| 160) дейін | 6,0 |
| 160-тан 500-ге дейін | 18,0 |
| 500-ден 1000-ға дейін | 32,0 |
| 1000-нан жоғары | 55,0 |
| 7. Ұшу аппараттары | Әр киловатт қуаттан айлық |
| |есептік көрсеткіштің 8,0 проценті |
|_________________________________|__________________________________|
- двигательдің текше саниметрлік жұмыс көлемі;
- ат күші.
2. Двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - қоса алғанда 2000 текше сантиметрге дейін болған кезде, 7 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын және двигатель көлемі 2000-нан жоғары - қоса алғанда 4000 текше сантиметрге дейін болғанда, 22 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын жеңіл автомобильдерге салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әр бірлік үшін 12 теңгеге ұлғайтылады.
3. Пайдаланылу мерзімі 6 жылдан асатын жеңіл автокөлік құралдары бойынша салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
ТМД елдері шығарған машиналар үшін - 0,3;
двигателінің көлеміне қарай қалған машиналар үшін:
3000 текше сантиметрге дейін - 0,5;
3000-нан 4000 текше сантиметрге дейін - 0,7;
4000-нан және одан жоғары - 1,0.
4. Пайдаланылу мерзіміне байланысты ұшу аппараттарына салынатын салық ставкасына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған ұшу аппараттарына:
5 жылға дейін пайдаланылғанына - 1,0;
5 жылдан 15 жылға дейін пайдаланылғанына - 2,0;
15 жылдан көп пайдаланылғанына - 3,0;
1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған ұшу аппараттарына:
5 жылға дейін пайдаланылғанына - 1,0;
5 жылдан 15 жылға дейін пайдаланылғанына - 0,5;
15 жылдан көп пайдаланылғанына - 0,3.
5. Көлiк құралын пайдалану мерзiмi техникалық паспортта (әуе кемесiн жазғы пайдалану жөніндегі басшылықта) көрсетiлген көлiк құралының шығу кезiнен бастап есептеледi.
Ескерту. 128-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 128-бап өзгертiлдi және 2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 128-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 128-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 128-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 128-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 05.07.2000 № 65 Заңымен.
129-бап. Салық жөніндегі жеңiлдiктер
Көлiк құралдарына салынатын салықты төлеуден:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тiзбесiн белгiлейтiн ауыл шаруашылығы өнiмiн мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасымен өндiрушiлер, бірыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда;
2) жүк көтерiмi 40 тоннадан асатын карьерлiк автоаударғыштар;
3) бiр автокөлiк құралдары бойынша - меншiгiнде мотоколяскалар мен автомобильдерi бар мүгедектерi;
4) меншiк құқығында бар бiр автокөлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қа?арманы» атағы барлар, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және «Отан» орденiмен наградталғандар, «Алтын алқа» және «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы аналар;
5) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнiң кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбек ету қабiлетiн қалпына келтiру орталығы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және олардың қаражаты есебiнен салынған өндiрiстiк кәсiпорындар, Ауғанстандағы соғысының ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарынсыз);
6) қызметкерлерiнiң жалпы санының кемiнде 50 процентi мүгедектерден тұратын өндiрiстiк кәсiпорындар мен ұйымдар, мұнда алынған табыстың кемiнде 50 процентi есептi кезеңде iс жүзiнде мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға нақтылы пайдаланылған жағдайда;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары;
8) мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын көлік құралдары бойынша коммерциялық емес ұйымдар босатылады;
8-1) мамандандырылған медициналық көлік құралдары;
8-2) «Байқоңыр» кешенi объектілерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорын «Байқоңыр» кешенiнiң объектiлерi болып табылатын көлiк құралдары бойынша;
9) меншiк құқығында бар бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
10) ауылшаруашылық құрамасынан шығу нәтижесінде пай ретінде алған жүк автомобильдері мен автобустар бойынша жеке адамдар босатылады.
Ескерту. 129-бап толықтырылды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 129-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 129-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 129-бап 8-1)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 129-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 129-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 129-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 129-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 05.07.2000 № 65 Заңымен.
130-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Көлік құралдарына салынатын салықты салық төлеушілер салық ставкаларын ескере отырып, көлік құралдарының түрлеріне қарай есептейді.
2. Заңды тұлғалар көлік құралдарына салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысан бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
3. Көлік құралдарының иелері салықты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде төлейді, ал көлік құралдары тіркелген және қайта тіркелген жағдайларда салық төлеу көлік құралдарының тіркелген және есепке алынған жері бойынша аталған әрекеттер аяқталғанға дейін жүргізіледі. Иесінің өзгеруіне немесе ағымдағы жылда Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жерін ауыстыруына байланысты көлік құралдарын қайта тіркеген кезде салық екінші рет төленбейді.
4. Жол полициясы органдары көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу немесе техникалық жағынан тексеру кезінде көлік құралдарының иелерінен көлік құралдарына салықтың толық төленгенін растайтын құжатты талап етуге міндетті. Осы Заңның 128-бабында көзделген мөлшерде салықтың толық төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда тіркеу, қайта тіркеу немесе техникалық жағынан тексеру жүргізілмейді.
5. Көлік құралына меншік құқығынан айырылған кезде салық төлеушінің жыл ішінде төлеген салық сомасы қайтаруға жатпайды.
Ескерту. 130-бап толықтырылды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 130-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 130-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
IX бөлiм
МҮЛIК САЛЫҒЫ
36-тарау. МҮЛIК САЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРI
131-бап. Салық төлеушiлер
Меншiк иесi, меншiктi сенiм бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және жеке тұлғалар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн мүлiкке қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын төлеушiлерге жатпайды. Қажеттiлiктiң белгiленген нормативтерiнен жоғары мүлiк бойынша салық осы бөлiмге сәйкес жалпы белгiленген тәртiппен төленедi.
Ескерту. 131-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 Заңымен.
Ескерту. 131-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
132-бап. Салық салу объектiлерi
Салық салу объектiлерi:
1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмай, көлiк құралдарының салық салынатын көлiк құралдарын қоспағандағы, амортизацияланатын активтерінің қалдық құны;
2) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын, азаматтардың жеке пайдалануындағы, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үй-жайларының, саяжай құрылыстарының, гараждарының, өзге де құрылыстарының, ғимараттарының, үй-жайларының құны.
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы жұмыс iстеп тұрған кезеңiнде оның аумағында салынған заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың үйлерi мен ғимараттарының қалдық құны мүлiк салығын салу объектiсi болып табылмайды.
Ескерту. 132-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 132-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 132-баптың 1) тармақшасы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 132-баптың 1 тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 заңымен.
Ескерту. 132-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 132-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 05.07.2001 № 223-II Заңымен.
37-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУ
133-бап. Салық ставкалары
1. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық осы Заңның 135-бабында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде амортизацияланатын активтерiнiң құнынан 1 проценттiк ставка бойынша жыл сайын төленедi.
2. Жеке тұлғаның кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмайтын мүлкiне салынатын салық Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген органның төмендегiдей ставкалар бойынша белгiлеген жылжымайтын мүлiк құнынан жыл сайын төленiп отырады:
1) 1 000 000 теңгеге дейiн
жылжымайтын мүлiк құнының 0,1 процентi;
2) 1 000 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейiн
1 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан артық соманың 0,15 процентi;
3) 2 000 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейiн
2 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан артық соманың 0,2 процентi;
4) 3 000 000 теңгеден 4 000 000 теңгеге дейiн 3 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,3 процентi;
5) 4 000 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейiн 4 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,4 процентi;
6) 5 000 000 теңгеден 6 000 000 теңгеге дейiн 5 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,5 процентi;
7) 6 000 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейiн 6 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,6 процентi;
8) 7 000 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейiн 7 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,7 процентi;
9) 8 000 000 теңгеден 9 000 000 теңгеге дейiн 8 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,8 процентi;
10) 9 000 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейiн 9 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,9 процентi;
11) 10 000 000 теңгеден және одан жоғары 10 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 1 процентi.
Ескерту. 133-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 133-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 133-баптың 1 тармағы өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 133-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
134-бап. Салық жөніндегі жеңiлдiктер
1. Мүлiк салығын төлеуден:
1) мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүліктер бойынша коммерциялық емес ұйымдар;
2) өндiрiстiк мақсатта және әлеуметтiк салада пайдаланылатын мүлiк бойынша - осы Заңның 129-бабының 5-тармағында көрсетiлген ұйымдар;
2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
2-3) қызметінің негізгі түрі театр-ойын-сауық және (немесе) концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
3) негiзгi қызметiнде пайдаланатын мүлкi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi босатылады.
4) жалпы пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын жедел басқаруға құқығы бар ұйымдар;
5) салық төлеушілер инвестиция жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісім-шартқа сәйкес келісім-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейінгі мерзімге мүлікке салынатын салықты төлеуден босатылуы мүмкін.
