(b) Үлестік құрал эмитенттің меншікті капиталына міндеттемені айырбастауға кіріктірілген опцион болып табылады. Опционның әділ құны уақытша құннан және оның ішкі құнынан, егер осындай болса, тұрады. Осы опцион «ақшадан тыс» болған кезде де, оны алғашқы таныған кезде құны болады.
AG32 Төлем мерзімі басталған күні айырбасталатын құралды айырбастау кезінде ұйым міндеттеменің құрамдас бөлігін тануды тоқтатады және оны капиталда таниды. Капиталдың алғашқы құрамы капиталда қалады (шынын айтқанда, капитал ішінде ол бір желілік баптан екінші бапқа ауыстырылуы мүмкін). Төлем мерзімі басталған күні айырбастау кезінде пайда да, шығын да болмайды.
AG33 Ұйым төлем уақыты басталғанға дейін мерзімінен бұрын өтеу немесе жіберудің алғашқы құқығын сақтай отырып өтеуін төлеп сатып алу жолымен айырбасталатын құралдың қолданылуын тоқтатқан кезде ол төленген қарсы ұсынуды және құралды өтеуін төлеп сатып алуға немесе мерзімінен бұрын өтеуге байланысты мәміле бойынша кез келген шығынды міндеттемелердің құрымына және осындай мәмілелер жасалған күнгі капиталға жатқызады. Өтеуі төленген қарсы ұсынуды және мәміле бойынша шығындарды жеке құрамдарға жатқызу үшін пайдаланылатын әдіс бұл 28-32-тармақтарда көзделгендей, айырбасталатын құралды шығару кезінде ұйым алған түсімдердің құрамдары арасында бастапқы бөлген кезде пайдаланылған әдіспен сәйкестендіріледі.
AG34 Қарсы ұсынуды бөлгеннен кейін бірден осыған байланысты пайда болған кез келген пайда және шығын тиісті құрамға қатысты қолданылатын есепке алу қағидаттарына сәйкес төменде көрсетілгендей есепке алуда көрінеді:
(a) міндеттеме құрамдас бөлігімен байланысты пайда және шығын сомасы пайда және шығын есепке алу шотында көрінеді;
(b) капитал құрамдас бөлігімен байланысты қарсы ұсыну сомасы капиталдың есепке алу шотында көрсетіледі.
AG35 Мысалы, неғұрлым тиімді конверсиялық қатынасты ұсынып немесе аудару жағдайында келісілген күнге дейін қосымша қарсы ұсынуды төлеп, ұйым аударуды тездету мақсатында аударылатын құралдың талаптарын өзгерте алады. Талаптарды өзгерту күнгі құралды ұстаушы оны жаңа талаптар бойынша айырбастаған кезде алатын қарсы ұсыныстың әділ құны мен пайда мен заладарды есепке алу шотында шығын ретінде көрсетілетін бастапқы келісімшарттар бойынша оған тиесілі қарсы ұсыныстың әділ құны арасындағы айырма.
Қазынашылық акциялар (33 және 34-тармақтар)
AG36 Ұйымның меншікті акциялары, оларды сатып алу кезіндегі себептеріне қарамастан, қаржы активі ретінде танылуы тиісті емес. 33-тармақта меншікті акцияларды сатып алған ұйым өз капиталынан осы акциялардың құнының шегерімдерін жасау туралы талаптар бар. Алайда, ұйым басқа тараптардың тапсырмасы бойынша капиталды иеленсе, мысалы, қаржы мекемесі клиенттің тапсырмасы бойынша капиталды иеленсе, онда соның салдарынан осы капитал ұйымның қаржылық жағдай туралы есебіне жатпайтын агенттік қатынастар орын алады.
Пайыздар, дивидендтер, пайдалар және шығындар (35-41-тармақтар)
AG37 Келесі мысалдар 35-тармақтың құрастырмалы қаржы құралдарына қатысты қолданысын көрнекілендіреді. Айталық, шоғырландырылмаған артықшылықты акция бес жыл өткеннен кейін міндетті түрде ақшалай нысанда өтелуі тиіс, бірақ сонымен қоса дивидендтер ұйымның қарауы бойынша өтеу мерзімі басталғанға дейін төленеді. Осындай құрал құрастырмалы қаржы құралы болып табылады, ал оның құрамындағы міндеттеме құрамдас бөлігін өтеу сомасының дисконтталған құнына тең. Осы құрамдас бөлікке дисконттың күшін жою пайдада немесе шығында танылуы тиіс және пайыздарды төлеуге жұмсалған шығыстар ретінде жіктеледі. Кез келген төленген дивидендтер капитал құрамына жатады, және, тиісінше, пайданы немесе шығынды бөлу ретінде танылады. Осыған ұқсас есеп тәртібі, егер өтеу міндетті сипатта емес, иеленушінің қарауына байланысты жүзеге асырылса, немесе, егер акция әдеттегі акциялардың ауыспалының (мысалы, тауар) санына міндетті айырбасталуға жатса, белгіленген сомаға немесе негізгі ауыспалылардың өзгеруімен айқындалатын сомаға қолданылады. Алайда, егер кез келген төленбеген дивидендтер өтеу сомасына қосылса, онда құралдар тұтастай міндеттемеге айналады. Мұндай жағдайда кез келген дивидендтер пайыздарға төленген шығыстар ретінде жіктеледі.
Қаржы активтерін және қаржы міндеттемелерін есепке алу (42-50- тармақтар)
AG38 [Жойылған]
«Ұйымның баланста танылған соманы есепке алу үшін ағымдағы кезеңде заңды құқығы бар екендігін» растайтын талап (42(a) тармақ)
AG38A Қарсы талап құқығы ағымдағы кезеңде жүзеге асырылуы мүмкін немесе болашақ оқиғаларға байланысты болады (мысалы, міндеттемелерді орындамау, төлей алмау қабілеттілігі немесе тараптардың бірінің банкротқа ұшырауы салдарынан есептеу құқығы жүзеге асырылуы мүмкін). Қарсы талап құқығы болашақ оқиғаға байланысты болмаса да, қызметтің қалыпты жағдайында тараптардың бірінің немесе барлығының міндеттемелерді орындамау, төлей алмау қабілеттілігі немесе банкротқа ұшырауы жағдайында заңды түрде бекітіледі.
AG38B 42(a) тармағындағы талаптарды орындау үшін, ұйымның есепке қарсы талап етудің заңды құқығы болуы қажет. Бұл қарсы талап етудің заңды құқығы төмендегі талаптарға сай болу қажеттігін білдіреді:
(a) болашақ оқиғаға тәуелді болмауы тиіс; және
(b) келесі жағдайларда заңды түрде бекітілуі тиіс:
(i) қызметтің қалыпты жағдайы;
(ii) міндеттемелерді орындамау; және
(iii) төлей алмау қабілеттілігі немесе банкротқа ұшырау
ұйымның немесе барлық тараптардың.
AG38C Қарсы талап етудің заңды құқығығының сипаты мен ауқымы оның орындалуына себеп болған шрттарды қоса алғанда, міндеттемелерді орындамау, төлей алмау қабілеттілігі немесе тараптардың бірінің банкротқа ұшырауы салдарынан болуына қарамастан, бір заңды құзыреттен басқаға өтуі мүмкін. Сәйкесінше, қарсы талап құқығы қалыпты қызмет жағдайынан тыс кезде қол жетімді деп болжам жасауға болмайды. Мысалы, кейбір жағдайларда банкротқа ұшырау немесе төлей алмау қабілетсіздігі кезінде банкротқа ұшырау туралы немесе төлей алмау қабілетсіздігі туралы заң құзыреті қарсы талап құқығына тыйым салуы немесе шеек қоюы мүмкін.
AG38D Тараптардың арасындағы қатынатарды реттейтін заң (мысалы, тараптарға қолданылатын келсімшарттық ережелер, келісімшартты немесе міндеттемені орындамау мен төлем қабілетсіздігін реттейтін заңдар және банкротқа ұшырау туралы заңдар) қарсы талап құқығы қалыпты қызмет жағдайында, төлемеу немесе төлем қабілетсіздігі, банкротқа ұшырау жағдайларының қайсысында қолданылатынын анықтау үшін қайта қарастырылуы тиіс(AG38B(b) тармағында анықталғандай).
Ұйымның «есептеуді нетто-негізде жүргізу ниеті немесе активті жүзеге асыру мен міндеттемені бір уақытта орындау» талабы (42 (b) тармағы)
AG38E To meet the criterion in paragraph 42(b) тармағындағы талаптарды орындау үшін ұйым есептеуді нетто-негізде жүргізуі тиіс немесе активті жүзеге асыруды және міндеттемені орындауды бір уақытта орындауы тиіс. Дегенмен, ұйымның нетто-негізде есептеу мүмкіндігі болса да, активті жүзеге асыру немесе міндеттемені орындау жеке орындылуы мүмкін.
AG38F Егер ұйым сомаларды нәтижесі таза есептеудің нәтижесіне эквивалент болатындай есептей алса, 42 (b) тармағындағы талаптар орындалды дегенді білдіреді. Осындай жағдай егер жалпы реттеу механизмінің мардымсыз несие немесе өтімділік тәуекелін әкелетін немесе жою ерекшелігі болып, осы арқылы, дебиторлық берешек пен кредиторлық берешекті есептіліктің бір үрдісінде немесе кезеңінде өңдесе ғана орын алады. Мысалы, жалпы есептеу жүйесіне 42 (b) тармағындағы нетто-негізде есептеу талаптарын орындайтын барлық ерекшеліктер тән:
(a) қарсы талап құқығы бар қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері бір уақытта өңдеу негізінде ұсынылған;
(b) қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері өңдеуге ұсынылғаннан кейін тараптар міндеттемелерді орындауды бастайды
(c) өңдеуге ұсынылғаннан кейін актив пен міндеттемелерден туындайтын ақша қаражатын өзгерту әлеуеті берілмейді (егер өңдеу сәтсіздікке ұшырамаса—төмендегі (d) тармағын қараңыз);
(d) құнды қағаздармен қамтамасыз етілген активтер мен міндеттемелер құнды қағаздарды табыстау немесе ұқсас жүйеде есептеледі (мысалы, жеткізу мен төлем), яғни, егер құнды қағаздарды табыстау сәтсіздікке ұшыраса, активы и пассивы, которые обеспечены с ценными бумагами, будут рассчитаны передаче ценных бумаг или подобной системе (например, поставка по сравнению с платежом), так, чтобы, если передача ценных бумаг терпит неудачу, обработка связанной дебиторской задолженности или кредиторская задолженность, для которой ценные бумаги являются обеспечением, также потерпела неудачу (и наоборот);assets and liabilities that are collateralised with securities will be settled on a securities transfer or similar system (for example, delivery versus payment), so that if the transfer of securities fails, the processing of the related receivable or payable for which the securities are collateral will also fail (and vice versa);
(e) (d) тармағында анықталғандай, сәтсіздікке ұшыраған кез келген транзакция, есеппке алынбағанша өңдеуге жіберіледі;
(f) есепке алу бір есептеу мекемесі арқылы жүргізіледі (мысалы, есептеу банкі, орталық банк немесе құнды қағаздар депозитариі); және
(g) тәуліктік несие жүйесі есеп айырысу күні төлемдерді тараптардың әрқайсысына қажетті овердрафт мөлшерімен қамтамасыз ету үшін және қажет болған жағдайда, тәуліктік қызметті қолдану үшін пайдаланылады.
AG39 Осы стандарт басқа құралдардың сипаттамасын жасау үшін сатып алынғанжекелеген қаржы құралдарының топтары болып табылатын «синтетикалық құралдар» деп аталатындарға арналған арнайы әдісті көздемейді. Мысалы, өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар пайыздық своппен біріктірілген, өзгермелі пайыздық мөлшерлеме бойынша есептелген төлемдерді алуды болжайтын және белгіленген пайыздық мөлшерлеме бойынша есептелген төлемдерді орындауды болжайтын ұзақ мерзімді борыштық міндеттемелер белгіленген мөлшерлемесі бар ұзақ мерзімді борыштық міндеттемені синтездейді. «Синтетикалық құралдар» құрамындағы әрбір жеке алынған қаржы құралы өзінің жеке талаптарымен келісімшарттық құқықты немесе міндеттемені білдіреді, бұл ретте әрқайсысы жеке берілуі немесе өтелуі мүмкін. Әрбір қаржы құралы басқа қаржы құралдары ұшыраған тәуекелдіктерден айырмашылығы болуы мүмкін тәуекелдіктерге ұшырауы мүмкін. Тиісінше, «синтетикалық құралдар» құрамындағы бір қаржы құралы актив, ал екіншісі міндеттеме болып табылғанда, олар бір-біріне қарсы есептеледі және 42-тармақта айқындалған өзара есептеу талаптарына сай келген жағдайды қоспағанда, нетто-негізде ұйым қаржылық жағдай туралы есебінде ұсынылмайды.
AG40 [Жойылған]
[1] Осы тандартта ақша сомасы ақша бірлігінде көрсетілген (а.б.).
[2] 2005 жылы тамыз айында IASB қаржы құралдарына қатысты барлық ашып көрсетуді 7 ХҚЕС Қаржы құралдары:ашып көрсетуге көшірді.
[3] Осы қосымшада ақшалай сома ақша бірлігі (а.б.) негізінде көрсетілген.
[4] Бұл көпшілігіне қатысты, бірақ барлық туынды құралдарға емес, мысалы, валюталық-пайыздық своптар ең бастапқы кезінде негізгі соманы алмастыруды көздейді (және өтеу мерзімі басталған кезде керісінше айырбас).