сыртқы басқарушыға комиссиялық сыйақының сомасы бар төлем құжатын;
кастодиандардың төленген қызметтерiнiң сомасы бар төлем құжатын;
қажет болған кезде заң кеңесшiсiнiң төленген қызметтерiн қоса алғанда, Қорды сенiмдi басқару кезiнде туындауы мүмкiн басқа шығыстардың сомасы бар төлем құжатын;
сыртқы басқарушылармен басқару жөніндегі келісімдердi мерзiмiнен бұрын бұзу кезiнде пайда болуы мүмкiн шығындардың сомасы бар төлем құжатын;
көрсетiлген сомаға негiзделетiн есептеудi қоса бере отырып, ҚҰБ комиссиялық сыйақысының сомасы бар хабарламаны;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында және сенiмдi басқару туралы шартта көзделген өзге өкілеттiктерге сәйкес Қордың өзге шығыстарының сомасы бар төлем құжатын жiбередi.
326. Қаржы министрлігі сенiмдi басқару туралы шартта белгiленген мерзiмде ҚҰБ 40-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қордың шығыстарын растау туралы хабарлама жiбередi.
327. ҚҰБ Қордың шығыстарын растау туралы хабарламаның негiзiнде және сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес Үкiметтiң ҚҰБ шотынан осы Ереженің 325-тармағында санамаланған шығыстарды өтеу үшiн соманы есептен шығарады.
39-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚҰБ шоты
бойынша операцияларды есепке алу
328. ҚҰБ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚҰБ шоты бойынша операцияларды iшкi бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi.
329. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚҰБ шоты бойынша Қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі операцияларды есепке алуды жүргiзедi.
330. ҚҰБ нақты уақыт режимiнде Қорға ақша есептеу және Қордан пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырғаннан кейiн Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚҰБ шоты арқылы операциялардың жүргiзiлуін растайтын төлем құжаттарын жiбередi.
331. Қаржы министрлігі ҚҰБ алынған төлем құжаттарының негiзiнде Қордың ақшасын есептеу және оны пайдалану жөніндегі операциялардың бухгалтерлiк есепке алуды Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
332. Қаржы министрлігі және ҚҰБ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚҰБ шоты бойынша салыстыруды жүзеге асырады.
40-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
және пайдалану туралы есептіліктi жүргiзу рәсiмi
333. Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептілік Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы есептi есептiден кейiнге тоқсанның 1-i күнiне тоқсан сайын және бiр жылға Қазынашылық комитетi жасайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 334-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
334. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында белгiленген мерзiмде ҚҰБ-мен бiрлесiп жасайды.
Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды:
1) 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы жылдық есептi;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтілген нысандар бойынша балансты және есептердi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің балансын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кiрiстерi мен шығыстары туралы есептi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қозғалысы туралы есептерiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептердi;
3) Қорды басқару жөніндегі өзге де деректердi қамтиды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында белгіленген мерзiмде сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерiмен бiрге Қорды басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгiзедi.
13-бөлiм. Ақылы қызметтi сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық
көмектен алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң
депозиттік қаражатын қалыптастыру және пайдалану
41-Тарау. Ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражат
335. Мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражаты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетін ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен ақылы қызметтерден түсетiн қаражатты пайдалану рұқсат етілетін мемлекеттік мекемелердiң тiзбесi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда анықталады. Қалған мемлекеттік мекемелер ақылы қызметтердi сатудан түсетiн түсiмдерiн бюджетке есептейді.
336. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес шығыстардың функционалдық сыныптама кодтарын, ақылы қызметтерiнің түрлерін, түciмдepдің құралу көздерi мен пайдалану бағыттарын көрсете отырып, ақылы қызметтердiң тiзбесiн Қаржы министрлігі бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 337-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
337. Ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен операцияларды жүргiзу үшiн мемлекеттік мекеме жыл сайын мынадай тәртiппен 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кiрiстердiң және шығыстарды қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
жоспардың кiрiс бөлігіне мемлекеттік мекеменiң жылдың басындағы тиiстi ҚБШ-ның қалдықтары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы қызметтердiң тиiстi түрi бойынша түсiмдер енгiзiледi;
жоспардың шығыс бөлiгiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша ақылы қызметтердің түрлерi бойынша шығыстар енгiзiледi.
Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне жоспарларды, шығыстардың экономикалық жiктелiмiнiң әрбiр ерекшелiгiнің сыныптамасы бойынша кiрiстер мен шығыстар бойынша есептемелердi, сондай-ақ оған қосымша түсiндiрме жазбаны ұсынады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 338-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
338. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi:
мемлекеттік мекемелердiң жоспарлары негiзiнде 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кірістердiң және шығыстарды қаржыландырудың жиынтық жоспарын (бұдан әрі - жиынтық жоспар) жасайды және бекiтедi;
мемлекеттік мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен расталған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық жоспарын ведомстволық, бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң жоспарларымен бiрге келiсу үшiн ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлігіне бередi. Жиынтық жоспар қағаз және магниттiк түрлерде, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң жоспарлары - магниттік түрде беріледі;
басшы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жергіліктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң жиынтық жоспарын келісу үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде тиiстi жергілiктi уәкілеттi органға бередi;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстардың әрбiр түрi бойынша есептемелердi ұсынады;
жиынтық жоспарға қосымша түсiндiрме жазбаны ұсынады.
Жиынтық жоспар мен оған есептемелердi жасаудың дұрыстығына нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 339-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
339. Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi орган жоспардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексередi.
Тексеруден кейiн Қаржы министрлігі мен жергiлiктi уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы куәландырылған жиынтық жоспарды Қаржы министрлігінің басшысы және жергiлiктi уәкiлеттi органның келiседi бекiтедi және мөрмен куәландырылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 340-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
340. Келісілген жиынтық жоспардың бiр данасы Қаржы министрлігінде (жергiлiктi уәкiлеттi органда) қалады, екiншi данасы мемлекеттік мекемелердiң жоспарларымен бiрге бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне берiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 340-1-тармақпен толықтырылды
340-1. Жоспарланып отырған жылдың 1 қаңтарына дейiн ақылы қызметтер бойынша кірiстер және шығыстарды қаржыландыру жоспарын бекiтпеген жағдайда мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде есептi жылдың 31 желтоқсанына ақылы қызметтер жөніндегі қалдықтардың және есептi қаржы жылы жоспарларының шегiнде жүргiзiлген шығыстардың сомасын ағымдағы қаржы жылының жоспарына мiндеттi түрде қоса отырып, шығыстар жүргiзе алады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 340-2-тармақпен толықтырылды
340-2. Егер жиынтық жоспар ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейiн Қаржы министрлігіне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға келiсу үшiн ұсынылмаса және ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн келісілмесе, онда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейiн түскен ақылы қызметтер бойынша қаражат үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударуға жатады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 340-3-тармақпен толықтырылды
340-3. Жоспарларға немесе жиынтық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қаржы министрлігі анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 340-4-тармақпен толықтырылды
340-4. Мемлекеттік мекеме басқа мемлекеттік мекемелерге ақылы қызметтер көрсете алады.
Мемлекеттік мекемеге заңнамаға сәйкес оған ашылған бюджеттік шоттан және басқа шоттардан қаражатты өзiнiң ақылы қызметтер шотына аударуға тыйым салынады.
Түзеу мекемелерiне қаражатты депозиттік шоттан ақылы қызметтер шотына аударуға рұқсат етiледi.
341. Ақылы қызметтерден түсетiн шот бойынша қолма-қол ақшаға байланысты операциялар бойынша банктiк қызметтердi төлеудi мемлекеттік мекеме екiншi деңгейдегi банкпен жасасқан шарт негiзiнде ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен жүргiзедi.
42-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң демеушiлiк және
қайырымдылық көмектен алатын қаражаты
342. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың демеушiлiк және қайырымдылық көмегiнен алынатын қаражатты пайдалануға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 343-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
343. алынып тасталды
344. Демеушiлiк және қайырымдылық қаражаттан түскен қаражатты жұмсау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің тиiстi ҚБШ-дағы қалдықтар шегiнде жүзеге асырылады.
345. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына мемлекеттік мекеменің басшысы жауап бередi.
346. Демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражат есебiнен қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар бойынша банктiк қызметтердi төлеудi мемлекеттік мекеме екіншi деңгейдегi банкпен жасасқан шарт негiзiнде тиiстi қаражаттың есебiнен жүргізедi.
43-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң депозиттiк қаражаты
347. Мемлекеттік мекемелердің қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелерге уақытша оларға билiк етуге берiлген депозиттiк қаражатты басқаруға құқығы бар.
348. Қаржы министрлігі осы Ережеге сәйкес депозиттiк қаражатты басқару үшiн шоттар жоспарын қалыптастырады және жүргiзедi.
349. Мемлекеттік мекемелердiң депозиттiк қаражатты жұмсау құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке есептелген немесе енгізушiге қайтару кезінде басталады.
350. Депозиттiк қаражатты тиiстi алушыларға аударудың дұрыстығына ақы төлеу мерзiмi басталған сәттен бастап мемлекеттік мекеменiң басшысы жауапты болады.
351. Тиiстi бюджетке аударылуға жататын депозиттiк сомалар үш банктiк күн iшiнде аударылуы тиiс.
352. Шоттарда депозиттiк сомаларды сақтау мынадай мерзiмдермен шектеледi:
жеке тұлғаларға берiлуге жататын депозиттiк сомалар үш жыл бойы сақталады;
заңды тұлғаларға (мемлекеттік мекемелерден басқа) беруге жататын депозиттiк сомалар бiр жыл бойы сақталады.
Осы тармақта айтылған мерзiмдер депозиттiк сомалар атына енгiзiлген заңды немесе жеке тұлғаларға депозитке тиiстi сомалардың енгiзiлуі туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап есептеледi.
Егер атына депозиттiк сомалар енгiзiлген жеке немесе заңды тұлға шетелде тұрып жатқан және осы сомаларға билiк ету үшiн рұқсат алу керек болса, бұл мерзімдер осындай рұқсат алынған күннен бастап есептеледі.
Мемлекеттік мекемелерге берiлуге жататын депозиттiк сомалар осы сомалар енгiзiлген жылдың 31 желтоқсанына дейiн сақталады. Қарау үшiн сот шешiмi талап етiлетiн депозитке енгiзiлген соманың сақталу мерзімi осындай шешiм қабылданған күнiнен басталады.
353. Талап етiлмеген депозиттiк сомалар олардың сақталу мерзiмi аяқталғаннан кейiн мемлекеттік мекеменің өкімімен тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
354. Қайтаруға жататын депозиттiк сомалар бойынша қолма-қол ақшалармен жасасқан операциялар жөніндегі банктiк қызметтерді төлеу, егер қолданыстағы заңдарда өзгеше көзделмесе, ол мен банктің арасындағы шарт негізінде депозиттік соманы енгiзген тұлғаның есебінен жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 44-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
44-тарау. Алматы қаласы әкімінiң
жанындағы бюджеттен тыс қор
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 355-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
355. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы қаласының экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамуы үшiн бюджеттен тыс жинақтарды жинақтау мақсатында Алматы қаласы әкімінің жанынан бюджеттен тыс қор құрылады.
Қор туралы ереженi Алматы қаласы атқарушы органының ұсынысы бойынша Алматы қаласының өкiлдi органы бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 45-тараумен толықтырылды
45-тарау. Операцияларды аккредитивтермен жүргiзу рәсiмдерi
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 356-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
356. Аккредитив мынадай:
Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарына арналған қару-жарақ пен арнайы техниканы жеткiзгенi үшін Қазақстан Республикасының резидент еместерiмен инвестициялық жобалар бойынша;
тұрғын үй құрылысының объектілерi бойынша;
Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешімдері бойынша инвестициялық жобаларды дайындау мен iске асыруға байланысты іс-шаралар бойынша есеп айырысулар кезiнде пайдаланылады.
Аккредитив табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен бөлiнген қаражат есебiнен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша есеп айырысулар кезiнде пайдаланылады.
357. Аккредитив мемлекеттік мекемелер республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушiлермен жасасқан және заңнамада белгiленген тәртіппен тіркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша ақы төлеу шарттарына сәйкес төлемдердi және (немесе) ақша аударуды жүзеге асыру үшiн ашылады. Шартта тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн есеп айырысулар аккредитивтердi пайдалана отырып жүзеге асырылатыны және алдын ала төленген жағдайда бөлiнген сома қандай мақсаттарға пайдаланылатыны айтылуы тиiс.
358. Аккредитив Қаржы министрлігінiң аумақтық органдарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлерге жедел аккредитив нысанын пайдалана отырып, оның және мемлекеттік мекеменiң арасында жасалған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есеп айырысулар жүргiзу туралы шарттың негiзiнде ашылады.
359. Мемлекеттік мекеме мен берушiнiң арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беру жөніндегі шарттың орындалуын ұзартқан жағдайда, бюджет комиссиясының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмiнiң негiзiнде аккредитивтiң қолданылу мерзiмi ұзартылады.
360. Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебінен ашылатын аккредитивтi ашу, орындау және жабу тәртібін Қаржы министрлігі анықтайды.
361. Аккредитивтi орындау мақсатында жүзеге асырылатын төлемдер есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанында жүргiзiледi.
362. Аккредитивтер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық және шетел валютасында ашылады.
363. Аккредитивтi ашу және орындау ақысыз негiзде жүзеге асырылады.
364. Аккредитив осы Ереженiң 356-тармағында көрсетiлген бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдаланылмаған ақшалай қаражаттың қалдығы сомасына ашылады, ақы төлеу аккредитивтiң шарттарын орындау кезiнде жүзеге асырылады.
365. Ағымдағы жыл аккредитивiнiң пайдаланылмаған сомасын қайтару бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелiгi бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiру жолымен жүргiзiледi.
Өткен қаржы жылдарында ашылған қайтарып алынған аккредитивтердiң сомасы ағымдағы жылдың тиiстi бюджетiнiң кірісіне есептеуге жатады.
