32-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 32)
Қаржы Құралдарын: Ұсыну
1. [Жойылған]
2. Осы Стандарттың мақсаты қаржы құралдарын міндеттеме немесе капитал ретінде ұсыну, сондай-ақ қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін өзара есепке алу принциптерін белгілеу болып табылады. Ол эмитент тұрғысынан қаржы активтерінің, қаржы міндеттемелерінің және акциялардың санаттары бойынша қаржы құралдарының жіктемесіне; тиісті қатысу үлестерінің, дивидендтердің, пайдалар мен шығындардың жіктемесіне; сондай-ақ қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін біріне-бірін қарсы есепке алу керек болатын жағдайларға қолданылады.
3. Осы Стандартпен белгіленген принциптер 9 Қаржы құралдары ХҚЕС-та (IFRS) қалыптастырылған қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін тану және бағалау принциптерін, сондай-ақ 7 Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС (IFRS) сәйкес оларды туралы ақпараттарды ашып көрсетулерді толықтырады.
4. Осы Стандарт келесілірді қамтиды:
(a) 10 Шогырландырылган қаржы есептілігі ХҚЕС (IAS), 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар ХҚЕС (IAS) және 27 жеке қаржы есептілігі ХҚЕС-тарына (IAS) сәйкес есеп берілетін еншілес ұйымдардағы қауымдастырылған ұйымдардағы және бірлескен қызметтердегі қатысу үлестерін қоспағанда, қаржы құралдарының барлық түрлеріне ұйымдардың бәрі қолдануы тиіс. Алайда, кейбір жағдайларда 27 ХҚЕС (IAS), 28 ХҚЕС(IAS), 10 ХҚЕС-тары (IAS) ұйымға 9 ХҚЕС-ын (IFRS) қолданып еншілес ұйымдағы, қауымдастырылған ұйымдағы және бірлескен ұйымдардағы қатысу үлесі жөнінде есеп беруіне рұқсат береді; осындай жағдайларда ұйымдар осы Стандарттың талаптарын қолдануы тиіс. Сонымен қоса, ұйымдар осы Стандартты еншілес ұйымдардағы, қауымдастырылған ұйымдардағы және бірлескен ұйымдардағы қатысу үлестеріне байланысты барлық туынды құралдарға қолдану тиіс.
(b) 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-ы (IAS) қолданылатын қызметкерлерге берілетін сыйақы бағдарламасы бойынша жұмыс берушілердің құқықтарын және міндеттемелерін қоспағанда;
(c) [жойылған]
(d) 4 Сақтандыру келісімшарттары ХҚЕС (IFRS) анықтамасына сәйкес сақтандыру келісімшарттарын қоспағанда. Алайда, 9 ХҚЕС-ы (IFRS) ұйымға есептеуде келісімшарттарды бөлек көрсетуге жүктесе, осы Стандарт сақтандыру келісімшарттарына кіріктірілегн туынды құралдарға қатысты қолданылады. Соған қоса, эмитент осы Стандартты қаржылық кепілдік келісімшарттары сияқты келісімшарттарды тану және бағалау кезінде 9 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданса, осы келісімшартқа қатысты қолданылуы тиіс, бірақ егер 4 ХҚЕС (IFRS) 4(с1)-тармағына сәйкес ол осылардың танылуы және бағалануы үшін дәл 4 ХҚЕС-ты (IFRS) таңдаса, 4 ХҚЕС (IFRS) қолданылуы тиіс.
(e) 4 ХҚЕС (IFRS) қолдану аясындағы қаржы құралдарын қоспағанда, себебі олардың құрамында дискрециялық қатысу құқығы бар. Осы құралдардың эмитенті қаржы міндеттемелерінің және акциялардың арасындағы айырмашылыққа қатысты осы Стандарттың 15-32 және А025-А035-тармақтардың осы құқықтарына қолданудан босатылды. Алайда, бұл құралдар осы Стандарттың барлық басқа талаптардың ықпалына ұшырайды. Соған қоса, осы Стандарт осы құралдарға кіріктірілген туынды құралдарға қатысты қолданылады (9 ХҚЕС-ты (IFRS) қараңыз).
(f) 2 Акциялар негізіндегі төлемдер ХҚЕС-ы (IFRS) қолданылатын акциялар негізіндегі төлемдері бар мәміле бойынша қаржы құралдарын, келісім-келісімшарттарды және міндеттемелерді, мыналарды:
(i) осы Стандарт қолданылатын осы Стандарттың 8-10-тармақтарының әрекет аясындағы келісімшарттарды қоспағанда,
(ii) сатып алынған, сатылған, шығарылған немесе қызметкерлерге берілетін акцияларға жоспарларды ұсынумен, қызметкерлердің акцияларды сатып алу жоспарларымен және акциялар негізінде төлемдер туралы басқа да мәмілелермен байланысты өтелген қазынашылық акцияларға қатысты қолданылуы тиісті осы Стандарттың 33 және 34-тармақтарды қоспағанда.
5. −
7. [Жойылған]
8. Ұйымның оны сатып алуда, сатуда немесе пайдалануда күтілетін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күтілетін қаржылық емес активті алу немесе жеткізу мақсатымен жасаған және қолданылатын келісімшарттарды есепке алмағанда, ақша қаражатымен, басқа да қаржы құралымен нетто-есептеу жолымен немесе қаржы құралдарын ауыстыру жолымен қаржылық емес активтердің сатып алу және сату туралы келісімшарттарына қатысты қолданылуы тиіс.
9. Ақша қаражатымен, басқа да қаржы құралымен қарсы талаптарын есептеу жолымен немесе қаржы құралдарын ауыстыру жолымен қаржылық емес активтердің сатып алу және сату туралы келісімшарттары бойынша есептеулердің әртүрлі нұсқалары бар. Оларға мыналар жатады:
(а) келісімшарт талаптары тараптардың әрқайсысы есептеуді ақша қаражатымен, басқа қаржы құралымен қарсы талаптарын есептеу жолымен немесе қаржы құралдарын ауыстыру жолымен мүмкіндік берген кезде;
(b) келісімшартта есептеу мүмкіндігін ақша қаражатымен, басқа қаржы құралымен қарсы талаптарын есептеу жолымен немесе қаржы құралдарын ауыстыру жолымен тура көрсетілмей, бірақ осындай келісімшарттар бойынша ақша қаражатымен, басқа қаржы құралымен қарсы талаптарын есептеу жолымен немесе қаржы құралдарын ауыстыру жолымен (не контрагентпен өзара есептесу туралы келісімшарт жасасу жолымен, не келісімшарттың орындалуына дейін немесе мерзімі өткенге дейін оны сату жолымен) ұйымның есептеу тәжірибесі болған кезде;
(c) осындай келісімшарттарға қатысты бағаның қысқа мерзімді ауытқуынан немесе дилер маржасынан пайда алу мақсатында ұйымның базистік активті сатып алғаннан кейін көп кешіктірмей сату тәжірибесі бар; және
(d) келісімшарттың мәні болып табылатын қаржылық емес актив ақша қаражатына бірден айырбасталуы мүмкін болған жағдайда.
(b) немесе (c) тармақтарында қамтылған Келісімшарт ұйымның осындай активті сатып алуда, сатуда немесе пайдалануда күтілетін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық емес активті алу немесе жеткізу мақсатын көздемейді, және тиісінше, осы Стандарттың қолданылу аясында болады. 8-тармақ қолданылатын басқа келісімшарттар ұйымның осындай активті сатып алуда, сатуда немесе пайдалануда күтілетін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық емес активті алу немесе жеткізу мақсатында жасалған-жасалмағаны және қолданылуы жалғасып отырғандығын және тиісінше, олардың осы Стандартты қолдану аясында екендігін анықтау үшін бағаланады.
