Ескерту. 106-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
107-бап. Салық салу принциптерi
1. Жер салығының мөлшерi жер учаскесiнiң сапасына, орналасу өңiрiне және сумен қамтамасыз етiлуiне қарай анықталады және жер иесi мен жердi пайдаланушының шаруашылық және өзге де қызметiнiң нәтижесiне байланысты болмайды.
2. Жер салығы жер алаңының бiрлiгi үшiн жыл сайынғы тiркелген төлем түрiнде белгiленедi.
3. Басқа мемлекеттерге берiлген жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн салық салудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шарттарымен анықталады.
4. 108, 112 және 114-баптар бойынша жер салығының негiзге алынатын ставкаларына Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгiлеп отыратын коэффициент қолданылады.
Ескерту. 107-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
26-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ
ЖЕРГЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
108-бап. Жер салығының базалық ставкасы
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары, 1 гектар есебiмен белгiленiп, топырақ сапасы бойынша сараланады.
2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдiмгi және оңтүстiк қара топырақты, күңгiрт қызыл қоңыр және қызыл қоңыр топырақты жазықтағы аумақтары жерлерiне, сондай-ақ тау бөктерлеріндегі күңгiрт (сұрғылт қоңыр), қызыл қоңыр (қоңыр), сұр топырақты және тау бөктерлеріндегі қара топырақты аумақтарға бонитет балына бара-бар жер салығының мынадай базалық ставкалары белгiленедi:
Бонитет балы Салықтың базалық ставкасы, теңгемен
-----------------------------------------------------
1-10 0,25-1,25
11-20 1,50-2,50
21-30 2,75-5,00
31-40 7,50-12,50
41-50 15,00-20,00
51-60 22,50-27,50
61-70 30,00-42,50
71-80 45,00-57,50
81-90 60,00-75,00
91-100 77,50-100,00
100-ден артық 105,00
3. Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аумақтардағы бозғылт қызыл қоңыр, қоңыр, сұр қоңыр, бозғылт және кәдiмгi сұр топырақты, сондай-ақ таулы-далалық, таулы шалғындық-далалық және таулы альпiлiк және субальпiлiк топырақты таулы аумақтардағы жерлерге бонитет балына бара-бар жер салығының мынадай базалық ставкалары белгiленедi:
Бонитет балы Салықтың базалық ставкасы, теңгемен
----------------------------------------------------
1-10 0,25-0,50
11-20 0,75-2,50
21-30 2,75-5,00
31-40 5,25-7,50
41-50 7,75-10,00
51-60 10,25-12,50
61-100 12,75-25,00
100-ден артық 26,00
4. Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, бақша өсіру және саяжай салу үшін берілген жерлерге, оның ішінде қосалқы құрылыстар орналасқан жерлерге салықтың базалық ставкасы, теңгемен мынадай мөлшерде белгіленеді:
0,50 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
0,50 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 100 теңге;
Ескерту. 108-бап өзгертiлдi және 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 108-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 108-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 108-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
109-бап. Салық ставкасын айқындау
Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыры шегiнде жер учаскесiнiң орналасқан өңiрiне, оның сумен қамтамасыз етiлуiне, шаруашылық жүргiзудiң өндiрiстiк және басқа жағдайларына байланысты жер салығының базалық ставкасын азайтуға немесе көтеруге құқылы, бiрақ 20 проценттен артық көтермеуге тиiс.
110-бап. Ауыл шаруашылығы үшiн пайдаланылып жүрген ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерге салынатын салық
Елдi мекендердiң, өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, орман және су қорлары жерiнiң құрамына кiретiн ауыл шаруашылығы үшiн пайдаланылып жүрген учаскелерге осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарт бойынша салық салынады.
Ескерту. 110-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
27-тарау. ЕЛДI МЕКЕНДЕРДIҢ ЖЕРЛЕРIНЕ
САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
111-бап. Салық салынатын алаң
Салық салынатын алаңға құрылыстар мен ғимараттар алып тұрған жер учаскелерi, оларды ұстауға қажеттi учаскелер, сондай-ақ, егер олар басқа азаматтар мен ұйымдарға берiлмеген болса және жалпы пайдаланымдағы жерлер болмаса, санитарлық-қорғау аймақтары, техникалық және өзге де аймақтар енедi.
112-бап. Салықтың базалық ставкалары
1. Елді мекендердің жеріне салынатын салықтың базалық ставкасы бір шаршы метр алаңға есептеліп мынадай мөлшерде белгіленеді:
__________________________________________________________________________
| Елді мекеннің түрі |Тұрғын емес құрылыстар, |Жанындағы құрылыстары
| |ғимараттар, оларды ұс. |мен ғимараттарын қоса
| |тауға арналған учаске. |тұрғын үй қоры алып жат
| |лер, сондай-ақ объекті. |қан жерге теңгемен салы
| |лердің санитариялық-қор.|натын салықтың базалық
| |ғаныш аймақтары, техни. |ставкасы
| |калық және өзге де ай. |
| |мақтар алып жатқан жерге|
| |теңгемен салынатын салық|
| |тың базалық ставкасы |
|_________________________|________________________|_______________________
| 1 | 2 | 3
|_________________________|________________________|_______________________
|Қалалар: | |
|_________________________|________________________|_______________________
|Алматы: | 15,00 | 0,5
|_________________________|________________________|_______________________
|Астана | 10,00 | 0,5
|_________________________|________________________|_______________________
|Ақтау | 5,00 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Ақтөбе | 3,50 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Атырау | 4,25 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Тараз | 4,75 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Қарағанды | 5,00 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Қызылорда | 4,50 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Қостанай | 3,25 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Павлодар | 5,00 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Петропавл | 3,00 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Орал | 3,00 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Өскемен | 5,00 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Шымкент | 4,75 | 0,3
|_________________________|________________________|_______________________
|Алматы облысы: | |
|_________________________|________________________|_______________________
|облыстық маңызы | 3,50 | 0,2
|бар қалалар | |
|_________________________|________________________|_______________________
|аудандық маңызы | 3,00 | 0,2
|бар қалалар | |
|_________________________|________________________|_______________________
|Ақмола облысы: | |
|_________________________|________________________|_______________________
|облыстық маңызы | 3,00 | 0,2
|бар қалалар | |
|_________________________|________________________|_______________________
|аудандық маңызы | 2,60 | 0,2
|бар қалалар | |
|_________________________|________________________|_______________________
|Облыстық маңызы |Облыс орталығы үшін | 0,2
|бар басқа да қалалар |белгіленген ставканың |
| |85 проценті |
|_________________________|________________________|_______________________
|Аудандық маңызы |Облыстық орталығы үшін | 0,1
|бар басқа да қалалар |белгіленген ставканың |
| |75 проценті |
|_________________________|________________________|_______________________
|Поселкелер | 0,50 | 0,07
|_________________________|________________________|_______________________
|Селолар (ауылдар) | 0,25 | 0,05
|_________________________|________________________|_______________________
2. Астана, Алматы қалалары мен облыстық маңызы бар қалалар үшін үй маңындағы жер учаскелеріне салынатын салықтың базалық ставкасы, жанындағы құрылыстары мен ғимараттарын қоса алғанда тұрғын үй қоры алып жатқан жерлерді қоспағанда, мынадай мөлшерде белгіленеді:
0,1 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
0,1 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 600 теңге.
Қалған елді мекендер үшін үй маңындағы жер учаскелеріне салынатын салық тың базалық ставкасы, жанындағы құрылыстары мен ғимараттарын қоса тұрғын үй қоры алып жатқан жерлерді қоспағанда, мынадай мөлшерде белгіленеді:
0,50 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
0,50-ден асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 100 теңге;
2-1. Астана, Алматы қалаларының, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалар шегiне енгiзiлген елдi мекендер үшiн, осы қалалардың шекарасы өзгеруiне байланысты, жанындағы құрылғылар мен құрылыстарды қоса, тұрғын үй қоры алып жатқан жерден басқа, үй жанындағы 0,1 гектардан асатын жер учаскелерiне жер салығының ставкасын жергiлiктi өкiлдi органдар 0,01 гектар үшiн 20 теңгеден 600 теңгеге дейiнгi мөлшерде белгiлейдi.
3. Елді мекендердің Қазақстан Республикасының базарларында тауарлар сату құқығы үшін алым алынатын қызметті жүзеге асыруға, автотұрақтарға, май құю станцияларына бөлінген жеріне тұрғын емес құрылыстар, ғимараттар, оларды ұстауға қажетті учаскелер, сондай-ақ объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтары, осы баптың 1-тармағында көзделген техникалық және өзге де аймақтар алып жатқан жерлердің базалық ставкалары бойынша 2 еседен 10 есеге дейiн ұлғайтылған салық салынады.