366. Аккредитивтер бойынша есеп және есептілік жүргiзу Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 14-бөліммен толықтырылды
14-бөлiм. Өтпелi жағдайлар
367. ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
368. ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
369. ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
370. ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
371. ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
________________ аты-жөні
М.О. 20__ жылғы "___"_________
Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша бюджеттік
бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары
Өңiрi ______________________
Бюджеттiң түрi _____________
Кезеңi _____________________
Өлшем бiрлiгi ______________
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi ___________
Мемлекеттік мекеме _________________________
Коды | Атауы | Бiр жылға арналған қаржылық жоспар | оның ішінде айлар бойынша |
әкімші | бағ- дар- лама | кіші бағ- дар- лама | ерек- шелі- гі | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
|
|
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
М.О. Мемлекеттік мекеменiң басшысы ________________ (Аты-жөнi)
Қаржыландыру жоспарларын жасауға және оның
мониторингіне жауапты құрылымдық бөлiмшенiң
басшысы __________________ (Аты-жөнi)
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
________________ аты-жөні
М.О. 20__ жылғы "___"_________
Мемлекеттік мекеменің төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды
(кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары
Өңiрi ______________________
Бюджеттiң түрi _____________
Кезеңi _____________________
Өлшем бiрлiгi ______________
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi ___________
Мемлекеттік мекеме _________________________
Коды | Атауы | Бiр жылға арналған қаржылық жоспар | оның ішінде айлар бойынша |
әкімші | бағ- дар- лама | кіші бағ- дар- лама | ерек- шелі- гі | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
|
|
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
Мемлекеттік мекеменiң басшысы ________________ (Аты-жөнi)
Қаржыландыру жоспарларын жасауға және оның
мониторингіне жауапты құрылымдық бөлiмшенiң
басшысы __________________ (Аты-жөнi)
3-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
________________ аты-жөні
М.О. 20__ жылғы "___"_________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері бойынша бюджеттік
бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары
Бюджеттiң түрi _____________
Кезеңi _____________________
Өлшем бiрлiгi ______________
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi ___________
Коды | Атауы | Бiр жылға арналған қаржылық жоспар | оның ішінде айлар бойынша |
әкімші | бағ- дар- лама | кіші бағ- дар- лама | ерек- шелі- гі | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
|
|
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
Қаржыландыру жоспарларын жасауға және оның
мониторингіне жауапты бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі құрылымдық бөлiмшесінiң басшысы __________________ (Аты-жөнi)
4-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
________________ аты-жөні
М.О. 20__ жылғы "___"_________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлемдері бойынша бюджеттік
бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары
Бюджеттiң түрi _____________
Кезеңi _____________________
Өлшем бiрлiгi ______________
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi ___________
Коды | Атауы | Бiр жылға арналған қаржылық жоспар | оның ішінде айлар бойынша |
әкімші | бағ- дар- лама | кіші бағ- дар- лама | ерек- шелі- гі | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
|
|
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
Қаржыландыру жоспарларын жасауға және оның
мониторингіне жауапты бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі құрылымдық бөлiмшесінiң
басшысы __________________ (Аты-жөнi)
5-қосымша
"Бекітемін"
Басшысы
_____________ Аты-жөні
20_ жылғы "___" __________
Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары
Бюджеттің түрі* ______________________
Кезеңі ______________________________
Күні ________________________________
Өлшем бірлігі _______________________
Санаты | Сыныбы | Ішкі сыны- бы | ерек- шелігі | Атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар | |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | |
| | | | | |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
таблицаның жалғасы
Айлар бойынша жоспар |
мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
М.О. Құрылымдық бөлімшенің басшысы ________/ Аты-жөні
*) - мемлекеттік
- республикалық
- жергілікті
5-1-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 5-1-қосымшамен толықтырылды
"БЕКІТЕМІН"
Басшысы
_____________ (аты-жөні)
200_ жылғы "___" _______
Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жоспары
Айы _________________
Күні ________________
Өлш. бірлігі ________
ББС кодтары | Түсімдердің жоспары, оның ішінде облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша | Республика бойынша барлығы |
Са- на- ты | Сы- ны- бы | Кіші сы- ныбы | Ерек- ше- лігі | Атауы | Ақмола | Ақтөбе | Алматы | және т.б. | |
|
|
| | | | | | | | | |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы ______________ /аты, жөні
5-2-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 5-2-қосымшамен толықтырылды
"БЕКІТЕМІН"
Басшысы
_____________ (аты-жөні)
200_ жылғы "___" _______
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер жоспарының жобасы
Айы _________________
Күні ________________
Өлш. бірлігі ________
ББС кодтары | Түсімдердің жоспары, оның ішінде облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша | Республика бойынша барлығы |
Са- на- ты | сы- ны- бы | Кіші сы- ныбы | Ерек- ше- лігі | Атауы | Ақмола | Ақтөбе | Алматы | және т.б. | |
|
|
| | | | | | | | | |