Аталған салық төлеушілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысанда осы баптың 11-тармағында көрсетілген тауарлардың қалдығын пайдалану туралы мәліметтерді қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органдарына табыс етеді.
2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жолда келе жатқан, төлемі 2001 жылғы 1 шілдеге дейін төленген, бірақ көрсетілген күннен кейін алынған негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылған ставкаға негізделіп есептелген мөлшерде есепке жатқызылады. 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жолда келе жатқан, көрсетілген күнге дейін төлемі төленбеген, 2001 жылғы 1 шілдеден кейін алынған негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылған ставкаға негізделіп есептелген, бірақ 16 проценттен аспайтын ставка мөлшерінде есепке жатқызылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің берушілерімен 2001 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісім-шарттар (шарттар) бойынша 2001 жылғы 1 шілдеден кейін қосылған құн салығы ескерілген бағамен алынған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қосылған құн салығы есепке жатқызылуға тиіс емес.
13. Осы Заңның 137-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
Ескерту. 179-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 179-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 179-бап 2-3-тармақтармен толықтырылды, 2, 3, 4, 5-тармақтар 4, 5, 6, 7-тармақтар болып саналды, 7-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 30.06.1997 № 138-1 Заңымен.
Ескерту. 179-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 15.04.1998 № 216-1 заңымен.
Ескерту. 179-бап 4-1 тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 14.12.1998 № 316-1 заңымен.
Ескерту. 179-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 179-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 29.03.2000 № 41 Заңымен.
Ескерту. 179-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi