Бағалы қағаздар рыногын (БҚР) дамыту тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi алғышарт жасауға ықпал етедi. Бұдан басқа, белгiленген шаралар өтiмдi бағалы қағаздар тiзбесiн кеңейтуге, корпорациялық басқаруды, эмитенттердiң және БҚР-ның басқа да қатысушыларының ақпаратты ашу тәртібін жетiлдiруге ықпал етедi.
Мемлекеттік қарыз алу және акциялардың мемлекеттік пакетiн басқару тәртібін жетiлдiру, халықтың инвестициялық мәдениетінiң деңгейiн арттыру жөніндегі шаралар өткiзiледi. Бағдарламада Қазақстанда сертификатталған халықаралық инвестициялық талдаушылардың келуiне қажетті жағдайлар жасау, инвесторлардың құқықтарын қорғауды жоғарылату, бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды қадағалау мен реттеудiң тиiмділігiн арттыру көзделедi.
Болжанып отырған кезеңге арналған саясат мынадай мәселелердi шешудi қамтиды:
кредиттiк рейтингтiк бағалауларды, оның iшiнде бағалы қағаздардың листингi және институционалдық инвесторлардың активтерiн инвестициялауға қойылатын талаптарды белгiлеу кезiнде қазақстандық ұлттық шәкіл бойынша қолдануды кеңейту;
бағалы қағаздар рыногының бiрқатар индекстерiн әзiрлеуiн қамтамасыз ету бойынша ақпараттық және талдамалық агенттiктермен жұмыс;
дефолт жағдайына бағалы қағаздар рыногы лицензиаттарының жекелеген тәуекелдердi еркiн сақтандыруын ынталандыру;
бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарын бағдарламалық техникалық қамтамасыз етуге және бағдарламалық қамтамасыз етудi сертификаттауға қойылатын талаптарды әзiрлеу;
сауда-саттық ұйымдастырушысының, орталық депозитарийдiң, оның iшiнде номиналды ұстаушылар мен тiркеушiлердiң ақпаратты резервтiк көшiру және сақтау жүйесiне қойылатын талаптарды белгiлеу.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының үнемi өсiп отыратын инвестициялық әлеуетi, сондай-ақ қаржы рыногының өзге де қатысушыларының инвестициялық белсендiлiгiнiң артуы Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын серпіндi дамытуға қолайлы әсер етедi.
Агенттiк бағалы қағаздар рыногын реттеудi халықаралық стандарттарға ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ, өзге де халықаралық ұйымдар шеңберiнде тиiмдi бiрiктіру талаптарына сәйкес келтiру жөніндегі iс-шараларды өткізедi.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесi
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн одан әрi дамыту, салымшылардың және алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзiмдi iшкі инвестициялар көзi ретiнде зейнетақы активтерiн басқару тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысымен Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламада жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың орта мерзiмдi перспективаға арналған негізгi басымдықтары айқындалады және мынадай iс-шараларды қабылдау:
халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуын кеңейту;
мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша «бiр салымшы - бiр қор» талабын iске асыру жолымен мiндетті зейнетақы жарналарын төлеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша агенттердiң берешегін азайту;
алушының зейнетақы алуға құқығына ие болған сәтіндегі инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгізiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндетті зейнетақы жарналарының сақталуы жөніндегі кепiлдiктердi мемлекеттiң орындауы тәртібін белгiлеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершілігiн айқындау, салымшылардың (алушылардың) мүдделерiн қорғау;
зейнетақы активтерiн басқарудың тиiмділігін арттыру, зейнетақы активтерiнің көлеміндегі ұзақ мерзiмдi қаржы құралдарының үлесiн ұлғайту, жинақтаушы зейнетақы қорларының портфельдеріндегі қаржы құралдарының бағалық және валюталық тәуекелдерiн азайту, ұзақ мерзiмдi индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, жобалық инвестицияларды дамыту мен акциялар рыногын жандандыру;
жинақтаушы зейнетақы жүйесi субъектілерiн қадағалауды дамыту әрi оның тиiмдiлігiн арттыру және Халықаралық Зейнетақы реттеуіштерi Қауымдастығының (INPRS) Жеке зейнетақы қорларын реттеу қағидаттарын енгізу көзделедi.
