4.
Ескерту. 65-бап алынып тасталды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 65-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 65-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 65-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
65-1 бап. Көлiк-экспедиторлық қызмет пен жол жүру билеттерiн сату жөнiнде қызмет көрсету кезiнде шот-фактураларды жасаудың ерекшелiктерi
1. Көлiк-экспедиторлық қызметтер көрсететiн, тасымалды тiкелей жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер осындай салық төлеушiлер көрсеткен қызметтер құны мен нақты жүк жөнелтушiге қатысты тасымалдаушылар көрсеткен қызметтер құнын көрсете отырып шот-фактура жазып бередi.
2. Жүк жөнелтушiлер үшiн шот-фактураның көшiрмесiн жазып беру тiкелей тасымалдаушылар берген шот-фактуралар негiзiнде жүргiзiледi, осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушiлер онда әрбiр жүк жөнелтушiнiң тасымал көлемiн көрсете отырып, олардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етiлген шот-фактура жүк жөнелтушiнiң қосылған құнға салынатын салығына есептеуге жатқызу үшiн негiз болып табылады.
4. Жол жүру билеттерiн сатуды жүзуге асыратын және тасымалды тiкелей жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер жол ақысы құнын және билеттердi сату жөніндегі қызметтердi есепке ала отырып, оларда билет құнын көрсетiп шот-фактуралар жазып бередi.
Ескерту. 65-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 65-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
65-2-бап. Дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерге салықты қайтарып беру
1. Шетелдiк дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануына, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң, соның iшiнде олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң тiкелей өздерiнiң пайдалануына арналған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктер жеткізушiлерге төлеген қосылған құнға салынатын салық Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарда көзделетiн мөлшерде дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтарылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң қосылған құнға салынатын салық сомасын қайтарып беру осы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жасаған жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) және қосылған құнға салынатын салықтың төленген фактiсiн растайтын құжаттар көшiрмелерi (шот-фактуралар, чектер және т.б.) негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген нысанда орындалады және жанама салықтар бойынша (қосылған құнға салынатын салыққа және акцизге) жеңiлдiктер беру кезiнде өзара iс-қимыл принципiн сақтау жөніндегі Ноталар алмасуды растау үшiн оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер табыс етедi. Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) расталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі уәкiлеттiк берген салық органына берiлуге тиiс, ол салықты қайтарып беру iсiн жүргiзедi.
4. Бюджеттен қайтарылуға тиiс салық сомасы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң тиiстi шотына аударылады.
Егер жиынтық ведомостарға (тiзiлiмдерге) қоса тiркелген Құжаттарда Қосылған Құнға салынатын салық сомасы бөлек көрсетілмесе, салық бойынша қайтарып алуға құқық тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізушiлердiң шот-фактураға қосылған құн салығы енгiзілгендiгi туралы растау алынған кезде ғана мүмкiн болады.
5. Дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге салықтың қайтарылуын салық органдары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінен жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) алғаннан кейiнгi 20 күн iшiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 65-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
66-бап. Қосылған құнға салынатын салық жөніндегі есептi кезең
1. Күнтiзбелiк ай қосылған Құнға салынатын салық бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырысу жөніндегі есептi кезең болып табылады.
2. Егер қосылған құнға салынатын салық бойынша тоқсан iшіндегі орташа айлық төлемдер 500 айлық есептiк көрсеткiштен аз болатын болса, онда тоқсан есептi кезең болып саналады.
Ескерту. 66-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 66-бап өзгертiлдi және 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 260 Заңымен.
Ескерту. 66-баптың 4-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 66-баптың 4-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 66-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
67-бап. Декларацияны табыс ету және қосылған құнға салынатын салықты төлеу
1. Әрбiр салық төлеушi:
1) әрбiр есептi кезең үшiн қосылған құнға салынатын салық жөнiнде декларация тапсырып отыруға;
2) декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмге дейiн немесе сол белгiленген күнi әрбiр есептi кезең үшiн бюджетке салық төлеуге мiндеттi.
2. Қосылған құнға салынатын салық жөніндегі декларация әрбiр есептi кезең үшiн одан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Есепті кезең үшін декларациямен бір мезгілде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысанда сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі.
