiз қаржы құралдары мынадай талаптарға сай келуi тиiс:
1) айналыста белгiлi мерзiмi жоқ және депозит болып табылмайтын (немесе сұратушының мiндеттемесi болып табылмайтын);
2) мерзiмсiз қаржы құралдарын шығарған банктiң бастамасы бойынша ғана мерзiмiнен бұрын өтелуi тиiс, бірақ оларды шығарған күннен бастап бес жыл мерзiм өткеннен кейiн ғана өтелуге жатқызылатын, бірақ мынадай шартпен, егер мұндай өтеу банк уәкiлеттi органның жазбаша растауына сәйкес осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн бұзу салдарына әкелмейтiндей болса;
3) банктiң мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша, оның iшiнде негiзгi сома бойынша және есептелген сыйақы бойынша мiндеттемелерiн орындауы меншiктi капитал мен өтiмдiлiктiң жеткiлiктiлiгi бөлiгiнде осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн орындау талабы бойынша көзделсе. Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетiлген себептер бойынша мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кезектi сыйақыны төлемеген жағдайда банктiң осы кезектi сыйақыны төлеуi жөніндегі мiндеттемесi тоқтатылады (кумулятивтi болып табылмайды);
4) мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң қамтамасыз етулері болмайды;
5) банктiң таратылуы кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабымен белгiленген кезектiлiкке сәйкес банк мiндеттемелерiн қанағаттандырғаннан кейiн өтеледi;
6) сыйақы мөлшерлемесiн өзгерту шарт жасалған немесе мерзiмсiз қаржы құралдары шығарылған күннен бастап, банктiң мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мүмкiндiгi жөніндегі талабы бойынша он жыл өткеннен кейiн ғана көзделедi. Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша бастапқы мөлшерлеме сыйақысын өсiру бір жолғы тәртiппен және мына шарттар бойынша бір реттен көп емес мөлшерде көзделедi:
мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негiзгi сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырмадан жүз негiзгi тармақтарды шегеру және мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтіндегі негiзгi мөлшерлеме;
мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негiзгi сыйақы мөлшерлемесi және мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырма ретiнде белгiленiп отырған, содан кейiн негізгi сыйақы мөлшерлемесi мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі және мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтіндегі аралық айырма шегiне кемiтiлген бастапқы кредиттiк маржаның елу процентi.
Мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негiзгi базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде мыналар пайдаланылады:
өзгермелi сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - мерзiмсiз қаржы құралдары шығарылымына тиiстi валютаға сәйкес валютада халықаралық банкаралық кредит рыногында белгiленген мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесi;
Белгiленген мөлшерлеменi белгiлеген жағдайда - валютасында мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекеттің уәкiлеттi эмитентi (мемлекеттер одағы) шығарған борыштық бағалы қағаздардың кiрiстiлiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi.
Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi өсiру сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде валютасында мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекеттің уәкiлеттi эмитентi (мемлекеттер одағы) шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiлiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi пайдаланылады.
6. Банктiң еншiлес ұйымдары шығарған мерзiмсiз қаржы құралдары сабақтас банктiң бірiншi деңгейдегi капиталының есебiне банктiң еншiлес ұйымдары мен банктiң еншiлес ұйымдары шығарған мерзiмсiз қаржы құралдарының сәйкестiгiне орай нақты қамтылған ақша шегiнде мынадай талаптар бойынша енгiзiлуi мүмкiн:
1) банк еншiлес ұйымдардың ұзақ мерзiмдi стратегиялары мен ағымдағы операцияларына қатысты шешiм қабылдауды қоса ала отырып, еншiлес ұйымдардың қызметiн толық айқындайды;
2) еншiлес ұйымдар қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес сабақтас банкке ұсынылатын қаржылық есеп берудi тоқсан сайын жасайды;
3) аталған еншiлес ұйымдардың сабақтас банкке қаржылық есеп берудi қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына сәйкес ұсынуы шоғырландырылған қаржылық есеп беру мәліметіне жатқызылады;
4) мерзiмсiз қаржы құралдарының белгiлi бір айналыс мерзiмi жоқ және ол депозит (немесе ұсыныс жасаушының мiндеттемесi) болып табылмайды;
