2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197е; 23.06.04 ж. № 197к;
2004.24.12. № 197ат қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 418, 419-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197е қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
418-қосымша
690 - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Сайлау өткізудi ұйымдастыру"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1660568 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс миллион бес жүз алпыс сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 21, 22, 23, 24 және 25-баптары, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, Қазақстан Республикасының " 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы" 1998 жылғы 29 қазандағы № 1108 қаулысы, Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткізудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 69-ө өкімі
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының, жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруына қол жеткізуi үшiн, қызметiн қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердiң, қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес, өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiктерiн жетiлдiру үшiн кәсiби қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша біліктiлiгiн көтеру, теориялық және практикалық білімдерiн, икемдiлiгi мен ептiлiгiн жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратын қамту, Парламент депутаттарының және мәслихаттар депутаттарының сайлауларын әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыру, комиссияны материалдық-техникалық жарақтандыру,оқулық семинар өткізу, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн көтеру.
ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197е қаулысымен жоспар толықтырылды
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Сайлау өткізудi ұйымдастыру 2 001 Орталық Қазақстан жыл Қазақстан органның Республикасы бойы Республи- аппараты Орталық сайлау касының комиссиясы Орталық аппаратын сайлау бекітілген саны 46 комиссиясы бiрлiк штат кестесiне сәйкес қамту- Саны 2 автомашина қызметтiк автокөлiктi қамту және жалдау. Бағдарламаларды сүйемелдеу, саны 46 дана компьютерге, саны 30 дана принтерге, саны 3 дана ксероксқа, саны 3 дана факске техникалық күтiм көрсету жөндеуден өткізу. Оқулық семинар өткізу. 3 007 Мемлекеттік Бекiтiлген жыл Қазақстан қызметшi. біліктiлiк көтеру бойы Республи. лердiң жоспарына сәйкес касының біліктiлiгiн мемлекеттік Орталық арттыру қызметшiлердiң сайлау біліктiлiгiн көтеру комиссиясы оның iшiнде мемлекеттік тiлдi оқыту жөніндегі қызметтердi сатып алу. Курстарды өтетiн мемлекеттік қызметшiлердiң орташа жылдық саны - 25 адам. 4 009 Мемлекеттік Жиhаз сатып алу: жыл Қазақстан органдарды жазу столдары - бойы Республи. материалдық- 16 дана, жалғап касының техникалық қоятын столдар - Орталық жарақтандыру 16 дана, құжаттар Сайлау үшiн шкафтар - комиссиясы 16 дана, креслолар - 16 дана, мұрағат үшiн металдан жасалған шкафтар - 6 дана, сейфтер - 16 дана. 5 100 Сайлау Парламент жыл Қазақстан өткізу Мәжілісiнiң 77 бойы Республи. депутатының кезектi касының сайлауын, шығып Орталық қалғандардың орнына сайлау Парламент Сенатының комиссиясы бiр депутатының сайлауын және мәслихаттардың 63 депутатының сайлауын әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға бiр өлшемдi штрих-код енгізу жөніндегі қызметтердi сатып алу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Орталық сайлау комиссиясына жүктелген мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау, мемлекеттік қызметшiлердiң, осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай біліктiлiк деңгейiн көтеру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
419 - қосымша
690 - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1913200 мың теңге (6ip миллиард тоғыз жүз он үш миллион екi жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сайлау үдерiсiн жетiлдiру, сайлауды өткізудiң мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында "Сайлау" автоматты ақпараттық жүйесiн жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Сайлау" автоматты ақпараттық жүйесiн жасау, ендiру және техникалық жабдықтау.
ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197е; 2004.24.12. № 197ат қаулыларымен өзгерді және толықтырылды
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 002 "Сайлау" 1- Арнайы жабдық- жыл Қазақстан автоматтан- тар сатып алу: бойы Республи- дырылған штрих-кодтар касының ақпараттық сканерi -3550 Орталық жүйесiн құру бiрлiк, дауыс беру сайлау пультi -24111 комиссиясы бiрлiк, шолу электрондық таблосы -7100 бiрлiк, ИҚ-портты дауыс беру жинақы терминалдарын жинаушы -3550 бiрлiк, СОМ-порттарды кеңейткiш -3400 бiрлiк, ЭЦҚ қалыптастыру жабдығы -3621 бiрлiк, штрих-кодтардың жылжымалы сканерi - 3550 бiрлiк, дауыстарды жинақтағышы бар дауыс беру пультi - 3550 бiрлiк, штрих-кодтарды тексеру құрылғысы - 3550 бiрлiк. 2. Есептеу техникасын сатып алу: кластер (дискiлi жинаушысы, ленталық кiтапханасы және лицензиялық қамтамасыз етуi бар 2 сервер) -1 комплект сервер -15 бiрлiк, компьютер -3596 бiрлiк, принтер -3585 бiрлiк, үздiксiз қуаттандыру көзi -3630 бiрлiк, маршрутизатор -16 бiрлiк, модем -3550 бiрлiк, концентратор 16 бiрлiк, ноутбук - 6 бiрлiк. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу Oracle 9i Database Enterprise 50 лицензия, Oracle 9i Database Standart Edition - 65 лицензия, Oracle 9i Lite - 800 лицензия. 4. Транспорттық ортаны жобаны iске асыру шегiнде ұйымдастыру (телекоммуникация қызметтерi). 5. Кілттерді сертификаттаудың аппараттық- бағдарламалық кешенін сатып алу. 6. Жүйеге әкімшілік ету. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Сайлауларды ұйымдастыру және өткізу үрдісін автоматтандыру, олардың мөлдірлігін және бақылауына қол жеткізу, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету.