Егер ағымдағы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе жергiлiктi бюджеттердi бекіту туралы мәслихаттың шешiмiн нақтылау кезiнде жоспарлы сомаларды, берiлген рұқсаттардың және жасалған төлемдердің сомаларын - кассалық шығыстарды бiр бағдарламадан, кiшi бағдарламадан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiктерiнен басқасына жылжыту талап етіледi, яғни мемлекеттік мекеменің, ұсынысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен шарттарды қайта тiркеу жүзеге асырылады.
Белгiленген тәртiппен бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi енгiзген ұсыныс негiзiнде Қаржы министрлігінiң аумақтық органдары жоспарлы сомаларды, берілген рұқсаттардың және жасалған төлемдердің сомаларын кассалық шығыстарды бiр бағдарламадан, кiші бағдарламадан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiктерiнен басқасына жылжытуды жүзеге асырады.
236. Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет нақтыланған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi тиiстi бюджеттік бағдарламалардың құжаттарын, мемлекеттік мекемелердiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарын және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарын, Қаржы министрлігі және жергiлiктi атқарушы орган - осы Ережеге сәйкес оларға өзгерістер енгізу арқылы қаржыландырудың жиынтық жоспарын нақтылайды.
Бұл орайда:
міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарының жоспарлы сомасы жасалған төлемдердің - кассалық шығыстар сомасынан аз болмайды;
бюджеттік бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша, бұрын бекітілген мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсінің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары өзгертілмеген жылдық жоспарлы сомалар алдыңғы айлар ішінде оларды ай сайын бөлудi нақтылау қажет етiлмейтiн болса нақтыланбайды;
жылдық жоспарлы сомалар өзгертiлген бюджеттік бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша Анықтама жасалады және бекітіледi, осы Ереженің 219-тармағына сәйкес оларға сай міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсінің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары нақтыланады; қосымша бюджеттік бағдарламалар бойынша мiндеттемелер мен төлемдер бойынша мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары осы Ереженiң 26-32-тармақтарына сәйкес жасалады және бекітіледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 237-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
237. Қаржы министрлігі мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң нақтыланған жоспарын жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 238-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
238. Қаржы министрлігі мен оның аумақтық органдары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерiн қаржыландыруды оның мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары Шығыстардың бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша да және айлар бойынша да оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң тиiстi жоспарларының сомасына сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуға құқығы бap.
7-бөлiм. Операцияларды есепке алу
24-тарау. Бюджеттiң атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу
239. Операцияларды есепке алу - бюджеттің және мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуын, кiрiстер жоспарының және ақылы қызметтердiң қаражаты есебiнен қаржыландырудың атқарылуын, демеушілік пен қайырымдылықтан түсетiн қаражаттың және депозиттiк қаражаттың түсуiн және жұмсалуын есепке алуды қамтамасыз ететiн рәсімдердiң жиынтығы.
240. Республикалық бюджеттiң, үкiметтiк борыштың және мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттік емес борыштың, қайтарымды негiзде республикалық бюджет қаражатын алушылар борышының атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды Қаржы министрлігі, жергiлiктi бюджет бойынша жоғарыда аталған операциялар бойынша есепке алуды - Қаржы министрлігі органдарының ақпараттары негiзінде жергiлiктi уәкілеттi органдар жүргiзедi.
Мемлекеттік мекемелердің мiндеттемелерi мен төлемдерi, мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелерi мен кредиторлық берешегi, бюджет қаражатын алушылардың мемлекеттік мекемелер алдындағы орындалмаған мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарларының, ақылы қызметтер қаражаты есебiнен кiрiстер мен қаржыландыру, демеушiлік көмектен және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың, депозиттiк қаражаттың, бюджет қаражатының есебiнен де, сол сияқты ақылы қызметтер, демеушiлiк және қайырымдылық көмек қаражаты есебiнен де сатып алынған активтер мен материалдық құндылықтар есебiнен түсiмдер мен жұмсалу бойынша жоспардың атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды мемлекеттік мекеме жүргiзедi.
