2. Жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке шарттары негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдаланушылар бонустардың мынадай түрлерiн төлейдi:
1) жазылу жүргiзiлетiн бонус;
2) коммерциялық табу бонусы;
Жасалатын келісім-шарттар жобасының экономикасына сәйкес бонустардың бiр немесе бiрнеше түрi қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 95-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
96-бап. Жазылу жүргiзiлетiн бонус
Жазылу жүргiзiлетiн бонус жер қойнауын пайдаланушының заңдарда белгiленген тәртiп бойынша келісім-шарт жасалған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiр жолғы тiркелген төлемi болып табылады.
96-1-бап. Жазылу жүргiзiлетiн бонусты белгiлеу тәртібі, оның мөлшерi мен төлену мерзiмi
1. Жазылу жүргiзiлетiн бонустардың бастапқы мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Құзыреттi орган белгiлейдi не ол тендер өткізу ережелерi бойынша белгiленедi.
2. Жазылу жүргiзiлетiн бонустың түпкiлiктi мөлшерi келісім-шартта жер қойнауын пайдалану үшiн берiлген кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына байланысты, бiрақ бастапқы мөлшерден кем емес болып белгiленедi.
3. Жазылу жүргiзiлетiн бонусты төлеу мерзiмi тараптардың келісім-шартымен немесе келісімiмен, бiрақ келісім-шарт жасасқан уақыттан бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей берiледi.
4. Жер қойнауын пайдаланушылар жазылу жүргiзiлетiн бонус бойынша декларацияны есептi айдан кейiнгi айдың оны күнiне дейiн тiркеу орны бойынша аумақтық салық органдарына ұсынады.
Ескерту. 96-1-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 96-1-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
97-бап. Коммерциялық табу бонусы
1. Коммерциялық табу бонусы тiркелген төлем болып табылады және жер қойнауын пайдаланушы оны келісім-шарт жасалған аумақтағы әрбiр коммерциялық табу үшiн төлейдi.
2. Пайдалы қазбаларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн кен орнына барлау жүргiзуге жасалған келісім-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.
97-1-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі, оның мөлшерi
мен төлену мерзiмi
1. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Коммерциялық табу бонусының мөлшерi келісім-шартпен белгiленедi.
3. Коммерциялық табу бонусы белгiленген тәртiпке сәйкес коммерциялық табу расталған уақыттан бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей төленедi.
4. Жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияны коммерциялық табу жасалған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiне дейiн тiркеу орны бойынша аумақтық салық органдарына ұсынады.
Ескерту. 97-1-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
98-бап.
98-1-бап.
Ескерту. 98, 98-1-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
23-тарау. РОЯЛТИ
99-бап. Роялти туралы жалпы ережелер
Роялтидi жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының аумағындағы пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша жеке-жеке төлейдi.
99-1-бап. Роялтидiң төлену түрi
1. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, роялтидi ақшалай түрде төлеу белгiленедi.
2. Келісім-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісімi негiзiнде, роялтидi ақшалай төлеу түрi белгiленген мерзiмде ақшалай түрiне балама төлеуiнiң заттай нысанына толық немесе iшiнара уақытша ауыстырылуы мүмкiн.
99-2-бап. Роялти белгiлеудiң жалпы шарттары
1. Жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбiр келісім-шартта роялтидiң ставкалары пайдалы қазбалардың түрiне қарай:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген кесiмдi ставкалармен кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiп бойынша техникалық-экономикалық есеп-қисаптарға негiзделген жоба экономикасын негiзге ала отырып, әрбiр келісім-шартта жеке-дара барлық қалған пайдалы қазбалар бойынша белгiленедi.
2. Бiр келісім-шарт бойынша пайдалы қазбалардың бiрнеше түрiн өндiрген жағдайда роялти пайдалы қазбалардың әрбiр түрi бойынша белгiленiп, төленедi.
2-1. Роялтидiң тiркелген ставкасы белгiленген пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі келісім-шарттардың мерзiмi ұзартылған жағдайда құзыреттi орган роялти ставкасын ұлғайту жағына қарай қайта қарауға құқылы.
Ескерту. 99-2-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
100-бап. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялти
Есептi кезең iшіндегі орташа сату бағасын негiзге ала отырып, өндiрiлген пайдалы қазбалар мен жерасты сулары көлемiнiң құны өндiрiлген пайдалы қазбалар мен жерасты суларының құн түрiнде есептелген көлемi жанама салықтарды және жөнелту орнынан тасымалдауға арналған іс жүзіндегі шығыстардың сомасын есептемегенде кеңтаралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялти салынатын объектiлер болып табылады.
Роялтидi есептеудiң бұл тәртібі жер қойнауын пайдаланушының өз қажетiне пайдалану үшiн өндiрiлген кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларына да қолданылады.
Ескерту. 100-баптың 1-бөлігі толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 100-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
100-1-бап. Бағалы металдар мен асыл тастар бойынша роялти
1. Алтын, күмiс және платина бойынша роялти салу объектiсi өндiрiлген металдың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн халықаралық металл биржасында есептi кезеңдегi орташа сату бағасы негiзге алынып, құн түрiнде есептелген көлемi болып табылады.
2. Бағалы металдар (осы баптың 1-тармағында аталғандарын қоспағанда) және асыл тастар бойынша роялти салудың объектiсi өндiрiлген бағалы металдар мен асыл тастардың есептi кезеңдегi жанама салықтарды есепке алмағандағы орташа сату бағасы негiзге алынып, құн түрiнде есептелген көлемi болып табылады.
Ескерту. 100-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 100-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
100-2-бап. Көмiрсутектер бойынша роялти
1. Есептi кезең iшiнде көмiрсутектердi өткізудiң орташа бағасы негiзге алынып өндiрiлген көмiрсутектердiң құн түрiнде есептелген көлемi көмiрсутектер бойынша роялти салынатын объект болып табылады.
2. Көмiрсутектер өндiруге жасалған келісім-шарттарда роялти өндiру көлемiне қарай айқындалған процент ретiнде өзгермелi шкала бойынша белгiленедi.
Ескерту. 100-2-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 100-2-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 100-2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
100-3-бап. Кең таралған пайдалы қазбалардан, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан басқа қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти
1. 100 және 100-1-баптарда көрсетiлгендерiн қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти салудың объектiсi өндiрiлген пайдалы қазбалардың есептi кезеңде нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған бiрiншi тауарлы өнiмдi сатудың жанама салықтар есепке алынбаған орташа сату бағасы негiзге алынып, құн түрiнде есептелген көлемi болып табылады.
2. Осы бапта көрсетiлген қатты пайдалы қазбалар өндiруге жасалған келісім-шарттар бойынша роялти келісім-шарт қолданылатын барлық кезең үшiн кесiмдi проценттiк мөлшерде, 99-2-баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып белгiленедi.
Ескерту. 100-3-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 100-3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
101-бап. Роялтидi төлеу тәртібі
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк ай роялти төлеудi белгiлеу жөніндегі есептi кезең болып табылады.
2. Егер роялти бойынша тоқсандық төлемдердiң орташа айлық мөлшерi есеп айырысатын айлық 1000 көрсеткiштен кем болса, есептi кезең тоқсан болып табылады.
2-1. Есептi кезеңде пайдалы қазбаларды (бiрiншi тауарлық өнiмдi) сату болмаған жағдайда, осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, сатудың орташа бағасына соңғы сату болған кезеңдегi пайдалы қазбаларды (бiріншi тауарлық өнiмдi) сатудың орташа бағасы қабылданады.
2-2. Осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбаларды (бiрiншi тауарлық өнiмдi) сату мүлде болмаған жағдайда, есептi кезеңде роялтиге салық салу объектiсiн есептеу үшiн пайдалы қазбалар өндiруге жұмсалған iс жүзіндегі шығындар сатудың орташа бағасы ретiнде қабылданады.
Бұл орайда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың (бiрiншi тауарлық өнiмнiң) iс жүзіндегі сату бағасын негiзге ала отырып, роялтиге осыдан кейiнгi түзету жасауға мiндеттi.
3. Төлеушiлер роялти жөніндегі декларацияны салық тiркеу орны бойынша салық қызметi органдарына есептi кезеңнен кейiнгi айдың онына дейiн табыс етедi.
4. Роялти есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрiлмей төленедi.
Ескерту. 101-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 101-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 101-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
24-тарау. ҮСТЕМЕ ПАЙДАҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
102-бап. Үстеме пайдаға салынатын салық жөніндегі жалпы ережелер
«Өнiмнiң бөлiнуi туралы» келісім-шарттар және кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiруге жасалған келісім-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан басқаларға осы келісім-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемейтiн жағдайда, үстеме пайдаға салық 103 және 104-баптарда белгiленген тәртiп пен ставкалар бойынша салынады.
103-бап. Үстеме пайдаға салық салынатын объект және оны есептеу тәртібі
1. Жер қойнауын пайдаланушы пайданың жиырма процентiнен жоғары iшкi нормасын алған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының есептi жылғы әрбiр жеке келісім-шарт бойынша алған таза табысының сомасы үстеме пайдаға салық салынатын объект болып табылады.
2. Үстеме пайдаға салынатын салық пайданың есептi жылдың аяғындағы iшкi нормасының қол жеткен деңгейiн негiзге ала отырып, 104-бапта белгiленген ставкалар бойынша есептеледi. Пайданың iшкi нормасын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
104-бап. Үстеме пайдаға салынатын салық ставкалары және оны төлеу мерзiмдерi
1. Үстеме пайдаға салынатын салық ставкалары мынадай мөлшерде белгiленедi:
_____________________________________________________________________
Пайданың iшкi нормасы Есептi жылғы таза табысқа
(ПIН), % шаққанда %-пен алынған
үстеме пайдаға салынатын
салық ставкасы
_____________________________________________________________________
20-дан кем немесе оған тең 0
20-дан артық, бiрақ 22-ден кем немесе
оған тең 4
22-ден артық, бiрақ 24-тен кем немесе
оған тең 8
24-тен артық, бiрақ 26-дан кем немесе
оған тең 12
26-дан артық, бiрақ 28-ден кем немесе
оған тең 18
28-ден артық, бiрақ 30-дан кем немесе
оған тең 24
30-дан артық 30
_____________________________________________________________________
2. Үстеме пайдаға салынатын салық жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушылар салық тiркейтiн орын бойынша салық қызметiнiң органдарына есептi жылдан кейiнгi жылдың оныншы сәуiрiне дейiн табыс етедi.
3. Үстеме пайдаға салынатын салық есептi жылдан кейiнгi жылдың он бесiншi сәуiрiне дейiн төленедi.
Ескерту. 104-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
VI-I Бөлім.
Ескерту. VI-I, VI-II және VI-III-бөлімдермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 заңымен.
Ескерту. VI-I-бөлім алып тасталды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
VI-II Бөлім. Әлеуметтік салық
24-3-тарау. Әлеуметтік салық бойынша жалпы ережелер
104-7-бап. Салық салу объектісі
1. Салық салу объектісі еңбекке ақы төлеу қоры болып табылады.
2. Әлеуметтік салық қаржыландыру көздеріне қарамастан тиісті салықтарды ұстағанға дейін есептеледі.
