2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөніндегі агенттiгi)
(ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 331, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 338, 339-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
331-қосымша
308 - Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Төтенше жағдайларды ескерту және жою саласындағы
уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1227969 мың теңге (бір миллиард екi жүз жиырма жетi миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Әскери қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 573 Жарлығы; "Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесiн құру туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы № 1159 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергiлiктi атқарушы органдары қызметкерлерiнiң шектi штат санын бекіту туралы" 1998 жылғы 6 қазандағы № 1006 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлердi оқытудың тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысандық және арнайы киім-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиiстi нормаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Төтенше жағдайлар саласында хабарлау, білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету ережелерiн бекіту туралы" 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында өзара iс-қимыл жасау туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы келісімi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдарының өздеріне жүктелген қызметтердi тиiмдi түрде орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік жүйе мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысының басқару органдары үшiн біліктi мамандар даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдарын ұстау, салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында арнайы атқарушылық және шешушi қызметтердi жүзеге асыру. Орталық аппарат пен аумақтық органда кадрларының кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 001 Төтенше жағдайларды ескерту және жою саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету 2 001 Орталық 134 штаттық Жыл Қазақстан органның бірлiктi ұстау- iшiнде Республи- аппараты Ресей Федерациясы касының Төтенше жағдайлар Төтенше министрлігінiң жағдайлар Азаматтық қорғаныс жөніндегі академиясында агенттiгi оқитын тыңдаушылардың және олардың отбасы мүшелерiнiң баратын орындарына барып-қайту көлiктiк шығындарын, жүктерiн тасымалдау шығындарын қамтамасыз ету- 10 желiнi жаңғырту, 8 жинақты бағдарламалық қамтамасыз етудi пысықтау, ТЖА-ның ақпараттық жүйелерi мен 21 жергiлiктi жүйесiн қамтамасыз ету, Web-сайтқа әкiмшiлiк ету және пысықтау; есептеу техникасы құралдарына және жергiлiктi есептеу желiлерiне (130 жұмыс iстеп тұрған станса, 3 жергiлiктi желi мен 5 сервер) жүйелiк және техникалық қызмет көрсету- Төтенше жағдайлар саласында мерзiмдi журналдар шығару (2004-2010 жылдарға арналған ГСПжЛЧС дамытудың бағдарламасы аясында), 12 бірлiк иондаушы сәуленi көму, өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгi саласында нормативтiк құжаттар, соның iшiнде: стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар, қағидалар, басшылыққа алу құжаттарын және нұсқаулықтар әзiрлеу бойынша қызметтерге ақы төлеу. Орталық аппарат ғимаратында орналасқан жекешелендiрiлген үй-жайларды сатып алу. 3 002 Аумақтық 1370 штаттық Жыл Қазақстан органдардың бірлiктi ұстау- ішiнде Республи- аппараттары Азаматтық касы қорғаныс Төтенше пен төтенше жағдайлар жағдайлар бойынша жөніндегі облыстық және агент- қалалық дайындау тiгiнiң орталықтары үшiн аумақтық жабдықтар мен органдары техникалық оқыту құралдарын сатып алу: 42 бірлiк көшiру аппаратын, 26 бірлiк компьютер, 26 бірлiк принтер, 26 бірлiк бейнемагнитофон, 25 бірлiк цифрлы фотоаппарат, 4 бірлiк кондиционер сатып алу, сондай-ақ (2004-2010 жылдарға арналған ГСПжЛЧС дамытудың бағдарламасы аясында) басқа да материалдар сатып алу- 4 007 Мемлекеттік Мемлекеттік Жыл Қазақстан қызметшi- қызметшiлердiң iшiнде Республи- лердiң біліктiлiгiн касының біліктiлiгiн арттырудың Төтенше арттыру бекітілген жағдайлар жоспарына сәйкес жөніндегі мемлекеттік агенттiгi қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыру, соның iшiнде мемлекеттік тiлдi оқытып-үйрету бойынша қызметтер сатып алу. Бiлiктiлiк арттыру курстарынан өтетiн мемлекеттік қызметкерлердiң жылдық орташа саны - 360 бірлiк. 008 Мемлекеттік Астана қаласы, Жыл Қазақстан органдардың Бейбiтшiлiк бойы Республи- ғимараттары мен касының үй-жайларын көшесi, 22 үй Төтенше күрделi жөндеу мекен-жайы жағдайлар бойынша жөніндегі орталық аппарат агенттiгі ғимаратын күрделi жөндеу. 5 009 Мемлекеттік 1 бірлiк сүңгуiр Жыл Қазақстан органдарды жабдығын, 1 бірлiк iшiнде Республи- материалдық- метеоаспап, 31 касының техникалық бірлiк химиялық Төтенше жарақтандыру барлау құралын жағдайлар (дозиметр), 1 жөніндегі бірлiк көпқызметтi агенттiгi iздестiру аспабын, Қазақстан 20 бірлiк көшiру Республи- аппаратын, 500 касы бірлiк үстел, Төтенше 360 бірлiк орындық жағдайлар сатып алу. жөніндегі Төтенше жағдайлар агенттi жөніндегі облыстық гiнiң инспекциялардың аумақтық тексерiс жүргізуiн органдары қамтамасыз ету үшiн жедел жеңiл автомобильдердiң (Нива базасында) 16 бірлігін, байланыс құралдарымен жабдықталған, өтiмдiлiгі жоғары барлау-командирлiк автомобильдердiң (Газель базасында) 16 бірлігін сатып алу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi мен аумақтық
