Ескерту. 138-1-баптың 2,3,15-тармақтары толықтырылды, - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 Заңымен.
Ескерту. 138-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
138-2 бап. Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi
1. Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi негiзiнен қолма-қол ақшамен жұмыс iстейтiн және тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi жүзеге асыру бойынша шектеулi айналымы бар, сондай-ақ жұмыспен қамтылған қызметкерлердiң саны шектеулi жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдану шарттарын, салықтарды есептеу тәртібін және төлеу мерзiмiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлейдi.
Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде салық төлеудiң оңайлатылған режимiне не салықты есептеу мен төлеудiң жалпы белгiленген тәртібіне көшедi.
Осы баптың ережелерi 138-3-баптың 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.
Ескерту. 138-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
138-3-бап. Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн патент негізінде салық салудың оңайлатылған режимі
1. Осы бапта көзделген салық салудың оңайлатылған режимi:
1) жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн және өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн және өткiзетiн;
2) мал шаруашылығының және құс шаруашылығының (оның iшiнде асыл тұқымды) ауыл шаруашылығы өнiмiн төлдi өсiруден бастап толық циклмен өндiретiн, омарташылық өнiмiн өндiретiн, өзi өндiрген осы өнiмдi қайта өңдейтiн және өткiзетiн заңды тұлғаларға қолданылады.
Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн:
филиалдары мен өкiлдiктерi бар,
тәуелдi (оның iшiнде еншiлес) ұйымдары бар заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.
2. Патент бойынша салық салудың оңайлатылған режимi негiзiнде салықтарды есептеу және төлеу үшiн салық төлеуші жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген нысан және тәртiп бойынша өтiнiш пен құжаттарды ағымдағы салық жылының 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тапсырады.
Салық төлеушiнiң көрсетiлген мерзiмде өтiнiш тапсырмауы оның салықтарды жалпы белгiленген тәртiппен есептеп төлеуге келісімi болып есептеледi.
Оңайлатылған режимдi қоса алғанда, салық жылының басында таңдап алынған салықтарды есептеу мен төлеу тәртібі салық жылының iшiнде өзгертiлуге жатпайды.
3. Патенттiң құнына заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, әлеуметтiк салық, жер салығы, мүлiкке салынатын салық, көлiк құралдарына салынатын салық енгiзiледi.
Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiс салық сомасы 80 процентке кемiтiледi.
Патент құнын есептеудiң тәртібін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлейдi.
4. Патент құнының есебiне енгiзiлген салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген тәртiппен мынадай үш мерзiмде:
1) ағымдағы салық жылының 20 мамырынан кешiктiрiлмей;
2) ағымдағы салық жылының 20 қазанынан кешiктiрiлмей;
3) есептi жылдан кейiнгi салық жылының 20 наурызынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Салық төлеушiлер патент құнына енгiзiлген салықтар бойынша декларация ұсынудан босатылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде, оның iшiнде акцизделетiн өнiмдердi өндiру және (немесе) қайта өңдеу кезiнде салық төлеушiлер табыстар мен шығыстардың (жалақы төлемдерiн қоса алғанда), мүлiктiң (оның iшiнде көлiк құралдары мен жер учаскелерi) бөлек есебiн жүргiзуге және қызметтердiң осы түрлерi бойынша тиiстi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге мiндеттi.
Ескерту. 138-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
138-4 бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi
1. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi, төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын қоспағанда, заңды тұлғалардан және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын (бұдан әрi - табыс салығы) және әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртібін белгiлейдi.
Осы тармақта көрсетiлмеген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiнде бюджетпен есеп айырысу үшiн есептi кезең тоқсан болып табылады.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн мынадай шарттарға сәйкес келетiн:
1) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн:
есептi кезеңде қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк саны кәсiпкердiң өзiн қоса алғанда 15 адамнан аспайтын;
кәсiпкерлiк қызметтiң 5-тен аспайтын түрiн жүзеге асыратын;
есептi кезеңдегi табысы 4500 мың теңгеден аспайтын;
2) заңды тұлғалар үшiн:
есептi кезеңде қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк саны 25 адамнан аспайтын;
кәсiпкерлiк қызметтiң 7-ден аспайтын түрiн жүзеге асыратын;
есептi кезеңдегi табысы 9 000 мың теңгеден аспайтын салық төлеушi қолданады.
4. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қызметтердiң мынадай түрлерiн:
1) акцизделетiн өнiм шығаруды;
2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызмет көрсетудi;
3) мұнай өнiмдерiн сатуды;
4) шыны ыдыстарын жинау мен қабылдауды;
5) жер қойнауын пайдалануды;
6) құмар ойындары бизнесiн;
7) лицензияланатын:
медициналық, дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк қызметтердi;
тұрғын үй, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газдандыру бойынша өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;
күзет, өрт дабылы және өртке қарсы автоматтық құралдарды жобалауды, монтаждауды, жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi; өртке қарсы техникаларды, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндiру мен сатуды;
жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет көрсетудi;
дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын әзiрлеудi, өндiрудi, қайта өңдеудi және көтере сатуды, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерін;
жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды;
емдеу препараттарын әзiрлеудi және (немесе) сатуды;
жобалау-iздеу, сараптау, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар өндiру жөніндегі жұмыстарды;
алкогольдi өнiмдердi бөлшек саудада сатуды қоспағанда, жүзеге асыратын салық төлеушiлер қолданбайды.
5. Осы баптың 3-тармағында белгiленген шарттарға қарамастан, салық салудың осы оңайлатылған режимiн қолдануға:
1) филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң;
2) салық төлеушiлер филиалдарының, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерiнiң;
3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлік қоғамдардың;
4) бiрыңғай жер салығын төлеушiлердiң және осы Заңның 138-3-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердiң құқығы жоқ.
6. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн таңдау кезiнде салық төлеушi тiркелген жерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген мерзiмдерде және нысан бойынша өтiнiшiн аумақтық салық органына тапсырады.
Салықтарды есептеу мен төлеудiң таңдап алынған тәртібі, осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық жылының iшiнде өзгертiлуге жатпайды.
7. Салық төлеушi есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша оңайлатылған декларацияны аумақтық салық органына есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-ына дейiн тапсырады.
8. Есептi кезең үшiн оңайлатылған декларация бойынша төленуге тиiс табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы (бұдан әрi - салық) салық салу объектiсiне осы баптың 10-тармағында белгiленген ставканы қолдану арқылы айқындалады.
Төлем көзiнен салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар бар болған жағдайда, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстарды қамтитын есептi кезеңде алынған (алынуға тиiс) табыс салық салу объектiсi болып табылады.
Салық төлеушi оңайлатылған декларация бойынша төленуге тиiс салық сомасын қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге алып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшеріндегі сомаға кемiтедi.
9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасы табыс салығы мен әлеуметтiк салыққа тең үлесте бөлiнедi және есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей бюджетке төленуге тиiс.
10. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардың табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
---------------------------------------------------------------------------
Тоқсандағы табыстың мөлшерi ! Салық ставкасы
---------------------------------------------------------------------------
1500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда Табыс сомасынан 4 процент
1500,0 мың теңгеден жоғары 60,0 мың теңге + 1500,0 мың
3000,0 мың теңгеге дейiн қоса теңгеден асатын табыс
алғанда сомасынан 7 процент
3000,0 мың теңгеден жоғары 165,0 мың теңге + 3000,0 мың
4500,0 мың теңгеге дейiн қоса теңгеден асатын табыс
алғанда сомасынан 11 процент
---------------------------------------------------------------------------
Заңды тұлғалардың табысына мынадай
ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
---------------------------------------------------------------------------
Тоқсандағы табыстың мөлшерi ! Салық ставкасы
---------------------------------------------------------------------------
1500,0 мың теңгеге дейiн қоса Табыс сомасынан 5 процент
алғанда
1500,0 мың теңгеден жоғары 75,0 мың теңге + 1500,0 мың
3000,0 мың теңгеге дейiн қоса теңгеден асатын табыс
алғанда сомасынан 7 процент
3000,0 мың теңгеден жоғары 180,0 мың теңге + 3000,0 мың
4500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда теңгеден асатын табыс
сомасынан 9 процент
4500,0 мың теңгеден жоғары 315,0 мың теңге + 4500,0 мың
6500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда теңгеден асатын табыс
сомасынан 11 процент
6500,0 мың теңгеден жоғары 535,0 мың теңге + 6500,0 мың
9000 мың теңгеге дейiн қоса алғанда теңгеден асатын табыс
сомасынан 13 процент
---------------------------------------------------------------------------
11. Осы баптың 3-5-тармақтарында белгiленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi есептi кезеңнен кейiнгi тоқсаннан бастап салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпы белгiленген тәртібіне көшедi.
12. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлға осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген шарттар өзгерген кезде (көрсеткiштердiң артуы), заңды тұлға ретiнде тиiстi тiркеуден өткеннен кейiн оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануға құқылы.
Ескерту. 138-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
139-бап. Салық төлеушiлердi есепке алу
1. Аумақтық салық органдарында салық төлеушi ретiнде есепке қою қандайда бiр салық бойынша салық мiндеттемесiнiң туындауы мен орындалуына байланысты болатын, осы Заңда көзделген жағдайларға қарамастан жүзеге асырылады.
