Ескерту. 5-бап 49) тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 5-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 29.03.2000 № 42 заңымен. Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
Ескерту. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 11.07.2001 № 237 Заңымен.
II бөлiм
ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДАН
АЛЫНАТЫН ТАБЫС САЛЫҒЫ
2-тарау. ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДАН
АЛЫНАТЫН ТАБЫС САЛЫҒЫН ТӨЛЕУШIЛЕР ЖӘНЕ
САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫС
6-бап. Төлеушiлер
1. Заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа), және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын (бұдан әрi - табыс салығын) төлеушiлер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Табыс салығын төлеушілер өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық төлеуді жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өзiнiң филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi үшiн табыс салығын олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге не Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге төлейдi.
2. Табыс салығын төлеушілерге сондай-ақ резидент емес - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер жатады.
3. Заңды тұлғаға өз қатысушыларынан (құрылтайшыларынан) бөлек салық салынады. Жай серiктестiктiң, соның iшiнде консорциумның шарты бойынша алынған табыс оған қатысушылардың арасында бөлiнедi әрi осы Заңның 94-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда олардың әрқайсысында сол табысқа салық салынады.
4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң құқықтық мәртебесiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда салық қызметi өздiгiнен оны жеке салық төлеушi ретiнде белгiлеуге құқылы.
5. Табыс салығын төлеушi жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
6. Табыс салығын төлеушілерге өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн, сондай-ақ өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеуден алынған өнiмдердi өткізуден түсетiн кiрiстер бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жатпайды.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі жеке баланс пен банктiк шоттар болған кезде заңды тұлғаның арызы бойынша оның бөлiмшелерiн дербес салық төлеушiлер ретiнде қарай алады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер және толықтырулар енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 Заңымен.
Ескерту. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 6-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 6-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 6-бап 6 және 7-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 6-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
7-бап. Салық салу объектiсi
1. Табыс салығын салу объектiсi жылдық жиынтық табыс пен осы Заңда көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде есептелiп, салық салынатын табыс болып табылады;
2. Салық салынатын табыс теңгемен белгiленедi. Салық салынатын табыс шетел валютасымен көрсетiлген жағдайда ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салық төленген кездегi бағамы бойынша ресми теңгемен қайта есептеледi.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 Заңымен.
Ескерту. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
8-бап. Шетел валютасымен жүргiзiлетiн операциялар
Салық салынатын табыс есептелген кезде түсiм, басқа да кiрiстер, сондай-ақ шетел валютасымен шеккен шығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операция (төлем) жасалған күнгi ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi.
3-тарау. ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫС
9-бап. Жылдық жиынтық табыс
1. Резидент салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде алған табыстарынан тұрады.
2. Резидент емес салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы қазақстандық көздерден алынған табыстарынан тұрады.
3. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеушi алуға тиiс, өзара есеп айырысу ретiнде үшiншi тұлғаларға немесе тiкелей не болмаса жанама шығыстарды өтеуге бағытталған, жөнелтiлген өнiм, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызметтер мен басқа да операциялар үшiн ақшалай немесе басқа қаражат кiредi.
4. Жылдық жиынтық табысқа табыстың барлық түрлерi, соның iшiнде:
1) жеке тұлғалардың еңбекақы, сақтандыру және зейнетақы төлемдерi түрiнде алған табысы;
2) кәсiпкерлiк қызметтен алынған табыс;
3) жеке тұлғалардың мүлiктiк табысы жатады.
Ескерту. 9-баптың 4-тармағының 1)-тармақшасы сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен. - бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
10-бап. Жеке тұлғалардың еңбекақы, сақтандыру және зейнетақы төлемдерi түрiнде алған табысы
1. Еңбекке ақы төлеу түрiнде алынған табыстарға жеке тұлғаны жалдау жөніндегі жұмыстан алынған табыстар жатады.
