44. Танылған қаржы активінің қаржы міндеттемесіне қарсы есептеу және нетто-соманы есептілікте ұсыну қаржы активін немесе міндеттемесін тануды тоқтатумен бірдей емес. Өзара есептесудің табысты немесе шығынды тану салдары болмаған кезде, қаржы құралын тануды тоқтату бұрын танылған бапты қаржылық жағдай туралы есептен шығарумен қатар, табыстың және шығынның танылуына әкеліп соқтырады.
45. Өзара есептеуге арналған құқық дебитордың кредиторға берешектің барлық сомасын немесе бір бөлігін оған кредитордан алынуға жататын берешек сомасын қарсы қоя отырып, реттеу немесе элиминирлеуге арналған келісімшартта немесе өзгеше түрде айқындалған заңдық құқығы болып табылады. Дебитордың, сирек жағдайларда, өзара есеп айырысуға дебитордың құқығының бар екенін біржақты көрсететін үшжақты келісім болған жағдайда ғана кредиторға борыштың сомасына қарсы есептеу үшін үшінші тұлғадан алынуға жататын соманы пайдалануға арналған заңды құқығы болуы мүмкін. Өзара есеп айырысу құқығы заңды құқық болып табылатындықтан, осы құқық негізге алатын келісімшарттар әртүрлі заңдық ортада әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан тараптар арасындағы қатынастарға қолданылатын заңдарды назарға алған жөн.
46. Қаржы активін және қаржы міндеттемесін өзара есептеуге заңды құқығының болуы, қаржы активімен және қаржы міндеттемесімен байланысты құқықтар мен міндеттемелерге ықпал етеді және ұйымның кредиттік тәуекелдікке және өтімділік тәуекелдігіне ұшырауына ықпал етуі мүмкін. Шындығында, құқықтың болуы өздігінен өзара есептеуге жеткілікті негіз болып табылмайды. Осы құқықты пайдалану немесе міндеттемелер бойынша бір мезгілде есептесуді жүргізу ниеті болмаған кезде ұйымның болашақ күтілетін ақша қаражатының мөлшері және уақыт бойынша бөлу өзгеріссіз қалады. Ұйым өзінің құқығын пайдалану немесе бір мезгілде есептесу жүргізуге ниеттенген кезде нетто-негізде активтер мен міндеттемелерді ұсыну күтілетін ақша қаражатының болашақтағы ағынының шамасын және уақыт бойынша бөлуді, сондай-ақ осы ағындар ұшырайтын тәуекелдікті неғұрлым дәл көрсетеді. Тараптардың біреуінің немесе екеуінің де тиісті заңдық құқығы болмаған кезде қарсы талаптарды есептеу жүргізу ниетінің болуы, жекелеген қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелерге байланысты құқықтар мен міндеттемелер өзгермейтіндіктен, осындай есептеу үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.
47. Ұйымның нақты активтерді және міндеттемелерді есептеу ниетіне оның шаруашылық қызметтегі әдеттегі тәжірибесінің, қаржы нарығының жағдайлары және қарсы талаптарды немесе бір мезгілдегі есептеу мүмкіндігін шектей алатын басқа да міндеттемелер әсер ете алады. Ұйымның есептеуге құқығы бола тұрып, бірақ ол қарсы талаптарға есептеме жасау ниеті болмаса, бір мезгілде активті іске асыруды және міндеттемені өтемесе, ұйым ұшырайтын кредит тәуекелдігіне осы құқықтың әсері 7 ХҚЕС-тың (IFRS) 36-тармағына сәйкес ашылады.
48. Екі қаржы құралы бойынша міндеттемелерді бір мезгілде, мысалы, ұйымдастырылған қаржы нарығында клирингтік төлем арқылы немесе тараптар арасындағы тікелей айырбас кезінде өтей алады. Мұндай жағдайда істің мәніне қарай ақша қаражатының ағындары бір нетто-соманың баламалары, ал кредит тәуекелдігіне немесе күшін жою тәуекелдігіне ұшырау қаупі жоқ. Басқа жағдайларда ұйым жеке сомаларды алу және активтің толық сомасына кредит тәуекелдігіне немесе міндеттемелерінің барлық сомасына жою тәуекелдігіне ұшырай отырып, екі құрал бойынша есептеме жүргізе алады. Осындай тәуекелдікке ұшырау қаупі елеулі болуы мүмкін, бірақ салыстырмалы түрде ұзаққа созылмайды. Осыған сәйкес, қаржы активінің жүзеге асырылуы және қаржы міндеттемесінің өтелуі мәмілелер бір уақытта өткен кезде ғана бір мезгілді болып табылады.
49. 42-тармақта аталған талаптар:
(a) бір қаржы құралының қасиетін шығару үшін (атап айтқанда, «синтетикалық құралдың» бірнеше әртүрлі қаржы құралдары пайдаланғанда);
(b) қаржы активтері және қаржы міндеттемелері бастапқы тәуекелдіктері бірдей қаржы құралдарына байланысты пайда болғанда (мысалы, форвардтық келісімшарттардің сол портфелінің немесе басқа туынды құралдардың құрамдас бөлігіндегі активтер және міндеттемелер), бірақ әртүрлі контрагенттермен байланысты болған;
(c) регресс құқығынсыз қаржы міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде кепілдікке қаржы немесе басқа да активтер берілген;
(d) міндеттемелерді өтеу есебінен бұл активтерді кредит берушінің қабылдауынсыз міндеттеме бойынша есептеу үшін қаржы активтерін борышкер трастқа берді (мысалы, өтеу қоры); немесе
(e) сақтандыру келісімшарты бойынша талап қоюшы арқылы үшінші тараптан
өтемақы алынуы мүмкін жағдайда жалпы қанағаттандырылмайды, және өзара сынақ әдетте жүргізілмейді.
50. Бір контрагентпен қаржы құралдары бар бірнеше мәмілені жүзеге асыратын ұйым онымен «өзара есептесу туралы бас мәмілені» жасаса алады. Осындай мәміле кез келген келісілген келісімшарттар орындалмаған немесе тоқтатылған жағдайда мұндай мәміле таратылатын барлық қаржы міндеттемелері бойынша қарсы талаптардың бір мезгілді есептеуін қарастырады. Осы мәмілелерді қарсы ұйымдар банкрот болған жағдайда шығындардан немесе контрагент өзінің міндеттемелерін орындау қабілеті болмау нәтижесінде басқа міндеттемелерден сақтайды. Өзара есептеме жасау туралы бас келісім арқылы белгілі бір талапты орындамаған немесе істің барысы қалыпты болған жағдайда туындайды деп күтілмейтін басқа да жағдайларда ғана жекелеген қаржы активтерін немесе қаржылық міндеттемелерді іске асыруға немесе өтеуге ықпал ететін, әдетте заңдық күшке ие болатын қарсы талаптарға есептеме жүргізу құқығы белгіленеді. Өзара есептеме жасау туралы бас келісім 42-тармақта келтірілген өлшемдердің екеуі де қанағаттандырылмаса, өзара есептеме жасау үшін негіздеме болмайды. Өзара есептеме жасау туралы бас келісімнің мәні болып табылатын қаржы активтері немесе қаржылық міндеттемелер есептелмесе, ұйымның кредит тәуекелдігіне ұшырауына осы келісімнің ықпалы 7 (IFRS) ХҚЕС-ының 36-тармағына сәйкес ашылады.
51. −
95. [Жойылған]
Күшіне ену күні және өту кезеңі |
96. Ұйым осы Стандартты 2005 ж. 1 қаңтардан және осы күннен кейінгі басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануы тиіс. Стандартты мерзімінен бұрын қолдануға қолдау көрсетіледі. Ұйым осы Стандартты 2005 ж. 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданыла алады, 2004 ж. наурызда қабылданған түзетулерді қоса алғанда, бірақ 39 ХҚЕС-ты (IAS) (2003 ж. редакцияда) бірдей мезгілде қолдану келісімшартымен ғана. Егер ұйым осы Стандартты 2005 ж. 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, осы фактіні ашуға міндетті.