10. 9(а) немесе (c) тармағына сәйкес есептелуі ақша қаражатымен, басқа қаржы құралымен қарсы талаптарын есептеу жолымен немесе қаржы құралдарын ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін қаржылық емес активті сатып алуға немесе сатуға арналған опцион осы Стандарттың қолдану аясында болады. Осындай келісімшарт ұйымның оны сатып алуда, сатуда немесе пайдалануда күтілетін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық емес активті алу немесе жеткізу мақсатымен жасалмауы мүмкін.
Анықтамалар (сонымен қоса AG3-AG23-тармақтарды қараңыз) |
11. Осы Стандартта мынадай терминдер көрсетілген мәндерде пайдаланылады:
Қаржы құралы - бірдей уақытта бір ұйымда қаржы активі пайда болып және екіншісінде қаржы міндеттемесі немесе үлестік құрал пайда болатын кез келген келісімшарт.
Қаржылық актив дегеніміз төмендегідей кез келген актив:
(a) ақшалай қаражатты;
(b) басқа ұйымның үлестік құралын;
(c) мыналарға:
(i) басқа ұйымнан ақшалай қаражатты немесе басқа да қаржы активтерін алу; немесе
(ii) басқа ұйыммен қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін өзіңе тиімді жағдайда ауыстыру келісімшарт құқығы; немесе
(d) ұйымның өз қор құралдарымен жасалатын немесе жасалуы мүмкін келісімшарт және:
(i) ұйымның жеке акциялардың ауыспалы санын алу міндеттемесінің болуы немесе пайда болуы мүмкін туынды емес құрал; немесе
(ii) ақша қаражатының бекітілген мөлшерін немесе басқа қаржылық активті ұйымның өз қор құралдарының бекітілген санына айырбастаудан басқа жолмен төленетін немесе төленуі мүмкін туынды қаржылық құрал. Осы мақсат үшін ұйымның өз қор құралдары 16А және 16В тармақтарына сәйкес қор құралдары деп жіктелген мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдарды, ұйымға басқа тарапқа ұйымның нетто-активтерінің пропорциялық үлестерді тарату міндетін тек жоюдан соң жүктейтін құралдарды қоспайды және 16С және 16 D тармақтарына сәйкес қор құралдары ретінде немесе ұйымның өз қор құралдарының болашақ түсімі немесе жеткізілуі үшін келісімшарттар болатын құралдар ретінде жіктеледі.
Қаржылық міндеттеме дегеніміз төмендегідей кез келген міндеттеме:
(a) келісімшарттық міндеттеме:
(i) ақша немесе басқа қаржылық активті басқа ұйымға беруге; немесе
(ii) қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді басқа ұйыммен ұйым үшін потенциалды тиімсіз болатын келісімшарттар бойынша айырбастауға: немесе
(b) ұйымның өз акциялары арқылы төленетін немесе төленуі мүмкін келісімшарт және төмендегідей болып табылады:
(i) орнына ұйым өз акцияларының айнымалы санын беруге міндетті болып табылатын немесе міндетті болуы мүмкін туынды емес қаржылық құрал;
немесе
(ii) ақша қаражатының бекітілген мөлшерін немесе басқа қаржылық активті ұйымның өз акцияларының бекітілген санына айырбастаудан басқа жолмен төленетін немесе төленуі мүмкін туынды қаржылық құрал. Осы мақсат үшін, егер ұйым өзінің туынды емес құнды қағаз құралдары бірдей сыныбының әрекет етуші иелеріне құқықтарды, опциондарды және өкілеттіктерді пропорционалды етіп ұсынса кез-келген ақша айналымының тұрақты мөлшеріне ұйымның өзінің құнды қағаз құралдарын сатып алуға арналған құқықтар, опциондар мен өкілеттіктер төлем құжаттары болып табылады. Сонымен бірге осы мақсаттар үшін ұйымның өз акциялары 16А және 16В тармақтарына сәйкес акциялары деп жіктелген мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдарды, ұйымға басқа тарапқа ұйымның таза активтерінің пропорциялық үлестерін беру міндетін тек жоюдан соң жүктейтін құралдарды қоспайды және 16С және 16D тармақтарына сәйкес акциялары ретінде немесе ұйымның өз акцияларының болашақ қабылдануы немесе берілуі жөніндегі келісімшарттар болатын құралдар ретінде жіктеледі.
Ерекше жағдай ретінде, қаржылық міндеттеме анықтамасына сай құрал, егер оның 16А және 16В тармақтарындағы немесе 16С және 16 D тармақтарындағы барлық белгілерге ие болса және келісімшарттарға сай болса, үлестік құрал ретінде жіктеледі.
Үлестік құрал — ұйымның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған оның активтеріндегі қалдық үлесіне құқығын растайтын кез келген келісімшарт.
Әділ құн — бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.
Опционға тіркеулі сатылуға құқығы бар құрал дегеніміз иесіне құралды эмитентке ақша қаражаты немесе басқа қаржылық актив орнына қайтару құқығын беретін немесе екі ұшты болашақ оқиға пайда болғанда немесе құрал иесі қайтыс болғанда немесе зейнеткерлік демалысқа шыққанда өздігінен эмитентке қайтарылатын қаржылық құрал.
12. Мынадай терминдер 9 ХҚЕС (IFRS) стандартының А қосымшасында немесе 39 ХҚЕС-тың (IAS) Қаржы құралдары: тану және багалау 9-тармағында анықталып және осы Стандартта 39 ХҚЕС (IAS) және 9 ХҚЕС (IFRS) стандартында белгіленген мәндерде қолданылады:
· қаржы активінің немесе қаржы міндеттемесінің амортизациялық құны
· танудан бас тарту
· туынды құрал
· тиімді пайыздың мөлшерлеме әдісі
· қаржы кепілдемесінің келісімшарты
· пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі
· нақты келісім
· болжамды мәміле
· хеджирлеудің тиімділігі
· хеджирлеу бабы
· хеджирлеу құралы
· саудаға арналған қаржы активі немесе міндеттеме
· үлгі сатып алу немесе сату
· мәміле бойынша шығындар.
13. Осы Стандарттағы «келісімшарт» және «келісімшарттық» терминдері екі немесе одан да көп тараптардың арасындағы келісімге қатысты, айқын экономикалық салдарлары бар және, әдетте, тараптар оларды орындаудан жалтара алмайды, өйткені мұндай келісімді орындау құқықтық санкциялармен қамтамасыз етілген. Келісімшарттар, және тиісінше, қаржы құралдары әр түрлі нысанда болуы мүмкін және жазбаша түрде ұсынылуы міндетті емес.
14. Осы Стандарттағы «ұйым» термині жеке тұлғаларға, серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, трастілерге және мемлекеттік мекемелерге қатысты қолданылады.
Міндеттемелер және капитал (сонымен қоса AG13-AG14J және АG25-АG29А-тармақтарды қараңыз)
15. Қаржы құралының эмитенті алғашқы тану кезінде мәміленің келісімшарт мазмұнына және қаржы міндеттемесінің, қаржы активінің және үлестік құралдың анықтамаларына сәйкес осы құралды немесе оны құраушы бөліктерін қаржы міндеттемесі, қаржы активі немесе үлестік құрал ретінде жіктеуі тиіс.
16. Эмитент 11 тармақтағы анықтамаларды қаржылық құрал қаржылық міндеттеме емес қор құралы екендігін анықтауға қолданғанда, егер, және тек қана егер, төмендегі (а) және (b) келісімшарттарының екеуі де орындалса құрал қор құралы бола алады.
(a) Келісімшарт бойынша осы құралдың бөлігі міндеттеме болып табылмайды:
(i) басқа ұйымның ақша қаражаттарын немесе басқа қаржы активін ұсыну;
немесе
(ii) эмитент үшін әлеуетті тиімсіз жағдайда басқа ұйыммен қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін алмастыру.
(b) егер құрал эмитенттің өз қор құралдарымен төленетін немесе төленуі мүмкін болса, ол:
(i) өзінің акцияларының ауыспалы санын беруге келісімшартты міндеттемесін қоспайтын туынды емес міндеттеме болып табылады;
немесе
(ii) тек эмитенттің ақша қаражатының бекітілген мөлшерін немесе басқа қаржылық активті өз қор құралдарының бекітілген санына айырбастауы арқылы төленетін туынды қаржылық құрал. Осы мақсат үшін, егер ұйым өзінің туынды емес құнды қағаз құралдары бірдей сыныбының әрекет етуші иелеріне құқықтарды, опциондарды және өкілеттіктерді пропорционалды етіп ұсынса кез-келген ақша айналымының тұрақты мөлшеріне ұйымның өзінің құнды қағаз құралдарын сатып алуға арналған құқықтар, опциондар мен өкілеттіктер төлем құжаттары болып табылады. Сонымен бірге осы мақсаттар үшін эмитенттің өз қор құралдары 16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында сипатталған барлық белгілері бар және келісімшарттарға сай немесе эмитенттің өз қор құралдарынының болашақ түсімі немесе жеткізілуі үшін келісімшарттар болатын құралдарды қоспайды.
Эмитенттің өз қор құралдарынының болашақ түсімі немесе жеткізілуі нәтижесінде пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін, бірақ жоғарыдағы (а) және (b) келісімшарттарына сай емес туынды қаржылық құралдан туындайтын міндеттемені қоса алғанда, келісімшарттық міндеттеме қор құралы бола алмайды. Ерекше жағдай ретінде, қаржылық міндеттеме анықтамасына сай құрал, егер ол 16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында сипатталған барлық белгілері бар және келісімшарттарға сай болса, қор құралы ретінде жіктеледі.
Опционға тіркеулі сатылуға құқығы бар құрал
16А Опционға тіркеулі сатылуға құқығы бар құралына эмитентке арналған Опционға тіркеулі сатылуға құқығын қолданғаннан соң сол құралды ақша қаражатына немесе басқа қаржылық активке қайта сатып алуға немесе айырбастауға келісімшарттық міндеттеме кіреді. Қаржылық міндеттеменің анықтамасынан ерекшелік ретінде, құрамына осындай міндеттеме кіретін құрал, егер келесі белгілердің барлығын иеленсе, қор құралы ретінде жіктеледі:
(a) Ол, ұйым жойылған жағдайда, иесіне ұйымның нетто-активінің пропорциялық үлесіне өкілеттік береді. Ұйымның нетто-активтері деп барлық басқа ұйымның өз активтеріне талаптарын шегергеннен кейін қалатын активтер саналады.
Пропорциялық үлес төмендегілер арқылы анықталады:
(i) жойылғаннан кейін ұйымның нетто-активтерін тең мөлшерлі бірліктерге бөлу арқылы; және
(ii) сол мөлшерді қаржылық құрал иесінің иеленетін бірліктердің санына көбейту арқылы.
(b) Осы құрал құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатады. Осындай түрге жатқызылу үшін құрал:
(i) жойылғаннан кейін ұйымның өз активтеріне басқа талаптары алдында ешқандай приоритетке ие болмауы тиіс, және
(ii) құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылғанға дейін басқа бір құралға конверциялауды қажет етпеуі тиіс.
(c) Құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылатын барлық қаржылық құралдардың белгілері ұқсас болады. Мысалы, олардың барлығы опционға тіркеулі сатылуға құқығы бар болуы тиіс, және қайта сатып алудың немесе айырбастаудың бағасын есептеуге қолданылған басқа тәсілдің формуласы сол түрдегі барлық құралдар үшін бірдей болады.
