3) заңды тұлғаларға сыйақы (мүдде) төлейтiн заңды немесе жеке тұлға;
4) осы Заңның 33-бабында көзделген төлемдердi жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға жүргiзуге мiндеттi;
5) жеке тұлғаларға ұтыстар төлейтiн заңды және жеке тұлға;
6) осы Заңның 48-бабының 3-тармақшасына сәйкес төлемдер төлейтiн заңды немесе жеке тұлға;
7) жеке тұлға резидент-заңды тұлғадағы қатысу үлесiн сатудан түскен табысты төлейтiн заңды немесе жеке тұлғалар.
2. Орналастырылған зейнетақы активтерi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн инвестициялық кiрiстерге төлем көзiнде табыс салығы салынбауға тиiс.
3. Салықты ұстауға және бюджетке аударуға табыс төлеушi заңды немесе жеке тұлға жауап бередi. Салық сомасы ұсталмаған жағдайда табыс төлеушi заңды немесе жеке тұлға ұсталмаған салық сомасын және соған байланысты айыппұл мен өсiмдi бюджетке енгізуге мiндеттi.
4. Төлем көзiнен салық ұстайтын заңды және жеке тұлғалар осы баптың 1-тармағына сәйкес:
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа ұйымдардан осы баптың 1-тармағында көзделген төлемдердi төлеуге қаражат алған кезде бюджетке салық сол қаражатты алысымен бiр мезгiлде, басқа жағдайларда төлем жасалған ай аяқталған соң, шаруа (фермер) қожалықтарын қоспағанда, 5 банк күнi iшiнде аударуға;
шаруа (фермер) қожалықтары жалдамалы қызметкерлердiң табыстарынан ұсталатын салық сомасын бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн белгiленген мерзiмде енгiзедi.
2) жалақы төлеген кезде табыс алушы жеке тұлғаға оның талап етуi бойынша тегi және аты-жөнi, табыстың сомасы мен түрi, сондай-ақ ұсталған салықтың сомасы (егер салық ұсталған болса) көрсетiлген анықтама беруге;
3) салық жылы аяқталғаннан кейiн 30 күн iшiнде жеке тұлғаның тiркелген нөмiрi, оның атауы немесе тегi мен аты-жөнi, табыстың жалпы сомасы мен есептi жылы ұсталған салықтың жалпы сомасы көрсетiлген анықтаманы салық қызметiнiң органдарына табыс етуге, сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес табыс алушы заңды және жеке тұлғаларға олардың талап етуi бойынша жiберуге мiндеттi.
3-1)
5. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемелер және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерi салық жылында төленбеген қазақстандық көзден алынған табысты шегерiмдерге жатқызған кезде төлем көзiнен ұсталған салықты осы баптың 1-тармағына сәйкес, жылдық жиынтық табыс және салық жылында жүргiзiлген шегерiмдер туралы декларация табыс еткен күннен бастап 10 күн өткен соң, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.
Ескерту. 50-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - КР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 50-бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 50-баптың 1-тармағынан 2) тармақша алынып тасталды, 3)-7) тармақшалар тиiсiнше 2)-6) тармақшалар болып саналды - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен. - бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 50-баптың 1-тармағының 3)-тармақшасы, 3-тармағының 1)-тармақшасы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 50-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 50-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 50-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 50-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
51-бап. Табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
1. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар аванстық төлемдер сомасын бюджетке салық қызметi органдарына мәлiмделген салық жылына болжалынып отырған табыс салығы сомасының 1/12 бөлiгiн негiзге ала отырып, әр айдың жиырмасынан кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
2. Маусымдық жұмыс сипатындағы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық жылы iшiнде төленуге тиiстi аванстық төлемдер сомасын салық қызметi органдарымен келісім бойынша айқындайды.
3. Еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша немесе мердiгер-жалдау шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар - резидент еместер аванстық төлемдер сомасын бюджетке салық жылының 20 ақпанында, 20 мамырында, 20 тамызында және 20 қарашасында төлеуге мiндеттi.
4. Табыс салығының төленген аванстық төлемдер сомасы салық жылында салық төлеушiге есептелген табыс салығына есептеледi.
Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 51-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
52-бап. Жылдың қорытындысы бойынша салық төлеу
Салық төлеушi есептi жылға жиынтық жылдық табыс және шегерiс жасау жайындағы декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етiлген күннен бастап 10 күн өткен соң түпкiлiктi есеп айырысып, табыс салығын төлейдi.
Резидент емес-заңды тұлғаның тұрақты мекемесi жиынтық жылдық табыс пен есептi кезеңде жасалған шегерiмдер туралы декларация ұсынылған күннен бастап 10 күн iшiнде, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей, осы тұрақты мекеменiң таза табысына салық төлейдi.
Ескерту. 52-бап 2-ші бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
III бөлiм
Ескерту. III бөлiм жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
10-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
ЖӨНIНДЕГI ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
53-бап. Қосылған құнға салынатын салық ұғымы
Қосылған құнға салынатын салық дегенiмiз тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) өндiрiсi мен айналымы процесiне қосылған құн өсiмiнiң бiр бөлiгiнiң бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауар импорттау кезiнде жасалатын аударым.
Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн есептелiп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшiн төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретiнде анықталады.
Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
53-1-бап. Қосылған құнға салық салу объектiсi
1. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт қосылған құнға салық салу объектiсi болып табылады.
2. Салықтан босатылған және меншiктi өндiрiсiнiң мұқтажы үшiн жүзеге асырылатыннан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөніндегі айналым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген ережелерге сәйкес анықталатын айналым салық салынатын айналым болып табылады.
3. Салық салудан босатылғандарды қоспағанда, импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
54-бап. Салық төлеушiлер
1. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабына сәйкес салық салу объектiлерi бар тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының резидент еместерi қосылған құнға салынатын салық төлеушiлер болып танылады.
2. Өзi шығаратын ауыл шаруашылық өнiмдерiн және оларды қайта өңдеуден алынатын өнiмдердi сатудан түсетiн айналымдар бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайды.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын өнiмдi, өзi өндiрмеген өнiмді, акцизделетiн өнiмдi сатудан түсетiн айналымдар бойынша, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнiмдерiн сатудан түсетiн айналымдар бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер осы Заңға сәйкес қосылған құнға салынатын салықты есептеудi және төлеудi жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша заңды тұлғаның бөлiмшелерiн қосылған құнға салынатын салықты дербес төлеушiлер ретiнде қарай алады.
4. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына осы тауарларды импорттайтын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi, жеке тұлғалар мен резидент еместер импортталатын тауарларға қосылған құнға салық төлеушiлер болып табылады.
5. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстандық көзден кiрiс алатын резидент еместер (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратындардан басқа) сатқан кезде қосылған құнға салынатын салықты Қазақстан Республикасының резиденттерi, сондай-ақ аталған резидент еместермен есеп айырысуды Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер толық мөлшерiнде төлейдi.
Ескерту. 54-баптан 5-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 54-баптың 4-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 54-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
55-бап. Халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құнға салынатын салықты есептеудiң өзге де тәртібі белгiленуi мүмкiн.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда жұмыстардың (қызметтердiң) экспорты мен импортына салық салу көзделсе, осы Заңның 58 және 70-1-баптарында көзделген ставкалар тиiсiнше қолданылады.
Ескерту. 55-бапқа өзгерістер мен толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 55-бап өзгертiлдi және 5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 55-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 55-баптың 4-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 55-баптың 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 55-бап 1-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
11-тарау. Салық салынатын айналымды анықтау
Ескерту. 11-тарау (56, 56-1, 56-2, 56-3, 56-4, 56-5, 56-6, 56-7, 56-8, 57-баптар) жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
56-бап. Салық салынатын айналымның мөлшерi
1. Салық салынатын айналымның мөлшерi қолданылатын бағалар мен тарифтерге сүйенiп, оларға қосылған құнға салынатын салықты енгiзбей сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны негiзiнде, бiрақ сауда-делдалдық қызмет үшiн оларды сатып алу бағасынан төмен болмайтындай етiп анықталады.
2. Тауарларды (жұмыстардың, қызметтердiң) айырбастау кезiнде немесе оларды өтемсiз берген кезде салық салынатын айналым, айырбастау немесе беру кезiнде салық төлеушiде қалыптасқан қосылған құнға салынатын халықты оларға енгiзбей, бағалар деңгейiн негiзге ала отырып, бiрақ осы баптың 9-тармағына сәйкес белгiленетiн іс жүзіндегі қалыптасқан шығындардан төмен болмайтындай етiп анықталады.
3. Берiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құнына жалақы мен басқа да төлемдер заттай түрде төленген жағдайда осы Заңның 62-бабында көзделген ставкалар бойынша есептелiп, қосылған құнға салынатын салық сомасы енгiзiледi.
4. Егер тауарлар (жұмыстар, қызметтер) салық төлеушiге оның кәсiпкерлік мақсаты үшiн жеткiзiлсе, бiрақ салық төлеушi немесе өзге де тұлғалар жеке мақсаттарына өтемсiз пайдаланған болса, онда мұндай тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны салық салынатын айналым ретiнде қаралады.
5. Негiзгi құрал-жабдықтарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жойылған кезде (осы Заңның 64-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесiнде пайда болған жағдайларды қоспағанда) осы тауарлардың құны салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.
Осы Заңның 64-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды бүлдiрген, жоғалтқан кезде олардың есепке алу құны қосылған құнға салынатын салық салуға жатпайды.
6. Тауарларды сауда-делдалдық қызмет бойынша экспортқа сатқан кезде сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын осындай тауарларды сату кезiнде қолданылатын осы Заңның 62-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
7. Қосылған құнға салынатын салықты төлеушi таратылған жағдайда оның тауарларының қалдығы, оның iшiнде осы Заңның 64-бабына сәйкес есепке алу көзделген қосылған құнға салынатын салықпен бiрге бұрын сатып алынған негiзгi құрал-жабдықтар бюджетпен есеп айырысу мақсатында салық салынатын айналым ретінде қарастырылады.
8. Қосылған құнға салынатын салықпен бірге бұрын сатып алынған қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды сату кезiнде салық салынатын айналым сатып алу құны мен есепке алу құнының арасындағы айырма түрiнде алынған табыс болып табылады. Бұл орайда есептеу құны деп тауарлардың баланстық құны түсiнiледi.
9. Осы баптың 3-5, 7-тармақтарында көзделген жағдайлардағы салық салынатын айналымның мөлшерi қолданылатын бағалар мен тарифтерге сүйенiп, бiрақ iс жүзiнде қалыптасқан шығындардан кем болмайтындай етiп анықталады.
Осы баптың мақсаты үшiн салық төлеушiнiң iс жүзiнде қалыптасқан шығындарына тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты ол бойынша жеткізушiлер қосылған құнға салынатын салық сомасын көрсете отырып шот-фактурасын табыс еткен және ол бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасы осы Заңға сәйкес есепке алуға жатқызылған шығындары енедi.
10. Акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомасы салық салынатын айналым мөлшерiне енгiзiледi.
Ескерту. 56-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
56-1-бап. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезіндегі салық салынатын айналымды анықтау
1. Үйдi тұрғызу және жөндеу жөніндегі құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезіндегі салық салынатын айналым орындалған және тапсырысшы ақы төлеуге қабылдаған жұмыстардың құны болып табылады.
2. Меншiктi өндiрiстiк мұқтаждары үшiн шаруашылық әдiспен орындалған құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша бұрын есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы есептен шығарылуға құрылыстың немесе объектiнiң құнын өсiруге жатқызылады. Аталған салық сомаларын есептен шығару құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруға арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң берiлу шамасына қарай жүргiзiледi.
Шаруашылық әдiспен салынған объектi iске асырылған жағдайда бұрын объектiнiң құнын өсiруге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы растайтын құжаттар бар болған жағдайда, оның құнынан шығарылып тастауға және есепке алуға жатқызылады.
56-2-бап. Тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде салық салынатын айналымды анықтау
1. Тасымалдауды жүзеге асырушы салық төлеушiлерде жол жүру билеттерiн сату кезiнде салық салынатын айналымға осындай салық төлеушiлердiң өз күшiмен көрсететiн тасымалдау бойынша қызметтер бөлiгіндегі билеттер құны енгiзiледi.
Жасалған шарттар бойынша басқа тасымалдаушылардың жол жүру билеттерiн сату кезiнде салық салынатын айналым билеттердi сату жөніндегі қызметтердiң құны негiзiнде анықталады. Тасымалдаудың өз құны осы тасымалдауды тiкелей жүзеге асыратын салық төлеушiнiң салық салынатын айналымына енгiзiледi.
2. Тасымалдауды тiкелей жүзеге асырмайтын көлiктiк-экспедиторлық қызметтер көрсететiн салық төлеушiлерде тасымалдау құны салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.
56-3-бап. Туристiк қызметтердi көрсету кезiнде салық салынатын айналымды анықтау
1. Қазақстан Республикасының аумағында туристiк қызметтер көрсететiн және бағыттар бойынша жолдамалар сататын салық төлеушiлерде жолдама құны салық салынатын айналым болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде туристердiң болуына байланысты туристiк қызметтер көрсететiн және бағыттар бойынша жолдамалар сататын салық төлеушiлерде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде туристерге қызмет көрсету жөнiнде шетелдiк әрiптестер атқаратын жолаушылар мен жүктердi тасымалдау құнынан және қызметтердiң құнынан басқа, осындай жолдамалар құны салық салынатын айналым болып табылады.
56-4-бап. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан өнiм дайындау кезiнде салық салынатын айналымды анықтау
1. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан өнiм дайындау кезіндегі салық салынатын айналым оларды қайта өңдеу (өңдеу, жөндеу) жөніндегі қызметтердiң (жұмыстардың) құны болып табылады.
Егер олар Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес «Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу» режимiнде әкетiлген жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қайта өңдеуге (өңдеу, жөндеу) әкетiлген алыс-берiс шикiзаты мен материалдары салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.
Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу режимi тауарлар экспорты режимiне өзгерген жағдайда, бұрын әкетiлген шикiзаттар мен материалдар немесе олардың қайта өңделген өнiмдерi осы Заңға сәйкес салық салынатын айналымға енгiзiледi.
2. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан жасалған тауарларды қайта өңдеу (өңдеу, жөндеу) жөніндегi қызметтер (жұмыстар) төленген жағдайда осы тауарлардың құны салық салынатын айналымға енгiзiледi.
56-5-бап. Көп айналымды ыдысты пайдалану кезiнде салық салынатын айналымды анықтау
1. Егер дайын өнiм салынатын ыдыстың құны осы ыдысты сатып алу құнына тең кепiл баға болып табылса, көп айналымды ыдысты пайдаланатын тауарларды сатуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерде ыдыс құны салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.
2. Көп айналымды емес ыдыс құны салық салынатын айналымға енгiзiледi.
56-6-бап. Кепiл мүлiктi сату кезіндегі салық салынатын айналымды анықтау
1. Кепiл берушi кепiл ұстаушыға кепiл мүлiктi (тауарларды) беру кезiнде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi заемға алынған қаражат мөлшерi негiзге алына отырып анықталады.
2. Кепiл мүлiктi (тауарларды) сату кезiнде кепiл ұстаушыдағы салық салынатын айналым мөлшерi сатылатын мүлiктiң құны негiзiнде, бiрақ кепiл берушi кепiл ұстаушыға оны берген құнынан төмен болмайтындай етiп анықталады. Аталған мүлiктi сатып алу құны ол бойынша есептелетiн сыйақы (мүдде) есепке алынбай, берiлген заем қаражаты құнының мөлшерi негiзге алына отырып анықталады.
56-7-бап. Жылуды, электр энергиясын, су мен газды өндiру, бөлу және тасымалдау жөніндегі қызметтер бойынша, сондай-ақ машина жасау, химия өнеркәсiбi мен резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсi өнiмдерiн өндіру және сату жөніндегі салық салынатын айналымды анықтау
1. Жылуды, электр энергиясын, су мен газды өндiру, бөлу және тасымалдау жөніндегі қызметтер бойынша салық салынатын айналымға олар бойынша төлем жасалған сату жөніндегі айналымдар, сондай-ақ олар сатылған сәттен бастап 60 күн өткен айналымдар енгiзiледi.
2. Машина жасау, химия өнеркәсiбi мен резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсi өнiмдерiн өндiру және сату жөніндегі салық салынатын айналымға олар бойынша төлем жасалған сату жөніндегі айналымдар, сондай-ақ олар сатылған сәттен бастап 90 күн өткен айналымдар енгiзiледi.
56-8-бап. Салық салынатын айналымды өзгерту
1. Сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны өзгерген жағдайда, тиiсiнше салық салынатын айналымның мөлшерi өзгертiледi.
Салық төлеушiде салық салынатын айналымды өзгерту жеткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн төлем алынған сәтте де жүргiзiледi, бұған шетелдiк валютамен осындай төлем алынған жағдайлар қосылмайды.
2.
Ескерту. 56-8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
57-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылған айналымдар
1. Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөніндегі айналымдар қосылған құнға салынатын салықтан босатылады:
1) салынған объектiнi бастапқы сатуды, қонақүйлерде тұрғаны үшiн ақы төлеудi қоспағанда, үйлер мен үй-жайларды сату және (немесе) жалға беру жөніндегі;
2) автомобильдердi немесе көлiк құралдарын қойғаны және сақтағаны үшiн берген учаскеге ақы төлеудi қоспағанда, жердi иелену мен пайдалану құқығын сату және (немесе) жер учаскелерiн жалға беру жөніндегі;
3) сейфтiк операцияларды, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды қайта жiберудi, сондай-ақ бағалы қағаздарды құжаттамалық нысанда шығарылған сақтау жөніндегі қызметтердi қоспағанда, қаржы қызметтерi;
4) почта маркалары (коллекциялықтан басқа), таңбаланған конверттер мен открыткалар, акциздiк алым маркалары;
5) егер олар балаларды, қарттарды және мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөніндегі қызметтердi, мәдениет, ғылым, дене шынықтыру мен спорт салаларындағы қызметтердi көрсетумен, дiни ұйымдардың жоралғылар мен рәсiмдер өткізуiмен байланысты болса, коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтер;
6) уәкiлеттi мемлекеттік органдар орындап, оларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтер;
7) жерлеу-ғұрыптық қызметтер, бейiттермен крематорийлер қызметтерi;
8) геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстары;
9) лотерея билеттерiн сату жөніндегі қызметтердi қоспағанда, оларды сату жөніндегі айналымдар;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөніндегі айналымдар;
11) халықаралық тасымалдауларға байланысты жүзеге асырылатын жұмыстар мен қызметтер;
12) Қазақстан Республикасы Мүгедектерi ерiктi қоғамының, Асырауында балалары бар мүгедек әйелдердiң «Бибi-Ана» республикалық қоғамының, Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөніндегі айналымы (сауда-делдалдық қызметтен және акцизделетiн тауарларды өндiру мен сату жөніндегі айналымдардан түскен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөніндегі айналымдардан басқа), сондай-ақ, егер осындай ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе, олардың өндiрiстiк ұйымдары:
мүгедектер осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кем дегенде 51 процентiн құраса;
мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу қоры жалпы еңбекке ақы төлеу қорының кем дегенде 51 процентiн құраса (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн өндiрiстiк ұйымдар үшiн кемiнде 35 процент);
осы тармақшада аталған қоғамдардың меншiгi болып табылатын және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған болса;
алынған табыстар оларды құрған қоғамдардың жарғылық мақсаттарын iске асыруға жұмсалса;
13) мемлекеттік меншiктi жекешелендiру;
14) жарғылық капиталға жарналар;
14-1) бұрын жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтару;
15) уәкілеттi мемлекеттік орган пайдалануға рұқсат еткен мектеп оқулықтарын және мектеп оқу құралдарын, балалар әдебиетiн, сондай-ақ кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарын шығару және(немесе) сату жөніндегі айналымдар;
16) «SOS-Қазақстанның балалар қалашықтары» қорын ұйымдастырумен, салумен және олардың жұмыс iстеуiмен байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы резиденттерi сатып алатын және көрсететiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер);
17) баспасөз материалдарының 3/2 көлемін жарнама құрайтын мерзімді баспа басылымдарын қоспағанда, жарнамалық қызмет көрсетулерді және (немесе) отандық шығарылымның газет және журнал өнімдерін сатуды қоса алғанда, шығарылым бойынша айналымдар;
18) дәрi-дәрмектер-субстанцияларды, соның iшiнде дәрiхана iшiнде дайындалатындарын; дәрiлiк заттарды; протез-ортопедия бұйымдарын; дәрiлiк заттар өндiрiсi үшiн материалдарды; медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдарды және жиынтықтаушы заттарды қоса алғанда, дәрiлiк заттарды сату жөніндегі айналымдар.