3. Салық декларацияларын және салық төлеушiнiң кiрiстер мен мүлкi туралы мәлiметтердi жасау жөніндегі қызметтердi көрсеткен аудитор аталған декларацияға және кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтерге қол қоюға, мөр басуға және салық төлеушiнiң өз тiркелу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
4. Салық төлеушiлер аумақтық салық органдарына салық декларацияларын: өзi келу тәртібімен; почтамен, табыс етiлгенi хабарланатын тапсырыс хатымен; заңды тұлға бастығының және (немесе) бас бухгалтерiнiң электрондық қол қоюымен расталған, ақпараттары компьютерлiк өңдеуге болатын электрондық түрде, бiрақ белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей және белгiленген нысандарға сәйкес табыс етуге құқылы.
Осы Заңда белгiленген мерзiмнiң соңғы күнiне жиырма төрт сағат қалғанға дейiн почтаға, телеграфқа немесе өзге байланыс мекемелерiне тапсырылған салық декларациялары мерзiмiнде тапсырылды деп есептеледi.
Ескерту. 144-баптың атауы және 2,3-тармақтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 11.04.1997 № 92-I Заңымен.
Ескерту. 144-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 144-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 144-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
145-бап. Төлемдер туралы ақпарат беру
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жөнелтудi және (немесе) тауар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төлемдi жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық қызметiнiң талабы бойынша жөнелтiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны және (немесе) атқарушыға төлеген сомасы туралы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген нысандар бойынша ақпарат беруге мiндеттi.
Ескерту. 145-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
146-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзiмiн ұзарту
Салық комитетi органының басшысы салық декларациясын тапсырудың осы Жарлықта белгiленген мерзiмiн, егер салық төлеушi осы мерзiм жеткенге дейiн оны ұзарту жөнiнде өтiнiш берсе, үш айдан аспайтын уақытқа ұзарта алады. Осы бапқа сәйкес декларация тапсыру мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.
Ескерту. 146-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
147-бап. Банк шоттары
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы банктер мен басқа ұйымдар:
1) салық төлеушiге (резидент емес жеке тұлғалардан басқасына) банк шоттарын ашқан кезде салық қызметі органдары хабарлаған салық төлеушінің тіркелу нөмірін ескеруге, салық қызметі органдарын салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға аталған шоттардың ашылғаны жайында үш банк күні ішінде хабардар етуге және төлем құжаттарында (банк шоттарынан банктің нақты ақша қабылдауына және беруіне негіз болатын немесе көмектесетін вексельді және төлем құжаттарын қоспағанда) салық төлеушілердің тіркелу нөмірлерін көрсетпей, клиенттердің шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;
2) салық төлеушiлердiң банктiк шоттардан салық төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезекте атқаруға мiндеттi. Салық төлеушiлер белгiленген мерзiмде бюджетке өткiзбеген салық, айыппұл және өсiм сомаларын өндiрiп алуға арналған аумақтық салық органдарының инкассалық өкiмдерiн осындай ретпен, салық органынан нұсқау алған күннен бастап үш күннен кешiктiрмей атқаруға мiндеттi.
Салық төлеушiнiң банктiк шоттарында теңге қаражаты болмаған жағдайда, салықтар, айыппұлдар мен өсiмақылар бойынша берешектердi өндiрiп алуды салық төлеушiнiң банктiк шоттарындағы шетел валютасы қаражаттарынан осы шоттарға аумақтық салық органдарының инкассалық өкiмдерi негiзiнде төлем жасау күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасына белгiлеген теңге бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен және шарттарда жүргiзуге.
Салық төлеушi заңды тұлғалардың банктердегi шоттарында ақшасы жоқ немесе жеткiлiксiз болса салықтар бойынша кем берiлген төлемдi, сондай-ақ айыппұл мен өсiм сомаларын өндiрiп алуды төлемдi кем берушiге тиесiлi сомалар шегiнде олардың дебиторларының банк шоттарындағы ақшасына қолдануға;
Салық төлеушінің немесе оның дебиторының банктік шотында салық органының инкассалық өкімінде аталған соманы толық төлеу үшін жеткілікті ақша болмаған жағдайда салық органының инкассалық тапсырмасы (өкімі) салық төлеушінің немесе оның тиісті дебиторының банктік шотына ақша түсу шамасына қарай орындалады.
Банк салық төлеушiнiң бiр банк шотынан салық (алым), айыппұл және өсiмақы жөніндегі берешектi өндiрiп алуға салық органының инкассолық тапсырмасын (өкімін) орындаған кезде, салық төлеушiнiң аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық тапсырмалары (өкiмдерi), егер салық органы мұндай инкассолық тапсырмаларды (өкiмдердi) сол сомаға, берешектiң сол түрiне, сол есептiк кезеңге шығарған болса, банк салық органының инкассолық тапсырмасын (өкімін) орындау фактiсiн растайтын төлем құжатын қоса тiркей отырып, салық органына оны орындамай қайтарады.
3) салық сомаларын салық төлеушiнiң банктiк шотынан ақшаны шығарып тастау жөніндегі операциялар жасалған күнi тиiстi бюджеттiң кiрiсiне есептеуге (банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа қаржы мекемесiне аударуға);
4) салық қызметiнiң қызметкерлерiне тексерiлiп отырған салық төлеушiнiң - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның банктiк шоттар бойынша жасалған (немесе ағымдағы) операцияларды, осы шоттарда ақшаның бар-жоғын тексеруге рұқсат етуге;
5) салық қызметiнiң шешiмi бойынша, осы Заңның 171-бабының 1-тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларда, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банктiк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтатуға және бiрiншi кезекте тиiстi салықтарды сөзсiз аударуға қатысты нұсқаларды атқаруға;
6) жазбаша сұратып алу негiзiнде белгiлi бiр кезең iшiнде банк шоттарымен жасалған операциялар туралы, тексерiлiп отырған салық төлеушiнiң шоттарында ақшаның бар-жоғы туралы, оның өткен жыл iшіндегі қаржы операциялары туралы және сыйақы (мүдде) ставкасын белгiлеу туралы Мемлекеттік кіріс министрлігінiң белгiлеген нысан мен мерзiмде салық қызметi органдарына Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ақпарат табыс етуге мiндеттi.
Ескерту. 147-баптан сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 27.09.1996 № 37 Заңымен.
Ескерту. 147-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 147-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 147-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 147-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 147-баптың 1)-тармақшасы жаңа редакцияда және 5)-тармақша өзгертілді - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 147-баптың 2)-тармақшасы толықтырылды, 6)-тармақшасы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 147-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 147-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 147-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 29.03.2000 № 42 Заңымен.
Ескерту. 147-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
148-бап. Талаптың ескiру мерзiмi
Салық қызметi органдарының қайта қаралған салық сомасын немесе есептелген салық сомасын төлеу туралы талаптарына, сондай-ақ төлеушiлердiң артық төленген салық сомасын қайтару немесе есепке алу туралы талаптарына жасалатын талаптың ескiру мерзiмi 5 жыл болып белгiленедi.
Ескерту. 148-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
149-бап. Есептелген салық, алым және басқа да міндетті
төлемдердің сомасы туралы хабарлама
Тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым және басқа міндетті төлемдер сомасы туралы хабарламада мынадай мәліметтер болуға тиіс:
1) салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (немесе атауы);
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) хабарланған күні;
4) есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер мен айыппұл санкцияларының сомалары;
5) төлеу туралы талап және төлеу мерзімдері;
6) төленетін орны мен әдісі;
7) шағымдану тәртібі.
Ескерту. 149-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
40-тарау. САЛЫҚ ЖИЮ
150-бап. Салық, алым және басқа да міндетті төлемдерді төлеу
Салық, алым және басқа да міндетті төлемдер осы Заңда, Қазақстан Республикасы Үкіметі Мемлекеттік кіріс министрлігінің актілерінде, сондай-ақ салық қызметi органдарының хабарламаларында көзделген мерзiмде төленедi.
Ескерту. 150-баптың атауы жаңа редакцияда және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
151-бап. Артық төленген салық сомасын қайтару
1. Егер төленген салық сомасы есептелген сомадан асып кетсе, салық қызметi:
1) артық төленген салық сомасын салық төлеушi төлейтiн басқа салықтардың есебiне жатқызады;
2) салық төлеушiнiң келiсуi бар болған жағдайда қалдығын алдағы төлемдер жөніндегі мiндеттемелер есебiне жатқызады;
3) қалдығын 20 күн мерзiм iшiнде төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша салық төлеушiге қайтарады.