2. Заңды немесе жеке тұлғаны есепке қою олардың өтiнiштерi бойынша аумақтық салық органында, тиiсiнше Заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұратын жерi бойынша жүргiзiледi. Бұл орайда, заңды тұлға мемлекеттік тiркеуге тұрған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал жеке тұлға - өзi келу тәртібімен өтiнiш беруге мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме құрмай кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастағаннан не салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша басқа мiндеттемелер туындағаннан кейiн 10 күн iшiнде салық есебiне қою үшiн аумақтық салық органдарына өтiнiш бiлдiруге мiндеттi.
Ескерту. 139-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 139-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 139-баптың 1-4 тармақтары өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 139-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 139-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
139-1-бап. Салық органдарында есепке қою және есептен шығару тәртібі. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi
1. Есепке қою және есептен шығару туралы өтiнiштердiң нысанын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлейдi.
2. Заңды тұлға өтiнiш беру кезiнде есепке қою туралы өтiнiшпен бiрге тiркеу туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының белгiлеген тәртiппен расталған бiр дана көшiрмесiн табыс етедi.
Есепке қою кезiнде салық төлеушiлер - жеке тұлғалар туралы мәлiметтердiң құрамына олардың дербес деректерi:
1) тегi, аты және әкесiнiң аты;
2) туған күнi, айы, жылы және туған жерi;
3) жынысы;
4) мекен-жайы;
5) жеке куәлiгiнiң немесе салық төлеушiнiң жеке басын куәландыратын өзге құжаттың нөмiрi енгiзiледi.
3. Аумақтық салық органдары салық төлеушi өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi есепке қоюды жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Әрбiр салық төлеушiге аумақтық салық органында Қазақстан Республикасының барлық аумағында бiрыңғай салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiледi.
5. Салық төлеушiнiң орналасқан жерi немесе тұрған жерi өзгерген жағдайда бұрынғы аумақтық салық органынан есептен шығару және жаңа аумақтық салық органында есепке қою салық төлеушiнiң бұрынғы тiркеу нөмiрi сақтала отырып, көрсетiлген аумақтық салық органдары белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттарды (мәлiметтердi) алған күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi.
6. Заңды тұлға (банкте жеке балансы және есеп шоты жоқ оның оқшауландырылған бөлiмшелерi) таратылған немесе қайта құрылған жағдайда не жеке тұлға кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан жағдайда есептен шығаруды аумақтық салық органдары көрсетiлген заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жүргiзедi.
7. Аумақтық салық органдарында есепке қою фактiсi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген нысанда және тәртiппен салық төлеушiге берiлген құжаттармен расталады.
Аумақтық салық органы салық төлеушiге берiлетiн барлық құжаттарда оның тiркеу нөмiрiн көрсетедi.
8. Әрбiр салық төлеушi салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте қолданатын бланкаларында, құжаттарында, салық декларациясында және аумақтық салық органдарына берiлетiн өзге де құжаттарда көрсетедi.
Салық төлеушiлер есеп айырысу құжаттарында, оның iшiнде шот-фактураларында салық төлеушiнiң өз тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
9. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берудiң, өзгертудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлейдi.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі есеп деректерi негiзiнде Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Ескерту. Жаңа 139-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
139-2-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiнiң жүзеге асырыла бастауының салық органдарында тiркелуi
1. Салық төлеушілер аумақтық салық органдарында тиісінше заңды тұлғаны, филиалын, өкілдігін орналасқан жерi бойынша, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаны тұратын жерi бойынша кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) бензиннiң (авиация бензинiн қоспағанда), дизель отынының көтерме және бөлшек саудасын;
2) алкогольдi өнiмдер өндiрудi және сатуды;
3) шыны ыдыстарды қабылдауды;
4) лотереяларды ұйымдастыруды, өткізудi және сатуды;
5) ойын бизнесiн жүзеге асыра бастағанын тiркеуге мiндеттi.
2. Лицензиялауды жүзеге асыратын органдар лицензия берiлгеннен кейiн 3 күн iшiнде лицензия алушыға лицензия берiлгендiгi туралы тиiстi аумақтық салық органдарын хабардар етуге мiндеттi.
Ескерту. Жаңа 139-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
140-бап. Салық төлеушiлермен хат-хабар алысу
Салық қызметiнiң салық төлеушiге жiберетiн хабарлама қағазы немесе басқа да құжаттары жазбаша жасалып, оларға тегi мен аты-жөнi көрсетiлген бастықтың немесе уәкiлдi лауазымды адамның қолы қойылуға, сондай-ақ елтаңбалы мөрмен расталып, салық төлеушiге жiберiлуге не болмаса тапсырылуға тиiс. Құжаттар оның мекен-жайына хабарламамен жеткiзiлсе немесе тапсырыс почтасымен жiберiлсе, белгiленген тәртiппен тапсырылған болып саналады.
141-бап. Мерзiмдi белгiлеу
Осы Заңмен белгiленген мерзiмнiң саналуы, оның басталуы белгiленген нақты оқиғадан немесе заңды әрекеттен кейiн келесi күнi басталады. Мерзiм осы Заңмен белгiленген уақыттың соңғы күнi бiтедi. Егер мерзiмнiң соңғы күнi демалыс күнiне сәйкес келсе, онда мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында бiтедi.
142-бап. Салық төлеушiнiң құқығы және мiндеттерi
1. Салық төлеушiнiң:
1) салық жөнiнде жеңiлдiктерге құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
2) жүргiзiлген тексеру актілерімен танысуға;
3) салық органдарына салықтарды есептеу мен төлеу және жүргiзiлген тексеру актілері жөнiнде түсiндiрмелердi ұсынуға;
4) заңда белгiленген тәртiппен салық органдарының шешiмдерiне шағымдануға;
5) салық салуға қатыссыз ақпарат пен құжаттарды тапсырмауға құқығы бар.
2. Салық төлеушi:
1) табыс етiлген жазбаша нұсқау негiзiнде салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң талап етуi бойынша салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеуге және төлеуге байланысты есеп құжаттамасы мен мүлiктi тексеруге ол аяқталғанға дейiн ұсынуға;
1-1) осы Заңға сәйкес салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақтылы және толық көлемiнде төлеу;
2) табыс етiлген жазбаша нұсқау негiзiнде салық қызметi органдары қызметкерлерiн табыс алу үшiн пайдаланылатын не салық салынатын объектiлердi ұстауға байланысты пайдаланылатын өндiрiстiк, қойма, сауда, өзге де үй-жайларды және көлiктi тексеруге жiберуге;
3) қолма-қол ақша, банктiң төлем карточкалары, чектер арқылы сауда операцияларын жасау немесе қызмет көрсету кезiнде тұтынушылармен жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуды мiндеттi түрде фискалды зердесi бар бақылау-касса аппаратын пайдалана отырып және тұтынушының қолына бақылау чегiн бере отырып жүргiзуге мiндеттi.
Фискалды зердесi бар бақылау-касса машиналарын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Фискалды зердесi бар бақылау-касса машиналары - тауарлар сату және қызмет көрсету кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ауысым сайынғы түзетусiз тiркеудi және энергияға тәуелсіз ұзақ мерзiм бойы ақпарат сақтауды қамтамасыз ететiн фискалды зерде блогы бар электронды құрылғы және (немесе) банктiң компьютерлiк жүйесi. Уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген фискалды зердесi бар бақылау-касса машиналарының Мемлекеттік тiзiлiмiн бекiтедi.
Осы тармақшаның ережесi:
акцизделетiн тауарларды (темекi бұйымдарынан басқа) сатушыларды қоспағанда, қызметiн патент негiзiнде, тiркелген жиынтық салық төлей отырып жүзеге асыратын және Астана, Алматы қалаларындағы және 100 000 адамнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардағы тұрақты белгiленген үй-жайларда бөлшек сауданы жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
акцизделетiн тауарлар (темекi бұйымдарынан басқа) сататын жеке тұлғаларды қоспағанда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап алты ай мерзiм өтпеген жеке кәсiпкерлерге қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тiзбемен айқындалатын салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген нысандар бойынша электронды құжаттар түрiнде ақпарат табыс етуге мiндеттi.
Ескерту. 142-бап өзгертiлдi және 2-тармақпен толықтырылды, 2-тармақтың 3)-тармақшасы 1998 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енедi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 142-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 142-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Ескерту. 142-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
39 - тарау. АҚПАРАТТАРДЫ ҰСЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАУ
143-бап. Есеп құжаттамаларын жасау және сақтау
1. Салық төлеушiлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі актілеріне сәйкес салық есебi бойынша құжаттама жүргiзуге мiндеттi.
2. Салық төлеушiлер салық есебi жөніндегі құжаттаманы қағаз, электрондық немесе магниттiк көздерде бес жыл бойы сақтауға мiндеттi.
3. Егер салық төлеушiнiң жекелеген құжаттары шет тiлдерде жасалған болса, салық қызметi оларды қазақ немесе орыс тiлдерiне аударуды талап етуге құқылы.
Ескерту. 143-баптың 1,2-тармақтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 143-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
144-бап. Салық декларацияларын және кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтер беру
1. Салық төлеушiлер салық қызметi органдарына салық декларациясын осы Жарлықта белгiленген мерзiмде және Мемлекеттік кіріс министрлігі бекiткен нысан бойынша табыс етедi.
2. Салық декларациясына және кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтерге салық төлеушi немесе ол болмаған не оның әрекет қабiлетi болмаған жағдайда, оның заңды өкiлi қол қоюға тиiс.