Республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қаржы министрлігі, жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын қайтарып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган жергілікті уәкілеттi органдар болып табылады.
Нұсқамада көрсетiлген мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражат сомасы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын қайтарып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қайтарып алуын жүзеге асыру үшiн міндеттi болып табылады.
Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен берiлген кредиттердi мақсатқа сай пайдаланбаған жағдайда заемшы мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражаттың сомасын қайтарады және мақсатқа сай пайдаланылмаған соманың 25% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттiң сомасына, сол сияқты бюджетке қайтарылуға жататын және заемшының осы Ережелерге сәйкес кредит шартында белгiленген игерiлу мерзiмiнен кейiн пайдаланылған сомаларда жатады.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 290-1-тармақпен толықтырылды
290-1. Жергілiктi атқарушы орган мақсатты инвестициялық трансферттерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражатын мақсатсыз пайдаланған кезде, Қаржы министрлігі мақсатсыз пайдаланылған сомалар республикалық бюджетке толық аударылғанға дейiн жергілiктi атқарушы органның шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Жергiлiктi атқарушы органның шығыс операцияларын тоқтата тұру олар бойынша қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуына жол берілген сомалар мен Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың кодтары көрсетiле отырып, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетінiң ұсынымдары, Қаржы бақылау комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының бақылау жүргiзу актісі мен ұйғарымы негiзiнде жүргізіледi.
Трансферттер ретінде бөлiнген қаражатты мақсатсыз пайдалану фактiлepi анықталған жағдайда, қаражатты қайтару оларды жергілiктi атқарушы орган резервiнен оның шешімі негiзiнде бөлу және республикалық бюджетке Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың "Республикалық бюджетке түсетiн салыққа жатпайтын басқа да түсiмдер" кодына жергіліктi атқарушы органның аударуы жолымен жүзеге асырылады.
Қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған, конкурстық рәсiмдердiң нәтижелерi бойынша үнем) мақсатты инвестициялық трансферттердiң сомалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражаты ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн аталған трансферттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке мiндеттi қайтаруға жатады.
291. Бюджеттік кредиттердi игеруге, мақсатты пайдалануға, уақтылы және толық өтеуге бақылау жасауды:
Қаржы министрлігі - тиiстi бюджеттерден берiлген барлық кредиттер бойынша;
жергiлiктi атқарушы орган - жергiлiктi бюджеттерден берiлген кредиттер бойынша;
банк-заемшылар - түпкi заемшыға байланысты жағдайда барлық бюджеттік кредиттер бойынша жүзеге асырады.
292. Бюджеттік кредиттердiң тиiмдiлiгiн бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады.
293. Кредит берушi бақылау мақсатында бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерінен және банк-заемшылардан бюджеттік кредиттерге байланысты қажеттi ақпаратты талап етуге құқықты.
10-бөлiм. Қаржы жылын аяқтау жөнiндегі және есептiк кезеңде
бюджеттiң атқарылуы жөніндегі рәсiмдер
294. Қаржы министрлігі, жергiлiктi уәкiлеттi орган және мемлекеттік мекеме ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн және есептiк кезеңде осы Ереже мен Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен бюджеттiң атқарылуы жөніндегі барлық операцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 294-1-тармақпен толықтырылды
294-1. Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының және мемлекеттік мекеменiң ақылы қызметтердi iске асырудан алынатын қаражат жөніндегі қаржыландыру жоспарларының және кiрiстер және шығыстарды қаржыландыру жоспарларының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
Бюджеттік бағдарламалар, тиiстi инвестициялық жобалар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары сомасының қалдықтары Қаржы министрлігi белгiлеген тәртiппен есептiк кезеңнiң ішінде қолданылады.
295. Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi орган есептi қаржы жылынан кейiнгi бiріншi банктiк күнi есептiк кезеңде операциялар жүргiзу үшiн тиiстi инвестициялық жобалар бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары қалдығының (бұдан әрi - жоспардың қалдығы) сомасын айқындайды.
Жаңа қаржы жылының бiрiншi қаңтарындағы ҚБШ қалдығы есептiк кезеңде шығыстарға бағытталатын сомалар шегiнде есептік кезеңнiң шотына аударылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 296-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
296. Жаңа қаржы жылының 10 қаңтарына дейiнгi мерзiмiнде Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келісім бойынша мiндеттемелер, тиiстi инвестициялық жобалар, сондай-ақ ресми трансферттер жөніндегi қаржыландырудың жиынтық жоспарының қалдықтары сомасына жоспар қалдықтарының шегiнде және Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен тиiстi ҚБШ рұқсат бередi.
Қаржы жылының iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен жергiлiктi бюджеттерге бөлiнген, пайдаланылмаған қаражат ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн республикалық бюджетке қайтаруға жатады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 (бұр. ред. қара); 15.03.04 ж. № 320 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 297-тармақ өзгертілді
297. Қазынашылық органы:
Қаржы министрлігінiң аумақтық органдарында тiркелген және орындалмаған мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) бойынша мiндеттемелердi Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен есептi қаржы жылының iшiнде қайта тiркейдi;
ағымдағы қаржы жылына берілген рұқсаттардың шегiнде, Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заемның шеңберiнде қабылданатын мiндеттемелер бөлiгiнде әрекет ету мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын шартты тiркейді;
мiндеттемелердi тiркеудi жүзеге асырады және осы Ереженің 5-бөлiмiнiң 10, 11-тарауларына сәйкес төлемдер жүргiзедi.
298. Мемлекеттік мекемелер:
Қаржы министрлігіне және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша заң актілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен шетелдiк мемлекеттердiң, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдiк фирмалардың арасындағы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған шоттарының көшiрмелерiн ұсынады;
төлем құжатында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған шоттарынан ақша аудару үшін есептi кезеңнiң шоттарына сәйкес келетiн және Қаржы министрлігі жеткiзген ИИК-тің деректемелерi көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 299-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
299. Есептi кезеңдегi операциялар аяқталғаннан кейiн мемлекеттік мекемелердiң және аккредитивтердiң шоттарын қоспағанда барлық шоттар жабылуға жатады. Мемлекеттік мекемелер шоттарының қалдықтарын дербес түрде Қаржы министрлігі көшiредi және мемлекеттік мекемелер мынадай тәртiппен:
ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен шоттардың қалдықтары ақылы қызметтердiң барлық түрi сақталған жағдайда өздерi жаңа қаржы жылы пайдаланады, ақылы қызметтердің тиiстi түрлерi жоқ болған жағдайда тиiстi бюджеттің кiрiсiне аударылады;
қаржы жылының аяғында демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттың қалдығы келесi қаржы жылында тағайындау бойынша;
жаңа қаржы жылында депозиттiк қаражаттың есебiнен қаражаттың қалдығы депозит шарттарына сәйкес пайдаланады.
Есептiк кезең аяқталғаннан кейiн Қаржы министрлігі есептiк кезең шоты қалдығының сомасын бюджеттік бағдарламалар әкімшiсiнiң өтiнiшi бойынша аккредитивке аударуы мүмкiн.
300. Қаржы жылының аяқталуы бойынша операциялар ҚҰБ келісім бойынша Қаржы министрлігі анықтайтын тәртіпте жүзеге асырылады.
11-бөлiм. Бюджеттi атқарудың қосымша рәсімдерi
34-тарау. Бiрыңғай қазынашылық шот және басқа шоттар
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 34-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 301-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
301. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚҰБ-да ұлттық валютада БҚШ және ҚҰБ белгiлеген тәртіпке сәйкес шетелдік валютада корреспонденттiк шоттар (бұдан әрi - валюталық шот) ашады.
СБШ - түсiмдер бойынша операцияларды есептеуге және тиiстi бюджеттен жүргiзiлген төлемдердi есептеуге арналған.
БҚШ - барлық СБШ, мемлекеттік мекемелердiң шоттары және басқа да шоттар қаражатының қалдықтарын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 (бұр. ред. қара); 15.03.04 ж. № 320 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 302-тармақ өзгертілді
302. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен заем туралы шарттың (келісімнiң) ережелерiне сәйкес Қаржы министрлігінің рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде мынадай шоттар ашуы мүмкін:
инвестициялық жобаның арнайы шоты - үкiметтiк сыртқы заемның немесе гранттың қаражатынан аванстық төлем арқылы жаңарып отыратын заем туралы шартта (келісімде) айтылған заем туралы шартта (келісімде) келісілген, шетелдiк валютадағы банк шоты. Арнаулы шотты тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алуға және заем мен грант туралы тиiстi шартта (келісімде) көзделген инвестициялық жобаға әкiмшiлiк жүргiзуге арналған шығыстардың үлесiн мемлекеттік сыртқы заем немесе грант қаражаты есебiнен өтеу үшiн және белгiленген заңнамалық тәртiппен бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi ашады;
ұлттық валютада төлемдердi жүзеге асыру үшін инвестициялық жобаның арнаулы шотына қосымша шот (бұдан әрi - теңгелiк шот);
инвестициялық жобаның арнаулы шоты жүргiзетiннен бөлек шетелдiк валютада төлемдердi жүзеге асыру үшiн инвестициялық жобаның арнаулы шотына қосымша шот (бұдан әрi - валюталық шот).
23-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң шоттарын жүргiзу тәртібі
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 303-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
303. Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттары және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мынадай шоттары:
ақылы қызметтер бойынша шоттары;
демеушiлiк және қайырымдылық көмек бойынша шоттары;
депозиттiк қаражат бойынша шоттары;
Алматы қаласы әкімінiң бюджеттен тыс қоры бойынша шоты;
басқа да шоттары болады.
304. Мемлекеттік мекемелердің шоттары Шоттардың бiрыңғай стандарттық жоспарына сәйкес жүргiзiледi, Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен ашылады және жабылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 305-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
305. Мемлекеттік мекемелер Қаржы министрлігінiң аумақтық органдарына:
бюджеттік шоттарды ашу үшiн мынадай құжаттарды:
шотты ашуға өтiнiш;
қайтадан құрылған мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік тiркелуi туралы куәлiктiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен куәландырылған көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен куәландырылған ереженiң (Жарғының) көшiрмесiн;
бюджеттiң орындалуы жөніндегi мемлекеттік мекеменiң құжаттарына бiрiншi және екiншi қолдарды қою құқығы оның басшысына және уәкiлеттiк қызметкерге жүктелуi туралы бұйрықтың көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсінің мемлекеттік мекеменi қайта ұйымдастыру туралы уәкiлеттi органның шешiмi (өкімі, қаулысы, бұйрығы) бекітілгеннен кейiн он жұмыс күнi өткен соң Қаржы министрлігінің аумақтық органына бередi;
салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн (СТН) бере отырып, мемлекеттік мекеменiң салық органында есепке тұру фактiсiн растайтын аумақтық салық органы берген белгiленген нысандағы құжат;
ақылы қызметтер бойынша шоттарды ашу үшiн:
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен, мемлекеттік мекеменi ақылы қызметтi сатудан алған қаражаттың кiрiстер мен қаражаттың шығыстарды қаржыландыру жоспарын;
демеушiлiк және қайырымдылық көмек бойынша шот ашу үшін:
демеушiлiк және қайырымдылық көмектi берушiлердiң өтiнішін;
жергiлiктi бюджеттердің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекеме үшін жергiлiктi уәкілеттi органның рұқсаты;
Алматы қаласы әкімінiң бюджеттен тыс қоры бойынша шот ашу үшiн:
Алматы қаласының өкiлдi органы бекiткен Қор туралы ереженің көшiрмесiн табыс етедi.
депозиттiк шот ашу үшiн:
Қаржы министрлігінiң рұқсатын;
аккредитив ашу үшiн:
мемлекеттік мекеменiң өтiнішін және аккредитивтi ашу және жүргiзу қажеттілігiн растайтын басқа құжаттарды табыс eтедi.
306. Осы Ереженің 305-тармағында санамаланғаннан басқа қазынашылықтың аумақтық органдарына бюджеттік бағдарлама әкiмшiсінің басшысы куәландырған, мөр бедерiмен анықталған немесе нотариалды куәландырылған төлем құжаттарына бiрiншi және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың қолдарының және 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжаты тапсырылады. Нотариалдық кеңселер жоқ елдi мекендерде құжатты жергiлiктi әкiм куәландырады.
Қазынашылықтың аумақтық органы белгiлеген кезең iшiнде жаңадан құрылған мемлекеттік мекеменiң мөрi уақытша болмаған жағдайда мемлекеттік мекемелердiң құжаттарын, егер олар бiр елдi мекенде орналасқан жағдайда тиiстi бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкімшiсiнің мөр бедерiмен қабылдауға, болмаған жағдайда құжаттарды мөр бедерiнсiз қабылдауға рұқсат етiледi.
Егер тiптi бiр қолдың ауыстырылған немесе қосылған немесе мөрдi ауыстырған жағдайда Қаржы министрлігінiң аумақтық органына осы Ережеде бекітілген тәртiппен куәландырылған қолдың және мөр бедерiнің үлгiлерi бар жаңа құжат тапсырылады.
Бiрiншi және екiншi қол қою құқығы бар тұлғалардың бiреуiнің қолы уақытша ауыстырылған кезде әрекет ету мерзiмі көрсетіле отырып қолдардың тиiстi үлгiлерi бар уақытша құжат ресiмделедi.
Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынылатын құжаттың дұрыстығы мен уақтылылығына мемлекеттік мекеменің бiрiншi басшысы жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 307-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
307. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 308-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
308. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттік мекемелердi құру туралы нормативтiк құқықтық кесімдердiң негiзiнде Қаржы министрлігіне құрылған мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік мекемелердiң анықтамасына кiргiзу туралы қолдаухатты бередi.
Жергіліктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттік мекемелерді құру туралы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негізінде Қаржы министрлігінiң аумақтық органдарына құрылған мемлекеттік мекемелердi мемлекеттік мекемелердiң анықтамасына кіргiзу туралы қолдаухатты бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 309-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
309. Шоттардың бiрыңғай стандарттық жоспары бюджеттік шоттары, ақылы қызметтер бойынша шоттары, демеушілiк және қайырымдылық көмек бойынша шоттары, депозиттiк қаражаттары бойынша шоттары, Алматы қаласы әкімінiң бюджеттен тыс қоры бойынша шоттары үшiн осы Ереженiң 305-тармағында санамаланған құжаттар болған жағдайда, депозиттiк қаражаттың шоттары үшiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, ал жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн жергiлiктi уәкілеттік органдардың рұқсаттары бойынша қалыптастырылады.
310. Мемлекеттік мекемелер Қаржы министрлігінің аумақтық органдарына берiлген құжаттардың жалғандығы үшiн жауап бередi және:
шоттар жоспарын қалыптастыру және жүргiзу, төлем құжаттарын ресімдеу, бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттарға пайдалану тәртібін сақтауға мiндеттi;
шот жоспарына сәйкес бекiтілген жоспарлық соманың кассалық шығыстардан асып түсуi нәтижесінде пайда болған қаражаттың қалдықтарына билiк етуге және Қаржы министрлігінің аумақтық органдарынан шоттардың жоспарларына сәйкес көрсетілген операциялар бойынша қажеттi ақпаратты алуға құқығы бар.
311. Қаржы министрлігі мен оның аумақтық органдарының:
мемлекеттік мекемелерден Қаржы министрлігінің аумақтық органдарына ұсынылатын құжаттарды осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес ресiмдеудi талап етуге;
мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың паспортына сәйкес мақсаттарға пайдалануын тексеруге құқығы бар.
36-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға
(депозиттерге) орналастыру рәсiмi
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 312-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
312. Уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегі (бұдан әрі - ҚҰБ) салымдарға (депозиттерге) орналастыруды оларды ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен ҚҰБ арасында жасалған 2002 жылғы 8 мамырдағы № 230 Салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын стандартты шарттар туралы бас келісім (бұдан әрі - Келiсім) негiзiнде республикалық бюджетке кiрiс алу мақсатында Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 313-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
313. Ақшаны ҚҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) орналастыру жөніндегі әрбiр операция салымды (депозиттi) әрбiр орналастыру жөніндегі барлық деректердi: салым (депозит) сомасын, салымды (депозитті) орналастыру мерзiмiн, салымды (депозиттi) орналастырудың басталған және аяқталған күнін, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым (депозит) пен есептелген сыйақы сомасын, салымды (депозитті) мерзiмiнен бұрын талап еткен кезде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтитын мәміле паспортымен ресiмделедi. Салымды (депозиттi) қайтару мерзiмi бұзылған немесе орындалмаған кезде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмақының) мөлшерi көрсетiлуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 314-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
314. Келісімнiң мерзiмi аяқталғаннан кейiн ҚҰБ банктiк салымның сомасын Келісімдегi келісілген деректеме бойынша Қаржы министрлігіне қайтарады, ал сыйақыны Келісімге сәйкес Келісімдегi келісілген деректеме бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударады.
ҚҰБ-да ашылған Қаржы министрлігінiң шоттарында дебеттiк қалдыққа жол бермеу мақсатында Келісім Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бiржақты тәртiппен бұзылуы, және де банктiк салым Қаржы министрлігінiң тиiстi шоттарына қайтарылуы мүмкін.
12-бөлiм. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақша есептеу
және оны пайдалану жөніндегі рәсiмдер
37-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына ақша есептеу ережесi
315. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығымен белгiленген түсімдердің есебiнен қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 (бұр. ред. қара); 15.03.04 ж. № 320 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 316-тармақ өзгертілді
316. Қаржы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен:
күн сайын шикiзат секторы ұйымдарынан түскен жоспардан тыс түсiмдердi, республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түскен қаражатты және мемлекет ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн жеке меншiкке сатудан түскен қаражатты Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетiнде ашылған Қордың арнайы шотына, содан кейiн Қордың арнайы шотынан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚҰБ шотына;
қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттерден ресми транферттердi аударады.
Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн жоспардан тыс түсiмдердi Қаржы министрлігі шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түскен iс жүзіндегі түсiмдердiң жергiлiктi бюджеттердiң, тұтастай алғанда республикалық бюджет бойынша және жеке жергіліктi бюджеттер бойынша бұрын Қорға аударылған соманы және Қордан алынған шығындар өтемақысын ескере отырып, кiрiстер сыныптамасының кодтары бөлiнiсiнде қаржы жылынан бастап өспелi қорытынды республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекітілген жылдық көлемiнен және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң бекітілген тоқсандық көлемдерiнен артық сомасы ретiнде анықтайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 317-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
317. Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі шикiзат секторы ұйымдарынан жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердің тоқсандық көлемдерін бекiткенге дейiн шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi бюджетке есептеу республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жылдық соманың шегiнде жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының Парламентi 15 желтоқсанға дейiнгi мерзімде кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, шикізат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi бюджетке есептеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы" Жарлығында белгiленген соманың шегiнде жүзеге асырылады.
318. ҚҰБ инвестициялық кiрiстердi есепке алуды кастодиандардан алынатын ақпараттың негiзiнде жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге түсiмдер мен кiрiстердi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң ҚҰБ шотына заңды және жеке тұлғалар аударады.
319. Қазақстан Республикасы Yкіметінің ҚҰБ шотының деректемелерi заңды және жеке тұлғаларға - резиденттер мен резидент еместерге, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне хабарланады. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi Қазақстан Республикасы Үкіметі шотының деректемелерiн Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетiнде сұратады.
38-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын пайдалану тәртібі
320. Қордың қаражаты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 321-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
321. Қаржы министрлігі өткен тоқсандарда алынған жергiлiктi бюджеттердің шығындарын өтеу сомасын ескере отырып есептi тоқсанның қорытындысы бойынша он жұмыс күнi iшінде шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке күтiлетiн түсiмдердің болжамын ескере отырып, төртiншi тоқсан үшiн де ағымдағы жылдың жиырма бiрiншi тоқсанынан кешiктірмей 36 және 37 қосымшаларға сәйкес 2-35-нысан бойынша жеке жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу көлемдерін анықтайды.
Жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу бұрын алынған жергiлiктi бюджеттердің шығындарын өтеу сомаларын ескере отырып, кiрiстердiң сыныптамасы кодтарының бөлiнiсiнде жергілікті бюджеттер бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін бекітілген және іс жүзіндегі сомалардың арасындағы айырмашылық түрiнде есептеледi.
Республикалық бюджеттiң шығындарын өтеу шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер бойынша және тұтастай алғанда түсiмдер бойынша республикалық бюджет атқарылмаған жағдайда жүргізіледі.
Өтемақы мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша жете атқарылмаған жалпы сомадан аспайды.
Қордан республикалық және жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн мақсатты трансферттер түріндегі Қордың шығысы тиiстi бюджеттерде бекітілген көлемдердiң шегiнде жүзеге асырылады. Қаржы министрлігі ҚҰБ мыналарды:
38-қосымшаға сәйкес 2-37-нысан бойынша тиiстi бюджеттердің шығындарын өтеудi жабуға арналған хабарламаны;
төлем құжаттарының көлемдерi мен деректемелерін көрсете отырып 2-37-нысан бойынша Қордан тиiстi бюджеттерге мақсатты трансферттер бөлу туралы хабарламаны жiбередi, олар бойынша ҚҰБ тиiстi бюджеттерге мақсатты трансферттердi аударуды жүзеге асырады.
Хабарламаны Қаржы министрлігінiң бiрiншi басшысы растайды және оның мөрiмен куәландырылады. Қаржы министрлігінiң бiрiншi басшысы болмаған жағдайда хабарламаны бiрiншi басшының міндеттердi жүктеу туралы бұйрығына сәйкес жауапты тұлға растайды.
322. Ағымдағы жыл үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы түпкi есеп айырысуларды Қаржы министрлігі 39-қосымшаға сәйкес 2-32-нысан бойынша ағымдағы жылғы соңғы жұмыс күнiнде жүргiзедi.
323. ҚҰБ Қаржы министрлігінiң тиiстi бюджеттердiң шығындарын өтеудi жабуға арналған және мақсатты трансферттердi бөлу туралы хабарламаларының негiзiнде ҚҰБ мен Қазақстан Республикасының Yкіметі арасында жасалған сенiмдi басқару туралы шартқа (бұдан әрi - сенiмдi басқару туралы шарт) хабарламаны алған сәтiнен бастап он банктiк күн iшінде, ал төртiншi тоқсан үшiн - хабарламаны алған күнi қаражатты тиiстi бюджеттерге аударуды жүзеге асырады.
324. Шикiзат секторы ұйымдарына дұрыс емес немесе артық түскен сомаларды қайтару Қазақстан Республикасы белгiлеген тәртiппен Қордан кейiннен өтей отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүргiзiледi.
325. Қорды пайдалану жөніндегі өзге операцияларды жүзеге асыру үшiн ҚҰБ Қаржы министрлігіне келiсуге мынадай құжаттарды: