AG14С Ұйымның жойылуынан соң басымдылық құқығы бар құрал ұйымның нетто-активтерінің пропоциялық үлесіне құқық беретін құрал болмайды. Мысалы, егер құрал, жоюдан соң иесіне, ұйымның нетто-активтерінің үлесіне қоса, бекітілген дивидендке құқық беретін болса, ұйымның нетто-активтерінің пропоциялық үлесіне құқық беретін басқа екінші дәрежелі құралдардың осындай құқығы болмаса, жоюдан соң құралдың басымдылық құқығы болады.
AG14D Егер ұйымда қаржылық құралдардың тек бір ғана түрі болса, сол құрал түрі құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі болатын құрал ретінде қарастырылуы тиіс.
Құралдың пайдалану мерзімі ішіндегі құралға тән толық күтілетін ақша қаражаттарының қозғалысы (16А(e) тармағы)
AG14Е Құралдың пайдалану мерзімі ішіндегі құралға тән толық күтілетін ақша қаражаттарының қозғалысы негізінен құралдың пайдалану мерзімі ішіндегі кіріс немесе шығысқа, ұйымның танылған нетто- активтердің немесе танылған және танылмаған нетто-активтердің әділ құнының өзгерісіне негізделуі тиіс. кіріс немесе шығыс және танылған нетто- активтердің өзгерісі осыған қатысы бар ХҚЕС-тарына (IFRS) сәйкес бағалануы тиіс.
Ұйымның иесі емес, құралдар иесі жасаған транзакциялар (16А және 16С тармақтар)
AG14F Мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралдың немесе ұйымға басқа тарапқа ұйымның нетто-активтерінің пропоциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге міндеттеме жүктейтін құралдың иесі ұйыммен ие рөлінен басқа рөлде транзакциялар жасауы мүмкін. Мысалы, құрал иесі сонымен бірге ұйымның қызметкері болуы мүмкін. Ұйымның иесі Ретінде құрал иесіне Қатысты тек ақша қаражаттарының қозғалысы және құралдың келісімшарттық келісімшарттар мен талаптар құралдың үлес ретінде 16А немесе 16С тармақтарына сәйкес жіктелу мәселесін анықтағанда қарастырылу тиіс.
AG14G Мысал жауапкершілігі шектеулі және жалпы серіктестері бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Кейбір жалпы серіктестер кәіспорынға кепілдік қамтамасыз етуі мүмкін және сол кепілдік бергені сыйақы алуы мүмкін. Осындай жағдайларда, кепілдік және ілеспелі ақша қаражаттарының қозғалыстары кепілдік беруші роліндегі құрал иелеріне қатысты болады және ұйым иелерінің ролінде емес. Сондықтан, осындай кепілдік және ілеспелі ақша қаражаттарының қозғалыстары жалпы серіктестердің жауапкершілігі шектеулі серіктестерге қарағанда екінші дәрежелі ретінде қарастырылуының нәтиже бермейді, және бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік құралдарының және жалпы серіктестік құралдары бірдей болғанда келісімшарттық келісімшарттарын анықтағанда ескерілмейді.
AG14H Тағы бір мысал кіріс немесе шығысты құрал иесіне ағымдағы және алдыңғы жылдардың ішінде көрсетілген қызметтер немесе туындаған бизнес негізінде бөлетін кіріс немесе шығыс бөлісу келісімі болып табылады. Осындай келісімдер ие роліндегі құрал иесімен транзакциялар болып табылады және 16А немесе 16С тармақтарында тізілген белгілерді анықтағанда қарастырылуы тиіс. Алайда, құрал иесіне кіріс немесе шығысты бөлетін олардың құралдарының номиналды мөлшеріне түрдегі басқаларға салыстырмалы негізделген кіріс немесе шығысты бөлісетін келісімдер құрал иелерімен олардың ие ретіндегі ролінде жасалатын операцияларды көрсетеді және 16А немесе 16С тармақтарында тізілген белгілерді анықтағанда қарастырылуы тиіс.
AG14I Құрал иесі мен эмиссиялық ұйым арасындағы (ие роліндегі емес) операцияның ақша қаражаттарының қозғалысы және құралдың шарттық келісімшарттар мен талаптар құралсыз ие мен эмиссиялық ұйым арасында пайда болуы мүмкін эквивалентті операцияға ұқсас болуы тиіс.
Құрал иесінің қалдық пайдасын негізінен бекітетін немесе шектейтін ақша қозғалыстары бар Басқа ешқандай қаржылық құрал немесе келісімшарт (16В және 16D тармақтары)
AG14J Басқа жағдайларда 16А немесе 16С тармақтарындағы талаптарға сай болатын қаржылық құралды үлес ретінде жіктеуге арналған келісімшарт ұйымның (а) негізінен кіріс немесе шығысқа, ұйымның танылған нетто- активтердің немесе танылған және танылмаған нетто-активтердің әділ құнының өзгерісіне негізделген жалпы ақша қозғалыстары және (b) қалдық пайданы негізінен шектеу немесе бекітудің әсері болатын ешқандай басқа қаржылық құралы немесе келісімшарты болмауы болып табылады. Төмендегі құралдар,қалыпты коммерциялық келісімшарттар бойынша қаттысы жоқ тараптар арасында жасалғанда, басқа жағдайларда 16А немесе 16С тармақтарындағы талаптарға сай болатын құралдардың үлес ретінде жіктелуіне кедергі жасамайды:
(a) ұйымның ерекше активтеріне негізделген жалпы ақша қозғалыстары бар құралдар.
(b) табыс пайызына негізделген жалпы ақша қозғалыстары бар құралдар.
(c) жеке қызметкерлерге ұйымға көрсеткен қызметтері үшін алғыс ретінде беруге арналған келісімшарттар.
(d) көрсетілген қызметтер немесе жабдықталған тауарлар үшін табыстың аз пайызын төлеуді талап ететін келісімшарт.
Туынды қаржы құралдары
AG15 Қаржы құралдарына базистік құралдар сияқты (мысалы, дебиторлық және кредиторлық қарыздар және акциялар) туынды қаржы құралдары (мысалы, қаржы опциондары, фьючерстік және форвардтық келісімдер, пайыз және валюта своптары) да жатады. Туынды қаржы құралдары қаржы құралының анықтамасына жауап береді, және тиісінше осы Стандарттың қолданылуы аясында болады.
AG16 Туынды қаржы құралдары нәтижесінде базистік қаржы құралындағы бір немесе бірнеше қаржы тәуекелдіктерін бір тараптан келісімшарт бойынша екінші тарапқа жіберу жүзеге асырылатын құқықтарды және міндеттемелерді туындатады. Келісімшарт жасасқан кезде туынды қаржы құралдары бір тарапқа қаржы активтерін екінші тараппен әлеуетті тиімді келісімшарттармен, немесе оған қаржы активтерін басқа тараппен әлеуетті тиімсіз келісімшарттарда келісімшарт міндеттемесін жүктейді, келісімшарт құқығын береді. Шынына келсек, жалпыға ортақ жағдайда[4] келісімшарттың қолданылу мерзімінің басында негізгі қаржы құралын беруге әкеліп соқтырмайды, сонымен бірге келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі басталған кезде де мұндай беру міндетті түрде орын алмайды. Кейбір құралдардың айырбасты жүзеге асыру бойынша құқықпен қатар міндеттемесі де бар. Айырбас талаптары туынды құралдарды шығару кезінде анықталатындықтан, бұл талаптар қаржы нарықтарындағы бағаның өзгеруіне қарай не тиімді, не тиімсіз болуы мүмкін.
AG17 Қаржы активтерін немесе қаржылық міндеттемелерді (яғни, ұйымның меншікті акцияларынан басқа қаржы құралдары) айырбастауды көздейтін сатып алу немесе сату опционы оны ұстаушының негізгі қаржы құралының әділ құнындағы өзгерістерге байланысты болашақтағы әлеуетті экономикалық пайда алуға құқығын білдіреді. Және керісінше, опционды сатушы болашақтағы әлеуетті экономикалық пайдадан немесе негізгі қаржы құралының әділ құнындағы өзгерістерге байланысты әлеуетті шығынға ұшыраудан бас тартуға өзіне міндеттеме қабылдайды. Иеленушінің келісімшарттық құқығы немесе сатушының келісімшарттық міндеттемесі тиісінше қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелерінің анықтамаларына жауап береді. Опционға қатысты негізгі қаржы құралы, басқа ұйымдардың акцияларын және пайыздық құралдарды қоса алғанда, кез келген қаржы активі болуы мүмкін. Опционда сатушыға қойылатын қаржылық активті берудің орнына борыштық міндеттемелерді шығару туралы талап болуы мүмкін, алайда опционды орындаған жағдайда оның негізгі құралы, соның өзінде де иеленушінің қаржылық активі болып табылады. Опционды ұстаушының активтерді әлеуетті тиімді емес келісімшарттармен ауыстыру құқығы және опционды шығарған сатушының активтерді әлеуетті тиімсіз келісімшарттарда ауыстыру міндеттемесі опционды орындау кезінде айырбастауға жататын активтер опционы негізіне алынғандардан айырмасы болады. Опцион иесі құқығының және сатушының міндеттемелерінің сипаттамасы опционның орындалу ықтималдығына тәуелді емес.
AG18 Туынды қаржы құралының тағы бір мысалы форвардтық келісім-келісімшарт болып табылады, ол бойынша есептеулер алты айдан кейін жүргізілуі тиіс, және онда бір тарап (сатып алушы) номиналдық құны 1,000,000 а.б. белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар мемлекеттік облигациялардың орнына 1,000,000 а.б. ақшамен беруге уәде береді, ал басқа тарап (сатушы) құны 1,000,000 а.б. белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар мемлекеттік облигацияларды 1,000,000 а.б. ақшаның орнына беруге уәде береді. Алты айдың ішінде тараптардың екеуі де қаржы құралдарын айырбастауға келісімшарттық құқық және келісімшарттық міндеттемеге ие болады. Егер мемлекеттік облигациялардың нарықтық бағасы 1,000,000 а.б. жоғары көтерілсе, онда талаптар сатып алушы үшін пайдалы және сатушы үшін пайдасыз болады; егер нарықтық баға 1,000,000 а.б. төмендесе, нәтижесі керісінше болады. Сатып алушы сатып алуға опцион бойынша құқыққа ұқсас келісімшарттық құқық сияқты (қаржылық актив) сатуға опцион бойынша міндеттемеге ұқсас келісімшарттық міндеттемеге (қаржылық міндеттемеге) де ие болады; сатушы сатуға опцион бойынша құқыққа ұқсас келісімшарттық құқық (қаржылық актив) сияқты сатып алуға опцион бойынша міндеттемеге ұқсас келісімшарттық міндеттемеге (қаржылық міндеттемеге) де ие болады. Опциондармен бірдей көрсетілген келісімшарттық құқықтар мен міндеттемелер негізгі қаржылық құралдардан (айырбастауға жататын облигациялар және ақша) бөлек және айырмасы бар қаржылық активтерді және қаржылық міндеттемелерді құрайды. Форвардтық келісім-келісімшарт бойынша тараптардың екеуі де опционның иесі оны іске асыруға шешім қабылдаған жағдайда және уақытта ғана опционды орындау жүргізілгенде келісілген уақытта әрекет етуге міндетті.
AG19 Туынды қаржы құралдарының көптеген басқа түрлері болашақтағы айырбастау, оның ішінде пайыздық және валюталық своптар, кэп, коллар және пайыз мөлшерлемесіне флор тәрізді келісім-келісімшарттар, қарыздар бойынша міндеттемелер, еуроноттар мен аккредитивтерді шығару бағдарламасын жүргізуге құқықтары немесе міндеттемелері болады. Пайыздық своп келісімшарты оның талаптары бойынша тараптар біреуі өзгермелі, екіншісі белгіленген пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып есептелетін ақша сомаларын болашақта айырбастау сериясын жүргізуге келісетін форвардтық келісім-келісімшарттың түрлері ретінде қаралуы мүмкін. Фьючерстік келісім-келісімшарттар осы келісім-келісімшарттардың стандарттық нысаны болатыны және биржада айналатыны сияқты басты айырмашылықтарымен форвардтық келісім-келісімшарттың басқа түрлерін білдіреді.
Қаржылық емес активтердің сатып алу және сату келісімдері (8-10-тармақтар)
AG20 Қаржылық емес активтерді сатып алуға және сатуға жасалған келісім-келісімшарттар бір тараптың қаржылық емес активті немесе қызмет көрсетуді алуға келісімшарттық құқығы және тиісінше басқа тараптың міндеттемесі тараптардың қаржылық активті алуға, қоюға немесе айырбастауға нақты құқығын немесе міндеттемесін белгілемейтіндіктен, қаржылық құрал айқындамасына жауап бермейді. Сонымен, қаржылық емес активті алу немесе беру арқылы ғана есеп айырысуды көздейтін келісім-келісімшарттар (мысалы, опцион, күміске форвардтық немесе фьючерстік келісім-келісімшарт) қаржы құралдары болып табылмайды. Көптеген тауар келісім-келісімшарттары осындай түрге жатады. Кейбіреулерінің стандарттық нысаны болады және ұйымдасқан нарықтарда кейбір туынды қаржы құралдары сияқты өте ұқсас түрде айналады. Мысалы, тауарлық фьючерстік келісім-келісімшарт оп-оңай сатып алу немесе сату мәні бола алады, себебі ол биржа листингіне кіргізілген және бірнеше рет қолдан-қолға өте алады. Алайда, келісім-келісімшартты сатып алушы және сатушы іс жүзінде тараптар оның негізінде жатқан тауармен сауда-саттық жасайды. Тауар келісім-келісімшартын сатып алу және сату мүмкіндігі, оны сатып алудың немесе сатудың жеңілдігі және тауарды қабылдау немесе жеткізу бойынша міндеттемелерді ақшалай өтеу туралы келісу мүмкіндігі осы келісім-келісімшарттың түбірлі сипатын оны қаржы құралы ретінде қарауға болатындай түрде өзгертпейді. Сонымен қатар қаржылық емес активтерді сатып алуға немесе сатуға арналған, олар бойынша есеп айырысу қарсы талаптарды есепке алу арқылы немесе қаржы құралдарымен айырбас арқылы немесе оларды жүзеге асыру кезінде қаржылық емес актив ақша қаражатына оңай айналуы ықтимал кейбір келісім-келісімшарттар олар қаржы құралдары болғандағы сияқты осы Стандарттың қолданылу аясында болады (8-тармақты қараңыз).
AG21 Нақты активтерді алуды немесе жіберуді қарастыратын келісім бір тарапта қаржы активін, егер осылар бойынша тиісті төлем нақты активті жіберу күнінен кейінгі кезеңге ауыстырылмаса, екінші тарапта қаржы міндеттемесін тудырмайды. Осындай жағдай тауарды кредитке сатып алған немесе сатқан кезде пайда болады.
AG22 Кейбір келісім-келісімшарттар тауарлармен байланысты, тауарды нақты алу немесе беру арқылы міндеттемені орындауды болжамайды. Олар өзара есеп айырысуды сомалары белгіленбеген, бірақ келісімшартта белгіленген формула бойынша айқындалатын ақша төлемдері арқылы жасауды көздейді. Мысалы, облигациялардың негізгі сомасы мұнайдың белгіленген көлеміне қатысты облигацияларды өтеу күнгі басым түсетін мұнайдың нарықтық бағасы негізінде есептелуі мүмкін. Негізгі сома тауардың бағасына байланыстиы индекстеледі, бірақ ақшалай нысанда ғана өтеледі. Мұндай келісімшарт қаржы құралын білдіреді.
AG23 Қаржы құралы анықтамасына қаржы активіне немесе міндеттемеге қосымша ретінде қаржылық емес актив немесе міндеттемені құрайтын келісімшарт та кіреді. Мұндай қаржы құралдары бір тарапқа қаржы активін қаржылық емес түріне айырбастау мүмкіндігін жиі береді. Мысалы, мұнай облигациясы иеленушіге белгіленген пайыздық төлемді және белгіленген мұнай көлеміне негізгі борыш сомасын айырбастау мүмкіндігімен өтеу кезінде белгіленген соманы мезгіл-мезгіл алып тұруға құқық беруі мүмкін. Опционды іске асырудың артықшылығы мұнайдың әділ құнының ақшаны облигацияда көзделген мұнайға (айырбас бағасы) айырбас бағамына қатысты мезгіл-мезгіл ауысатын болады. Облигация иесінің опционды сатуға қатысты ниеті құралды құрайтын активтердің құрамына ықпал етпейді. Иеленушінің қаржылық активі және эмитенттің қаржылық міндеттемесі олар осы сияқты жасайтын активтер мен міндеттемелердің басқа түрлеріне тәуелсіз қаржы құралы етеді.
AG24 [Жойылған]
Міндеттемелер және капитал (15-27-тармақтар)
Ақша қаражаттарын немесе басқа да қаржы активін беруді қарастыратын келісімшарт міндеттемесінің болмауы (17-20-тармақтар)
AG25 Артықшылықты акциялар әртүрлі құқықтармен шығарылуы мүмкін. Тартылған акцияларды міндеттеме немесе үлестік құрал ретінде жіктеген кезде ұйым қаржы міндеттемесінің негізгі қасиеттеріне қаншалықты жауап беретіндігін анықтау үшін акциялармен расталатын нақты құқықтарды бағалайды. Мысалы, белгілі бір күні, немесе иеленушінің қарауы бойынша өтеуді қамтамасыз ететін тартылған акция, егер эмитенттің қаржы активтерін акцияларды иеленушіге жіберу міндеттемесі болса, қаржы міндеттемесінің анықтама талаптарына жауап береді. Қаражаттың жетіспеу салдарынан, не әкімшілік тарапынан болған шектеулерден келісімшарт бойынша талап етілген кезде эмитент міндеттемені орындауға және тартылған акцияны өтеуге қабілетті болмай қалу ықтималдылығы осы міндеттемені тоқтатпайды. Эмитенттің акционерлерге қаржы активтерін беру күшіндегі міндеттемесі болмағандықтан, акцияларды өтеуге арналған эмитент опционы қаржы міндеттемесінің анықтамасына жауап бермейді. Мұндай жағдайда акцияларды өтеу тек қана эмитенттің қарауы бойынша өтеді. Шындығында, әдетте акцияларды өтеу ниеті туралы акционерлерді нақты хабарлау жолымен эмитент опционды орындаған кезде міндеттеме пайда болуы мүмкін.
AG26 Артықшылықты акциялар төленбейтін болып табылғанда тиісті жіктеме оған бекітіп берілген басқа құқықтармен анықталады. Жіктеме негізін келісімшарт мәмілелерінің мәнін бағалау және қаржы міндеттемесінің және үлестік құралдың анықтамалары құрайды. Кумулятивті немесе кумулятивті емес артықшылықты акциялардың иелеріне табыстарды төлеу эмитенттің қарауына қарай жүзеге асырылған кезде акциялар акциялар болып табылады. Осылайша, акциялар немесе қаржы міндеттемесі ретінде артықшылықты акцияларды жіктеу мынадай факторлардан тәуелді емес:
(a) табыстарды төлеудің бұрынғы тәжірибесі;
(b) болашақта табыстарды төлеу ниеті;
(c) табыстың төлемдері болмағанда эмитенттің әдеттегі акцияларының бағасына мүмкін болатын теріс әсері (егер артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленбесе, әдеттегі акциялар бойынша дивидендтерді төлеуге қойған шектеулерден);
(d) эмитент резервтерінің шамасы;
(e) кезең ішіндегі эмитенттің пайданы немесе шығынды күтуі; немесе
(f) кезең ішіндегі пайданың немесе шығын шамасына эмитенттің әсер ету қабілеттілігі немесе
қабілетсіздігі.
Ұйымның жеке акцияларымен есеп айырысу (21-24-тармақтар)
AG27 Төмендегі мысалдар ұйымның өз акциялары бойынша келісімшарттардыңәртүрлі түрлерін қалай жіктеу керектігін көрсетеді:
(a) Ұйымның өз акцияларының бекітілген санын ешқандай болашақ сыйақы орнына қабылдауы немесе үлестіруі немесе өз акцияларының бекітілген санын ақшаның немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына айырбастауы арқылы өтелетін келісімшарт үлестік құрал (22А тармағында баяндалғаннан басқа )болып табылады. Осыған сәйкес, осындай келісімшарт орнына қабылданған немесе төленген кез келген сыйақы тікелей үлеске қосылады немесе одан шегеріледі. Бір мысал-қарсы тарапқа ұйымның акцияларының бекітілген санын ақшаның бекітілген санына сатып алуға құқық беретін шығарылған акцияларға опцион. Алайда, егер келісімшарт ұйымнан өз акцияларын ақша немесе басқа қаржылық активке бекітілген немесе анықталатын күні немесе өз талабы бойныша сатып алуды(айырбастауды)талап ететін болса, ұйым айырбас сомасының дисконтталған құнына қаржылық міндеттемені таниды (16А және 16В тармақтарындағы немесе 16С және 16D тармақтарындағы барлық белгілері бар және келісімшарттарға сай құралдарды қоспағанда). Бір мысал - мерзімді келісімшарт бойынша ұйымның өз акцияларының бекітілген санын ақшаның бекітілген мөлшеріне қайта сатып алуға міндеттемесі.
(b) Тіпті ұйым қайта сатып алуға міндетті болатын акциялар саны бекітілмеген болмаса да немесе міндеттеме қарсы тараптың айырбастауға құқығын қолдануы бойынша келісімшартты болса да, ұйымның өз акцияларын ақшаға сатып алуға міндеттемесі айырбас сомасының дисконтталған құнына қаржылық міндеттемені тудырады (16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында баяндалғаннан басқа). Келісімшартты міндеттеменің бір мысалы-егер қарсы тарап опционды қолданатын болса, ұйымнан өз акцияларын ақшаға қайта сатып алуды талап ететін шығарылған опцион.
(c) ақшамен немесе басқа қаржылық активпен өтелетін келісімшарт- тіпті қабылданатын немесе үлестірілетін ақша немесе басқа қаржылық актив мөлшері ұйымның өз үлесінің нарықтық бағалар өзгерістеріне негізделген болса да, қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады (16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында баяндалғаннан басқа ). Бір мысал-ақшамен өтелетін, бекітілген бағамен сатып алуға құқық беретін, акцияға опцион болып келеді.
(d) Құндары белгіленген сомаға немесе негізгі ауыспалылардың (мысалы, тауар бағасы) өзгерістеріне негізделген сомаға тең болатын, ұйымның меншікті акцияларының ауыспалы санын есептеуді көздейтін келісімшарт қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Мысал ретінде алтын сатып алуға шығарылған, ол бойынша есеп айырысу оны орындаған жағдайда қарсы талаптарды ұйымның меншікті құралдарымен опциондық келісімшарттың балама құнының сомасын құрайтын құралдардың осындай санын ұсыну арқылы есептеме жасаумен жүргізілетін опционды келтіруге болады. Мұндай келісімшарт, егер негізгі ауыспалы алтынның бағасы емес, ұйымның меншікті акцияларының бағасын білдіргеннің өзінде де қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Осылайша, ол бойынша есеп айырысу ұйымның меншікті акцияларының белгіленген санымен, оның үстіне осы акциялармен расталатын құқық бірдей болмағандықтан, ықтимал өтеу бағасы белгіленген соманы немесе негізгі ауыспалының өзгеруіне тәуелді соманы құрайтын болады, ол арқылы қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені білдіреді.
Келісімшартты өтеу бойынша бағалау міндеттемелері (25-тармақ)
AG28 25-тармаққа сәйкес, егер ақша қаражаты немесе басқа да қаржы активі нысанында (немесе басқа тәсілмен, нәтижесінде осы құрал қаржы құралына ауысады) есептеуді жүзеге асыру қажеттілігін негізге алатын келісілген өтеу бойынша бағалау міндеттемесінің сол бөлігі біріккен болып табылмаса, онда өтелуі тиіс бағалау міндеттемесі қаржы құралын жіктеуге әсерін тигізбейді. Мәселен, ақшалай қаражат немесе ұйымның меншікті акцияларының ауыспалы саны нысанында есеп айырысуды көздейтін келісімшарт төтенше сирек, аномальды және ықтималдығы аз сипаттағы оқиға басталғаннан кейін ғана үлестік құралды білдіреді. Осылайша, келісімшартта ұйымның меншікті акцияларының белгіленген санымен есеп айырысуға ұйым бақылау жасай алмайтын жағдайларда тиым салынуы мүмкін, бірақ осындай жағдайлардың туындау ықтималдығы жойылса, мұндай келісімшартты үлестік құрал ретінде жіктеу заңды болып табылады.
