облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамаларын тыңдайды.
Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
3. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн, мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
4. Есептi қаржы жылындағы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде мәслихат жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдауы қажет екендiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.
25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы
туралы есеп
127-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi табыс ету
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi әкiмдiкке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей өткен қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса әкiмдiкке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген бюджетiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң кассалық атқарылуын көрсетедi.
4. Өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
1) түсiндiрме жазба;
2) түсiмдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды қоса алғанда, олардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдігі ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына, облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына табыс етедi.
128-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекiту
1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгінiң өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есебiн мәслихаттың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
2. Есептi қараған кезде мәслихат:
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын тыңдайды.
Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
4. Есептi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қолдану қажеттiгі туралы шешiм шығаруға құқылы.
26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы жылдық есеп
129-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi жасау
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргiзiледi.
Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн қоса отырып, жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайды.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi қызметi туралы есебi;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi өзге де деректер болуға тиiс.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп жасаудың нысандары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып бекiтедi.
130-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi табыс ету
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткеннен кейiн оны ақпарат ретiнде Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргiзудiң нәтижелерi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау
27-тарау. Жалпы ережелер
131-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау ұғымы
Мемлекеттiк қаржылық бақылау (сыртқы және iшкi) - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептiлiк жүргiзу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттiң гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаны пайдалану бөлiгiндегi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн тексеру.
132-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар
Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сыртқы бақылау - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау;
2) iшкi бақылау - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау;
3) бюджет қаражатын нысанасыз пайдалану - бюджеттiк қаражаттарды бюджеттiк бағдарламаның паспортында және бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жүзеге асырылатын нормативтiк құқықтық актiлерде көзделмеген iс-шараларға пайдалану;
4) негiзсiз пайдалану - бюджеттiк қаражатты, гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн, өз иелiгiнде қалатын ақшаны, мемлекет активтерiн Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдалану;
5) бюджет қаражатын тиiмдi пайдаланбау - республикалық және жергілiктi бюджеттердi атқару кезiнде тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк принципiн сақтамау;
6) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар, бюджетке түсетiн түсiмдердi алуға және бақылауға жауапты мемлекеттiк органдар, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, бюджеттiк қаражатты алушылар, мемлекеттiң гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
7) мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
8) iшкi бақылау қызметi - мемлекеттiк органның, оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқаруына, мемлекеттiң гранттарының, активтерiнiң, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаның пайдаланылуын бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган бөлiмшесi;
9) қаржылық есептiлiк - егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат.
28-тарау. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың үлгiлерi,
түрлері, принциптері мен стандарттары
133-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың үлгiлерi
Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай үлгiлерге бөлiнедi:
1) сәйкестiкке бақылау жасау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
2) қаржылық есептiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
3) тиiмдiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түскен ақшаны үнемдiлiкпен, нәтижелiлiкпен және өнiмдiлiкпен пайдалануын тексеру мен бағалау.
134-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың түрлерi
Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) кешендi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн жаппай әдiспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегі қызметiн жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдiспен тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектісiне қатысты ақпарат алу қажеттiгiне байланысты үшiншi тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бiрдейлiгiне қарай бiр-бiрiмен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды бiлдiредi. Yстеме бақылау тек қана мемлекеттiк қаржылық бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша және тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде жүргiзiледi.
135-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың принциптерi мен стандарттары
1. Мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу құпиялылық режимiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, тәуелсiздiк, объективтiлік, анықтық, ашықтық, құзыреттiлiк, жариялылық принциптерi мiндеттi түрде сақталып жүзеге асырылады.
Тәуелсiздік принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, iшкi бақылау қызметтерiнiң және олардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгiне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде олардың жүргiзiп жатқан бақылау iс-шарасының тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн кез келген араласушылыққа жол бермеу.
Бақылаудың объективтiлiк принципi - бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына, мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестiлiкпен жүргiзу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелерi бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактiлер негiзiнде ғана шешiмдер қабылдау.
Бақылау нәтижелерiнiң анықтық принципi - бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банктiк құжаттармен және мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау.
Бақылаудың ашықтық принципi - бақылау нәтижелерiн баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мәслихаттарға есеп беретiндiгi.
Құзыреттiлiк принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, iшкi бақылау қызметтерi қызметкерлерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшiн қажеттi кәсiби бiлiмдер мен дағдылардың жиынтығы.