2. Жеке тұлғалардың еңбекақы түрiнде алған табысына, сондай-ақ мыналар жатады:
1) қызметкерлерге көрсетiлген қызметтердiң немесе сатылған тауарлардың құны мен осы қызметтердiң не болмаса тауарлардың сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
2) жұмыс берушiнiң өз қызметкерлерiнiң қызметiне қатыссыз шығындарын өтеу шығыстары;
3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оған борышының немесе оның алдындағы мiндеттемесiнiң сомасын шығарып тастау;
4) жұмыс берушiнiң қызметкерлердi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын төлеуге жұмсаған шығындары;
5) жеке тұлғадан ұстап қалуға жататын табыс салығы есебiне жұмыс берушiнiң төлеген сомасы;
6) өз қызметкерлерiнiң тiкелей немесе жанама табысы болып табылатын жұмыс берушiнiң басқа да шығыстары.
3. Қызметкерлердiң жылдық жиынтық табысына тұруға және жол жүруге арналған iссапар төлемдерiнiң құжатпен расталған нақты сомасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген нормалар шегiнде тұрған уақыты үшін төленетiн тәулiктiк шығындар енгiзiлмейдi.
4. Зейнетақы төлемдерi түрiнде алынатын кiрiстерге жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған төлемдер жатады.
5. Сақтандыру төлемдерi түрiнде алынған табысқа сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн, олар бойынша:
а) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
б) жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен сақтандыру сыйлықтары төленген сақтандыру төлемдерi жатады.
Ескерту. 10-бап өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Президентінiң 19.06.1997 № 134-I Заңымен - бұл өзгертулер мен толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
11-бап. Кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстар
Кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстарға:
1) борышкерге тағылған немесе ол мойындаған айыппұлдарды, өсiмақылар мен санкциялардың басқа да түрлерiн ескере отырып, өнiмдi (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өткізуден түскен табыс;
2) үйлердi, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi, сату кезіндегі құнының өсiмiнен түскен табыс;
3) сыйақы (мүдде) нысанындағы табыс;
3-1) күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiстер;
4) дивидендтер;
5) ұтыстар;
6) тегiн алынған мүлiк пен ақша;
7) экспорттау кезiнде төмендетiлген құны бойынша активтердi сатудан түскен табыстар;
8) мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
9) роялти;
10) мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды тұлғалар алған жәрдемақылар;
11) кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе кәсiпорынды жабуға келісім бергенi үшiн алынған табыстар;
12) банктердiң бұрын шегерiмге жатқызып, мәжбүрлi шығындар жасаудың мөлшерiн азайтудан түскен табыстары;
12-1) жалпы сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн бұрын шегерiмге жатқызылған, сақтандыру резервтерiн азайтудан түскен табыс;
13) міндеттемелерді жабудан түскен табыстар;
14) осы Заңның 20-4-бабының 3-тармағына, 20-6-бабының 1-тармағына және 47-бабына сәйкес табысқа кiретiн сомалар;
15) осы Заңның 20-бабына сәйкес өтелетiн шегерістер кiредi.
16) осы Заңның 138-бабының 1-тармағына сәйкес бағаларды түзетуден түсетiн кiрiстер.
17) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектілердi пайдалану кезiнде алынатын табыстардың шығындардан артуы;
Ескерту. 11-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 11-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 11-бап 3-1), 16)-тармақшалармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 11-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 11-бап өзгерді және 17) тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
12-бап. Жеке тұлғалардың мүлiктiк табысы
Жеке тұлғалардың мүлiктiк табысына мынадай активтердiң түрлерiн:
1) салық төлеушiнiң тұрақты тұрғын-жайы болып табылмайтын жылжымайтын мүлiктi;
2) бағалы қағаздарды, заңды тұлғаға қатысу үлесi мен басқа да материалдық емес активтердi;
3) шетел валютасын;
4) асыл тастар мен бағалы металдарды, олардың жасалған зергерлiк бұйымдарды және асыл тастары мен бағалы металдары бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер шығармалары мен антиквариат дүниелердi, олардың құнын инфляцияға орай түзету енгізудi ескере отырып, сатудан алынған құнының өсiмi ғана жатады.
13-бап. Жылдық жиынтық табысқа түзету енгізу
Жылдық жиынтық табыстан:
1) жеке және заңды тұлғалар алған, бұрынырақ Қазақстан Республикасында төлем көзiнде оларға салық салынған дивидендтер;
2) заңды және жеке тұлғалар алған және олардың кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты оңды бағамдық айырма;
3) ашық акционерлік қоғамдардың акцияларын сату кезiнде құнның өсiмiнен түскен табыс;
4) төлем көзiне салынатын, жеке тұлғалар алған ұтыстар;
5) зейнетақы қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шотына жiберiлген инвестициялық кiрiстер;
6) заңды тұлға-резидентке қатысу үлесiн сатудан жеке адамдар алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінде салық салынып келген табыс;
7) меншiгіндегі акциялар құнының оларды бағалы қағаздар рыногында алғашқы орналастыру кезiнде эмитент алған акциялардың нақты құнынан артығы;
8) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кәсiпкерлiк қызметке қатысы жоқ, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысы есебiнен алынған, 15 процент ставка бойынша салық салынатын тiкелей және жанама табыстары.
9) бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінде салық салынып келген, жеке тұлғалардан алынған сыйақы (мүдде).
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік кәсiпорындардан, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекеттік мекемелерден қайтарымсыз негiзде алған негiзгi құралдардың құны.
Ескерту. 13-баптың 2-тармақшасындағы сөздер алынып тасталған - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 13-бап 5-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 09.06.1997 № 116-1 Заңымен.
Ескерту. 13-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен - бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi .
Ескерту. 13-баптың 2)-тармақшасы алынып тасталды және өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 13-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 13-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 13-баптың 6)-тармақшасы өзгертілді және 9)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 13-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен. (өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі )
Ескерту. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
4-тарау. ШЕГЕРIС ЖАСАУ ЖӘНЕ ЗИЯН ШЕГУ
14-бап. Табыс алуға байланысты шығындар
1. Заңды және жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан, осы Заңға сәйкес шегеруге жатпайтын шығыстарынан басқа, оны алуға байланысты барлық шығыстары шегерiледi.
Осы Заңмен нормалар шегiнде шығыстарды шегеруге жатқызу жағдайлары белгiленуi мүмкiн.
Шегеру кәсiпкерлiк қызметтен табыс алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Егер белгiлi бiр шығындар шығыстардың бiрнеше бабында көзделген жағдайда, салық салынатын табыс есептелген кезде аталған шығындар бiр рет қана шегерiлiп тасталады.
3. Жеке тұлғаның өз тұтынуына жұмсаған шығындары, сондай-ақ еңбек шарты (контракт) немесе мердiгерлiк (жалдану шарты) бойынша iстелген жұмыстан табыс алуына байланысты шығындары шегерiлуге жатпайды.
4. Iссапарлық, өкiлдiк шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде шегерiлiп тасталады.
Табиғи монополистердiң жасаған ысырабы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар шегiнде шегерiлiп тасталады.
Ескерту. 14-баптың 1-тармағына өзгерiс енгiзiлген - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 14-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 Заңымен.
Ескерту. 14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен. - бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 14-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 14-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 14-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
15-бап. Шегерiс жасауға жатпайтын шығыстар
1. Кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес шығыстар бойынша шегерістер жасалмайды.
2. Терiс бағамдық айырма бойынша шегерістер жасалмайды.
3. Осы тарауда көзделген шегерістер, егер олар осы Заңның 14-бабының ережелерiне сәйкес келмесе, жасалмайды.
16-бап. Алынған кредит (займ) үшiн сыйақы (мүдде) бойынша шегерiм жасау
Алынған кредит үшiн сыйақы (мүдде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша есепті кезеңдегі есептелген, осы ставканың теңгемен, кредит (займ) бойынша 50 процентiне көбейтiлген сомасы және шет ел валютасымен кредит (займ) бойынша 100 процентiне көбейтiлген Лондон банкаралық рыногының ставкасы бойынша сома шегiнде шегерiлуге тиiс.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 16-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 16-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
17-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiм жасау
1. Салық төлеушiнiң өткiзiлген өнiмге, атқарған жұмыс пен көрсетiлген қызметтерге байланысты, олардан тапқан табыстары бұрынырақ кәсiпкерлiк қызметтен алынған жылдық жиынтық табысқа енгiзiлген, күмәндi талаптары бойынша шегерістер жасатуға құқылы.
2. Банктердiң провизиялар жөніндегі күмәндi әрi сенiмсiз талаптардан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiленген мөлшерде шегерiс жасауға хақы бар.
3.
Ескерту. 17-баптың 2-шi тармағы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200
Ескерту. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 17-бап 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 17-баптың 3-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
18-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiс жасау
1. Жалпы сақтандыру саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкес сақтандыру резервiне жасалған аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар.
Қайта сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаның өмiрдi сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы жасаған, қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша аударымдар сомасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкес сақтандыру резервiне жасалған аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар.
2. Өз қызметiн заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негiзiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтiк қорға) аударылған аударымдар сомасын шегерiп тастауға құқығы бар.
Кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударымдар жасаудың мөлшерi мен тәртібі Құзыреттi органмен келісім бойынша, кен орнын игеру зардаптарын жоюға жұмсалатын шығындардың жобалық сомасы негiзге алына отырып, келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргiзу барысында жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта кен орнын игерудiң бүкiл мерзiмiне белгiленедi.
Егер кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығындар аталған қорға аударылған аударымдардан аз болса, оң айырма жер қойнауын пайдаланушының салық салынатын табысына қосылуға тиiс;
3. 17-баптың 2-тармағында және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шегерістердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерістер жасалмайды.
Ескерту. 18-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 18-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 18-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
19-бап. Ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарына шығыстар бойынша шегерiс жасау
Табыс алуға байланысты ғылыми-зерттеу жобалау және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерістер жасалады, бұған негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалған шығыстар мен күрделi сипаттағы басқа шығындар кiрмейдi.
20-бап. Тiркелген активтер
1. Тiркелген активтер - салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер.
2. Тiркелген активтердің құны осы Заңда белгіленген тәртiппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiмге жатқызылады.
3. Осы Заңның 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес негiзгi құрал-жабдықтар болып табылмайтын материалдық активтердiң құны олар кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылған жағдайда бiр мезгiлде шегерiмге жатқызылуға тиiс.
4. Материалдық емес активтерге кәсiпкерлiк қызметте ұзақ мерзiмдi кезең iшiнде (бiр жылдан артық) пайдаланылатын материалдық емес объектiлерге заңды (құрылтайшылар мен қатысушылардың шығындарын қоса алғанда) және жеке тұлғалардың жұмсаған шығындары жатады.
Амортизациялауға жататын материалдық емес активтердiң құнына, егер олар салық төлеушiнiң салық салынатын табысын есептеген кезде шегерiлiп тасталған болса, оларды сатып алу немесе өндiру жөніндегі шығындар кiрмейдi.
5. Амортизациялық аударымдар негiзгi құрал-жабдықтардың мынадай түрлерiне есептеледi:
1) үйлер;
2) ғимараттар;
3) берiлiс құрылғылары;
4) жұмыс және қуат машиналары мен жабдықтары;
5) компьютерлер, жер-жердегi құрылғылар мен деректердi өңдеу жөніндегі жабдықтар;
6) көлiк құралдары;
7) аспаптар;
8) өлшеу және реттеу приборлары мен құрылғылары, зертханалық жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммал мен керек-жарақтар;
9) жұмыс малы;
10) көпжылдық екпелер;
11) алдыңғы тармақшаларда аталмаған негiзгi құрал-жабдықтардың басқа түрлерi.
Көпжылдық екпелер мен жұмыс малы бойынша амортизациялық аударымдар, осы аталған активтердi салық төлеушi кәсiпкерлiк қызметте пайдаланған жағдайда есептеледi.
6. Амортизациялық аударымдар негiзгi құрал-жабдықтардың мынадай түрлерiне есептелмейдi:
1) жер;
2)
3) өнiм малы;
4) мұражай құндылықтары;
5) сәулет және өнер ескерткiштерi;
6) жалпы жұрт пайдаланатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер;
7) аяқталмаған күрделi құрылыс;
8) фильм қорына жататын объектiлер;
9)
10)
11) сақталуда, жаңғыртуда және олар толығымен тоқтап қалған жағдайда техникалық қайта жарақтандыруда, монтаждауда, орнатуда, пайдалануға беру сәтiне дейiн қоймаларда тұрған объектiлер.
7. Амортизациялық аударымдар материалдық емес активтердiң мынадай түрлерiне есептеледi:
1) лицензиялық келісімдер;
2) сауда маркалары мен тауар таңбалары;
3) патенттер;
4) бағдарламалық қамтамасыз ету;
5) табиғи ресурстарды, жердi пайдалану құқықтары;
6) өнеркәсiптiк үлгiлер;
7) ұйымдастырушылық шығындар.
8. Өздерiн өндiруге (сатып алуға) iс жүзiнде шығындар жұмсалмаған материалдық емес активтер амортизациялауға жатпайды.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгiзiлген - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 20-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 20-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 заңымен.
Ескерту. 20-баптың 10-тармағы 3-шi бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 заңымен.
Ескерту. 20-баптың 10-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 20-бап 6-тармағының 1-тармақшасы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 20-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
20-1-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу
1. Амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн тiркелген активтер функционалдық белгiсi бойынша топтарға бiрiктiрiлген амортизациялық iшкi топтар бойынша бөлуге жатады.
2. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды анықтау үшiн есептi кезең салық жылы болып табылады.
3. Салық төлеушi салық жылының шегiнде өзге есептi кезең (ай, тоқсан) белгiлеуге және амортизациялық аударымдарды ай сайын немесе тоқсан сайын есептеуге құқылы.
4. Салық төлеушi амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн қолданатын кезең, сондай-ақ амортизацияның қолданылатын нормалары салық жылы iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
5. Әрбiр iшкi топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормасын есептi кезеңнiң аяғындағы iшкi топтың құндық балансына қолдану арқылы есептеледi, бiрақ ол осы Заңның 20-4-бабымен белгiленген шектен жоғары болмауы керек.
Салық төлеушi таратылған немесе қайта құрылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық жылындағы қызмет кезеңiне түзетiледi.
6. Үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объектi бойынша жеке-жеке айқындалады.
7. Салық төлеушi амортизациялық аударымдарды әрбiр тiркелген актив бойынша жеке-жеке есептеуге құқылы.
Бұл ретте, iшкi топтардың құндық балансы салық төлеушi әрбiр объект сайын жүргiзетiн есептiң деректерi негiзiнде айқындалады.
Ескерту. Жаңа 20-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
20-2-бап. Амортизациялық iшкi топтардың құндық балансын айқындау
1. Есептi кезеңнiң басында әрбiр амортизациялық iшкi топ бойынша iшкi топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сома айқындалады.
2. Салық жылының аяғына iшкi топтың құндық балансы:
осының алдындағы салық жылында есептелген, сондай-ақ осы Заңның 20-6-бабына және 21-бабының 2-тармағына сәйкес жасалатын түзетулердi ескере отырып, амортизация сомасына кемiтiлген осының алдындағы салық жылының аяғындағы iшкi топтың құндық балансы ретiнде айқындалатын салық жылының басындағы iшкi топтың құндық балансы