241. Қаржы министрлігі жоғарыда аталған операцияларды есепке алуды мемлекеттік мекемелер деректерiнің, БҚЖ бойынша, ҚҰБ, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған шоттар бойынша және елiмiзден тыс жерлердегi банктерде ашылған шоттар бойынша электрондық төлем құжаттары мен жазбалары негiзiнде жүргiзедi.
Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды қазынашылықтың аумақтық органдары мен мемлекеттік мекемелердің ақпараттары негiзiнде жүргiзедi.
Мемлекеттік мекемелер бюджеттің атқарылуы және мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары жөніндегі операцияларды есепке алуды:
мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарының көрсеткiштерi;
берiлген рұқсаттар туралы, қазынашылық органдарында тiркелген мiндеттемелер туралы, бюджет қаражаты есебiнен де, ақылы қызметтер, демеушiлiк және қайырымдылық көмектің қаражаты есебiнен де сатып алынған активтер мен материалдық құндылықтар туралы қазынашылық органы ақпараты;
мемлекеттік мекеменiң кассасында бар қолма-қол ақша түріндегі бюджет қаражатын есепке алу негiзiнде жүргiзедi.
242. Мемлекеттік мекемелердегi есептi жүргiзуге жауапты адамдар оның басшысының бұйрығымен тағайындалады және мемлекеттік мекемелердегi операцияларды есепке алудың уақытылы және дұрыс жүргiзiлуiне жауап бередi.
243. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
244. Қаржы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен, өзiнiң құзыретi шегiнде бухгалтерлiк есептi жүргiзу жөніндегі нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бюджеттiң атқарылуы және мемлекеттік мекемелердегi есепке алу бойынша операцияларды есепке алуды жүргiзу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
25-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген заемды
және кредит берудi есепке алу рәсiмдерi
245. Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген заемды, бюджеттерден кредит берудi есепке алу мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты уақытылы басқару үшін және мемлекеттік функцияларды орындау үшiн жүргiзiледi.
Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты, бюджеттерден кредит берудi есепке алуды жүргiзу үшiн мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген заемдар мен бюджеттен кредит берулердi тiркеу және есепке алу жүргiзiледi.
246. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды және олардың нәтижесінде туындаған борыштарды тiркеудi және есепке алуды Шоттардың бiрыңғай стандарты жоспарына сәйкес Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен өзi жүргiзедi.
247. Мыналар тiркеуге және есепке алуға жатады:
Қазақстан Республикасының Yкіметі,
ҚҰБ,
Қазақстан Республикасының жергіліктi атқарушы органдары тартқан:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік заемдары (бұдан әрi мемлекеттік заемдар);
Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген заемдары (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген заемдар).
248. Заем туралы шарт (келісім) жасасу нысанында тартылған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу кезiнде Қаржы министрлігі 19 және 20-қосымшаларға сай нысанда тiркеу куәлiктерiн бередi.
249. Тiркелген құжаттарға, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеуге өздерi негiз болған құжаттарға енгiзiлген өзгерістер туралы ақпараттарды заемшы мұндай өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн 10 күн iшiнде Қаржы министрлiгінде есепке алу үшін ұсынуы тиіс.
26-тарау. ?кіметтiк заемдарды тiркеу және есепке алу
250. Қазақстан Республикасының Yкіметі тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу:
заем туралы шарт (келісім) жасасу нысанында - заем туралы шарт (келісім) негiзiнде жүзеге асырылады;
Капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылған бағалы қағаздар эмиссиясы нысанындағы - мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы және оларды орналастыру нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады;
капиталдың iшкi рыноктарында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы нысанында - аукцион жүргiзу немесе жазылу әдiсi және мемлекеттік заемдарды орналастырудың көлемiн "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлік қоғамының қуаттауы арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
251. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан заемдарды тiркеу заемға тiркеу номерiн беру және оны мемлекеттік заемдар тiзiлiмiне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
252. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан заемдарды есепке алу заем туралы шарттың (келісімнің) немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудің номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамасын дерекқорға енгізу арқылы жүргiзiледi.
253. Мынадай нысанда Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан үкiметтiк заемдарды тiркеу:
заем туралы шарт (келісім) жасасу - заем туралы шартқа (келісімге) қол қойылған күннен кейiн 15 күн iшiнде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы - Қаржы министрлiгі эмиссияларды жүргiзгеннен кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады.
27-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
заемдарын тiркеу және есепке алу
254. ҚҰБ тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу:
заем туралы шарт (келісім) жасасу нысанында - заем туралы шарттың (келісімнің) көшiрмесiн нотариалды растау негiзiнде;
мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында - ҚҰБ мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудың көлемiн "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлік қоғамының қуаттауы негiзiнде жүзеге асырылады.
255. ҚҰБ тартқан (айналымдағы ақша базасын реттеу үшiн шығарылған қысқа мерзiмдi ҚҰБ ноталарынан басқа) заемдарды тiркеу заемға тiркеу номерiн беру және оны мемлекеттік заемдар тiзiлiмiне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
256. ҚҰБ тартқан заемдарды есепке алу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшiн шығарылған қысқа мерзiмдi ҚҰБ ноталарынан басқа) заемдарды тiркеу заем туралы шарттың (келісімнің) немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудiң номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi.
257. Өздеpi тартқан заемдарын тiркеу үшiн заемдарын тiркеу үшiн ҚҰБ осы ереженiң 254-тармағында көрсетiлген құжаттарды заем туралы шартқа (келісімге) қол қойғаннан немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы жүргiзiлгеннен кейiн 15 күн iшiнде Қаржы министрлігіне ұсынады.
258. ҚҰБ заемдарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшінде жүзеге асырылады.
28-тарау. Жергiлiктi атқарушы органдардың
заемдарын тiркеу және есепке алу
259. Жергілiктi атқарушы органдардың заемдарын тiркеу және есепке алу:
заем туралы шарт (келісім) жасасу нысанында - заем туралы шарттың (келісімнiң) көшiрмесiн нотариалды куәландыру негiзiнде;
мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында - аймақтық инвестициялық бағдарламаны келiсу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы және жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудың көлемiн "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлік қоғамның қуаттауы негiзiнде жүзеге асырылады.
260. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды тiркеу заемға тiркеу номерiн беру және оны мемлекеттік заемдар тiзiмiне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
261. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды есепке алу заем туралы шарттың (келісімнiң) немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудiң номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамасын дерекқорға енгізу арқылы жүргiзiледi.
262. Өздерi тартқан заемдарын тiркеуi үшiн жергiлiктi атқарушы органдар Заем туралы шартқа (келісімге) қол қойғаннан немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы жүргiзiлгеннен кейiн 15 күн iшiнде, осы Ереженің 259-тармағында көрсетiлген құжаттарды Қаржы министрлігiне ұсынады.
263. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын тiркеу тиiстi құжаттар берiлгеннен кейiн 10 күн iшінде жүзеге асырылады.
29-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген
заемдарды тiркеу және есепке алудың рәсімдерi
264. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу және есепке алу заем туралы шарттың (келісімнің) нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң негiзінде жүзеге асырылады.
265. Өздерiнің тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарын тiркеу үшiн заемшылар заем туралы шартқа (келісімге) қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде заем туралы шарттың (келісімнiң) нотариалды куәландырылған көшiрмесiн Қаржы министрлігіне ұсынады.
266. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу заемға тiркеу номерін беру және оны мемлекеттік заемдар тiзiмiне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
267. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды есепке алу заем туралы шарттың (келісімнiң) немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудiң номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамасын дерекқорға енгізу арқылы жүргiзiледi.
268. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.
30-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
борышты есепке алу
269. Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген мемлекеттік емес борышты (бұдан әрi - борыш) есепке алу борышты басқару мақсатында жүргiзiледi.
