Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы
№ 197к қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына және "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1-тармақта:
"152" деген сандардан кейiн "152-1" деген сандармен толықтырылсын;
"161" деген сандардан кейiн "161-1" деген сандармен толықтырылсын;
"268" деген сандардан кейiн "268-1" деген сандармен толықтырылсын;
"274" деген сандардан кейiн "274-1" деген сандармен толықтырылсын;
"290" деген сандардан кейiн "290-1, 290-2" деген сандармен толықтырылсын;
"291" деген сандардан кейін "291-1, 291-2" деген сандармен толықтырылсын;
"322" деген сандардан кейiн "322-1" деген сандармен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгі бойынша:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 740684 мың теңге (жетi жүз қырық миллион алты жүз сексен төрт мың теңге).";
2-тармақта "2002 жылғы 11 ақпандағы № 806" деген сөздер "2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "339" деген сандар "355" деген сандармен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 33-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 7508401 мың теңге (жеті миллиард бес жүз сегіз миллион төрт жүз бip мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 4-жолда:
"Сыртқы iстер министрлігі орталық аппаратын" деген сөздерден кейiн "және шетелдiк мекемелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"293" деген сандар "318" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- офистік жабдық сатып алу - 100 бірлiк.";
7-бағанда "Сыртқы iстер министрлігі" деген сөздерден кейiн "мен шетелдiк мекемелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 34-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1588665 мың теңге (бip миллиард бес жүз сексен сегiз миллион алты жүз алпыс бес мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 2-жолда мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жарналарды" деген сөз "және ерiктi қаржы жарналарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 35-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 193082 мың теңге (бір жүз тоқсан үш миллион сексен екi мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 36-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 2560190 мың теңге (екі миллиард бес жүз алпыс миллион бір жүз тоқсан мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "381,75" деген сандар "98,75" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 37-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 571906 мың теңге (бес жүз жетпiс бір миллион тоғыз жүз алты мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 41-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1950676 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз елу миллион алты жүз жетпiс алты мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бойынша: көрсетілген
қаулыға 46-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 6123095 мың теңге (алты миллиард бір жүз жиырма үш миллион тоқсан бес мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 2-жолда "байланыс кешенiн (автоматты электронды коммутаторды, ҚТ диапазонының жабдығын, ақпарат беру құрылғылары кешенiмен УҚТ диапазонының радиостанцияларын) - 1 жинақ;" деген сөздерден кейiн "тренажерлердi - 34 дана" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 49-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 3067341 мың теңге (үш миллиард алпыс жетi миллион үш жүз қырық бір мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 54-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 4953765 мың теңге (төрт миллиард тоғыз жүз елу үш миллион жеті жүз алпыс бес мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 2-жолда "388" деген сандар "400" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 5-жолда "33" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 59-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 7095962 мың теңге (жеті миллиард тоқсан бес миллион тоғыз жүз алпыс екі мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттік нөмiрi 3-жолдың екiншi абзацында "7950-7970", "1265-1275", "10650-10670" деген сандар тиiсiнше "8901-8921", "1452-1462", "13738-13758" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"11 асыл тұқымды мал шаруашылығының 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан республикалық және жергiлiктi бюджеттер алдындағы салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн өтеу.";
көрсетілген қаулыға 62-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 2120203 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма миллион екi жүз үш мың теңге).";
4-тармақтың мемлекеттік тiлдегі мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөніндегі өнеркәсiптiң тиiмдiлігін арттыру.";
5-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындардың мемлекеттік қаржы қаражатына қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және оларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру.";
көрсетiлген қаулыға 66-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 66303 мың теңге (алпыс алты миллион үш жүз үш мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттік нөмiрi 2-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Импреджило" фирмасына кешiктiрiлген төлемдер бойынша пайыздарды төлеу.";
көрсетiлген қаулыға 67-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 52624 мың теңге (елу екi миллион алты жүз жиырма төрт мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 68-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 5638 мың теңге (бec миллион алты жүз отыз сегіз мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 2-жолының 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Екiншi жарты жылдықтан бастап";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "III тоқсан";
көрсетiлген қаулыға 73-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 773035 мың теңге (жетi жүз жетпiс үш миллион отыз бес мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 74-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1394305 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан төрт миллион үш жүз бес мың теңге).";
көрсетілген қаулыға 75-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 3144466 мың теңге (үш миллиард бір жүз қырық төрт миллион төрт жүз алпыс алты мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
peттік нөмiрi 2-жолда:
в) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Арнасай бөгетінiң төменгі беткейiн нығайту;";
мынадай мазмұндағы ж), з) тармақшаларымен толықтырылсын:
"ж) Қызылорда қаласының қорғау қоғандарын күшейту: қорғау қоғандарының беткейiн нығайту; бар қоғандарды қайта жаңарту;
з) Қызылқұм каналында айналма реттеуіш салу: су тастау құрылысын салу;";
реттік нөмiрi 3-жолда:
мынадай мазмұндағы н) тармақшасымен толықтырылсын:
"н) Уш автомобиль, ұйымдастыру техникасын және жиhаз сатып алуға арналған келісім-шарттар құнының бір бөлігіне ақы төлеу;";
7-тармақта "20" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 76-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 627402 мың теңге (алты жүз жиырма жетi миллион төрт жүз екi мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 79-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 388 мың теңге (үш жүз сексен сегiз мың теңге).";
2-тармақ ", "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшiн қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 наурыздағы № 264 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 81-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 28365 мың теңге (жиырма сегіз миллион үш жүз алпыс бес мың теңге).";
көрсетілген қаулыға 85-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 16201 мың теңге (он алты миллион екі жүз бір мың теңге).";
көрсетілген қаулыға 87-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 368775 мың теңге (үш жүз алпыс сегіз миллион жетi жүз жетпiс бес мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 90-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 8533 мың теңге (сегіз миллион бес жүз отыз үш мың теңге).";
2-тармақ ", "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерiн көбейту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 1 сәуірдегі Заңы" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 93-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 55906 мың теңге (елу бес миллион тоғыз жүз алты мың теңге).";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Заңнамада белгiленген тракторист-машинистің жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру, сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердің, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздігінен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердiң жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру жөнiндегі мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздігінен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi жол қозғалысына қатысуға мемлекеттік тіркеу үшiн тіркеу нөмiрi белгiлерiн, техникалық паспорттарды және тракторист-машинистердiң куәлігін жасауды ұйымдастыру.";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тракторшы-машинистердiң Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекiткен нысан бойынша үлгілерге сәйкес келетiн куәлiктерiнiң 25 000 бірлігін сатып алу.";
көрсетiлген қаулыға 96-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 79796 мың теңге (жетпiс тоғыз миллион жетi жүз тоқсан алты мың теңге).";
2-тармақ ", "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасын қаржыландыру үшін Азия Даму Банкінің қарызын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 54 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттік нөмiрi 2-жолда:
1) тармақшада "6, 9" деген сандар тиiсiнше "5, 3" деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшада "1%" деген сөздер "0,5%" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 97-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 142692 мың теңге (бір жүз қырық екі миллион алты жүз тоқсан екi мың теңге).";
2-тармақ ", "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшiн қарыз туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы Заңы" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 100-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 4374 мың теңге (төрт миллион үш жүз жетпiс төрт мың теңге).";
көрсетілген қаулыға 102-қосымша алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 113-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1736 мың теңге (бір миллион жетi жүз отыз алты мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "10" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 115-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 4666862 мың теңге (төрт миллиард алты жүз алпыс алты миллион сегіз жүз алпыс екі мың теңге).";
көрсетілген қаулыға 118-қосымшада:
бағдарламаның атауында және 6-тармақ кестесiнiң 4-бағанында peттік нөмiрi 1-жолда "жұмыс icтеуi" деген сөздер "қызметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 31609259 мың теңге (отыз бір миллиард алты жүз тоғыз миллион екi жүз елу тоғыз мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 2-жолда "10 964 235", "5 069 718", "1 307 376", "674 023", "109 895", "281 974", "241 484", "4 342 474", "2 159 321", "2 183 153", "244 667" деген сандар тиiсiнше"9 891 414", "4 573 660", "1 179 453", "608 072", "99 142", "254 384", "217 855", "3 917 574", "1 948 037", "1 969 537", "220 727" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жолда "13 238 320", "815 643", "943 970", "6 331 325", "1 000 000", "215 544", "152 500", "87 829" деген сандар тиiсiнше "12 232 235", "661 694", "860 839", "5 562 320", "910 085", "184 238", "113 545", "68 175" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 4-жолда "5 071 786", "3 199 311", "510 692", "200 097", "150 219", "17 583", "45 116", "97 677", "1 299 850", "783 281", "516 569", "61 933" деген сандар тиiсiнше "8 575 525", "6 886 267", "460 722", "180 518", "135 521", "15 862", "40 701", "88 120", "1 172 663", "706 639", "466 024", "55 873" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 126-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 14397941 мың теңге (он төрт миллиард үш жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз қырық бір мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 2-жолда "9758298" деген сандар "9723145" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 4-жолда "3170216" деген сандар "3158796" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 127-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 2357240 мың теңге (екi миллиард үш жүз елу жетi миллион екi жүз қырық мың теңге).";
көрсетілген қаулыға 129-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 121200 мың теңге (бір жүз жиырма бір миллион екi жүз мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "1 тақырып бойынша аэроғарыш саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы жабынның құлау себептерiнiң түпкiлiктi келісілген нұсқасын қабылдау үшін аэроғарыш саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу - 1 есеп";
көрсетiлген қаулыға 138-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 10578780 мың теңге (он миллиард бес жүз жетпiс сегіз миллион жетi жүз сексен мың теңге).";
7-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: ", № 54, № 55, № 56 және № 57 көшелердi, Қабанбай батыр даңғылы мен № 2 көше қиылысын; Қабанбай батыр даңғылы мен № 1 көше қиылысын, "Шұбар - 3" Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына кiреберiстiң № 2 учаскесiн салу, қайта жаңарту және жобалау; көпiр құрылысын қоса алғанда, Абай даңғылын Можайский көшесiнен және көпiрден Оңтүстік-Шығыс шағын ауданына дейiн салу (Астана қаласындағы асфальт-бетон жабылған инженерлiк желiлердiң бір бөлігін шығарып).";
көрсетiлген қаулыға 139-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1303670 мың теңге (бір миллиард үш жүз үш миллион алты жүз жетпiс мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 141-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 12882350 мың теңге (он екi миллиард сегіз жүз сексен екi миллион үш жүз елу мың теңге).";
2-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: ", "Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңы";
4-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі дайындық іс-шараларын жүзеге асыру.";
5-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: "Бухгалтерлiк есептi стандарттау жөніндегі халықаралық комитет қоры мен Қаржы министрлігі арасындағы 5 жылға арналған Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын мемлекеттік тiлде жариялау құқығынан шартты түрде бас тарту туралы лицензиялық келісім жасасу шеңберiнде Бухгалтерлiк есептi стандарттау жөніндегі халықаралық комитет қорына қаламақы төлеу, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын мемлекеттік тiлге аудару.";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттік нөмiрi 2-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бухгалтерлiк есептi стандарттау жөніндегі халықаралық комитет қоры мен Қаржы министрлігі арасындағы 5 жыл мерзiмге арналған Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын мемлекеттік тілде жариялау құқығынан шартты түрде бас тарту туралы лицензиялық келісім жасасу шеңберiнде Бухгалтерлiк есепті стандарттау жөніндегі халықаралық комитет қорына қаламақы төлеу. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын мемлекеттік тiлге аудару.";
7-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ұйымдардың қаржылық есеп берудi жасауын қамтамасыз ету.";
көрсетілген қаулыға 148-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1 106400 мың теңге (бір миллиард бір жүз алты миллион төрт жүз мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 6-бағанында "жылдың" деген сөздiң алдынан "2004" деген сандармен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 150-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 12100980 мың теңге (он екi миллиард бір жүз миллион тоғыз жүз сексен мың теңге).";
4, 5-тармақтар "сәйкес" және "қаражат шегiнде" деген сөздерден кейiн тиiсiнше мынадай сөздермен толықтырылсын:
", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшiн мемлекет кепiлдiк берген қарызды мерзiмiнен бұрын өтеудi көздейтiн "Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-бабына сәйкес";
көрсетiлген қаулыға 152-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 37548987 мың теңге (отыз жетi миллиард бес жүз қырық сегіз миллион тоғыз жүз сексен жеті мың теңге).";
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қаулыға 152-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 155-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 49764 мың теңге (қырық тоғыз миллион жеті жүз алпыс төрт мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"2004 жылғы 20 ақпанға дейiн";
көрсетілген қаулыға 159-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1990 мың теңге (бір миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге)."; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, "Tұрғын үй құрылыс жинақ банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуiрдегі № 364 қаулысы, "Тұрғын үй құрылыс жинақтауларына салымдар бойынша сыйлық (мемлекет сыйлығы) төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 439 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 444 қаулысы.";
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қаулыға 161-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 162-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 9309670 мың теңге (тоғыз миллиард үш жүз тоғыз миллион алты жүз жетпiс мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 163-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 134395118 мың теңге (бір жүз отыз төрт миллиард үш жүз тоқсан бес миллион бір жүз он сегіз мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 165-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 184000 мың теңге (бір жүз сексен төрт миллион теңге).";
көрсетілген қаулыға 166-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 122901 мың теңге (бір жүз жиырма екi миллион тоғыз жүз бір мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттік нөмiрi 1-жолда:
1) тармақшада:
"жүйенің "Шығыстарды орта мерзiмдi болжамдау" модулін әзiрлеу" деген сөздер "жүйені дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"- "Бюджеттiң шығыс бөлігінiң жобасын қалыптастыру" кiшi жүйесiн дамыту;
- "ББӘ-нiң бюджеттік өтiнiмдерiн қалыптастыру" кiшi жүйесiн дамыту;
- "Әкiмшiлендiру" кiшi жүйесiн дамыту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде енгізу;";
6) тармақшада:
"компьютерлер - 100 дана" деген сөздер "компьютерлер - 50 дана, ноутбуктер - 20 дана, кондиционерлер - 2 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Министрлiктің ақпараттық жүйелерiнiң жұмыс iстеуi үшiн арнайы жабдықталған серверлiк үй-жайды дайындау жөніндегі қызметтердi сатып алу: - құрылымдалған кабельдiк жүйе (ҚКЖ) құру, 1 жиынтық жабдық пен шығыс материалдарын сатып алу;
- газды өрт сөндiру жүйесiн құру, 1 жиынтық жабдық пен шығыс материалдарын сатып алу;
- қол жетімділікті шектеу және бақылау жүйесiн құру, 1 жиынтық жабдық пен шығыс материалдарын сатып алу;
- ауаны баптау жүйесін құру және 2 дана прецизиялық кондиционер мен шығыс материалдарын сатып алу;
- жерге қосу контуры мен электрмен қоректендіру жүйесін (қалқандар 5 дана) және шығыс материалдарын құру;
- қолдан жасалған едендi орнату, әрлеу және қайта жоспарлау жұмыстары;
- монтаждау, инсталляциялық, iске қосу-реттеу жұмыстары;
- "Министрлiктер үйi" ғимаратының құрылымдалған кабельдiк жүйесiне қосымша жұмыс орындарын қосу;
- электр монтаждау қызметтерiн және серверлiк жабдықты құрылымдалған кабельдiк жүйеге (ҚКЖ) қосу жөніндегі қызметтердi алу;
- телекоммуникациялық жабдық (концентратор - 16 дана, телекоммуникациялық дiңгек - 3 дана).";
көрсетiлген қаулыға 169-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 10651333 мың теңге (он миллиард алты жүз елу бір миллион үш жүз отыз үш мың теңге).";
2-тармақ ", Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 6-бағанында "Бірiншi тоқсан" деген сөздер "Жыл бойы" деген сөздермен ауыстырылсын;