(d) Эмитенттің құралды ақша қаражатына немесе басқа қаржылық активке қайта сатып алуға немесе айырбастауға келісімшарттық міндеттемеден басқа, құралға ақша қаражатын немесе басқа қаржылық активін басқа ұйымға жеткізуге немесе қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді басқа ұйымдармен потенциалды тиімсіз болатын келісімшарттар бойынша айырбастау жөніндегі ешқандай келісімшарттық міндеттеме кірмейді және ол қаржылық міндеттеменің анықтамасының (b) тармақшасында баяндалғандай ұйымның өз қор құралдарымен төленетін немесе төленуі мүмкін келісімшарт болмайды.
(e) Құралдың пайдалану мерзімі ішінде құралға тән толық күтілетін ақша қаражатының қозғалыстары негізінен кіріс пен шығысқа, танылған нетто-активтердің өзгерісіне немесе құралдың пайдалану мерзімі ішінде ұйымның танылған және танылмаған нетто-активтерінің әділ құнының өзгерісіне негізделеді (құралдың кез келген әсерін қоспағанда).
16В Құрал қор құралы ретінде жіктелуі үшін, құралдың барлық жоғарыда белгілерді иеленуіне қоса, эмитенттің ешқандай басқа төмендегілерді иеленетін қаржылық құралы немесе келісімшарты болмауы тиіс:
(a) негізінен кіріс пен шығысқа, танылған нетто-активтердің өзгерісіне немесе ұйымның танылған және танылмаған нетто-активтерінің әділ құнының өзгерісіне (осындай құралдың немесе келісімшарттың кез келген әсерін қоспағанда) негізделген толық ақша қаражатының қозғалыстары және
(b) опционға тіркеулі сатылуға құқығы бар құрал иесіне түсетін негізінен шектеуші немесе бекітуші қалдық табыстың әсері.
Осы келісімшартты қолдану мақсатымен, ұйым құралсыз ие мен эмиссиялық ұйым арасында пайда болуы мүмкін эквивалентті келісімшарттың мәмілелік келісімшарттары мен талаптарына ұқсас келісімшарттық келісімшарттар мен талаптары бар қаржылық емес келісімшарттарды 16А тармағында сипатталған құралдың иесімен қарастырмайды. Егер ұйым осы келісімшарт орындалатындығын анықтай алмаса, ол мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар құралды қор құралы деп жіктемейді.
Ұйымға басқа тарапқа ұйымның нетто-активтерінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге міндеттеме жүктейтін құралдар, немесе құралдардың құраушы бөліктері
16С Кейбір қаржылық құралдардың қатарына эмиссиялық ұйымға жүктелетін басқа бір ұйымға оның нетто-активтерінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге келісімшарттық міндеттеме кіреді. Бұл міндеттеме туындауының себебі жоюдың пайда болуы анық және ол ұйымның қадағалауынан тыс (мысалы жұмыс жасау мерзімі шектеулі ұйым) немесе пайда болуы анық емес, бірақ құрал иесінің еркінде. Қаржылық міндеттеменің анықтамасынан ерекшелік ретінде, құрамына осындай міндеттеме кіретін құрал, егер келесі белгілердің барлығын иеленсе, қор құралы ретінде жіктеледі:
(a) Ол, ұйым жойылған жағдайда, иесіне ұйымның нетто-активінің пропорциялық үлесіне өкілеттік береді. Ұйымның нетто-активтері деп барлық басқа ұйымның өз активтеріне талаптарын шегергеннен кейін қалатын активтер саналады.
Пропорциялық үлес төмендегілер арқылы анықталады:
(i) жойылғаннан кейін ұйымның нетто-активтерін тең мөлшерлі бірліктерге бөлу арқылы; және
(ii) сол мөлшерді қаржылық құрал иесінің иеленетін бірліктердің санына көбейту арқылы.
(b) Осы құрал құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатады. Осындай түрге жатқызылу үшін құрал:
(i) жойылғаннан кейін ұйымның өз активтеріне басқа талаптары алдында ешқандай приоритетке ие болмауы тиіс, және
(ii) құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылғанға дейін басқа бір құралға конверциялауды қажет етпеуі тиіс.
(c) Құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылатын барлық қаржылық құралдардың эмиссиялық ұйымды оның нетто-активтерінің пропорциялық үлесін жоюдан соң үлестіруге жүктейтін ұқсас келісімшарттық міндеттемесі болуы тиіс.
16D Құрал қор құралы ретінде жіктелуі үшін, құралдың барлық жоғарыда белгілерді иеленуіне қоса, эмитенттің ешқандай басқа төмендегілерді иеленетін қаржылық құралы немесе келісімшарты болмауы тиіс:
(a) негізінен кіріс пен шығысқа, танылған нетто-активтердің өзгерісіне немесе ұйымның танылған және танылмаған нетто-активтерінің әділ құнының өзгерісіне (осындай құралдың немесе келісімшарттың кез келген әсерін қоспағанда) негізделген толық ақша қаражатының қозғалыстары және
(b) құрал иесіне түсетін негізінен шектеуші немесе бекітуші қалдық табыстың әсері.
Осы келісімшартты қолдану мақсатымен, ұйым құралсыз ие мен эмиссиялық ұйым арасында пайда болуы мүмкін эквивалентті келісімшарттың келісімшарттық келісімшарттары мен талаптарына ұқсас келісімшарттық келісімшарттар мен талаптары бар қаржылық емес келісімшарттарды 16С тармағында сипатталған құралдың иесімен қарастырмайды. Егер ұйым осы келісімшарт орындалатындығын анықтай алмаса, ол құралды қор құралы деп жіктемейді.
Опционға тіркеулі сатылуға құқығы бар құралдарды және ұйымға басқа тарапқа ұйымның нетто-активтерінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге міндеттеме жүктейтін құралдарды қайта жіктеу
16Е Ұйым 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес қор құралы ретінде қаржылық құралды құрал сол тармақтарда баяндалған барлық белгілерге ие болған және келісімшарттарға сай болған күннен бастап жіктеуі тиіс. Ұйым қаржылық құралды құрал сол тармақтарда баяндалған барлық белгілерге ие болуын немесе келісімшарттарға сай болуын тоқтатқан күннен бастап қайта жіктеуі тиіс. Мысалы, егер ұйым өзінің өтелмеген болып қалатын және 16А және 16В тармақтарында баяндалған барлық белгілерге ие болатын және келісімшарттарға сай болатын айналымға шығарылған мерзімнен бұрын өтеу құқығы жоқ құралдарының барлығын және кез келген мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар құралдарды өтеп алса, ұйым мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар құралдарды қор құралы ретінде мерзімнен бұрын өтеу құқығы жоқ құралдарды өтеген күннен бастап қайта жіктеуі тиіс.
16F Ұйым құралдарды қайта жіктеу жөнінде 16Е тармағына сай төмендегідей есеп беруі тиіс:
(a) Ол қор құралын қаржылық міндеттеме ретінде құрал 16А және 16В тармақтарындағы немесе 16С және 16D тармақтарындағы барлық белгілерге ие болуын немесе келісімшарттарға сай болуын тоқтатқан күннен бастап қайта жіктеуі тиіс. Қаржылық міндеттеме құралдың қайта жіктеу күніндегі әділ құны бойынша бағалануы тиіс. Ұйым үлестегі қор құралының қалдық құны мен қаржылық міндеттеменің қайта жіктеу күніндегі әділ құны арасындағы кез келген айырмашылықты тануы тиіс.
(b) Ол қаржылық міндеттемені үлес ретінде құрал 16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында баяндалған барлық белгілерге ие болған және келісімшарттарға сай болған күннен бастап қайта жіктеуі тиіс. Қор құралы қаржылық міндеттеменің қайта жіктеу күніндегі қалдық құны бойынша бағалануы тиіс.
Ақша қаражатын немесе басқа қаржылық активті үлестіруге келісімшарттық міндеттеменің болмауы (16(а) тармағы)