17. 16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында сипатталған жағдайлардан басқа қаржылық міндеттемені үлестік құралдан ажыратуда маңызды белгі - бір тараптың (эмитент) ақша қаражатын немесе басқа қаржылық активті басқа тарапқа (иесі) үлестіруге немесе қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді эмитент үшін потенциалды тиімсіз болатын келісімшарттар бойынша иесімен айырбастауға қаржылық құрал бойынша келісімшарттық міндеттемесінің болуы.Себебі үлестік құралды ұстаушының дивидендтердің немесе капитал есебінен бөлінетін басқа да құралдардың пропорционалдық үлесін алуға құқығы болады, өйткені эмитент келісімшарт бойынша осы құралдарды бөлуге міндетті емес, одан басқа ақша құралдары ұйымын немесе өзге қаржылық активті талап етуге болмайды.
18. Қаржылық құралдың ұйымның есебінде немесе қаржылық жағдайында жіктелуін қаржылық құралдың заңдық пішіні емес, оның шын мәні анықтайды. Шын мәні және заңдық пішіні әдетте тұрақты болады, бірақ әрқашан олай емес. Кейбір қаржылық құралдарда үлестің заңдық пішіні болады, бірақ шын мәнінде олар міндеттеме болады және басқаларында акцияларға қатысты белгілер және қаржылық міндеттемелерге қатысты белгілер бірігіп кездеседі. Мысалы:
(a) эмитенттің болашақта белгіленген немесе белгілі бір күні белгіленген, немесе белгілі бір сома бойынша оның міндетті өтелуін көздейтін, не ұстаушыға эмитенттен осы құралды нақты бір күні немесе одан кейін белгіленген, немесе белгілі бір бағамен сатып алуды талап ету құқығын беретін кез келген артықшылықты акция қаржы міндеттемесі болып табылады.
(b) иесіне эмитентке ақша қаражаты немесе басқа қаржылық актив орнына қайтаруға құқық беретін қаржылық құрал («мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал») 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес акциялар ретінде жіктелген құралдардан басқасы қаржылық міндеттеме болып табылады. Қаржылық құрал, тіпті ақша немесе басқа қаржылық активтерінің мөлшері көбею немесе азаю мүмкіндігі бар индекс немесе басқа бірлік негізінде анықталғанда да, қаржылық міндеттеме болып табылады. Құралдың иесінің оны эмитентке ақша қаражаты немесе өзге де актив орнына қайтару мүмкіндігінің болуы мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал, 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес акциялар ретінде жіктелген құралдардан басқасы қаржылық міндеттеменің анықтамасына сай келетіндігін білдіреді. Мысалы, мерзімсіз өзара қорлар, пай инвестициялық қорлары, серіктестіктер және кейбір кооперативтік ұйымдар өз пай иелеріне немесе мүшелеріне эмитенттегі өз пайыздарын кез келген уақытта ақша қаражатына айырбастау құқығын бере алады, бұның нәтижесінде пай иелерінің немесе мүшелерінің пайыздары, 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес акциялар ретінде жіктелген құралдардан басқасы, қаржылық міндеттемелер деп жіктеледі. Алайда, қаржылық міндеттеме ретінде жіктеу акционерлік үлесі жоқ ұйымның (кейбір өзара қорлар, пай инвестициялық қорлары сияқты, 7 көрнекі мысалдарды қараңыз) қаржылық есебіндегі «пай иелеріне тән нетто-актив құны» және «пай иелеріне тән нетто-актив құнының өзгерісі» сияқты сөз тіркестерін қолданылуына немесе мүшелердің пайыздарының жиынтығы үлестің анықтамасына сай келетін резервтер сияқты қаржылық жағдай туралы есеп баптарынан және үлес анықтамасына сай келмейтін мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралдардан тұратындығын көрсету үшін қосымша ақпаратты ашып көрсетудің қолданылуына кедергі жасамайды (8 көрнекі мысалдарды қараңыз).
19. Егер ұйымның келісімшарттық міндеттемені өтеу үшін ақша қаражатын немесе басқа қаржылық активті үлестіруден бас тартуға шүбәсіз құқығы болмаса, міндеттеме, 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес акциялар ретінде жіктелген құралдардан басқасы, қаржылық міндеттеменің анықтамасына сай болады. Мысалы:
(а) ұйымның міндеттемені орындаудағы шектеулі қабілеттерді, шетелдік валютаның жетіспеушілігі немесе реттеуші органдардан төлеуге рұқсаттылықтың алу қажеттілігі ұйымды оны келісімшарт міндеттемесінен босатпайды және осы құрал бойынша иеленушінің келісімшарт құқығын тоқтатпайды.
(b) ұйымның ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті бермеуге сөзсіз құқығы болмағандықтан, контрагенттің мерзімінен бұрын өтеуге өз құқығын орындауға негізделген келісімшарттық міндеттемесі.
20. Ақша қаражаттарын немесе басқа да қаржы активін беруге тікелей келісімшарт міндеттемесі пайда болмауына байланысты қаржы құралының талаптары бойынша жанама міндеттеме пайда болуы мүмкін. Мысалы:
(a) қаржы құралына, егер ұйым төлемдерді жүзеге асырмағанда немесе құралдарды өтеуін төлеп қайта сатып алмағанда ғана, реттелуі тиіс қаржылық емес міндеттеме қоса жүре алады. Егер ұйым қаржылық емес міндеттеме есебінен ақша қаражатын аударуды немесе басқа қаржы активін аударуды болдырмағанда, осындай қаржы құралы қаржы міндеттемесі болып табылады;
(b) егер қаржы құралының талаптары бойынша ұйым өтеу кезінде мыналарды:
(i) ақша қаражатын немесе басқа да қаржы активін; не (ii) құны ақша қаражатының немесе басқа да қаржы активінің құнынан елеулі жоғары болатын өзінің меншікті акцияларын берген жағдайда, ол қаржы міндеттемесі болып табылады.
Ұйымның ақша қаражатын немесе басқа да қаржы активтерін беруге тікелей келісімшарт міндеттемесі болмағанына қарамастан акцияларды альтернативті есептеудің құнын ұйым ақша қаражаттарымен есептеуді қалайтын болады. Кез келген жағдайда ұстаушыға ең болмағанда ақшалай нысандағы есеп сомасына тең болатын соманы алуға кепілдік беріледі.
Ұйымның меншікті акцияларымен есептесуі (16(b)-тармақ)
21. Келісімшарт ұйымның меншікті акцияларды алуға немесе ұсынуға әкеліп соқтыра алмайтындықтан, үлестік құрал болып табылмайды. Алынуы немесе берілуі тиісті ұйымның меншікті акцияларының әділ құны келісімшарт құқығының немесе міндеттеменің сомасына тең болып вариацияланатындай, ұйым меншікті акцияларының немесе басқа акциялардың кейбір мөлшерін алуға немесе беруге келісімшарт құқығына немесе міндеттемесіне ие бола алады. Осындай келісімшарт құқығы немесе міндеттемесі белгіленген соманың немесе кез келген айнымалы шаманың ауытқуымен байланысты жартылай немесе толық ауысатын соманың алуын немесе ұсынуын алдын ала қарастыра алады (мысалы, пайыз мөлшерлемесі, тауар бағасы немесе қаржы құралының құны). Төменде екі мысал келтірілген: (а) 100 а.б.[1] сомасында ұйымның жеке акцияларын беру туралы келісімшарт, және (b) оған сәйкес ұйым алтынның құны 100 унция эквивалентін құрайтын мөлшері жеке акцияларын беруі тиіс келісімшарт. Осындай келісімшарт ұйымның, оның жеке акцияларын беру жолымен келісімшартты реттеуі тиіс болса да немесе реттей алса да, қаржы міндеттемесі болып табылады. Келісімшарт ұйым жеке акциялардың айнымалы мөлшерін осы келісімшарт бойынша есеп айырысу құралы ретінде пайдаланғандықтан, үлестік құрал болып табылмайды. Осыған сәйкес, осы келісімшарт ұйым барлық міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерге қатысудың қалдық үлесінің болуын куәландырмайды.
22. 22А тармағында баяндалғаннан басқа жағдайларда, ұйымның өз қаржылық құралдарының бекітілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшерінің орнына (қабылдауы немесе) үлестіруі арқылы есептесетін келісімшарт үлестік құрал болып табылады. Мысалы, қарама қарсы тарапқа ұйым акцияларының белгілі бір мөлшерін белгілі бір бағаға немесе қарызды міндеттеменің белгілі бір белгіленген негізгі сомасына сатып алуына құқық беретін акция опционы үлестік құрал болып табылады. Төленетін немесе қабылданатын өзге қаржылай акциялар немесе қаражаттың сомасына немесе қабылданатын немесе жеткізілетін үлестік құралдар санына әсер етпейтін пайыздың нарықтық мөлшерлемелеріндегі құбылулардан туындайтын келісім шарттың әділ құнындағы өзгерістер келісім шарт жасасу барысында келісім шарттың үлестік құрал болуына кедергі болмайды. Кез келген төленген төлем (сатып алу құқығы үшін төленген сыйақы тәрізді) үлестен тікелей алынып тасталады. Үлес құралының әділ бағасындағы өзгерістер қаржы есептілігінде танылмайды.
22А Егер ұйымның келісімшарт бойынша есептескеннен кейін ұйым қабылдайтын немесе үлестіретін өз акциялары 16А және 16В тармақтарында сипатталған барлық белгілері бар және келісімшарттарға сай мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар қаржылық құралдар болса, немесе ұйымға басқа бір тарапқа ұйымның нетто-активінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіруге міндеттемені жүктейтін 16С және 16D тармақтарында сипатталған барлық белгілері бар және келісімшарттарға сай құралдар болса, келісімшарт қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме болып табылады. Бұған ұйымның осындай құралдардың бекітілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшерінің орнына (қабылдауы немесе) үлестіруі арқылы есептесетін келісімшарт кіреді.
23. 16А және 16В тармақтарында немесе 16С және 16D тармақтарында сипатталған жағдайларды қоспағанда, құрамына ұйымға жүктелетін өз акцияларын ақша немесе басқа қаржылық активке сатып алуға міндеттеме кіретін келісімшарт өтеу мөлшерінің дисконтталған құнына (мысалы, аванстық қайта сатып алу бағасының,опционды жүзеге асыру бағасының немесе басқа өтеу сомасының дисконтталған құнына) қаржылық міндеттемені тудырады. Тіпті келісімшарттың өзі үлестік құрал болса да бұл жағдай орын алады. Мысал ретінде ұйымның ақша қаражатына меншікті акцияларын алуға форвордтық келісімшарт бойынша міндеттемеге ие болған жағдайды келтіруге болады. 9 ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес қаржы міндеттемесін алғашқы тану кезінде оның әділ құны (өтеу сомасының дисконтталған құны) капиталдан қайта жіктеледі. Салдарынан осы қаржы міндеттемесі 9 ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес бағаланады. Егер келісімшарт мерзімінің аяғына дейін ол орындалмаса, қаржы міндеттемесінің қаржылық жағдай туралы есептік құны капиталға қайта жіктеледі. Ұйымның жеке акцияларын сатып алуы тиісті болатын ұйымның келісімшарт міндеттемесі өтеу сомасының дисконтталған құнына қатысты, сатып алу бойынша міндеттеме контрагенттің өзінің мерзімінен бұрын өтеуге құқығымен өткізумен қамтылған болса да, қаржы міндеттемесінің пайда болуына әкеліп соқтырады (яғни, сатып алуға арнап жазылған опцион контрагентке ұйымның меншікті үлестік құралын оның өзіне белгіленген баға бойынша сатуға құқық береді).
24. Ұйымның меншікті акцияларының айнымалы мөлшерінің орнына ақша қаражатының немесе басқа да қаржы активінің айнымалы сомасын алуы немесе беруі жолымен жүзеге асырылатын есептеу бойынша келісімшарт қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі болып табылады. Мысал ретінде соған сәйкес ұйым құны алтынның 100 унциясына тең болатын ақша қаражатының сомасының орнына 100 меншікті акцияларын беруіне тиіс болатын келісімшартты келтіруге болады.
Шартты өтеу бойынша бағалау міндеттемелері
25. Қаржылық құрал құралдың эмитентінің және иесінің екеуі де қадағалай алмайтын, қор биржасы индексінің, тұтыну бағалары индексінің, пайыздық мөлшерлеменің немесе салық заңдарының өзгерісі, немесе эмитенттің болашақ табысы, таза пайдасы немесе міндеттемелерінің үлеске қатынасы сияқты екі ұшты болашақ оқиғалар пайда болған немесе пайда болмаған жағдайда (немесе екі ұшты жағдайлардың нәтижесі бойынша) ұйымның ақша қаражатын немесе басқа қаржылық активті үлестіруін немесе қаржылық міндеттемелерге тән басқа жолдармен өтеуді талап етуі мүмкін. Осындай құралдың эмитентінің ақша немесе басқа қаржылық активті үлестіруден (немесе қаржылық міндеттемелерге тән басқа жолдармен өтеуден) бас тартуға шүбәсіз құқығы жоқ. Сондықтан, егер төмендегідей болмаса, бұл эмитенттің қаржылық міндеттемесі болып табылады:
(a) шартты өтеу келісімшартының ережелерінің ақшамен немесе басқа қаржылық активпен өтеуді (немесе қаржылық міндеттемелерге тән басқа жолдармен өтеуді) талап етуі мүмкін бөлігі ақиқат емес;
(b) эмитентке міндеттемені ақшамен немесе басқа қаржылық активпен өтеу (немесе қаржылық міндеттемелерге тән басқа жолдармен өтеу) туралы талап, тек эмитенттің жойылуы жағдайында ғана, қойылуы мүмкін, немесе
(c) құралдың 16А және 16В тармақтарындағы барлық белгілері бар және шарттарға сай.
Есептесу тәсілдері
26. Бір тарап туынды қаржы құралы бойынша есептеу тәсілін таңдауға мүмкіндік алған кезде (мысалы, эмитент немесе осындай құралды ұстаушы есептеуді ақша қаражатымен қарсы талап ету жолымен немесе акцияларды ақша қаражатына айырбастау нысанында таңдай алады), осындай құрал, егер барлық балама тәсілдердің нәтижесінде ол үлестік құрал болып қалмаған жағдайда, қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі болып табылады.
27. Есеп айырысу тәсілін таңдай отырып туынды қаржы құралының қаржы міндеттемесін білдіруге ол бойынша эмитент есеп айырысуға шешім қабылдай алатын не ақша қаражаттарымен қарсы талаптарды есептеу арқылы, не меншікті акцияларды ақша қаражатына айырбастау арқылы есеп айырысуды жүргізуге шешім қабылдай алатын акцияларға арналған опцион мысал болып табылады. Осылайша, ұйымның меншікті акцияларының орнына қаржылық емес құралды сатып алуға немесе сатуға жасалатын кейбір шарттар осы Стандартты қолдану аясында болады, себебі олар бойынша есеп айырысу не қаржылық емес құралды ұсыну арқылы не ақша қаражаттарымен немесе өзге де қаржы құралдарымен қарсы талаптарды есептеу арқылы жүргізілуі мүмкін (8-10-тармақтарды қараңыз). Осындай шарттар қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері болып табылады және акциялар болып табылмайды.
Құрастырмалы қаржы құралдары (сонымен қоса AG30-AG35-тармақтарды және 9-12-көрнекілендірілген мысалдарды қараңыз)
28. Туынды емес қаржы құралының эмитенті осы құралды оның ішінде бірдей уақытта міндеттеменің құрамдас бөлігінің де және капиталдың құрамдас бөлігінің де болуына бағалауы тиіс. Осындай құрамдас бөліктер 15-тармаққа сәйкес қаржы міндеттемелері, қаржы активтері немесе акциялар сияқты бөлек-бөлек жіктелуі тиіс.
29. Ұйым (а) оның қаржы міндеттемесін тудыратын және (b) бұл құралды ұстаушы үшін осы ұйымның оны үлестік құралға жіберуге мүмкіндік беретін қаржы құралының құрамдас бөлігін бөлек таниды. Мысалы, ұстаушы ұйымның әдеттегі акциялардың белгіленген санына жібере алатын облигация немесе ұқсас құрал құрама қаржы құралы болып табылады. Эмитент позициясы тұрғысынан осындай құрал екі құрамдас бөліктен тұрады: қаржы міндеттемесінен (ақша қаражатын немесе басқа да қаржы активін беру туралы шарттық келісім) және үлестік құралдан (уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде ұстаушыға оны опционды ұйымның әдеттегі акцияларының белгіленген санына айырбастау құқығын беретін сатып алуға арналған опцион). Осындай құралды шығару іс жүзінде борыштық құралды мерзімінен бұрын өтеу және әдеттегі акцияларды сатып алуға арналған варранттар немесе акцияларды сатып алуға арналған бөлектелетін варранттары бар борыштық құралдарды шығару келісімшартымен борыштық құралды бір мезгілде шығарумен бірдей экономикалық нәтиже береді. Осыған сәйкес, барлық жағдайда да ұйым өзінің қаржылық жағдай туралы есебінде міндеттеме және капиталдың құрамдас бөлігін бөлек көрсетеді.
30. Аударылатын құралдың құрамындағы міндеттеме және капиталдың құрамдас бөліктерінің жіктемесі опционды аударуға орындау мүмкіндігі өзгеру кезінде, осындай құралдарды кейбір ұстаушылардың ойынша мұндай опционның орындалуы экономикалық тиімді болған жағдайдың өзінде де, қайта қаралуға жатпайды. Құралдарды ұстаушылар әрқашан да күткендегідей әрекет етпеуі мүмкін, мысалы, себебі айырбастаудың салыққа қатысты салдарлары әртүрлі ұстаушылар үшін әртүрлі болуы мүмкін. Соған қоса, кейбір кездері айырбастау ықтималдығы өзгереді. Ұйымның болашақтағы төлемдерді жүзеге асыруға арналған келісімшарттық міндеттемесі құралды өтеу күнінің басталуына немесе қандай да бір басқа операцияның нәтижесіне байланысты айырбастау жолымен өтелгенге дейін орындалмаған күйінде қалады.
31. 9 ХҚЕС (IFRS) қаржы активтерінің және қаржы міндеттемелерінің бағалау мәселелерін сәйкесінше реттейді. Акциялар ұйым барлық міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерге қатысудың қалдық үлесінің болуын куәландыратын құралдар болып табылады. Осыған сәйкес, құрастырмалы қаржы құралының алғашқы қаржылық жағдай туралы есептік құны капитал және міндеттеме құрамдас бөліктерінің арасында бөлінген кезде, капиталдың құрамдас бөлігіне жалпы құралдың әділ құнынан міндеттеме құрамдас бөлігі үшін бөлек анықталатын сомасын шегеріп тастағаннан кейін қалған сома жатқызылады. Құрастырмалы қаржы құралына кіріктірілген, капиталдың құрамдас бөлігін (мысалы, үлестік бағалы қағаздарға жіберілетін опцион) қоспағанда, кез келген туынды элементтерінің (мысалы, сатып алуға арналған опцион) құны міндеттеменің құрамдас бөлігіне жатқызылады. Міндеттеме және капитал құрамдас бөліктері жатқызылған қаржылық жағдай туралы есептік құндардың сомасы бастапқы тану кезінде әрқашан да тұтастай құралға жатқызылған әділ құнға тең болады. Құрал құрамдас бөліктерінің бөлек танылуы пайданың немесе шығынның пайда болуына әкеліп соқтырмайды.
32. 31-тармақта көрсетілген тәсілдер ауқымында әдеттегі акцияларға аударылатын облигациялардың эмитенті әуелі қандай да бір капиталдың құрамдас бөлігімен байланысы жоқ, ұқсас міндеттеменің (кез келген кіріктірілген туынды үлестік емес элементтерді қоса алғанда) әділ құнын бағалау жолымен міндеттеменің құрамдас бөлігінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын анықтайды. Одан кейін құрастырмалы қаржы құралы құнынан қаржы міндеттемесінің әділ құнын шегеру жолымен тұтастай алғанда оны әдеттегі акцияларға айырбастауда опцион түрінде үлестік құралдың қаржылық жағдай туралы есептік құны анықталады.
Акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар (сонымен қоса AG36-тармақты қараңыз)
33. Егер ұйым өзінің акцияларын қайта сатып алса, бұл құралдар («қазынашылық акциялар») капиталдан шегеріліп тасталуы тиіс. Ұйымның меншікті акцияларын сатып алу, сату, шығару немесе жою кезінде пайдалар және шығындар есебіндегі қандай да бір пайда немесе шығын танылмайды. Осындай қазынашылық акциялар сатып алынуы немесе ұйымның немесе басқа да шоғырландырылған топтың басқаруында болуы мүмкін. Төленген немесе алынған қарсы ұсыну тікелей капиталда танылуы тиіс.
34. Қазынашылық акциялар құны 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС-ының (IAS) талаптарына сәйкес не қаржылық жағдай туралы есептің өзінде, не оның ескертпелерінде бөлек ашылады. Егер ұйым байланысты тараптардан өзінің акцияларын қайта сатып алса, онда ол 24 Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес ақпаратты ашады.
Пайыздар, дивидендтер, залалдар және басқа да пайдалар (сонымен қоса AG37-тармақты қараңыз)
35. Қаржы міндеттемесі ретінде жіктелген қаржы құралына немесе оның құрамдас бөлігіне жатқызылатын пайыздар, дивидендтер, шығындар және пайдалар есебіндегі табыстар және шығыстар сияқты көрсетілуі тиіс. Акцияларды ұстаушыларға кіріс төлеуді ұйым тікелей, табысқа капитал бойынша танылуы тиіс. Ұйымды сатып алуға тікелей байланысты акциялардың өзін шығаруға жұмсалған шығындарды қоспағанда, акциялары бар мәміле бойынша шығындар табысқа салынатын салық бойынша кез келген тиісті жеңілдіктерді есептемей капиталдан шегерім түрінде көрінуі тиіс.
35А Акцияларды ұстаушыларға кіріс төлеуге қатысы табыс салығы және мәміле бойынша шығындар 12-ші ХҚЕС(IAS) Табыс салықтарына сәйкес есептеледі.
36. Қаржы міндеттемесі немесе үлестік құрал ретінде қаржы құралдарының жіктемесі осындай құралға жатқызылатын пайыздар, дивидендтер, шығындар және пайдалар пайда және шығындар шотында кіріс немесе шығыстар ретінде көрінуін алдын ала анықтайды. Осыған сәйкес, міндеттемелер ретінде толық танылған акциялар бойынша төленетін дивидендтер, облигациялар бойынша пайыз шығыстар ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда қаржы міндеттемелерін өтеумен немесе қайта қаржыландырумен байланысты пайдалар және шығындар пайда және шығын есебінде көрінеді, сонымен қатар есептіліктегі акцияларды өтеу және қайта қаржыландыру өзгеріс ретінде көрінеді. Қаржы есептілігі үлестік құралдың әділ құнындағы өзгертулерді танымайды.
36. Шынында, ұйымның меншікті акцияларды шығарумен немесе сатып алумен байланысты әртүрлі шығасылары бар. Осы шығасыларға тіркеу және басқа да міндетті алымдар, заңгерлерге, аудиторларға және басқа да кәсіби консультанттарға берілетін сыйақы, мөр және гербтік алымдарға жиналатын шығыстар жатқызылуы мүмкін. Акциялармен мәміле бойынша шығындар керісінше жағдайда алдын алуға болатын акциялармен мәмілеге жатқызылатын қосымша немесе тікелей шығынды білдірген жағдайда капиталдан шегерім (пайдаға салынатын салық бойынша қандай да болмасын жеңілдікті есептемегенде) ретінде көрсетіледі. Жүзеге асырылмаған акциялармен мәміле бойынша шығындар шығыстарға жатқызылуы тиіс.
37. Құрастырмалы қаржы құралын шығарумен байланысты шығындар осы құралдардың құрамындағы түсімнің бөлінуіне теңбе-тең міндеттеменің құрамдас бөлігіне және үлестік құрамдас бөлікке бөлінеді. Бір мәмілеге бірден артық емес жатқызылатын жиынтық шығындар ұқсас мәмілелермен келісілген рационалдық негізде осы мәмілелердің арасында бөлінеді.
38. Есеп беру кезеңінен кейінгі капиталдан шегеру ретінде есепте көрсетілетін мәмілелер бойынша шығындар сомасы 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес бөлек ашылады. Капиталда тікелей танылған табысқа салынатын салықтардың тиісті сомасы 12 Пайдага салынатын салықтар ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес ашылуы тиісті капитал шотының кредит немесе дебет бойынша көрсетілетін пайдаға салынатын ағымдағы және кейінге қалдырылған салықтардың жиынтық сомасына кіреді.
39. Шығыстар ретінде жіктелген дивидендтер толық табыс туралы есепте немесе бөлек табыс туралы есепте (егер ұсынылса) не басқа міндеттемелер бойынша пайыздармен, не жеке баппен ұсынылуы мүмкін. Осы Стандарттың пайыздар және дивидендтер туралы ақпаратты ашу талаптарымен қатар, 1 ХҚЕС (IAS) талаптары қолданылады.
40. Қаржы міндеттемесінің қаржылық жағдай туралы есептік құнының өзгерістерімен байланысты пайдалар және шығындар, ақша қаражатына немесе басқа да қаржы активінің орнына ұйым активтеріне қалдық үлесте қатысуға құқығын қосатын құралға қатысты болған жағдайда да, пайдалар және шығындар туралы есебінде кірістер немесе шығыстар ретінде көрінеді ((18 b) тармақты қараңыз). 1 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес ұйым осындай құралды қайта бағалауымен байланысты пайда болған кез келген пайдаларды және шығындарды ұйым қызметінің нәтижесін анықтау үшін маңызды болған кезде бөлек пайдалар және шығындар туралы есепте ұсынады.
41. Қаржылық міндеттеменің баланстық құнының өзгерісімен байланысты кіріс пен шығын, ұйым активтерінің ақша қаражаттарына немесе басқа қаржылық активке айырбастаудың қалдық үлесіне құқығы бар құралға жатса да, кіріс пен шығыс ретінде пайда мен залалда көрсетіледі (18 (b) тармағын қараңыз). 1 ХҚЕС (IAS) аясында ұйымның қызметі жөнінде ақпарат ұсынған уақытта осындай құралды қайта бағалаудан болған пайда мен залалды жиынтық табыс есептілігінде жеке көрсетеді.
Қаржы активтерін және қаржы міндеттемелерін есепке алу (сонымен қоса, AG38 және AG39-тармақтарын қараңыз)
42. Қаржы активі және қаржы міндеттемесі бір-біріне қарсы есепке алынуы тиіс, ал нетто-сома қаржылық жағдай туралы есепте тек қана мынадай жағдайларда ұсынылуы тиіс:
(a) ұйым ағымдағы уақытта танылған сомаларды есептеуге заңды құқығына ие болған жағдайда; және
(b) ұйымның не қарсы талаптарды есептеу жолымен есеп айырысу жасау, не бір уақытта активті өткізіп және міндеттемені орындау ниеті болған жағдайда.
Тануды тоқтату талаптарына түспейтін қаржы міндеттемесі беруді есептеу кезінде ұйымның жіберілген активтің және қатар жүретін міндеттеменің өзара есептелуін шығаруға құқығы жоқ (9 ХҚЕС-ынатың (IFRS) (3.2.22-тармағын қараңыз)).
43. Осы Стандарт есептілікте нетто-негіздегі қаржы активтерін және қаржы міндеттемелерін ұсынуды ол ұйым күтетін екі немесе одан да көп бөлек қаржы құралдары ағындары көрсететін жағдайда ғана талап етеді. Ұйымның бір нетто-саны қабылдай немесе төлеу ниеті болған жағдайда, оның негізінен бір ғана қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі бар. Басқа жағдайларда сипаттамадан шыға отырып, ресурс немесе ұйым міндеттемесі ретінде қаржы активтері және қаржы міндеттемелері бір-бірінен бөлек ұсынылады.