табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) қосылатын амортизациялық шегерiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылау;
инвестициялық бағдарламаларды бағалау әдiстерiн енгізу;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқығын, соның iшiнде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бiрлестіктердi (үкiметтік емес ұйымдарды) тарта отырып, табиғи монополиялар субъектілерiнiң тарифтерi (бағалары, алым ставкалары) жобаларын қарау кезiнде мiндеттi түрде бұқаралық тыңдаулар жүргiзу арқылы кеңейту жолымен кеңейту;
табиғи монополияның барлық салаларында табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрлерi бойынша кiрiстерiнiң, шығындарының және тартылған активтерiнің бөлек есебi ережесін әзiрлеу және енгізу;
табиғи монополия субъектiлерiне негізгi құралдарды тұрақты жаңарту үшін жағдайлар жасау, салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында тартылған активтердi өтеудi қамтамасыз ету;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) есептеудiң тұжырымдамалық ұстанымдары мен неғұрлым оңтайлы (қолайлы) әдiснамасын айқындау;
ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) сапасының көрсеткiштерiне қарай тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) айқындау тәртібін әзiрлеу және белгілеу;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiне (бағаларына, алым ставкаларына) есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын қосу тәртібін айқындау;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жетiмділігi тәртібін бекіту болып табылады.
2003 жылы тартылған активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу әдiсi енгiзiле басталды. Бұдан басқа, табиғи монополиялардың электр және жылу энергетикасы саласында қызметтер көрсететiн бiрнеше субъектiсi орта мерзiмдi тарифтер бойынша жұмысқа ауысты. Осыған байланысты аталған субъектiлердiң қызметiне талдау жүргiзiледi, сондай-ақ табиғи монополиялардың барлық салаларында тариф құрудың орта және ұзақ мерзiмдi әдiстемесiне iс жүзiнде көшу аяқталады.
Реттеудiң жаңа тетiктерiн дамыту бағытында мынадай мiндеттердi шешу қажет:
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтер деңгейiнің өзгеру серпінінің экономика салаларына және тұтынушылардың жекелеген топтарына әсерiн бағалау модельдерiн әзiрлеу;
салалардың ерекшелiктерiн ескере отырып, тарифтердiң экономикалық негiздi саралануын айқындау;
қызметтердi мемлекеттік субсидиялау тетiктерiн әзiрлеу;
табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн бақылау және сараптау тетiктерiн жетiлдiру. Көрсеткiштердiң теңгерiмдi жүйесi негiзiнде субъектiлер қызметінiң мониторингi жүйесiн құру;
реттеушi орган қызметiн ақпараттандыру.
6. Сауда және сыртқы экономикалық қызмет
§ 1. Сыртқы сауда саясаты
2006-2008 жылдары сауда мен сыртқы экономикалық қызметтегi жұмыстардың негізгi бағыттары:
«Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегі Заңын iске асыруға бағытталған құзыретi шегiнде шаралар қабылдауға;
сауда және қоғамдық тамақтандыру объектiлерінің қызметiн қазiргi заман талаптарына сәйкес келтiруге (Қазақстан Республикасындағы сауда және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiне қойылатын біліктілік және техникалық талаптарды қолдану жөнiнде ұсынымдар тұжырымдауға);
әртүрлi сауда түрлерiн дамытуға, өңiраралық сауданы дамытуға ықпал ететiн және ішкі рынокқа әлеуметтiк маңызды тауарлардың тұрақты жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы инфрақұрылымды және сауда саласы кәсiпорындарын құруды ынталандыруға;
ауыл шаруашылығы өнiмдерi рыноктарында бәсекелi орта құруға және тұтыну тауарлары бағаларының негiзсiз өсуiне жол бермеуге;
Қазақстан Республикасында тауар биржаларының қызметiн одан әрi дамытуға;
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын (ХШЫО) құру туралы негіздемелiк келісiмдi iске асыруға;
экспортты әртараптандыру және жалпы экспорт көлемiндегі қосылған құны жоғары өнімнің үлесiн ұлғайту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға;
уәкілеттi органдармен және мүдделi кәсiпорындар мен консультациялар жүргізу жолымен қазақстандық тауарларға қатысты шетелдiк мемлекеттер бастамашы болған демпингке қарсы талқылауларды реттеу жөнiндегі iс-шараларды жүргізуге;
қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға экспорттық жеткізудің және сауда теңгерiмiнiң оң сальдосының өсу серпiнiн сақтауға жәрдемдесуге;
өндiрiстi әртараптандыруға жәрдемдесуге және экспортқа бағдарланған тауарлар мен қызметтер өндiрiсiн ұлғайтуға;
сауда теңгерiмiн жақсарту және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен оң сальдоға көшу мақсатында ТМД елдерiне экспорттық жеткізулердi ұлғайтуға жәрдемдесуге;
қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шараларды қолдану мақсатында талқылаулар жүргiзу жолымен отандық өндiрушілердiң мүдделерiн тауарлардың өсiп кеткен импортынан қорғауға бағытталған шараларды қабылдауға бағытталатын болады.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кiру
Сыртқы экономикалық саясаттың 2006-2008 жылдарға арналған басым бағыттарының бiрi Қазақстанның Дүниежүзiлік сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiруi жөніндегі жұмыстарды жалғастыру және Қазақстанның сыртқы саудадағы мүддесiн кемсiтудiң алдын алу үшiн аталған ұйымның тетiктерiн белсендi пайдалану болып табылады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөніндегі қорытынды құжаттарды дайындауға көшу Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөніндегі көпжақты және екіжақты келiссөздер жүргізудiң нәтижесiне айналуы тиiс, мұнда Қазақстанның экономикалық мүддесi барынша ескерiледi.
