2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография
жөніндегі агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ап қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 369, 370, 371-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
369-қосымша
605 - Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Көшi-қон және демография саласындағы
уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 104999 мың теңге (бір жүз төрт миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 9, 21-25-баптары; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппарат жұмысын жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі Агенттiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 шiлдедегі № 1020 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiнiң аппаратының қызметiн қамтамасыз ету және оның аумақтық органдарының аппаратын ұстау; өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласында білім беру бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдердi, ұқсата бiлу мен дағдыны жаңғырту; Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiктiң орталық аппаратының бухгалтерлiк есеп жүйесiн жетiлдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiнiң орталық аппаратына және оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшiлердің кәсiби біліктiлiгiн арттыру; бухгалтерлiк есеп үшiн программалық өнiмдердi сатып алу, Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiктiң ақпараттық жүйесi мен жергiлiктi мiндеттерiн қамту.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 001 Көшi-қон және демография саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету 2 001 Орталық Қазақстан Жыл Қазақстан органның Республикасының бойы Республи- аппараты Көшi-қон және касының демография Көшi-қон жөніндегі Агенттiгi және орталық аппараттың демография саны 24 бiрлiк деп жөніндегі бекітілген штаттық Агенттiгi лимитi шегiнде ұстау- Агенттiктiң аумақтық органдарымен деректер алмасу, сондай-ақ телефон және факстiк байланысқа жұмсалатын шығындарды оңтайландыру үшiн өзiнiң WEB-серверiн және Internet E-mail электрондық почта серверiн ұйымдастыру және дepбec жүргiзу мүмкiндiгiмен Агенттiктiң орталық офисiнiң жергiлiктi желiсiнен Интернет желiсiне қосуды ұйымдастыру- Саны 2 бiрлiк деп бекітілген лимит негiзiнде қызметтiк автомашиналарды ұстау және жалдау 3 002 Аумақтық Қазақстан Жыл Қазақстан органдардың Республикасының бойы Республи- аппараттары Көші-қон және касының демография Көшi-Қон жөніндегі және Агенттігiнiң демография аумақтық жөніндегі бөлiмшелерiнің саны Агенттiгi 120 бiрлiк деп бекітілген штаттық лимитi шегiнде ұстау- Қызметтiк 16 жеңiл автомашинаны ұстау. Мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыруға арналған iссапар шығыстары. 4 007 Мемлекеттік Бiлiктiлiктi Жыл Қазақстан қызметшi- арттырудың, бойы Республи- лердiң соның iшiнде касының біліктiлiгiн мемлекеттік тiлдi Көшi-Қон арттыру оқытудың бекітілген және жоспарына сәйкес демография мемлекеттік жөніндегі қызметшiлердiң Агенттiгi біліктiлiгiн арттыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтi сатып алу. Біліктiліктi арттыру курстарынан өтетiн мемлекеттік қызметшiлердiң жылдық орташа саны 90. 5 009 Мемлекеттік Қазақстан 2004 Қазақстан органдарды Республикасының жылдың Республи. материалдық- Көші-қон және қаңтары касының техникалық демография Көшi-Қон жарақтандыру жөніндегі Агенттігi және орталық аппаратының демография бухгалтерлiк есеп жөніндегі жүйесi үшiн Агенттiгi бағдарламалық өнiмдер сатып алу - 4 бiрлiк. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiне және оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды сапалы және дер кезiнде орындау; мемлекеттің экономикалық жағдайларына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердi кәсiби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
370-қосымша
605 - Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Оралмандарды тарихи отанына
қоныстандыру және әлеуметтiк қорғау"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 6973798 мың теңге (алты миллиард тоғыз жүз жетпiс үш миллион жетi жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы; "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекіту туралы" 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ап қаулыларымен 4-тармақ өзгерді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2004 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған этникалық қазақтарды жайластыру жолымен демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасы халқының санын өсiру және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу. Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ап қаулыларымен 5-тармақ өзгерді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Оралмандарды қоныстандыруды ұйымдастыру және әлеуметтiк қорғау, сондай-ақ 2004 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшін тұрғын үй сатып алу. Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ап қаулыларымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 002 Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтiк қорғау 2 100 Оралмандарды 2004 жылға Жыл Қазақстан уақытша арналған көшiп бойы Республи- орналастыру келу квотасына касының орталығы сәйкес Көшi-Қон оралмандардың және келген отбасын демография бейiмделу кезеңiнде жөніндегі орналастыру- Агенттiгi 3 101 Оралмандардың Республикалық Жыл Қазақстан көшiп келуi бюджеттен бойы Республи- және оралмандар үшiн касының әлеуметтiк бөлiнген қаражат: Көшi-Қон қорғалуы 1) отбасының және басшысына - 15 АЕК демография мөлшерiнде және жөніндегі отбасы мүшелерiне Агенттiгi - 10 АЕК мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төлеуге; 2) 2004 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша шет мемлекеттерден оралмандардың 780 отбасын түпкiлiктi тұрғылықты жерiне дейiн ұйымдасқан түрде көшiруге және олардың мүлкiн апаруға жұмсалады- Иран Ислам Республикасы - 2 рейс, Өтпелi Ауғанстан Ислам Мемлекетi (Пәкстан Ислам Республикасы) - 7 рейс, Монғолия - 62 рейс, Түрiк Республикасы - 5 рейс; Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына біржолғы жәрдемақы төлеу. 3) Қазақстан Республикасына жақын шет елдерден және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1216 Жарлығымен бекітілген оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасына сәйкес ұйымдасқан түрде көшiруден тыс оралмандардың 9220 отбасының көлiк шығындарының (жолақысы және мүлiктерiн әкелу) орнын толтыру- Әрбiр оралманның жолақысына - 10 АЕК-тен аспайтын, оралман отбасының мүлкiн әкелуiне жұмсалатын шығынын 50 AEK-тен аспайтын мөлшерде төлеу; Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу. 4) Оралмандардың әрбiр отбасын тұрғылықты жерiне дейiн баратын жолды ұйымдасқан түрде қоныс аудару шеңберiнде азық-түлiкпен және дәрiлiк заттармен 0,5 AEK мөлшерiнде 3 тәулiкке арналған есеппен қамтамасыз ету; 5) оралмандарға құжат берудi AEK-тiң 20%-ы мөлшерiнде (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi) төлеу- 4 102 Оралмандарды Оралмандардың Жыл Қазақстан тұрғын үймен 10000 отбасын бойы Республи- қамтамасыз Қазақстан касының ету Республикасы Көшi-Қон Yкіметінiң шешiмiне және сәйкес отбасының демография бiр мүшесiне жүз жөніндегі еселенген айлық Агенттiгi есептiк көрсеткiш есебiнен тұрғын үймен қамтамасыз ету. 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу, оның iшiнде облыстар бойынша: Ақмола - 9 отбасы, Алматы - 6 отбасы, Шығыс Қазақстан - 6 отбасы, Батыс Қазақстан 2 отбасы, Қарағанды - 235 отбасы, Қостанай - 1 отбасы, Солтүстiк Қазақстан - 47 отбасы, Алматы қаласы - 10 отбасы. |
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ап қаулыларымен 7-тармақ өзгерді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 2004 жылы келетiн оралмандар отбасы - 10000, оның iшiнде ұйымдасқан түрде келетіні - 780, өз бетінше келетіні - 9220; ұйымдасқан түрде қоныс аудару бойынша көлiк шығындарының орнын толтыру және өз бетiнше келгендердiң көлiк шығындарын өтеу; 2004 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандардың 10000 отбасына бiржолғы жәрдемақының дер кезiнде төлеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу. Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
371-қосымша
605 - Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография
жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн құру
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 6354 мың теңге (алты миллион үш жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi қаулысы № 1020.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Оралман" Деректер Банкiн (Салық комитетiнiң "Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмi (СТ және СО) жүйесiн енгізу жөніндегі талаптарын ескере отырып) дамыту және Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiн материалдық-техникалық жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн жетiлдiру және дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кiшi бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 003 Қазақстан Саны 16 қосымша Жыл Қазақстан Республикасы лицензия сатып бойы Республи. Көшi-қон алу және оларды касының және "Оралман" Көшi-Қон демография Дерекқорын дамыту және жөніндегі үшiн Агенттiктiң демография агенттiгiнің аумақтық жөніндегі ақпараттық органдарында Агенттiгi жүйесiн құру орнату, 26 компьютер, 23 принтер және 1 сканер сатып алу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
- басқа мемлекеттік органдарда әзiрленген дерекқорлармен қолда бар "Оралман" Дерекқорларын бiрiктiру;
- факстiк хабарламаларды беру телефонмен сөйлесу шығындарын азайту;
- берiлетiн деректердi қорғау және сақталу;
- Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі Агенттiгi жұмысының өнiмдiлiгiн арттыру.