270. Борышты есепке алу Қаржы министрлігі анықтаған, ол белгiленген тәртiппен мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың бухгалтерлiк есебi шоттарының жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
271. Қаржы министрлiгінде тiркелген заем туралы шарттың (келісімнiң) талаптарына сәйкес борыш сомасы, борыштың негiзгi сомасын өтеу, сыйақыларды (мүдделердi) төлеу мөлшерiн есепке алу жүргiзiледi.
272. Мемлекеттік борыштың бухгалтерлiк есебi шоттарының жоспарына сәйкес келетiн борыш көлемiнің өзгеруiн есепке алу Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен мыналардың негiзiнде жүргiзiледi:
қарыз ақша шотынан алынған қаражатты растайтын шетел несие берушiсiнің көшiрмесi. Мұндай көшiрме есептік деректерде мемлекеттік сыртқы борыштың негiзгi сомасын арттыру үшiн негiздеме болып табылады;
iшкi несие берушiнің төлем құжатын. Мұндай құжат есептiк деректерде мемлекеттік iшкi борыштың негiзгi сомасын арттыру үшін негiздеме болып табылады;
мемлекеттік сыртқы борышты өтеу және қызмет көрсету мақсатында ашылған Қаржы министрлігінiң валюталық шотынан ҚҰБ көшiрмесi. Бұл орайда, есептiк деректердегi мемлекеттік сыртқы борыштың негiзгi сомасын азайту және ол бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеудi есепке алу ол бойынша мемлекеттік сыртқы борыштың негiзгi сомасын өтеу және қызмет көрсету есебiне тиiстi төлемдер туралы шетел несие берушiсiнің хабарламасы негiзінде жүргiзiледi;
iшкi борыштың негiзгi сомасын өтеу және ол бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеу жөніндегі төлем құжаты. Мұндай құжат есептi деректерде мемлекеттік iшкi борыштың негiзгi сомасын азайтуға және ол бойынша сыйақыны төлеудi есепке алуға негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 273-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
273. Есепке алу заем валютасында жүргiзiледi. Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген борыштың жағдайы туралы есептілік нысаны белгiлi бiр күнге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбастаудың рыноктық бағамы бағамы бойынша АҚШ доллары және/немесе ұлттық валютада берiледi.
31-тарау. Бюджеттен кредит берудi тiркеу
274. Бюджеттен кредит берудi есепке алу шартқа сәйкес оның негiзгi сомасының бюджеттік қаражатын өтеу мен ол бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеуге Қаржы министрлігі мен республикалық бюджеттен қаражат алушы арасындағы, жергiлiктi уәкiлеттi орган мен шартқа сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттік қаражаттарды алушы арасындағы шарт жағдайының сақталуын бақылау мақсатында жүргiзiледi.
275. Бюджеттен алынған кредит сомасын есепке алу, бюджетке өтеу және сыйақыларды (мүдделердi) төлеу Қаржы министрлігінде тiркелген Шарт жағдайларына және белгiленген тәртiпте Қаржы министрлігімен анықталатын мемлекеттік және мемлекет қарызымен кепілденген бухгалтерлiк есепке алу есептерiнің жоспарымен жүргiзiледi.
276. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың бухгалтерлiк есебiнiң шоттары жоспарының тиiстi шоттарында кредиттер көлемiнiң өзгеруiн есепке алу Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiп:
тиiстi бюджеттен кредит бөлу жөніндегі төлемдердi жүзеге асыру Қаржы министрлігі мен жергiлiктi уәкiлеттi органның төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi. Бұл ретте осындай құжат есепке алынған деректердегi кредит беру көлемiнiң артуы үшiн негiз болып табылады;
бюджет қайтарымдық негiзде бюджеттік қаражатты алушының төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi. Бұл ретте есепке алынған деректердегi кредит беру көлемiнiң азаюы және тиiстi кредит беру бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеудi есепке алу үшiн негiз болып табылады.
32-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң активi бойынша
операцияларды есепке алу
277. Активтер - құндық бағасы бар мемлекеттік мекеменің мүлiктерi. Мемлекеттік мекемелердiң активтерi мемлекеттік басқарудың қызметтерiн және мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға пайдаланылады.