Мүлiкке салынатын салық жөнiнде жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмi келісім-шартта әрбiр салық төлеушi бойынша және негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялардың көлеміне қарай белгiленедi.
Аталған жеңiлдiк сәйкестендiрiлiп берiлген келісім-шарт бұзылған жағдайда мүлiкке салынатын салық Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушiнiң бүкiл қызмет ету кезеңiне есептелуге және бюджетке енгiзiлуге тиiс.
6) түзеу мекемелері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерінiң республикалық мемлекеттік кәсiпорындары;
7) мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары білім беру саласында медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетуді қоспағанда) және (немесе) білім беру қызметін көрсетуге байланысты жұмысты жүзеге асыратын, қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялары бар ұйымдар осындай қызметтен алынатын табысы жылдық жиынтық табыс көлемінің кем дегенде 50 процентін құраған жағдайда босатылады.
8) «Байқоңыр» кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорын «Байқоңыр» кешенiнiң объектiсi болып табылатын мүлiк бойынша;
2. Мына санаттардағы азаматтардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлкi бойынша есеп айырысатын 1000 айлық көрсеткiш мөлшерiнде салық салынбайтын ең төменгi деңгей белгiленедi:
1) Кеңестер Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестiрiлген адамдарға, «Халық қа?арманы» атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдарға;
2) «Алтын алқа» және «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы аналарға;
3) I және II топтағы мүгедектерге;
4) жеке тұратын зейнеткерлерге белгiленедi.
2-1. Кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлік бойынша әскери қызметшілер мүлікке салық төлеуден босатылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1)-7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар мүлiкке салынатын салықты төлеуден оны пайдалануға немесе жалға беру кезiнде босатылмайды.
Ескерту. 134-баптың 1-тармағы 5-тармақшамен толықтырылған - ҚР Президентінің 26.01.1996 № 2827 жарлығымен. 134-бап 4-тармақшамен толықтырылды және 2-тармағынан сөздер алынып тасталған - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 134-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 134-баптың 1-тармағы 6-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.02.1997 № 76-I Заңымен.
Ескерту. 134-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 134-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 134-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 134-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 24.12.1998 № 333 Заңымен.
Ескерту. 134-баптың 1 тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 134-баптың 1 тармағы тармақшалармен және жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды, 3-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 заңымен.
Ескерту. 134-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 134-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 02.08.1999 № 466 Заңымен.
Ескерту. 134-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 134-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 134-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 11.06.2001 № 207 Заңымен.
Ескерту. 134-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 16.07.2001 № 244 Заңымен.
135-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар мүлiк құнынан 1 проценттiк ставка бойынша есептелетiн салықтың ағымдағы сомасын салық жылының жиырмасыншы ақпанында, жиырмасыншы мамырында, жиырмасыншы тамызында және жиырмасыншы қарашасында тең үлеспен төлейдi. Есептi жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша нақтылы есептелетiн салықты төлеу немесе артық төленгенiн қайтару салық төлеушiлер декларация табыс еткеннен кейiнгi он күн iшiнде салық жылының нәтижелерi бойынша, табыс салығы жөніндегі декларацияны ұсыну үшiн көзделген мерзiмде жүргiзiледi.
2. Жеке пайдалануындағы мүлкi бойынша жеке тұлғалар ағымдағы жылдың бiрiншi қазанынан кешiктiрiлмей салық төлейдi.
Салықты есептеу салық жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiк құнын негiзге ала отырып жүргiзiледi.
3. Салық салу объектiлер тұрған жерде төленедi.
Ескерту. 135-бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлдi - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 135-бапқа өзгерiс пен толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
Ескерту. 135-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Х бөлiм
ЖАЛПЫ ӘКIМШIЛIК ЕРЕЖЕЛЕР
38-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
136-бап. Әкiмшiлiк ережелерi мен салық есебiн қолдану тәртібі
1. Егер осы Заңның өзге бөлiмдерiнде басқадай белгiленбесе, осы бөлiмде көзделген әкiмшiлiк ережелер салықтардың барлық түрлерiне қолданылады.
2.
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-1 заңымен.
137-бап. Төлемдердiң бюджетке толық және уақтылы түсуiн тексеру
1. Салықты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiне төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы және оларды дер кезiнде төлеу мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғаларды тексерудi салық қызметi органдары, ал осы Заңда көзделген жағдайларда қаржы полициясы органдарымен бiрлесiп жүзеге асырады.
