Ескерту. 162-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 162-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
163-бап. Салық органында есепке қою мерзiмiнiң бұзылуы
Салық төлеушiнiң осы Заңның 139-бабында белгiленген аумақтық салық органдарында есепке қою туралы өтiнiштi беру мерзiмiн бұзуы, сондай-ақ аумақтық салық органы лауазымды адамының салық төлеушiнi есепке қоюдан негiзсiз бас тартуы он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ескерту. 163-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 163-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 163-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 163-бап 6-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 163-баптың 1 және 4-тармақтары өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 163-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 163-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
163-1-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн
аумақтық салық органдарында тiркемей жүзеге
асырудың басталуы
Осы Заңның 139-2-бабында белгiленген кәсiпкерлiк қызметтің жекелеген түрлерін аумақтық салық органдарында осындай қызметтi жүзеге асыруды бастағанын тiркемей жүзеге асырған салық төлеушiлер, сондай-ақ аумақтық салық органы лауазымды адамының кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеуден негiзсiз бас тартуы жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ескерту. Жаңа 163-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
163-2-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзiмiнің бұзылуы
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнiң есепте тұрған жерi бойынша аумақтық салық органына заңдарда белгiленген мерзiмде салық декларациясын тапсырмауы, осы декларация негiзiнде төлеуге жататын, бiрақ төленбеген салық сомасының он процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң салық декларациясын осындай декларацияны тапсырудың заңдарда белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн 180 күннен астам уақыт iшiнде аумақтық салық органына тапсырмауы, осы декларация негiзiнде төленуге тиiстi, бiрақ төленбеген салық сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ескерту. Жаңа 163-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
163-3-бап. Кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiнің бұзылуы
1. Салық төлеушi кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiн бұзса, егер осы iс-әрекет бiр есептiк кезеңде жасалған болса, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген iс-әрекет, егер бiр есептi кезеңнен астам уақыт iшiнде жасалса немесе кiрiстi төмендетуге әкеп соқса, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың мақсаттары үшiн кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiнiң бұзылу ұғымы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарының, бухгалтерлiк есеп тiзiлiмдерiнiң болмауын, бухгалтерлiк есептiң шоттарында және қаржылық есептемелерде активтердiң және мiндеттемелердiң жүйелi түрде дер кезiнде көрсетілмеуiн немесе қате көрсетiлуiн бiлдiредi.
Ескерту. Жаңа 163-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
163-4-бап. Салық сомаларын төлемеу немесе толық төлемеу, ағымдағы төлем сомаларының мөлшерiн кемiтiп көрсету
Салық салынатын базаны кемiтiп көрсету нәтижесiнде салық сомасын төлемеу немесе толық төлемеу немесе салықтық кезеңнiң қорытындылары бойынша салықты дұрыс есептемеу төленбеген салық сомасының 50 процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ағымдағы төлем сомасының мөлшерi кемiтiп көрсетiлгенi үшiн айына ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының 50 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады.
Ескерту. Жаңа 163-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
163-5-бап. Салық органы лауазымды адамының кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға кiруiне заңсыз кедергi жасау
Осы Заңға сәйкес тексеру жүргiзетiн салық органы лауазымды адамының салық төлеушi кәсiпкерлiк қызметке пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайды қоспағанда) кiруiне салық төлеушiнiң заңсыз кедергi жасауы салық төлеушiден жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ескерту. Жаңа 163-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
163-6-бап. Салық органының сұрау салуы бойынша құжаттарды беруден бас тарту
Салық төлеушiнiң осы Заңда белгiленген құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрде) беруден бас тартуы жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ескерту. Жаңа 163-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
163-7-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның 147-бабының талаптарын орындамайтын (орындамаған) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай:
1) заңды және жеке тұлғалар осы Заңның 147-бабының 1) және 5) тармақшаларының талаптарын орындамаған жағдайда олардың банктегi шоттары бойынша жасаған шығыс операциялар сомасынан 5 процент өндiрiп алу санкциясы қолданылады.
Осы Заңның 147-бабының 1) тармақшасына қатысты санкция банктегi шот ашылғаннан кейiн банктiк төртiншi күннен бастап банктегi шот ашылғаны туралы аумақтық салық органына iс жүзiнде хабарлағанға дейiнгi кезең үшiн қолданылады;
2) заңды тұлғалардың банктегi шоттарынан салық сомаларын бюджетке аударып есептен шығару кезектiлiгiн сақтамағаны үшiн өсiмақы және салық төлеушi-клиенттердiң банктегi шоттарынан есептен шығарылған сомаларды бюджет кiрiсiне есептеудi (аударуды) кешiктiргенi үшiн, сондай-ақ салық төлеушiлердiң осы Заңның 164-бабында көзделген мөлшерде бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмаларын орындамай қайтарғаны үшiн санкциялар сомасын өндiрiп алу түріндегі санкциялар қолданылады. Салық төлеушiлерден бұл күндер үшiн өсiмақы алынбайды.
2. Банктерден клиенттердiң тапсырмалары бойынша салық төлемдерiн кешiктiргенi үшiн белгiленген мерзiмнен өтiп кеткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы мөлшерiнде өсiмақы өндiрiп алынып, ол жергiлiктi бюджетке аударылады.
Ескерту. Жаңа 163-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
164-бап. Мерзiмi өткен салық төлемдерi бойынша өсiмақы
1. Уақтылы төленбеген салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары, оның iшiнде ағымдағы және мәлiмделген аванстық төлемдер мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төленген күндi қоса алғанда) осы сомалар төленген күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде өсiмақы есептеле отырып бюджетке өндiрiп алынады.
2. Салық төлеушiлердiң өтiнiшi бойынша қосылған құнға салынатын салықтың өтеуге жататын сомаларын қоспағанда, салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомаларын немесе қате ұсталған сомаларды уақтылы қайтармау мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төленген күндi қоса алғанда) осы сомалар төленген күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде тұрақсыздық төлемi төлене отырып салық төлеушiге қайтарылады.
Ескерту. 164-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 164-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 164-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
43-тарау. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
165-бап. Салық қызметiнiң шешiмдерiн қайта қарау
1. Есептелген салық сомасына немесе салық қызметiнiң өзге шешiмдерiне келiспеген салық төлеушi осы шешiмдi шығарған салық қызметiнiң бөлiмшелерiне оны әкiмшiлiк тәртiппен қайта қарау жайында өтiнiш жасай алады. Өтiнiште салық төлеушi өтiнiшiн негiздейтiн дәлелдерiн баяндап, құжаттарын көрсетуi керек.
2. Салық қызметi салық төлеушiнiң қайта қарау туралы өтiнiшiн қарап, ол бойынша негiзделген шешiм шығарады және бұл жайында салық төлеушiнi 30 күн iшiнде хабардар етедi.
3. Салық қызметi органының шешiмiне салық қызметiнiң жоғары тұрған органынан немесе сотқа шағым жасауға болады. Егер салық қызметiнiң жоғары тұрған органы шағымға 30 күн iшiнде жауап бермесе, салық қызметiнiң одан жоғары тұрған органына өтiнiш беруге болады.
3-1. Егер салық төлеушіге тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім туралы хабарланған күннен 30 банк күні өткеннен кейін салық төлеушінің өтініші қанағаттандырылмаса немесе салық төлеуші сотқа салық қызметі органы шешіміне шағымданбаса, аумақтық салық органы салық төлеушінің келісімінсіз оның банктегі шоттарынан салық қызметі органының тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомаларын өндіріп алуға құқылы.
Егер салық төлеуші хабардар етілген күннен бастап 30 күн ішінде салық қызметі органының шешіміне сотқа шағымданса, аумақтық салық органы салық төлеушінің келісімінсіз оның банктегі шоттарынан салық қызметі органының тексеру актісі бойынша есептелген, сот шешімімен дұрыс (заңды) деп танылған салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомаларын хабарланған күннен бастап өсімді есептей отырып өндіріп алуға құқылы.
4. Соттың шешiмi бойынша негiзсiз өндiрiп алынған сома салық төлеушiге оларды салық қызметі органдарының өндiрiп алған кезден бастап әр күн үшiн бұл сома төленген күнi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде өсiм есептеле отырып үш күн iшiнде қайтарылады.
Ескерту. 165-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 165-баптың 1 және 3-тармақтары өзгертілді және 3-1-тармақпен толықтырылды, 4-тармақтың 1-ші азатжолы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 165-баптың 4-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
166-бап. Сотқа шағым беру
Салық төлеушi салық қызметiнiң шешiмдерiне қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп пен шарттардың негiзiнде сотқа шағым беруге құқылы.
ХII бөлiм
САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСI
МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Ескерту. XXII бөлім тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
44-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ескерту. 167,168,169,170-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
167-бап. Салық қызметi және қаржы полициясы органдарының мәртебесi, құрылымы мен мiндеттерi
1. Салық қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің орталық аппаратынан және оның аумақтық салық органдарынан тұрады.
Аумақтық салық органдарына:
мемлекеттік бюджетке төленетiн төлемдердiң түсуiн және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердi көздейтiн салық заңдары мен басқа да заң актілері негiзiнде барлық деңгейлердегi бюджеттерге салықтар алымы мен басқа да мiндеттi төлемдердiң толық жиналуын қамтамасыз ету;
салық заңдарының тиiмдiлiгiн зерделеу;
салық салу мәселелерi жөнiнде заң жобаларын, және басқа мемлекеттермен шарттарды әзiрлеуге қатысу;
салық төлеушiлерге олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру, салық төлеушiлерге салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердегi өзгерістер туралы уақытылы хабарлап отыру жөніндегі мiндеттер жүктеледi.