278. Қаржы министрлігі:
мемлекеттік мекемелер активтерiнің бiрыңғай жiктелiмiн әзiрлейдi және бекiтедi;
өзi бойынша тозу есептемейтiн активтердiң тiзбесiн және активтердi есептен шығару тәртібін анықтайды.
Қазынашылықтың аумақтық органдары:
мемлекеттік мекемелер активтерiне жүйелi түгендеу нөмiрiн бередi;
мемлекеттік мекемелер активтерiнiң болжамын және олардың тозуын есептеуді жүзеге асырады. Тозу активтер санаты бойынша олар есептi жылдың қандай айында сатып алынғанына немесе белгiленген нормаларға сәйкес пайдаланылуға берiлгенiне қарамастан толық күнтiзбелiк жылға анықталады. Активтер құнының 100 процентiнен артығына тозуды есептеу жүргiзiлмейдi;
тозудың белгiленген нормасына 100 проценттiк қатынас ретiнде мемлекеттік мекемелер активтерiнің қызмет мерзiмiн (пайдалы) анықтайды. Құнның 100 проценттiк мөлшерiнде тозуды есептеу немесе оларды одан әрi пайдалану мүмкін болған жағдайда активтің қызмет мерзiмiнiң (пайдалы) асып түсуi есептен шығаруға негiз болып саналмайды;
мемлекеттік мекемелер активтердiң бар-жоғын және оның қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 279-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
279. Мемлекеттік мекемелер Қаржы министрлігі белгiлеген тәртіппен нысандар бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына:
мемлекеттік мекемелердің автивтері бойынша ақпаратты;
заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік мекемелерге өтеусiз негiзде берілген активтердi қоса алғанда олардың мемлекеттік мекемелер алғаннан кейiн 10 күн iшiнде мемлекеттік мекемелерге түскен активтер туралы ақпаратты;
есептен кейiнгi келесi айдың 5-i күнi мемлекеттік мекемелердің активтерi туралы ақпаратты беруге міндеттi.
Қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік мекемелер активтер жөніндегі ақпаратты аумақтық қазынашылық органдарына бермейдi, олардың активтерiн есепке алу тиiстi мемлекеттік органдармен бiрлесiп Қаржы министрлігі белгiлеген тәртіппен басқа мемлекеттік мекемелердiң активтерiн есепке алудан бөлек жүргiзiледi.
280. Қаржы министрлігінiң аумақтық органдарына берiлген активтер бойынша ақпараттың дұрыстығына және оның мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебінің деректерiне салыстырмалылығына мемлекеттік мекеменiң басшысы жауап бередi.
33-тарау. Құпиялық белгісi қойылған бюджеттiң атқарылуы
жөніндегі операцияларды есепке алу
281. Өздерi үшiн қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың бюджеттің атқарылуы бойынша ақпарат беру, операцияларды есепке алу және есептілік Қаржы министрлігі тиiстi мемлекеттік органдармен бiрлесiп айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.
8-бөлiм. Мемлекеттік мекемелер үшін есептілік (мерзiмдiк және
жылдық) нысандарын жүргізудiң рәсiмi
282. Бюджеттiң атқарылуы бойынша есептілік нысандарының тiзбесiн, олардың нысандарын, мерзiмділігін, оларды қалыптастыру тәртібі мен мерзiмiн Қаржы министрлігі белгiлейдi.
283. Қазынашылықтың аумақтық органдары заңдарда белгiленген тәртiппен есептiк нысандарды күн сайын, ай сайын және тоқсан сайын қалыптастырады.
284. Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес Қаржы министрлігі бекiткен нысандар бойынша бюджеттiң атқарылуы туралы есептіліктi ұсынады.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 285-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
285. Қазынашылық комитеті мен оның аумақтық органдары жергілiктi уәкілетті органдар үшiн қаражатты тиiмдi пайдалану және олардың төлемдердi жүзеге асыру жөнінде шешiм қабылдауы мақсатында 30-3-қосымшаға сәйкес 5-34-нысан бойынша "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" жасайды.
