208. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы негiзгi борышты және/немесе Қосымша келісімде белгiленген сыйақыларды мерзіміне төленбеген жағдайда пайда болған берешектерге айыппұл проценттер мерзімінде.
209. Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат бойынша берешек пайда болған жағдайда және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшы Қосымша келісімнің шарттарында белгiленген мерзiм ішінде өтемеген жағдайда Қаржы министрлігі немесе банк-агентке өкілдік берген жағдайда берешектердi қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай:
1) берешектердi қайта құру;
2) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепiл туралы шарт негiзiнде салынған мүліктi сату;
3) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заемшыны және/немесе банк-кепiлдi банкрот деп сот хабарлағанға дейін сот тәртібімен өндiріп алу шараларын қолдануы мүмкін.
210. Мемлекет берген кепілдiк бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заемшы және/немесе банк-кепiл негiзгi соманы республикалық бюджетке және айыппұлдарды қоса алғанда сыйақыларды және басқа iлеспе төлемдердi толық көлемде төлесе республикалық бюджеттен бөлінген қаражат қайтарылған болып есептеледi.
211. Жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының мемлекеттің қатысуы бар заемшыға беру кезiнде туындаған даулар мен пікірқайшылықтары мүмкіндігінше келiссөз арқылы шешедi немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiмiн табады.
6-бөлiм. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және
жергiлiктi атқарушы органдардың актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізудің ресімдерi және бюджеттi нақтылау
20-тарау. Бюджеттік бағдарламаның iске асырылуын бағалау
212. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітілген құжат;
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынған бюджеттік бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы есеп негiзiнде жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламаның iске асырылуын бағалау құжатта көрсетiлген деректермен бюджеттік бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы есептiк деректерiмен салыстыру арқылы жүргiзiледi.
213. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттік мекемелердің ұсынған, бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы есеп негiзінде бюджеттік бағдарламалардың iске асырылу мониторингiн және бағалауды тұрақты жүргiзедi.
214. Қаржы министрлігі:
тоқсан сайын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынған бюджеттік бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп негiзiнде бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзедi;
бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуының нәтижелерi туралы ақпаратты және құжаттарды нақтылау және бюджеттік бағдарламаны одан әрi iске асыру жөніндегі ұсыныстарды республикалық бюджеттік комиссияға ұсынады.
215. Жергiлiктi уәкiлеттi орган:
тоқсан сайын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынған бюджеттік бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп негiзiнде бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзедi;
бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуының нәтижелерi туралы ақпаратты және құжаттарды нақтылау және бюджеттік бағдарламаны одан әрi iске асыру жөніндегі ұсыныстарды жергiлiкті бюджеттік комиссияға ұсынады.
21-тарау. Қаржыландырудың жиынтық жоспарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 216-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
216. Қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына, республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігi ағымдағы қаржы жылының iшiнде қабылданатын:
Қазақстан Республикасының заң актілері, ?кіметтің және жергілiктi атқарушы органдардың актілерi;
жергiлікті өкілеттi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актілерi;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық индикативтiк жоспары көрсеткiштерiнің, аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының дамуының және ағымдағы жылдың бюджетi негiзiнде жасалған, ағымдағы жылға арнап ?кімет және жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар бекiткен үш жылдық кезеңге арналған республикалық және Жергiлікті бюджеттердің болжамдық көрсеткiштерiнiң өзгеруi;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау жөніндегі және бюджеттік бағдарламаларды одан әрi iске асыру жөніндегі республикалық және жергiлiктi бюджеттік комиссиялардың ұсыныстары;
соттардың шешiмiне, үкіміне, анықтауына және қаулысына сәйкес берiлген ақшаны өндiріп алу туралы атқарушы парақтарды немесе соттардың бұйрықтарын;
және нәтижесiнде;
ағымдағы қаржы жылында бюджетке түсетiн бекітілген соманың күтілетiн жылдық көлемдегi бюджетке түсетiн ақша түсiмiнiң сәйкессiздiгi;
бюджеттік бағдарлама бойынша iс-шаралар жоспарының өзгеруi;
бюджеттік бағдарламаларды iске асыруды бағалауды жүргiзу;
бюджетке ай сайын түсетiн түсiмдерге ықпал ететiн факторлардың өзгеруi негiзінде туындайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 216-1-тармақпен толықтырылды
216-1. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерістер енгізудi 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалар бойынша Қаржы министрлігі және уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Тиiстi қаржы жылының өткен айларындағы (есептi кезеңдегi) түсiмдердiң бекітілген жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларға жол берiлмейдi. Заң кесiмдерiне сәйкес өзгерістерден және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістерден басқа, ағымдағы қаржы жылының соңғы айында түсiмдердiң жиынтық жоспарын нақтылауға жол берiлмейдi.";
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 217-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
217. Қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізудiң тәртібі мемлекеттік мекемелердің 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелердiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарларын өзгертуге арналған тапсырысты (бұдан әрi - Мемлекеттік мекемелердiң өтiнiмiн) қалыптастырудан басталады, одан кейiн оның негiзiнде бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсi 17-қосымшаға сәйкес Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспарларын өзгертуге арналған тапсырысты (бұдан әрi - Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi) қалыптастырудан басталады.
Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік орган және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ұсынылатын өзгерістердiң есептеулерi мен себептерiн көрсете отырып, 17-1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерістер енгізу үшiн Өтiнiм бере алады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 218-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
218. Мемлекеттік мекемелердiң тапсырысын 16-қосымшаға сәйкес міндеттемелер немесе төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының бекітілген шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктерінің сомасы шегiнде қалыптастырылады.
Мемлекеттік мекемелердiң тапсырысын қалыптастыру кезінде мынадай нормаларды сақтау керек:
Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының сомасына өзгерістер енгізуге, Қазақстан Республикасының заң актілеріне және Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына
өзгерістер енгізуге сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұйымдық құрылымы өзгертiлген жағдайды қоспағанда тиiстi қаржы жылының алдындағы айлары үшiн рұқсат етуге және кассалық шығыстарға жол берiлмейдi;
жоспарлы мақсаттар, рұқсаттар және кассалық шығыстар сомаларының арасындағы сәйкестiктi сақтау;
қабылданған, бiрақ орындалмаған міндеттемелердің есебi;
инкассалық өкімдердің есебi;
осы Ережеде көзделген, бюджеттік ақшаны қайтаруға арналған алғы шарттардың есебi;
ағымдағы айда шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктерi бойынша жоспарлы берiлген сомалар мен рұқсаттарды азайту қабылданған мiндеттемелердi шегере отырып жоспарлы мақсаттардың сомасына жүргiзiледi. Бюджеттiң тиiстi шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы сомасының артуы және рұқсаттар беру басқа ерекшелiктер бойынша оларды азайту есебiнен бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Мемлекеттік мекемелердің өтiнiмiне басшы қол қояды және енгiзілген өзгерістердің тиiстi есептемелермен қоса тиiстi бюджеттік бағдарламалар әкімшiсiне берiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 219-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
219. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өтiнiмiне сай және шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiктерi бойынша бекітілген сома шегінде 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қалыптастырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнің өтiнiмiн қалыптастыру кезінде:
бюджеттік бағдарламалардың әкімшiсінiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының сомаларына өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының заң актілерiне және Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізуге сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұйымдық құрылымы өзгертiлген жағдайды қоспағанда тиiстi қаржы жылының алдындағы айлары үшiн рұқсат етуге және кассалық шығыстарға жол берiлмейдi;
жоспарлы мақсаттар, рұқсаттар және кассалық шығыстар сомаларының арасындағы сәйкестiктi сақтау;
қабылданған, бiрақ орындалмаған міндеттемелердің есебi;
инкассалық өкімдepдің есебi;
осы Ережеде көзделген, бюджеттік ақшаны қайтарып алуға арналған алғы шарттардың есебi;
ағымдағы айда бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы берiлген бекітілген сомалар мен рұқсаттарды азайту қабылданған міндеттемелердi шегере отырып жоспарлы мақсаттардың сомасына жүргiзiледi. Бюджеттің тиiстi шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы сомасының артуы және рұқсаттар беру басқа ерекшелiктер бойынша оларды азайту есебiнен бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома шегінде жүзеге асырылуы мүмкiн;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша республикалық бюджет шығыстарының жылдық сомасына өзгерістер енгізу ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген бағдарламалар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде көзделген кiшi бағдарламалар бойынша бекітілген сомалар шегiнде жүзеге асырылады;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жергiлiктi бюджет шығыстарының жылдық сомасына өзгерістер енгізу ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмінде көзделген бюджеттік бағдарламалар және ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi атқарушы органның актiлерінде көзделген кiшi бағдарламалар бойынша бекітiлген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
Алдағы айдағы қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнің өтінімiне бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi басшы қол қояды және енгiзiлген өзгерістердiң тиiстi есептемелерiмен қоса Қаржы министрлігіне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға ағымдағы айдың 20 күнiне дейiнгi, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергілiктi атқарушы органның шешiмдерi бойынша - сол сияқты және ағымдағы айдың 20-күнiнен кейiн мерзiмде берiледi.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi алдағы айларға арналған Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге тиiстi өтiнiмдердi Қаржы министрлігіне бередi. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтiнiм қағаз және магниттiк түрде, ал мемлекеттік мекемелердiң қаржыландыру жоспарларына - магниттiк түрде беріледі.
Ағымдағы қаржы жылының соңғы айында мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерi бойынша ұсынылатын өзгерістерге тиiстi есептеулермен ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Қаржы министрлігіне немесе жергiлiктi атқарушы органға берген Өтiнiмнiң негiзiнде - ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кейiн жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшiлерi және ведомстволық бағыныстағы мекемелер алдағы айға арналған тиiстi қаржыландыру жоспарларына айына кемiнде бiр рет өзгерістер енгiзе алады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 220-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
220. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшiн Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi орган Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмiн қарайды және 18-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы (бұдан әрi - Анықтама) қалыптастырады.
Анықтаманы қалыптастыру кезінде мынадай нормаларды сақтау керек:
қаржыландырудың жиынтық жоспарларының сомаларына өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының заң актілеріне және Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізуге сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұйымдық құрылымы өзгертiлгенiн қоспағанда тиiстi қаржы жылының алдындағы айлары үшiн рұқсат етуге және кассалық шығыстарға жол берiлмейдi;
жыл басынан берi өсу қорытындысымен жыл бойынша және жылдың әр айы бойынша жалпы тепе-теңдiктi немесе шығыстардан жоғары түскен түсiмдердің аспауын сақтау;
жоспарлы мақсаттар, рұқсаттар және кассалық шығыстар сомаларының арасындағы сәйкестiктi сақтау қабылданған, бiрақ орындалмаған мiндеттемелердiң есебi;
инкассалық өкiмдердің есебi;
осы Ережеде көзделген, бюджеттік ақшаны қайтарып алуға арналған алғы шарттардың есебi;
ағымдағы айда шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы берілген сомалар мен рұқсаттарды азайту қабылданған мiндеттемелердi шегере отырып жоспарлы мақсаттардың сомасына жүргiзiледi. Бюджеттiң тиiстi шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы сомасының артуы және рұқсаттар беру басқа ерекшелiктер бойынша оларды азайту есебiнен бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылуы мүмкiн;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша республикалық бюджет шығыстарының жылдық сомасына өзгерістер енгізу ағымдағы қаржы жылына арналғалы республикалық бюджет туралы заңда көзделген бағдарламалар, Үкiмет актілерінде көзделген кiші бағдарламалар бойынша бекiтілген сомалар шегiнде жүзеге асырылады;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жергiлiктi бюджет шығыстарының жылдық сомасына өзгерістер енгізу ағымдағы қаржы жылына арналған жергілiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде көзделген бюджеттік бағдарламалар және ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi атқарушы органның актілерінде көзделген кiшi бағдарламалар бойынша бекітілген сомалар шегiнде жүзеге асырылады;
түсiм көлемiнiң өзгеруi және бюджет тапшылығын қаржыландыруды өтеу (профициттi пайдалану) тек бюджет тапшылығын қаржыландыруды өтеудiң (профициттi пайдаланудың) бекітілген көлемiн сақтаған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 220-1-тармақпен толықтырылды
220-1. Қаржы министрлігі Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтiнiмдердi қарайды. Егер өзгерістер түсiмдердiң жиынтық жоспарына енгiзiлген жағдайда Түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама қалыптастырылады.
Қаржы министрлігі Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтiнiмдi қабылдамаған кезде жiберiлген ұсыныстарды қабылдамау себептерiнiң негiздемесiмен Өтiнiм берген мемлекеттік органды бас тарту туралы хабардар етедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 220-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
221. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшiсінiң өтiнiмдерiн Қаржы министрлігіне олардың түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен артық емес мерзiмде Қаржы министрлігі қарайды.
Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкімшiсiнiң өтiнімдерiн уәкiлеттi органға олардың түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен артық емес мерзiмде уәкiлеттi орган қарайды.
Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органның және кеден iсiне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның өтiнiмдерiн Қаржы министрлігі бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қарайды.
Қаржы министрлігі немесе жергілiктi уәкiлеттi орган осы Ереженің 200-тармағында белгiленген ұсынылатын өзгерістер бойынша және тәртiптi сақтай отырып негiздеменi және есептемелерді тексередi.
Егер Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi өтiнiмдерiнiң сомасы бюджеттік бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша бекітілген жылдық соманың ұлғаюына және жыл басынан берi түзетiлетiн айға күтiлетiн бюджеттік түсімдердiң артуына әкелсе, онда Қаржы министрлігі немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган олардың кейiнге қалдырылғаны туралы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 222-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
222. Осы Ереженiң 220-тармағында көрсетiлген нормалар сақталған жағдайда Қаржы министрлігі немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган Анықтаманы беттедi. Жергiлiктi уәкiлеттi орган бекiткен Алдағы ай қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған анықтама қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына ағымдағы ай аяқталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 223-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
223. Қаржы министрлігі бекiтілген Анықтаманың негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мiндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарларына және Өтiнiмдердiң негiзiнде 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелер-республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгiзедi.