органдарына жүктелген қызметтерді сапалы және уақытында орындау,
салааралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы арнайы атқарушылық
және шешушi қызметтердi жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби
деңгейiн кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай, қазiргi заманғы
экономикалық жағдайларға сәйкес арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
332-қосымша
308 - Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюды ұйымдастыру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2012486 мың теңге (екi миллиард он екi миллион төрт жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "28237, 52859, 68303 әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабына бағыныстылығы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті органдардың қызметкерлерiнiң шектi штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы № 1006 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мүлкiн беру туралы жекелеген мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 863 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысы; "Еңбек сiңiрген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1185 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 шiлдедегi № 1037 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мүлкiн беру туралы жекелеген мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң "Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысандық киім-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиiстi нормаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдай қаупi төнген және туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық жүргiзушi объектілерін және аумақтарын қорғау, төтенше жағдайларға дер кезінде мән беру, төтенше жағдайлар туралы ақпарат қабылдау және өңдеу, ұдайы әзiрлiктегi авариялық-құтқару күштері мен төтенше жағдайларды жою құралдарын тұрақты және үздiксiз басқаруды қамтамасыз ету. Селдiң, қар көшкiнiнiң, жар көшкiнiнiң, опырылып құлаудың алдын алу және олардың зардаптарын жою, сел құбылыстары мен жер сiлкiнiсiн болжау, селден қорғау құрылыстарын пайдалануды, Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық жүргiзушi объектілерін және жерiн қауiптi табиғи құбылыстардың (сел тасқыны, қар көшкiнi, жар көшкiнi, опырылып құлау, қатты жер сiлкiнiсi) әсерiнен сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету, олардың зардаптарын жоюды ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысу. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған және оларды жою кезiнде олардың тұрақты жұмыс iстеуi үшiн Республикалық шұғыл құтқару отрядын, әскери бөлiмдердi, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесiн, аймақтық аэромобильдi авариялық-құтқару отрядтарын қажеттi жабдықтармен, автокөлiкпен, керек-жарақпен жарақтандыру. Құтқару бөлiмшелерiн төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге, трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде өзара iс-қимыл ұйымдастыруға оқытып-үйрету. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда халыққа шұғыл көмек көрсету. Төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықтың алғашқы тiршiлiгiн қамтамасыз етуге арналған тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдарының және материалдық құралдардың қорларын құру. Метеостанция-3 объектiсiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға жоғары әзiрлiктi қамтамасыз ету, жедел мән беру, апат ауданына және алға қойылған жауынгерлiк мiндеттi орындау аудандарына авариялық-құтқару қызметтерiн дер кезiнде апару, iздестiру-құтқару және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргiзу, жүрiп-тұру қиын аудандарда, күрделiлiгi жоғары объектiлерде құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу, дүлей зiлзаланың, аварияның және апаттың салдарынан зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету, төтенше жағдай туралы радиомобильдi, радиотелефон, транкiлi, спутниктiк байланыс түрлерi арқылы дер кезiнде және тұрақты ақпарат қабылдау, алынған ақпаратты жедел өңдеу, авариялық-құтқару күштерi мен төтенше жағдайларды басқару пункттерi жедел қызметкерлерiнiң тәулiк бойы кезекшiлiгiн қамтамасыз ету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында мемлекеттік басқару органдарымен үздiксiз және тиiмдi байланысты қамтамасыз ету. Республикалық және аймақтық жедел құтқару отрядтарының тиiмдi қызметiн, әскери бөлiмдердiң тұрақты жұмысын, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегі тиiмдi iс-қимыл үшiн авариялық-құтқару құралдарымен, жабдықтармен, құрал-саймандармен және автокөлiк техникасымен қамтамасыз ету. Бақылау және хабарлау қызметтерiнiң жұмысын, селден қорғау құрылыстарына ағымдағы жөндеу жүргiзудi, әуешолу жұмыстарын, мұзарт көлдердi ағызып жiберу жөніндегі алдын алу жұмыстарын, қар көшкiнiн алдын ала түсiру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, жер сiлкiнiсiн қысқа мерзiмде болжауды қамтамасыз ету жөнiндегі ғылыми-болжау жұмыстарын, бақылау және хабарлау постарын ұстауды қамтамасыз ету.
Күрделi ауа-райы мен географиялық жағдайларда, күрделiлiгi жоғары объектiлерде құтқару бөлiмшелерiнiң практикалық сабақтары мен жаттығуларын ұйымдастыру және жүргiзу, дүлей зiлзаланың, авария мен апаттың салдарынан зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету жөнiнде сабақтар ұйымдастыру және өткізу, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде авариялық-құтқару құралдарын пайдалануға үйрету. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде дер кезiнде мән беру үшiн тiкұшақтарды тиiмдi, ұтымды пайдалану. Шатыр лагерлерiн құруға арналған материалдық құралдар сатып алу. Метеостанция-3 объектісiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 002 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру 2 100 Республикалық "Республикалық Жыл "Республи- жедел құтқару жедел-құтқару iшiнде калық жасағы отряды" жедел- мемлекеттік құтқару мекемесiн ұстау отряды" (штат саны - 56 мемлекеттік бірлiк) мекемесі Сатып алу: байланыс құралдары (УҚТ диапазонды алып жүретiн радиостансалар) - 28 бірлiк; станоктар (токарлық, фрезерлiк, ағаш өңдейтiн станок) - 3 бірлiк; сүңгуiр қызметiн жинақтау үшiн құрал-саймандар мен жабдықтар - 1 бірлiк; iздеу-құтқару иттерi - 12 бірлiк, иттердi ұстауға және жаттықтыруға арналған мүлiк пен жарақ, арнайы автокөлiк - 5 бірлiк ("Ивановец" краны 1 бірлiк, Уаз Пикап - 1 бірлiк, бортты тiркеме - 1 бірлiк, иттердi тасымалдауға арналған тiркеме - 2 бірлiк), кинологиялық қызметті орналастыруға арналған аңғар тұрпатындағы модуль - 1 бірлiк, сүңгуір жарақтары - 22 бірлiк, шатырлар - 5 бірлiк; (2004-2010 жылдарға арналған ГСПжЛЧС дамыту бағдарламасының аясында) автокөлiк (2 бірлiк), оның iшiнде: УАЗ-1 бірлiк, Нива-"Марш" - 1 бірлiк; УАЗ-ға автотiркемелер - 2 бірлiк; сүңгуiр жарақтары: контейнерлi сүңгуiр кешенi - 1 бірлiк; химиялық-биологиялық кешенi - 1 бірлiк; аумақты бақылау жүйесi - 1 бірлiк; компьютер - 2 бірлiк; сандық бейнекамера - 1 бірлiк. 3 101 Әскери Әскери бөлiмдердi Жыл 28237, бөлiмдер ұстау (штат саны iшiнде 52859, - 1202 бірлiк)" 68303 № 68303 әскери әскери бөлiмi Атония бөлiмдер әскери байланыс мемлекеттік торабының" мекемелерi 5 қызметкерiн Астана қаласына көшiрудi ұйымдастыру, оның ішiнде: қызметтiк үй-жайларды қайта жабдықтау, кабельдi желiлер тарту, жабдықтарды монтаждау, байланыс қызметтерiне ақы төлеу; жолақысын төлеу, көшу жолақысын төлеу, пәтер сатып алу химиялық барлау және қорғау құралдары - 4 бірлiк; медициналық жабдық 12 бірлiк; авариялық-құтқару аспаптары мен жабдықтары - 66 бірлiк; Газель автомобилiнiң базасында авариялық-құтқару сүңгуір станциясы - 1 бірлiк, Газель базасында жедел-штабтық құтқару машиналары - 2 бірлiк, Газель базасында авариялық құтқару машиналары - 6 бірлiк ақысын төлеу. "Кезекшi қызмет және орталық аппаратты қамтамасыз ету және күзету жеке взводының" 3 қызметкерiн Астана қаласына көшiрудi ұйымдастыру оның iшiнде: жолақысын төлеу, көшу жолақысын төлеу, жеке мүлiктердi тасымалдау ақысын төлеу, жабдықтарды тасымалдау ақысын төлеу, пәтер сатып алу ақысын төлеу. Сатып алу: (2004-2010 жылдарға арналған ГСПжЛЧС дамыту бағдарламасының аясында): автокөлiк - 28 бірлiк, оның iшiнде: рефрижератор - 2 бірлiк, Нива- 3 бірлiк, Камаз- 7 бірлiк, ЗИЛ- 2 бірлiк, ГАЗ- 2 бірлiк, УАЗ- 4 бірлiк, МАЗ-2 бірлiк, тiркеме- 3 бірлiк, тiркемелi цистерна- 2 бірлiк, экскаватор- 1 бірлiк; байланыс құралдары- 43 бірлiк; бензин колонкалары- 2 бірлiк, түрлi-түстi көшiру аппараты - 1 бірлiк, сандық фотокамера - 1 бірлiк, компьютерлер - 5 бірлiк; компрессор -1 бірлiк; электростансалар - 6 бірлiк; санитарлық автокөлiк - 2 бірлiк; 6 автокөлiк жинағы; шатырлар - 215 бірлiк; су құятын ыдыс -25 бірлiк; ас үй жабдықтары - 15 бірлiк; коммуналдық-жылыту және тұрмыстық жабдықтар - 31 бірлiк; оқ-дәрi (оқтар) 10839 бірлiк. 14.Оқ-дәрi (оқтар) -10839 4 102 Аэромобильдi Орталық өңiрлiк Жыл Орталық өңiрлiк аэромобильдi ішінде өңірлік жедел-құтқару жедел-құтқару аэромо- жасақтары отряды (штат бильдi саны - 40 бірлiк), жедел- Батыс өңiрлiк құтқару аэромобильдi отряды, жедел-құтқару Батыс отряды (штат өңірлік саны - 32 бірлiк), аэромо- Шығыс өңiрлiк бильдi аэромобильдi жедел- жедел-құтқару отряды құтқару (штат саны - отряды, 32 бірлiк), Шығыс Солтүстiк өңірлік өңiрлiк аэромобильдi аэромо- жедел-құтқару бильдi жасағы (штат жедел- саны - 32 бірлiк), құтқару Оңтүстiк өңiрлiк отряды, аэромобильдi Солтүстік жедел-құтқару өңірлік отряды аэромо- (штат саны - бильдi 32 бірлiк) жедел- мемлекеттік құтқару мекемелерiн ұстау: отряды, Авариялық-құтқару Оңтүстік жұмыстарын жүргiзу өңірлік үшiн жабдықтар аэромо- сатып алу, оның бильдi iшiнде: жедел- акваланг - құтқару 4 бірлiк; отряды, компрессор - 10 мемлекеттік бірлiк; мекемелері гидравликалық насос- 4 бірлiк; гидравликалық шланг- 5 бірлiк; "Газель" базасында авариялық-құтқару сүңгуiр станциясы - 5 бірлiк, құтқару қайықтары - 5 бірлiк. (2004-2010 жылдарға арналған ГСПжЛЧС дамыту бағдарламасының аясында) УАЗ "Таблетка" базасында -2 бірлiк; Газель - 1 бірлiк авариялық-құтқару автомобильдерiн; қайықтық моторлары бар және тасымалдауға арналған тiркемелерi бар қайықтар- 22 бірлiк; 4, 10, 20-орындық шатырлар - 37 бірлiк; авариялық-құтқару құрал-саймандары - 161 бірлiк, сүңгуiр жабдықтары - 116 бірлiк; тыныс алу органдарын және терiнi қорғау құралдары - 35 бірлiк; алып жүретiн радиостансалар- 35 бірлiк; стационарлық -35 бірлiк; стационарлық УҚТ антенналары - 6 бірлiк; "Тайга" маркалы қарда жүргiш машиналар -2 бірлiк; катамаран - 2 бірлiк; электрстансалары - 11 бірлік; әмбебап зембіл 1-бірлік; жарық беретін аппаратура - 2 бірлiк. 5 103 Республикалық "Республикалық Жыл "Респу- дағдарыс дағдарыс орталығы" ішінде бликалық орталығы мемлекеттік дағдарыс мекемесін ұстау орталығы" (штат саны - мемлекеттік 25 бірлік)- мекемесі "Республикалық дағдарыс орталығының" 8 қызметкерiн Астана қаласына көшiрудi ұйымдастыру, оның iшiнде: қызметтiк үй-жайларды қайта жабдықтау, кабельдi желiлер тарту, жабдықтарды монтаждау, байланыс қызметтерiне ақы төлеу; жолақысын, көшу жолақысын жеке мүлiктердi тасымалдау ақысын, жабдықтарды тасымалдау ақысын, пәтер сатып алу, ғимаратты күрделi жөндеу ақысын төлеу, активтер сатып алу, оның iшiнде: спутниктiк антенна - 1 бірлiк, қару-жараққа арналған сейф - 2 бірлiк, өрт сигналы, рұқсат және бейнебақылау жүйесi - 1 бірлiк, ситуациялық залға және қызметтiк үй-жайларға арналған желдеткiштер - 4 бірлiк. Ахуалдық залдың жұмыс орындарын жарақтандыру үшiн тауарларды сатып алу. 6 104 Қазсел- Қазселденқорғау Жыл "Қазсел- денқорғау мемлекеттік ішінде денқорғау" мекемесiн ұстау мемлекеттік (штат саны - мекемесі 540 бірлiк)- Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында он жетi гидротех- никалық құрылысқа ағымдағы жөндеу, Алматы облысы мен Алматы қаласында селден қорғау құрылыстары мен бөгетті жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, бақылау және хабарлау постарын ұстау, әуешолу жұмыстарын, мұзарт көлдердi ағызып жiберу жөніндегі алдын алу жұмыстарын, жер сiлкiнiсiн қысқа мерзiмде болжауды қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-болжау жұмыстарын, қар көшкiнiн алдын ала түсiру жөніндегі жарылыс жұмыстарын жүргiзу. Жабдықтар мен материалдар сатып алу: геодезиялық аспаптар (жауын-шашын өлшегiш, психрометр, термометр, рейка, вертушка, плювиограф, нивелир, теодолит, резина қайық) - 494 бірлiк, қопарғыш-бульдозер - 1 бірлiк, КамАЗ самосвалы - 1 бірлiк, қарда жүретiн машина - 1 бірлiк, резеңке моторлы қайық - 1 бірлiк сатып алу. (2004-2010 жылдарға арналған ГСПжЛЧС дамыту бағдарламасының аясында): механикаландыру құралдарын - 15 бірлiк, оның iшiнде: бульдозер - 2 бірлiк, эксковатор - 7 бірлiк, трактор - 5 бірлiк, электр стансасы - 1 бірлiк, автокөлiк - 15 бірлiк, оның iшiнде: Камаз - 10 бірлiк, радиобайланыспен жабдықталған Нива - 5 бірлiк, арнайы автокөлік -15 бірлiк, оның iшiнде: УАЗ-469 - 12 бірлiк, бензинтасығыш - 1 бірлiк, техжәрдем - 1 бірлiк, сутасығыш - 1 бірлiк. 7 105 Төтенше Жанғыш- майлағыш Жыл Қазақстан жағдайларды материалдарды сатып iшiнде Республи- ескерту алу, тiкұшақтарды касының және жоюды қоятын орындарды Төтенше қамтамасыз жалға алу, 8 жағдайлар ету үшiн тiкұшаққа ағымдағы жөніндегі арнайы жөндеу жүргiзу агенттiгi техникалық және ұстау, 2 жабдықтардың тiкұшаққа күрделi дайындығын жөндеу жүргiзу. ұйымдастыру 8 106 "Қазқұтқару" 7 күннiң iшiнде Жыл Қазақстан бөлiмшесi жиын-семинар өткізу iшiнде Республи- құтқарушы- жөніндегі касының ларының жыл iс-шараларды Төтенше сайынғы қамтамасыз ету: жағдайлар республи- оның iшiнде жөніндегі калық жанғыш-майлағыш агенттігі (халықара- материалдар, лық) жиын- сыйлықтар семинарын жиын-семинарға өткізу қатысушылардың азық-түлігін сатып алу, дипломдар, бейдждер дайындау, жүлделерге жазулар жазу- 9 109 Метеостанция-3 "Метеостанция-3 Жыл Қазақстан объектiсiнiң объектiсiнiң бойы Республикасының сақталуын аяқталмаған Төтенше қамтамасыз ету құрылысын жағдайлар ұстау, оның жөніндегі iшiнде: агенттігі сорғы - 2 бірлiк, электр қыздырғыш - 4 бірлiк, калориферлер- 2 бірлiк сатып алу |