Салықтан босатылатын дәрiлiк заттардың, протез-ортопедия бұйымдарының, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың, сондай-ақ материалдардың және олардың өндiрiсiне арналған жиынтықтағыштардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
19) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң түзеу мекемелерi, қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң республикалық мемлекеттік кәсiпорындары жүзеге асыратын өздерi өндiрген тауарды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөніндегі айналым;
20) мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беру саласында заңды тұлға құрмай, білім беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы бойынша кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар жүзеге асыратын білім беру қызметiн көрсету жөніндегі айналымдар;
21) заңды тұлға құрмай, медициналық қызмет көрсету құқығына лицензиясы бойынша кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар жүзеге асыратын, косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық қызмет көрсету жөніндегі айналымдар;
22) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік кәсiпорындары әскери бөлiмдер үшiн жүзеге асыратын коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі айналымдар;
23) осы Заңның 61-бабында аталғандардан басқа, тазартылған бағалы металдар - алтын мен платинаны сату жөніндегі айналым;
24) мемлекеттер, мемлекет үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желісі бойынша берiлетiн грант қаржылары есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөніндегі айналымдар;
25) «Байқоңыр» кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорын көрсететiн қызметтер;
26) анықтау, алдын ала тергеу органдарында және соттарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу және оларды қорғау жөніндегі қызметтер.
27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негiзгi құралдарды мемлекеттік мекемелер пайдасына өтеусiз негiзде беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік кәсiпорындар пайдасына негiзгi құралдарды өтеусiз негiзде беруi.
28) жобалау-смета құжаттамасына сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және iске қосу процесiнде толығымен тұтынылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағында сату жөніндегі айналымдар.
Осы тармақшада көзделген жеңiлдiктер Астана қаласының аумағында тiркелген салық төлеушiлерге:
заңды тұлғаларға;
кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
2. Егер салық төлеушi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстейтiн бөлiгiн басқа салық төлеушiге берген (сатқан) жағдайда, онда мұндай беру (сату) қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. Осы ереже жер қойнауын пайдалануға келісім-шартпен берiлетiн құқықты басқа салық төлеушiге беруге де қолданылады.
Ескерту. 57-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 57-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
Ескерту. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 11.06.2001 № 207 Заңымен.
Ескерту. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 05.07.2001 № 223 Заңымен.
Ескерту. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 16.07.2001 № 244 Заңымен.
12-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
58-бап. Тауарлар экспорты
1. Түсті және қара металл сынықтары экспортын, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасына тауарлар экспорты кезінде қосылған құн салығы ескерілген бағаны қолданатын мемлекеттерге тауарлар экспортын қоспағанда, тауарлар экспортына нөлдік ставка бойынша салық салынады.
2. Мыналар экспортталатын тауарларды растау болып табылады:
1) экспортталатын тауарлар жеткiзiлiмiне арналған келісім-шарт (шарт);
2) тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының және қызмет аймағында тауар сол арқылы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге шығарылған өткізу пунктi бар кеден органының белгiлерi соғылған кедендiк жүк декларациясы.
Тауарларды экспорт режимiнде құбырды пайдалану немесе электр желiлерi арқылы, не толық емес кезеңдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып шығарған жағдайда, салық органына кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi соғылған толық кедендiк жүк декларациясы берiледi;
3) Қазақстан Республикасының және аумағы арқылы тауар өткізу көзделетiн транзит мемлекеттердiң шекаралық кеден органдарының белгiлерi соғылған тауарлардың iлеспе құжаттары. Тауарлар экспорты жүзеге асырылатын көлiк түрiне қарай коносамент немесе оның көшiрмесi, халықаралық автокөлiкпен тасымалдау туралы халықаралық тауар-көлiк жөнелтпе құжаты, халықаралық авиациялық жөнелтпе құжаты немесе темiржол жөнелтпе құжаты осындай құжаттар болып табылады.
Тауарларды экспорт, режимiнде құбырды пайдалану немесе электр желiлерi арқылы шығарған жағдайда, тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) қажет болған жағдайда салық органдары Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталған тауарлардың еркiн айналымы үшiн шығару режимiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзілген фактiсiн растау жөніндегі өтiнiшпен Қазақстан Республикасының кеден органдары экспорт режимiнде ресiмдеген кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген тауарлар баратын елдiң органдарына жүгiне алады.
2-1. Осы Заңның 60-1-бабының 2-тармағында көрсетiлген құжаттар «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағына еркiн кеден аймағы режимiнде тауарлар экспортын растау болып табылады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде шығарылған тауарлар импорты елiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi, Қазақстан Республикасымен тауарлар экспортына нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
4. Осы Заңның 69-бабының 1-тармағына сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасын анықтау кезiнде салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашылған шотына валюта түсiмi келiп түскен тауарлар экспорты ескерiледi.
5. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар бар болған жағдайда, тауарлар экспортына осы шарттарда белгiленген тәртiппен қосылған құн салығы салынады.
Қазақстан Республикасымен тауарлар экспортына нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарттар жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлар экспортына Осы Заңның 62-бабында көзделген ставкалар бойынша қосылған құн салығы салынады.
Ескерту. 58-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 58-бап өзгертiлдi және 6-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 58-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 58-бап 6-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 58-бап 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 58-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 58-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 22.06.2001 № 213 Заңымен. (Бұл өзгеріс 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 58-бап 2-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 05.07.2001 № 223 Заңымен.
59-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Қазақстан Республикасымен тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортына нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарт жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде жүзеге асырылатын тасымалдауларды қоспағанда, жолаушыларды, тауарларды, жануарларды, жүктер мен поштаны халықаралық тасымалдауға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 1-тармағындағы ереже халықаралық тасымалмен байланысты жүзеге асырылатын жұмыстар мен қызметтерге қолданылмайды.
Ескерту. 59-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 59-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
60-бап. Тоқыма, тiгiн, терi-аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өнiмдерiне салық салу
Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасы аумағында сататын тоқыма, тiгiн, терi-аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өз меншiгіндегі өндiрiсiнiң өнiмдерiне нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Ескерту. 60-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
60-1-бап. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағына сатылатын тауарларға салық салу
1. Жобалау-смета құжаттамасына сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және iске қосу процесiнде толығымен тұтынылатын тауарлар мен жабдықтарды «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағына сатуға нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы Заңның мақсаттары үшiн үйлердi, ғимараттарды, инфрақұрылым объектiлерiн тұрғызу процесiне тiкелей тартылған тауарлар құрылыс процесiнде толығымен тұтынылатын тауарлар деп ұғынылады. Электр энергиясы, мұнай өнiмдерi мен су құрылыс процесiнде толығымен тұтынылатын тауарларға жатпайды.
2. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшiн:
1) арнайы экономикалық аймақ аумағында инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салуды жүзеге асыратын, осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғалармен тауарлар беруге жасалған шарт (келісім-шарт);
2) еркiн кеден аймағының кеден режимiнде тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органы ресімдеген кедендік жүк декларациясының көшiрмесi;
3) осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттар;
4) осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.
Ескерту. 60-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 05.07.2001 № 223 Заңымен.
61-бап. Тазартылған бағалы металдар - алтын мен платинаға салық салу
Қазақстан Республикасының резиденттерi сататын өз меншігіндегі өндірісінің - тазартылған бағалы металдарына алтын мен платинаға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Ескерту. 61-баптың 1-тармағы толықтырылды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 61-бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 61-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 61-баптың 1-тармағы 18)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 30.10.1997 № 175-I Заңымен.
Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 61-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 260 Заңымен.
Ескерту. 61-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 61-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 61-баптың 1-тармағының 17)-тармақшасы жаңа редакцияда және 17)-1-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 61-бап 1-тармағы толықтырылды,2 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда және 10) тармақшасы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 61-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 61-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
61-1-бап. Теледидар және радиохабарларын тарату ұйымдарының өнімдеріне салық салу
Қазақстан Республикасының теледидар және радиохабарларын тарату ұйымдары жүзеге асыратын өз шығарылымдарының теле- және радиоөнімдерін шығару мен (немесе) тарату, сондай-ақ жарнамалық қызмет көрсету (сату үшін әзірленген көркем киноөнімдерін, бейнеклиптерді және жарнамалық роликтерді қоспағанда) бойынша айналымға нөлдік ставкамен қосылған құн салығы салынады.
Бұл норма баспасөз істері және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша байланыс саласындағы уәкілетті орган берген лицензия негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының теледидар және радиохабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
Ескерту. 61-1-баппен толықтырылды- Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
13-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
62-бап. Салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының ставкалары
1. Қосылған құн салығының ставкасы, осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерiнiң 16 процентiне теңестiрiледi.
2. Осы Заңның 58-61-баптарында көзделген тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтердi сату жөніндегі айналымдарға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
3.
Ескерту. 62-бап сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 62-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 62-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
63-бап. Бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы
Бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының салық салынатын айналым бойынша сомасы осы Заңның 62-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген салық сомасы мен осы Заңның 64-бабына сәйкес есепке алуға жататын салық сомасының арасындағы айырма ретiнде белгiленедi.
Ескерту. 63-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
64-бап. Бюджетке түсетiн жарналарды анықтау кезiнде есепке алуға жатқызылатын қосылған құн салығы
1. Салық төлеушi нақты түскен тауарлар бойынша, негiзгi құрал-жабдықтарды қоса алғанда (үйлер мен жеңiл автомобильдерден басқа), салық салынатын айналымның мақсаты үшiн пайдаланылып отырған немесе пайдаланатын есептi кезең iшiнде атқарылған жұмыс немесе көрсетiлген қызмет бойынша, нөлдiк ставка бойынша айналымды қоса алғанда, табыс етiлген шот-фактураларына орай, салық төлеушiлер жеткізушiлерге төлеуге тиiстi салық сомасы есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
Негiзгi құрал-жабдықтарды қоса алғанда (жеңiл автомобильдерден басқа), импортталатын тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресiмделген, кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген және кедендiк режим шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық, есепке алуға жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
2. Мемлекеттік материалдық резервтен алынған тауарлар бойынша мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысанда жазып берген, тиеуге арналған құжатта көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы есепке алуға жатқызылады.
3. Негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуде атқарылған жұмыс бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алуға жатқызылуға тиiс.
Үйлердi жөндеуге жұмсалған шығындар бойынша қосылған құн салығы амортизациялық аударымдарды есептеуге арналған кезеңде салық төлеушiнiң қолданғаны үшiн осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылатын жөндеу жұмыстары бойынша шығыстар сомасы негiзге алынып есептелген мөлшерде есепке алуға жатқызылады, салықтың қалған сомасы үйдiң құнын арттыруға жатқызылады.
4. 3-тармақтың ережесi жалға берiлетiн негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге қатысты да қолданылады.
Егер жалға берiлетiн негiзгi құрал-жабдықтарды, соның ішінде үйлердi жөндеу жөніндегі шығындар жалдау ақысы құнына енгiзiлсе, сондай-ақ жалдау шартының мерзiмi аяқталған немесе ол бұзылған жағдайда жалдаушыда жөндеу құны салық салу объектiсi ретiнде қарастырылады.
5.
6. Қосылған құнға салынатын салық, егер салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiне жатпайтын шаралар өткізуiне орай тауарлар алуға, жұмыстарға немесе қызметтерге байланысты төлеуге жататын болса, есепке алынбайды.
7. Есепке алуға жатқызылмайтын қосылған құнға салынатын салық осы бапқа сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу құнын арттыруға жатқызылады және осы баптың 6-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің шығындары құрамына енгiзiледi.
Үйлер мен жеңiл автомобильдер бойынша төленуге тиiс, есепке алуға жатқызылмайтын қосымша құнға салынатын салық амортизация сомасы арқылы салық төлеушiнiң шығындары құрамына енгiзiледi.
8. Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықты төлеушi болып табылмайтын жеткізушiлерге төленуге тиiс қосымша құнға салынатын салық сомасы есепке алуға жатқызылған жағдайда аталған сомалар есептен алып тасталуға және сатып алу құнын арттыруға жатқызылады.
Ескерту. 64-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. Жаңа 64-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 64-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
64-1-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылған, iске асыру бойынша айналымдар кезiнде қосылған құнға салынатын салықты есепке алуға жатқызу ерекшелiктерi
1. Кезеңдiк ресiмдеу кезiнде де жеткізушiлерге төленуге тиіс қосылған құнға салынатын салық, қосылған құнға салынатын салықтан босатылған айналымдар бойынша есепке алуға жатқызылмайды, салық төлеушiнiң шығындары құрамына, ал негiзгi құрал-жабдықтар бойынша оларды сатып алу құнын арттыруға енгiзiледi.
2. Салық салынатын және салықтан босатылған айналымдар кезiнде салық төлеушiнiң таңдауы бойынша немесе төпе-тең бөлектеу әдiсiмен белгiленген қосылған құнға салынатын салық сомасы қабылданады.
Таңдап алынған әдiс бойынша есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынған салықтың сомасын анықтауды салық төлеушi бүкiл салық жылының iшiнде жүзеге асырады.
3. Тепе-теңдiк әдiсi бойынша есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағына қарай анықталады.
Заңды және жеке тұлғалардың бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша мәмiлелердi жүзеге асыруы кезiнде осы тармақтың мақсаттары үшiн жалпы айналымға бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған өсiм енгiзiледi.
4. Бөлектеу әдiсi бойынша есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасын анықтау кезiнде салық төлеушi жеткізушiлерге салық салынатын және салықтан босатылған айналымдар бойынша тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасының бөлек есебiн жүргiзедi.
Тек салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қосылған құнға салынатын салық осы Заңның 64-бабында көзделген тәртiппен толық көлемiнде есепке алуға жатқызылады.
Босатылған айналымдар мақсатында пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қосылған құнға салынатын салық есепке алуға жатқызылмайды.
Салық салынатын да, салықтан босатылған да айналымдар мақсатында пайдаланылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулер бойынша айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағы бойынша анықталған қосылған құнға салынатын салық сомасы есепке алуға жатқызылады.
Ескерту. 64-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
64-2-бап. Күдiктi талаптар мен күдiктi мiндеттемелер бойынша төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасына түзету енгізу
1. Егер тиелген тауарлар, атқарылған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн төлемнiң бiр бөлiгi немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап туғызса, онда салық төлеушiнiң күмәндi талаптың туындауымен байланысты қосылған құнға салынатын салық ескерiлген есептi кезең аяқталғаннан кейiнгi екi жылдан соң ғана бюджетке төленуге тиiс жарна сомасын азайтуға құқығы бар.
Осы тармақта көзделген, салық төлеушi күмәндi талаптар бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасын есепке алуға жатқызу құқығын пайдаланғаннан кейiн тиелген тауарлар, атқарылған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн ақы алынған жағдайда салық салынатын айналым ақы төленген есептi кезеңдегi аталған ақы құнына өсiрiлуге тиiс.
2. Бұрын есепке алуға қабылданған қосылған құн салығының сомасы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша күмәндi мiндеттемелердi есептен шығару кезiнде ол есепке алынған кезден бастап екi жыл өткеннен кейiн есепке алудан шығарып тасталуға тиiс.
Егер күмәндi мiндеттемелер есептен шығарылғаннан кейiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн салық төлеушi ақы төлеген жағдайда аталған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша салық сомасы есепке алуда сол ақы төленген есептi кезеңде қалпына келтiрiлуге тиiс.
Ескерту. 64-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
64-3-бап. Көлiк-экспедиторлық ұйымдардағы қосылған құнға салынатын салықты есепке алуға жатқызу ерекшелiктерi
Жүк тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар табыс еткен шот-фактураларда көрсетiлген қосылған құнға салынатын салық, осындай ұйымдардың тiкелей мұқтаждары үшiн жүзеге асырылатын тасымалдарды қоспағанда, көлiк-экспедиторлық ұйымдарда есепке алынуға жатпайды.
Ескерту. 64-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
65-бап. Шот-фактура
1. Шот-фактура қосылған құнға салынатын салықты төлеушiлердiң барлығы үшiн мiндеттi құжат болып табылады. Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеудi, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетулердi жүргiзетiн салық төлеушi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жеке тұлғаларға (халыққа) қолма-қол есеп айырысып сату жағдайларын қоспағанда, аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алушы тұлғаға шот-фактура табыс етуге мiндеттi.
2. Шот-фактуралар нысанын және оны қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және статистика жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсім бойынша белгiлейдi.
Қосылған құнға салынатын салық бойынша есептесу кезiнде шот-фактурада мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) рет нөмiрi және шот-фактураның жасалған күнi, айы, жылы;
2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізушi мен сатып алушының атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi;
3) жеткiзiлетiн (тиелетiн) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы (сипаттамасы);
4) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) салықсыз (салық салынатын айналым);
5)
6) қосылған құнға салынатын салық ставкасы;
7) қосылған құнға салынатын салық сомасы;
8) қосылған құнға салынатын салық ескерiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны;
9) жеткізушiнiң мөрi (мөртабаны).
Шот-фактура тауарлар тиеп жiберiлген, жұмыстар атқарылған, қызметтер көрсетілген күннен кешiктiрілмей жазылады.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны және қосылған құнға салынатын салықтың сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
3. Осы Заңның 56-8-бабына сәйкес салық салынатын айналымды түзету құнына өзгерту кезiнде қосымша шот-фактура жазып берiледi, соның негiзiнде сатып алушының есепке алуға жатқызылатын салық сомасы өзгертiледi.