Жергiлiктi уәкiлеттi орган бекітілген Анықтаманың негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістердi мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзедi.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерi Өтiнiмдердiң негiзiнде 16 және 17-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 224-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
224. Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерiнiң Өтiнiмдерi негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi қалыптастыратын Анықтамаларға (бұдан әрі - Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң анықтамалары) сәйкес енгiзiледi.
225. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң анықтамасын қалыптастыру кезінде мынадай-талаптар:
құжатпен бекітілген iс-шаралардың жоспарын сақтау;
азайтылатын ерекшеліктер бойынша не өзгерiстiң қатысы жоқ басқа ерекшелiктер бойынша орындалмаған мiндеттемелер жоқ болған жағдайда;
азайтылған сомаға азайтылатын ерекшелiктер бойынша тiркелген міндеттемелер жоқ болған жағдайда;
мемлекеттік мекемелердің белгiленген тәртiппен тiркелген міндеттемелерiнің атқарылуына байланысты емес жоспарлы сомасы қалдықтарының бар-жоғы сақталуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 226-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
226. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң анықтамаларын осы Ереженiң 225-тармағында санамаланған нормалар сақталған кезде жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiтедi және ағымдағы ай аяқталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық органдарына қағаз және магниттiк түрде беріледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 227-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
227. Қазынашылықтың аумақтық органы Бюджеттік бағдарламалар әкімшiсінің анықтамасы негiзінде:
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарына өзгерістер енгiзедi;
мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының бюджеттік сыныптамасы шығыстарының тиiстi кодтары бойынша сомасына мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарының бюджеттік сыныптамасы шығыстарының тиiстi кодтары бойынша сомасының сәйкестiгін тексередi. Жоғарыда сипатталған сәйкестiктер сақталмаған жағдайда Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнің анықтамасы тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне қайтарылады.
22-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
және жергiлiктi атқарушы органдардың актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 228-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
228. Бюджеттік бағдарламалардың құжаттарына сәйкес және кiшi бағдарламалар бойынша және кiшi бағдарлама бойынша бекітілген жылдық сома шегiнде iс-шараларды iске асыру мүмкiн болмаған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік бағдарламалардың кiші бағдарламалары арасындағы соманы қайта қарау жөніндегі ұсынысты (бұдан әрi - актiлерге енгiзiлген өзгерістер бойынша ұсыныс) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне немесе жергiлiктi атқарушы органға жолдайды.
Қаржы министрлігі және жергiлiктi атқарушы орган актiлерге енгiзiлген өзгерістер бойынша ұсынысты қарайды және олардың негiзiнде тиiстi Бюджет комиссиясына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданылып жүрген актiлерге және жергiлiктi атқарушы органның актілеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды жолдайды.
229. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қолданылып жүрген актілеріне және жергіліктi атқарушы органның актілеріне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
230. Бюджеттік бағдарламалардың құжаттарына сәйкес және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бағдарламасы бойынша бекiтілген жылдық сома шегінде бюджеттік бағдарламалардың мақсатына жетуiне мүмкiндiгi болмаған жағдайда ?кіметке және тиiстi жергiлікті атқарушы органға хабарланады.
23-тарау. Бюджеттi нақтылау
231. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы ақпараты негiзiнде бюджеттік комиссия заңдарда белгiленген тәртіппен бюджеттi нақтылау, бюджеттік бағдарламалардың құжаттары және оларды одан әрi iске асыру жөнiнде қарайды және ұсыныс әзiрлейдi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 232-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
232. Бюджет нақтыланған жағдайда Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және жергiлiктi атқарушы органдар бюджетi бағдарламалардың әкiмшiсiмен бiрлесе отырып, Бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес тиiстi актiлердiң жобаларын әзiрлейдi.
233. Қазақстан Республикасының Yкіметі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгiзедi, ал жергілікті атқарушы органдар тиiстi Бюджеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттердi бекіту туралы шешімге өзгерістер енгізу туралы ұсынысты тиiстi мәслихаттарға енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 234-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
234. Бюджеттi нақтылау Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа заң шығарушылардың бастамасының негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен қаражат бөлу кезінде қаржы жылының iшiнде жергiлiктi бюджеттердi нақтылау жүргiзiлмейдi.
235. Ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылау кезінде:
егер бюджеттi нақтылау құнға мақсатқа, міндетке және iс-шараларға, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың күтiлетiн нәтижелерiне ықпал етсе нақтыланған құжаттарға өзгерістер енгiзiледi;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарын мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттік бағдарламалар әкімшiсiнің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарын, ал Қаржы министрлігі және жергiлiктi атқарушы органдар - қаржы жылына арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарын нақтылайды.