Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005-2007 жылдарға арналған
орта мерзiмдi фискалдық саясаты туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 918 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 333 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Бюджет кодексiнiң 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы
№ 918 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005-2007 жылдарға арналған орта
мерзiмдi фискалдық саясаты
Кiрiспе
1. Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
1.1 Елдiң 2003 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау
және 2004 жылға арналған маңызды көрсеткiштер серпiнiн бағалау
1.2 Салық саясатын iске асыру
1.3. Бюджет жүйесiн жетiлдiру
2. 2005-2007 жылдарға арналған фискалдық саясаттың
мақсаты мен мiндеттерi
2.1 Фискалдық саясаттың мақсаты мен мiндеттерi
2.2 Фискалдық саясатты iске асырудың негiзгi бағыттары
3. Фискалдық саясатты iске асыру тетiктерi
3.1 Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007
жылдарға арналған негізгi көрсеткiштерi
3.2 Кiрiстер саясаты
Салық саясаты
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістері
3.3 Шығындар саясаты
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету
Қорғаныс
Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк
Білім беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
Өнеркәсiп және құрылыс
Көлiк және байланыс
3.4. Бюджеттік кредит беру
3.5. Қаржы активтерiмен операциялар
3.6 Бюджетаралық қатынастар
3.7. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
қарыз алу мен борышты басқару
4. Фискалдық тәуекелдер
5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 - 2007 жылдарға арналған
Орта мерзiмдi фискалдық саясатын нақтылау
Қорытынды
Кiрiспе
Ағымдағы жылы қабылданған Бюджет кодексi бюджет процесiн жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындады. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзiмдiк бюджетті жоспарлау қажеттiгіне назар аударылуда. Бюджеттi жоспарлау процесiне стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын анықтайтын құжат - Орта мерзiмдi фискалдық саясатты жыл сайын әзiрлеу шешiмi қабылданды.
Бұл құжаттың қажеттілігi экономикалық реформалар жетiстiгінің қоғамның қаржы жүйесiн дамыту бағыттарына, жүргiзiлiп жатқан салық-бюджет саясатының заман талабына барабарлығына тiкелей тәуелділігiмен негізделген. Қазақстандағы экономикалық өсудің жоғары қарқындары, бюджет кiрiстерiнiң өсуi, қаржы институттарының нығаюы, Ұлттық қордың құрылуы, мемлекеттік бюджет тапшылығының ыңғайлы деңгейi мемлекеттің неғұрлым белсендi фискалдық саясатын жүргізудi талап етедi. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттiң ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретiнде саяси билiкке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым аз қорғалған жiктерiн әлеуметтiк қолдаумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкiндiк бередi. Тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттi әзiрлеу кезiнде Орта мерзiмдi саясат негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар негiзiнде әрi Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабілетті халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауын есепке ала отырып әзiрлендi.
1. Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
1.1 Елдiң 2003 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау
және 2004 жылға арналған маңызды көрсеткiштер серпiнiн бағалау
2003 жылы ЖIӨ-нiң нақты өсуi 9,2%-ды құрады, ал орташа жылдық инфляция 6,4%-ға деңгейiнде қалыптасты.
Өткен жылы болжамдалғандай, әлемдiк экономика үрдiстерiнiң негiзiнде мұнайдың жоғары бағасының және доллардың еркiн айырбасталатын басқа валюталарға қатысты 20%-дан астам құнсыздануының әсерiнен теңгенiң АҚШ долларына қатысты айырбас бағамы күшейді.
Саудадағы негізгі әрiптес елдер валюталарының қоржынына (евро, ресей рублі, қытай юанi) қарағанда, теңгенiң АҚШ долларына қатысты күшейуiне қарамастан, теңгенiң нақты мәнi 2,5%-ға құнсызданды.
Елдегi макроэкономикалық тұрақтылық экономиканың дамуына ынталандырушы ықпал етуiн жалғастырды, бұл тауарлар мен қызметтер көрсету өндiрiсiн, тiкелей шетелдiк инвестициялардың едәуiр ағыны мемлекеттік бюджетке кiрiстер түсiмiн ұлғайтудың және, сайып келгенде, ел халқының әл-ауқатын арттырудың басты факторына айналды.
