4. Тәркіленген, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен иесіз және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарлар бойынша, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ол бойынша бұрын акциз төленбеген тауарлар бойынша аталған тауарларды сатуды жүзеге асыратын тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
Ескерту. 75-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 75-баптың 1-тармағы өзгертілді, 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 75-баптың 4-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 75-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 75-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
76-бап. Акцизделетiн тауарлар тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар акцизделетiн тауарлар болып табылады:
1) спирттiң барлық түрлерi;
2) арақ;
3) ликер-арақ өнiмдерi;
4) күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар;
5) шарап;
6) коньяк;
7) шампан шарабы;
8) сыра;
9) шарап өнiмдерi;
10) темекi өнiмдерi;
11) құрамында темекi бар басқа да өнiмдер;
12) бекiре мен қызыл балық, бекiре мен қызыл балық уылдырығы, бекiре мен қызыл балықтан және уылдырықтан дайындалған жеңсiк тағамдар;
13) алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар;
14) хрусталь бұйымдар, жарық беретiн хрусталь приборлар;
15) бензин (авиация бензинiнен басқасы), дизель отыны;
16) жеңiл автомобильдер (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқасы);
17) атыс және газ қаруы (мемлекеттік өкiмет органдарының мұқтажы үшiн сатып алынғандардан басқасы);
18) өңделмеген мұнай, газ конденсатын қоса алғанда;
19) электр қуаты.
2. Осы баптың 1) - 11)-тармақшаларында көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және шарттарға сәйкес акциздiк алым маркаларымен немесе есеп-бақылау маркаларымен таңбалануы мүмкiн.
Ескерту. 76-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 76-бапқа өзгерiс және толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 76-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен. - бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 76-баптың 14)-17)-тармақшалары алып тасталды, 18)-23)-тармақшалар тиiсiнше 14)-19)-тармақшалар болып есептелдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 76-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
77-бап. Акциз ставкалары
Акциз ставкаларын тауардың құнына немесе белгіленген мөлшерде заттай күйіндегі физикалық көлемiне шаққанда процентпен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген акцизделетiн тауарларға осы Заңның 76-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған акциз ставкасы оның құрамында таза (жүз проценттiк) спирттiң болу мөлшерiне байланысты белгiленуi мүмкiн.
Ескерту. 77-бап 2-ші бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 77-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
78-бап. Халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциздер қосылатын бағалар бойынша тауарлар берiп тұрғаны үшiн өзара есеп айырысулар көзделуi мүмкiн.
17-тарау. ОТАНДЫҚ АКЦИЗДЕЛЕТIН ТАУАРЛАР
ӨНДIРIСI
79-бап. Салық салу объектiсi
1. Отандық өндiрiлген тауарлар үшiн өндiрушi осы тауарды немесе даяр өнiмнiң нақты көлемiн берiп тұратын, акциздер қосылмайтын бағалар бойынша белгiленген құн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Тауар өндiрушi акцизделетiн тауарды заттай төлем, сый ретiнде берген кезде, кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне берген немесе айырбастау операциялары кезiнде өзi өндiрген тауар бағасы бойынша белгiленген, акциздер немесе даяр өнiмнiң нақты көлемi қосылмайтын тауар құны салық салу объектiсi болып табылады.
3. Акциздеуге жататын, өзi өндiрген шикiзаттан акцизделетiн өнiмдi өндiрген кезде, осы шикiзаттың құны немесе оның заттай көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтары тауардың өз шикiзатынан немесе алыс-берiс шикiзатынан өндiрiлген-өндiрiлмегенiне қарамастан қолданылады. Алыс-берiс шикiзатынан өндiрiлген өнiмдер бойынша акциз тапсырысшыға өнiм берiлген кезде және осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген баға бойынша есептеледi.
5. Ойын бизнесi бойынша (лотереялардан басқа) салық салу объектiсi - ойын бизнесiнен түскен түсiм, лотереялар бойынша (олардың үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан) салық салу объектiсi лотереяны өткізуден түскен мәлiмделген түсiм болып табылады.
5-1. Есепті кезеңде электр қуатының өзін өндіретін технологиялық процесте нақты пайдаланылғанын қоспағанда, электр қуатын өндіру және сату кезінде өндірілген электр қуатының бүкіл көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Ескерту. 79-бап жаңа 4-тармақпен толықтырылды, 4-тармақ 5-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 79-баптың 4-тармағы алып тасталды, 5-тармақ тиiсiнше 4-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 79-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 79-бап 5-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 79-баптың 5-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
80-бап. Төлеу мерзiмi
1. Осы Заңның 76-бабының 1) - 9)-тармақшаларында көрсетiлген тауарлар акцизi тауарлар сатылған күннен кейiн он күннен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.
2.
2. Өзге де акцизделетiн тауарлардың акциздерi мынадай мерзiмнен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс:
1) айдың алғашқы он күнi iшiнде сатуды жүзеге асырғаны үшiн айдың он үшiншi күнi;
2) айдың екiншi он күнi iшiнде сатуды жүзеге асырғаны үшiн айдың жиырма үшiншi күнi;
3) есептi айдың қалған күндерiнде сатқаны үшiн есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнi.
3. Алыс-берiс шикiзатынан шығарылған өнiмдер бойынша акциз өнiмдi тапсырысшыға берген кезде төленедi.
Акциздеуге жататын, өзi өндiрген шикiзаттан акцизделетiн өнiмдi өндiрген кезде, осы шикiзаттың акцизi осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзiмде ұқсатылған өнiмдi сату кезiнде төленедi.
4. Ойын бизнесiнен (лотереялардан басқа) түскен түсiм бойынша акциз осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде төленедi.
Лотереяларды өткізуден алынған акциздердi төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша белгiлейдi.
5.
Ескерту. 80-баптан 2-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 Заңымен.
Ескерту. 80-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 80-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 80-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 80-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
81-бап. Салық төлеушiлердiң жауапкершiлiгi
1. Акциздердiң дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуi үшiн жауапкершiлiк салық төлеушiлерге жүктеледi.
2. Салық төлеушi тиiстi салық қызметi органдарына есептi айдың әрбiр он күнi үшiн төленуге жататын акциздер сомасын көрсетiп, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей ай сайын декларация тапсыруға мiндеттi.
82-бап. Акциздердi бюджетке аудару
Бюджетке аударылуға жататын акциздердi банк төлем тапсырмасын (өкiмдi) алған күнi тиiстi бюджеттерге есептейдi. Акциздердi тиiстi бюджетке уақытылы аудармағаны үшiн банк осы Заңға сәйкес жауап бередi.
Лотереяларды өткізуден алынған акциздердiң бюджетке төленген сомасы қайта есептеуге және қайтаруға жатпайды.
Ескерту. 82-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
83-бап. Арнаулы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағында акциз төленген шикiзаттан акцизделетiн өнiм (газ конденсатын қоса алғанда, өңделмеген мұнайды және спирттiң барлық түрлерiн қоспағанда) өндiрiлген жағдайда, сатылған өнiм бойынша акциз сомасы есептi кезеңде аталған өнiмдi әзiрлеуге нақты пайдаланылған шикiзаттың көлемiне қарай белгiленетiн акциз сомасына кемiтiлуге жатады.
Акциз алымы маркаларымен таңбалануға жататын, акцизделетін өнім бойынша сатылған өнім жөніндегі акциз сомасы акциз алымы маркаларының құнына (оларды дайындау құнын қоспағанда) кемітілуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген өңделмеген мұнайды өндiрiстiк ұқсатуға беру кезiнде акциз оны берген кезде төленедi.
3. Iшкi өндiрiс үшiн сатып алынған акциздiк алым маркалары жоғалған және бүлiнген жағдайда табиғи сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, акциз мәлiмделген түр-түрi мөлшерiнде төленедi.
4. Акциздеуге жататын өнiм жоғалған және бүлiнген жағдайда табиғи сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, акциз толық мөлшерiнде төленедi.
Ескерту. 83-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 83-бап өзгертiлдi және 2,3,4-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 83-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 83-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
18-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТIН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫ
84-бап. Импортталған тауарлар бойынша салық салу объектiсi
1. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленген кеден құны немесе заттай күйіндегі физикалық көлем импортталған акцизделетiн тауарлар бойынша салық салу объектiсi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі акцизделетiн өнiмдердi акцизделетiн алым маркаларымен таңбалау тәртібін енгiзген жағдайда импортталған акцизделетiн тауарлар бойынша есептелген акциз сомасы әкелiнген тауарлардың көлемi бойынша акциз алымы маркаларының (оларды дайындау құнын қоспағанда) құнына кемiтiлуге жатады.
Ескерту. 84-баптың 2-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
85-бап. Төлеу мерзiмi
Импортталған тауарларға акциздер кеден төлемдерiн жасау үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi.
86-бап. Акциздерден босату
1. Қазақстан Республикасының Үкіметін бекiткен нормалар бойынша жеке тұлғалар импорттаған акцизделетiн тауарларға акциз салығы салынбайды.
2. Мынадай импортталған тауарлар акциз төлеуден босатылады:
1) халықаралық жүк, қол жүгi мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдарын жол үстiнде және аралық аялдау бекеттерiнде пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар, сондай-ақ аварияны (iстен шығуды) жою үшiн шет елде сатып алынған тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлгенге дейiн бүлiну салдарынан бұйымдар мен материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;
3)
4)
5)
5) шетелдiк дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық әрi әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олармен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын олардың отбасы мүшелерiн қоса, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген тауарлар;
6) «Еркiн айналыс үшiн тауарлар шығару» режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген кеден режимдерi шеңберiнде босатылған тауарлар.
Ескерту. 86-баптан 5)-тармақша алып тасталды 6),7)-тармақшалар тиiсiнше 5),6)-тармақшалар болып саналды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 86-баптың 2-тармағы 3-4-тармақшалары алып тасталды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
V бөлiм
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЭМИССИЯСЫН ТIРКЕГЕНI ҮШIН АЛЫНАТЫН АЛЫМ
ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН АКЦИЯЛАР ЭМИССИЯСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙЛАНДЫРУ НӨМІРІН БЕРУ
Ескерту. V-бөлім жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. V-бөлімнің тақырыбы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
19-тарау. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЭМИССИЯСЫН ТIРКЕГЕНI ҮШIН АЛЫНАТЫН
АЛЫМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН АКЦИЯЛАР ЭМИССИЯСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙЛАНДЫРУ НӨМІРІН БЕРУ ЖӨНIНДЕГI
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ескерту.19-тараудың тақырыбы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
87-бап. Алым төлеушiлер
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беру үшiн алым төлеушiлер олардың эмиссиясын жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
Ескерту. 87-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
88-бап. Алым алу объектiлерi
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссияларының ұлттық сәйкестендiрме нөмiрiн бергенi үшiн алым алудың объектiсi барлық бағалы қағаздардың және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi жалпы нақты құны болып табылады.
Ескерту. 88-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 88-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
20-тарау. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттік
тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық
бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi үшiн алым төлеу
Ескерту.20-тараудың атауы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
89-бап. Алым ставкалары
Бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi үшiн алынатын алым бағалы қағаздардың бiр эмиссиясының жалпы номиналды құнымен:
бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясын тiркеген кезде 0,1 процент мөлшерiнде;
бағалы қағаздардың келесi эмиссиясын тiркеген кезде (оның iшiнде сот шешiмi бойынша акциялардың қосымша эмиссиясын) 0,5 процент мөлшерiнде;
мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн берген кезiнде 0,1 процент мөлшерiнде төленедi.
Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
90-бап. Алым жөніндегі жеңiлдiктер
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы бойынша алым төленбейдi.
91-бап. Алым сомасын белгiлеу
Төлем жасаушылар бағалы қағаздардың жалпы нақты құнын және алым ставкаларын негiзге ала отырып, алым сомасын дербес есептеп шығарады.
92-бап. Алым төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi
1. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеген және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн берген кезде эмитент тiркеушi органға алымның бюджетке тиесiлi сомасын төлегенiн растайтын құжат тапсыруға мiндеттi.
2. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеуден және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беруден бас тартқан жағдайда, төленген алым қайтаруға жатпайды және бағалы қағаздар эмиссиясын келесi тiркеу кезiнде немесе мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн келесi беру кезiнде ескеріледi.
Заңдарға сәйкес бағалы қағаздардың эмиссиялары шығарылмады деп танылған жағдайда бұрын төленген алым қайтарылмайды және бағалы қағаздардың одан кейiнгi эмиссиялары кезiнде есепке алынбайды. Бағалы қағаздардың эмиссиялары қайталанып тiркелген және бұрын шығарылмады деп танылған, мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық сәйкестендiрме нөмiрi берiлген жағдайда алым осы Заңда көзделген ставкалар бойынша төленуге тиiс.
3. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi үшiн алымдар жөніндегі декларацияны эмитент Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі белгiлеген нысан бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн салық қызметi органдарына табыс етедi.
Ескерту. 92-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 92-баптың 3-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 92-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 92-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
93-бап. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi алымның бюджетке толық және уақтылы төленyiне төлеушi жауап бердi. Алымды есептеу мен төлеудегi тәртiп бұзушылық үшiн төлеушiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
Ескерту. 93-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. V-бөлiм, 19,20-тарау және 87,88,89,90,91,92,93-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
VI бөлiм
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА
САЛЫҚ САЛУ
Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен VI-бөлiм жаңа редакцияда
21-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА
САЛЫҚ САЛУ ЖӨНIНДЕГI ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
94-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда салық режимiн белгiлеу
1. Жер қойнауын пайдаланушылар үшiн салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер жөнiнде белгiленетiн талаптар (салық режимi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген Құзыреттi орган арасында жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісім-шарттарда айқындалады.
2. Келісім-шартта белгiленетiн салық режимi заңды және жеке тұлғалардың салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн реттейтiн, келісім-шарт жасалған күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс.
Жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған келісім-шартты атқаруға жер қойнауын пайдаланушымен немесе оның құқықтық мұрагерiмен жаңа келісім-шарт жасалған жағдайда, бұрынғы келісім-шарттың салық режимi сол жер қойнауы учаскелерiнде жер қойнауын пайдалануға жасалатын болашақ келісім-шарттағы салық режимiн iшiнара немесе толық көшiру көзделген шекте ғана қолданылады.
3. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарды қоспағанда, салық пен төлемдер төлеуге қатысты мәселелердi лицензияларға және жер қойнауын пайдалануға байланысты басқа да актiлерге енгізуге тыйым салынады.
4. Құрамында ұйымдар мен жеке тұлғалар бiр келісім-шарт бойынша қызмет атқаратын жер қойнауын пайдаланушы салық салу мақсаты жөнiнен бiртұтас салық төлеушi деп саналады және келісім-шартта белгiленген салықтар мен төлемдердi төлеуге мiндеттi.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шарт бойынша салықтар мен төлемдердi есептеу мақсатында табыстар мен шегерiмдердi жер қойнауын пайдалану жөніндегі аталған келісім-шарттың шеңберiнен тыс қызмет жөніндегі табыстармен және шегерiмдермен бiрiктiре алмайды.
Көп таралған пайдалы қазбаларды және (немесе) жер асты суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарда пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiру көзделмеген жағдайда бұл ереже ондай келісім-шарттарға қолданылмайды.
5-1. Келісім-шартта көрсетiлмеген iлеспе пайдалы қазбаларды шығарған ретте жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша осы Заңның 94-7-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен төлем жүргiзедi.
Ескерту. 94-баптың 2,5-тармақтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 94-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 94-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
94-1-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісім-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi
1. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келісім-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай мынадай екi үлгiге бөлiнедi:
1) бiрiншi үлгi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерiн төлеп отыруын көздейдi;
2) екiншi үлгi жер қойнауын пайдаланушылардың өнiмдi бөлiсу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн төлеуiн көздейдi: төлем көзiнен ұсталып қалатын табыс салығы мен шетелдiк заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салықты ескере отырып, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, бонустар, роялти, әлеуметтiк салық, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын лицензиялық алым, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын алымдар, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген және осы Заңның 3-бабында көзделмеген басқа да мiндеттi төлемдер.
2. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi келісім-шарттардың барлық түрлерiне белгiленедi, бұған салық режимiнiң екiншi үлгiсi белгiленетiн «Өнiмнiң бөлiнуi туралы» түріндегі келісім-шарттар қосылмайды.
3. «Өнiмнiң бөлiнуi туралы» келісім-шарттар бойынша алынатын өнiмнiң бөлiнуi жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң көзi болып табылады және кезектi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында белгiленген мөлшерде тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.
Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Жер қойнауын пайдаланушының салық мiндеттемелерiнiң деңгейi салық режимiнiң екi үлгiсiнiң бiрi қолданылуына қарамастан тең болуға тиiс.
Ескерту. 94-1-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 94-1-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 94-1-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
94-2-бап. Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы жоқ операциялар бойынша салық режимi
Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт ережелерi бойынша төлейтiн төлемдерi оны келісім-шартта көзделмеген қызметтi жүзеге асырғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген салықтар мен төлемдердi төлеу мiндеттемелерiнен босатпайды.
94-3-бап. Салық режимiнiң тұрақтылығы
1. Жер қойнауын пайдалануға белгiленген тәртiппен жасалған келісім-шартта белгiленген және мiндеттi салық сараптамасынан өткен салық режимi, сол келісім-шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн өзгерiссiз қолданыла бередi, бұған келісім-шарттың салық режимiне өзгерістер келісім-шарт тараптарының келісімi бойынша енгiзiлiп, Қазақстан Республикасы мен келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының бастапқы экономикалық мүдделерi арақатынасының өзгеруiне әкеп соқпайтын жағдайлар қосылмайды.
2.
Ескерту. 94-3-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда, 2-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 15.04.1998 № 216 Заңымен.
94-4-бап. Құқықтарды қайта беруге салық салу
Келісім-шартта берiлген құқықтарды қайта беруден алынатын табыстарға осы Заңда белгiленген тәртiп бойынша салық салынуға тиiс.
94-5-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары
1. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары:
1) жазылу жүргiзiлетiн, коммерциялық табу, бонустарын;
2) роялтидi;
3) үстеме пайдаға салынатын салықты қамтиды;
4) өнiм бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi.
2. Бонустар мен роялтидiң барлық түрлерi табыс салығы мен үстеме пайдаға салынатын салыққа арналған салық салынатын табысты айқындаған жағдайдағы шегерiмдер болып табылады.
Ескерту. 94-5-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
94-6-бап. Салық сараптамасы
1. Уағдаласушы тараптар арасында жасалатын барлық келісім-шарттар олар жасалған кезге дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен мiндеттi салық сараптамасынан өтуге тиiс. Бұл ереже бұрын жасалған келісім-шарттарға енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларға да қолданылады.
2. Келісілген салық режимi келісім-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
94-7-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт жасалғанға дейiн жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт жасағанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мөлшерде және шарттарда республикалық бюджеттiң кiрiсiне роялти есебiне аударым жасайды.
Бұл орайда, салық салу объектiсi мен осы аударымдарды төлеудiң мерзiмдерiн белгiлеу де роялтилерге арналған тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. Жаңа 94-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
22-тарау. БОНУСТАР
95-бап. Бонустар туралы жалпы ережелер
1. Бонустар жер қойнауын пайдаланушылардың тiркелген төлемдерi болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттар белгiленген мөлшер мен тәртiп бойынша ақшалай түрде төленедi.