Жариялылық принципi - құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, бақылау нәтижелерiн жариялау.
2. Мемлекеттiк қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптар мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
3. Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi ішкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып әзiрлейдi және оларды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бекiтедi.
4. Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi, олардың қызметкерлерi мен мүшелерi орындауға мiндеттi.
136-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер
Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:
1) қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актiлерi негiзiнде жасайтын құжаты;
2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң қаулысы - Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетiнiң отырысында алқалы негiзде қабылданатын және оның бақылау нәтижелерi бойынша барлық актiлерiнiң қолданылуын растайтын құжат.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң қаулысын ол арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi. Қаулыны қабылдаудың тәртiбi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi туралы ережемен және оның регламентiмен айқындалады;
3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгiленген тәртiппен қабылданған және тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиiстi жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын игерудiң барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететiн ұйымдар орындауға мiндеттi құжат;
4) ұсыным - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшiн, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелерi бойынша жiберетiн құжаты;
5) нұсқама - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы өз құзыретi шегiнде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына мiндеттi түрде орындау үшiн жiберiлген, белгiленген нысандағы құжат;
6) бақылау актiсi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
7) бақылау жүргiзу туралы есеп - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы құжат.
29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері
137-бап. Сыртқы бақылау
Сыртқы бақылауды:
1) республикалық деңгейде - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
2) жергiлiктi деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
138-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының өкiлеттiктерi
1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
2. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
3. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң жұмысы туралы тоқсан сайын ақпарат бередi;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды талдауға, оның қорытындылары мен нәтижелерiне, салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiне, бюджет қаражатының нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларды орындайды;
3) Қазақстан Республикасының Парламентiне ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi табыс етедi, ол өзiнiң мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi бойынша қорытынды болып табылады және Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
4) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган табыс еткен республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау актiлерiн талдайды және Қазақстан Республикасының Үкiметiне, тиiстi iшкi бақылау қызметтерiне республикалық бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
5) республикалық бюджет қаражаттарын пайдалану мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
6) мемлекеттiк бюджет саясатын iске асыруға қатысады;
7) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарын атқару сәйкестiгiне, қаржы есептiлiгi мен тиiмділігiне бақылауды жүзеге асырады;
8) мемлекеттiк қаржы бақылауы стандарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
9) сыртқы бақылау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
10) мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге арнап берiлген қаражаттардың, мемлекеттiң гранттарының, активтерiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
11) мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың республикалық бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады;
12) республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
13) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) атқарылу тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiне баға бередi;
14) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламалардың iске асырылуының тиiмділігiне баға бередi;
15) бюджеттiк инвестицияларды бақылауды жүзеге асырады;
16) республикалық бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуы бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзедi;
17) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, мемлекеттiк органдардан, мемлекеттiк қаржылық бақылаудың басқа да объектiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органнан республикалық бюджет қаражаттарының түсуi мен пайдаланылуының толықтығына қатысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттамалар мен ақпарат сұратады және алады;
18) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының есептерiн тыңдайды;
19) Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша ұсынымдар енгiзедi;
20) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнен өзi белгiлеген мерзiмде республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алады;
21) республикалық бюджет қаражатының нысаналы емес, негiзсiз және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау және болғызбау жөнiнде осы Кодекске және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес шаралар қолданады;
22) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуы, гранттарды тарту және пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады;
23) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және, қажет болған жағдайда, республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшыларды тартады;
24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
1) өзiнiң мазмұны жағынан жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жергiлiктi атқарушы органның есебi бойынша қорытынды болып табылатын жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептi белгiленген мерзiмде мәслихатқа бередi және мәслихат бекiткеннен кейiн ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
2) мәслихат пен әкiмдiкке бақылау нәтижелерi бойынша жергiлiктi бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсiз және тиiмсiз пайдаланылу фактiлерi жөнiнде, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi жұмыстағы кемшілiктер туралы ақпарат бередi;
3) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган табыс еткен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылау жүргiзу актiлерiне талдау жасайды және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарын атқару сәйкестігiне, қаржы есептiлiгi мен тиiмдiлiгіне бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының жергiлiктi бюджет қаражаттарын пайдалану кезiндегi iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
6) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың жергiлiктi бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы келiп түсуiне қатысты мәселелер жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
7) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзеді;
8) тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
9) құпиялық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiң атқарылу мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады;
10) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнен белгiленген мерзiмде жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алады;