Бағалау бойынша 2004 жылғы бірiншi жарты жылдықта өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) өсуi 9,1%-ды құрады. 9,4%-ға өнеркәсiптегi, 5,2%-ға ауыл шаруашылығындағы көлемнiң ұлғаюы өсудi қамтамасыз етті. Қызметтер көрсету секторында барлық көлiк түрiмен жүк тасымалдау көлемi 9,3%-ға, бөлшек тауар айналымының көлемi 7,1 %-ға ұлғайды.
2004 жылғы бірiншi жарты жылдықта 2003 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда ЖIӨ құрылымында айтарлықтай өзгерiс болған жоқ. Бағалау бойынша, тауарлар өндiрiсiнiң ЖIӨ-гі үлесi 40,6%-ды құрады (2003 жылғы қаңтар-маусымда 39,1%), қызметтер көрсету өндiрiсi - 53,3 % (55,5 %).
Ағымдағы жылдың бірiншi жарты жылдығының қорытындылары бойынша инфляцияның орташа деңгейi 6,6 %-ды құрады және өткен жылдың тиiсті кезеңiмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерiске ұшыраған жоқ (6,7 %).
Әлемдiк рыноктағы қазақстандық негізгi тауарлардың әлемдiк бағаларының жоғары деңгейi экспорттық түсiмдер көлемiнiң едәуір ұлғаюына ықпал еттi. Ағымдағы жылдың бес айы iшiнде сыртқы сауда айналымы 11,5 млрд. АҚШ долларын құрады және 2003 жылғы осындай кезеңнен 46 %-ға артық болды. Экспорт 7 млрд. АҚШ долларын құрады, импорт - 4,5 млрд. АҚШ доллары, өсу тиiсiнше 42 және 52 %.
Мұнай өндіру саласында шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iрi инвестициялық жобаларды, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ бірқатар салалық бағдарламаларды жүзеге асыру экономикаға тартылатын инвестициялардың көлемiн жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкiндiк бердi. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда негiзгi капиталға инвестициялар 12,1 %-ға ұлғайды.
Мұнайдың сақталып отырған жоғары бағалары және елге валюта түсiмiнiң iрi көлемiнiң ағыны теңге бағамы нығаюының негiзгi себебiне айналды. Осылайша, 2004 жылғы бірiншi жарты жылдықта теңгенiң орта өлшенген айырбас бағамы 1 АҚШ доллар үшін 138,42 теңге құрады. Жыл басынан берi АҚШ долларына номиналды көрiнiстегi теңге 5,07 %-ға нығайды.
Бағалау бойынша 2004 жылы инфляцияның орташа деңгейi 5,6-7%-ды құрайды, бұл индикативтік жоспардың болжамына сай келедi.
Бағалар өсуiне қатысты қайта қаржыландырудың ресми ставкасының деңгейi әлсiз оң болып ұсталады (7 %), бұл iскерлiк белсендiлiктi кеңейтудi көтермелеуге мүмкiндiк бередi.
Елдiң сауда теңгерiмi нығайтылады. 2004 жылы оң сальдо 4,5 АҚШ доллары мөлшерiнде бағаланып отыр.
Өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң өсуi 9,2 %-ды құрайды, ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi өткен жылғы деңгейге қарағанда 2,8%-ға өседi. Негiзгi капиталға инвестициялар 10%-ға артады.
Қызметтер көрсету саласындағы даму қарқындарының басып өсуi күтілуде.
2003 жылғы деңгейге қарағанда көрсетiлетiн байланыс қызметтерi көлемiнiң өсу қарқыны 30%-ды, көлiктiкi 8,6%-ды, сауданiкi 8,5%-ды құрайды.
1.2 Салық саясатын iске асыру
2003 жылы салық заңдарындағы өзгерістер салық жүктемесiн азайту, жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялар ағынын көтермелеу және оларды енгізу жолымен елдiң экономикалық өсуiн көтермелеуге, мемлекет пен салық төлеушiлердiң өзара қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған және елдiң инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға арналған.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес салық жүктемесін азайту және елдiң экономикалық өсуiн ынталандыру, сондай-ақ белгiлi бір санаттағы азаматтардың кiрiстерiн заңдастыруын ынталандыру және еңбекақыны ұлғайту мақсатында 2004 жылдан бастап жеке табыс салығының ставкалары азайтылды, әлеуметтiк салық бойынша ставкалардың кемiмелi шәкілі енгізiлдi, қосылған құн салығының ставкасы азайтылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимi белгiлендi, арнайы салық режимдерiн қолдану салалары кеңейтiлдi.
Экономиканы одан әрi тұрақты дамыту, жүргiзілiп жатқан реформаларды тереңдету мақсатында мұнай операцияларына, қаржы лизингiне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салу, сондай-ақ салықтық әкiмшiлендiру нормалары жетiлдiрiлдi.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың жаңа шарттарын енгізудiң негiзгi мақсаттары: бюджет кiрiстерiн мұнай операцияларынан барынша көп алу, жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық ниеттерiн сақтай отырып, тараптар мүдделерiнiң ең жоғарғы теңгерiмiне қол жеткізу болып табылады.
Қаржы лизингiне салық салуды жетiлдiру Қазақстанда негізгi құралдарға инвестицияларды қаржыландырудың аса маңызды құралдарының бірi ретiнде лизингті одан әрi дамытуға ықпал етедi.
1.3. Бюджет жүйесiн жетiлдiру
Бюджет жүйесiн жетiлдiру мақсатында соңғы жылдары Қазақстанда бірқатар шаралар кешенi жүргізiлдi.
Тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн бюджет комиссиялары құрылды, олардың мақсаты бюджеттер жобаларының уақтылы және сапалы әзiрленуiн қамтамасыз ету, бюджеттердi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау, әкiмшiлердiң бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерiн қарау болып табылады.
Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын көрсететiн бағдарламалық, мақсатты бюджеттi қалыптастыру жүзеге асырылуда. Қазiргi уақытта мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын iске асырудың негiзгi құралы болып табылады.
2003 жылдан бастап қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналған индикативтiк жоспарының құрамында бекітіледi. Бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалардың бәрiнде жылдар мен қаржыландыру көздерi бөлiнiсiнде қаржы қаражатының талап етiлетiн көлемi айқындалған.
Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын көрсететiн нақты бюджетті қалыптастыру мақсатында, 2002 жылдан бастап бюджет оның есебiнен мемлекеттің ағымдағы мұқтаждарын орындауға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылған ағымдағы бюджет және экономикаға инвестициялық шығыстарды, яғни инфрақұрылымды дамытуға, қала құрылысына, ақпараттық жүйелердi, ғылымды, адами капиталға инвестицияларды құру мен дамытуға және т.с.с. арналған шығыстарды қамтитын даму бюджетi болып бөлiндi. Бюджеттің мұндай бөлiнуi мемлекеттiң заңдарда айқындалған және мемлекеттік мекемелердiң бар желісін ұстауға бағытталған өзiнiң функцияларын орындау құнын және мемлекеттiң әлеуметтік экономикалық дамуына оның инвестициялық салымының көлемiн нақты бағалауға, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды жүйелеуге мүмкiндiк бердi.
Бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету және олар бойынша бюджеттік бақылау жүргiзу үшiн 2002 жылдан бастап әкiмшiнiң өзiне жүктелген функцияларды орындау жөніндегі қызметiн бағалаудың негізгi құжаты ретiнде бюджеттік бағдарламаның паспорты енгiзілдi. Мұндай шараны ұтымды жоспарлау, бюджеттік бағдарламаларды орындау және әкiмшiлердiң бюджет ақшасының тиiмдi пайдаланылуы үшiн жауапкершiлігін күшейту қажеттiгi айқындап бердi.
Бюджет жүйесiн жетiлдiру жөніндегі жекелеген iс-шаралар барысында шешiмi жүйелiк ұстанымды талап ететiн көптеген мәселелер анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы заңдар нормаларын реттеуге және жүйелеуге, олардың неғұрлым икемдi құрылымын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн Бюджет кодексi әзiрлендi.
Бюджет кодексiнде бюджет жүйесiнiң орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететiн жаңа қағидаттар бар, бұрын қолданылған бюджеттi жоспарлау қағидаттары, барлық бюджет деңгейлерiнiң шығыс және кiрiс бөлiктерiн қалыптастыру жөніндегі ұстанымдар қайта қаралды.
Қолданыстағы заң кесiмдерiне функционалдық талдау жүргiзу нәтижесiнде және орталық пен өңiрлер арасындағы қатынастардағы жинақталған оң және терiс тәжiрибенi ескере отырып, бюджетаралық қатынастар қағидаттары, ресми трансферттердiң нысандары, республикалық бюджеттiң, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетiнiң кiрiстерi айқындалды. Барлық бюджет деңгейлерiне қаржылық орнықтылық беру мақсатында Бюджет кодексiнде бюджет деңгейлерiнiң шығыстық өкілеттiктерi нақты бөлiндi. Бюджеттердiң дербестен күшейту үшiн, сондай-ақ бюджетаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшерi үш жылға арналып белгіленетiн болады.
Бюджет кодексiнде бюджеттік бағдарламалардың тиiмділiгiн бағалау туралы бап көзделген, оған сәйкес тиiстi есептердi жүргізу, бюджеттік бағдарламалардың негiздемесiн, олардың орындалу барысы мен олар көрсететiн елдiң әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал етуiн талдау және бюджеттік бағдарламалардың тиiмсiз бағыттарын айқындау болып табылады.
Қазақстан республикасының Үкіметі әзiрлеген және бекiткен бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу әдiстемесi бюджетті жоспарлау, атқару және оның атқарылуын бақылау процесiнде бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу тәртібі мен көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындайды.
2005 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң 2005-2007 жылдарға арналған бюджеттік өтiнiмдерiн қараған кезде Республикалық бюджет комиссиясы республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2003 жылы және 2004 жылғы республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2003 жылы және 2004 жылғы бірiншi жарты жылдықта iске асырылуы туралы ақпаратты қарады. Қарау нәтижелерi нақты бюджеттік бағдарламаны алдағы қаржы жылында орындаудың орындылығына және оны қаржыландыру көлемдерiне қатысты шешiмдер қабылдау үшiн негiз болды.
Бюджеттік инвестициялар ұғымы кеңейтiлдi, инвестициялық жобаларды кезең-кезеңмен iрiктеу, сондай-ақ жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау тәртібі енгiзiлуде.
Жергiлiктi атқарушы органдардың тек жоғары тұрған бюджеттен ғана қарыз алу құқығы сақталып, сыртқы және iшкi капитал рыноктарынан қарыз алуы алынып тасталады.
Ұлттық қорға қаражат аударудың жаңа тетігi енгiзiлдi, осыған сәйкес Ұлттық қорды қалыптастыру көзi болып табылатын барлық ресми трансферттер тiкелей мемлекеттік бюджеттен аударылатын болады.
2. 2005-2007 жылдарға арналған фискалдық саясаттың
мақсаты мен мiндеттерi
2.1 Фискалдық саясаттың мақсаты мен мiндеттерi
Орта мерзiмдi кезеңдегі фискалдық саясаттың негізгі мақсаты тұрақты экономикалық дамудан және барлық өңiрлердегі азаматтардың әл-ауқатының өсуiнен көрiнетiн ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігiн арттыру болып табылады.
Орта мерзiмдi кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізуге мынадай негiзгi мiндеттердi шешу:
экономика салаларын әртараптандыру, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшiн жағдайлар дайындау;
көлеңкелi экономика үлесiн азайту;
ЖIӨ-ге қатысты мемлекеттік борыштың мөлшерiн қысқарту, оның құрылымын оңтайландыру;
инфрақұрылымды және адами капиталды дамыту;
мемлекет көрсететiн қызметтер сапасын арттыру ықпал етедi.
Бұдан басқа, фискалдық саясат мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының маңызды құрамдаушысы бола отырып, жоспарланған кезеңде инфляцияның орташа жылдық деңгейi бойынша белгiленген меженi, төлем балансының орнықтылығын, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң соңғы тұтынуының өсуiн және капиталдың жинақталуын қолдауға ықпал етуi тиiс.
2.2 Фискалдық саясатты iске асырудың негiзгi бағыттары
Фискалдық саясат мiндеттерiн iске асыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
салық заңдарын және салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жетiлдiру;
мемлекеттiң мұнай кiрiстерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арқылы пайдалану тетiктерiн жетілдiру;
шығыстарды, бір жағынан, мемлекеттік функциялардың толық көлемде тиiмдi орындалуын және, екiншi жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесудi қамтамасыз ететін деңгейде ұстау;
мемлекеттік шығыстардың нәтижелiлігі мен тиiмділігін, соның ішінде бюджет процесiнiң барлық деңгейлерiнде бюджеттік бағдарламалау әдiстерiн одан әрi енгізу жолымен арттыру;
дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиiмдi қалыптастырудың жүйелілiгiн қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды дайындау, қарау, iрiктеу процесiн реттеу;
бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру бюджет жүйесiнiң түрлi деңгейлерi арасында кiрiс және шығыс өкiлеттіктердi нақты ажыратуды белгiлеу.
3. Фискалдық саясатты iске асыру тетiктерi
3.1 Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007
жылдарға арналған негізгi көрсеткiштерi
Мақсатты өлшемдердi, қолдағы даму резервтерi мен сыртқы және iшкi факторлардың күтiлетiн әсерiн есепке ала отырып айқындалатын республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының ықтимал сценарийлерiн қалыптастыру ?кіметтiң орта мерзiмдi перспективадағы салық-бюджет саясатының мүмкiндiктерiн айқындауға, мемлекеттік шығыстар туралы салмақты шешiмдер қабылдауға және тиiсiнше мемлекеттік қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Орта мерзiмдi фискалдық саясатты iске асырудың мiндеттерi мен негізгі бағыттарын айқындау кезiнде ел экономикасын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған базалық сценарийi негіз ретiнде алынды (1-кесте).
Базалық сценарийде мұнайға әлемдiк баға бір баррель үшiн 28-33 АҚШ доллар аралығында болады деп болжанады. Сыртқы конъюнктура индексi 2003 жылмен салыстырғанда 2005 жылы тағы да 1,6%-ға одан әрi азая отырып, 5,4%-ға кемидi. 2006-2007 жылдары индекс неғұрлым аз, жылына 0,5%-ға өсетiн болады. Мұнайдың экспорттық бағасы бір баррель үшiн 21-25 АҚШ доллары деңгейiнде тұрақталады. Сауда теңгерiмiнiң оң сальдосы жылына орта есеппен 2,3 млрд. астам АҚШ долларын құрайды.
Осы сценарийге сәйкес ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсуi 2005-2007 жылдары 8,1 %-ды құрайды.
Тауарлар өндiрiсiмен салыстырғанда қызметтер көрсетудiң басып өсу үрдiсi сақталады. Болжанып отырған кезеңде тауар өндiрiсi орта есеппен жылына 7,8 %-ға, ал қызметтер көрсету өндiрiсi 8,7 %-ға өседi.
Кәсiпорындардың қаржы жағдайының жақсаруымен бірге халықтың нақты кiрiсiнiң ұлғаюы экономиканың нақты секторына инвестициялардың өсуi үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.
Инвестициялық сұраныстың кеңеюi бірiншi кезекте кәсiпорындардың дербес қаражаты есебiнен алынатын инвестициялық қаржыландырудың iшкi көздерiмен байланысты болады. Негiзгі капиталға инвестициялар көлемiнiң өсу қарқыны жоспарланып отырған кезеңде 12-15 %-ды құрайды.
Инфляция деңгейi орта есеппен 2004 жылғы 5,6-7 %-дан 2007 жылы 4,1-5,5%-ға дейiн төмендейдi.
?кіметтiң фискалдық саясатының iске асырылуына тәуелсiз макроэкономикалық факторлар өзгерген жағдайда оның негізгi параметрлерi кейіннен мұндай өзгерістердiң дәрежесiне қарай түзетiлетiнiн не нақтыланатынын атап өту қажет.
1-кесте
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық
көрсеткіштерiнiң 2004-2007 жылдарға арналған болжамы
(базалық сценарий)
Атауы | 2003 есеп | 2004 бағалау | болжам |
2005 | 2006 | 2007 |
ЖIӨ, млрд. теңге 4449,8 5138 5850 6640 7557 ЖІӨ-нiң нақты өзгеруi, өткен жылға %-ен 109,2 109,0 107,9 108,0 108,5 ЖIӨ дефляторы, % 107,9 105,9 105,5 105,0 104,9 ЖIӨ, млрд. АҚШ доллары 29,8 37,6 44,4 51,4 59,0 Жан басына шаққандағы ЖIӨ, АҚШ долл. 1997,2 2504,5 2942,4 3378,3 3853,7 Тұтыну бағаларының индексi, %-бен жылына орта есеппен 6,4 5,6-7 4,9-6,5 4,8-6,2 4,1-5,5 Теңгенiң АҚШ долларына бағамы жыл соңына 43,3 133,6 130,0 128,4 127,6 жылына орта есеппен 149,5 136,7 131,7 129,2 128,0 Ақша массасы, млрд. теңге 971,2 1325,0 1631,0 1938,0 2266,0 Экономиканы монеталандыру деңгейi, % 21,8 25,8 27,9 29,2 30,0 Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруының ресми ставкасы, % (кезең соңында) 7,0 7,0 6,8 6,5 6,0 Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ) 13203,4 16832 17566 17328,3 17872,2 Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ) 9030,7 12324,2 13486,6 14237,0 15320,0 Сауда теңгерiмi, млн. АҚШ долл. 4170,7 4507,9 4079,4 3091,3 2552,2 Қызметтер көрсету теңгерiмi, млн. АҚШ долл. -2251,5 -2302,0 -1972,0 -1887,0 -1723,0 Ағымдағы шот, млн. АҚШ доллары -69 -357 -335 -1460 -1818 Негізгі капиталға инвестициялар өткен жылға %-бен 10,6 110,0 112,0 115,0 114,0 Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi, млрд. теңге 606,7 648,6 701,9 757,2 810,3 өткен жылға %-бен 101,4 102,8 103,3 103,4 102,9 Өнеркәсiптiк өнiм көлемi, млрд. теңге 2794,4 3147,4 3445,1 3704,5 3898,6 өткен жылға %-бен 108,8 109,2 107,3 108,1 107,4 мұнай және газ конденсатын өндiру, млн. тонна 51,3 56,1 59,0 64,4 68,7 оның iшiнде, экспорт, млн. тонна 44,3 48,6 50,9 55,5 59,0 Мұнайдың әлемдiк бағасы (Вre№t қоспасы), бір баррель үшiн АҚШ доллары 28,9 32,6 32,9 29,0 28,5 Мұнайдың экспорттық бағасы, бір баррелль үшiн АҚШ доллары 21,6 24,5 24,7 21,8 21,4 Құрылыс, млрд. теңге 446,9 528,2 650,7 812,4 1027,6 өткен жылға %-бен 109,3 111,5 112,0 113,5 114,0 Көлiк қызметтерi, млрд теңге 880,0 975,7 1069,8 1189,5 1439,2 өткен жылға %-бен 107,8 108,6 108,0 109,0 110,0 Байланыс, млрд. теңге 144,0 96,6 247,7 299,1 357,7 өткен жылға %-бен 125 130,0 120 115 115 Сауда, млрд. теңге 1191,8 1411,3 1615,2 1892,5 2206,6 өткен жылға %-бен 109,4 108,5 109,0 109,5 110,0 |