Орта мерзiмдi перспективада Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi және тиiсiнше барлық міндеттердi, оның iшiнде өңiрлiк сауда бiрлестiктерi шеңберiнде қайта қарау күтiліп отыр. Осыған байланысты ұлттық заңнаманы ДСҰ нормаларымен сәйкестендiру жөнiнде ауқымды жұмыс жүргізiледi.
Халықаралық экономикалық бiрiгуге қатысу
Елдiң әлемдiк экономикаға өзара тиiмдi бiрiгуi, оның халықаралық еңбектi бөлу жүйесіндегі рөлiн оңтайландыру үшiн жағдайларды қалыптастыру сыртқы экономикалық саясаттың 2006-2008 жылдарға арналған негізгi басым бағыттарының бiрi болып табылады.
Қазақстанның әлемдiк экономикаға трансформациясының аса маңызды шарты саудадағы әріптес елдердi таңдауда икемдi саясат жүргізу: үшiншi елдер арқылы транзитті барынша азайту мақсатында Еуропа мен Азия елдерінің таяу рыноктарын неғұрлым толық пайдалануға, өңiрлiк одақтармен өзара iс-қимылды күшейтуге, еркiн сауда аймағының артықшылықтарын барынша пайдалануға бағытталған өткізу рыногын әртараптандыру болып табылады.
Алдағы кезеңге арналған аса маңызды iс-шаралардың бiрқатары:
саудада преференциялық режимдi белгiлеу жөнiнде екіжақты және көпжақты келісімдер жасау жөніндегі келiссөздердi одан әрi жүргізу;
өңiрлiк бiрлестiктер (ТМД, ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ және OAO) шеңберiнде экономикалық бастамаларды жылжыту;
Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметіне қатысуымен байланысты мәселелер жөнiндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және iске асыру болып табылады.
7. Адами капиталды дамыту
§ 1. Жоғары бiлімдi мамандар даярлау жүйесін дамыту
2006-2008 жылдары білім беру саласындағы негiзгі мiндеттер:
Бiлiм берудiң 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру;
халықтың барлық жiгiнiң сапалы бiлімге қол жеткізуiн қамтамасыз ету;
12-жылдық жалпы орта білім беруге көшу;
жоғары технологиялы және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер үшiн жоғары білімдi кадрлар даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысы құрылымын жетiлдiру;
кластерлік бастамаларды ескере отырып, өңiрлерде кәсiптiк бастауыш және орта білім беретiн оқу орындарында біліктi техникалық және қызмет көрсетушi еңбек кадрларын даярлау;
сапаны бағалаудың ұлттық жүйесiн құру;
бiрыңғай ұлттық ақпараттық ортаны қалыптастыру;
білім беру процесiн оқу-әдiстемелiк және ғылыми қамтамасыз етудi жетiлдiру;
білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және олардың икемдiлiгi, жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру және академиялық бостандықтарды кеңейту негізiнде жоғары кәсiптiк білім беру сапасын арттыру;
магистрлiк және докторлық бағдарламалар бойынша жоғары бiліктi кадрлар даярлауға көшудi жүзеге асыру;
білім берудiң кредиттiк жүйесiн енгізу;
кредиттердi қайтару жөніндегі мемлекет кепiлдігін қамтамасыз ете отырып, екiншi деңгейдегi банктер арқылы студенттiк кредиттер берудiң қазiргі заманғы жүйесiн құру;
техникалық мамандықтар бойынша жоғары білімдi мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту;
ұлттық жоғары оқу орындарына шетелдiк оқытушылар мен консультанттарды тарту;
жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы шеңберiнде үздiк үш мың студенттi әлемнiң озық жоғары оқу орындарында даярлау;
жоғары кәсiптiк білім беру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа буынын әзiрлеу және шығару;
шетелдегі кез келген елде тағлымдаманы қоса алғанда, жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған грант мәртебесi бар жыл сайынғы мемлекеттік «Үздiк оқытушы» стипендиясын төлеу арқылы профессорлық-оқытушы құрамды қолдау болады.
§ 2. Кәсіптiк орта білімдi мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлау жүйесiн дамыту
Ең жаңа технологиялар талаптарына және еңбек рыногының қажеттілiгіне сәйкес оқып жатқандарды тиiмдi кәсiптік қызметке даярлауды қамтамасыз ету үшiн 2006-2008 жылдары мынадай мiндеттердi шешу:
білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасының өлшемдеріне сәйкес кәсіптік білім беру және кадрлар даярлауды жүйесін қайта құрылымдау;
халықтың барлық жiгiнiң кәсiптік орта білімге қол жеткізуiн қамтамасыз ету және олардың білікті техникалық және кәсiптiк білім алуға мүдделілігiн арттыру;
жоғары білікті жұмысшы кадрларын және білім беру мамандарын даярлау үшiн экономиканың нақты секторын тарту тетiктерiн құру;
оқитындардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілiгін қамтамасыз ететiн кәсiптiк дағды алуы үшiн жағдайлар жасау;
кәсіптiк білім беру ұйымдары желісінiң материалдық-техникалық базасын нығайту;
оқитындардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілігiн қамтамасыз ету үшiн кәсiби дағды алуына жағдайлар жасау;
кәсiптiк бастауыш білім мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсiптiк орта білімнiң бiр бөлiгiн техникалық және кәсiптiк білімге трансформациялау;
кәсiптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын жаңа - ортадан кейiнгi кәсiптiк білім беру деңгейiнде iске асыру;
техникалық мамандықтар бойынша кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту, кластерлiк бастамаларды ескере отырып, өңiрлерде кәсiптiк бастауыш және орта білім беретiн оқу орындарында біліктi техникалық және қызмет көрсетушi еңбек кадрларын даярлау;
оқытудың кредиттiк жүйесiн енгізу қажет.
§ 3. Ғылым мен инновацияларды дамыту
2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясының басымдықтарына сәйкес ғылыми зерттеулер ресурс үнемдеушi және экологиялық таза технологияларды әзiрлеуге, экономиканың шикiзаттық бағытталуынан ауытқуға, өндiрiстiк кәсiпорындардың экспортқа бағдарлануын жоғарылатуға және өндiрiсті әртараптандыруға бағытталған.
Осыған байланысты бiрiншi кезектегi мiндеттер:
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама мiндеттерiн iске асыру;
ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру: Қазақстанда ұлттық ғылыми-технологиялық өңiрлiк технологиялық парктер жүйесiн, технологиялық бизнес-инкубаторлар құру;
технологиялар трансфертi жүйесiн дамыту;
шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың нәтижелi тетiктерiн құру;
инновациялық кәсiпкерлiк саласында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру;
инновациялық кәсiпкерліктi ақпараттық қолдауды дамыту;
инновациялық дамудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру;
ұлттық инновациялық жүйенiң қаржылық инфрақұрылымын дамыту - отандық, сонымен қатар шетелдiк капиталдың қатысуымен венчурлік қаржыландыру жүйесiн қалыптастыру;
ғылыми әзiрлемелердi коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау, жоғары технологиялы жаңа өндiрiстердi енгізу, зияткерлiк меншіктi бағалау жүйесiн және ғылыми-техникалық өнiм мен инновациялар рыногын, республикада iске асырылатын ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды нәтижелi үйлестірудi қамтамасыз етудi жетiлдiру болып табылады.
Қазақстанның стратегиялық мүддесiн негiзге ала отырып, орта мерзiмдi кезеңде мыналарды жүзеге асыру:
республиканың әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілiктерiне және әлемдiк ғылымның даму үрдiстерiне сәйкес орта мерзiмдi кезеңге арналған iргелi зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
ғылыми және инновациялық инфрақұрылым субъектiлерiн (ғылыми ұйымдарды, технопарктердi, технополистердi, инновациялық орталықтарды, технологиялық бизнес-инкубаторларды, ғылыми-технологиялық аймақтарды және т.б.) дамыту және қолдау;
инновациялық даму саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру;
отандық және шетелдiк қаржы институттарымен бiрлесiп, венчурлiк инновациялық қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлiк қаржыландыру тетiктерiн әзiрлеу және iске асыру;
инновациялық сала үшiн мамандар даярлау мақсатында республиканың жетекшi университеттерi базасында инновациялық жобаларды басқару жөнiндегі менеджерлердi, инновациялық кәсiпорындар үшiн инженер-техник мамандарды даярлауға, сондай-ақ мамандарды қайта даярлауға бағытталған шаралар кешенiн әзiрлеу;
шетелдiк озық технологияларды тарту жүйесiн құру;
отандық ғылым мен технологиялардың жетiстiктерiн алға жылжыту мақсатында отандық әзiрлемелердiң деректер банкiн құру және экономиканың нақты секторының инновациялық әзiрлемелерге мұқтаждығын талдау жөнiндегі жұмысты жалғастыру қажет.
§ 4. Халықтың әл-ауқатын арттыру
Халықтың кiрiстерi
Әлеуметтік-экономикалық дамудың алдағы кезеңге арналған орта мерзiмдi жоспарының халықтың әл-ауқаты саласындағы мақсаты жалақының жалпы деңгейiн көтеру, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшерiн арттыру болып табылады.
Халықтың кiрiстерiн одан әрi жоғарылату, оның iшiнде бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын кезең-кезеңмен жоғарылату көзделiп отыр.
Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерiне жалақы төлеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі жұмыс бюджет саласының қызметкерлерiне жалақы төлеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру шеңберiнде жалғасады.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу үшiн:
зейнетақы мөлшерiн жыл сайын арттыру және зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеудi қамтамасыз ету;
әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтік қызмет көрсету нормативтерi мен шетелдiк тәжiрибенi ескере отырып, ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеудi жетілдiру жұмысын жалғастыру көзделедi.
2006 жылдан бастап жалақы төлеу, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төменгi барлық мемлекеттік стандарттар ең төменгі күнкөрiс деңгейiне негiзделе отырып айқындалатын болады.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және орташа тапты құру
Шағын және орта бизнес субъектілерiнiң белсендiлігін арттыру мақсатында 2006-2008 жылдары кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi.
Бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерi қызметiнiң аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметiн жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебiнен Қазақстанның бәсекеге қабiлетiн арттыру болып табылады.
Бағдарлама шеңберiнде жүргiзілетін жұмыстардың негiзгi бағыттары:
шағын және орта бизнес мәселелерi бойынша заң шығарудың жаңа регламентiн қабылдау жолымен заңнаманы жетiлдiру;
шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң нәтижелілігiн қадағалау институтын енгізу;
әрбiр мемлекеттік органда «құқықтық ақпарат кабинетiн» енгізу;
әкiмшiлiк кедергілердi азайту және бюрократиясыздандыру;
кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi:
мемлекеттің жеке сектормен өзара iс-қимылының жаңа идеологиясын құру;
кластерлік-желілік ұстаным негiзiнде өмiр сүруге қабiлетті инфрақұрылымдық жүйенi құру және қамтамасыз ету;
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негiз құру;
шағын және орта кәсiпкерлiктегі көлеңкелi айналымды қысқарту.
Күтiлетiн нәтижелер.
2005 жылы «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.
Бизнеске әкiмшiлiк қысымды азайту үшiн ұсыныстар әзiрлеу және кәсiпкерлiк белсенділікті ынталандыру үшiн мүдделi мемлекеттік органдар мен кәсiпкерлердiң салалық бiрлестіктерiн тарта отырып заң жобаларын әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылатын болады.
Қазақстан Республикасының бiрқатар заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделiп отыр, олардың қабылдануы мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуға әрi шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн преференциялар құруға мүмкiндiк бередi.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Салық кодексiне шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнiң қолданылу аясын кеңейту бөлiгiнде өзгерістер енгiзiледi.
Сондай-ақ кластерлік-желілік ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың экономикалық моделi әзiрленедi.
2005 жылы Үлкен қаржы маркетi құрылады.
2006 жылы мемлекеттiң бейiндi емес функцияларын шағын және орта кәсiпкерлiкке беру жүргiзiледi.
Шағын және орта бизнестi дамыту үшiн 2005 жылы «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлік қоғамына республикалық бюджет қаражатынан қосымша 10 млрд. теңге бөлiнедi.
Үш жыл iшiнде шағын және орта бизнес субъектiлерiне кредит беру 95 млрд. теңгеге дейiн ұлғаяды.
§ 5. Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту
2006-2008 жылдары кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат еңбек рыногында белсендi саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшілiктi азайту және тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күшiнiң сапасын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру 902,1 мың жаңа жұмыс орнын құру, 403,1 мың адамды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, 333,5 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, 70,8 мың жұмыссызды кәсiптiк оқуға және қайта даярлауға жiберу есебiнен еңбек рыногындағы шиеленiстi төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiн өсiрудi ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерi жетiлдiрiледi, әлеуметтiк көмектiң әрқилы түрлерiн (тұрғын үй көмегін, атаулы әлеуметтiк көмектi, 18 жасқа дейiнгі балалар жәрдемақысын) алуға үмiткер тұлғалар үшiн жиынтық кiрiсті есептеудiң бiрыңғай әдiстемесi әзiрленедi.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап бiр жасқа дейiнгi сәбидi күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақылар енгiзiледi. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгi балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленедi, төрт және одан да көп бiрге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» белгiлерiмен марапатталған немесе бұрын I және II дәрежелi «Ана даңқы» атағын алған аналарға берiлетiн арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерi көбейтiледi.
§ 6. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн дамытудың орта мерзiмдi кезеңге арналған негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында (бұдан әрi - Бағдарлама) айқындалған.
Бағдарлама шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу:
республикалық бюджет қаражатынан (жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты) төленетiн жәрдемақылар мөлшерiн есептеу әдiстемесiн бiртiндеп өзгерту жолымен әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң базалық деңгейiн қалыптастыру;
ең төмен күнкөрiске қатысты базалық әлеуметтiк төлемдер мөлшерiн айқындау;
тұтыну бағаларының өсуін ескере отырып, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты төленетiн мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар мөлшерiн одан әрi жоғарылату;
негізгі әлеуметтiк тәуекелдердi (қарттықтың басталуы, еңбек қабiлетiнен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу) әлеуметтiк сақтандыруды дамыту;
жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң төлемдерiн оңтайландыру (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық арқылы) көзделуде.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiн бiртiндеп ұлғайту көзделiп отыр. Перспективада базалық зейнетақы мөлшерiн ең төменгi күнкөрiстiң 75%-ын құрайтын деңгейге дейiн ұлғайту жоспарлануда.
2006 жылы барлық санаттағы мүгедектерге және жасына байланысты жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларға төленетiн мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар ұлғайтылатын болады.
§ 7. Денсаулық сақтау
2006-2008 жылдары денсаулық сақтау саласындағы саясатты iске асырудың негiзгi мақсаты мемлекет пен адам арасындағы денсаулық сақтау үшiн ынтымақтасқан жауапкершiлiк қағидаттарына негiзделген медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру жолымен халық денсаулығының жай-күйiн жақсарту болып табылады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті одан әрi дамыту - басым бағыттардың бiрi.
Мақсатты iске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау жүйесiн дамытудағы басты басымдықтардың бiрi ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады.
Ана мен баланы қорғау қызметiн жетiлдiру үшiн:
жыл сайын балалар мен ұрпақты болу жасындағы әйелдердi диспансерлеу, медициналық тексерулерден, сауықтырудан өткізу;
балалар мен жүктi әйелдердi емдеу-алдын алу ұйымдарын қажеттi мамандармен толықтыру;
амбулаториялық емделу кезiнде балалардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
жүктi әйелдердi халықаралық стандарттарға сәйкес ерте диспансерлік бақылауға алуды қамтамасыз ету;
балалар мен әйелдердi емдеу-алдын алу ұйымдарын бекітілген нормативтерге сәйкес қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру;
балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметiн одан әрi дамыту;
отбасын жоспарлау және салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөніндегі iс-шараларды iске асыру көзделiп отыр.
Халық өмiрiнiң сапасы мен ұзақтығын одан әрi жоғарылату мақсатында әлеуметтiк маңызды аурулардың алдын алу, ерте анықтау, тиiмдi емдеу және оңалту жөнiндегі шаралар жүргізiлетiн болады.
Бұл бағытта:
туберкулезбен, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен аурушаңдықтың алдын алу және төмендету;
психикасы мен мiнез-құлқы бұзылған ауруларды емдеу мен сауықтырудың кешендi бағдарламаларын әзiрлеу және енгізу;
жүрек-қан тамырлары ауруларымен, қант диабетiмен ауыратындарды ерте диагностикалаумен, емдеумен қамтамасыз ету және диспансерлеудің тиiмділігiн арттыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.