Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
(2004 ж. 24 сәуірдегі № 548-II)
(2008.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшін жоятын 7, 13, 17, 21, 22, 29, 37, 76, 79, 82, 95, 101-103-баптарын, сондай-ақ республикалық бюджетке арналған 33, 34, 68-70, 72-75, 92, 93-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап осы кодекстін күші жойылды деп танылсын
Жалпы бөлік
1-бөлім. Бюджет жүйесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының қолданылуы
3-бап. Бюджет жүйесiнiң принциптерi
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
5-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарына әсер ететiн нормативтiк құқықтық актiлер
2-тарау. Бюджет жүйесі
6-бап. Бюджеттердiң түрлерi мен деңгейлерi
7-бап. Республикалық бюджет
8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi
9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi
10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет
11-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
3-тарау. Бюджеттің құрылымы
12-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсiмдерi мен шығыстары
13-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің құрылымы
13-1-бап. Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы
14-бап. Бюджет кiрiстерi
15-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша
16-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары
17-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi
18-бап. Операциялық сальдо
19-бап. Таза бюджеттік кредит беру
20-бап. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо
21-бап. Бюджет тапшылығы (профициті)
22-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi
24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану
25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
5-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама
26-бап. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы
27-бап. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы
28-бап. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы
29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
30-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң анықтамасы
31-бап. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi
32-бап. Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi
33-бап. Бюджеттік бағдарламалардың анықтамасы
34-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлерi
35-бап. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау
36-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
37-бап. Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың шығыстарын сыныптау
2-бөлім. Бюджетаралық қатынастар және түсімдер мен шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу
6-тарау. Бюджетаралық қатынастар
38-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
39-бап. Бюджетаралық қатынастар принциптерi
40-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
41-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер
42-бап. Жалпы сипаттағы трансферттердi есептеу
43-бап. Ағымдағы нысаналы трансферттер
44-бап. Дамуға арналған нысаналы трансферттер
45-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн кредиттер
7-тарау. Бюджетке түсетін түсімдерді республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу
46-бап. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер
47-бап. Облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер
48-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн түсiмдер
49-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер
49-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерi
8-тарау. Шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу
50-бап. Республикалық бюджеттiң шығыстары
51-бап. Облыстық бюджеттiң шығыстары
52-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң шығыстары
53-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң шығыстары
3-бөлім. Бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік басқару
9-тарау. Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті
54-бап. Мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымы
55-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыретi
56-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті
57-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң құзыретi
58-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
59-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
60-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
61-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
62-бап. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
63-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретi
64-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің құзыретi
64-1-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің құзыретi
64-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілеттi органының құзыретi
64-3-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергіліктi уәкілетті органдарының құзыретi
64-4-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының құзыретi
10-тарау. Бюджеттік комиссиялар
65-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негiзгi ережелер
66-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыретi
67-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары
Ерекше бөлік
4-бөлім. Бюджетті әзірлеу мен бекіту
11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері
68-бап. Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелер
69-бап. Бюджеттi жоспарлау принциптерi
70-бап. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау
71-бап. Заттай нормалар
12-тарау. Бюджеттер жобаларын әзірлеу
72-бап. Бюджет түсiмдерiн болжау
73-бап. Шығыстар лимиттерін және басым бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесін айқындау
74-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдер жасауы
75-бап. Бюджеттік өтiнiмдердi қарау
76-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу
77-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
78-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
13-тарау. Бюджет жобасын қарау мен бекіту процесінің негізгі ережелері
79-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер
80-бап. Жергiлiктi бюджеттiң жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер
81-бап. Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптерi
82-бап. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау
83-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекіту
15-тарау. Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын қарау және бекіту процесі
84-бап. Жергiлiктi бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау
85-бап. Мәслихаттың жергiлiктi бюджеттi бекітуi
5-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылануы
16-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
86-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер
87-бап. Бюджеттiң атқарылу принциптерi
88-бап. Бірыңғай қазынашылық шот
89-бап. Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды қаржыландыру
90-бап. Мемлекеттік мекемелердiң шоттары
91-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары
17-тарау. Бюджеттің атқарылу негізі
92-бап. Бюджеттiң атқарылу негiзi болып табылатын құжаттар
93-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы қаулылары
94-бап. Бюджеттік бағдарламалар паспорттары
95-бап. Жылдық қаржыландыру жоспары
18-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі
96-бап. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы
97-бап. Түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеу және есепке алу
98-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу
99-бап. Бюджеттен түсiмдер сомасын қайтару
100-бап. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы
101-бап. Бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары
102-бап. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары
103-бап. Рұқсаттар беру
104-бап. Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi
105-бап. Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру
106-бап. Бюджеттік ақшаны басқару
107-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдікті трансфертті пайдалану
108-бап. Бюджеттің атқарылу мониторингi
109-бап. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуiнен түсетiн өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақша бойынша атқару
110-бап. Қаржы жылының аяқталуы
19-тарау. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау мен түзету процесінің негізгі ережелері
111-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау
112-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау принциптері
113-бап. Секвестр
20-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету процесі
114-бап. Республикалық бюджеттi нақтылау
115-бап. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау
116-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн нақтылау
117-бап. Бюджеттерді түзету
6-бөлім. Бюджеттік есепке алу және есептілік
21-тарау. Бюджеттік есепке алу туралы жалпы ережелер
118-бап. Негiзгi ережелер
119-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргiзу
22-тарау. Есептілік туралы жалпы ережелер
120-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiктiң сапалық сипаттамалары
121-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiктiң түрлерi
122-бап. Есептiлiктiң нысандары, кезеңдiлiгi, оны жасаудың және табыс етудiң мерзiмдерi мен тәртібі
23-тарау. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
123-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi табыс ету
124-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентiнде талқылау және бекіту
24-тарау. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп
125-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi табыс ету
126-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекіту
25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп
127-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi табыс ету
128-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекіту
26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп
129-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi жасау
130-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi табыс ету
7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау
27-тарау. Жалпы ережелер
131-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау ұғымы
132-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар
28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау
133-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгiлерi
134-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлерi
135-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптерi мен стандарттары
136-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер
29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері
137-бап. Сыртқы бақылау
138-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының өкiлеттiктерi
30-тарау. Iшкі бақылауды ұйымдастыру негіздері
139-бап. Iшкi бақылау
140-бап. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi
141-бап. Iшкi бақылау қызметi
31-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері мен органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының өзара іс-қимылы
142-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсi басшысының құқықтары мен мiндеттерi
143-бап. Мемлекеттік органдар мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы өзара iс-қимылы
144-бап. Мүдделер қақтығысы
145-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, iшкi бақылау қызметтерi, мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының, мәслихаттар тексеру комиссиялары мүшелерiнiң жауапкершiлігі
145-1-бап. Қаржылық бұзушылықтардың түрлерi
145-2-бап. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептілік
146-бап. Дауларды шешу
8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар
32-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен жүзеге асыру
147-бап. Бюджеттік инвестицияларды сыныптау
148-бап. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен жүзеге асыру принциптерi
149-бап. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу
150-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру тәртібi
150-1-бап. Қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібі
150-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы
150-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
151-бап. Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру мен бекіту
152-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру
152-1-бап. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру
153-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру
33-тарау. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингі және олардың тиімділігін бағалау
154-бап. Бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингi
155-бап. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау
9-бөлім. Гранттар
34-тарау. Гранттар туралы жалпы ережелер
156-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар
157-бап. Гранттарды сыныптау
158-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау
35-тарау. Байланысты гранттарды тарту және пайдалану
159-бап. Байланысты гранттарды тарту
160-бап. Байланысты гранттарды пайдалану
36-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және пайдалану тиімділігін бағалау
161-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингi
162-бап. Байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлігін бағалау
10-бөлім. Бюджеттік кредиттеу
37-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері
163-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негiзгi ережелер
164-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптерi
165-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдерi
166-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектiлерi
167-бап. Кредитор
168-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi
169-бап. Қарыз алушылар
170-бап. Соңғы қарыз алушылар
171-бап. Сенім бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер)
38-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары
172-бап. Кредиттiк шарттың негiзгi талаптары
173-бап. Бюджеттік кредиттiң мерзiмi
174-бап. Бюджеттік кредиттi игеру кезеңi
175-бап. Бюджеттік кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi
176-бап. Сыйақы ставкасы
177-бап. Бюджеттік кредит беру тәсiлi
178-бап. Бюджеттік кредиттi өтеу мен оған қызмет көрсету кестесi
39-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері
179-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешiм қабылдау
180-бап. Бюджеттік кредит беру рәсiмi
181-бап. Шет мемлекеттердi кредиттеудiң ерекшелiктерi
182-бап. Бюджеттік кредиттi пайдалану
183-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету
184-бап. Бюджеттік кредиттi өтеу
40-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру
185-бап. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау
186-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару
41-тарау. Талап қою мерзімі, бюджеттік кредиттер бойынша кредиторлар талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы
187-бап. Талап қою мерзiмi
188-бап. Кредитордың бюджеттік кредиттi өтеу жөніндегі талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы
42-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу
189-бап. Бюджеттік кредиттердi бақылау
190-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингi және оларды есепке алу
11-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі
43-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі туралы жалпы ережелер
191-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар
192-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер
193-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлерi мен нысандары
194-бап. Мемлекеттік борыш
195-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу мен оған қызмет көрсету жөніндегі мiндеттемелерi
196-бап. Мемлекеттік борышты басқару
197-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау
44-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы
198-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу мақсаттары
199-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуды жүзеге асыруы
200-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алуды шектеуi
201-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң борышын өтеу мен оған қызмет көрсету
45-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы
202-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары
203-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу
204-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу мен оған қызмет көрсету
204-1-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы
45-1-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелері
204-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауы
204-3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауы
45-2-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері
204-4-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауы
204-5-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу
46-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш
205-бап. Мемлекеттік кепiлдiк
206-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер берудi шектеу
207-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беру шарттары
208-бап. Мемлекеттік кепiлдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптар
209-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беруге арналған инвестициялық жобаларды iрiктеу
210-бап. Мемлекеттік кепiлдiктiң нысаны
211-бап. Мемлекеттік кепiлдiктiң мазмұны
212-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер берудi және мемлекет кепiлдiк беретiн қарыздарды есепке алу
213-бап. Мемлекеттік кепiлдiктің орындалуы
214-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайта құрылымдау
215-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру
216-бап. Мемлекеттік кепiлдiктiң қолданылуын тоқтату негiздерi
217-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеулер
218-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жасау және жауаптылық
46-1-тарау. Мемлекет кепілгерлігi
218-1-бап. Мемлекет кепілгерлігi
218-2-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруге шектеулер
218-3-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары
218-4-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар
218-5-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеп алу
218-6-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны
218-7-бап. Мемлекет кепілгерлігі шартының мазмұны
218-8-бап. Берілетін мемлекет кепілгерліктерін және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу
218-9-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау
218-10-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтату негіздерi
218-11-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын пайдалануға шектеулер
218-12-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылау және ол үшін жауаптылық
47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау
219-бап. Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол бермеу
220-бап. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен қорғау
221-бап. Дауларды шешу
12-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
222-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
223-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
223-1-бап. Пилоттық жобалар үшін бюджеттік процестің ерекше тәртібі
224-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының күшi жойылды деп тану туралы
Осы Кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейдi және бюджет жүйесi жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының негiзгi ережелерiн, принциптерi мен тетiктерiн белгiлейдi.
Жалпы бөлік
1-бөлім. Бюджет жүйесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен 1-2 тармақпен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара )
1-2-тармақ 2008 жылғы 31 желтоқсанда өз қолданысын тоқтатады
1-2. Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа ұстанымдарын (бұдан әрі - пилоттық жобалар) енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік органдар мен өңірлер үшін осы Кодекстің ережелері осы Кодекстің 223-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актілері тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
4. Егер заң актілерінде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетiн ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелерi қолданылады.
3-бап. Бюджет жүйесiнiң принциптерi
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекітілген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткізу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттік процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.