3. Қазақстан Республикасының шикiзат (спирттiң барлық түрлерiнен басқа) өндiрушi резиденттерi оны Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы өнеркәсiптiк қайта өңдеу үшiн сату кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша белгiлеген тәртiпте есепке алу әдiсiмен қосылған құнға салынатын салық төлейдi.
Осы тармақта көзделген шарттар сақталмаған жағдайда қосылған құнға салынатын салық осы Заңның 56-бабына сәйкес шикiзатты өткізу кезiнен басталған өсiмақы қосыла отырып есептеледi.
Ескерту. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 67-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
68-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдер
1. Қосылған құнға салынатын салық жөнiнде тоқсан iшiнде 1000 айлық есептiк көрсеткiштен астам мөлшерде орташа айлық төлем төлейтiн салық төлеушi ағымдағы төлемдерiн айдың жиырма бесi күнi және есептi айдан кейiнгi айдың бесi күнi төлейдi.
Салық төлеушiнiң таңдауы бойынша бүкiл салық жылы ішiнде ағымдағы төлемдердiң мөлшерi өткен тоқсан бойынша және есептi кезеңнiң өткен кезеңi iшіндегі нақты айналым бойынша салық сомасының алтыдан бiрi мөлшерiнде анықталады.
2. Салық жөніндегі ағымдағы төлемдердiң енгiзiлген сомалары төлемнiң есептi кезеңдегi декларацияда мәлiмделген салықтың есебiне қосылады.
3. Ағымдағы төлем артық төленген жағдайда артық төленген сома мерзiмi жөнiнен келесi ағымдағы төлемнiң мөлшерiн анықтаған кезде есептеледi.
4. Салықтың ағымдағы төлемдерiн дер кезiнде төлемегенi үшiн осы Заңның 164-бабына сәйкес өсiмақы қоса есептеледi.
Ескерту. 68-бапқа өзгерiс енгiзiлдi және 5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 68-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 68-баптың 5-тармағы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 260 Заңымен.
Ескерту. 68-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 68-баптың 1-тармағы толықтырылды, 2-тармағының 2-ші абзацы алынып тасталды және 4-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 68-бап 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 68-баптың 1-тармағы өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 68-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
69-бап. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасы есептi кезеңге есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда бюджетпен өзара қарым-қатынас
1. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының есептi кезеңге есептелген салық сомасынан артығы, егер осы Заңның 179-бабының 12-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құнға салынатын салық бойынша алдағы төлемдердiң есебiне қосылады.
Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша салық төлеушiлерге (осы Заңның 138-2, 138-3 және 138-4-баптарына сәйкес салық салудың оңайлатылған режимiн қолданатындарды қоспағанда) мұндай сома қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеушi табыс еткен декларация және жеткізушiлер салық органдарына табыс еткен қосылған құнға салынатын салық бойынша декларацияларда ескерiлген салық сомасын қоса алғанда, қайтарылуға табыс етiлген салық сомасының растығын тексеру негiзiнде салық төлеушiнiң өтiнiшiн салық органы алған кезден бастап 90 күн iшiнде қайтарылады.
Егер дұрыстығын тексеру кезiнде нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында одан әрi пайдалану үшiн салық төлеушiлерге тиеп жiберiлген тауарлар бойынша қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібін жеткізушiлердiң бұзу фактілері анықталған жағдайда, аталған артық сома жеткізушiнiң белгiлi болған тәртiп бұзушылығын жойғаннан кейiн қайтарылады. Қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталған жағдайда, берушіге тексеру тағайындау туралы шешімді салық органының басшысы мынадай ережелерді ескере отырып қабылдайды:
аталған салық төлеушіге осындай салық төлеуші қосылған құн салығын қайтаруға өтініш берген кездің алдындағы он екі айлық кезең ішінде айына кемінде бір рет тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатуды жүзеге асырған берушілерге қарсы тексеру жүргізілмейді;
1 миллион теңгеден астам сомаға қосылған құн салығын көрсете отырып, шот-фактура жазып берген берушілер (жоғарыда аталғандарды қоспағанда) міндетті түрде тексерілуге тиіс.
2.
Ескерту. 69-бап өзгертiлдi және 3-тармақ алып тасталды, 4,5-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақтар болып есептелдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 69-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 69-баптың 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 69-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 69-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 69-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
14-тарау. Импортталатын тауарларға салынатын қосылған
құн салығы
70-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi
1. Осы Заңның 71-бабына сәйкес салықтан босатылғандардан басқа Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналыс үшiн импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы тауарлар импортына қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарттар жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден тауарлар әкелген кезде салық салынатын импорт, олар шыққан ел - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер болып табылмайтын, импортталатын тауарлар құны болып табылады.
Тауарлар шыққан ел кеден төлемдерiн алу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес анықталады.
3. Егер экспорт елiнде белгiленген қосылған құнға салынатын салық ставкасы Қазақстан Республикасында белгiленген қосылған құнға салынған салық ставкасынан төмен болған жағдайда, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден шығарылған импортталатын тауарлардың құны салық салынатын импортқа енгiзiледi.
4. Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленген кеден құны, сондай-ақ, қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды импорттау кезiнде төленуге тиiс алымдар, баждар, салықтар сомасы енгiзiледi.
Ескерту. 70-баптың 3-тармағы сөздер мен және 4-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 70-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 70-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 70-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 70-баптың 3,4,5-тармақтары өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 70-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 70-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 70-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
70-1-бап. Салық салынатын импорт бойынша қосылған құнға салынатын салық ставкалары
1. Салық салынатын импорт бойынша қосылған құнға салынатын салық ставкасы, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 70-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 16 процентiне теңестiрiледi.
2.
3. Осы Заңның 70-бабының 3-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құнға салынатын салық, ставкалардағы айырмашылықтар бойынша төленедi.
Ставкалардағы айырмашылық тауар жеткізушiлер табыс еткен шот-фактурада көрсетiлген, қосылған құнға салынатын салық есептелген салық ставкасы мен осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес осы тауарлар импорты кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын салық ставкасы арасында айқындалады.
Ескерту. 70-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 70-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 70-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
71-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын тауарлар импорты
Мынадай тауарлардың импорты:
1) ұлттық валютаның, шетелдік валютаның (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатындарынан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалардың тауарлар импорты;
3) мемлекеттік сыртқы займдар есебінен алынған тауарлар импорты;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өз қажеттіліктері үшін жүзеге асыратын тауарлар импорты;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінген, акцизделетін тауарлардан басқа, тауарлар импорты;
6) техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарда әкелінетін акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар импорты;
7) шетелдер елшіліктері мен оларға теңестірілген өкілдіктер ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің, олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса, жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар импорты;
8) «Еркін айналым үшін тауарлар шығару» режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген кеден режимдері шеңберінде босатылатын, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарларды әкелу;
9) субстанция дәрілерді, оның ішінде аптеканың ішінде дайындалғандарын қоса, дәрілік заттардың; протездік-ортопедиялық бұйымдардың; дәрілік заттар шығаратын материалдардың; медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдары, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар және жиынтықтаушы заттар импорты қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Импорты қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын дәрілік заттардың, протездік-ортопедиялық бұйымдардың, медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдарының, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жиынтықтаушы заттардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
10) мемлекеттер, мемлекет үкіметтері және халықаралық ұйымдар желілері бойынша берілетін гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Ескерту. 71-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
71-1-бап. Импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығын төлеу мерзімдері
1. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда салық төлеуші төлеуге тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, кеден төлемдерін төлеуге арналған Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген күнде төленеді.
Салық органдары өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған импортталатын шикiзат пен материалдарға, сондай-ақ импортталатын суға, газға және электр энергиясына салынатын қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн үш айға ұзартады.
Үш ай мерзiм iшiнде берешектердiң аталған сомасын өтеудi сатылған өнiм бойынша қосылған құн салығына орай бюджетпен өзара есептесу әдiсiмен салық органдары жүргiзедi. Өтелмеген берешек сомасына, аталған үш айлық мерзiм бiткеннен кейiнгi алғашқы күннен бастап, өсiмақы есептеледi.
Осындай шикiзат пен материалдарды өнеркәсiптiк қайта өңдеусiз сатқан жағдайда қосылған құн салығы осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен өсiмақы қосылып есептеледi.
2. Салық төлеушi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын тауарлар импорты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша осы Заңның 71-бабына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, құрал-жабдық, шикiзат, материалдар, қосалқы бөлшектер мен дәрi-дәрмектер импорты бойынша қосылған құн салығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша белгiлеген тәртiппен төлейді.
15-тарау. Тіркелмеген резидент емес үшін салынатын
қосылған құн салығы
72-бап. Салық салынатын айналымды анықтаудың ерекшелiктерi
1. Осы Заңның 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында салық төлеушi болып танылмайтын резидент еместер Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сату кезiнде аталған резидент еместердiң Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сату бойынша айналымы салық салу объектiсi болып табылады.
Резидент емес үшiн бюджетке аударылуға тиiс қосылған құнға салынатын салықты есептеу кезiнде салық салынатын айналымға осы Заңның 36-бабына сәйкес табыстың төлем көзiнде ұсталатын салық сомасымен қоса, алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн резидент емес төлеуге тиiс тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны енгiзiледi.
Алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) үшiн ақы төлеу шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда, аталған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) алынған кездегi бағамы бойынша белгiлеген теңгемен қайта есептелген құны салық салынатын айналымға енгiзiледi.
2.
Ескерту. 72-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 72-бап 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 72-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1998 № 485 Заңымен.
Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
73-бап. Резидент еместер үшiн салық төлеу тәртібі
1. Резидент еместер үшiн төленуге тиiстi қосылған құнға салынатын салық тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткiзiлген айдан кейiнгi айдың бесi күнiнен кешiктiрiлмей бюджетке аударылады.
Резидент еместер үшiн қосылған құнға салынатын салық сомасын бюджетке төлеу фактiсiн растайтын құжаттар болса, төленген салық сомасы осы Заңның 64-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алуға жатқызылуға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша жүзеге асырылатын және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендiк ресiмдеуден өткен тауарлар импортына қолданылмайды.
Ескерту. 73-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 73-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 73-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 73-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 73-бап 2,3-тармақтары толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 73-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 73-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 73-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
IV бөлiм
АКЦИЗДЕР
16-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
74-бап. Белгiленген акциздер
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, тiзбесi осы Заңның 76-бабында көрсетiлген тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесiне акциз салынады.
2. Тауар өндiрушi тауарлардың экспортқа шығарылуын растаған жағдайда экспортқа шығарылған акцизделетiн тауарларға акциз салынбайды. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар бұған кiрмейдi.
3. Алыс-беріс шикізатының меншік иесі осындай шикізаттан өндірілген акцизделетін тауарларды экспорттаған кезде өнімді беру кезінде төленген акциз осы Заңның 80-бабының 3-тармағына сәйкес алыс-беріс шикізатына меншік иесінің осы салық бойынша алда төлейтін төлемі есебіне жатқызылады не салық органы оның өтінішін алған кезден бастап 60 күн ішінде қайтарылады.
Бұл тармақ, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, алыс-беріс шикізатының меншік иесі осы Заңның 80-бабының 3-тармағына сәйкес акцизді төлеу және тауарларды экспортқа әкету фактісін құжаттай растаған жағдайда қолданылады.
Ескерту. 74-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
75-бап. Төлеушiлер
1. Заңды тұлғалар және:
Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар өндіретін;
бензинмен (авиация бензинiн қоспағанда), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратын;
Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін тауарларды импорттайтын;
Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын жеке тұлғалар акциздерді төлеушілер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін ескере отырып, резидент емес - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері де акциздерді төлеушілерге жатады.
3. Қазақстан Республикасы аумағында осы Заңның 76-бабының 1-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіретін, бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын және (немесе) ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарлар өндіретін және (немесе) ойын бизнесін жүзеге асыратын өз филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін, олардың орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерге акциздер төлеуді жүзеге асырады.