5) мерзiмсiз қаржы құралдары мерзiмсiз қаржы құралдарын шығарған еншiлес ұйымның бастамасы бойынша ғана ұзақ мерзiмдi өтелуге жатқызылады, бірақ мұндай өтеу уәкiлеттi органның жазбаша растауына сәйкес банктiң соңынан осы Нұсқаулықпен белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн бұзуға алып келмейтiн болуы, шығарылған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмеген жағдайда;
6) сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша, оның iшiнде негiзгi сома мен есептелген сыйақы бойынша мiндеттемелерiн орындауы меншiктi капитал мен өтiмдiлiктiң жеткiлiктiлiгi бөлiгiнде осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәнiн орындау талабы бойынша көзделсе. Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетiлген себептер бойынша мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кезектi сыйақыны төлемеген жағдайда банктiң осы кезектi сыйақыны төлеуi жөніндегі мiндеттемесi тоқтатылады (кумулятивтi болып табылмайды);
7) мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелерде осы тармақтың он бірiншi абзацында көзделген жағдайдан басқа жағдайда қамтамасыз ету болмайды;
8) банктi тарату кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдарының төлемi үшiн алынған және сабақтас банктегi еншiлес ұйым орналастырған ақша «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-2-бабымен белгiленген кезектiлiкке сәйкес банк мiндеттемелерiн қанағаттандырған соң қайтаруға жатқызылады;
9) банктi тарату кезiнде мерзiмсiз қаржы құралдарының төлемi үшiн алынған және осы тармақтың сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарында көзделген тиiстi талаптарға сәйкес келетiн шарттар бойынша сабақтас банкке орналасқан ақша;
10) банктiң мерзiмсiз қаржы құралдарының шарттарына сәйкес банктiң еншiлес ұйымдарының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету үшiн берiлген кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауы банктiң мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша кепiлдiк берiлген мiндеттемелердi орындау күнi жеткен кезде берiлген басқа кепiлдiктердi қанағаттандырған соң барып қарастырылады;
11) сыйақы мөлшерлемесiн өзгерту шарт жасалған күннен немесе мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мүмкiндiгi болу талабы бойынша тек он жыл толғаннан кейiн ғана көзделедi. Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесiн ұлғайту бір жолғы тәртiппен және мынадай талаптардың бірiнен аспайтын мөлшерде болуы көзделедi:
мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменiң ұлғаю сәтіндегі базистiк мөлшерлеме мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырманы шегергендегi жүз базистiк тармақтар;
мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменiң ұлғаю сәтіндегі базистiк мөлшерлеме мен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы, соңынан мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi мен мерзiмсiз қаржы құралдарының мөлшерлемесiн ұлғайту сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi арасындағы айырманы белгiлейтiн бастапқы кредиттiк маржаның елу процентi.
Мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде мыналар пайдаланылады:
өзгермелi сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару валютасына сай валютамен банкаралық кредит берудiң халықаралық рыноктарында белгiленетiн мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесi;
белгiленген сыйақы мөлшерлемесi белгiленген жағдайда - валютасына мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкiлеттiк берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi.
Мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменi ұлғайту сәтіндегі базистiк сыйақы мөлшерлемесi ретiнде валютасына мерзiмсiз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкiлеттiк берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiк мөлшерлемесiне тең сыйақы мөлшерлемесi пайдаланылады.
7. Осы Нұсқаулықтың 5 және 6 тармақтарында көзделген жағдайларда мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу мұндай өтеулер пруденциалдық нормативтердiң мәнiнiң бұзылуына душар етпейтiндiгiн растайтын мынадай құжаттарды банк ұсынған кезде жүзеге асырылады:
банктiң уәкiлеттi органы (банктiң еншiлес ұйымы) бекiткен шарт немесе мерзiмсiз қаржы құралдары талаптарының көшiрмелерi;
мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу болжалданып отырған сомасы мен күнi туралы ақпарат;
пруденциалдық нормативтер есебi үшiн қажет мәлiметтер, мерзiмсiз қаржы құралдарын мерзiмiнен бұрын өтеу болжалданып отырған соманы ескере отырып түзетiлген, есептi айдың бірiншi күнi берiлген деректер негiзiнде дайындалған, осы Нұсқаулықпен белгiленген коэффициенттер есебi бар анықтамалар.
