2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж.
26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.03.04 ж. № 197а; 23.06.04 ж. № 197к;
17.09.04 ж. № 197c; 2004.13.12. № 197ак қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 353, 354, 355, 356, 357, 358, 359, 360, 361, 362, 363, 364, 365, 366, 367, 368-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
353-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi
органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 171177 мың теңге (бiр жүз жетпiс бiр миллион бiр жүз жетпiс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 8 , 18, 21-24-баптары; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыруды жетiлдiру жөнiнде одан әрi жүргiзiлетiн шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi № 724 қаулысы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi мен оның аумақтық органдарының қызметiн қамтамасыз ету. Өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызметi саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, дағды шеберлiктерiн жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын ұстау; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктілігiн арттыру; Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi мен оның аумақтық органдарының жергiлiктi-есептеу желiлерiне жүйелi-техникалық қызмет көрсету; ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету; Агенттiк пен оның аумақтық органдарының деректер беру желiлерiне қол жеткiзу жөніндегі қызметтер үшiн абоненттiк және жалдық төлемдердi қамтитын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiн қамтамасыз ету; лицензиялар мен өзге де рұқсат ету құжаттарын беру және лицензиаттардың лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауына бақылау жасау; материалдық-техникалық базаны нығайту.
ҚР Үкіметінің 2004.13.12. № 197ак қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Ақпараттан- дыру және байланыс caласын- дағы уәкi- леттi органның қызметiн қамтама- сыз ету 2 001 Орталық 66 бiрлiк мөлше- Жыл Қазақстан органның ріндегі штат ішінде Республикасы- аппараты санының лимитiне ның Ақпарат- сәйкес Қазақстан тандыру және Республикасы байланыс Ақпараттандыру жөніндегі және байланыс агенттігі жөніндегі агенттi- гiнiң орталық аппаратын ұстау- Бланктердi: қатаң есептілік бланкте- рiн 10000 дана мөлшерiнде; лицен- зиялардың бланкте- рiн 2000 дана мөлшерiнде, рұқсат- тардың 10000 дана мөлшерiнде сатып алу. Жергiлiкті-есептеу желiлерiне жүйелiк- техникалық қызмет көрсету, 66 бiрлiк мөлшеріндегі компью- терлiк техникаға және 26 бiрлiк мөлшеріндегі ұйымдастыру техни- касына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргiзу. Телекоммуникациялық қызметтер- Бекітiлген 5 бiрлiк мөлшеріндегі тиiс- тілік нормативiне сәйкес автокөлiктi ұстау және жалға алу. 7 тақырып бойынша нормативтiк құқық- тық құжаттар әзiрлеу. 3 002 Аумақтық 113 бiрлiк мөлше- Жыл Қазақстан органдар- ріндегі штат саны- ішінде Республикасы- дың аппа- ның лимитiне сәйкес ның Ақпарат- раттары Қазақстан Республи- тандыру және касы Ақпараттандыру байланыс және байланыс жөніндегі жөніндегі агенттi- агенттiгi гінiң аумақтық органдарын ұстау- Бекiтiлген 16 бiр- лiк мөлшеріндегі тиiстілік нормати- вiне сәйкес авто- көлiктi ұстау және жалға алу. 4 007 Мемлекеттік Бекiтiлген білікті- Жыл Агенттік қызметшiлер- ліктi көтеру ішінде және оның дiң білік- жоспарына сәйкес аумақтық тілігiн мемлекеттік қызмет- органдары арттыру шілердiң біліктілі- гiн көтеру, оның iшiнде мемлекеттік тiлге оқыту жөнiн- дегi қызмет көрсе- тулердi сатып алу- Бiлiктілігiн көтеру курстарынан өтетiн мемлекеттік қызмет- шiлердiң жылдық орташа саны - 62 бiрлiк. 5 009 Мемлекеттік Мыналарды: Жыл Қазақстан органдарды үздiксiз қуат беру ішінде Республикасы- материал- көздерiн - 2 жиын- ның Ақпарат- дық-техника- тық мөлшерiнде; тандыру және лық жарақ- компьютерлiк байланыс тандыру жабдықтарды - 15 жөніндегі жиынтық мөлшерiнде; агенттігі ұйымдастыру техни- касын - 15 жиынтық мөлшерiнде; лицензиялық бағдар- ламалық қамтамасыз ету - 1 жиынтық мөлшерiнде сатып алу; ноутбуктер 6 бiрлiк; принтерлер - 8 бірлік |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi мен оның аумақтық органдарының жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақтылы орындауы; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай, қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсiби деңгейiн көтеру; лицензиялық заңнаманы бұзушылықтарды жедел анықтау және жолын кесу.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
354-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Радиожиiлiк өрiсiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг
жүйесiн құру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 324950 мың теңге (үш жүз жиырма төрт миллион тоғыз жүз елу мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2004.13.12. № 197ак қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы; "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабының 5 және 25-тармақтары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы; "Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1665 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың бірыңғай жүйесiн құру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың толыққанды реттелуiн қамтамасыз етуге, жұмыс iстеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды қадағалауға, радиобөгеуiлдердiң көздерiн анықтауға, радиоэлектрондық құралдардың мәлiмделген параметрлерінің нақтыларына сәйкестiгiн тексеруге, заңсыз жұмыс iстейтiн радиоэлектрондық құралдардың ең көп санын анықтау салдарынан радиожиiлiк спектрін пайдаланғаны үшiн мемлекеттік бюджетке түсiмдердi ұлғайтуға, басқарудың әртүрлi деңгейлерiнiң арасында ақпаратпен жедел алмасу үшiн деректер базасын жасауға, радиобөгеуiл көзiн торуылдау процесiн автоматтандыруға, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдауға мүмкiндiк беретiн техникалық радиобақылау жүйесiн жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң байланыс және ақпараттандыру жөніндегі аумақтық органдары үшiн қажеттi радиобақылау жабдықтарын сатып алу, техникалық радиобақылаудың стационарлық пункттерi мен жылжымалы станцияларын құру және жарақтандыру, Қазақстан Республикасының цифрлы картасы үшiн деректер қорын жасау.
ҚР Үкіметінің 2004.13.12. № 197ак қаулысымен 6-тармақ толықтырылды
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬───────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼───────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴───────────────│
│ 1 002 Радиожиiлiк Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан │
│ өрiсiнiң касы аумағының бойы Республикасы- │
│ және радио- (қалалар мен елдi ның Ақпарат- │
│ электрондық мекендердiң аумақ- тандыру және │
│ құралдардың тарын қоспағанда) байланыс │
│ мониторинг электронды цифрлық жөніндегі │
│ жүйесiн картасына арналған агенттігі │
│ құру деректер қорының │
│ картографиялық кiшi │
│ жүйесiн қалыптас- │
│ тыру - 1 дана; │
│ Мыналарды сатып │
│ алу: │
│ техникалық радиоба- │
│ қылаудың жылжымалы │
│ станциясы - 2 дана; │
│ стационарлық радио- │
│ бақылау пунктiне │
│ арналған жабдықтар │
│ - 4 жиынтық; │
│ көшпелi пеленгация- │
│ лық пунктi - 1 │
│ жиынтық; │
│ жиынтықтағы спектр │
│ талдағышы - 1 дана; │
│ тармақтану жиынтығы │
│ - 7 дана; │
│ аз шуылды күшейт- │
│ кiш - 7 дана; │
│ Байланыс және хабар │
│ тарату │
│ телекоммуникациялық │
│ спутнигiн және │
│ iлеспе ғарыштық │
│ аппараттарды жерден │
│ басқару кешенi │
│ мен байланыс │
│ мониторингі жүйесін │
│ жасауға және │
│ геостанциялық │
│ орбитаға қоюға │
│ арналған │
│ келісім-шарт │
│ бойынша │
│ жұмыстардың │
│ орындалу барысын │
│ бақылауды │
│ қамтамасыз ету; │
│ "Ғарыштық байланыс │
│ және │
│ радиоэлектрондық │
│ құралдардың │
│ электромагниттiк │
│ үйлесiмдiлігі │
│ республикалық │
│ орталығы" АҚ │
│ (бұдан әрi Қоғам) │
│ жарғылық капиталын │
│ 15770,2 (он бес │
│ миллион жетi жүз │
│ жетпiс мың екi │
│ жүз) теңге сомасында │
│ ұлғайту, оның iшiнде: │
│ - жобалау-сметалық │
│ құжаттаманы әзiрлеуге, │
│ мемлекеттік │
│ сараптамаға ақы │
│ төлеуге, Қоғамға │
│ берiлетiн ғимаратты │
│ жөндеу-қалпына │
│ келтiру жұмыстарын │
│ жүргiзуге. │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
ҚР Үкіметінің 2004.13.12. № 197ак қаулысымен 7-тармақ толықтырылды
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Сандық көрсеткіштер:
Мыналарды сатып алу:
техникалық радиобақылаудың жылжымалы станциясы - 2 дана;
стационарлық радиобақылау пунктiне арналған жабдықтар - 4 жиынтық;
көшпелi пеленгациялық пунктi - 1 жиынтық;
жиынтықтағы спектр талдағышы - 1 дана;
тармақтану жиынтығы - 7 дана;
аз шуылды күшейткiш - 7 дана;
қуат өлшеуiш - 1 дана.
Сапалық көрсеткiштерi:
мемлекет қауiпсiздiгiне қатердi азайту; заңсыз әрекет ететiн радиожиiлiк спектрiн және радиоэлектронды құралдарды қолданушыларды анықтау;
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi қондырғыларды пайдаланушылардың бөгеуiлдерге және электромагниттік қосылушылыққа шағымдары бойынша жүргізілетін жұмыстардың нәтижелілігін арттыру.
Байланыс және хабар тарату телекоммуникациялық спутнигін, iлеспе ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенi мен байланыс мониторингі жүйесiн құру жөніндегі жұмыстар кезеңiнiң сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
355-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26400 мың теңге (жиырма алты миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысы; "Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттандыру және байланыс салаларын нарықтық жағдайларда дамытудың ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк базисiн жасауға бағдарланған әдiстердi қазiргi заманғы ғылыми техникалық деңгейде әзiрлеу мен енгізудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстанның ерекшелiктерiн ескере отырып және Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына және телекоммуникациялардың желiлерi мен жүйелерiн жаңарту нәтижесiнде пайда болған талаптарға сәйкес телекоммуникациялардың желiлерi мен жүйелерiн техникалық пайдаланудың әдiснамасын әзiрлеу жөнiнде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу, телекоммуникациялар саласына экономикалық талдау жүргiзу және телекоммуникациялар қызметтерiне (жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтер) әмбебап қол жеткiзудi ұйымдастыру және беру жөніндегі әдiснамалық тәсiлдердi әзiрлеу, ақпараттандыруды дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөніндегі проблемаларды зерттеу және әдiстер әзiрлеу, ақпараттандыру саласындағы метрология, стандарттау және сертификаттау проблемаларын талдау мен зерттеу және техникалық талаптар әзiрлеу.