Шегерім бірінші деңгейдегі капиталдан елу пайыз және екінші деңгейдегі капиталдан елу пайыз мөлшерінде бөлінеді. Шегерілетін позициялар қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған арнайы резервтер сомасына азаяды.
31-12.Секьюритилендіру позициялары - бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен
байланысты банкте туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісінше деңгейі берілуі тиіс, ол осы Нұсқаулыққа сәйкес кредиттік рейтинг негізінде анықталуы мүмкін. Мұндай позицияларға оригинатордың арнайы қаржы компаниясына ұсынатын заемдары жатады; арнайы қаржы компаниясына қатысты оригинатордың шартты және мүмкін талаптары мен міндеттемелері; банктің арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздарын сатып алуы; ұсынылатын кредиттік қамтамасыз ету (credit enhancements); өтімділік құралдары; проценттік немесе валюталық своптар; кредиттік деривативтер; резервтік шоттар (ақшамен қамтамасыз ету шоты) үшін қаражаттарды ұсыну және басқалар. Секьюритилендіру позициясына аталған компанияның банктік шоттарын ашу сияқты банктің арнайы қаржы компаниясына банктік қызмет көрсетулерді ұсынуына байланысты туындайтын, арнайы қаржы компаниясына қатысты банктің активтері, шартты және мүмкін міндеттемелері енгізілмейді. Бұл ретте:
1) секьюритилендіру мәмілесінде түрлі транш бойынша тәуекелдердің болғанда, әрбір транш бойынша тәуекел секьюритилендірудің жеке позициясы сияқты мөлшерленеді;
2) секьюритилендіру позициялары бойынша кредиттік қамтамасыз етуді ұсынатын тұлғалар секьюритилендіру позицияларын ұстап қалатын тараптар ретінде қарастырылады;
3) сыйақы ставкаларын және валюта бағамдарын өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары бойынша позициялармен байланысты тәуекелдер секьюритилендіру мәмілесіндегі жекелеген позициялар сияқты мөлшерленеді;
4) баланста ұсталынатын секьюритилендіру мәмілесіндегі позиция тәуекелінің шамасы өзінің баланстық құнына тең;
5) секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналдық құны 100 процентке тең, егер өзгесі осы Нұсқаулықпен белгіленбесе.
31-13. Кредиттік рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясы тәуекелінің орташа алынған шамасын есептеу үшін банк осындай позицияға түсінілетін рейтингті қолдануы мүмкін.
Болжанатын рейтинг мынадай тәртіппен қолданылады:
1) кредиттік рейтингі бар секьюритилендіру позициясының ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланылады, ол рейтингі жоқ, секьюритилендіру позициясының реттелу деңгейі бойынша тең болып табылады, немесе
2) егер, рейтингі бар позициялардың ешқайсысы, рейтингі жоқ позициямен реттелу деңгейіне тең келмесе, секьюритилендіру позициясының (осындай бар болса) реттелу деңгейі бойынша ең жоғары ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланады, ол рейтингі жоқ осындай позицияға реттелу деңгейі бойынша кемдеу болып табылады.
Болжанатын рейтингті пайдалану барысында кредиттік рейтингі бар секьюритилендірудің барлық позициясы ескеріледі.
31-14. Егер, секьюритилендіру барысында арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар (бұдан әрі-өтімділік құралдары) бойынша инвесторларға секьюритилендірілген активтер және төлем мерзімдері бойынша қаражаттарды алу мерзімдері арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді жабу үшін банк қаржыландыруды ұсыну мақсатында арнайы қаржы компаниясымен шарттық қатынастарға түсетін болса, онда бір жылға дейін қоса алғанда бастапқы өтеу мерзімімен өтімділік құралдарының мөлшерінің 20 процентіне тең конверсиялық фактор немесе егер құралдың бір жылдан астам бастапқы өтеу мерзімі болса, 50 процентке тең конверсиялық фактор пайдаланылады.
31-15. Өтімділік құралдары - секьюритилендірілген активтердің өтімділігін көтеруге мүмкіндік беретін шаралар. Өтімділік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) өтімділік құралының шарттары оны пайдалануы мүмкін жағдайларда міндеттемелерді нақты айқындауы және шектеуі тиіс. Өтімділік құралы аясында қаражаттарды алу мүмкіндігі секьюритилендірілген активтерді иеліктен алу нәтижесінде толығымен өтелуі толығымен мүмкін сомамен шектелуі тиіс және кез келген қосымша кредиттік қамтамасыз ету, ол бойынша төлемдер өтімділік құралы бойынша төлемдерге қатынасы бойынша реттелген.
2) құралды пайдалану сәтінде келтіріліп қойған шығындарды өтеу арқылы кредиттік сапаны қамтамасыз ету үшін өтімділік құралы пайдаланылмауы мүмкін, құралды пайдалану сәтінде дефолт болып өткен тәуекелдерге қатысты өтімділікті ұсыну арқылы немесе олардың әділ құнынан жоғары баға бойынша активтерді сатып алу арқылы;
3) өтімділік құралы секьюритилендіруді тұрақты немесе тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін пайдаланылмауы мүмкін;
4) өтімділік құралын пайдалану барысында алынған қаражаттарды өтеу, сыйақы ставкасын және валюта бағамдарын, сыйақыларды, комиссияларды және секьюритилендіру мәмілесін орындауды қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаларға тиесілі басқа ұқсас төлемдерді өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары негізінде туындайтын талаптарды қоспағанда, инвесторларға қойылатын талаптарға қатынасы бойынша реттелмеуі тиіс. Қаражаттарды өтеу өзгермеуі немесе мерзімі ұзартылмауы мүмкін;
5) өтімділік құралы қосымша кредиттік қамтамасыз ету пайдаланылғаннан кейін пайдаланыла алмайды, ол осындай құралға қатынасы бойынша реттелген болып табылады;
6) өтімділік құралында дефолт болған тәуекелдердің шамасына
құралдарды пайдалану барысында алынуы мүмкін қаражаттар сомасын автоматты түрде кеміту туралы шарт немесе секьюритилендірілген тәуекелдердің жиынтығы рейтингі бар құралдардан тұрған жағдайда, егер жиынтықтың орташа сапасы инвестициялық деңгейден төмен түсірілсе, құралды пайдалануды тоқтату туралы шарт болуы тиіс.
31-16. Секьюритилендірілген активтерге қызмет көрсететін және өтімділік құралын беретін банк барлық төмендегі жағдайларды сақтаған жағдайда 0 процентке тең конверсиялық факторды пайдаланады:
1) қаражаттарды беру туралы келісімге сәйкес банктің қаражатты толық өтеуге сөзсіз құқығы бар;
2) банктің талап ету құқығы секьюритирленген активтерден алынған қаражаттарға қатысты қойылатын барлық талаптарға қатынасы бойынша реттелген деңгейі бойынша аса жоғары болып табылады;
3) банк алдын ала хабарламастан келісімді бұзуға сөзсіз құқығы бар;
4) осы келісім осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тәуекелдің бір қарыз алушыға келетін ең жоғарғы мөлшері
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
32. «Бір заемшы» деген терминді банктің талаптары бар немесе осы Нұсқаулықтың 34-тармағында көрсетілген талаптар оларға туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлға деп түсінуге болады.
Екi немесе одан да көп заемшылардан тұратын топтың тәуекел мөлшерi егер заемшылардың әр қайсысының тәуекел мөлшерi банктiң меншiктi капиталының 0,05 процентiнен асатын болса, бір заемшы үшiн жиынтықты түрде, сондай-ақ мынадай мiндеттемелердiң бірi болған жағдайда есептеледi:
1) заемшылардың бірi iрi қатысушы (акционерлік қоғамдағы, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi немесе қосымша жауапкершiлiктi серiктестiктегi iрi қатысушы; коммандиттiк серiктестiктегi толық жолдас; толық серiктестiкке қатысушы), аффилиирленген тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы (үлкен апасы) атасы, әжесi, немересi), ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы, басқа заемшының бірiншi басшысы, не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға;
2) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады;
3) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады не iрi қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ерi/зайыбының, ерi/зайыбының жақын туысының немесе басқа заемшының бірiншi басшысының не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлғаның мәмiле жасауға мүдделi тұлғасы болып табылады;
4) заемшылардың бірi банктен заемға алған ақшасын басқаға пайдалануға заемшының меншiктi капиталынан асатын мөлшермен бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негіздеме бар болса;
5) заемшылар банктен банктiң заемшысы болып табылмайтын сол бір ғана үшiншi тұлғаға пайдалануға осы заемшылары жиынтығы меншiктi капиталынан асатын мөлшердегi заемды бірлесiп немесе жекелей бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негiздеме бар болса;
6) заемшылар бір-бірiмен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бірiнiң (Қазақстан Республикасының банктерiнен басқа) ортақ не басқа заемшының мiндеттемелерi бойынша оның активтерiнiң он процентiнен асатын сомада субсидиарлық жауапкершiлiгi бар болса;
7) бір заемшының лауазымды тұлғасы банктiң басқа заемшыларының қызметiне қаржылық жағынан мүдделi болса;
8) заемшылар бір-бірiмен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгiлерi бар өзге құжат арқылы байланысса;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) заемшылар:
мынадай мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы) аумақтарында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
ірі қатысушылары, аффилиирленген тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары болып табылатын немесе тіркелген, осы заемшылармен мәмілелер жасасуға мүдделі тұлғалары бар;
10) заемшылар өзара бір-бірiмен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негiздемелер бойынша байланысса;
11) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
11) заемшылар салынып жатқан объект құрылысына қатысушылар үлесiнiң және қатысушылар үлесiнiң кепiлдiктерiн қосқандағы жылжымайтын мүлiк құрылысы жөніндегі тапсырыс берушiнiң жобасының қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аты аталған заемшылар тобы құрған бір заемшының тәуекел мөлшерi жеке тұлғалардың қатысушылар үлесi кепiлдiктерiнiң және/немесе салынып жатқан объектiнiң құрылысына қатысушылар үлесiнiң - жеке тұлғалардың қатысуымен жасалған топ үшiн осы тармақтың 1)-10) тармақшаларына сәйкес бір заемшының тәуекел мөлшерiнiң жиынтық есебiне қабылданбауы тиiс.
33. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган атынан) екi немесе одан да көп заңды тұлғалардың iрi қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшерi жиынтықты түрде алғанда егер басқа iрi қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшерi ретiнде есептелген жағдай бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағында белгiленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдiң мөлшерi бір заемшыға арналған тәуекелдiң мөлшерi ретiнде есептелмейдi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 Қаулысымен 33-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-1-тармақ өзгертілді
33-1. Осы Нұсқаулықтың 32-тармағының қарыз алушылар тобын тану жөніндегі талаптары мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілген заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Бір қарыз алушы және (немесе) банктермен ерекше қатынаспен байланысты тұлға ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тікелей иелік ету (банктер бойынша - жанама) нәтижесінде үлестес болып табылатын екі және одан көп ұйым (оның ішінде банктер) танылмайды.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың бірімен аффилиирленген немесе көрсетілген банктердің бірімен ерекше қарым-қатынаспен байланысты заңды және (немесе) жеке тұлғалар сонда-ақ бір заемшы басқа ұйымның аффилиирленген тұлғаларының бір зайымшысы немесе көрсетілген банктердің басқаларымен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлғалар ретінде танылмайды.
Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының және (немесе) «Стресстік активтер қоры» акционерлік коғамының қаржы компаниясының көрсетілген заемшылардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуі нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын заемшылар бір заемшы ретінде танылмайды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамы құратын ұйым «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы деп танылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 33-2-тармақпен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)
33-2. Банктің екі және одан артық еншілес ұйымдарынан тұратын тобы мынадай жағдайларда заемшылар тобы деп танылмайды, егер:
олар банкта ірі қатысулары арқылы банктің жарғылық капиталымен байланысты болса;
банктің лауазымды тұлғалары осындай еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылса.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 Қаулысымен (бұр.ред. қара ); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.22.10. № 211 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.05. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.24.12. № 242 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері (Р), оның ішінде банктің, мынадай:
1) қарыздар, салымдар, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар (Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген инвестицияларды қоспағанда);
2) Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;
3) қарыз алушыларға қатысты, банкте секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ секьюритирлендірілген активтер;
4) секьюритилендіру позициялары;
5) аталған қаржы құралдары мен олар бойынша кредиттік тәуекелдің нарықтық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар түріндегі талаптар сомасы ретінде есептеледі.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық құнының Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны (ауыстыру құны) мынаны білдіреді:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының осы қаржы құралының номиналдық келісімшарттық құнынан асу шамасын. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналдық келісімшарттық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - қаржы құралының номиналдық келісімшарттық құнының осы қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан асу шамасы. Егер қаржы құралының номиналдық келісімшарттық құны оның ағымдағы нарықтық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары (талап пен міндеттеме әртүрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары) бойынша ауыстыру құны талаптардың теңгелік баламасының есептілікті жасау күні белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан асу шамасы ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама шамасы міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны қаржы құралдарының бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелер жасау күні көрсетілген құны болып табылады. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны ретінде банкте талаптар қалыптастырылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар бір қарыз алушыға арналған тәуекел мөлшеріне енгізілмейді;
6) «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясымен секьюритизация мәмілелері бойынша кредиттер;
7) корреспонденттік шоттар бойынша Қазақстан Республикасының резидент банктеріне және Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріне қойылған, Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған талаптар түріндегі талаптар;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер сомалары, сондай-ақ қарыз алушының:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банктің иелігіне берілген салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша банктің кепілдіктері түрдегі міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары шегеріле отырып есептеледі.
Бір қарыз алушыға арналған тәуекел есебіне мыналар кірмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына, «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына қойылатын талаптар, банктің банк балансынан есептен шығарылған қарыз алушыға қойылатын талаптары, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес резервтердің 100 (бір жүз) пайызы қалыптастырылған қарыз алушыға қойылатын талаптар;
банктің еншілес банкке қоятын талаптары;
банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұрын еншілес банк болып табылған, қайта құрылымдауды және бір мезгілде активтер мен міндеттемелерді негізгі банкке беру бойынша операцияны жүзеге асыратын заңды тұлға бойынша қоятын талаптары.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 35-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 35-тармақ жаңа редакцияда
35. Банктің меншікті капиталына қатысты міндеттемелері бойынша оның бір заемшыға келетін банк тәуекелінің мөлшеріне қатысы:
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші еншілес ұйымдарды (кЗ.1) қоспағанда, банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар қарыз алушылар үшін - 0,10 аспауы тиіс. Банкпен айрықша қатынастармен байланысты қарыз алушылар бойынша, күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші еншілес ұйымдарды қоспағанда, тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс;
басқа қарыз алушылар үшін (кЗ) - 0,25 (оның ішінде бланктік қарыздар, қарыз алушы алдындағы не банктің ағымдағы және содан кейінгі екі ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, осы Нұсқаулықтың 35-1-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің бір тармағынан темен болмайтын Standard&Poor's агенттігінің рейтингісі немесе одан басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard&Poor's агенттігінің «А» рейтингінен төмен емес рейтингісі немесе одан басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент еместерге талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының оффшор аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын резидент еместерінің міндеттемелері бойынша 0,10 аспайды) аспайды.
Әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын банктің бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдерінің жиынтық сомасы бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымдарды қоспағанда, банктің меншікті капиталының мөлшерінен бес еседен аса аспайды.
«Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 126 Қаулысымен 35-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 35-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-1. Осы Нұсқаулықтың 35-тармағының мақсаттары үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 2-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келетін заңды тұлғалар - қарыз алушыларды қоспағанда, барлық заңды тұлғалар - қарыз алушылар тиісті қарыз алушылар ретінде түсініледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.19.12. № 222 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 36-тармақ өзгертілді
36. Банктiң заемшыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгi жалпы көлемi осы Нұсқаулықпен белгiленген шектеулер шегiнде болса, бірақ соңынан соңғы үш ай iшiнде банктiң меншiктi капиталының деңгейi бес проценттен артық төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде заемшыға қойылатын талаптар он процент деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктiң заемшыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бір заемшыға деген тәуекел нормативiнiң барынша жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.
Көрсетілген жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органды дереу хабардар етедi және асып кетуді есепті күні және осыдан кейінгі 3 (үш) ай ішінде, ал «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы бойынша шектеуден асып кеткен кезде - ағымдағы және одан кейінгі тоқсан ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзiмде жойылмаған болса, онда бір қарыз алушыға шаққанда тәуекелдің ең жоғары мөлшерiнiң нормативiнен асып кету осы асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қаралады.