8. Облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 06.12.01 ж. № 261-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерін әзірлеу
1. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мерзімдерде ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органына:
1) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы белгіленген аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттері шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер;
2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
2. Ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне аудан (қала) бюджетінің шығыстары лимиттерін, сондай-ақ ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін және аудан (қала) бюджетінен қаржыландыру көлемдерін жеткізеді;
2) аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және ол бойынша қорытынды әзірлейді;
3) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына:
аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерін қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткіштерін;
ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларға ескере отырып, жобалар бойынша ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған шығыстар лимитінің шегіндегі инвестициялық жобалардың тізбесі мен ауданның (қаланың) бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемдері жөніндегі ұсыныстар;
аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды;
әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегі сомасын;
ауданның (қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын;
осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді енгізеді;
4) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде аудан (қала) бюджетінің жобасын және аудан (қала) бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін жасап, ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органынан табыс етеді;
5) аудан (қала) бюджетінің жобасын ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы мақұлдағаннан кейін аудан (қала) бюджетінің болжамын облыстың жергілікті уәкілетті органына табыс етеді.
Ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
3. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы:
1) мыналарды:
аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерін қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткіштерін;
ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды аудан (қала) бюджетінен қаржыландыру тізбесі мен көлемдерін;
аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемін;
алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетінің жобасын;
осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді қарайды және айқындайды;
2) ауданның (қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша шешім шығарады.
Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
4. Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларында бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арнап көзделетін шығыстардың жалпы көлемі аудан (қала) бюджетінің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштері шеңберінде айқындалуға тиіс.
Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының жобалары қаржыландыру көздері және мерзімдері бөлігінде аудан (қала) бюджет комиссиясының бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде қорытындысы болған жағдайда бекітіледі. Аумақтардың бұрын бекітілген экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары аудан (қала) бюджет комиссиясының тиісті қорытындысы болған жағдайда өзгертілуге тиіс. 5. Аудан (қала) бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 06.12.01 ж. № 261-II Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі
Мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде:
кірістердің, алынған ресми трансферттердің, жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді қайтарудың, шығындардың, кредиттердің, бюджет тапшылығының (профицитінің) және бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
жергілікті атқарушы органдар резервтерінің мөлшері;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының лимиті;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың көлемі;
тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жергілікті бюджеттен берілетін ресми трансферттердің сомасы;
жергілікті бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілері бойынша және бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесі;
жергілікті ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік даму бағдарламаларының тізбелері;
тиісті қаржы жылына арналған, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына арнап белгіленген жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегін өтеу сомасы;
жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған борышын өтеу көлемі болуға тиіс.
ҚР 06.12.01 ж. № 261-II Заңымен 18-3-баппен толықтырылды; ҚР 31.10.02 ж. № 351-II Заңымен 18-3-бап өзгертілді
18-3-бап. Жергілікті бюджеттерді қарау және бекіту
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджеттің бұрын жасалған болжамды көлемдерін нақтылайды және облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жобасын тиісті мәслихатқа бекітуге енгізеді, ол бір айдың ішінде жобаны бекіту жөнінде шешім қабылдайды.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында бөлінетін кірістер бойынша жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің көлемін бюджеттi жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілген мөлшерлерде жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің көлемін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген көлемде жергілікті өкілді органдар бекітеді.
3. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстық бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде аудан (қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихаттың бекітуіне енгізеді, ол екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджетті бекіту туралы шешім қабылдайды.
4. Тиісті мәслихаттар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіткенге дейін 1-тоқсан бюджетінің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған жылдық бюджет жобасының 1/4 бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджетті бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде облыстық (қалалық) бюджет және бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жиынтықталған облыс бюджеті туралы деректерді бюджеттi жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органға табыс етеді.
ҚР 15.01.01 ж. № 140-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. № 261-II Заңымен 18-1-бап 18-4-бап болып есептелді және 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылды; ҚР 31.10.02 ж. № 351-II Заңымен 18-4-бап өзгертілді
18-4-бап. Жергiлiктi бюджеттi нақтылау тәртібі
1. Жергiлiктi бюджеттi атқарылуы барысында нақтылау осы Заңға сәйкес және заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
1-1. Жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
1-2. Жергілікті бюджетті нақтылау кезінде атқарушы органдарға жергілікті бюджетті әзірлеу кезінде қойылатын талаптар сақталады.
2. Жергiлiктi бюджеттердi республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында заң актілеріне сәйкес бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша жүргiзiледi. бюджеттi жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсу облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жазбаша өтiнiшi келiп түскен күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттi нақтылау кезiнде көзделетiн қосымша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды мәслихаттың тиiстi шешiмi қабылданғанға дейiн жүзеге асыруға құқығы жоқ.
4-тарау. Кредит беру және қарыз алу
ҚР 15.01.01 ж. № 140-II; 06.12.01 ж. № 261-II; 31.10.02 ж. № 351-II Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Республикалық бюджеттен кредиттеу
1. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан республикалық бюджетте көзделген сомалар шегінде кредиттер беруге құқылы.
Кредиттер берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ұсынымы бойынша республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген арнайы резерв шегiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі шешiмiнiң негiзiнде кредиттер бере алады.
3. Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен бағытталып, бұрын берілген кредиттер, қаражаттар бойынша талаптардың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заң актілері негізінде жүзеге асырылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1 Заңымен 20-бап өзгертілді және толықтырылды
20-бап. Үкіметтік қарыз алу
Қазақстан Республикасының Үкіметі заңды, жеке тұлғалардан және шет мемлекеттерден республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша қарыз алуға құқылы.
Үкіметтің қаражатты қарыз алуы займ алу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару шарттары (келісімдері) нысанында жүзеге асырылады. Займ шарттарын жасасудың және мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың. тәртібі мен ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 06.12.01 ж. № 261-II Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Жергiлiктi бюджеттен кредиттеу
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде көзделген сомалардың шегінде кредиттер беруге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдардың кредиттер беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Облыстардың әкiмдерi қалалар (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) әкiмдерiнiң және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандар әкiмдерiнiң ұсынысы бойынша облыстық бюджеттен аудандық, қалалық бюджеттерге тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген кассалық алшақтықты жабуға төменгi тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резерв шегiнде кредиттер бере алады.
Жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша талаптардың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жергілікті өкілді органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 04.11.99 ж. № 472-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 06.12.01 ж. № 261-II; 31.10.02 ж. № 351-II Заңдарымен 22-бап өзгертілді және толықтырылды
22-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттік қарыз алуды реттейтін заңдарға сәйкес:
Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілген жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған резервiнiң құрамында көзделген кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резервтiң есебiнен республикалық бюджеттен;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген сомалар шегінде жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген өзге мақсаттарға арнап республикалық бюджеттен қарыз алуға құқығы бар.
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиістi қаржы жылының аяғындағы олардың борышының заңдарда белгiленген лимитiнен және осы борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемiнен асып түсуiне әкеп соқтыратындай мөлшерде қарыз алуына жол берiлмейдi.
Қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының кассалық алшақтықты жабуға тек облыстық бюджеттен ғана қарыз алуға құқығы бар.
Кассалық алшақтықты жабуға қарыз алу қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн және жергiлiктi бюджеттi нақтылауды қажет етпейдi.
Егер республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне (облыстық бюджеттерден аудандардың, қалалардың бюджеттерiне) кассалық алшақтықты жабуға берiлген кредиттер белгiленген мерзiмде өтелмеген болса, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган (облыс әкімі) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару үшiн тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ағымдағы шотындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы.
Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы займ алу немесе жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару шарттары (келісімдері) нысанында жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың заем шарттарын жасасу және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
23-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың кредит беру
және қарыз алу жөніндегі жауапкершілігі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
5-тарау. Бюджеттің атқарылуы
ҚР 06.12.01 ж. № 261-II Заңымен 24-баппен толықтырылды
24-бап. Бюджеттің атқарылуы
1. Бюджеттің атқарылуы бірыңғай қазынашылық шот пен мемлекеттік мекемелердің шоты арқылы кассалық негізде жүзеге асырылады.
2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе мәслихаттың жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімінде белгіленгеннен төмен емес мөлшерде бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.
3. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындауға бағытталған іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілгеннен аспайтын сома шегінде жүзеге асыру болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы осы Заңның 24-1, 25-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бюджеттің тапшылықты қаржыландыру бойынша атқарылуы шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден іс жүзінде қалыптасып отырған асып түсуін жабуды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 03.05.01 ж. № 182-II Заңдарымен 24-бап өзгертілді және толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. № 261-II Заңымен 24-бап өзгерді және 24-1-бап болып есептелді; ҚР 31.10.02 ж. № 351-II; 20.06.03 ж. № 441-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 24-1-бап өзгертілді
24-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді.
1-1. Заң актілерінде көзделген жағдайларда республикалық бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар республикалық бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi.
Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түскен түсімдердің олардың бекітілген көлемінен асып түсетін бөлігі мен республикалық меншіктегі және кен өндіруші әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi.
1-2. Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы актілерді қабылдауы;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау мен бекіту;
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi органның, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттар беруі;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы;
республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу;
бюджет ақшасының есебінен төлемдер жүргізу;
республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың есебі сатыларынан тұрады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерін айқындайды және бюджеттің атқарылуы барысында ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген бағдарламалар бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылым мен функцияларын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде өзгерістер енгізуге құқығы бар.
3. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен:
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісіне және бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
бюджетке түсетін нақты түсімдерді республикалық бюджет пен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің арасында, облыстық бюджетпен аудандар (қалалар) бюджеттерінің арасында кірістерді бөлу нормативтері бойынша бөлуді жүргізеді;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады;
растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады;
республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жүргізілген операциялардың, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің, үкіметтік борыштың, жеке және заңды тұлғалардың республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді;
бюджеттік түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ақпарат береді;
ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық көлемі республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді;
уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастырады;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді;
егер республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келмеу анықталса, республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді;
бөлінген қаражаттар рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарын кері қайтарып алуды жүргізеді;
қаржыландыруды:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына;
жүргізілген төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда тоқтата тұрады.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органға бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын табыс етеді;
бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган берген рұқсаттар шегінде бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар береді;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін және оларды бағалауды жүргізеді;
республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді.
4-1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды;
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді;
республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді.
4-2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бекітілген сомалар шегінде және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың толық орындалуы үшін жауап береді.
4-3. Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде негізгі үкіметтік борышты өтеуге және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға пайдалануы мүмкін.
5. Жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттен ұстауға жол берілмейді.