ғимаратын
күрделi жөндеу ";
реттiк нөмiрi 5-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық инспекциялардың тексерiс жүргізуiн қамтамасыз ету үшiн жедел жеңiл автомобильдердiң (Нива базасында) 16 бірлігін, байланыс құралдарымен жабдықталған, өтiмдiлiгі жоғары барлау-командирлiк автомобильдердiң (Газель базасында) 16 бірлігін сатып алу.";
көрсетiлген қаулыға 332-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 2012486 мың теңге (екi миллиард он екi миллион төрт жүз сексен алты мың теңге).";
4-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Метеостанция-3 объектiсiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуын қамтамасыз ету.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Метеостанция-3 объектісiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру.";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 2-жол "сүңгуiр қызметін жинақтау үшiн құрал-саймандар мен жабдықтар - 1 бірлiк" деген сөздерден кейiн "iздеу-құтқару иттерi - 12 бірлiк, иттердi ұстауға және жаттықтыруға арналған мүлiк пен жарақ, арнайы автокөлiк - 5 бірлiк ("Ивановец" краны 1 бірлiк, Уаз Пикап - 1 бірлiк, бортты тiркеме - 1 бірлiк, иттердi тасымалдауға арналған тiркеме - 2 бірлiк), кинологиялық қызметті орналастыруға арналған аңғар тұрпатындағы модуль - 1 бірлiк, сүңгуір жарақтары - 22 бірлiк, шатырлар - 5 бірлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жол "сатып алу" деген сөздерден кейiн "химиялық барлау және қорғау құралдары - 4 бірлiк; медициналық жабдық 12 бірлiк; авариялық-құтқару аспаптары мен жабдықтары - 66 бірлiк; Газель автомобилiнiң базасында авариялық-құтқару сүңгуір станциясы - 1 бірлiк, Газель базасында жедел-штабтық құтқару машиналары - 2 бірлiк, Газель базасында авариялық құтқару машиналары - 6 бірлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмiрi 4-жол "гидравликалық шланг - 5 бірлiк" деген сөздерден кейiн "; "Газель" базасында авариялық-құтқару сүңгуiр станциясы - 5 бірлiк, құтқару қайықтары - 5 бірлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмiрi 5-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ахуалдық залдың жұмыс орындарын жарақтандыру үшiн тауарларды сатып алу.";
реттiк нөмiрi 6-жол "он жеті гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу" деген сөздерден кейiн ", Алматы облысы мен Алматы қаласында селден қорғау құрылыстары мен бөгетті жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын" деген сөздермен толықтырылсын;
"494 бірлiк" деген сөздерден кейiн ", қопарғыш-бульдозер - 1 бірлiк, КамАЗ самосвалы - 1 бірлiк, қарда жүретiн машина - 1 бірлiк, резеңке моторлы қайық - 1 бірлiк сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 9-жолмен және 109 кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"9 109 Метеостанция-3 "Метеостанция-3 Жыл Қазақстан
объектiсiнiң объектiсiнiң бойы Республикасының
сақталуын аяқталмаған Төтенше
қамтамасыз ету құрылысын жағдайлар
ұстау, оның жөніндегі
iшiнде: агенттігі
сорғы -
2 бірлiк,
электр
қыздырғыш -
4 бірлiк,
калориферлер-
2 бірлiк
сатып алу ";
7-тармақта:
"құрылғыларын жөндеу" деген сөздерден кейiн "Eciк" өзенi ағысында, № 9, 10 су ағу бөгеттерiнде, Қаскелең және Үлкен Алматы селден қорғау құрылыстарында, Ажар бөгетiнде, Кіші Алматы өзеніндегі "Дамба" су бөлгіштерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу." деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Метеостанция-3 объектiсiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуы.";
көрсетілген қаулыға 336-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 148510 мың теңге (жүз қырық сегiз миллион бес жүз он мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 359-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 249901 мың теңге (екі жүз қырық тоғыз миллион тоғыз жүз бір мың теңге).";
5-тармақта:
"серверлiк орталықты техникалық жабдықпен жарақтандыру;" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Веб-порталын дамыту" деген сөздер "Қазақстан Республикасы электронды ?кіметінiң Веб-порталын құру (1-кезек)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"1. Мемлекеттік органдардың серверлiк орталығын жарақтандыру:
1.1. Құрылымдалған кабель желісі үшiн белсендi жабдық және телекоммуникациялық жабдық сатып алу - 2 жиынтық.
1.2. Кепiлдi қуат алуды (таза қуат алуды) ұйымдастыру, құру және орнату.
1.3. Мәжіліс залы мен оператор бөлмелерi үшiн: жиынтықтағы бейнепроектор - 1 дана; бейнеекiлiк - 1 дана; көрсету экраны - 1 жиынтық; акустикалық жүйе (конференц байланысымен) - 1 жиынтық; бағытталған бейнекамера - 4 дана сатып алу және құрастыру.
1.4. Бағдарламалық кодтар депозитарийiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды, жобалық және нормативтiк-техникалық құжаттаманы сатып алу.
1.5. Оқу сыныптарын ұйымдастыру үшiн 2 жиынтықта компьютерлiк жабдық пен ұйымдастыру техникасын сатып алу." деген сөздер "1.1 Мәжіліс залы мен оператор кабинасы үшiн жабдық сатып алу мен монтаждау - 1 жиынтық." деген сөздермен ауыстырылсын;
"5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Веб-порталын дамыту." деген сөздер "Қазақстан Республикасы электронды Үкіметінiң Веб-порталын құру (1-кезек)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қорғаудың тиiстi деңгейiн ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік органдар серверлiк орталығының жұмыс iстеуін қамтамасыз ету," деген сөздер алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Веб-порталын дамыту, "электронды Үкiмет" қалыптастыру үшiн техникалық база жасау" деген сөздер "электронды Үкiмет Веб-порталы үшiн негіз құру" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 362-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 244320 мың теңге (екі жүз қырық төрт миллион үш жүз жиырма мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Астана қаласының пилоттық аймағында мемлекеттік органдарға арналған біртұтас мультисервистiк (көлiктiк) орта құру.";
көрсетiлген қаулыға 363-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 23510 мың теңге (жиырма үш миллион бес жүз он мың теңге).";
4-тармақтағы "жүргізу" деген сөз "жүйесін құру" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесінiң 5-бағанында:
"Әлеуметтік-экономикалық даму мониторингі" ақпараттық жүйесiнiң техникалық тапсырмасын, оның iшiнде оны құру мен математикалық моделiнiң тұжырымдамасын әзірлеу" деген сөздер "1. Әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингінiң ақпараттық жүйесiнiң тұжырымдамасын, оның iшiнде техникалық тапсырманың математикалық моделi мен жобасын әзiрлеу.
2. Консалтингтік қызметтерді алу." деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 365-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 150000 мың теңге (бір жүз елу миллион теңге).";
7-тармақта: "Астана қаласында сервер орталығы ғимаратының құрылысын аяқтау және пайдалануға беру" деген сөздер "Астана қаласындағы сервер орталығының ғимаратын салуды жалғастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 367-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 476784 мың теңге (төрт жүз жетпiс алты миллион жетi жүз сексен төрт мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі бойынша:
көрсетілген қаулыға 369-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 104999 мың теңге (бір жүз төрт миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 3-жол "Мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыруға арналған iссапар шығыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 370-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 6973798 мың теңге (алты миллиард тоғыз жүз жетпiс үш миллион жетi жүз тоқсан сегіз мың теңге).";
4-тармақ "және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшін тұрғын үй сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 4-жол "2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу, оның iшiнде облыстар бойынша: Ақмола - 9 отбасы, Алматы - 6 отбасы, Шығыс Қазақстан - 6 отбасы, Батыс Қазақстан 2 отбасы, Қарағанды - 235 отбасы, Қостанай - 1 отбасы, Солтүстiк Қазақстан - 47 отбасы, Алматы қаласы - 10 отбасы." деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) бойынша:
көрсетiлген қаулыға 401-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 3086251 мың теңге (үш миллиард сексен алты миллион екi жүз елу бір мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi бойынша:
көрсетілген қаулыға 406-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 6508290 мың теңге (алты миллиард бес жүз сегіз миллион екi жүз тоқсан мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы бойынша: көрсетiлген
қаулыға 413-қосымшада:
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 4-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету";
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бойынша:
көрсетілген қаулыға 418-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1660568 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс миллион бес жүз алпыс сегiз мың теңге).";
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бойынша:
көрсетiлген қаулыға 420-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 5175766 мың теңге (бес миллиард бір жүз жетпiс бес миллион жетi жүз алпыс алты мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 2-жол "қосалқы бөлшектердi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ бағдарламалық өнiмдердi сүйемелдеудi" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақта "5000" деген сандар "20000" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 4-жол мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Есіл өзенiнiң сол жағалауындағы Үкiмет Yйiнiң ғимаратында жалпы пайдаланудың жергілiктi есептеу желiлерiн құру үшiн инсталляция және персоналды оқыту жөніндегі қызметтер - 1 кешен; зертханалық-сынау (компьютерлік) жабдығы - 1 жиынтық қоса алғанда, жабдықтау және бағдарламалық қамтамасыз ету";
көрсетілген қаулыға 426-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 5061666 мың теңге (бec миллиард алпыс бір миллион алты жүз алпыс алты мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы 2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, оның iшiнде аумақты және бақылау-өткізу пункттерін қоршау периметрі, бұрқақ, аумақты абаттандыру;" және "Алматы қаласындағы № 5 объект";
мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Алматы қаласындағы Стратегиялық зерттеулер институтын, офисi мен қорының құрылысы бойынша;
6) заңнамада белгіленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бірлескен мәжіліс залымен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісi ғимаратының құрылысын аяқтау бойынша;
7) объектiлердi салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу бойынша.";
7-тармақ ", Алматы қаласындағы Стратегиялық зерттеулер институтын, офисi мен қорының құрылысын аяқтау" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 427 және 428-қосымшаларда:
6-тармақ кестесiнiң 7-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 23 маусымдағы
№ 197к қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
152-1-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Семей қаласында Ертіс өзенi арқылы көпiр салу жобасының
шеңберiнде Шығыс Қазақстан облысының бюджетiне берiлетiн
мақсатты инвестициялық трансферттер" деген 014 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 22015 мың теңге (жиырма екi миллион он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертіс өзенiне салынатын көпiр құрылысының жобасы бойынша қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы Заңы; "Ертіс өзенiне салынатын көпiрдiң жобасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей қаласында Ертіс өзенi арқылы өтетiн көпiр салу жобасын аяқтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Семей қаласында Ертіс өзенi арқылы өтетiн көпiр салу жобасы шеңберiнде құрылыстық қадағалауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кiшi бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 014 Семей қала. Семей қаласында 2004 Шығыс сында Ертіс Ертіс өзенi арқылы жылдың Қазақстан өзенi арқылы өтетiн көпiр салу ішінде облысының көпiр салу жобасы шеңберінде әкімі жобасының құрылыстық қадаға. шеңберiнде лауды жүзеге асыру Шығыс Қазақ. үшін Әкімшілікті стан облысы. ұстау ның бюджетiне берілетін мақсатты инвестициялық трансферттер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: көпiрдiң құрылысын аяқтау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 23 маусымдағы
№ 197к қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
161-1-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
""Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ жарғылық капиталын
ұлғайту" деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1500000 мың теңге (бір миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, "Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесiн дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысы, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толтыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кiшi бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 053 "Қазақстанның "Қазақстанның тұр. 2004 Қазақстан тұрғын ұй ғын үй құрылыс жылғы Республи. құрылыс жинақ жинақ банкi" акцио. 2-тоқ. касының банкi" АҚ нерлiк қоғамының саны Қаржы жарғылық жарғылық капиталын министрлігі капиталын толтыру ұлғайту |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толтыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 23 маусымдағы
№ 197к қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
268-1-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақшабұлақ - Қызылорда қаласы газ құбырын салу"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 3390000 мың теңге (үш миллиард үш жүз тоқсан миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Президенттiң Қазақстан халқына "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлетті экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қызылорда қаласының өнеркәсiп кәсiпорындарын және халқын газбен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ақшабұлақ - Қызылорда қаласы газ құбырын салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кiшi бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 020 Ақшабұлақ - Ақшабұлақ - Қызы. Жыл Қазақстан Қызылорда қа. лорда қаласы газ бойы Республи. ласы газ құ. құбырын салу үшін касының бырын салу "ҚазМұнайГаз" Энергетика ұлттық компаниясы" және акционерлік қоға. минералдық мының жарғылық ка. ресурстар питалын ұлғайту. министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Ақшабұлақ - Қызылорда қаласы газ құбыры құрылысын аяқтау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 23 маусымдағы
№ 197к қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
274-1-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Тұрғын үй салуға облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттерiне кредиттер беру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 12460000 мың теңге (он екi миллиард төрт жүз алпыс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы", Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабiлетті Қазақстанға, бәсекеге қабiлеттi экономикаға, бәсекеге қабiлеттi ұлтқа" атты Қазақстан халқына Жолдауы; "Қазақстан Республикасындағы тұрғын ұй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2004 жылғы 11 маусымындағы № 1388 Жарлығы; "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй саясатын iске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тұрғын үй саясатын iске асыру шеңберiнде тұрғын үй құрылысын салуды бастау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кiшi бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 002 Тұрғын үй са. Қазақстан Республи. Жыл Қазақстан луға облыстық касының Үкіметі бе. ішінде Республи. бюджеттерге, кiтетiн тұрғын үй касының Астана және салуға арналған Индустрия Алматы қала. сыйлықақының (мүд. және сауда ларының бюд. денiң) нөлдiк став. министрлігі жеттеріне касы бойынша жергі. кредиттер лікті атқару орган. беру дарының кредит беру шарттарын айқындау; Кредиттік келісім. дерге сәйкес жергі. лікті атқару орган. дарына кредит ре. сурстарын бөлу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Тұрғын үй саясатын iске асыру аясында тұрғын үй салуды бастау
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 23 маусымдағы
№ 197к қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
289-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1600000 мың теңге (бір миллиард алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инновациялық инфрақұрылымның негiзгi элементi және Қазақстан экономикасының жаңа салаларын құру үшiн орта ретiнде - Қазақстанның өңiрлерiнде үш технопарк құру, технологиялардың индустриялық-инновациялық жобаларын, трансфертiн дамыту, ғылыми және өндiрiстiк әлеуеттi, даму институттарының күшiн шоғырландыру орындарын бірiктiру және инновациялық жобалар үшiн көмекшi қызмет көрсетулер жасау; бірiншi кезекте "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймақ құру.