Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қазыналық кәсіпорындардың
қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
4 қарашадағы № 472-I Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексіне (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., № 14 (қосымша); № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190, 191-құжаттар; № 32, 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат; 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49, 506-құжат; 1987 ж., № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159, 161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., № 4-5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; № 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 55-құжат; № 9-10, 64-құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1997 ж., № 6, 66-құжат; № 11, 146, 152-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 208-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 13, 194-құжат; № 14, 201-құжат; № 22, 310-құжат; 1999 жылы 29 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақ ССР Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылы 3 және 5 тамызда "Казахстанская Правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 167-2-баппен толықтырылсын:
"167-2-бап. Мемлекеттік мекеме мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шарттық міндеттемелер қабылдау жөніндегі заңсыз әрекеттері
Мемлекеттік мекеменің немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) лауазымды адамдарының заңдармен белгіленген тіркеуден өтпеген азаматтық-құқықтық мәмілелер және (немесе) мемлекеттік мекеме мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметін немесе тиісті жергілікті атқарушы органды жауапкершілікке әкеп соқтырған уәкілетті орган бекіткен сметалар сомасынан жоғары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шарттық міндеттемелер қабылдау жөніндегі заңсыз әрекеттері, -
жүзден үш жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкімшілік өндіріп алу салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, -
үш жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
237-8-баптың бірінші бөлігіндегі "167-1-бабында" деген сөздер "167-1, 167-2-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
248-1-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма сегізінші абзацындағы "(167-бап)" деген сөздер "(167-1, 167-2-баптар)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 жылы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылы 3 және 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылы 30 шілдеде және 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
44-баптың 1-тармағында:
бесінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.";
192-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "республикалық" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат):
18-бап мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) заңдарда қаржыландырудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің желісін ұстау мен дамыту;
8) почта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс желілерін пайдалану;
9) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
10) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметі саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
11) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру";
32-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;";
5) тармақшадағы "және мәдениет" деген сөздер ", мәдениет және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
41-баптың 1-тармағындағы:
"кәсіпорынның қызметі" деген сөздерден кейін "мемлекеттік тапсырысты бөле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
44-баптың 3-тармағындағы:
"қазыналық кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазыналық кәсіпорынның шарттық міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тек мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде ғана субсидиарлық жауапкершілікті көтереді.".
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 жылы 4 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде және 1999 жылы 5 тамызда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне инвестициялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Жекешелендіруден алынған қаражат
1. Жекешелендіру объектілерін сатудан түскен қаражат мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру бойынша сауда-саттыққа дайындық және оны жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.".
5. "Дипломатиялық қызмет туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 21, 275-құжат):
23-баптың 1-тармағындағы ", сондай-ақ консулдық алымдар" және ", олардың пайдаланылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді" деген сөздер алып тасталсын.
6. "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 7, 225-құжат; 1999 жылы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылы 30 шілдеде және 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылы 21 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылы 24 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 2) тармақшасы "облыстар" деген сөзден кейін ", Астана және Алматы қалалары" деген сөздермен толықтырылсын;
7-баптың 1) тармақшасы в) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;";
11-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының в) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тұрақты жер пайдалану құқығын сатудан түсетін түсімдер;";
12-бапта:
1-тармақтың он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге және жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін ресми трансферттерді;";
3-тармақ "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздерден кейін "заңдарға қайшы келмей және" деген сөздермен толықтырылсын;
13-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері күтілмеген шығыстарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрамында сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті міндеттемелерін өтеуге арналған қаражат көзделеді. Сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтер құрамында көзделген қаражат толық көлемде пайдаланылған жағдайда, сот шешімдері бойынша өтелмеген міндеттемелер бар болғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган республикалық бюджет заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың тиісті шешімдеріне өзгерістер енгізу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтер мөлшерін ұлғайту туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе тиісті жергілікті өкілді органға ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражатты тиісті жылға арналған бюджет шығыстарының құрамында бекітілген мөлшер шегінде бөлу және қаржыландыруды ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылының аяғында күшін жоятын шешімдері бойынша бюджет деңгейіне қарай жүргізіледі.";
14-бапта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасындағы "лимитін" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) жергілікті атқарушы органдар борышының жиынтық лимитін;
6) облыстар мен Астана және Алматы қалаларының ерекше маңызды бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстардың ең төмен мөлшерін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді.";
15-бапта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтерінің мөлшерін, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға кредит беру үшін арнайы резервін;";
бесінші абзац алып тасталсын;
соңғы абзацтағы "бағдарламаларды" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "қамтуы тиіс" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"өткен қаржы жылдарының қорытындылары бойынша, оның ішінде:
жалақыны, зейнетақыны және басқа да әлеуметтік төлемдерді;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің белгіленген тәртіппен тіркелген шарттық міндеттемелері бойынша пайда болған республикалық бюджеттің кредиторлық берешегі өтемін қамтуы тиіс.";
18-бапта:
3-тармақтың екінші абзацы "қарыз алу лимиттерін," деген сөздерден кейін "сондай-ақ ерекше маңызды жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ең аз мөлшерін" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
тоғызыншы абзац "бағдарламалардың тізбесі" деген сөздерден кейін ", оның ішінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілгеннен төмен емес көлемдегі ерекше маңызды жергілікті бюджеттік бағдарламалар" деген сөздермен толықтырылсын;
соңғы абзацтағы "бағдарламалар" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "қамтылуға тиіс" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"өткен қаржы жылдарының қорытындылары бойынша, оның ішінде:
жалақы және әлеуметтік төлемдер;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің белгіленген тәртіппен тіркелген шарттық міндеттемелері бойынша пайда болған жергілікті бюджеттің кредиторлық берешегін өтеу;
тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның борышын өтеу көлемі қамтылуға тиіс.";
22-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қарыз алуды реттейтін заңдарға сәйкес:
Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан;
тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв құрамында көзделген арнайы резерв есебінен республикалық бюджеттен;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қарыз алуға құқығы бар.
Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резерв және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген инвестициялық бағдарламалар жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимитіне кіреді.".
2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті