2.
3. Меншiктi құрылыс жүргiзу кезiнде алынған кредиттер (заемдар) үшiн сыйақы (мүдде) құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi және амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiмге жатқызылады.
Құрылыс аяқталғаннан кейiн төленген кредиттер (заемдар) үшiн алынған сыйақы (мүдде) осы Заңның 16-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылады.
Ескерту. Жаңа 20-9-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 20-9 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
21-бап. Жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша шегерiмдер
1. Шегерiм осы iшкi топқа кiретiн негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбiр iшкi топқа қатысты рұқсат етiледi.
2. Әрбiр iшкi топ бойынша негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар сомасы iшкi топтың салық жылының аяғындағы құндық балансының 15 процентi шегiнде шегерiледi. Аталған шектен асатын сома iшкi топтың құндық балансын арттырады.
Егер салық төлеушi өзге есептi кезеңдi (ай, тоқсан) қолданатын болса, жөндеуге жұмсалатын шығыстар iшкi топтың есептi кезеңнің аяғындағы құндық балансына қарай анықталады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алынған субсидиялардың есебiнен жүргiзiлген жөндеуге жұмсалатын шығыстар шегерiмге жатпайды және iшкi топтардың құндық балансын арттырмайды.
4. Егер тiркелген активтердiң есебi салық салу мақсатында әрбiр объектi бойынша жүргiзiлген жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгiленген шектен тыс жөндеуге жұмсалатын шығыстар жөндеуге шығыстар жұмсалған тиiстi негiзгi құрал-жабдықтардың құнын арттыруға жатқызылады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
22-бап. Сақтандыру сыйлықтары бойынша шығыстарға шегерiм жасау
Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар төлейтiн сақтандыру сыйлықтары, шегерiм жасауға жатады.
Ескерту. 22 бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
22-1-бап. Әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар бойынша шегерімдер
Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуы және тууы жөніндегі демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстары есепті кезең үшін есептелген еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 проценті шегінде шегеріледі. Қызметкерлерге олардың жұмысына байланысты мертігу не денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.
Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
22-2-бап. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) кепiлдiк беруге (оларды сақтандыруға) байланысты жарналар бойынша шығыстар шегерiмдерi
Банктер - жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесiнiң қатысушылары жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) кепiлдiк беруге (оларды сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналар сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
Ескерту. Жаңа 22-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 29.03.2000 № 42 заңымен.
23-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстар
1. Бағалау, жайластыру жөніндегі шығыстарды, жалпы әкiмшiлiк шығыстарын және жазылу жүргiзiлетiн бонус пен коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға және өндiруге дайындық жұмыстарына жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар жеке топ құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауынша белгiленген нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жиынтық жылдық табыстан шегерiледi, бiрақ олар 25 процент мөлшеріндегі амортизациясының шектi нормаларынан аспауы тиiс.
Осы шығыстар, пайдалы қазбаларды сату кезiнде алынған табыстарды (тәжiрибе-өнеркәсiптiк мақсаттарда өндiрiлгендерiнен басқасын) жылдық жиынтық табыстардан осы Заңның 13-бабына сәйкес алып тастауға жататын табыстарды және осы Заңның 34-бабына сәйкес салық салудан босатылған табыстарды қоспағанда, табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндiруге дайындық жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған табыстар сомасына оларды азайту арқылы түзетілуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп табиғи ресурстарды геологиялық зерделеу, әзiрлеу немесе пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтерге жатқызылған шығыстарына да, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы бюджетке iс жүзiнде төлеген келісім-шарттық аумақтарда мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу сомасына да қолданылады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 23-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 23-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
24-бап.
Ескерту. 24-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
25-бап. Салықтарды, айыппұлдар мен өтемдiк шығыстарды шегерiс жасау
Мыналар:
1) жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейiн шығарылатын салықтардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығынан басқа есептелген шектегі төленген салықтар және үстеме пайдаға салынатын салықтар;
2) бюджетке енгiзiлуге тиiстiлерiнен өзге айыппұлдар мен өсiмдердi қоса алғанда төленген есептелген шектегі айыпақылар.
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шығындар нормативтерiне сәйкес мемлекеттік әлеуметтiк саланы ұстау үшiн заңды тұлғалар шеккен шығындар шегерiлуге жатады.
4) жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда белгiленген сома шегiнде iс жүзiнде жұмсаған шығындары.
Ескерту. 25-бапқа өзгерiс пен толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 25-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 25-баптың 1),2)-тармақшалары толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
26-бап. Құрылыстар мен бағалы қағаздарды сату кезіндегі шығын
1. Жиынтық жылдық табыс алу үшiн кәсiпкерлiк қызметте үш жылдан аса пайдаланылған құрылыстарды сату кезiнде пайда болған шығын шегерiс жасауға жатады.