Шоғырландырылған қаржы есептілігін жүргізу тәртібі
AG29 Шоғырландырылған қаржы есептілігінде ұйым азшылық үлесін ұсынады, яғни 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС(IAS), 27 Шогырландырылган және жеке қаржы есептілігі ХҚЕС-тарына (IAS) сәйкес оның еншілес ұйымдардың капиталдарында және табыстарында қатысатын басқа тараптардың үлестері. Шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі қаржы құралын (немесе оның құрамдас бөлігін) жіктеген кезде, топтың тұтастай алғанда осы құралға қатысты ақша қаражатын немесе басқа да қаржы құралын беру міндеттемесінің болуын айқындау, не міндеттеменің жіктелуіне әкеліп соқтыратындай түрде есеп жүргізу үшін топ мүшелері мен құралды ұстаушылар арасында келісілген барлық талаптарды назарға алады. Топтың құрамындағы еншілес ұйым қаржы құралын шығарған кезде, ал басты немесе басқа топтық ұйым құралды ұстаушылармен тікелей қосымша талаптардың келісімін жасасқан кезде (мысалы, гарантпен), онда осы топ табыстарды төлеу немесе өзінің қарауы бойынша мерзімінен бұрын өтеу проблемаларын шеше алмайды. Оның үстіне, еншілес ұйым, осы қосымша талаптарға қарамастан, толық негізбен осы құралды өзінің жеке қаржылық есептілігінде жіктей алатындықтан, топтың мүшелері мен құралды ұстаушылар арасындағы басқа келісімдердің нәтижелері шоғырландырылған қаржы есептілігінде топта тұтастай келісілген келісімшарттар және мәмілелер көрініс табатынын назарға алынуы тиіс. Өтеу бойынша осындай міндеттеме немесе бағалау міндеттемесі болған кезде, құрал (немесе оның міндеттемесінің мәні болып табылатын құрамдас бөлігі) шоғарландырылған қаржы есептілігінде қаржы міндеттемесі ретінде жіктеледі.
AG29А Ұйымға келісімшарттық міндеттеме жүктейтін құралдардың кейбір түрлері 16А және 16В тармақтары немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес акциялар ретінде жіктеледі. Сол тармақтарға сәйкес жіктеу осы Стандартта басқаша қолданылған құралдарды жіктеу ережелеріне ерекше жағдай болып табылады. Осы ерекшелік бірлескен қаржылық есептегі қадағалаусыз пайыздардың жіктелуіне қолданылмайды. Сондықтан, бөлек немесе жеке қаржылық есептегі қадағалаусыз пайыздар болатын 16А және 16В тармақтары немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес акциялар ретінде жіктелген құралдар топтың бірлескен қаржылық есебінде міндеттемелер ретінде жіктеледі.
Құрастырмалы қаржы құралдары (28-32-тармақтар)
AG30 28-тармақ тек қана туынды емес құрастырмалы қаржы құралдарының эмитенттеріне қатысты қолданылады. 28-тармақ иеленушілер тұрғысынан осындай болып табылатын құрастырмалы қаржы құралдарына қатысты емес. 9 ХҚЕС (IFRS) қаржы құралын иеленушінің туынды құралдары болып табылатын қаржылық активтерді жіктеу мен өлшеумен айналысады.
AG31 Құрастырмалы қаржы құралының кең тараған түрі айырбасталуға кіріктірілген опционы бар борыштық бағалы қағаз болып табылады, мысалы, эмитенттің әдеттегі акцияларына айырбасталатын және қандай да бір басқа кіріктірілген туынды элементтері жоқ облигация. 28-тармақ осындай қаржы құралының эмитентінен өзінің қаржылық жағдай туралы есебінде мынадай міндеттемелердің элементтерінің және жеке капиталдың бөлек берілуін талап етеді:
(a) Эмитент міндеттемесі пайыздардың жоспарлы төлемдерін шығару және соманың негізі құрал айырбасталғанға дейін күшін жоймайтын қаржы міндеттемесі болып табылады. Құралды алғашқы тану кезінде міндеттеменің құрамдас бөлігінің әділ құны нарықтық пайыз мөлшерлемесі бойынша дисконтталған, салыстырмалы кредиттік мәртебесі бар бірдей дерлік ақша қаражатын осындай жағдайда қамтамасыз ететін, айырбастауға жіберілетін опционсыз, қазіргі уақытта құралдарға қолданылатын ақша қаражатының болашақ ағындардың келісімшартымен анықталған дисконтталған құнға тең.