2. Егер салық төлеушiнiң артық төлеген салық сомасы басқа салықтар бойынша мiндеттемелердiң есебiне жатқызылса, жоғарыда аталған соманы пайдалануға қатысты мәлiметтер есептелген салық сомасы туралы хабарламада жазылуға тиiс.
Ескерту. 151-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
152-бап. Салық төлеу мерзiмiн ұзарту және айыппұл санкциялары
1. Салық төлеушiден негiзделген жазбаша өтiнiш алғаннан кейiн аумақтық салық органының басшысы тиiстi қаржы органының басшысымен келiсе отырып, жергiлiктi бюджетке толық көлемде төлеуге жататын осы Заңда белгiленген салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн бiр салық жылынан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
Жергiлiктi атқарушы органның өтiнiмiн алғаннан кейiн салық төлеушiнiң тiркеу орны бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған, осы Заңмен белгiленген салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ бұл мерзiм бiр жылдан аспауға тиiс.
Салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Осы баптың 1-1-тармағында және осы Заңның 71-1-баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлеу мерзiмiнiң ұзартылуы салық төлеушiнi салықты бюджетке уақтылы өткiзбегенi үшiн өсiм төлеуден босатпайды.
Салық төлеушiлерге заңды тұлғалардың төлем көзiнен ұсталған табыстарынан табыс салығын төлеу мерзiмiн ұзарту берiлмейдi.
Басқа адамға құқықтар ауысып берiлген жағдайда салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту құқығы ауыспайды.
Салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту салық төлеушi оларды төлеу жөнiнде өздерiнiң мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кепiл берiлгеннен кейiн берiледi.
Салық органдары мен салық төлеушiлер арасындағы кепiл қатынастарына осы Заңмен реттелмеген бөлiкте кепiл туралы жалпы ереже қолданылады.
1-1. Қызметінің бірден-бір түрі жылу өндіру, бөлу және жеткізіп беру салаларында қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаларға салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзімін ұзартқан кезде ұзартылған кезеңге өсім есептелмейді.
1-2. Акциялардың қосымша эмиссиясы туралы сот шешiмi күшiне енген күннен бастап қосымша эмиссияланатын акцияларды орналастыру аяқталғанға дейiн салық бойынша мерзiмi өткен берешек соманың бөлiгiне өсiмақы есептелмейдi.
2. Акциздi төлеу мерзiмдерi ұзартылмайды.
3. Салық қызметi органдары бюджетке төленуге тиiстi салық сомасының бұрын ашылмаған кемiтiлуiн анықтаса, кемiту сомасы өсiм есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай өндiрiп алынады.
4. Мәжбүрлi түрде таратылатын банктердiң кредит берушiлерiне банктiң таратылуына байланысты пайда болған салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақтылы төлемегенi үшiн айыппұлдар мен өсiмақылар банктi мәжбүрлi тарату басталғанын растайтын ресми құжат күшiне енген кезден бастап есептелмейдi.
Ескерту. 152-бап нақтыланған.
Ескерту. 152-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 152-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 152-баптың 1-тармағы сөзбен және 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 152-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 152-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
153-бап. Салық бойынша берешектi өтеу тәртібі
Мемлекеттік бюджетке берешектi өтеу мынадай кезектiлiкпен жүргiзiледi:
1) салық сомасы;
2) есептелген өсiм;
3) есептелген айыппұл.
Ескерту. 153-баптың қолданылуы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн тоқтатыла тұрсын - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 заңымен - 153-бабының қолданылуы 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын, бұл орайда мемлекеттік бюджет алдындағы берешектердi өтеудi мынадай кезектiлiгi белгiленсiн: 1) салық сомасы; 2) есептелген өсiмақылар; 3) есептелген айыппұлдар.
ХI бөлiм
САЛЫҚ ЗАҢДАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН
ЖАУАПКЕРШIЛIК ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
41-тарау. САЛЫҚТЫ ЕРIКСIЗ ӨНДIРIП АЛУ
154-бап. Салық қызметі органдарының салық, алым және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерді өндіріп алуы
1. Осы Заңда белгіленген салық, алым және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мемлекет алдындағы борыш болып табылады.
2. Аумақтық салық органдарына тапсырылған декларациялар және (немесе) есептер бойынша салық төлеуші есептеген салық немесе ағымдағы және аванстық төлемдер, сондай-ақ алымдар мен басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген мерзімдерде төленбеген жағдайда аумақтық салық органдары салық төлеушілердің заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның банктегі шоттарынан (еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты қайта ресiмделген заңды және жеке тұлғалардың теңге депозиттерiн қоспағанда) салық, ағымдағы және аванстық төлемдер, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсімдер бойынша пайда болған берешек мөлшерінде салық төлеушінің келісімінсіз қаражат өндіріп алуға құқылы.
3. Салық төлеушi салық қызметi органдарының тексеру актiсi бойынша есептелген салықпен, алыммен, басқа да мiндеттi төлемдермен, айыппұлдармен және өсiмақылармен келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң аталған сомаларды төлеу мерзiмдерi 60 күнге ұзартылады және оларды салық төлеушi еркiн нысанда жасап, аумақтық салық органымен келісілген графикке сәйкес салық төлеушi осы кезең iшiнде әрбiр 15 күн сайын теңбе-тең үлестермен төлеп отыруға тиiс.
Осы тармақтың ережелерiне сәйкес салық қызметi органдарының тексеру актiсi бойынша есептелген салық, алым, басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдар мен өсiмақылар төлеу мерзiмiн ұзарту салық төлеушiнi осы Заңның 152-бабының 1-1-тармағында және 70-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетiн салық жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы төлеуден босатпайды.
Осы тармақтың ережелерi салық қызметi органдарының тексеру актiсi бойынша есептелген акциз сомасына және заңды тұлғалардың кiрiсiнен төлем көзiнен ұсталып қалуға тиiстi табыс салығына қатысты қолданылмайды.
Салық төлеушi тексеру актiсi бойынша есептелiп, өтеу графигiмен белгіленген салықты, алымды, басқа да мiндеттi төлемдердi, айыппұлдар мен өсiмақыларды төлеу мерзiмдерiн бұзған жағдайда, өтеу графигiнiң әрекетi тоқтатылады да, аумақтық салық органдары тексеру актiсi бойынша есептелген және төленбеген сомаларды салық төлеушi заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның банк шотынан өндiрiп алады.
4. Тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасына осы Заңның 165 және 166-баптарында белгіленген тәртіппен 5 банк күні ішінде шағым жасалмауы, осы баптың 3-тармағы бойынша келісім білдіру болып есептеледі.
Осы баптың 3-тармағы бойынша салық төлеуші тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасына келісім білдірмей, осы Заңның 165 және 166-баптарында белгіленген тәртіппен 5 банк күні ішінде шағым жасаған жағдайда аталған соманы салық төлеушінің банктегі шоттарынан өндіріп алу тоқтатыла тұрады.
Тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасын салық төлеушінің келісімінсіз өндіріп алу осы Заңның 165-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасы туралы хабарламада көрсетілген төлеу мерзімінен бастап өсім есептеле отырып жүргізіледі.
5. Салық төлеушінің банктегі шоттарында қаражат болмаған жағдайда аумақтық салық органдары, салық төлеушіге берешегі бар екенін растайтын салық төлеуші мен оның дебиторы арасында өзара есеп айырысуды салыстыру актісі болған жағдайда, оның дебиторларының, заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шотынан салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім бойынша пайда болған берешек және (немесе) тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасы шегінде қаражат өндіріп алуға құқылы.
Ескерту. 154-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 154-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 154-баптың 2 және 3-тармақтары жаңа редакцияда, 4, 5-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 154-баптың атауы және 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 заңымен.
Ескерту. 154-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 154-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 154-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 29.03.2000 № 42 Заңымен.
155-бап. Салық төлетудi қамтамасыз ету
1. Осы Заңның 154-бабына сәйкес пайда болған берешектiң төленуiн қамтамасыз ету үшiн салық қызметi органдары салық төлеушi немесе оның дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда, Үкiмет белгiлеген тәртiппен салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм шығаруға құқылы.
2. Билiк ету шектелген мүлiк алынып қойылады не салық төлеушiнiң иеленуi мен пайдалануында қалдырылады, ол мүлiктiң сақталуы үшiн жауап бередi.
3. Берешек өтелген жағдайда мүлiктi билiк етуiн шектеу туралы шешiм жойылуға тиiс.
Ескерту. 155-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 155-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 155-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
156-бап. Салық төлеушiнiң мүлкiнен өндiрiп алуды қолдау тәртібі
1. Салық қызметi салық төлеушiнiң келiсуiмен айыпақыны оның билiк етуi шектелген мүлкiнен берешек сомасы шегiнде өндiрiп алуды қолдану құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағы бойынша салық төлеушiнiң мүлiктi билiк етуiн шектеу туралы салық органының шешiмiне осы Заңның 165 және 166-баптарында белгiленген тәртiппен 5 банктiк күн iшiнде шағымданбауы келiскені болып табылады.
Ескерту. 156-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
157-бап. Билiк етуi шектелген мүлiктi сату
1. Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкi мамандандырылған ашық аукционда сатылады, оны өткізудiң тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
2. Мүлiктi сатудан алынған түсiм бiрiншi кезекте өндiрiп алуды қолдану мен сату шығындары есебiне, сонан соң өсiмдi, айыппұлды, салықтың өзiн төлеу есебiне жатқызылады. Қаражаттың қалдығы салық төлеушiге банктiк үш күн iшiнде қайтарылады.
Ескерту. 157-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
158-бап. Салық төлеушiге тиесiлi соманы өндiрiп алу
Өндiрiп алу процедурасына сәйкес салық қызметiнiң үшiншi тұлға (соның iшiнде жұмыс берушiге, банкке немесе басқа қаржы мекемесiне) мүлкiнен өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама тапсырылған күнге дейiн салық төлеушiге тиесiлi кез-келген соманы тиiстi бюджетке төлеудi ұйғарған хабарлама жiберуге, сондай-ақ үшiншi тараптың - дебиторлардың - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шотынан осындай соманы алуға құқығы бар.
Ескерту. 158-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 158-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 29.03.2000 № 42 Заңымен.
159-бап. Экспорт операцияларын кiдiрту
Салық төлеушiнiң мүлкiнен өндiрiп алу қолданылған кезде Қазақстан Республикасының кеден органдары салық қызметi органдары жiберген хабарлама негiзiнде экспортталатын тауарларды тұмшалау жолымен салық төлеушiнiң экспорттық операцияларын кiдiрте тұрады.
42-тарау. Салықтық құқық бұзушылық және оны
жасағаны үшін жауапкершілік
160-бап. Салықтық құқық бұзушылық ұғымы
Тұлғалардың (салық төлеушiнiң, салық немесе басқа уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасының) осы Заңда немесе соған сәйкес салық заңдары актілерінде шығарылатын белгiленген нормаларды және (немесе) ережелердi орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан туындаған заңға қайшы iстер (әрекеттер немесе әрекетсiздiк) салықтық құқық бұзушылық деп танылады.
Ескерту. 160-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
161-бап. Салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауапқа тартудың жалпы ережелерi
1. Салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн ешкiм де Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздерден және тәртiптен өзгеше реттермен жауапқа тартылмайды.
2. Бiр салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн ешкiмдi де қайталап салықтық жауапқа тартуға болмайды.
3. Заңды тұлғалардың салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауапқа тартылуы тиiстi негiздер болған жағдайда олардың лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген қаржылық, әкiмшiлiк, қылмыстық немесе өзге де жауапкершiлiктерден босатпайды.
4. Салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн салық төлеушiнiң жауапқа тартылуы оны тиесiлi салық сомасын төлеу мiндеттемесiнен босатпайды.
5. Салық төлеушi салық салу объектiсiн есепке алу, есептеу және салық төлеу кезiнде өзi жiберген қателiктердi өз бетiнше жөндеуге және заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi аумақтық салық органына хабарлауға құқылы.
Ескерту. 161-бап толықтырылды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 161-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 161-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 161-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 161-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
162-бап. Салықтық санкциялар
1. Салықтық санкциялар салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауапкершiлiк өлшемi болып табылады.
2. Салықтық санкциялар осы Заңда көзделген мөлшерде өндiрiп алу (айыппұл, өсiмақы) түрiнде белгiленедi және қолданылады.
3. Бiр тұлға екi және одан да көп салықтық құқық бұзушылық жасаған жағдайда аса қатал емес санкция қатал санкцияның тасасында қалдырылмай, әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке салықтық санкция қолданылады.