Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегі № 832 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1336 және 1999 жылғы 5 маусымдағы № 703
қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы № 1101 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 23-24, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесінде:
85-тармақта:
төртiншi абзацта "жасаса отырып" деген сөздерден кейiн "және көрсетілген шарттың талаптарына сәйкес "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу мәнi болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) сатып алуға мiндеттемелердi қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"шығыстардың бесiншi тобы - шарттар жасалмастан, олардың арасында бюджетаралық қатынастар туындайтын, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлiнген Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражатын қоса алғанда, ресми трансферттер.";
88-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік сатып алу мәнi болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға үшіншi топтың шығыстары бойынша мiндеттемелердi тiркеу мемлекеттік мекеме бюджет қаражатын алушымен шарт жасасқаннан кейiн басталады.";
мынадай мазмұндағы 88-2-тармақпен толықтырылсын:
"88-2. Шығыстардың бесiншi тобының мiндеттемелерiн тiркеу Өтінiм ретiнде аумақтық қазынашылық органдарының төлеуге арналған шотты қабылдауы арқылы жүргізіледі.";
95-тармақта:
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушiнiң коды, атауы, CTH-i және мекен-жайы, беруші банктің (бюджет қаражатын алушының) атауы және БCК;";
97-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұндай құжаттар Шарт, берушінің алынған тауарлар (жұмыстар және қызметтер) үшін төлемдерiн жүзеге асыруға арналған шот-фактурасы, тауарды, орындалған жұмыстарды және/немесе көрсетілген қызметтерді қабылдау-беру актісі, қолма-қол ақы төлеу нысаны кезiнде төлемдердi жүзеге асыруға арналған чек және оның негiзiнде мемлекеттік мекеме ақы төлеуге шотты қалыптастыратын басқа да құжаттар болуы мүмкiн.";
102-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"102-1. Берушiнi таңдау үшiн негiз болып табылған сапаның, көлемнiң өзгермеуі шартымен және басқа шарттарда Шарттың сомасын бағаны азайту бөлігінде азайтқан жағдайда мемлекеттік мекеме Қаржы министрлігінiң аумақтық органына азайту сомасына арналған негiзгi Шартқа қосымша келісімдi және бұрын орындалған міндеттемелерді ескере отырып, Шарттың жаңа сомасына Өтінiм береді.";
103-тармақтың үшіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аумақтық қазынашылық органы бюджеттен төлемдердi қайтаруды жүзеге асыру кезiнде бюджет қаражатын берушілер мен алушылардың анықтамалығын қалыптастыруды салық органдары берген төлем құжаты негiзiнде жүзеге асырады.";
105, 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Аумақтық қазынашылық органдары Өтінімнiң:
"Мемлекеттік мекеменiң атауы" жолының деректемелерімен Шарт бойынша Тапсырысшының толық атауының;
"Шығыстардың сипаттамасы" және "Бюджеттік сыныптаманың коды" жолдарының деректемелерінен Шарт жасасу мәнi мен нөмiрiнiң;
"Бюджеттің түрі", "Қаржыландыру көзi" және "Бюджеттік сыныптаманың коды" жолдарының деректемелері мен Шарт бойынша бюджеттік бағдарлама атауының;
"Барлығы" жолындағы сомамен Шарт бойынша ақшалай мiндеттемелер мөлшерінің;
"Берушінiң атауы және мекен-жайы" жолының деректемелерімен Шарт бойынша бюджет қаражатын берушінің немесе алушының толық атауы мен мекен-жайының;
"Тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) атауы" жолының деректемелерiмен Шарт бойынша тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) атауының;
"Саны" және "Бағасы" жолдарының деректемелерімен Шарт бойынша орындалатын жұмыстардың және қызметтердiң бiрлігi үшін сан (заттай) және құн түріндегi көлемiнің;
"Сомасы" жолының деректемелерімен Шарт бойынша орындалатын жұмыстардың құн түріндегі көлемiнiң;
"Төлемдер кестесі" бөлiмiнiң "Төлеу күні" жолының деректемелерiмен Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерi мен төлеу кестесiнiң;
Тауарларға (жұмыстар мен қызметтерге) ақы төлеу схемасы мен шарттарының, бұдан басқа, "Төлемдер кeстeci" бөлiмiнің "Негiздемелiк құжат" жолының деректемелерiмен Шарт бойынша тауарларды (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) беру актiсiнің мiндетті түрде жасалуын көздейтiн шарттарының;
"Басшының қолы" бөлiмiнiң деректемелерiмен бiрiншi басшының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) және бас бухгалтердiң (уәкiлеттi тұлғаның) қолдарының үлгілерi мен мемлекеттік мекеменiң мөрi бедерiнiң және мемлекеттік мекеме атынан Шартқа қол қойған тұлғаның деректерi мен Шарттағы мөр бедерiнiң;
берiлген рұқсаттар немесе олардың қалдық сомасымен Шарт сомасының сәйкестiгiн тексередi.
Бұдан басқа, үшінші топтың мiндеттемелерiн тiркеу кезiнде берушінi жүргiзуге мемлекеттік мекеменiң Өтінімi негiзінде қалыптасқан Қазынашылық комитетiнiң деректерiмен берушілер туралы деректердiң сәйкестігі тексерiледi.
Егер жоғарыда санамаланған шарттардың бipeуi орындалмаса, онда аумақтық қазынашылық органы Өтінiмдi қайтару себебiн көрсете отырып, қатені жою үшiн орындамастан мемлекеттік мекемеге қайтарады.
106. Аумақтық қазынашылық органдары осы Ереженiң 105-тармағында санамаланған шарттарды мемлекеттік мекеме сақтаған кезде Мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтінімдi қабылдайды және оның негізiнде Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырады.";
110-тармақтың бесiншi абзацы "кезінде" деген сөзден кейiн "басшының қолын қойып және бюджет қаралатын берушінің немесе алушының мөрiн басып," деген сөздермен толықтырылсын;
114-тармақта:
төртінші абзацта "төлем" деген cөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Ақы төлеуге шот мемлекеттік мекеме оны аумақтық қазынашылық органына ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде орындалады.";
116-тармақта:
"және" деген жиырма үшінші абзац алынып тасталсын;
жиырма жетіншi абзацта "мен Хабарламаның (Тапсырыстың)" деген сөздер алынып тасталсын;
отыз екiншi абзацта "нөмiрлерi" деген сөз "нөмiрi" деген сөзбен ауыстырылсын;
отыз сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"төлем жүргiзу үшін негiз болып табылатын құжаттың атауы;";
қырқыншы абзацта "Төлеу күнi" деген сөздер "Қазынашылық жүргіздi" деген сөздермен ауыстырылсын;
қырық бiрінші абзацта "Өтiнiмде" деген сөзден кейiн "және Хабарламада (Тапсырыста)" деген сөздермен толықтырылсын;
117-тармақта "(жұмыстың, қызметтің)" деген сөздер "(жұмыстар мен қызметтердiң)" деген сөздермен ауыстырылсын, "бiрлігi үшiн" деген сөздерден кейiн "немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) тобы үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
119-тармақта:
бiрiншi абзацта "шотты" деген сөзден кейiн ", шығыстардың бюджеттік сыныптамасының нөмiрi, күнi, коды, сомасы көрсетiлген, мемлекеттік мекеме басшысының қолы қойылған және мөрi басылған Ақы төлеуге шоттардың тiзiлiмiн" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацта "органына" деген сөзден кейiн "басшының қолын қойып және бюджет қаражатын берушiнiң немесе алушының мөрiн басып," деген сөздермен толықтырылсын;
120-тармақтың бiрiнші абзацында "есептiден кейiнгі келесi айдың 26-сы күнiне дейiн" деген сөздер алынып тасталсын;
123-тармақта:
екiншi, үшiнші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік мекемелердің Ақы төлеуге шоттарының тiзілімiне сәйкес ақы төлеуге шотты қабылдайды, сол жақ жоғарғы бұрышына жауапты қабылдайтын қызметкер қол қояды, ағымдағы күндi көрсетедi және тиiсiнше мөртабан басады;
"Тауардың (жұмыстар мен қызметтердiң) атауы" жолында нөмiрi көрсетілетін Хабарламаның (Тапсырыстың) деректерi бар шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша ақы төлеуге шоттың деректерiн салыстырады;";
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде ақы төлеуге шоттарды аумақтық қазынашылық органдары Ақы төлеуге шоттардың тізілімiне сәйкес мемлекеттік мекемелерден оларды қабылдаған күннен бастап үш банктiк күн iшiнде орындайды. Осы нормалар сақталмаған жағдайда, жою үшiн қатесi көрсетіліп, аумақтық қазынашылық органының бiрiншi басшысының қолы қойылған хатымен ақы төлеуге шоттар мемлекеттік мекемеге қайтарылады.";
мынадай мазмұндағы 139-1-тармақпен толықтырылсын:
"139-1. Атқарушы құжаттар бойынша, салық және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi аумақтық қазынашылық органдарында инкассалық өкiмдердi тiркеу журналына тiркеледі.";
141-тармақ мынадай мазмұндағы жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын бюджеттік алулардың жете төленбеген сомаларын айқындайды және үш күн мерзiмде оларды тиiстi аумақтық қазынашылық органдарына хабарлайды.
Аумақтық қазынашылық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен өткен айдың соңындағы есеп айырысулар бойынша бюджеттік алулардың жете төленбегені туралы ақпарат алғаннан кейiн ағымдағы күннің басында жете төленбеген соманы қоса алғанда, ағымдағы күн үшін аударуға жататын бюджеттік алулар туралы анықтама жасайды. Бұл ретте күн сайын ақы төлеуге шоттың сомасы ағымдағы күннің басында тиiстi жергіліктi бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қалдықтарының 50 пайызынан төмен болмауы тиіс. Өткен ай iшiнде жете төленбеген мөлшердi қалпына келтiргеннен кейін бюджеттік алулар дағдылы тәртiппен жүргiзіледi.
Аумақтық қазынашылық органдары тиiсті жергiлiктi уәкiлеттi орган қол қойған рұқсаттар мен аудандардың (қалалардың) бюджетiнен облыстық бюджетке бюджеттік алуларды аударуға арналған ақы төлеуге шоттардың негiзiнде аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берілетiн бюджеттік алулар бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген рәсiмдердi орындайды.";
144-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік мекемелер ағымдағы айдың 25-і күніне дейiн қызметкерлердiң жалақысын есептеудi жүзеге асырады, ал қаржы жылының соңғы айында - 20-сы күніне дейiн жалақының есептелген сомасына арналған ақы төлеуге шоттарды жасайды және ағымдағы ай аяқталғанға дейiнгі үш жұмыс күнінің iшiнде оларды аумақтық қазынашылық органдарына ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 150-1-тармақпен толықтырылсын:
"150-1. Аумақтық қазынашылық органының басшысы бекiткен және аумақтық қазынашылық органының әрбiр жауапты орындаушысына жеке жасалған мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес аумақтық қазынашылық органдары жалақы төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тараумен, 159-1, 159-2, 159-3-тармақтармен толықтырылсын:
"17-1-тарау. Ресми трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге беру рәсімдері
159-1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервiнiң қаражатын қоса алғанда, ресми трансферттердi тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісi белгiленген тәртiппен бекiтілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган бекіткен актіге сәйкес трансферттердiң жалпы сомасын төмен тұрған бюджеттерге бөлу арқылы төмен тұрған бюджеттерге аударады.
Аудару ақы төлеуге шот негізiнде және төлем мақсатын белгiлеу үшiн Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың "Жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан алынатын трансферттер" кiрiстерiнің 4-санаттағы, 02-сыныптағы кодтарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі беретiн деректемелер бойынша жүргізіледi.
159-2. Субвенцияларды және олардың есебiнен төмен тұрған бюджет бағдарламаларының әкімшiсi олардың бiрiншi және екiншi топтарына жататын шығыстарды жүзеге асыратын басқа да трансферттердi аудару жоғары тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiсінің ақы төлеуге шоты негiзiнде жүргізіледi. Олардың есебiнен төмен тұрған бюджет бағдарламаларының әкiмшiсi үшiншi топқа жататын шығыстарды жүзеге асыратын мақсатты инвестициялық трансферттердi аударуды төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiсiнің төлемнiң негiздiлігін растайтын тиiсті құжаттардың көшiрмелерiн мiндеттi түрде қоса бере отырып, ақы төлеуге шот негiзiнде де жоғары тұрған бюджет бағдарламаларының әкiмшісi жүргізеді.
159-3. Жоғары тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiсi трансферттерiнiң есебiнен iске асырылатын жергілiктi бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшілерiнiң шығыстары осы Ережемен белгiленген тәртiппен бiрiнші, екiншi және үшіншi топтардың шығыстары үшiн олардың бiрiне тиістілігіне сәйкес жүзеге асырылады.";
285-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"285. Қазынашылық комитеті мен оның аумақтық органдары жергілiктi уәкілетті органдар үшiн қаражатты тиiмдi пайдалану және олардың төлемдердi жүзеге асыру жөнінде шешiм қабылдауы мақсатында 30-3-қосымшаға сәйкес 5-34-нысан бойынша "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" жасайды.";
287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"287. Аумақтық қазынашылық органдары мемлекеттік мекемелер үшін мынадай есеп нысандарын:
21-1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тiзiлiмi" 5-15-нысанын;
21-2-қосымшаға сәйкес "Төлемдер тiзiлiмi" 5-17-нысанын;
30-2-қосымшаға сәйкес "Ақылы қызметтер бойынша шоттардағы қалдықтар туралы есеп" 5-33-нысанын;
21-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекеменiң шотынан үзiндi көшiрме" 5-20-нысанын;
29-қосымшаға сәйкес "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" 4-20-нысанын;
31-қосымшаға сәйкес "Орындалмаған міндеттемелердiң егжей-тегжейi" 4-12-нысанын;
31-1-қосымшаға сәйкес "Ақы төлеуге қойылған төленбеген шоттар бойынша жиынтық есеп" 4-13-нысанын;
30-қосымшаға сәйкес "Шығыстарды талдау жөніндегі есеп" 5-25-нысанын; 32-қосымшаға сәйкес "Ақы төлеуге шоттар бойынша талдау" 5-26-нысанын;
30-1-қосымшаға сәйкес "ақылы қызметтер шоттарындағы қалдық" 5-30-нысанын қалыптастырады.";
мынадай мазмұндағы 290-1-тармақпен толықтырылсын:
"290-1. Жергілiктi атқарушы орган мақсатты инвестициялық трансферттерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражатын мақсатсыз пайдаланған кезде, Қаржы министрлігі мақсатсыз пайдаланылған сомалар республикалық бюджетке толық аударылғанға дейiн жергілiктi атқарушы органның шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Жергiлiктi атқарушы органның шығыс операцияларын тоқтата тұру олар бойынша қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуына жол берілген сомалар мен Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың кодтары көрсетiле отырып, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетінiң ұсынымдары, Қаржы бақылау комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының бақылау жүргiзу актісі мен ұйғарымы негiзiнде жүргізіледi.
Трансферттер ретінде бөлiнген қаражатты мақсатсыз пайдалану фактiлepi анықталған жағдайда, қаражатты қайтару оларды жергілiктi атқарушы орган резервiнен оның шешімі негiзiнде бөлу және республикалық бюджетке Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың "Республикалық бюджетке түсетiн салыққа жатпайтын басқа да түсiмдер" кодына жергіліктi атқарушы органның аударуы жолымен жүзеге асырылады.
Қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған, конкурстық рәсiмдердiң нәтижелерi бойынша үнем) мақсатты инвестициялық трансферттердiң сомалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражаты ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн аталған трансферттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке мiндеттi қайтаруға жатады.
312, 313-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"312. Уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегі (бұдан әрі - ҚҰБ) салымдарға (депозиттерге) орналастыруды оларды ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен ҚҰБ арасында жасалған 2002 жылғы 8 мамырдағы № 230 Салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын стандартты шарттар туралы бас келісім (бұдан әрі - Келiсім) негiзiнде республикалық бюджетке кiрiс алу мақсатында Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
313. Ақшаны ҚҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) орналастыру жөніндегі әрбiр операция салымды (депозиттi) әрбiр орналастыру жөніндегі барлық деректердi: салым (депозит) сомасын, салымды (депозитті) орналастыру мерзiмiн, салымды (депозиттi) орналастырудың басталған және аяқталған күнін, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым (депозит) пен есептелген сыйақы сомасын, салымды (депозитті) мерзiмiнен бұрын талап еткен кезде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтитын мәміле паспортымен ресiмделедi. Салымды (депозиттi) қайтару мерзiмi бұзылған немесе орындалмаған кезде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмақының) мөлшерi көрсетiлуi тиiс.";
314-тармақта "Шарттың", "Шарттағы", "Шартқа", "Шарт" деген сөздер тиiсiнше "Келісімнiң", "Келісімдегi", "Келісімге", "Келісім" деген сөздермен ауыстырылсын;
356-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"356. Аккредитив мынадай:
Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарына арналған қару-жарақ пен арнайы техниканы жеткiзгенi үшін Қазақстан Республикасының резидент еместерiмен инвестициялық жобалар бойынша;
тұрғын үй құрылысының объектілерi бойынша;
Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешімдері бойынша инвестициялық жобаларды дайындау мен iске асыруға байланысты іс-шаралар бойынша есеп айырысулар кезiнде пайдаланылады.
Аккредитив табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен бөлiнген қаражат есебiнен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша есеп айырысулар кезiнде пайдаланылады.";
"Өтпелi жағдайлар" деген 14-бөлiмнiң 367, 368, 369, 370, 371-тармақтары алынып тасталсын;
11, 13, 12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 21, 30, 32-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 8, 9, 12, 13, 14, 15-қосымшаларға сәйкес 21-1, 21-2, 30-1, 30-2, 30-3, 31-1-қосымшалармен толықтырылсын;
45-қосымша алынып тасталсын.
2. Мыналардың:
1) "Meмлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1336 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 49, 450-құжат);
2) "Мемлекеттік мекемелердiң бюджет ақшасы есебінен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерiн тiркеу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 маусымдағы № 703 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 25, 240-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 27 қазандағы № 1101 қаулысына
1-қосымша
11-қосымша
N _______ өтінім
Берілген күні "___" __________ ж.
Мемлекеттік мекеме ______________________
Бюджеттің түрі ______________________
Қаржыландыру көзі 1
______________________
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨТІНІМ
Күні 20__ж. "___" ________
┌───────────────────┬─────────────┬────────────┬──────┬──────┬──────┐
│1. Мемлекеттік │Тауарларды │Тауарлардың │ │ │ │
│мекеменiң атауы │(жұмыстарды, │ (жұмыстар- │Бағасы│Саны │Сомасы│
│ │қызметтерді) │дың, қызмет-│ │ │ │
│ │берушінің │ тердің) │ │ │ │
│ │(бюджет қара-│ атауы │ │ │ │
│ │жатын алушы- │ │ │ │ │
│ │ның) атауы, │ │ │ │ │
│ │ СТН-і және │ │ │ │ │
│ │ мекен-жайы, │ │ │ │ │
│ │ берушi │ │ │ │ │
│ │ банктiң │ │ │ │ │
│ │(бюджет қара-│ │ │ │ │
│ │жатын алушы- │ │ │ │ │
│ │ның) атауы │ │ │ │ │
│ │ және БСК │ │ │ │ │
│ ├─────────────├────────────├──────├──────├──────┤