3. Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу мен нақтылау мақсатында республикалық бюджет комиссиясы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) бюджет комиссиялары:
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің үш жылдық кезеңге арналған негізгі болжамды көрсеткіштерін лимиттерін айқындайды;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған шығыстар лимиттерін айқындайды;
мыналар:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары және аумақтарды дамытудың салалық (секторлық) бағдарламалары, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары;
бюджетті нақтылау;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелері туралы ақпараттар негізінде бюджеттік бағдарламаларды одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және дайындайды;
Қазақстан Республикасының Президенті немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілейтін басқа да міндеттерді шешеді.
ҚР 16.07.99 ж. № 440-1; 26.07.99 ж. № 463-1; 04.11.99 ж. № 472-1; 22.11.99 ж. № 485-1; 15.12.00 ж. № 123-II; 15.01.01 ж. № 140-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 06.12.01 ж. № 261-II; 31.10.02 ж. № 351-II Заңдарымен 7-бап өзгертілді және толықтырылды
7-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1) республикалық бюджеттің кірістері, олар мыналардан тұрады:
а) салықтардан, алымдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер:
заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы;
Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы;
Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығы - 50%;
акциздер:
импортталатын тауарларға;
газ конденсатын қоса алғанда, өңделмеген мұнайға;
үстеме пайдаға салынатын салық;
әкелiнетiн тауарларға салынатын кеден бажы;
әкетiлетiн тауарларға кеден бажы;
отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баж;
роялти;
жасалған келісім-шарттарға орай республикалық бюджетке түсетін бөлігінде өнім бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
жергілiктi маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүрiп өткенi үшiн алымнан басқа,Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым;
бонустар;
елтаңбалық алым;
кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер;
радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемдер;
кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
теледидар және радиохабар тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты бергені үшін алым;
дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;
республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлем;
консульдық алым;
апостиль берілгені үшін мемлекеттік баж;
б) салықтық емес түсімдер:
республикалық мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірісінен алынатын түсім;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша алынған сыйақылар (мүдделер);
республикалық меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне түсетін дивидендтер;
жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн лотереялардан алынатын кiрiстердi қоспағанда, мемлекеттік лотереялардан алынатын кiрiстер;
жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемдер;
республикалық бюджеттен кредиттер берілгені үшін алынған сыйақылар (мүдделер);
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің көрсеткен қызметтерін сатудан алынатын түсімдер;
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден алынатын түсімдер;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер заңға сәйкес ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды жүргізуден түсетін ақша;
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы жерлерiн ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қойған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуден түсетiн түсiмдер;
консулдық алымдардан түсетін түсімдер;
екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын санкциялар сомаларының түсімі;
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де салыққа жатпайтын және басқа түсімдер;
тәркiленген мүлiктi, белгіленген тәртiппен республикалық меншiкке өтеусiз өткен мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер, оның iшiнде мемлекеттiң пайдасына бас тартудың кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдары;
заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе өндiрiп алудан немесе мемлекеттік қызметтердi орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алудан алынатын сомалардың түсiмдерi;
өнiмдердi лицензиясыз әкеткенi үшiн төленетiн айыппұл сомаларының түсiмдерi;
республикалық бюджет шығындарының өтемi түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер;
лицензиялық тәртiп белгiленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесi қызметтерiнен алынған кiрiстердi қоспағанда, өзiне лицензиялық тәртiп белгiленген лицензиясыз қызметтен алынған кiрiстерден түсетiн түсiмдер;
атқарушылық санкция.
в) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдер;
2) алынған ресми трансферттер:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын нысаналы трансферттер;
3) бұрын берілген кредиттер, республикалық бюджеттен мемлекеттік кепілдіктер мен міндеттемелер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражаттар бойынша республикалық бюджетке берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған және алынған мүлікті сатудан (жалға, лизингіге беруден) түсетін түсімдерді қоса алғанда, республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару.
ҚР 03.05.01 ж. № 182-II Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. № 261-II; 31.10.02 ж. № 351-II Заңдарымен 7-1-бап өзгертілді
7-1-бап. Республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн анықтау тәртібі
1. Республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледi.
2. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекітілген көлемiнен асатын бөлiгi осы Заңның 24-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады.
3. Республикалық бюджет шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер бойынша және тұтастай алғанда түсiмдер бойынша атқарылмаған жағдайда республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекітілген және нақты көлемдерiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалатын республикалық бюджет шығындарының өтемi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жүргiзiледi.
Өтем мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдер бойынша жете атқарылмауының жалпы сомасынан аспайды.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 31.10.02 ж. № 351-II Заңдарымен 8-бап өзгертілді және толықтырылды
8-бап. Бюджеттік алу
1. Жыл ішінде облыстар бюджеттерi мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алудың тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кіріс бөлігі орындалмаған жағдайда республикалық бюджетке алу бюджеттi жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілген облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттері кіріс бөлігінің атқарылу процентіне теңбе-тең ай сайын жүргізіледі.
2-1. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге берілетін бюджеттік алулардың тәртібі мен кезеңділігін және облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне субвенциялар бөлудің шарттарын облыстардың әкімдері белгілейді және аудандық (қалалық) мәслихаттармен келісе отырып облыстық мәслихаттар бекітеді.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 06.12.01 ж. № 261-II; 20.06.03 ж. № 441-II (бұрынғы ред. қара); 29.12.03 ж. № 512-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді және толықтырылды
9-бап. Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуы
1. Республикалық бюджеттің қаражаты:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Конституциялық Кеңестің, Есеп комитетінің, Орталық сайлау комиссиясының, жалпы мемлекеттік басқару міндеттерін атқаратын атқарушы және басқа да органдардың;
сот жүйесінің қызметін;
сыртқы саяси қызметті;
қаржы және салық қызметін;
іргелі және қолданбалы ғылыми қызметті;
қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету;
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
республикалық деңгейдегі төтенше оқиғалар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
республикалық деңгейдегі құқық қорғау қызметін;
әділет саласындағы қызметті;
жоғары білімді;
республикалық деңгейдегi жалпы орта, орта кәсiптiк және қосымша білімдi;
республикалық деңгейдегі білім беру саласындағы арнаулы бағдарламаларды;
республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы арнаулы бағдарламаларды;
орталық мемлекеттік органдардың мамандандырылған ауруханаларын;
республикалық деңгейде азаматтарға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн;
заң актілерінде белгіленген зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, заң актілеріне сәйкес республикалық бюджеттен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алатын азаматтардың санаттарына осы жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге берiлетiн жәрдемақыларды;
республикалық деңгейдегi әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек саласындағы қызмет;
республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтерді;
көші-қон саласындағы қызметті;
ауыл, орман, су және балық шаруашылығының басым бағдарламаларын;
жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық деңгейдегi iс-шараларды;
қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнінде республикалық деңгейде жүргізілетін шараларды;
республикалық деңгейдегі өнеркәсіп, көлік пен құрылыс объектілері саласындағы арнаулы бағдарламаларды;
жер қойнауын пайдалануды;
фельдъегерлік байланысты;
республикалық деңгейдегі жобалау-іздестіру жұмыстарын;
республикалық маңызы бар жол жүйесін пайдалануды, салуды және жаңғыртуды;
гидрометеорологиялық мониторингті;
үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығындарды;
бұрын берілген кредиттер, республикалық бюджеттен мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражаттар бойынша республикалық бюджетке берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған және алынған мүлікті сақтауға, есепке алуға, бағалауға және сатуға арналған шығындарды;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауды;
жергілікті бюджеттерге республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді;
республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттердiң есебiнен iске асырылатын өзге де бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады.
2. Сондай-ақ осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін, олардың аумақтық бөлімшелерін және мемлекеттік бағыныстағы мекемелерді ұстауға арналған шығындар да республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілген штат саны лимиті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен бекітілген мемлекеттік органдардың топтары бойынша бір қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығындардың нормативтері негізге алына отырып белгіленеді.
Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін республикалық бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен ұстауға жол берiлмейдi.
2-1. Республикалық бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдағыдан басқа, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде шығыстар мен кредиттеудiң ең аз, шектi немесе тiркелген мөлшерлерiн белгілеуге жол берiлмейдi.
3. Республикалық бюджеттің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағамының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты валюталар бөлінген кездегі олардың айырбасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалған нарықтық бағамы бойынша жұмсалады.
ҚР 26.07.99 ж. № 463-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 06.12.01 ж. № 261-II Заңдарымен 10-бап өзгертілді және толықтырылды
10-бап. Жергілікті бюджеттер
1. Жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.
2. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің бюджетін бірыңғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп, дербес атқарады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы жылында тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарап, бекітеді.
3. Облыстық өкілді органдар облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттері арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне берілетін субвенциялар мен аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге берілетін бюджеттік алынымдардың мерзімді мөлшерлерін бекітеді.
4. Тиісті облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, аудандық (қалалық) бюджеттердің әзірлену және атқарылу процесіне, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарының араласуына жол берілмейді.
5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітетін әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
ҚР 16.07.99 ж. № 440-1; 26.07.99 ж. № 463-1; 04.11.99 ж. № 472-1; 22.11.99 ж. № 485-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 06.12.01 ж. № 261-II; 20.06.03 ж. № 441-II (бұрынғы ред. қара); 29.12.03 ж. № 512-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді және толықтырылды
11-бап. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер
1. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1) жергілікті бюджеттердің кірістері олар мыналардан тұрады:
а) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері:
Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, орындаған жұмыстарға және көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығы - 50%;
акциздер:
спирттің барлық түрлері;
алкоголь өнімдері;
темекі бұйымдары;
құрамында темекі бар басқа да бұйымдар;
бекіре және албырт балық уылдырықтары;
алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны;
атыс және газ қаруы (мемлекеттік өкімет органдарының мұқтажы үшін сатып алынғаннан басқа);
жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
ойын бизнесі;
лотереялар ұйымдастыру және өткізу;
жеке табыс салығы;
әлеуметтiк салық;
заңды тұлға құрмай, патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар, шаруа (фермер) қожалықтары, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнің кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығы, Зейнеткерлердiң республикалық "Ардагер" кәсiпорындар бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және соның қаражаты есебiнен құрылған, зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерi Қазақ республикалық ұйымы кәсiпорындарының республикалық бiрлестiгi (өндiрiс ұйымдарынсыз), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы (өндiрiс ұйымдарынсыз), Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражаты есебiнен құрылған, жұмыс iстейтiндердiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибi-Ана" республикалық қоғамы, психикасы мен дене бiтiмi дамуында ауытқулары бар мүгедектер мен балаларға қамқорлық жөніндегі "Ақ бота" қоғамдық бiрлестiктер Лигасы төлеген әлеуметтiк салықты, сондай-ақ еңбек қызметiне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiне ақы төлеу бөлiгiнде төленген әлеуметтiк салықты қоспағанда, әлеуметтiк салық - 80,8 %;
заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
бiрыңғай жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
жасалған келісім-шарттарға орай жергілікті бюджетке түсетін бөлігінде өнім бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
аукциондардан алынатын алым;
жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүрiп өткенi үшiн алым;
жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
консульдық алымнан және апостиль берілгені үшін мемлекеттік баждан басқа, мемлекеттік баж;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;
жергілікті маңызы бар және елді мекендерде жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлем;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем.
б) салықтық емес түсімдер:
мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындар пайдасының үлесi;
коммуналдық меншік болып табылатын акциялардың пакеттерінен алынатын дивидендтердің түсімі;
жергiлiктi өкілдi органдардың шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттік лотереялардан алынатын кірістердің түсімі;
жергілікті бюджеттен кредиттер бергені үшін алынған сыйақылар (мүдделер);
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер;
коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер заңға сәйкес ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды жүргізуден түсетін ақша түсімі;
жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының түсімі;
табиғатты пайдаланушылардан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған қаражат, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынған айыппұлдар, аңшылықтың және балық аулаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз олжаланған өнімдерді сатудан түскен қаражат;
жергiлiктi мемлекеттік органдар алатын, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар;
әкiмшiлiк қамауға алынған тұлғалар орындаған жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшiн ұйымдардан түсетiн түсiмдер;
медициналық айықтырғыштарға орналастырылған адамдардың төлемдерiнен түсетiн түсiмдер;
түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұсталатын түсiмдер;
лицензиялық тәртiп белгiленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесiнiң лицензиясыз қызметтерiнен түсетiн кiрiстерден алынған түсiмдер;
иесiз мүлiктi, белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтемсiз өткен мүлiктi, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер;
жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекітілген және iс жүзіндегі көлемдерiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын жергiлiктi бюджеттер шығындарының өтемi түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер;
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де салыққа жатпайтын және басқа да түсімдер;
в) капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін кірістер:
коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдер;
жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
жер учаскелерi мен тұрақты жер пайдалану құқығын сатудан түсетін түсімдер.
2) жоғары тұрған бюджеттерден алынғын ресми трансферттер;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынған нысаналы трансферттер.
3) жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді қайтару.
ҚР 03.05.01 ж. № 182-II Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн анықтау тәртібі
1. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемдерi облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледi. Аталған түсiмдердiң тоқсандық көлемдерiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жылдық сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
2. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекітілген тоқсандық көлемдерiнен асатын бөлiгi осы Заңның 25-бабына сәйкес жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады.
ҚР 04.11.99 ж. № 472-1; 15.01.01 ж. № 140-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 06.12.01 ж. № 261-II; 20.06.03 ж. № 441-II (бұрынғы ред. қара); 29.12.03 ж. № 512-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді және толықтырылды
12-бап. Жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуы
1. Жергілікті бюджеттердің қаражаты:
жергiлiктi деңгейде мектепке дейiнгi, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi білім берудi, сондай-ақ жалпы орта және орта кәсiптiк және қосымша білім берудi;
жергiлiктi деңгейде арнаулы білім беру бағдарламаларын;
әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі шараларды;
жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарды;
жергілікті деңгейдегі құқық қорғау қызметін;
жергiлiктi деңгейде азаматтарға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн;
жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды;
мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік бәсірелі көмек көрсетуді;
осы жәрдемақыларды заң актілеріне сәйкес жергiлiктi бюджеттен алатын азаматтар санаттарына берiлетiн арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды;
жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк қамсыздандыру жөніндегі iс-шараларды және атаулы әлеуметтiк көмектi;
тұрғын үй көмегін көрсетуді;
мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруды;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді;
жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жергiлiктi деңгейдегi iс-шараларды;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін тұрғын үйлерді және жер учаскелерін алып қоюды;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзуды;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін қолдауға бағытталған іс-шараларды;