6. Қазақстан Республикасының Yкіметі республикалық бюджеттiң атқарылуы барысында тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың арнаулы тәртібін белгiлеуге құқылы.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 06.12.01 ж. № 261-II 31.10.02 ж. № 351-II; 29.12.03 ж. № 512-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 25-бап өзгертілді және толықтырылды
25-бап. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы
1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністер бюджетінің атқарылуын, бюджеттік қаражаттардың тиімді және нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етеді.
1-1. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жергiлiктi бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар жергiлiктi бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi.
1-2. Жергілікті бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы:
жергілікті атқарушы органның ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөнінде акт қабылдауы;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаумен бекіту;
жергілікті уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттар беруі;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы;
жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу;
бюджет ақшасының есебінен төлемдер жүргізу;
жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша операциялардың есебі сатыларынан тұрады.
1-3. Жергілікті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен:
мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның актісіне, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді және оны бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне табыс етеді;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді;
бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң ақпаратты негізінде тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың, жеке және заңды тұлғалардың тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің, жергілікті атқарушы орган борышының, жеке және заңды тұлғалардың жергілікті бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді;
бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы ақпарат береді;
ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық көлемі жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, жергілікті бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органына хабарлайды;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді;
егер жергілікті бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келмеуі анықталса, жергілікті бюджетті нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді;
бөлінген қаражат рұқсаттарға көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарын кері қайтарып алуды жүргізеді.
1-4. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi белгіленген тәртіппен:
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады;
растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады;
мемлекеттік мекемелердің тиісті шоттары және бірыңғай қазынашылық шот бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпарат береді;
төлемдерді:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына;
жүргізілетін төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда тоқтата тұрады.
1-5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын табыс етеді;
мемлекеттік мекемелерге жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттар шегінде олардың бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес рұқсаттар береді;
жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін және оларды бағалауды жүргізеді.
1-6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен:
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс жасауға құқылы;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды;
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді;
жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
жергілікті уәкілетті органға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді.
1-7. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бекітілген сома шегінде және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың толық орындалуына жауап береді.
2. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң олардың бекітілген тоқсандық көлемдерiнен асатын бөлiгiн және мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түсетiн қаражатты бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi.
3. Егер бюджеттi атқару барысында жергiлiктi атқарушы органдар төмен тұрған бюджеттердiң шығысын көбейтетiн не кiрiсiн азайтатын нормативтiк құқықтық актiлер қабылдаса, бұл бюджеттерге қаражат жоғары тұрған бюджеттерден өтеледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен орталық атқарушы органдарының облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң шығыстарын көбейтетiн нормативтiк құқықтық актілері келесi қаржы жылынан ерте күшiне енбейтiндей болып белгiлене отырып қабылданады.
3-1. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органға жергiлiктi атқарушы органдар үшiн кез келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады.
Жергiлiктi атқарушы органдарға үшiншi бiр тұлғалар үшiн кез-келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады.
4. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердi жергiлiктi бюджеттерден ұстауға жол берiлмейдi.
Мемлекеттік мекеменi жергiлiктi бюджеттердiң әртүрлi деңгейлерiнен ұстауға жол берiлмейдi.
5. Бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қойылмауға тиіс.
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі борышын өтеуге пайдаланылуы мүмкін.
Ағымдағы қаржы жылында жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу жөніндегі міндеттемелер болмаған жағдайда, бюджет қаражаттарының қалдықтары мәслихаттың жергілікті бюджетті нақтылау туралы шешімі негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.
6. Мәслихаттың әкімшілік-аумақтық бөліністерді басқару схемасын өзгерту туралы шешімі қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органның бюджеттің атқарылуы барысында мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімімен бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша сомалар шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесіне өзгерістер енгізуге құқығы бар.
ҚР 29.11.99 ж. № 487-1; 06.12.01 ж. № 261-II Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Бюджет шығыстарын өзгерту тәртібі
Бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен асып кеткен не оны атқару барысында кірісті көздерден алынатын түсімдер төмендеп кеткен жағдайда, бюджет шығыстарын, бірақ бекітілген соманың 10 процентінен аспайтын, қысқарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, ал 10 проценттен жоғарысы республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың тиісті шешімдеріне өзгерістер енгізу жолымен қабылданады.
Секвестрлеуге жатпайтын бағдарламалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Парламенті мен жергілікті өкілетті органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджет туралы заңда және шешімдерде анықтайды.
27-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын қамтитын төтенше бюджеті енгізілуі мүмкін. Төтенше бюджет қолданылған уақытта республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегі бюджеттер туралы шешімдердің күші тоқтатылады.
Төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуі немесе ғаламдық таралу сипаты бар, табиғи және техногендік тұрғыдағы төтенше оқиғалардың нәтижесінде экономикаға келтірілген елеулі экономикалық және қаржылық зиян төтенше бюджеттік енгізуге негіз болып табылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 31.10.02 ж. № 351-II Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Қаржылық рәсімдер және бюджеттердің атқарылуын есепке алу
1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есеп беру (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Қаржы жылы ішінде бюджет қаражатын бөлу, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарын ашу және жабу тәртібін бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейді.
2-1. Мемлекеттік мекемелердiң тек қана бюджеттік шоттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда басқа да шоттары болуы мүмкiн.
Мемлекеттік мекемелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде ғана шот ашады.
3. Есепті кезең ішінде есептік қаржы жылының бюджетін атқару шегіндегі операциялар аяқталады.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 06.12.01 ж. № 261-II; 31.10.02 ж. № 351-II Заңдарымен 29-бап өзгертілді және толықтырылды
29-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп беру
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге берiлген есептi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп республикалық бюджеттiң есептi жылға арналып бекітілген құрылымы бойынша Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызмет туралы және мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы ақпаратты енгізе отырып табыс етiледi.
Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша республикалық бюджеттiң кiшi бағдарламалар деңгейiнде атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей жергілiктi өкiлдi органдарға түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге есептi қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп жергiлiктi бюджеттiң есептi жылға арналып бекітілген құрылымы бойынша табыс етiледi. Аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары облыстың жергiлiктi атқарушы органына есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша тиiстi бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша облыстың, Астана және Алматы қалалары бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
Жергілікті бюджеттердің (облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, облыстық бюджеттердің, қалалар, аудандар бюджеттерінің) атқарылуы туралы айлық және жылдық есептер тиісті жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару көлемдері туралы және мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуымен жұмсауы туралы ақпаратты қамтиды.
3. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша мемлекеттік, республикалық бюджеттердің және облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң атқарылуы туралы айлық есептi Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентiне табыс етедi.
3-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қбюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган немесе тиісті жергілікті уәкілетті органға мынадай есептерді:
1) ай сайын:
мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін басқа да есептерді;
2) тоқсан сайын:
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың барысы туралы;
3) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей:
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;
мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген басқа да есептерді табыс етеді.
3-2. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның немесе жергілікті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты тиісті бюджеттік комиссияға табыс етеді.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер бюджеттiң атқарылуы жөніндегі және бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасауы жөніндегі нормативтiк құқықтық актілерін басшылыққа алуға мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң атқарылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайынғы есептердi жариялап отырады.
6-тарау. Бюджеттердің атқарылуын бақылау
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 06.12.01 ж. № 261-II; 31.10.02 ж. № 351-II Заңдарымен 30-бап өзгертілді және толықтырылды
30-бап. Бюджеттердің атқарылуын бақылау
1. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.
2-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының дұрыс жасалуы мен бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
3. Жергілікті бюджеттердің әзірлену мен атқарылуын бақылауды тиісті деңгейдегі өкілді органдардың тексеру комиссиялары, сондай-ақ бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары тиісті жергілікті атқарушы және өкілді органдарға міндеттерді түрде хабарлай отырып жүзеге асырады.
3-1. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына ревизия және тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімділігін бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар белгілейді.
7-тарау. Бюджет заңының бұзылғаны үшін
жауапкершілік
31-бап. Бюджет заңының бұзылғаны үшін жауапкершілік
Бюджет заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылыққа апарып соқтырады.
32-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының