қосу (алу)
тiркелген активтердi қосымша бағалау сомасы
қосу
осы Заңның 20-3-бабында айқындалған құн бойынша есептi кезеңде келiп түскен тiркелген активтер
алу
осы Заңның 20-3-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша есептi кезеңде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
Ескерту. Жаңа 20-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 20-2 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
20-3-бап. Тiркелген активтердiң түсуi және шығуы
1. Түсiп жатқан тiркелген активтер:
а) сатып алу, өтеусiз алу кезiнде, жарғылық капиталға салым ретiнде - осы Заңның 46-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша;
б) консервацияда, жаңғыртуда және олар толығымен тоқтап қалған жағдайда техникалық жағынан қайта жарақтандыруда тұрған негiзгi құрал-жабдықтар объектiлерiн пайдалануға берген кезде - баланстық құны бойынша iшкi топтардың құндық балансында ескерiледi.
2. Шығарылып жатқан тiркелген активтер:
а) сату, өтеусiз беру кезiнде, жарғылық капиталға салым ретiнде - сату құны бойынша;
б) негiзгi құралдар объектiлерiн уақытша консервацияға, қайта жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтауға берген кезде, олар толық тоқтап тұрған жағдайда - баланстық құны бойынша;
в) тiркелген активтердi есептен шығарған, жоғалтқан, жойған, бүлдiрген, айырылып қалған кезде, тiркелген активтер сақтандырылған жағдайда - сақтандыру ұйымы сақтандыру шартына сәйкес сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерi сомасы негiзге алынып анықталатын құны бойынша iшкi топтардың құндық балансында ескерiледi. Егер сақтандыру шартына сәйкес төленуге тиiс сақтандыру төлемдерi тiркелген активтiң бөлiгiне жатса, онда шығып қалған тiркелген активтiң құны сақтандыру төлемдерi мен тiркелген активтiң сақтандырылмаған бөлiгiне жататын баланстық құнның сомасы ретiнде анықталады.
Тiркелген активтердi есептен шығарған, жоғалтқан, жойған, бүлдiрген, айырылып қалған өзге жағдайларда баланстық құны бойынша iшкi топтардың құндық балансында ескерiледi.
Ескерту. Жаңа 20-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 20-3 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
20-4-бап. Тіркелген активтер амортизациясының шекті нормалары
1. Амортизациялауға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай шекті нормаларымен ішкі топтар бойынша бөлінеді:
_________________________________________________________________
топ Тіркелген активтердің Амортиза. Жаңа негізгі
(ішкі атауы цияның құрал-жабдықтар
топ) шекті бойынша аморти.
N нормасы зацияның қосымша
(%) нормасы (%)
_________________________________________________________________
І Үйлер, құрылыстар
1 Үйлер, құрылыстар 8
ІІ Ғимараттар
1 Мұнай жәнеігаз ұңғымалары 20
2 Мұнай-газ қоймалары 10
3 Кеме жүзетін, су каналдары 10
4 Көпірлер 7
5 Бөгеттер, плотиналар 7
6 Өзен және теңіз айлақ
ғимараттары 7
7 Кәсіпорындардың темір жол
қатынастары 8
8 Жағаны нығайту және жағаны
қорғау құрылыстары 7
9 Резервуарлар, цистерналар,
бактар және басқа да ыдыстар 8
10 Ішкі шаруашылық және
шаруашылық аралық суландыру
желісі 7
11 Жабық коллекторлық-дренаждық
жүйе 7
12 Ұшу-қону алаңдары, жолдары,
әуе кемелері тұратын орындар 8
13 Парктер мен хайуанаттар
парктерінің ғимараттары 8
14 Спорттық-сауықтыру ғимараттары 10
15 Жылыжайлар мен көшетханалар 10
16 Өзге де ғимараттар 7
_________________________________________________________________
ІІІ Беріліс құрылғылары
1 Электр берілісі және байланыс
құрылғылар мен желілері 10
2 Ішкі газ құбырлары мен
өткізгіш құбырлар 8
3 Су құбыры, канализация және
жылу желілері 7
4 Тағы басқалар 7
_________________________________________________________________
ІҮ Күш-қуат машиналары және жабдықтары
1 Жылу техникалық-жабдықтары 15 15
2 Турбиналық жабдықтар және
турбиналық газ құрылғылары 15 15
3 Электр двигательдері мен
дизель-генераторлары 10 10
4 Кешенді құрылғылар 8
5 Өзге де күш-қуат машиналары
мен жабдықтар (ұшқыр көлікті
қоспағанда) 7
_________________________________________________________________
Ү Қызмет түрі бойынша жұмыс машиналары мен
жабдықтары (ұшқыр көлікті қоспағанда)
1 Қара және түсті металлургия
машиналары мен жабдықтары 20 20
2 Химия өнеркәсібі машиналары
мен жабдықтары 20 20
3 Мұнай өңдеу және мұнай-химия
өнеркәсібі машиналары мен
жабдықтары 20 20
4 Мұнай-газ өндіру машиналары
мен жабдықтары 15 15
5 Жүк көтергіштігі 40 тоннадан
жоғары карьерлік автосамосвалдарды
қоса алғанда, тау-кен рудасы
өнеркәсібінің машиналары мен
жабдықтары 25 25
6 Электрондық өнеркәсіп жабдықтары 20 20
7 Құрылыс материалдарын өндіретін
машиналар мен жабдықтар 20 20
8 Ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз
өнеркәсібінің машиналары мен
жабдықтары 20 20
9 Полиграфия өнеркәсібінің
машиналары мен жабдықтары 15 15
10 Жеңіл өнеркәсіп машиналары
мен жабдықтары 20 20
11 Тамақ, балық, ет және сүт
өнеркәсібінің жабдықтары 20 20
12 Сауда және қоғамдық тамақтандыру
машиналары мен жабдықтары 5 5
13 Көлік, машиналар мен механизмдер
шығаруға арналған жабдықтар 20 20
14 Ауылшаруашылық тракторлары,
машиналары мен жабдықтары 20 20
15 Құю өндірісіне арналған
машиналар мен жабдықтар,
абразив және алмас өндірісінің
жабдықтары 20 20
16 Коммутацияларды және деректерді
берудің цифрлық электронды
жабдығы, сан жүйелерінің, оларды
берудің жабдықтары, сандық өлшегіш
байланыс техникасы 25
17 Спутник, ұялы байланыс,
радиотелефон, пейджинг және
транкинг байланысы жабдықтары 15
18 Беру жүйелері коммутацияларының
ұқсас жабдықтары 10
19 Киностудиялардың мамандандырылған
жабдықтары, медициналық және
микробиологиялық өнеркәсіп
жабдықтары 8
20 Өзге де салалардың
машиналары мен жабдықтары 10
_________________________________________________________________
ҮІ Басқа да машиналар мен жабдықтар
(ұшқыр көлікті қоспағанда)
_________________________________________________________________
1 Өнеркәсіптік тракторлар 20 20
2 Темір кескіш жабдықтар 15 15
3 Компрессорлық машиналар
мен жабдықтар 15 15
4 Ұста-пресс жабдықтары 15 15
5 Сорғылар 20 20
6 Көтеру-көлік, тиеу-түсіру
машиналары мен жабдықтары,
жер қазу, карьерлік және
жол-құрылыс жұмыстарына арналған
машиналар мен жабдықтар 15 15
7 Тіреу жұмыстарына арналған
машиналар мен жабдықтар,
уату-тарту, сұрыптау, байыту
жабдықтар 20 20
8 Су асты-техникалық жұмыстарына
арналған машиналар мен жабдықтар 20 20
9 Электрмен дәнекерлеуге және
кесуге арналған машиналар
мен жабдықтар 10 10
10 Технологиялық процестерге
арналған барлық түрдегі ыдыстар 8 8
11 Өзге де машиналар мен жабдықтар 10
_________________________________________________________________
ҮІІ Ұшқыр көлік
1 Темір жол жылжымалы тіркемесі 15 15
2 Теңіз, өзен флоты, балық
өнеркәсібі флоты 10
3 Автомобиль көлігінің жылжымалы
тіркемесі, өндіріс көлігі
(жеңіл автомобильдер мен таксиді
қоспағанда) 10
4 Жеңіл автомобильдер мен такси 7
5 Магистральдық өткізгіш
құбырлар 15 15
6 Коммуналдық көлік 10 10
7 Әуе көлігі 15 15
8 Өзге де көлік құралдары 7
_________________________________________________________________
ҮІІІ Компьютерлер, жер-жердегі құрылғылар
мен деректерді өңдеу жөніндегі
жабдықтар
1 Компьютерлер 30
2 Жер-жердегі құрылғылар мен
деректерді өңдеу жөніндегі жабдықтар 20
_________________________________________________________________
ІХ Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген
активтер
1 Көпжылдық екпелер 8
2 Материалдық емес активтер 15
3 Офис жиһазы 10
4 Аспаптар, өндірістік және
шаруашылық мүкәммал мен
керек-жарақтар 8
5 Көшіру-көбейту техникасы 15
6 Өлшеуіш және реттегіш
приборлар және құрылғылар,
зертханалық жабдықтар 10
7 Тағы басқалар 7
2. Егер есепті кезең ай (тоқсан болып) табылатын болса, амортизациялық аударымдардың нормасы мынадай формула бойынша анықталады:
n = (1 - (1-0,01N1/t) х 100, мұнда
n - амортизацияның ай сайынғы (тоқсан сайынғы) нормасы;
N - амортизацияның жылдық нормасы;
t - салық жылындағы есепті кезеңдердің саны.
3. Пайдалануға берiлген жаңа машиналар мен жабдықтар бойынша бiрiншi салық жылында салық төлеушi, аталған тiркелген активтердi кәсiпкерлiк қызметiнде кемiнде үш жыл пайдалану шартымен осы баппен белгiленген көтерiңкi нормалар бойынша амортизациялық аударымдарды қосымша есептеуге құқылы.
Оларды үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайда жүргiзiлген шегерiмнiң сомасы жылдық жиынтық табысты ұлғайтуға жатады.
Бұл норманы табиғи монополистер салық салу және босаған қаражатты күрделi салымдарды қаржыландыруға пайдалану мақсатында анықталатын таза табыс болған кезде қолданады.
Ескерту. Жаңа 20-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 20-4 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
20-5-бап.
Ескерту. 20-5 бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
20-6-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
1. Егер шығып қалған тiркелген активтердiң құны салық жылының аяғындағы iшкi топтың құндық балансынан артып кеткен болса, арту мөлшерi салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысына енгізуге жатады. Бұл ретте салық жылының аяғындағы осы iшкi топтың құндық балансы нөлге тең болып қалады.
2. Iшкi топтың барлық тiркелген активтерi шығып қалған кезде есептiк кезең аяғындағы осы iшкi топтың құндық балансы шегерiмге жатқызылады.
3. Егер осы Заңның 20-5-бабына сәйкес анықталған тiркелген активтiң қалдық құны есептiк кезең аяғында оның бастапқы құнының кемiнде 5 процентiн құраған жағдайда, салық төлеушiлер мұндай тiркелген активтiң қалдық құнын шегерiмге жатқызуға құқылы.
Ескерту. Жаңа 20-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
20-7-бап. Жалгерлiк, негiзгi құралдардың қаржы лизингi шарттарымен берiлетiн (алынатын) тiркелген активтер
1. Ағымдағы жалгерлiк шарттарымен берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны жалға берушiнің топтарының құндық балансында есепке алынады.
2. Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг алушы топтарының құндық балансында есепке алынады.
Бұл ретте, лизинг берушiнiң тиiстi iшкi тобының құндық балансы қаржы лизингiне берiлген негiзгi құралдардың құнына кемiтiлуi тиiс.
Ескерту. Жаңа 20-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 20-7 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
20-8-бап. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау
1. Салық төлеушi салық салу мақсатында бухгалтерлiк есептi жүзеге асыру шартымен негiзгi құрал-жабдықтарға дербес қайта бағалау жүргiзуге құқылы.
Бұл ретте, салық салу мақсатында қолданылатын негiзгi құрал-жабдықтар құнының арту индексi бухгалтерлiк есепте тиiстi негiзгi құрал-жабдықтарға қайта бағалауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылған коэффициенттерден артып кетпеуге тиiс.
2.
3. Негiзгi құралдарды қосымша бағалау сомасына 15 процент ставка бойынша табыс салығы салынады.
Табыс салығын төлеу қосымша бағалау жүргiзiлген айдан кейiнгi айдың ішінде жүргiзіледі.
4. Қосымша бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызудан салық төлеушi есептi кезеңнiң iшiнде шеккен зиян салық салу мақсатында есепке алынбайды.
5. Табиғи монополистердiң негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеушi уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша жүргiзiледi.
6. Құрылысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкiметтiк) кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген заем қаражатымен жүзеге асырылған, үйлердiң құнын шетелдiк валютада терiс бағамдық айырмашылық сомасына қайта бағалау сомасы салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысына енгiзiлмейдi.
Ескерту. Жаңа 20-8-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 20-8 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
20-9-бап. Тiркелген активтердi сатып алуға, сондай-ақ меншiктi құрылысқа алынған кредиттер (заемдар) үшiн сыйақы (мүдде)
1. Құрылыс жүргiзу кезеңiнде алынған кредиттер (заемдар) үшiн сыйақыны (мүдденi) қоспағанда, тiркелген активтердi сатып алуға алынған, оның iшiнде қаржы лизингi түріндегі кредиттер (заемдар) үшiн сыйақы (мүдде) осы Заңның 16-бабында белгiленген тәртiппен шегерiмге жатады.