2. Бағалы қағаздарды сату кезiнде пайда болған шығын шегерiс жасауға жатпайды. Аталған шығын басқа бағалы қағаздарды сату кезiнде алынған құнның өсiмiнен түскен табыстың есебiнен өтеледi.
3. Егер осы баптың 2-тармағында аталған шығын сол шығын жасалған жылы өтелмейтiндей болса, онда олар бес жылға дейiнгi мерзiмге алға көшiрiлуi және бағалы қағаздарды сату кезiнде алынған құнның өсiмiнен түскен табыстың есебiнен өтелуге тиiс.
4. Осы Заңның 12-бабында көзделген мүлiктi сату кезiнде пайда болған шығын шегерiс жасауға жатпайды. Аталған шығын осы Заңның 12-бабында көзделген мүлiктi сату кезiнде алынған құнның өсiмiнен түскен табыстың есебiнен өтеледi.
27-бап. Шығынды көшiру
Кәсiпкерлiк қызметтен пайда болған шығын (жиынтық жылдық табыстан көзделген шегерiс жасаудың артып кетуi) алдағы кезеңдердегi салық салынатын табыстың есебiнен өтеу үшiн қоса алғанда үш жылға дейiнгi мерзiмге алға көшiрiледi.
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты пайда болатын залалдар қоса алғанда жетi жылға дейiнгi мерзiмге кейiнге көшiрiледi.
Осы баптың жоғарыда көрсетiлген ережелерi қосымша бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызудан салық жылы iшiнде келтiрiлген залалдарға қолданылмайды.
Ескерту. 27-бапқа өзгерiс және толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 27-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 27 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
28-бап. Жеке тұлғаларға берiлетiн шегерістер
1. Жеке тұлғаның табыс алынған әрбiр ай үшiн айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде бiр салық жылы iшiнде шегерiс жасауға құқы бар.
2. Жеке тұлғаның салық жылы iшiнде өзiнiң қамқорлығында тұратын отбасының әрбiр мүшесiне табыс алынған әрбiр ай үшiн айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде бiр салық жылы iшiнде шегерiс жасауға құқы бар.
3. Егер отбасының аталған мүшесi орта есеппен айына айлық есептi көрсеткiш артық табыс тапса, осы баптың 2-тармағында көзделген шегерiс жасау құқы қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген шегерiс тек бiр салық төлеушiнiң - отбасы мүшесiнiң табысына қолданылады.
5. Жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарнасын төлеудi зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген мөлшерде шегеруге құқығы бар.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 28-бап 5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен. - бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
4 - 1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу
Ескерту. 4-1 тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
28-1-бап. Салық салу объектiсi
1. Өмiрдi сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының және қайта сақтандыру ұйымының өмiрдi, аннуитеттi, жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) жүргiзген жағдайда, салық жылы iшiнде алуға тиiс (алған) сақтандыру сыйлығы түріндегі табысы табыс салығы салынатын объект болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өмiрдi сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымымен жасасқан және бұдан кейiн тәуекелдердi қайта сақтандыру ұйымына берумен байланысты шарттар бойынша тәуекелдердi қайта сақтандырған кезде, осындай қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген тиiстi сақтандыру сыйлықтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын объектiсi болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен және инвестициялық табыстан басқа алынған (алынуға тиiс), сондай-ақ жалпы сақтандыру саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының және жалпы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) iсiн жүргiзген кезде қайта сақтандыру ұйымының табыстары бойынша табыс салығы салынатын объект жылдық жиынтық табыс пен осы Заңда көзделген шегерiмдердiң айырмасы ретiнде есептелген салық салынатын табыс болып табылады.
28-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының табыстарын есепке алу
Өмiрдi сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары және қайта сақтандыру ұйымдары өмiрдi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) iсiн жүргiзген кезде салық салу мақсатында инвестициялық табысты қоса алғанда, осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыс бойынша және өзге қызметтен болатын табыс, шығын бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
28-3-бап. Табыс салығының ставкалары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының 28-1-баптың 1-тармағында аталған табыстарына осы Заңда белгiленген шегерiмдер жасалмай, алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықтарының сомасынан 2 процент ставка бойынша табыс салығы салынуға тиiс.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының осы Заңның 28-1-бабының 2-тармағында көрсетiлген, салық жылы ішінде алған (алуға тиiс) табыстарына осы Заңның 30-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша табыс салығы салынуға тиiс.