8. Бірiншi деңгейдегi капиталға енгiзiлген мерзiмсiз қаржы құралдарының үлесi бірiншi деңгейдегi капиталдың он бес процентiнен аспауы тиiс. Бірiншi деңгейдегi капиталға енгiзiлмеген мерзiмсiз қаржы құралдарының сомасы екiншi деңгейдегi капиталдың есебiне енгiзiлуi мүмкін.
Меншiктi капиталдың есебiне банктiң нақты алған ақшасы мөлшеріндегі мерзiмсiз қаржы құралдарының төленген сомасы қосылады.
9. Мерзiмсiз қаржы құралдары банктiң меншiктi капиталы есебiне енгiзiлуi шартқа немесе осы Нұсқаулықтың 5-тармағының шарттарына сай мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару талаптарына сәйкес келуi туралы уәкiлеттi органның жазбаша растамасы бойынша, ал сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдары жағдайында - осы Нұсқаулықтың 6-тармағының талаптары бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
Осы тармақта көзделген уәкiлеттi органның жазбаша растамасын алу мақсатында уәкiлеттi органға мынадай қосымша мәлiметтер және құжаттар ұсынылады: банктiң уәкiлеттi органы бекiткен шарттың немесе мерзiмсiз қаржы құралдары талаптарының көшiрмесi, ал сабақтас банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару жағдайында - еншiлес ұйымның құрылтай құжаттарының көшiрмесi, шарттар немесе еншiлес ұйымның уәкiлеттi органы бекiткен мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару талаптары, сондай-ақ сабақтас банктiң уәкiлеттi органының банктiң еншiлес ұйымының мерзiмсiз қаржы құралдарын шығару туралы шешiмi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді
10. Екiншi деңгейдегi капитал мынадай жағдайда сома ретiнде есептеледi:
бөлінбеген таза пайданың мөлшері;
негiзгi құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерi;
кастодиан шартының талаптары негiзiнде қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегi тәуекелдi ескерiп сараланған активтер сомасының 1,25 процентiнен аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшерi;
бірiншi деңгейдегi капитал есебiне енгiзiлмей төленген мерзiмсiз қаржы құралдары;
банктің сатып алған меншікті реттелген борышын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал сомасының елу процентінен аспайтын сомамен меншікті капиталға енгізілген екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы;
ағымдағы жылдың шығыстары есебінен қалыптастырылған, № 296 қаулының талаптарына және олардың салық базасына сәйкес жіктелетін активтер мен міндеттемелердің баланстық құнындағы айырмаға байланысты туындаған, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауға жататын банк үшін реттелген борыш екінші деңгейдегі капиталға соттың шешімімен белгіленген қайта құрылымдау жүргізу мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жыл ішінде сатып алынған банктің реттелген борышының сомасы шегерілген бірінші деңгейдегі капитал сомасының 75%-нан аспайтын сомада енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 126 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (төртінші бөлік 2010 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
11. Екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы - бұл банктiң мынадай талаптарға сәйкес келетiн қамтамасыз етiлмеген мiндеттемесi:
1) ұсыныс берушiнiң салымы не мiндеттемесi болып табылмаса;
2) банктiң немесе оның аффилиирленген тұлғаларының талаптары бойынша кепiлдiк қамтамасыз ету болып табылмаса;
3) банк таратылған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгiленген кезектiлiкке сәйкес мерзiмсiз қаржы құралдары бойынша мiндеттемелерiн банк орындағанға дейiн қанағаттандырса;
4) банк өтеуi (толық немесе iшiнара) мүмкiн, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын өтеуi тек банктiң бастамасымен болуы мүмкiн, егер осы өтеу тек қана уәкілетті органның қорытындысына сәйкес бұдан кейін банктің осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтерiнiң мәнiн сақтамайтын салдарларға алып келмеген жағдайында.
Меншiктi капиталға енгiзiлген екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы - бұл өтелгенге дейiн бес жыл тарту мерзiмi болған реттелген борыш.
Облигациялар банктiң реттелген борышы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есеп негiзiнде банктiң меншiктi капиталына енгiзiледi.
Облигациялар, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес міндеттемелерді қайта құрылымдау аясында шығарылған облигациялар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) қаулысында бекітілген тәртіпте банктiң реттелген борышы деп танылады және облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің болуын талап етусіз банктің меншікті капиталына енгізіледі.