2. Салықтың белгiлi бiр түрi бойынша тексеру жарты жылда бiр реттен, ал кешендi тексеру - жылына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi.
Нақты салық төлеушіге қатысты кезектен тыс тексерулер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің нормативтік бұйрығына сәйкес, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.
3. Тексеру актілері бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдармен өсімдер сомалары бойынша салық қызметінің органы осы Заңның 149-бабына сәйкес хабарлама жазады.
Ескерту. 137-баптың 2-тармағы толықтырылды - ҚР Президентінің 21.12.1995 № 2703 жарлығымен.
Ескерту. 137-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 137-баптың 2-тармағының екінші бөлігі жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 355 заңымен.
Ескерту. 137-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 12.07.2001 № 240 Заңымен.
138-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн анықтау тәртібі
1. Мәмiленi жасау кезiнде қолданылатын бағаның нарықтық бағадан ауытқуы кезiнде салық қызметi органдары салық салу объектiлерiн трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы заңдарға сәйкес түзетедi.
1-1. Кәсiпкерлiк қызметi кезеңдiк сипаттағы (яғни кәсiпкерлiк қызметтi бiр айға жетпейтiн уақытта жүзеге асыратын) жеке тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша қызмет түрлерiнiң тiзбесiн және бiржолғы талондар негiзiнде салық төлеу тәртібін айқындайды.
2. Салықтық және бухгалтерлiк есеп жүргiзу тәртібі бұзылған, есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған, сондай-ақ салық салу объектiсiн анықтау мүмкiн емес жағдайда, салық қызметi органдары салық салу объектiсi мен салықты тiкелей және жанама әдiстер (активтер, айналым, өндiрiс шығасысы және т.б.) негiзiнде анықтайды.
Тиеп жөнелту құжаттарының, сондай-ақ салықтық есеп-фактуралардың дұрыстығы үшiн тауар жеткiзiп берушi (жұмыс орындаушы, қызмет көрсетушi) жауап бередi.
3. Егер жеке тұлға өз тұтынуы үшiн, оның iшiнде мүлiк сатып алуға, жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтiн табысын көрсетсе, салық қызметi өткен кезеңдердегi табыстарын ескере отырып, оның жұмсаған шығыстарының негiзiнде табыс пен салықты анықтайды.
4. Сол сияқты басқа тұлғалар мен органдар аталған табыстың алыну заңдылығын даулаған жағдайда, табыс салық салуға жатады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша табыс бюджетке алынуға жататын болса, онда аталған табыс одан төленген салық сомасы шегерiлiп алынады.
6.
7. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас операциялар бұл операцияларды шот-фактуралармен міндетті түрде ресімдей отырып, қолданылып жүрген баға бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату ретінде қарастырылады.
Ескерту. 138-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 31.12.1996 № 61-I Заңымен.
Ескерту. 138-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 № 154 Заңымен.
Ескерту. 138-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 08.12.1997 № 200 Заңымен.
Ескерту. 138-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 01.07.1998 № 255 Заңымен.
Ескерту. 138-баптың 6-тармағы алып тасталды, 7-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.
Ескерту. 138-баптың 1-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының 31.03.1999 № 356 заңымен.
Ескерту. 138-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.07.1999 № 440 Заңымен.
Ескерту. 138-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 22.11.1999 № 485 Заңымен.
Ескерту. 138-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 10.12.1999 № 492 Заңымен.
Ескерту. 138-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 23.01.2001 № 147 Заңымен.
138-1-бап. Салық салудың оңайлатылған режимi
1. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн патент және оңайлатылған декларация негiзiнде салықтарды есептеудiң және төлеудiң ерекше тәртібін көздейтiн салық салудың оңайлатылған режимi белгiленедi.
2. Осы Заңның 138-2, 133-3, 138-4-баптарында көрсетiлген жағдайларға сәйкес келетiн салық төлеушiлерге (құмар ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асырушыларды қоспағанда) жалпы белгiленген тәртiппен немесе салық салудың оңайлатылған режимiнде салықтарды есептеу және төлеу тәртібін таңдауға құқық берiледi.
Құмар ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер бюджетпен есеп айырысуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген тәртiппен патент негiзiнде жүзеге асырады.
3. Салық төлеудiң оңайлатылған режимдерiн қолдану үшiн белгiленген шарттар сақталмаған жағдайда, оның iшiнде дұрыс емес деректер бергенi үшiн салық төлеушi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Ескерту. Жаңа 138-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 28.12.1998 № 336 Заңымен.