Бағдарламаны iске асыру:
халықтың ЖЗЖ-мен қамтылуын кеңейтуге;
мемлекеттік емес зейнетақы қорлары (бұдан әрi - МЗҚ), зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (ЗАИБЖАҰ) қызметiнiң қаржылық сенімдiлiгiн және ашықтығын арттыруға;
зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдары ұсыныстарын ұлғайтуға;
әртүрлi МЗҚ-ның салымшылары арасында зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түсетін кiрiстердi тұрақтандыруға;
ЖЗЖ субъектілерiн қадағалау және реттеу тиiмділігiн арттыруға жәрдемдеседi.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн инвестициялық мүмкiндiктердің кеңеюiн, өтелгенге дейiн ұсталатын ұзақ мерзiмдi қаржы құралдарының ұлғаюын ескере отырып, орташа өлшемдi номиналды кiрiс 4,5-6 %-ды құрайтын болады деп күтілуде, жүйе қалыптаса бастаған алғашқы кезде пайда болған қате шоттар саны едәуiр қысқаратын болады, «бiр салымшы - бiр қор» қағидаты iске асырылатын болады және МЗҚ-ға төлемдердiң тиiмдiлiгі артады.
Орта мерзiмдi кезеңде жинақтаушы зейнетақы жүйесi саласында мынадай мiндеттер шешiлетін болады:
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқарушылардың және зейнетақы активтерiн дербес басқаратын жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнің барабар кiрiстілiгін қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiгiн күшейтудi қамтамасыз ету;
зейнетақы активтерiн инвестициялаудың ұзақ мерзiмдi сипатын, оның iшiнде қаржы құралдарын рыноктық бағалау әдiстемесiн қайта қарау және зейнетақы активтерiн әртараптандыруға қойылатын талаптарды енгізу жолымен ынталандыру;
зейнетақы активтерiн хеджирлеу жөніндегі операцияларды жасау тәртібін әзiрлеу.
§ 2. Фискалдық саясат
Бюджет саясаты 2006-2008 жылдары мемлекет жүргiзетiн фискалдық саясаттың жалпы бағыты сақталады және ол Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі бекiткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес келетiн болады.
Орта мерзiмдi фискалдық саясат жоспарланатын кезеңдi бiр жылға ұзартуды көздейтiн жылжымалы негiзде жыл сайын үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Бюджет кодексiне сәйкес 2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясаты әзiрленедi, мұнда алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясаты, оның iшiнде бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негізгi бағыттарын iске асыру тәсiлдерi, бюджетаралық қатынастарды дамыту бағыттары, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясат, ықтимал фискалдық тәуекелдер айқындалады.
Бюджет саясаты
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты әзiрленедi, мұнда алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттары, оның iшiнде бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, бюджетаралық қатынастарды дамыту бағыттары, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясат, ықтимал фискалдық тәуекелдер айқындалады.
Орта мерзiмдi фискалдық саясатқа сәйкес қалыптастырылатын 2006-2008 жылдарға арналған бюджет саясаты тұрақты экономикалық өсудi қолдауға бағытталады.
Бюджет саясатының орта мерзiмдi перспективаға арналған негiзгi міндеттерi:
бюджеттік заңнаманы жүйелендiру;
бюджеттік жоспарлауды жетілдiру;
бюджет жүйесінің сыртқы экономикалық конъюнктураға тәуелдiлiгiн азайту;
мемлекеттік шығыстардың тиiмділігін және нәтижелілігiн арттыру;
перспективалы бюджеттік жоспарлау рөлін арттыру;
жүргiзiп жатқан әлеуметтiк реформаларды, білім берудi дамытуды, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды қаржылық қамтамасыз ету;
көлеңкелі экономиканың үлесiн азайту;
бюджетаралық қатынастардың ашықтығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдаланудың тетiгiн жетiлдiру;
мемлекеттік меншiктi басқару жүйесiн жетiлдiру болып табылады.
Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу
мен борышты басқару саласындағы саясат
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты 2006-2008 жылдары мынадай негізгі екi бағытта iске асырылатын болады:
ЖIӨ-ге пайыздық қатынастағы үкiметтiк борыш мөлшерiн дәйектi қысқарту. Бұған ЖIӨ-ге пайыздық қатынастағы республикалық бюджет тапшылығының мөлшерiн бiртiндеп және тиiсiнше, оны қаржыландыруды қысқарту нәтижесiнде қол жеткiзiлетiн болады, сондай-ақ теңгерiмдi (тапшылықсыз) бюджетке көшу мүмкiндiгі қарастырылады;
республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сыртқы қарыздар есебiнен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесiн қысқарту жолымен үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласында жүргiзiлiп жатқан саясаты шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу ұйғарылып отыр:
Бюджет тапшылығы мен және борыш өлшемдерi:
жинақтау жөніндегі саясат шеңберiнде үкiметтік борыштың оңтайлы мөлшерiн айқындау;
ЖIӨ-ге пайыздық қатынастағы үкiметтік борыш мөлшерiн негiзге ала отырып, республикалық бюджет тапшылығының өлшемдерiн айқындау және орта мерзiмдi перспективада бюджеттiң теңгерiмділігіне қол жеткізу.
Iшкi қарыз алу:
жылдар мен қағаз түрлерi бойынша бөлiнiсте мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзiмдi кезеңге арналған болжамды схемасын жасау;
iшкі қарыздарды тарту мерзiмдерiне қарай қарыз алудың түрлi құралдарын қолдану;
рыноктағы ахуалға қарай қарыз алудың жалпы көлеміндегі индекстелген және купондық мiндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгiлеу жолымен пайыздық тәуекелдердi азайту;
мiндеттемелердiң орындалмау тәуекелiн азайту және негiзiнен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығару жолымен қысқа және орта мерзiмдi перспективада үкiметтiк iшкi борышты өтеу жөнiндегі төлемдердiң ең жоғары шегін төмендету;
бағалы қағаздар рыногындағы бағдарларды («benchmark») белгілеу;
шығарылымдардың жалпы санын қысқарта отырып, кезiнде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемiн ұлғайту;
айналыс мерзiмiн ұлғайта отырып, пайыздарды төлеу кезеңдiлiгін азайту.
Сыртқы қарыз алу:
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі стратегиялық даму жоспарына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бағдарламаларына, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарына, донор - халықаралық қаржы ұйымдарының тиiстi орта мерзiмдi кезеңге арналған елдiк бағдарламаларына сәйкес Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерiн шешуге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы қарыздарды тарту;
экономиканың басым салаларында сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырылатын, оның iшiнде:
ауыл, су және орман шаруашылықтарында;
жол саласында жаңа инвестициялық жобалар дайындау;
өндiрiстік инфрақұрылымды дамыту;
астананы одан әрi дамыту;
жаңа жобаларды iрiктеуге қойылатын талаптарды күшейту және Қазақстан Даму Банкiнің өтемдiк негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктiк сараптамасын жүзеге асыруы;
республикалық инвестициялық жобалар тiзбесiне енгiзiлетiн жобалардың дайындалу сапасы мен сараптамасын жақсартудан көрiнетiн қарыз қаражатын тиімді пайдалану;
Үкiметтiң бiрлесiп қаржыландыру үлесiн бiр мезгiлде ұлғайта отырып, донорлардың сатып алу рәсiмдерi бойынша шектеулердi жұмсарту шартымен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы қарыздарды тарту;
теңгенiң айырбас бағамы өзгерген жағдайда терiс салдарды азайту мақсатында Үкiметтiң сыртқы қарыздар портфелiн қарыздардың валюталары бойынша әртараптандыру.
Борышты өтеу және оған қызмет көрсету:
неғұрлым қымбат қызмет көрсетiлетiн үкiметтік қарыздарды мерзiмiнен бұрын өтеу жолымен үкiметтiк борышты белсендi басқару;
жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмi өткен борыш мiндеттемелерiн өтеу және реттелмеген борыш мiндеттемелерi проблемаларын жедел шешу жөнiнде белсендi шаралар қабылдауы;
пайда болу салдарларын төмендету бойынша фискалдық тәуекелдердi - АҚШ долларына қатысты теңге бағамының өзгеруiн, шетелдiк валюталардың кросс бағамдарын, пайыздық ставкаларды, әлемдiк бағалар конъюнктурасын болжамдау.
Мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру
2006-2008 жылдары мемлекеттік мүлiкті басқару және жекешелендiру саласындағы мемлекеттік саясат мынадай мiндеттердi iске асыруға бағытталады:
мемлекеттік кәсiпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың бейiндi емес қызмет түрлерiн рыноктық ортаға берудi қамтамасыз ету;
қызметiн экономиканың стратегиялық маңызды салаларында жүзеге асыратын компаниялардың мемлекеттік акциялар пакетін басқару жөніндегі холдингтiк компания құру;
мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсiпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару органдарында мемлекет мүддесiн бiлдiретiн лауазымды тұлғалар тарапынан мемлекеттік мүлiкті басқару тиiмділігiн арттыру;
заңнама талаптарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында мемлекеттік меншiк мониторингін қамтамасыз ету;
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiктерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мақсатында заңнамада белгіленген тәртiппен оларға коммуналдық меншiктi бөлiп беру;
мемлекеттік меншiк объектілерiн есепке алу жөнiнде бiрыңғай дерекқор құру.
Алдағы кезеңде мемлекеттік меншiк объектілерiнiң орынды әрi тиiмдi пайдаланылу нысанына оларға түгендеу жүргiзу мемлекеттік кәсiпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызмет түрлерiн түгендеу бойынша мемлекеттiң жекелеген экономика салаларына қатысу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет салаларын айқындау үшiн жүргiзiлетiн жұмыс қорытындыларын есепке ала отырып жүзеге асырылады. Көрсетiлген қызмет түрлерi, сондай-ақ пайдаланылмайтын немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мемлекеттік мүлiкті қоса алғанда, мұндай қызмет сол арқылы жүзеге асырылатын мүлiк заңнамада белгіленген тәртiппен бәсекелi ортаға берiлуi тиiс.
Қызметiн экономиканың стратегиялық маңызды салаларында жүзеге асыратын компаниялардың мемлекеттік акциялар пакетiн басқарудың тиiмділігін арттыру мақсатында мемлекеттік холдингтiк компания құрылады.
Есептi жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік меншікті басқаруды талдау, мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдар басшыларының есептерiн тыңдауды жүргiзу уәкiлетті мемлекеттік органдар тарапынан да, мемлекеттік кәсiпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (серiктестіктердiң) басқару органдарында мемлекет мүддесiн білдiретiн лауазымды тұлғалар тарапынан да мемлекеттік меншiк объектілерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру қажеттiгiн анықтап бердi.
Таяу жылдары мемлекеттік кәсiпорындардың, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлі акционерлік қоғамдардың (серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiн бақылау тетігін жетiлдiру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Жасалған нормативтiк құқықтық базада мемлекеттік меншiк мониторингiн жүргiзу тәртібін айқындалады, меншiк нысанына қарамастан, экономиканың стратегиялық маңызды салаларындағы аса iрi кәсiпорындарды кешендi тексеру осы мониторинг шеңберiнде жүргiзiледi. Алдағы кезеңде «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, қабылданған заңи нормативтiк құқықтық кесiмдердi практикалық iске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады. Мониторинг объектiлерi, меншiгінде не басқаруында мониторинг объектiлерi бар жеке немесе заңды тұлғалар өздерiнiң қызметiн объективтi түрде көрсететiн ақпарат беретiн болады, ал электрондық дерекқорды енгізу мемлекеттік органдарға заңнамада белгiленген тәртiппен мониторинг объектілерi туралы дұрыс ақпаратты жедел алуға, мәлiметтердi экономикалық болжамдарды жасау және жекелеген мониторинг объектiлерi мен (немесе) экономика салалары қызметiнiң тиiмдiлігiн арттыруға бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу үшiн пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Бюджет кодексiнде, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілiктi мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының өкiлеттіктерi мен қаржыландыру көздерi айқындалған. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттік басқару туралы заңнамада көзделген өкiлеттіктердi iске асыру үшін жақын арада аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдiктерi өздерiне қажет мүлікпен қамтамасыз етілуi тиiс. Бұл үшiн мемлекеттік тұрғын үй қоры объектiлерiн қоса алғанда, тиiсті әкiмшілiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы мемлекеттік мүлiкке түгендеу жүргiзу; әкiмдiктерге қажеттi мүлiк тiзбесiн айқындау және заңнамада белгiленген тәртiппен оны жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарына бекітіп берудi қамтамасыз ету керек.
Мемлекеттік меншiк объектiлерiн толық әрi дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету үшiн бiрыңғай дерекқор құру және жүргiзу көзделіп отыр. Осыған байланысты, мемлекеттік мүлiк есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша республикалық және коммуналдық меншiктің уәкiлеттi органдары арасындағы өзара iс-қимылдың айқын тәртібін дайындау керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына сәйкес мемлекеттік активтердi басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында мемлекеттің активтерi мен мiндеттемелерi теңгерiмiн жасау әдiстемесi әзiрленедi.
Мемлекеттік мүлiктi басқару жүйесiнiң құрылымдық бөлшегi бола отырып, жекешелендiру жариялылық, ашықтық, бәсекелестiк қағидаттарын сақтай отырып, белгілi бiр салаларға және нақты кәсiпорындарға қатысты мемлекет мүддесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Салық саясаты
2006-2008 жылдары салық саясатының негiзгi бағыттары:
шағын кәсiпкерлік субъектiлерi үшін арнаулы салық режимiн қолдану аясын кеңейтуге және оларды, ең алдымен, экономиканың шикiзаттық емес секторына инвестициялар салуға тартуға шаралар қабылдау;
салық төлеушiлер үшiн қашықтық және ақпараттық қызмет әдiстерiнiң көмегiмен салықтық әкiмшілендiру процестерiн одан әрi жетiлдiру және дамыту;
салықтық есептіліктi талдаудың және оның камералдығының тәсiлдерi мен әдiстерiн дамыту;
ақпараттық қызметтердi бiрiктiру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара iс-қимылды жетiлдiру және тиiмдiлiгiн арттыру;
шағын бизнес субъектілерiне салық салуды жетiлдiру болады.
5. Бәсекелестiкті қорғау және дамыту, табиғи
монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу
§ 1. Бәсекелестiктi қорғау және дамыту
Экономиканың одан әрi өрлеуi мемлекеттi дамытудың басты басымдығы болып қала бередi және ол бәсекелестіктi қорғау жағдайларында ғана болуы мүмкiн. Осыған байланысты, бәсекелестiктi одан әрi дамыту мәселесiне мемлекет баса назар аударады.
Бәсекелестiк өркениеттi болуымен қатар, жосықсыз да болуы мүмкiн. Осыған байланысты, тауар рыноктарында салауатты және адал бәсекелестiктi дамыту мақсатында бәсекелестіктi қорғау әрi дамыту және монополистік қызметті шектеу қажет.
Қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы қазiргi заман ақиқатына сәйкес келтiру үшiн «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзiрлендi, қазiргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Мәжілісiнiң қарауында жатыр. Заң жобасы субъектiлердің монополиялық мiнез-құлқының алдын алуға бағытталған және жаңа компаниялардың пайда болуына жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар арасында салауатты бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін жағдай туғызады.
Қолданыстағы заңнама шеңберiнде заңи кесiмдер әзiрленуде. Мысалы, Республиканың тауар рыноктарындағы бәсеке жағдайын талдау мен бағалауды және бiр немесе бiрнеше рынок субъектiлерiнiң үстем (монополиялық) жағдайын белгiлеудi жүргiзу жөніндегі нұсқаулық пен Монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағаны айқындау жөніндегі әдiстеме сияқты нұсқаулықтар әзiрлендi.
Сонымен қатар, бәсекелестiктi қорғау мәселелерiн реттейтiн құқық нормаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру туралы мәселе өзектi болып табылады. Бұл, бiрiншi кезекте, қазақстандық экономиканы әлемдiк экономикалық кеңiстiкке жоспарлы бiрiктiрумен байланысты.
Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық базаны жетiлдiру мақсатында бәсекелестіктi қорғау саласында «Бәсеке және монополистiк қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясы негiзiнде Халықаралық бәсеке желісi (бәсекелестікті қорғау жөніндегі органдарды бiрiктiретін халықаралық ұйым) қабылдаған ұсынымдарға сәйкес келетiн заңи кесiмдердi қабылдау жоспарланып отыр.
Экономика салаларындағы бәсекелестiк дәрежесiн айқындау мақсатында тауар рыноктарын талдау жүргiзiледi, соның нәтижесiнде осы салалардағы бәсекелестiктi дамыту және монополиялық қызметте шектеу жөнiнде нақты ұсыныстар дайындалады.
Бұл жұмыс, сондай-ақ жүргізiлiп жатқан темір жол көлігi салаларын монополиясыздандыруға, электр энергетикасы саласындағы қайта құруларға байланысты жүргізiлуде, бұлар iрi рынок субъектілерiнiң үстем болу үлесiн нақтылауды және жаңадан құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үстемдiк жағдайын айқындауды талап етедi.
Коммуналдық қызметтер мен әлеуметтiк маңызды тауарлар бағаларының (тарифтерiнің) өсуiне жол бермеу мақсатында жергілiктi тауар рыноктарында үстем жағдайға ие болып отырған шаруашылық жүргізушi субъектілердiң қызметiн қадағалауға ерекше көңіл бөлiнедi.
Бұдан басқа тауар рыноктарындағы бәсекелестік дәрежесiн айқындау мақсатында оларға талдау жүргiзiлетiн болады. Мемлекеттік реттеудi азайту немесе мемлекет тарапынан араласуды азайту мүмкiндiгi жөніндегі ұсыныстар осындай талдаулардың нәтижесiне айналуы тиiс. Мұндай шаралар тиiстi тауар рыноктарындағы бәсекелi қатынастарды дамытуға мүмкiндiк бередi.
Сонымен қатар, монополизм көрiнiстерiн асыра пайдаланудың, рынок субъектiлерiнің монополиялық бағаларды белгiлеу жөніндегі сыбайласуының жолын кесу, басқа субъектілердi рыноктан шеттету және олардың рынокқа кiруiн шектеу, рынок субъектiлерiнің шаруашылық қызметiне мемлекеттік органдардың негізсiз араласуының жолын кесу мәселелерi жөніндегі мемлекеттік бақылау бойынша шаралар күшейтiлетiн болады.
Кәсiпкерлiк бостандығы мен тұтынушылар құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесiн нығайту, бәсеке мәдениетiн арттыру басым мәнге ие болады.
§ 2. Тариф саясаты
Орта мерзiмдi кезеңде тариф саясатының негізгі бағыты табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтерiне тариф белгілеудiң тиiмдi жүйесiн құру болады. Тариф саясаты мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерi мүдделерiнiң теңгерiмiн сақтау;
табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететін шығындар мен пайданы жабу;
орта мерзiмдi негiздегі тарифтер тұрақтылығы;
Қазақстанды әлемдiк экономикаға бiрiктiру процесiн қамтамасыз ету мақсатында тарифтердi негізсiз сараландырудан бас тарту;
табиғи монополия субъектілерi қызметiнiң тиiмділігін арттыру.
Табиғи монополиялар саласында тариф саясатын дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ 1999 жылғы 13 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн iске асыру шеңберiнде орта мерзiмдi кезеңде тариф саясатының негізгі мiндеттерi:
экономиканың тиiсті секторларын қайта құрылымдау бағдарламаларының шеңберiнде табиғи монополияға жататын қызмет түрлерiн нақтылау;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау әдiстерiн, соның iшiнде:
табиғи монополиялар субъектiлерiнің тарифтік сметаларды орындауын талдау;
тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) инвестициялық және шектi деңгейiн бекіту әдiстемесiн әзiрлеу;
табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн техникалық және қаржылық сараптауды жүргізу талаптары мен ережелерiн белгiлеу;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрлерi бойынша кiрiстерiнiң, шығындарының және тартылған активтерiнiң бөлек есебiн енгізу жөнiндегі есепті мәлiметтерiн талдау;
табиғи монополиялар субъектiлерi жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуды бақылауды күшейту;