96А Жоюдан соң туындайтын мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдары жәнеміндеттемелер (32 ХҚЕС-ына (IAS) және 1 ХҚЕС-ына (IAS) түзетулер), 2008 жылдың ақпанында шығарылған, 16А және 16В тармақтарындағы немесе 16С және 16D тармақтарындағы белгілері бар және келісімшарттарға сай қаржылық құралдарды үлестік құрал деп жіктеуді талап етті, 11, 16, 17-19, 22, 23, 25, AG13, AG14 және AG27 тармақтарына түзтулер енгізді, 16А-16Ғ, 22A, 96B, 96C, 97C, AG14A-AG14J және AG29A тармақтарын қосты. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым өзгерістерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және ілеспелі түзетулерді 1 (IAS) ХҚЕС-қа, 39 ХҚЕС-қа (IAS), 7 ХҚЕС-қа (IFRS) және 2 ХҚЕСТК-ке (IFRIC) сол уақытта қолдануы тиіс.
96В Жоюдан соң туындайтын мерзімнен бұрын өтеу құқыгы бар қаржы құралдары және міндеттемелер қолданылу салаларын шектелген ерекшелік енгізді, сондықтан ұйым осы ерекшелікті ұқсастығына қарай қолданбауы тиіс.
96С Құралдардың осы ерекшелік бойынша жіктелуі осындай құрал жөнінде 1ХҚЕС(IAS), 32 ХҚЕС(IAS), 39 ХҚЕС(IAS), 7 ХҚЕС (IFRS) және 9 ХҚЕС(IFRS) бойынша есеп берумен шектелуі тиіс. Құрал үлестік құрал ретінде басқа құсқау бойынша, мысалы 2 ХҚЕС (IFRS) акцияға негізделген төлемдер ХҚЕС (IFRS) бойынша қарастырылмауы тиіс.
97. Осы Стандарт ретроспективті негізде қолданылуы тиіс.
97А 1 ХҚЕС (IAS) (2007 жылғы редакция) бойынша ХҚЕС-тарында (IFRS) қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 40 тармаққа түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын(IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
97В 3 ХҚЕС (IFRS) Бизнес бірлестіктері (2008 жылғы редакция) бойынша 4(с) тармағы алынып тасталды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 3 ХҚЕС-ын (IFRS) (2008 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс. Алайда, бизнес бірлестіктері үшін 3 ХҚЕС-ын (IFRS) (2008 жылғы редакция) қолдану түісм мерзімінің алдында болғандықтан туындаған шартты өтемақыға қатысты емес. Оның орнына, ұйым 3 ХҚЕС-ың (IFRS) (2010 жылғы редакция) 65А-65Е тармақтарына сәйкес осы тәрізді өтемақыны есепке алуға тиіс.
97С 96А тармақта сипатталған түзетулерді қолданғанда, ұйымнан басқа тарапқа нетто-активтің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіру міндеттемесі бар бірлескен қаржылық құралды бөлек міндеттеме және үлес компоненттеріне айыру талап етіледі. Егер міндеттеме компоненті өтелген болса, 32 ХҚЕС-қа (IAS) енгізілген түзетулерді ретроспективті қолдану үлестің екі компоненттін айырумен бірге жүреді. Бірінші компонент жинақталған үлестірілмеген таза пайда бойынша болады және міндеттеме компонентіне қосылған жинақталған пайызды көрсетеді. Басқа бір құраушы бөлігі бастапқы үлес компонентін көрсетеді. Сондықтан, егер, міндеттеменің құраушы бөлігі түзетулерді қолдану күнінде өтелген болса, ұйым осы екі құраушы бөлікті айырмаса да болады.
97D 4 тармаққа 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына (IAS) жетілдірулер бойынша түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және сол ертерек мерзім ішінде 2008ж. мамырында шығарылған 7 ХҚЕС-ының (IFRS) 3 тармағына, 28 ХҚЕС-ының (IAS) 1 тармағына және 31 ХҚЕС-ының (IAS) 1 тармағына енгізілген түзетулерді қолдануы тиіс. Ұйымның осы түзетулерді проспективті түрде қолдануына рұқсат етіледі.
97E 11 және 16 тармақтар 2009 жылдың қазанында шығарылған Құқықтар эмиссиясы жіктелуіне сәйкес өзгертілді. Ұйым бұл өзгерістерді 2010 жылдың 1 ақпанында немесе одан кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдерге қолданады. Аталған мерзімнен ертерек қолдануға тыйым салынады. Егер ұйым өзгерісті ертерек кезеңде қолданар болса, онда ол оны жария етуі тиіс.
97F [Жойылған]
97G 97В тармағы 2010 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-қа Жетілдірулер (IFRS) арқылы өзгертілді. Ұйым бұл өзгерістерді 2010 жылдың 1 шілдесінде немесе одан кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдерге қолданады. Ертерек қолданысқа рұқсат етіледі.
97Н [Жойылған]
97I 2011 жылы мамыр айында шығарылған 10 ХҚЕС және 11 ХҚЕС Бірлескен қызмет 4(a) және AG29 тармақтарын өзгертті. 10 ХҚЕС және 11 ХҚЕС қолданылғанда кәсіпорын осы өзгерістерді қолдану тиіс.
97J 2011 жылы мамыр айында шығарылған 10 ХҚЕС, 11 тармақтағы әділ құн анықтамасын және 23 пен AG31 тармақтарын өзгертті. Кәсіпорын осы өзгерістерді 13 ХҚЕС қолдану кезінде қолдану қажет.
97K 2011 жылы маусым айында шығарылған Басқа да жиынтық табыс шарттарын ұсыну (1 ХҚЕС(IAS) өзгеріс), 40-ы тармақты өзгертті. 2011 жылы маусым айында өзгертілгендей, кәсіпорын өзгерістерді 1 ХҚЕС(IAS) қолданған уақытта қолдануы тиіс.
97L 2011 жылы желтоқсан айында шығарылған Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің қозғалысы(32 ХҚЕС(IAS) түзетулер) AG38 тармағын өшірді AG38A-AG38F тармақтарын енгізді. Ұйым бұл өзгерістерді 2014 жылдың 1 желтоқсанында немесе одан кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдерге қолданады. Өзгерістер ретроспективті түрде қолданылу қажет. Ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер кәсіпорын өзгерістерді мерзімінен бұрын қолданса, осы жайт ашып көрсетілуі қажет.
97M 2011 жылы желтоқсан айында шығарылған Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің қозғалысы - ашып көрсету(7 ХҚЕС(IFRS) түзетулер) 7 ХҚЕС 13A тармағының аясында танылған қаржы активтері үшін 13B-13E тармақтарында талап етілген ақпаратты аша отырып, 43-ші тармақты өзгертті. Ұйым бұл өзгерістерді 2014 жылдың 1 желтоқсанында және сол жылдық кезеңнің аралық кезеңдерінде қолдануы тиіс. Кәсіпорын ретроспективті түрде осы өзгеріс талап ететін деректерді ұсыну қажет.
97N 2012 жылы мамыр айында шығарылған 2009-2011 Кезеғнңғ жылдық өзгертулері 35, 37 және 39 тармақтарын өзгертті және 35A тармақты енгізді. Ұйым бұл өзгерістерді 2013 жылдың 1 желтоқсанында немесе одан кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдерге 8 ХҚЕС Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер мен қателер сәйкес қолданады. Ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер кәсіпорын өзгерістерді мерзімінен бұрын қолданса, осы жайт ашып көрсетілуі қажет.
97O 2012 жылы қазан айында жарияланған Инвестициялық ұйымдар (10 ХҚЕС(IFRS), 12 ХҚЕС(IFRS), және 27 ХҚЕС(IAS)), 42A және 42B тармақтары өзгертілді және 40A тармағы енгізілді. Ұйым бұл түзетуді осы күннен немесе 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін қолдануға тиіс. Ертерек қолданысқа рұқсат беріледі. Егер ұйым түзетуді ертерек қолданса, ұйым бұл жайтты ашып көрсетуі тиіс және енгізілген барлық түзетулер қолданысқа енеді.
97P 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС (IFRS) 3, 4, 8, 12, 23, 31, 42, 96C, AG2 және AG30 тармақтарына түзету енгізіп 97F және 97H тармақтарын жойды. Ұйым 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС -ты (IFRS) қолданған кезде осы түзетулерді қолдануы тиіс.
Басқа құжаттардың жойылуы |
98. Осы Стандарт 2000 ж. қаралған 32 Қаржы құралдары: ацпаратты ұсыну ХҚЕС-ын (IAS) алмастырады.[2]
99. Осы Стандарт мынадай Түсініктерді ауыстырады:
(а) Қаржы құралдарын жіктеу - келісімшартты өтеу бойынша багалау міндеттемелері ТТК (SIC) 5-ті;
(b) Акционерлік капитал - қайта сатып алынган меншікті акциялары ТТК (SIC) 16-тыны; және
(с) Жекеменшік капитал - жекеменшік капиталымен операциялар бойынша шыгындар ТТК (SIC) 17-ні.
100. Осы Стандарт Қаржы құралдары - ұстаушылар сатып ала алатын құралдар немесе құқықтар ТТК (SIC) D34 Жарияланым жобасының күшін жоя алады.
Қосымша
Қолдану бойынша нұсқаулық
32 ХҚЕС (IAS) Қаржы құралдары: ұсыну
Қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігін құрайды.
AG1 Қолдану бойынша осы Нұсқама осы Стандарттың нақты ережелердің қолданылуын түсіндіреді.
AG2 Осы Стандарт қаржы құралдарының бағалануына немесе танылуына қатысты емес. Қаржы активтерін және қаржы құралдарын тану және бағалау талаптары 9 ХҚЕС-та (IFRS) келтірілген.
Қаржы активтері және қаржы міндеттемелері
AG3 Валюта (ақша қаражаты) - айырбас құралы және осылайша, қаржы есептілігінде бағалау және барлық міндеттемелердің танылуы жүзеге асырылатын негіз болып табылатындықтан, бұл қаржы активі болып табылады. Банкте немесе осындай қаржы мекемесінде ақша депозиті қаржы активі болып табылады, сондықтан ол салымшының осы мекемеден ақша алуға немесе чек жаздыруға немесе кредитордың пайдасына қаржылық міндеттеме бойынша шотқа төлем жасауға келісімшарт бойынша құқығын білдіреді.
AG4 Болашақта ақша қаражаттарының келісімшарты бойынша талап ету құқығын қарастыратын, сонымен қоса болашақта төлемдерді жүзеге асыру келісімшарты бойынша міндеттемені қарастыратын қаржы міндеттемелерінің жалпыға таныс мысалдары мыналар болып табылады:
(a) сауда операциялары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздары;
(b) алуы және төлеуі бойынша вексельдер;
(c) алуына және төлеуіне қарыз бойынша қарыздар; және
(d) алуына және төлеуіне облигация бойынша сомалар.
Әрбір жағдайда келісімшартта келісілген бір жақтың ақша қаражатының талап ету құқығы (немесе төлеу бойынша міндеттеме) екінші жақтың ақша қаражатының тиісті төлеу бойынша міндеттемесімен (немесе талап ету құқығымен) қамтамасыз етіледі.
AG5 Қаржы құралының басқа түрі алуға немесе жіберуге болжанатын келісімшарт бойынша экономикалық пайдасы ақшалай емес нысандағы қаржы активі болып табылатын құрал болып табылады. Мысалы, төлем жасау мемлекеттік облигациялар нысанында жүзеге асырылатын вексель иеленушіге ақша қаражаттарын емес, мемлекеттік облигацияларды алуға келісімшарт құқығын, ал эмитентке - беруге арналған келісімшарт міндеттемесін береді. Облигациялар оларды шығарған үкіметтің ақша құралдарын төлеу міндеттемелерін білдіретіндіктен, қаржы активтері болып табылады. Осылайша, вексель оның иеленушісінің қаржы активі және оның эмитентінің қаржы міндеттемесі болып табылады.
AG6 «Мәңгілік» облигациялар, қамтамасыз етілмеген облигациялар және реттелген борыштық міндеттемелер сияқты «мәңгілік» борыштық құралдар әдетте оның иеленушісіне белгіленген күндерде пайыз төлемдерін алуға не негізгі соманы қайтару құқығынсыз, не оны қайтару құқығымен, бірақ оны ықтималдығы аз немесе ұзақ болашаққа жатқызылған жағдайда болашақта уақыты белгіленбей таратылатын келісімшарт құқығын береді. Мысалы, ұйым тұрақты негізде жыл сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға талап ететін, 8 пайыз жария етілген мөлшерлемеге тең, жария етілген номиналды немесе 1,000 а.б.[3] негізгі сомаға қолданылатын қаржы құралын шығара аладьг. Шығару кезінде 8 пайыздық нарықтық пайыз мөлшерлемесінің құрайтынын ескере отырып, эмитент 1,000 а.б.-те әділ (дисконтталған) құн негізінде болашақ төлем пайыздарын шығаруға келісімшарт міндеттемесін қабылдайды. Құралдың ұстаушысы және эмитент қаржы активтері мен міндеттемелерін сәйкесінше иемденеді.
AG7 Қаржы құралының ұсынысын алуға немесе оларды ауыстыруға қарастыратын келісімшарт құқығы немесе келісімшарт міндеттемесінің өзі қаржы құралы болып табылады. Келісімшарт құқықтарының немесе келісімшарт міндеттемелерінің тізбегі, егер ол нәтижесінде ақша қаражатын алуға немесе төлеуге, не үлестік құралды алуға немесе шығаруға әкеліп соқтырса, қаржы құралының анықтамасына жауап береді.
AG8 Келісімшартта көзделген құқықты немесе келісімшарттық міндеттемені орындау талабын пайдалану қабілеттілігі абсолюттік болуы немесе болашақтағы қандай да болмасын оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, қаржы кепілдігі -кредитордың гаранттан ақша қаражатын алуға келісімшарттық құқығы және гаранттың дебитор өзіне алған міндеттемесін орындамаған жағдайда кредиторға төлем жүргізетін тиісті келісімшарттық міндеттілігі болуы мүмкін. Келісімшарттық құқық немесе міндеттеме кредитордың өз құқығын іске асыру қабілеті және гарантқа өзі алған міндеттемесін орындауға талабы дебитордың болашақта өз міндеттемесін орындамауға байланысты болған кезде де өткен мәміленің немесе оқиғаның (қабылданған кепілдіктің) нәтижесі ретінде болады. Келісімшартты құқық немесе міндеттеме осындай активтер мен міндеттемелер қаржы есептілігінде барлық уақытта танылмаса да, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді айқындауға сәйкес келеді. Осы келісімшартты құқықтар мен міндеттердің кейбіреулері 4 ХҚЕС-ының (IFRS) қолдану аясындағы сақтандыру келісімшарттары болып табылады.
AG917 Жалдау ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес қаржылық жалдаудың келісімшарты, біріншіден жалға берушінің алу құқығы және жалгер міндеттемесі несиені беру туралы келісімшарт бойынша негізгі соманың және пайыздардың аралас төлемдеріне ұшырауы барлық бірқатар төлемдерді жүзеге асыру ретінде қарастырылады. Жалға беруші салған қаражатын жалға берілген актив ретінде емес, жалдау келісімшарты бойынша дебиторлық берешек сомасы ретінде санайды. Басқа жағынан, операциялақ жалдау бірінші кезекте жалға берушіні болашақ кезеңдерде активті пайдалануға берудің орнына, көрсетілген қызметтерге берілгенсыйақыларға ұқсас қарсы ұсынуға міндеттеуін аяқталмаған келісімшарт болып есептеледі. Жалға беруші келісімшартта келісілген болашақта түсетін соманы емес, жалға берілген активті есептеуді жалғастырады. Осыған сәйкес, қаржылық жалдау қаржы құралы болып есептеледі, ал операциялық жалдау ондай болып саналмайды (жүзеге асыру мерзімі басталған жеке төлемдерді қоспағанда).
AG10. Физикалық активтер (мысалы, негізгі құрал, мүлік, ғимараттар мен құралдар), жалға алынған активтер және материалдық емес активтер қаржы активтері болып табылмайды. Осындай физикалық немесе материалдық емес активтерді бақылау ақша қаражаттарын немесе басқа да активтердің түсімін қамтамасыз ету мүмкіндігін береді, бірақ ақша қаражаттарын немесе басқа да қаржы активтерін алуға нақты құқықтың пайда болуына әкеліп соқтырмайды.
AG11 Болашақ экономикалық пайдасы ақша қаражатын немесе басқа да қаржы активтерін алу құқығы емес, тауарларды немесе қызметтерді алудан тұратын активтер (авансталған шығындар сияқты) қаржы активтері болып табылмайды. Осылайша, кейінге қалдырылған табыс және кепілдік берілген міндеттемелердің көпшілігі сияқты баптар қаржы міндеттемелері болып табылмайды, себебі экономикалық пайдамен байланысты ықтимал шығу ақша қаражатынан немесе басқа да қаржы активтерінен емес, тауарларды және қызметтерді көрсетуден тұрады.
AG12 Мемлекеттік органдар енгізген нәтиже ретінде пайда болатын табысқа салынатын салық сияқты келісімшартты емес сипаттағы міндеттемелер немесе активтер қаржы міндеттемелері немесе қаржы активтері болып табылмайды. Табысқа салынатын салықты есепке алу мәселесі 12 Пайдага салынатын салықтар ХҚЕС-та (IAS) қарастырылады. Осылайша, 37 Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер ХҚЕС-ының (IAS) анықтамасына сәйкес жүктелген міндеттемелер келісімшарттардан туындамайды және қаржы міндеттемелері болып табылмайды.
Үлестік құралдар
AG13 Үлестік құралдар мысалдарына мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялар, кейбір мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралдар (16А-16В тармақтарын қараңыз), ұйымға басқа тарапқа ұйымның нетто-активінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіру міндеттемесін жүктейтін кейбір құралдар (16С-16Б тармақтарын қараңыз), бекітілген дивиденді бар акциялардың кейбір түрлері (AG25 және AG26 тармақтарын қараңыз), және иесіне ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына эмиссиялық ұйымдағы мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялардың бекітілген санына жазылуға немесе оларды сатып алуға мүмкіндік беретін купондар немесе жазылған колл-опциондар жатады. Ұйымның өз акцияларының бекітілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына шығаруға немесе сатып алуға міндеттемесі (22А тармағында баяндалғанды қоспағанда) ұйымның үлестік құралы болып табылады. Алайда, егер осындай келісімшарт құрамына ұйымды ақша немесе басқа қаржылық актив төлеуге жүктейтін міндеттеме кіретін болса (16 А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлес ретінде жіктелген келісімшарттан басқасы), сонымен бірге ол өтеудің сомасының дисконтталған құнына міндеттеме тудырады(AG27(а) тармағын қараңыз). Мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялардың эмитенті міндеттемені, ол үлестіруге ресми түрде мүмкіндік туғызатын болса және осылай жасауға акция иелері алдында заңды түрде міндетті болғанда, қабылдайды. Осындай жағдай дивиденд төлеу туралы хабарландырудан кейін немесе ұйым жұмысын аяқтағанда және міндеттемелерді орындағаннан кейін қалған кез келген активтер акция иелеріне үлестірілетін болғанда орын алу мүмкін.
AG14 Ұйым алған оған өз акцияларының бекілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген санын үлестіргенінің орнына қайта алуға құқық беретін Сатып алынған колл-опцион бойынша немесе басқа осыған ұқсас келісімшарт (22А тармағында баяндалғаннан басқа) ұйымның қаржылық активі болмайды. Оның орнына осындай келісімшарт үшін төленген кез келген сыйақы үлестен шегеріледі.
Құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі болатын құралдар түрі (16А(b) және 16C(b) тармақтары)
AG14А 16А және 16С тармақтарының белгілерінің бірі - қаржылық құралдардың басқа түрлерінің барлығына қарағанда екінші дәрежелі болатын құралдар түріне жатқызылады.
AG14B Құрал екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылуын анықтағанда, ұйым құралдың жоюдан кейінгі талабын, ұйым құралды жіктеген күні жоятындай бағалайды. Егер осыған қатысы бар жағдайлар өзгергенде ұйым жіктеуді қайта анықтауы тиіс. Мысалы, егер ұйым тағы бір қаржылық құрал шығарса немесе өтесе, бұның қарастырылып отырған құрал екінші дәрежелі құралдар түріне жатқызылуы мәселесін шешуге әсері болуы мүмкін.