8) оларды кейiннен лизинг алушыға бере отырып, үш жылдан астам мерзiмге алынған негізгі құралдардың қаржы лизингi бойынша сыйақылар (мүдделер) жөніндегі ұйымдар;
9) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, қызметінің айрықша түрі ауыл шаруашылығын кредиттеу болып табылатын ұйымдар;
10) халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер өтеусіз негізде қаржыландыратын ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудан алынған табыстар бойынша ұйымдар.
2. Қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 30 процентін мүгедектер құрайтын өндіріс ұйымдарының салық салынатын табысы мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың 2 еселенген сомасына, сондай-ақ мүгедектерге қатысты әлеуметтік салық сомасының 50 процентіне қосымша қысқартылады.
3. Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы (мүдде); салық салудан босатылады.
4. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, оларға теңестiрiлген адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ жастайынан мүгедек болған жанның ата-анасының бiреуiнiң жылына 480 мәрте айлық есептi көрсеткiштiң шегіндегі табысына, III топтағы мүгедектердiң жылына 240 мәрте айлық есептi көрсеткiштiң шегіндегі табысына табыс салығы салынбайды.
5. Жеке тұлғалардың табысы мен төлемдерiнiң мына түрлерiне салық салынбайды:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкердiң жалданып iстеген жұмысынан алынған ресми табысы;
2) шет мемлекетте табысына салық салынуға тиiс шет мемлекетте мемлекеттік қызметте жүрген адамның жалданған жұмысынан алатын ресми табысы;
3) бiр жеке тұлғадан екiншi жеке тұлғаның сыйлық немесе мұра түрiнде, сондай-ақ iзгiлiк, қайырымдылық көмек пен гранттардың түрiнде алынған мүлiктiң құны, еңбекке ақы төлеу түрiнде алынған мүлiктен басқасы;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерi;
білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік стипендиялар үшiн белгiленген мөлшерлерде төленетiн стипендиялар;
жалпы науқастануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақыларды, пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн өтемақыларды, сондай-ақ жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетiн, орташа айлық жалақы мөлшерiнен артық өтемақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар, әлеуметтiк жеңiлдiктер;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты мертiгуiнен не денсаулығына өзге де зақым келуiнен болған залалдың орнын толтыру (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);
қызметкерлерге бала туған кезде, жерлеу үшiн, құжатпен расталған, көрсетiлген медициналық қызмет (косметологиялық қызметтен басқа) ақысын төлеу үшiн 50 еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде берiлетiн материалдық көмек;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өндiрiстiк қызметке байланысты мамандық бойынша оқытуға және біліктiлiгiн арттыруға жұмсаған шығындары;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы алушылардың жасасқан жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықтарын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы;
жұмыс берушi өз қызметкерлерiнiң жеке жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша төлейтiн сақтандыру сыйлықтарының сомасы;
бұрын табыс салығы салынған ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жүзеге асырылатын зейнетақы және сақтандыру төлемдерi;
5) балаларға және асырауындағыларға алынатын алименттер;
6) республикалық және жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен көрсетiлетiн бiржолғы төлемдер мен материалдық көмек.
6-1) табыс салығы салынған жалақыдан аударылған аударымдардан құралған кәсіподақ бюджеті қаражатынан кәсіподақ мүшелері үшін материалдық көмек;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардағы сыйақы (мүдде) және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
8) әскери қызмет міндеттерін атқаруына байланысты әскери қызметшілер алатын ақшалай үлестер, ақшалай сыйақылар және басқа да төлемдер;
9) «Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» 2001 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың жария етілген ақшасы.
6. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың салық салынатын табысы кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табысқа салынатын салықтың екi процентiнен аспайтын мөлшерде қайырымдылық қызметпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарға ақша қаражатын қоса алғанда қайтарусыз берген мүлiгiнiң сомасына азайтылады. Коммерциялық емес ұйымдарда қайырымдылық және білім беретiн мақсатына алынған, бiрақ нысаналы мақсатқа пайдаланылмаған қаражат салық салуға жатады.
Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың жиынтық жылдық табысы:
а)
б)Астана қаласында тұрғын үйлер салуға жұмсалған қаражат сомасына кемiтiледi.
7. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында құрылған тұрмысы төмен азаматтарға қолдау көрсету жөніндегі жалпы ұлттық және аймақтық қорларға қызмет көрсететiн банктердiң салық салынатын табысы осы қорларға өтеусiз аударылатын қаржының сомасына азайтылады.
8. Салық төлеушілер инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісім-шартқа сәйкес салық салынатын табысты алған кезінен бастап 5 жылға дейін, бірақ келісім-шарт жасалған кезден бастап 8 жылдан аспайтын мерзімге табыс салығын төлеуден босатылуы мүмкін.
Табыс салығы жөнiнде жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмi келісім-шарт әрбiр салық төлеушi бойынша және негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялардың көлеміне қарай белгiленедi.
Аталған жеңiлдiк сәйкестендiрiлiп берiлген келісім-шарт бұзылған жағдайда табыс салығы Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушiнiң бүкiл қызмет ету кезеңiне есептелуге және бюджетке енгiзiлуге тиiс;
9.
10. Салық төлеушiнiң салық салынатын кiрiсi мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы жарналарының сомасына мынадай мөлшерде азайтылады:
1) жеке адам үшiн - айына он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде;
2) заңды тұлға үшiн - айына әрбiр қызметкерге шаққанда жиырма есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде.
Ескерту. 34-баптың 1-тармағы 2 тармақшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 26.01.1996 № 2827 жарлығымен. 34-баптың 1-тармағы жаңа тармақшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 34-баптың 1-тармағы 7 тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 26.06.1996 № 13-1 заңымен.
Ескерту. 34-баптың 1-тармағының 7)-тармақшасы алынып тасталды, 8) тармақша 7) тармақша болып саналды - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен. Бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 34-баптың 6-тармағына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлдi - КР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 34-баптың 4,7-тармақтарындағы сөздер алмастырылды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 34-бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 34-бап 8-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.02.1997 № 76-I Заңымен.
Ескерту. Жаңа 9-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 09.06.1997 № 116-1 Заңымен.
Ескерту. 34-баптың 5-тармағы 8-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 02.07.1997 № 144-1 Заңымен.
Ескерту. 34-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен - бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 33-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 34-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 34-баптың 1-тармағының 2)-тармақшасы жаңа редакцияда және 8)-9)-тармақшалары тиiсiнше 7)-8)-тармақшалар болып есептелдi және басқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 34-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 34-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 34-баптың 1, 2, 6, 7, 8, 10-тармақтары өзгертілді, 3, 5-тармақтары толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 02.08.1999 № 466 Заңымен.
Ескерту. 34-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Ескерту. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 34-баптың 5-тармағы 9 тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.06.2001 № 213 Заңымен.
7-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ САЛУ
35-бап. Резидент еместiң тұрақты мекемеден алатын табысы
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес салық төлеушi тұрақты мекемеге байланысты Қазақстандағы көздерден түскен табысы бойынша осы Заңмен осындай табысқа қатысты көзделген шегерiс сомасына азайтылған табыс салығын төлеушi болып табылады.
36-бап. Төлем көзiнен салық алу
1. Резидент еместiң тұрақты мекемемен байланысты емес табысына егер табыс көзi Қазақстан Республикасында болса, жиынтық табысы бойынша төлем көзiнде шегерiс жасамай, осы Заңның 33-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуы керек.
Бұл тәртiп Қазақстан Республикасының резиденттерi сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн импорттық тауарларға ақы төлеген жағдайда қолданылмайды.
2. Төлем көзiнде салынатын салық төлемнiң Қазақстан Республикасының iшiнде немесе одан тыс жерлерде жасалғанына қарамай қолданылады.
Ескерту. 36-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
37-бап. Шет ел заңды тұлғасының тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық
Табыс салығына қосымша ретiнде резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiне осы тұрақты мекеменiң таза табысына 15 процент ставка бойынша салық салынады.
Есептелген салық сомасы жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы декларацияда көрсетiледi.
Ескерту. 37-бап 2-ші бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
38-бап. Шет ел салығын есептеу
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде төленген салық сомасы Қазақстан Республикасында табыс салығын төлеген кезде есептеледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген есептелетiн соманың мөлшерi осы табысқа Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасында есептелуге тиiс сомадан аспауға тиіс.
39-бап. Жеңiлдiкпен салық салынатын елдерде алынатын табыс
1. Егер шетелдiк заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 процентiнен астамы тiкелей және жанама түрде резидентке тиесiлі болса немесе ол өз кезегiнде елде жеңiлдiкпен салық салу арқылы кiрiс келтiретiн осы заңды тұлғаның дауысқа ие акциясының 10 процентiнен астамын алса, заңды тұлға кiрiсiнің резидентке тиесілі осы бөлiгi оның салық салынатын кiрiсiне енгiзiледi. Бұл ереже сондай-ақ резиденттiң заңды тұлға құрмайтын кәсiпкерлiк қызмет ұйымдастырудың басқа нысандарына қатысуына қолданылады.
2. Егер шет елдегi салық сомасы осы Заңмен белгiлегендегiден 1/3-ке төмен болса немесе қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы немесе мүлiктiң нақты иесi немесе табыстың нақты иесi жөнiнде құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн компаниялар туралы заңдары болса, онда шет мемлекет жеңiлдiкпен салық салынатын мемлекет ретiнде қарайды.
Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-I заңымен.
Ескерту. 39-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен. (бұл өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тарау. САЛЫҚ ЕСЕБIНIҢ ЕРЕЖЕЛЕРI
40-бап. Салық есебiн жүргiзу әдiсi
Салық төлеушi кiрiстер мен шығыстарды салық салу мақсатында есептеу әдiсi осы Жарлықта белгiленген тәртiп пен шарттар негiзiнде анықтайды.
Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 жарлығымен.
41-бап. Ұзақ мерзiмдi контрактiлер бойынша табыстар және шегерiс жасау
1. Ұзақ мерзiмдi контрактiлерге қатысты табыстар және шегерiс жасау салық жылы iшiнде олардың нақты орындалған бөлiгiнде ескерiледi.
2. Есептеу әдiсi қолданылған кезде контрактiнiң орындалған бөлiгiнiң мөлшерi салық жылының аяғына дейiн шеккен шығыстарды осы контракт бойынша жиынтық шығысымен салыстыру арқылы анықталады.
3.
Ескерту. 41-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
42-бап. Тауар-материалдық қорларды есепке алу тәртібі
Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорларды есепке алу бухгалтерлiк есеп бойынша ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 42-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
43-бап. Негiзгi құралдардың қаржы лизингi
1. Лизинг берушiнiң амортизацияға жататын негiзгi құралдарды лизинг алушыға беруi, егер ол мынадай шарттарға сәйкес келсе:
1) лизинг берушi лизинг шартында уағдаласқан негiзгi құралдарды сатушыдан өз меншiгiне алуға және лизинг алушыға оны белгiлi бiр ақысын төлеген кезде, белгiлi бiр мерзiмге, белгiлi бiр жағдайларда уақытша иелiк етуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн пайдалануға беруге мiндеттенсе;
2) негiзгi құралдарды лизинг алушының меншiгiне беру немесе лизинг алушыға тiркелген баға бойынша негiзгi құралдарды сатып алу жөнiнде құқық беру лизинг шартында белгiленсе;
3) қаржы лизингiнiң мерзiмi негiзгi құралдардың пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 80 процентiнен асып түссе, негiзгi құралдардың қаржы лизингi болып табылады.
Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шартын жасасқан кезде анықталады.
Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушының негiзгi құралдарды сатып алуы ретiнде қаралады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн негiзгi құралдардың қаржы лизингiнiң мерзiмi лизинг алушы шартқа сәйкес негiзгi құралдардың қаржы лизингiн ұзартуға құқығы болатын қосымша мерзiмдi қамтиды.
Ескерту. 43-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
44-бап. Өтемақы жасалатын шегерiс жасау
Егер бұрын шегерiс жасалған шығыстарға, шығындарға немесе күмәндi талаптарға өтем жасалса, онда алынған сома оған өтем жасалған жылғы табыс болып табылады.
Ескерту. 44-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
45-бап. Құнның өсiмiнен алынған табыс және тіркелген активтердi сату кезіндегі шығын
1. Амортизация сомасына кемiтiлген тіркелген активтердi сатудан алынған түсiм мен осы Жарлықтың 46-бабына сәйкес анықталған олардың құнының арасындағы оң айырма амортизация сомасына кемiтiлген тіркелген активтердi сату кезiнде олардың құнының өсiмiнен алынған табыс болып табылады.
2. Тіркелген активтердi өткізуден алынған түсiм мен осы амортизация сомасына кемiтiлген құрал-жабдықтың осы Заңның 46-бабына сәйкес анықталған құнының арасындағы терiс айырма тіркелген активтердi өткізу келтiрген шығын болып табылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтары топтық әдiс бойынша амортизациялауға жататын тіркелген активтерге қолданылмайды.
Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 45-баптың 3-тармағы алып тасталды, 4-тармақ 3-шi тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 45-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 45-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
46-бап. Тіркелген активтердiң құны
1. Тіркелген активтердiң құнына оларды сатып алу, өндiру, құрылысын жүргiзу, монтаждау мен орнату жөніндегі шығындар, сондай-ақ олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енедi. Бұларға салық төлеушiнiң шегерiс жасауға құқығы бар шығындар қосылмайды.
2. Егер тіркелген активтердiң бiр бөлiгi ғана өткiзiлсе, онда өткізу сәтіндегі тіркелген актив құны қалған және өткiзiлген бөлiк арасында бөлiнедi.
Ескерту. 46-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 46-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 46-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 46-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
47-бап. Активтердi өтемсiз негiзде беруден және (немесе) төмендетiлген құны бойынша сатудан түскен табыс
1. Активтердi өтемсiз негiзде беру және (немесе) төмендетiлген құны бойынша сату кезiнде берушi (сатушы) тұлға активтерiнiң құны - салық салу мақсатында айқындалатын өзiндiк құн негiзге алынып, ал алушы тұлға активтерiнiң құны - берiлетiн (сатылатын) активтердiң кiрiске алынған бағалау құны бойынша белгiленедi.
Бұл ретте активтердің құны, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атаулары бойынша бөлінбестен, есепті кезең үшін тұтастай белгіленеді.
2. Экспорттық операциялар бойынша төмендетiлген құнымен активтердi сату кезіндегі салық сату мақсатында айқындалған, сатылған активтердiң сатылатын бағасы мен өзiндiк құны арасындағы айырма сатушы тұлғаның табысы болып табылады.
Ескерту. 47-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 47-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
48-бап. Таза табыс есебiнен жүзеге асырылатын шығыстар
Шегерiлуге тиiстi емес таза табыс есебiнен жүзеге асырылатын шығыстарға мыналар жатады:
1) негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алу мен құрылысын жүргiзуге арналған шығыстар және күрделi сипаттағы басқа да шығыстар.
2) бюджетке енгiзiлуге тиiс айыппұл санкциялары.
3) кәсiпкерлiк қызметке байланысы жоқ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметкерлерiнiң тiкелей немесе жанама табыстары болып табылатын шығыстар.
4) кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.
5) кәсiпкерлiк қызметке байланыссыз шығыстар.
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 48-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 48-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 48-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
9-тарау. ТАБЫС САЛЫҒЫ ЖӨНIНДЕГI ӘКIМШIЛIК
ЕРЕЖЕЛЕР
49-бап. Кiрiстер туралы декларациялар және кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтер беру
1. Жылдық жиынтық табыс пен шегерiс жасау туралы декларацияны мына салық төлеушiлер салықты тiркейтiн жердегi салық қызметi органдарына есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн тапсырады:
1) заңды тұлғалар, олардың осы Заңның 6-бабының 7-тармағына сәйкес дербес салық төлеушiлер болып табылатын филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi;
2) Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiне салық салынбайтын табыстары бар жеке тұлғалар;
3) тұрғын үй салуды және осындай құрылыс үшiн құрылыс материалдарын iрi көлемде сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 айлық есептiк көрсеткiштен астам сомаға құрылыс салған немесе iрi көлемде сатып алу жасаған жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден табыс алушы жеке тұлғалар;
6) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ заңдардың мемлекеттік қызметшiлер үшiн көзделген нормалары қолданылатын адамдар, мерзiмдiк әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметшiлердi қоспағанда;
7) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметтi жүзеге асыратын резидент еместер.
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттардың депутаттары сайланған кезде, сондай-ақ заңдардың мемлекеттік қызметшiлер үшiн көзделген нормалары қолданылатын адамдар, мерзiмдi әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметшiлердi қоспағанда, мемлекеттік қызметке кiрiскен кезде, мемлекеттік қызметтерге тағайындалған кезде, мемлекеттік қызмет бойынша өскен кезде, салық қызметi органдарына өздерiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiлерi болып табылатын кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтер табыс етедi.
3. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызметi аяқталған кезде салық қызметi салық төлеушiден себебi мен күнi, декларацияның қашан және қай кезеңде тапсырылуы тиiс екенiн көрсете отырып, жазбаша хабарлама беру жолымен 12 айдан кем кезеңдегi табысы туралы декларацияны табыс етуiн талап ете алады.
4. Заңды тұлға таратылған кезде тарату комиссиясы немесе салық төлеушi бұл жайында салық қызметiне дереу жазбаша хабарлайды. Заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 15 күн iшiнде салық төлеушi салық органдарына жылдық жиынтық табыс пен шегерiс жасау туралы декларация ұсынуға мiндеттi.
5. Резидент заңды тұлға құрмай жүзеге асырылған кәсiпкерлiк қызметтi тоқтатқан кезде ол 15 күн мерзiмде салық қызметiнiң органдарына жылдық жиынтық табыс пен шегерiс жасау туралы декларация табыс етедi.
6. Кез келген он екi айлық кезең iшiнде Қазақстан Республикасында 30 күннен астам тұрып жатқан немесе қазақстандық көзден 500 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен астам табыс алған жеке тұлғалар - резидент еместер қызметiн тоқтатқан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде салық қызметi органдарына жиынтық табыс пен шегерiмдер туралы декларация табыс етедi.
6-1. Түрлі ставкалар бойынша салық салынатын табысы бар және (немесе) табыс салығын төлеуден босатылған заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар олар бойынша бөлек есеп жүргізуге және мұндай табыс бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысанда жеке есеп-қисап беріп, жылдық жиынтық табыс пен жасалған шегерістер туралы декларацияға қоса табыс етуге міндетті.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын өнiмдi, өзi өндiрмеген өнiмдi, акцизделетiн өнiмдi және оларды қайта өңдеу өнiмдерiн сатудан табысы бар бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бөлек есеп жүргiзуге және олар бойынша табыс салығын есептеудi және төлеудi жүзеге асыруға, сондай-ақ жылдық жиынтық табыс пен осы бөлiмге сәйкес жүргiзiлген шегерiмдер туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.
7. Кiрiстер туралы декларация және кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген нысанда және тәртiппен берiледi.
Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 49-баптың 5-тармағы жаңа редакцияда, 5-тармақ 6-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 Заңымен.
Ескерту. 49-баптың атау жаңа редакцияда берiлген, 1-тармақ 6)-тармақшамен және 2-тармақпен толықтырылған, 2,3,4,5,6-тармақтар тиiсiнше 3,4,5,6,7-тармақтар болып саналған және 7-тармақ жаңа редакцияда берiлген - Қазақстан Республикасының 11.04.1997 № 92 Заңымен.
Ескерту. 49-баптың 1-тармағының 3)-тармақшасы сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 27.05.1997 № 114-I Заңымен.
Ескерту. 49-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 49-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 49-бап 6-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 49-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 49-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
50-бап. Төлем көздерiнен салық ұстау
1. Төлем көздерiнен табыс салығын ұстауды мына тұлғалар:
1) еңбек шарты (келісім-шарты) бойынша немесе мердiгерлiк (жалдау) шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғаларға жасалған төлемдерден кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде тiркелген жеке тұлғаларға жасалған төлемдердi қоспағанда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;
2)
2) заңды және жеке тұлғаларға дивиденд төлейтiн резидент - заңды тұлға;