168. Бағдарламалардың әкiмшiлерi тiзбеге сәйкес өтiнiш білдiрген мерзiмiн көрсете отырып нақтылы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде олардың несиелердi алуы үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оң қорытындысы бар банктер-қатысушылар арасында конкурс жариялайды.
169. Бағдарламалардың әкiмшiлерi белгiлеген конкурс өткізу мерзiмiнде банктер-қатысушылар конкурстың шарттарына сәйкестiгiн растайтын және бюджеттік несиелердi алудың шарттары мен нақтылы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде түпкi заемшыға олардың несие беруiн жүзеге асыру бойынша ұсыныстары бар құжаттарды қоса конкурсқа қатысу үшiн өтініш бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 170-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
170. Конкурсқа қатысуға жiберiлген банктер-қатысушылардың ішiнен банк-заемшылардың құжаттарын қарау және iріктеу үшiн бағдарламалардың әкiмшiлерi конкурстық комиссия құрады.
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын және бюджеттік қаражаттың үнемделуiн қамтамасыз ететiн жеткiлікті несиелендіру мақсатында конкурстық комиссия банктер-қатысушылардың өтiнiштерiн қарайды және оларды:
түпкi қарыз алушылардың бюджеттік несиелендiруге байланысты шығыстарының ең аз деңгейiне;
қамтамасыз ету сапасына (көлемiне, нысанына, өтiмдiлiгiне);
банктердің қарыз ақша портфелiнiң сапасына;
банктердің меншік капиталдарының көлемiне;
банктердің несиелендiру саласындағы жұмыс тәжiрибесiне негiздей отырып iрiктейдi.
171. Конкурстың қорытындылары бойынша бағдарламалардың әкiмшiлерi белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi шешімдерiне жобалар енгiзедi. Несие берушiлер нақтылы бюджеттік бағдарламаларды iске асыруға банк-заемшылар, олардың қатысу шарттары мен дәрежелерi анықталатын түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
172. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның оң шешiм қабылдауы негiзiнде, қажет болған жағдайда бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң қатысуымен банк-заемшылармен бiрлесе отырып несиелiк шарттарды және оларға байланысты құжаттарды (кепiл, кепiлдiк туралы шарт, төлемдердiң кестесi және басқалар) жасасуды жүргiзедi.
Heсие берушi терiс шешiм қабылдаған жағдайда бағдарламалардың әкiмшiлерi қайта конкурс өткізудi ұйымдастырады.
173. Жасасқан күннен бастап үш күндiк мерзiмде:
республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттік несиелер бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттік несиелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен жасасқан несиелiк шарттар тiркеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 174-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
174. Несиелiк шарттар тiркелгеннен және несие берушi мен банк-заемшы арасындағы міндеттемелер тiркелгеннен кейiн несие берушi банктердің-заемшылардың қаражатын алуға арналған өтінім және 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнің өтiнімi және 12-1, 12-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қабылданған мiндеттемелерге арналған Хабарлама (Тапсырыс) негiзiнде және осы Ереженiң 11-тарауында сипатталған тәртiппен жүзеге асырады.
175. Тараптардың бюджеттік несиелендiру кезiнде туындаған барлық даулары мен пiкiр қайшылықтары жасасқан несиелiк шарттардың талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
176. Несиелiк ресурстардан түпкi заемшылардың бюджеттік несиелерiн банк-заемшыларға беру қолданылып жүрген заңдарға, несие берушiмен жасасқан несиелiк шарттарға және банк-заемшының iшкi несиелiк саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
177. Банк-заемшы түпкi заемшының несиелiк ұсыныстарына: түпкi заемшының төлем қабiлетiне және өтелмеген бюджеттік несие тәуекелiнің дәрежесiне талдау, жобаның экономикалық тиiмдiлiгiне, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiне талдау, көздердің бар-жоғын және несиенi өтеудiң қамтамасыз етiлуiне тексеру жүргiзу арқылы сараптама жүргiзедi.
178. Бағдарламалар әкiмшілерiнің келісімi бойынша банк-заемшылардың несиелiк ұсыныстарының сараптамасы нәтижесінде түпкi заемшыны несиелендiру туралы шешiм қабылданады, олармен несиелiк шарттар және бюджеттік несиелерге байланысты басқа құжаттар жасасады.
179. Несиелiк шарттар және оларға байланысты құжаттар жасасқаннан кейiн банк-заемшылар түпкi заемшының атына қарыз ақша шотын ашады, оған несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттік несиелердің сомасы есептеледi. Көрсетiлген шоттан түпкi заемшының есеп шотына ақшаны аудару арқылы несиелердi беру жүргiзiледi.
180. Негiзгi борышты өтеудi және есептелген сыйақыны төлеудi жасасқан несиелiк шартқа сәйкес заемшы жүзеге асырады.
Бұл орайда, төлемдердің мынадай кезегi белгiленедi:
есептелген айыппұлдар мен өсiмдер;
есептелген сыйақылар;
негiзгi борышты өтеу.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 180-1-тармақпен толықтырылды
180-1. Бюджеттік кредиттiң негiзгi борышының жеңілдiктi кезеңiнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң тиiстi есептеулерiмен расталады. Бұл ретте жеңілдiктi кезеңнiң ұзақтығы кредит мерзiмi ұзақтығының 1/3 (үштен бiрi) аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 180-2-тармақпен толықтырылды
180-2. Бюджеттік кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы есептеу тиiстi шарттарға қол қойған күннен бастап бюджеттік кредиттi құрылымдау кезiнде бюджеттік кредиттiң қаражатын бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнің шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Кассалық алшақтықты жабуға берiлген кредиттердi қоспағанда, бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлеу бюджет кредитiн беру кестесiне сәйкес бiрiншi күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
181. Банк-заемшы несиелiк шарттың талаптарын бұзған жағдайда несие берушi несиелiк шартты мерзiмiнен тыс бұзуға және есептелген сыйақылармен және айыппұлдармен бiрге несиенiң iс жүзіндегі ұсынылған сомасын қайтаруға құқылы.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 182-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
182. Бюджеттік кредиттi мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кредит берушi Қаржы министрлігі анықтайтын тәртiппен кредит шартында айтылған мөлшерде айыппұл сала отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндiрiп алуға құқылы.
183. Заемшы несиелiк шартта белгiленген мерзiмде негiзгi борышты өтемеген және/немесе бюджеттік несие бойынша сыйақыны төлемеген жағдайда жинақтаған берешектерге айыппұл проценттерi есептеледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 184-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
184. Бюджеттік несие бойынша заемшының берешектерi пайда болған және несиелiк шарттың талаптарымен анықталған мерзiм iшiнде ол өтелмеген жағдайда республикалық және жергiлiктi бюджеттен берiлген несие бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және жергiлiктi атқарушы органы не банк-заемшы (түпкi заемшы жағдайында) берешектердi қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай:
жергілiктi атқарушы органдардың жоғары тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер бойынша негiзгi борышты өтегенге және мақсатына сай пайдаланылмаған қаражатты қайтарғанға дейiн қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарын өзге мақсаттарға жұмсауына тыйым салу;
заңдарда белгiленген тәртiппен заемшының берешектерiн өтеу жөніндегі олардың міндеттемелерiн орындауы туралы құжаттарды гарантқа (алушыға) жiберу;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепiл туралы шарттың негiзiнде заемшының салған мүлкiн сату;
заемшы несие берушiнің не банк-заемшының пайдасына берген басқа тұлғаға заемшының талаптарын төлеуге ұсыну;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес соттың заемшыны банкрот деп жариялауға дейiн сот тәртiбіне өндiріп алу жүзеге асыру шараларын қолданады.
185. Республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен берiлген несие банк-заемшы тиiстi бюджетке негiзгi борыштың сомасын қайтару және сыйақыларды және айыппұлдарды қоса алғанда осы несиелерге байланысты басқа iлеспе төлемдердi толық көлемде төлеген жағдайда өтелген болып есептеледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 186-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
186. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен берiлген несиелердi қайта құрудағы өзгерістер:
сыйақылардың ставкалары;
несиенi өтеудiң немесе кезектi төлемнiң мерзiмi;
несие валютасы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиiстi әкiмияттардың шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Кредиттi қайта құрылымдау кезiнде кредит берушi мен қарыз алушы арасында қайта құрылымдау туралы келісім (шарт) жасалады.
Бұл ретте кредит беруші:
сыйақы ставкасын белгiлеудi осы Ереженiң 90-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
Бұл орайда, несиенi өтеудің немесе кезектi төлемнiң мерзiмiн өзгерту, сондай-ақ сыйақылардың ставкасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiмен бекiткен бюджеттің кiрiс бөлiгiнің мөлшерiне ықпал етпеуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 186-1-тармақпен толықтырылды
186-1. Даму Банкiне берiлген кредиттердi қайта құрылымдау шарты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде анықталады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 186-2-тармақпен толықтырылды
186-2. Даму Банкiн және Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, қарыз алушыларға кредиттердi қайта құрылымдау кезiнде сыйақы ставкасы тиiстi валютада 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталады.
187. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлген несиелердi қайта құру туралы шешiмдi "Республикалық бюджеттен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепiлдiгi бар, мемлекеттік емес сыртқа заемдар шеңберiнде республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттан берiлген несиелердi қайтару және қайта құру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына сәйкес құрылған Ведомствоаралық комиссияның ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiм қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 187-1-тармақпен толықтырылды
187-1. Бюджеттік кредит беру туралы ақпаратты Қаржы және экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерi арасында келiсілген нысан бойынша және мерзiмде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Қаржы министрлігі бередi.
19-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған заңды
тұлғалардың қаржылық, жағдайы және төлем қабiлетi
мониторингiнiң ресiмдерi
§ 1. Мемлекет кепілдiк берген заемдар алған заңды тұлғалардың
қаржылық жағдайы мониторингiнiң ресiмдерi
188. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мониторингiнiң ресiмдерi Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттік емес сыртқы заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мониторингiнің ақпараттық қамтамасыз етiлуiн және мониторингтi (бұдан әрi - мониторингі) жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
189. Мониторинг - мемлекет кепілдік берген заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын анықтауға арналған іс-шараларын кешенi және Қаржы министрлігі алған ақпараттардың жиынтығы.
190. Мониторинг базалық талдаудан (заңды тұлғаның басшысы, қызметтердiң, салалардың түрлерi, бәсекелестiк және рынок, нормативтiк құқықтық орта туралы ақпарат) және қаржылық ақпараттан (қаржылық есептi, бизнес-жоспарды талдау) тұрады, сондай-ақ мониторингтi қамтамасыз ету жүйесі үшін ақпараттарды беру мақсатында мониторинг құрылуы тиiс.
191. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған барлық заңды тұлғалар мониторинг жасауға жатады.
192. Заемшының қаржылық коэффициентiн талдау басқа заңды тұлғалар бойынша ұқсас көрсеткiштердi және салалар бойынша жалпы деректердi салыстыру арқылы жүргiзiледi. Қаржылық коэффициенттер заңды тұлғалардың қаржылық көрсеткiштерiнiң ара қатынасын бiлдiредi. Әрбiр коэффициент үшiн оңтайлы мән осы заңды тұлғаның басқа қаржылық коэффициенттерiн ескере отырып, заемшыға жататын салаға тәуелдi айқындалады. Талдауды жүргiзу үшiн негiзгi көрсеткiштердің екi тобы:
табыстылық көрсеткiш;
капиталға айналатын көрсеткiш пайдаланылады.
193. Қаржылық коэффициенттер кәсiпорынның қаржылық жағдайының көрсеткiштерiне негiзделе отырып, тоқсан сайын есептеледi (кәсiпорын балансының баптары және табыстар мен залалдар туралы есеп).
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 194-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
194. Мониторингтi iске асыру кезiнде мынадай қаржылық коэффициенттер:
өтiмдiлiк коэффициентi - қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң көлемiне ақшалай қаражаттың және қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектiң қатынасы;
жабу коэффициентi - қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге ағымдағы активтердiң қатынасы;
заемдық және меншік қаражатының қатынасы - меншiк капиталының көлемiне ағымдағы міндеттемелердiң қатынасы;
тарту коэффициентi - ағымдағы және ұзақ мерзiмдi активтердiң сомасына міндеттемелердің қатынасы;
табыс нормасы - сату көлеміне салық салғанға дейiнгi жиынтық кірiстің қатынасы;
меншiк капиталының рентабелдiлiк коэффициентi - меншiк капиталының көлемiне салық салғанға дейінгi жиынтық қатынасы;
несиелiк берешектің айналымдық коэффициентi - несиелiк берешекке сату көлемiнің қатынасы;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігінiң қалауы бойынша басқа коэффициенттер назарға алынады.
195. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігі мониторингке жататын заңды тұлғалардың тiзiмдерiн анықтайды және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiне жiбередi.
196. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің шаруашылық қызметтерi туралы статистикалық есептi жасауды аяқтағаннан кейiн он күндiк мерзiм iшiнде, тiзiмде анықталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қаржылық жағдайының көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігіне тоқсан сайын ұсынады.
197. Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігі мемлекет кепілдік берген заемдар бойынша міндеттемелерi бар шаруашылық жүргiзушi субъектілерден олардың қаржылық көрсеткiштерi туралы қосымша ақпараттарды сұрауға құқылы.
198. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігі ұсынылған көрсеткiштердің негiзiнде анықталған қаржылық коэффициенттердi осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің өткен кезеңдегi ұқсас коэффициентiмен, басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ұқсас профилдi қызметтерiмен және осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің төлем қабiлеттерiне сараптама жүргiзедi.
199. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігі мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша заемшы ретінде әрекет ететiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қаржылық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат бередi.
200. Ықтимал төлем қабiлетi дәрменсiз заемшы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігі бұл туралы Қазақстан Республикасының Yкіметіне хабарлайды және мемлекеттік берген заемдар бойынша заемшының берешектерiн жабу үшiн республикалық бюджеттен қаражатты бөлудiң алдын алу бойынша заңдарда көзделген шараларды ұсынады.
§ 2. Мемлекет кепілдiк берген заемдар алған заңды тұлғалардың төлем
қабiлетi мониторингiнің ресімдерi
201. Мына төмендегiлермен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, көрсетілген заңды тұлғалардың мемлекет берген кепiлдігі заемдарын тарту бойынша міндеттемелерiн атқару кезеңінде төлем қабілетi мониторингiн қамтамасыз ететiн, мемлекет берген кепiлдiгi бар заемдар алған және (немесе) үмiткер, жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамға мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуы бар заңды тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар анықталады.
202. Осы параграфта пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдiредi:
жарғылық капиталында мемлекет берген кепілдiгi бар заемшы - мемлекет кепілдiк берген заемдар алған, бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамға мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуы бар заңды тұлғалар;
мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша күтiлетiн төлемдердi қамтамасыз ету жүйесi - Қаржы министрлігінің келісімi бойынша жарғылық капиталына мемлекеттің жүз проценттiк қатысуы бар заемшылардың шартты салымның арнаулы шотын, сондай-ақ резервтiк шотын құруы не белгiленген мерзімде олардан алынатын соманы мемлекеттік емес заем бойынша заемшы төлемеген жағдайда оларға Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнің не шетел банктерiнiң кепілдерiн беру;
шартты салымның арнаулы шоты (қызмет көрсету шоты) - банк-агентте ашылған және Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепiлдігiмен тартылған, мемлекеттік емес заемдар бойынша күтiлетiн төлемдердi өтеудi қамтамасыз ету үшiн ғана арналған шартты салымның арнаулы шотындағы ақшаның бөлiгiн кезең-кезеңде төлеу арқылы жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуы бар заемшылардың мiндеттi жинақтауы;
резерв шоты (депозиттi шот) - заем туралы шартқа (келісімге) сәйкес қызмет көрсету шотынан кезектi төлемдердi төлеу үшін банк-агент жарғылық, капиталында мемлекет берген кепiлдiгi бар заемшылар ашқан Қаржы министрлігінiң бақылауындағы шот. Резерв шотының жинақтаушы ақшасының сомасы есептелген проценттермен (сыйақылармен), сондай-ақ заем туралы шартқа (келісімге) сәйкес өзге төлемдермен негiзгi борыштың күтiлетiн төлемдерiнен 110 (жүз он) процент мөлшерiнде белгiленедi. Резерв шотының ақшасын қалыптастырудың және пайдаланудың шарттарын Қаржы министрлігі тағайындайды;
банк-агент - мемлекет берген кепілдіктен тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсететiн екіншi деңгейдегі банк. Жарғылық капиталға мемлекеттiң қатысуы бар заемшылар Қаржы министрлігі мен ҚҰБ анықтайтын екiншi деңгейдегi банктердiң тiзбесiнен банк-агенттi таңдайды; банк-кепiл - белгiленген мерзiмде олардан алынатын соманы мемлекеттік емес заем бойынша заемшы төлемеген жағдайда берешектердi өтеуге кепілдiк беретiн Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкi не шетел банкi. ҚҰБ ұсынған тiзбеден Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi ішінен банк-кепiлдi анықтайды. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар, "Жоғары" деңгейден төмен емес, мерзiмнен тыс деген рейтингi бар шетел банктерiнiң iшiнен Қаржы министрлігінің келісімiмен заемшы банк-кепiлді анықтайды;
жыл сайынғы бизнес-жоспар - табыс көздерiн көрсете отырып заемдардың күтiлетiн төлемдерi бойынша нақтылы сандарды қамтитын, күтiлетiн қаржы жылына арналған заемшы әзiрлейтiн бизнес-жоспар.
203. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшыларға қойылатын қосымша талаптар Қаржы министрлігінiң жарғылық капиталда мемлекеттік қатысуы бар заемшылармен және мiндеттi түрде мыналарды қамтитын:
1) мемлекет берген кепiлдiгi бар заемдар алуға арналған үмiткер, жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшының мiндеттемесi заем бойынша өзiнiң ағымдағы мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақшаның кезеңдiк төлем сомаларының есебiнен жинақтауды жүргiзетiн;
жарғылық капиталында мемлекеттік қатысуы бар заемшының заңдарда белгiленген тәртiппен банктiк, оның iшiнде ҚҰБ және екiншi деңгейдегi банктердегi шоттар туралы мәлiметтердi Қаржы министрлігіне және банк-агентке ұсыну міндеттемесiн;
жарғылық капиталында мемлекеттік қатысуы бар заемшының заемды толық өтегенге дейiнгi жыл сайынғы бизнес-жоспарын банк-агентке ұсыну мiндеттемесiн;
2) Қаржы министрлігі мен банк-агенттiң резерв шотындағы (депозиттi шотындағы) шартты салымның арнаулы шоттың есебiн жүргiзу, сондай-ақ екi данада акт жасай отырып ұсынылған құжаттарды кезең-кезеңде салыстыруды жүргiзу мiндеттемесiн;
банк-агенттiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшының қаржы-экономикалық жағдайына талдау жүргiзу міндеттемесін;
3) ҚҰБ және екiншi деңгейдегi банктерде ашылған, мемлекеттiң қатысуы бар заемшының банктiк шоттары туралы мәлiметтердi кезең-кезеңде ұсыну;
шартты салымның арнаулы шотындағы ақшаны кезең-кезеңде жинақтау;
жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшының қаржылық есептіліктiң үлгiлiк нысанын (бухгалтерлiк баланс, қаржы-шаруашылық қызметтердiң нәтижелерi туралы есеп) банк-агентке ай сайын ұсыну мiндеттемесiн;
банк-агенттiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшының қаржылық жағдайына талдау жүргiзу және талдау қорытындылары бойынша Қаржы министрлігіне ақпаратты ұсыну мiндеттемесiн;
4) Iшкi несиелiк келісімдегi тиiстi мiндеттемелердi енгізу арқылы Қаржы министрлігінің келісімiмен мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы күтілетін төлемдердi қамтамасыз етудiң кез-келген мынадай жүйесін:
1) резерв шотын (депозиттi шотты);
2) несие берушiлерге кезектi төлемдердi өтеуге кепiлдiк беретiн банк-кепiл ұсынған кепiлдi таңдауға құқығы бар мемлекеттік емес заемдар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепілдiктердi ұсыну шарттары туралы банк-агентпен келісім жасасуды қосатын мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша күтiлетiн төлемдердi қамтамасыз ету жүйесiн қамтиды.
Егер, резерв шотын (депозиттi шотын) пайдалануды қамтамасыз ету жүйесi анықталған жағдайда жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшы шартты салымның арнаулы шотынан кезектi төлемдi жүргiзудің сақтандыру резервiн (резерв шотын) қамтамасыз ететiн алдын ала жинақтау қаражатын жүргiзудің сөзсiз мiндеттемесiн қабылдайды және мемлекет берген кепiлдiкпен берілген мемлекеттік емес заем бойынша мемлекет берген кепілдікті толық кепiлдікпен қамтамасыз етудi, сондай-ақ кезектi төлемнің сомасына екiншi деңгейдегi банктiң ұсынатын алдын ала кепiлдiктi ұсынады. Банк-кепілдiң кепiлдікті ұсыну мерзімі мен шарттарын мемлекет берген кепілдiкпен берiлген мемлекеттік емес заемды ұсынудың шарттарына тәуелдi Қаржы министрлігі белгiлейдi.
Банк-агент пен банк-кепілдің жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшымен Қаржы министрлігі арасындағы жасасқан шартта екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiктерiн ұсынуды қамтамасыз ету жүйесi анықталған жағдайда шартты салымның арнаулы шотында қаражат жоқ болған жағдайда мемлекет берген кепілдiкпен берілген мемлекеттік емес заем бойынша жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшының күтілетін мiндеттемелерiнiң атқарылуын қамтамасыз ететiн банк-кепiлдiң сөзсiз және кезек күттiрмейтiн мiндеттемесi бар болуы тиiс.
Банк-кепiл банк активтерi сыныптамаларының тәртібі мен шартты мiндеттемелерiн және олар бойынша провизиялардың есептерiн-реттейтiн ҚҰБ нормативтiк-құқықтық актілеріне сәйкес берiлетiн кепілдiктердiң провизияларын қалыптастыруы тиiс.
Олар Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес заемды толық өтегеннен кейiн резерв шотының ақшасы мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшыға қайтарылады.
Шартты салымның арнаулы шоты және резерв шотына ақшаны аударудың нормасы мен кезең-кезеңдiгiн (кестесiн) мемлекет кепiлдiк берген заем алған жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшымен бiрлесе отырып Қаржы министрлігі және банк-агент анықтайды.
Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдердi төлегеннен кейiн Iшкi несиелiк келісімнiң сомасына сәйкес тиiстi соманы тұрақты аудару арқылы ақшаны шартты салымның арнаулы шотына және резерв шотына аударады.
Мемлекет кепілдiк берген заемдар алған жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепілдiгiмен тартылған мемлекеттік емес заемның мерзiмi өткен төлемдерiн өтеу үшiн резерв шотынан ақшаны толық немесе бiр бөлiгiн пайдаланған жағдайда резерв шотын толықтыру резерв шотынан ақша алынған 3 (үш) айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 204-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
204. Мемлекет берген кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердiң атқарылуы үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлiнген жағдайда егер iшкi кредит келісімiнде өзгеше көзделмесе, Iшкi несиелiк келісімге республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару туралы қосымша келісім (бұдан әрi - Қосымша келісім) жасалады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 205-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
205. Қосымша келісімде республикалық бюджеттен бөлiнген мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi орындау кезiнде бюджеттік кредит болып табылатын қаражатты қайтарудың шарттары, мерзiмi, тәртібі анықталады (нақтыланады).
206. Мемлекеттің қатысуы бар заемшы Қосымша келісім бойынша міндеттемелерiн орындаған жағдайда төлемнiң мынадай:
1) айыппұлдар менi өсiмдердi есептеу;
2) сыйақыларды есептеу;
3) негізгі борышты өтеу кезектілігi белгiленедi.
207. Тараптардың қалауы бойынша Қосымша келісімде жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшының сыйақылар мен айыппұлдарды есептей отырып республикалық бюджеттен бөлiнген ақшаны мерзiмнен тыс қайтару құқығы көзделуi мүмкін.
Iшкi несиелiк келісімнiң және Қосымша келісімнің шарттарын жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы бұзған жағдайда Қаржы министрлігі олардан сыйақылар мен айыппұлдарды есептей отырып республикалық бюджеттен бөлiнген ақшаны мерзiмнен тыс қайтаруды талап етуге құқығы бар.