3. Салық төлеушiлер төлемнің мынадай түрлеріне әлеуметтік салық төлемейді:
1) заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар жеке тұлғалардан (қызметкерлерден) жинақтаушы зейнетақы қорларына ұстайтын міндетті зейнетақы жарналарына;
2) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыға;
3) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметі тоқтатылған, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылған кезде, қызметкер әскери қызметке шақырылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орташа айлық жалақы мөлшерінде төленетін өтемақыға;
4) геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшердегі далалық жабдықталымына;
5) вахталық әдiспен жұмыс істейтін немесе жылжымалы сипатқа байланысты жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің жалақысына қосылатын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшердегі үстеме ақыларға;
6) берілген арнаулы киімдердің, арнаулы аяқкиімдердің және басқа да жеке қорғаныс құралдарының, сабынның, майды кетіретін құралдардың, сүттің және емдеу-алдын алу тамағының құнына;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты мертігуінен не денсаулығына өзге де зақым келуінен болған залалдың орнын толтыруға (жоғалтқан жалақысына қатысты өтемнен басқа);
8) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда және тағы басқаларда жүлделі орын үшін берілетін ақшалай сыйлықтарға;
9) әскери қызметшілерге әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты олар алатын және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындауға байланысты олар алатын төлемдердің барлық түрлеріне;
10) қызметкерлерге бала туған кезде, ақылы медициналық операция жасату үшін, жерлеуге берілетін материалдық көмекке;
11) ұйыммен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кезде жол жүру, мүлікті жеткізу және үй-жайды жалдау бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемақысына;
12) жалпы науқастануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақыларға және бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін әлеуметтік жәрдемақыларға;
13) экологиялық апаттың немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтарға берілген төлемдерге;
14) табыс салығы салынған жалақы аударымдарынан қалыптасқан кәсiподақ бюджетiнiң қаражаттарынан кәсiподақ мүшелерiне арналған материалдық көмекке;
15) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерi және халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілетін гранттардың қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдерге;
16) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі берген мемлекеттік сыйлықтарға, стипендияларға;
17) жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің жеке жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықтарына;
Ескерту. 104-7-бап 3-тармағының 1-тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Президентінің 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 104-7-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 104-7-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 104-7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 104-7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 104-7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 31.12.2001 № 277 Заңымен.
104-8-бап. Салықты төлеушілер
Салықты төлеушілер мыналар:
заңды тұлғалар (шетелдіктер қатысқан заңды тұлғаларды, шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдарын қоса);
осы Заңның 104-7-бабына сәйкес салық салу объектісі бар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар.
Әлеуметтік салықты төлеушілер салық төлеуді өздерінің орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген тәртіппен Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге өз филиалдары, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық төлеуді тиісті бюджеттерге бойынша жүзеге асырады.
Ескерту. 104-8-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 104-8-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 104-8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
24-4-тарау. Салықты төлеу
104-9-бап. Салық ставкалары
1. Әлеуметтік салықты заңды тұлғалар қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қорының 21 процент ставкасы бойынша төлейді.
1-1.
2. Ақыл-ойы мен дене дамуы жөнінен кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы әлеуметтік салықты еңбекке ақы төлеу қорының 20,5 проценті ставкасы бойынша төлейді.
3. «Ардагер» зейнеткерлер кәсіпорындарының Республикалық бірлестігі, сондай-ақ тек қана зейнеткерлер жұмыс істейтін, осы бірлестіктің меншігі болып табылатын және оның қаражаттары есебінен құрылған өндірістік, оқу- өндірістік ұйымдар; «SOS - Қазақстанның Балалар қалашықтары» Балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест Қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы кәсіпорындарының Республикалық бірлестігі (өндірістік ұйымдарсыз), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің Ерікті қоғамы (өндірістік ұйымдарсыз) еңбекке ақы төлеу қорының 7,5 процент ставкасы бойынша салық төлейді. Олар сауда-делдалдық қызметтен, акцизделетін тауарларды өндіруден және сатудан табыс тапқан жағдайда салық 8 процент ставка бойынша төленеді.
4. Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 50 процентін мүгедектер құрайтын, осы қоғамдардың меншіктері болып табылатын және солардың қаражаттары есебінен құрылған өндірістік, оқу- өндірістік ұйымдар, асырауында балалары бар мүгедек аналардың «Бибі-Ана» республикалық қоғамы, мүгедектерді және психикалық-дене дамуы бұзылған балаларды қорғау жөніндегі «Ақ бота» Лига қоғамдық бірлестігі еңбекке ақы төлеу қорының 6,5 процент ставкасы бойынша төлейді.
Олар сауда-делдалдық қызметтен, акцизделетін тауарлар өндіру мен сатудан табыс тапқан жағдайда, салық 7 проценттік ставка бойынша төленеді.
5. Шаруа (фермер) қожалықтарын, сондай-ақ заңды тұлға құрмай патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар әрбiр қызметкерi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 60 процентi, сондай-ақ осы Заңға сәйкес шегерiм жасауға жатпайтын шығындарды қоспағанда, табыс алумен байланысты шығындарды алып тастағандағы айлық табыстың қосымша 10 процентi мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
Заңды тұлға құрмай патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 49 процентi, сондай-ақ патент құнын анықтау кезiнде мәлiмделген салық салынатын болып жорамалданған айлық табыстың қосымша 5 процентi мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
Шаруа (фермер) қожалықтары шаруа (фермер) қожалығының әрбiр қызметкерi, басшысы және шаруа (фермер) қожалығының әрбiр мүшесі үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 20 процентi мөлшерiнде әлеуметтік салық төлейдi.
6.
Ескерту. 104-9-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 104-9-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 104-9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 104-9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 03.05.2001 № 183 Заңымен.
104-10-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Әлеуметтік салық төлеу, жалақының төленуіне қарамастан, бірақ келесі айдың 15-інен кешіктірілмей, айдың екінші жартысы үшін жалақы төлеуге белгіленген мерзімде ай сайын жүргізіледі.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн осы Заңда белгiленген мерзiмдерде есептi кезеңнiң әрбiр айына әлеуметтiк салық төлейдi.
1-1. Мемлекеттік мекемелер есепті кезең ішінде аударған салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған жұмысқа уақытша жарамсыздығы жөніндегі, жүкті болуы және бала тууы жөніндегі жәрдемақылар сомасына еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 проценті шегінде азайтылады. Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктiлiгi мен бала тууы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған жәрдемақылардың есептi кезеңнiң еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 процентiнен асатын сомасы келесi есептi кезеңдерге ауыстырылады және осы тармақта белгiленген тәртiппен мемлекеттік мекемелер есептеген соманы азайтады.
2. Әлеуметтiк салық бойынша декларация тоқсаннан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрiлмей тапсырылады.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшiн осы Заңда белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк салық бойынша декларация табыс етедi.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкілдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi декларацияны оның орналасқан орны бойынша аумақтық салық органына ұсынуы және салық төлеуді дербес жүзеге асыруы мүмкiн.
3. Есептелген шекте төленген салық сомасы шегеріске жатқызылады.
Ескерту. 104-10-бап 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 104-10-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 104-10-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Ескерту. 104-10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
104-11-бап. Әлеуметтік салық бойынша есепті кезең
Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырысу жөніндегі есепті кезең күнтізбелік ай болып табылады.
VI-III Бөлім.
Ескерту. VI-III Бөлім алып тасталды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
VII бөлiм
ЖЕР САЛЫҒЫ
25-тарау. ЖЕР САЛЫҒЫ ЖӨНIНДЕГI ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
105-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер учаскесi салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы;
2) елдi мекендердегi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге мақсаттағы;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлер;
5) орман қорының;
6) су қорының жерi салық салу объектiлерi болып табылады.
Ескерту. 105-баптың 2-тармақтың 4-тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
106-бап. Жер салығын төлеушiлер
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоспағанда, меншiгiнде, тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусiз уақытша пайдалануында жер учаскесi бар заңды тұлғалар (оның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және жеке тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.