28-4-бап. Табыс салығын төлеу мерзiмдерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыстары бойынша табыс салығын ай сайын ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей, салық жылы iшiнде алынады деп көзделген (алынған) сақтандыру сыйлықтары сомасының 1/12 бөлiгiн негiзге ала отырып төлейдi.
2. Осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыстарды және инвестициялық табыстарды қоспағанда, салық жылы iшiнде алынған (алынуға тиiс) табыстар бойынша осы Заңның 51-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.
28-5. Табыс салығы бойынша декларация және есеп
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыстар бойынша тоқсан үшiн есептелген табыс салығы жөнiнде есеп тапсырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық жылының қорытындысы бойынша осы Заңның 49-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде декларация тапсыруға мiндеттi.
3. Табыс салығын түпкiлiктi есептеу және төлеу осы Заңның 52-бабында белгiленген мерзiмдерде жүргiзіледi.
5-тарау. ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ СТАВКАЛАРЫ
29-бап. Жеке тұлғалар үшiн табыс салығының ставкалары
Жеке адамның салық салынатын табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
____________________________________________________________________
1) 15 еселенген жылдық есептiк салық салынатын табыс сома.
көрсеткiшке дейiн сынан 5 процент
____________________________________________________________________
2) 15 еселенгеннен 30 еселенген 15 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке көрсеткiштен алынатын салық
дейiн сомасы + одан асатын соманың
10 процентi
____________________________________________________________________
3) 30 еселенгеннен 65 еселенген 30 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке көрсеткiштен алынатын салық
дейiн сомасы + одан асатын соманың
20 процентi
____________________________________________________________________
4) 65 еселенген 65 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiштен көрсеткiштен алынатын салық
бастап және одан жоғары сомасы + одан асатын сомадан
30 процент
____________________________________________________________________
5)
____________________________________________________________________
6)
____________________________________________________________________
Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын есептеу салық жылының iшiнде бiрқалыпты (ай сайын) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі белгiлейтiн тәртiп бойынша жүргiзiледi.
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 29-бап 2-бөлiкпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 29-баптың 1-бөлігінде 3)-4)-тармақшалары өзгертілді, 5)-6)-тармақшалары алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 29-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
30-бап. Заңды тұлғалар үшiн табыс салығының ставкалары
1. Заңды тұлғалардың салық салынатын табысы 30 процент ставка бойынша салық салуға жатады.
2.
3. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын заңды тұлға оны тiкелей пайдаланудан алған табысынан 10 процент ставка бойынша салық төлейдi.
Ескерту. 30-бап жаңа 2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 30-баптың 2-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
31-бап. Қатысушының үлесін сатудан алынатын табысқа салынатын салық ставкасы және төлем көзінен алынатын дивидендтер
1. Заңды тұлға-резиденттегі жеке тұлғаларға төленетін қатысу үлесін сатудан алынатын кіріс, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға төленетін дивидендтерге 15 процент ставка бойынша төлем көзінің өзінде салық салынуға тиіс және бұл салықтың төлем көздерінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда бұдан кейін оларға салық салынбайды.
2. Жарғылық капиталды ұлғайтуға бағытталған таза табыстың бiр бөлiгiне (әрбiр акционердiң акциялар үлесiн сақтауды есепке алғанда) салық салынбауға тиiс.
Қатысушы (акционер) заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған немесе сатқан жағдайда, инфляцияға сай түзетудi ескере отырып, алып қою және сату кезіндегі қатысу үлесiнiң құны мен қатысушының (акционердiң) жарна ретiнде жарғылық капиталға енгiзген меншiктi мүлкiнiң құны арасындағы айырма ретiнде анықталатын құн өсiмiнiң тек 15 процент ставкасы бойынша ғана төлем көзiне салық салынуға тиiс.
Ескерту. 31-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 31-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 31-баптың атауы және 1-тармағы жаңа редакцияда, 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
32-бап. Төлем көзіндегі сыйақыға (мүддеге) және ұтыстарға салық ставкалары
1. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда заңды тұлғаларға резидент-банктерге және жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiндердi қоспағанда төленетiн сыйақыға (мүддеге) тиесiлi сомадан 15 процент ставка бойынша төлем кезiнде салық салынады. Төлем көздерiне осы салықтың ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде ұсталып қалған салықтың сомасы салық жылы үшiн салық төлеушiге есептелген табыс салығы есебiне жатқызылады.
2. Жеке тұлғаларға жеке адамдар алған сыйақылар (мүдделер) ұтыстарға төлем көзiне 15 процент ставка бойынша салық салынады, және төлем көздерiне осы салықтың ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде одан әрi салық салуға жатпайды.
3. Резидент-заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыға (мүддеге) төлем көзiнен салық салынбайды.
Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 32-бапқа өзгерiс және толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 32-баптың 4-тармағы сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 09.06.1997 № 116-1 Заңымен.
Ескерту. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 32-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Ескерту. 32-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
32-1-бап. Қызметкерлердiң тiкелей және жанама табыстарына салынатын салық ставкасы
Қызметкерлердiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлеген сақтандыру сыйлықтары сомасын қоспағанда, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметкерлерiнiң кәсiпкерлiк қызметпен байланыссыз, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысының есебiнен алынған тiкелей немесе жанама табыстарына төлем кезiнде 15 процент ставка бойынша салық салынады.
Ескерту. 32-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 заңымен.
Ескерту. 32-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
33-бап. Резидент еместердiң табысына төлем көзiнде салынатын салық ставкалары
Резидент еместiң тұрақты мекемеге қатысы жоқ қазақстандық көздерден
алған табысы шегерiс жасауды жүзеге асырусыз, жиынтық табысы бойынша төлем
кезiнде мына ставкалар бойынша салық салуға жатады:
1) дивидендтер мен сыйақы (мүдде) - 15 процент
2) тәуекелдiлiктi сақтандыру немесе
қайта сақтандыру шарттары бойынша
төленетiн сақтандыру төлемдерi - 5 процент
3) Қазақстан Республикасы мен басқа
мемлекетте арасындағы халықаралық
байланыста немесе тасымалда
телекоммуникациялық көлiк қызметi - 5 процент
4) роялти, басқару және консультация.
лық қызметтi қоса алғанда қызмет
көрсетуден түсетiн табыс, жал
жөніндегі табыс және басқа табыс
(осы Жарлықтың 29-бабына сәйкес
ставкалар бойынша салық салынатын
еңбекке ақы төлеу түрiнде алынатын
табыстан басқасы) - 20 процент
Ескерту. 33-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
6-тарау. ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЖЕҢIЛДIКТЕР
34-бап. Жеңiлдiктер
1. Мынадай заңды тұлғалардың салық алынатын табысы салық салудан босатылады:
1) акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткізуден, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстердi қоспағанда, Ауғанстан соғысы ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарсыз);
1-1) Қазақстан Республикасы мүгедектерi ерiктi қоғамының, Асырауында балалары бар мүгедек аналардың республикалық қоғамының («Бибi-Ана»), Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының, Ақыл-есi мен дене бiтiмi кемiс балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығының, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының, Қазақстан Республикасы «Чернобыль» одағының, сондай-ақ олардың өндiрiстiк ұйымдарының кiрiстерi (акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткізуден, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстердi қоспағанда), егер осындай ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе:
мүгедектер осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кем дегенде 51 процентiн құраса (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн өндiрiстiк ұйымдар үшiн кемiнде 35 процент);
мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу қоры жалпы еңбекке ақы төлеу қорының кем дегенде 51 процентiн құраса;
осы тармақшада аталған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) меншiгi болып табылатын және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған болса;
алынған кiрiстер оларды құрған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) жарғылық мақсаттарын iске асыруға жұмсалады;
2)
3) коммерциялық емес ұйымдардың демеушiлiк көмек, кiру және мүшелiк жарналар, қайырымдылық көмек, аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алған табыстары бойынша, бұл ретте жоғарыда аталған қаражат қайтарылмайтын негiзде берiлуге тиiс, сондай-ақ қайтарылмайтын етiп берiлген мүлiктер бойынша;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметі тiзбесiн белгiлейтiн халықаралық ұйымдар;
5) төтенше жағдайға душар болған жағдайда гуманитарлық көмек түрiнде мүлiк алған және оны өз мақсатында жұмсаған заңды тұлғалар;
6) мемлекет кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетелдiк кредит желiлерi бойынша, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген халықаралық ұйымдар желісі бойынша алынған мүлiк бойынша мемлекеттік мекемелер.
6-1) «Байқоңыр» кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорын, негiзгі қызметпен байланысты кiрiс бойынша;
7) алынған (алынуға тиіс) сыйақы (мүдде) және тұрғын үй-жайларды кейіннен лизинг алушының меншігіне беретін болып, осы үй-жайларды үш жылдан аспайтын мерзімге лизинг бойынша және жеке мұқтаждары үшiн тұрғын үйлердi сатып алу мен салуға арнап үш жылдан астам мерзiмге жеке адамдарға берiлген ипотекалық кредиттер бойынша банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар негiзгi құрал-жабдықтарды жасау мен жаңғырту үшiн үш жылдан астам мерзiмге берiлген орташа және ұзақ мерзiмдi инвестициялық несиелер жөнiнен;