Қаржы полициясы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, заңдарда белгiленген шекте қылмыстық қудалау жөніндегі құқықтық орган болып табылады.
Қаржы полициясы органдарына заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуiне байланысты не табысын жасыру немесе кемiтiп көрсету, салық салынатын объектiлерiн жасыру мақсатымен жасаған қылмыстары мен өзге де құқық бұзушылықтарын, салықтарды төлеуден және мемлекет алдындағы басқа да қаржы мiндеттемелерiн орындаудан өзгедей жалтаруды, мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мiндеттер жүктеледi.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрi салық қызметi органдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
3. Салық қызметiнiң құрылымына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінiң орталық аппараты, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi кiредi.
Салық қызметiнiң аумақтық органдары жоғары тұрған тиiстi салық қызметi органына тiкелей жоғарыдан төмен қарай бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға кiрмейдi.
4. Салық комитетiн Төраға басқарады, оны қызметке Қаржы министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал оның орынбасарларын - Салық комитетi төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы министрi тағайындайды.
5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнiң төрағаларын, ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерiнiң, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерiнiң төрағаларын қызметке Қаржы министрлігі Салық комитетi төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi тағайындайды. Салық комитетi орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметке Төраға тағайындайды.
6. Қаржы полициясы агенттiгiн Төраға басқарады, оны қызметке Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды. Төрағаның орынбасарлары болады, оларды Қаржы полициясы агенттiгi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі тағайындайды.
Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша, көлiктегi қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтарын, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша ауданаралық (аймақтық) қаржы полициясы бөлiмдерiнiң бастықтарын және олардың орынбасарларын қызметке Қаржы полициясы агенттiгiнiң төрағасы тағайындайды.
Облыстық және қалалық қаржы полициясы басқармаларының, ауданаралық (аймақтық), аудандық қаржы полициясы бөлімдерінің қызметкерлерін облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша, көліктегі қаржы полициясы департаменттерінің бастықтары тағайындайды.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Барлық деңгейдегi салық қызметiнiң органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың белгiленген үлгiдегi бланкiлерi және мөрлерi болады, сондай-ақ банктерде шоттары болуы мүмкiн.
9. Салық қызметiнiң органдары республикалық бюджет қаражаты есебiнен қамтылады.
Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 167-баптың 1-3,5,6 өзгертілді, 4-тармақ алып тасталды, 7-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 167-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
168-бап. Салық қызметi жұмысының құқықтық негiзi
Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де заңдары салық қызметi жұмысының құқықтық негiзi болып табылады.
169-бап.
Ескерту. 169-бап сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 № 134-I Заңымен - бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 169-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 169-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
45 - тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Ескерту. 45-тараудың тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
Ескерту. 170-173-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
170-бап. Салық қызметi және қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
1. Салық қызметi органдары:
1) салық төлеушiлердiң құқықтары мен мемлекеттiң мүдделерiн сақтауға және қорғауға;
2) тәркiленiп және иесiз қалып мемлекет меншiгiне көшкен мүлiктердi есепке алу, бағалау және сату жөнiнде жұмыс жүргiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бекiткен көлемде және тәртiппен жүргiзiлген жұмыстар туралы есептiлiк әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берiп отыруға;
3) осы Заңның 175-бабының ережелерiне сәйкес салық төлеушiлер туралы ақпараттың құпиясын сақтауға;
4) салық заңдарын бұзу фактілерін жинауға талдау мен бағалауға және салық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының орын алуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізуге;
5) салық қызметi органдары басшыларының ұйғарымы бойынша салық төлеушiлерге тексеру жүргiзуге мiндеттi.
2. Аумақтық салық органдары:
1) салық төлеушiлер мен салық салынатын объектiлердiң уақтылы есебiн алуды қамтамасыз етуге, бюджетке есептелген және төленген салықтар есебiн жүргiзуге;
2) есептелген салық сомасымен салыстырғанда артық төленген соманы осы Заңның 151-бабының ережелерiне сәйкес салық төлеушiлерге қайтарып беруге;
3)
4) салықтардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң келiп түсуi, салық органдарының жұмысы туралы мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімiмен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрi бекiткен көлемде және тәртiппен есептiлiк жасауға;
5) келiп түскен салықтардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң сомасы туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгiлеген нысан мен мерзiмде қаржы органдарына есептер берiп отыруға;
6) заңдарда белгiленген жағдайларда қаржы полициясы органдарына материалдар беруге;
7) дивидендтердiң дұрыс есептелуiне және оларды мемлекеттік акция пакеттерi бар акционерлік қоғамдардың уақытылы төлеуiне бақылауды жүзеге асыруға;
8) салықтың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң есептелуiнiң дұрыстығына, толықтығына және олардың уақытылы төленуiне, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарының толықтығы мен уақтылы аударылуына бақылауды жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының бұзылуы туралы арыздарды, хабарларды және басқа ақпаратты тексеруге мiндеттi.
3. Қаржы полициясы органдары:
1) заңда көзделген негiздерде және тәртiппен салықтардың төленбеуiне, салық салынудан жалтаруға немесе мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындамауына байланысты қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында жедел iздестiру қимылдарын, анықтау, алдын ала тергеу жүргiзуге;
2) заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуiне байланысты не табысын бүркемелеу немесе кемiтiп көрсету, салық салынатын объектiлердi жасыру мақсатымен жасаған өзге де құқық бұзушылықтарын, салықтар төлеуден және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындаудан өзгедей жалтаруын мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашуға және олардың жолын кесуге;
3) салық және кеден қызметi органдарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінiң алдын алуға, ашуға және олардың жолын кесуге;
4) өз құзыретi шегiнде салық қызметi жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, олардың қызметкерлерiн қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға;
5) салықтарды төлеуден, мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындаудан, мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақтылы аударудан, олардың мемлекет алдындағы қарызы туралы, мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақтылы аудармағаны не декларация толтырудан жалтарған туралы мәлiметтер түскен жеке және заңды тұлғаларды iздестiруді жүзеге асыруға мiндеттi.
3-1. Салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларациялар мен өзге де құжаттардың нысандарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әзірлейді және бекітеді.
4. Осы Заңды қолдану жөніндегі актiлердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әзiрлеп, бекiтедi.
Ескерту. 170-баптың 1, 2-тармақтар өзгертілді және 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 170-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
171-бап. Салық қызметi және қаржы полициясы органдарының құқықтары
1. Салық қызметi органдарының:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiппен және шарттарда заңды тұлғалардың (ерекше жұмыс режиміндегі заңды тұлғаларды қоса алғанда) және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлiк кiтаптарын, есептерiн, сметаларын, қолда бар ақшасын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырысуларын, декларацияларын және бюджетке салық пен басқа да төлемдердi есептеу мен төлеуге және мемлекет алдындағы өзге де қаржы мiндеттемелерiне байланысты, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын толығымен және уақтылы аудару жөніндегі өзге де құжаттарын тексеруге, ұйымдардың лауазымды адамдарынан және басқа қызметкерлерiнен, сондай-ақ азаматтардан Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып аталған тексерулер барысында туындайтын мәселелер жөнiнде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға, салық төлеушiлердi тiркеу есебi;
салық салу объектiлерiн және салық салумен байланысты объектiлердi есепке алу;
бюджетке түскен түсiмдердi есепке алу;
қосылған құнға салық төлеушiлердi есепке алу;
камералдық бақылау;
салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң мониторингi;
фискалды зердесi бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану ережелерiнiң сақталуын бақылау;
акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн маркалау ережелерiнiң сақталуын бақылау;
мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және өткізу тәртібінiң сақталуын бақылау нысанындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген тәртiппен акциздiк бекеттер құру жолымен бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бұл ретте жүргiзiлетiн тексерулердi қоса алғанда, жүзеге асырылатын бақылау салық төлеушiлердiң қызметiн тоқтата тұруға әкеп соқпауға тиiс;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде, оның филиалдарында, өкiлдiктерi мен ұйымдарында заңдарда белгiленген қорларға аударымдар жасалғаннан кейiн қалған пайданың бюджетке толығымен және уақытылы түсуi мәселесi бойынша тексерулер жүргiзуге;
3) ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарына, сондай-ақ азаматтарға анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және олардың орындалуын бақылап отыруға;
4) заңды тұлғалар салықты есептеу мен төлеуге байланысты есептердi осы Заңда белгiленген мерзiмнен бастап 10 күн iшiнде салық қызметiне табыс етпеген жағдайда, сондай-ақ салық төлеушiлер 142-баптың 3-тармағында аталған электрондық құжат түріндегі ақпараттарды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген нысандар бойынша табыс етпеген жағдайда, олардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы банк шоттары (корреспонденттiк шоттардан басқа) бойынша шығыс операцияларын анықталған тәртiп бұзушылықтар жойылғанға дейiн прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып тоқтата тұруға құқылы. Салық заңдарын бұзу фактілері анықталған жағдайда салық қызметiнiң органдары осыны куәландыратын құжаттарды, ақша қаражатын және материалдық құралдарды, алып қойылған заттардың тiзбесi бар акт көшiрмесiн төлеушiге тапсыра отырып, алып қоюға құқылы;