286. Қаржы министрлігі мен оның аумақты органдары салық және жергiлiктi yәкілетті органдар үшiн күн сайын мынадай:
22-қосымшаға сәйкес 2-08-нысаны бойынша шикiзат секторының ұйымдарынан алынатын түсiмдер туралы;
23 және 24-қосымшаларға сәйкес 2-15 және 2-16 нысандары бойынша Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кірiстер жіктелiмiнің кодасы бойынша бюджетке түскен түсiмдер туралы;
25-қосымшаға сәйкес 2-19 нысаны бойынша республикалық облыстық, Астана және Алматы қалалары және аудандық (қалалық) бюджеттердiң арасындағы бюджетке түсетiн түсiмдердi бөлу туралы;
26-қосымшаға сәйкес 2-30 нысаны бойынша Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кiрiстер жiктелiмі кодтарының арасындағы түсiмдердi көшiру туралы;
27-қосымшаға сәйкес 2-31 нысаны бойынша салық органдарының арасындағы түсiмдердi көшiру туралы;
28-қосымшаға сәйкес 2-29 нысаны бойынша салық төлеушiлерге бюджеттен түсiмдердi қайтару туралы есептілік нысандарын қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 287-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
287. Аумақтық қазынашылық органдары мемлекеттік мекемелер үшін мынадай есеп нысандарын:
21-1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тiзiлiмi" 5-15-нысанын;
21-2-қосымшаға сәйкес "Төлемдер тiзiлiмi" 5-17-нысанын;
30-2-қосымшаға сәйкес "Ақылы қызметтер бойынша шоттардағы қалдықтар туралы есеп" 5-33-нысанын;
21-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекеменiң шотынан үзiндi көшiрме" 5-20-нысанын;
29-қосымшаға сәйкес "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" 4-20-нысанын;
31-қосымшаға сәйкес "Орындалмаған міндеттемелердiң егжей-тегжейi" 4-12-нысанын;
31-1-қосымшаға сәйкес "Ақы төлеуге қойылған төленбеген шоттар бойынша жиынтық есеп" 4-13-нысанын;
30-қосымшаға сәйкес "Шығыстарды талдау жөніндегі есеп" 5-25-нысанын; 32-қосымшаға сәйкес "Ақы төлеуге шоттар бойынша талдау" 5-26-нысанын;
30-1-қосымшаға сәйкес "ақылы қызметтер шоттарындағы қалдық" 5-30-нысанын қалыптастырады.
288. Жоғарыда санамаланған есептілік нысандары бюджет ақшалары тиiмді басқару үшiн, мемлекеттік мекемелердің қаржыландырылуын егжей-тегжейлi жоспарларын орындау жөнінде бухгалтерлiк есептi жүргiзу және олардың активтерiн есепке алу үшiн пайдаланылады.
289. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес Қаржы министрлігіне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға есептер ұсынады.
9-бөлiм. Бюджеттiң атқарылуын бақылау
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 290-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
290. Қаржы министрлігі мен оның аумақтық органдарының және жергiлiктi атқарушы органдардың бақылау жүргiзуi нәтижесiнде мемлекеттік мекемелердiң бюджеттен бөлiнген қаражаттарды бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) мақсаттарына сәйкес келмейтiн мақсаттарға пайдалануының анықталған фактілері бойынша мынадай құжаттар толтырылады:
34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада бақылау жүргiзу актiсi;
нұсқама - төрт данада мемлекеттік мекемелердiң лауазымды тұлғаларының мiндеттi түрде орындауы үшiн жiберiлетiн 9-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құжат (бұдан әрi - нұсқама).
Бақылау жүргiзу актiсi мен нұсқаманың бiрiншi данасы бақылауды iске асыратын мемлекеттік органда қалады, бақылау жүргiзу актiсi мен нұсқаманың екіншi данасы бақылау объектiсінде қалады, нұсқаманың үшiншi және төртінші даналары тиiсiнше бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне және бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi беретiн рұқсатнамалар шегінде бюджеттік қаражатты қайтарып алу жөнінде міндеттемелер қабылдауға арналған өтiнiмдi қалыптастыратын мемлекеттік мекемеге жiберiледi.