Ставкаларды ұлғайтудың нақты мөлшерiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.
Ескерту. 112-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 112-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 112-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 112-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 112-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
113-бап. Салық ставкасын анықтау
1. Елдi мекендердiң жерiне салынатын салық ставкасын әрбiр жер иеленушi мен жер пайдаланушыға осы Заңның 112-бабында белгiленген базалық ставкаларға және осы баптың 4-тармағының шарттарына қарай жергiлiктi өкiлдi органдар анықтайды. Аудандарға бөлiнетiн қалаларда салық ставкасын қалалық өкiлдi өкiмет органдары анықтайды.
2.
3. Елдi мекеннiң шегiнде, бiрақ игерiлген аумақтардан тысқары орналасқан өнеркәсiп, көлiк, байланыс және өзге де ауыл шаруашылық мақсатындағы емес (шахталарды, карьерлердi және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге аймақтарын қоса) жерлерге 112-бапта көзделген базалық ставкалар бойынша жетпiс процентке дейiн төмендетiлген салық салынады. Төмендетудiң нақты мөлшерi жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.
4. Жергiлiктi өкiлдi органдар учаскенiң көлiк қатынауына қолайлылығына, сәулет-көркемдiк және құрылыс салудың ландшафтық құндылығына, айналадағы ортаның, микроклиматтық және санитарлық-гигиеналық жағдайына, аумақтық табиғи күштердiң қиратушы әсерiне ұшырауына, халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету орталықтарының өркендеуiне және басқа да факторларға байланысты жер салығының базалық ставкасын 20 проценттен асырмай азайтуға немесе арттыруға құқылы.
Ескерту. 113-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 113-баптың 2-тармағы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 113-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
28-тарау. ӨНЕРКӘСIП, КӨЛIК, БАЙЛАНЫС, ҚОРҒАНЫС
ЖӘНЕ БАСҚА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНА
АРНАЛМАҒАН ЖЕРГЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
114-бап. Салықтың базалық ставкалары
1. Базалық салық ставкалары елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлiк, байланыс және басқа ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер үшiн бiр гектарға есептелiп бонитеттiң балына бара-бар мынадай мөлшерде белгiленедi:
Бонитет балы Салықтың базалық ставкасы, теңгемен
-------------------------------------------------
0-10 25-250
11-20 275-562
21-30 590-825
31-40 853-1075
41-50 1102-1338
51-60 1365-1625
61-70 1652-1925
71-80 1953-2238
81-90 2265-2550
91-100 2578-2950
100-ден астам 3000
2. Салық төлеушiлер алып отырған жер учаскелерiне бонитет балын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жер салығының мөлшерi аралас орналасқан жер бонитетi балын негiзге ала отырып анықталады.
Ескерту. 114-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
115-бап. салықтың базалық ставкасын анықтау
Аудандық өкiлдi органдардың салықтың базалық ставкасын учаскенiң орналасқан өңiрiне коммуникациялар болуына және басқа факторларға қарай 20 проценттен асырмай азайтуға немесе арттыруға құқығы бар.
Ескерту. 115-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
116-бап. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерге салынатын салық
1. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлерге, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланып отырған жерлерден басқасына, осы Заңның 114-бабында көзделген базалық ставкаларға сәйкес салық салынады.
2. Қорғаныс мұқтажына уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылық мақсаты үшiн басқа жер пайдаланушыларға берiлген жерлер осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жер үшiн салық төлету тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
29-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ
ЖЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
117-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлерге салынатын салық
Заңды және жеке тұлғаларға иелену немесе пайдалану үшiн берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлерге салық салынуға тиiс.
Ескерту. 117-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
118-бап. Салық төлету тәртібі мен шарттары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлердiң құрамына кiретiн ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланылатын учаскелер осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
2. Сауықтыру және қалпына келтiру мақсатындағы жерлердiң құрамына кiретiн, заңды және жеке тұлғалардың иеленуiне немесе өзге мақсат үшiн пайдалануына берiлген учаскелер, ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланылатынынан басқасы, осы Заңның 114 және 115-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
Ескерту. 118-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.